Sultan Plaza қонақ үйі


Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Экономика факультеті
Туризм кафедрасы
СРО
Тақырыбы : Sultan Plaza қонақ үйі
Орындаған : Бақытбек Ә. Ә.
Қабылдаған: Сыздыкбаева Б. У.
Топ : Тур- 33
Нұр-Сұлтан, 2021 ж
Sultan Plaza қонақ үйі
Орналасуы :
«Sultan Plaza» қонақ үй кешені - Қызылорда қаласының дәл орталығында орналасқан жалғыз бес жұлдызды қонақ үй. Эксклюзивтілік пен тамаша сапаны бағалайтын талғампаз саяхатшылар мен іскер адамдар үшін арнайы жасалған. Қазіргі заманғы идеялармен туындаған және сәулет көркемділігі бойынша таңғажайып қонақ үй интерьері салтанат пен жоғары жайлылықты толықтай сезінуге мүмкіндік беретін таңдаулы, классикалық стильде орындалған.
Ұйымдастыру мәселелері: қонақ үйдің стратегиясы, міндеттері, басқару құрылымы:
Салтанатты бөлмелерден бөлек Sultan Plaza қонақ үйі Сіздердің назарларыңызға көптеген қосымша қызметтер ұсынады. Біздің SPA-салонның ғажайып демалу атмосферасына кенеліп, ұмытылмас демалыстан ләззат алыңыз.
Қонақтарымыздың жайлы уақыт өткізуі мен ыңғайлылығы үшін қонақ үйде тәулік бойына ресторан-бар мен лобби-бар жұмыс жасайды. Сонымен қатар іскерлік кездесулер мен 400 адамға банкет қызметтерін ұсыну мүмкіндігі бар түрлі іс-шаралар өткізуге арналған залдар бар.
Бөлмелер саны. Көрсетілген қызметтер. Соңғы жылдағы тұтынушылар саны:
Қонақтарға 79 кең, таңдаулы және тамаша жабдықталған классикалық стильдегі бөлмерлер ұсынылады. Жоғары жайлылықты бөлмелер, делюкс бөлмелері, отбасылық бөлмелер, өкілдік классты люкстер, сонымен қатар сәулетті президенттік апартаменттерді таңдау мүмкіндігі ұсынылған.
Қонақ үйдің жақын маңында:
- Жаңа алаң
- Н. Бекежанов атындағы драма театры
- Сауда-ойын-сауық орталықтары
- Банкирлер алаңы
- Әуежайдан қонақ үйге дейінгі қашықтық 19 км.
- Т/ж вокзалынан қашықтық 3 км.
Санаттар бойынша 79 бөлмелер:
- Жартылай люкс
- Екі төсек орынды жартылай люкс
- Отбасылық бөлме
- Люкс
- Президенттік апартаменттер
BALLROOM- Сіздің қызметіңізге «BALLROOM» Банкет залы, кез келген іс-шараға арналған тамаша қолайлы орын!
SPA- Сіз жоғары жайлылық пен салтанатта уақыт өткізе алатын, жанданған қала өмірінен тыс тамаша баспана болатын, сыпайы және оңаша орын.
КОНФЕРЕНЦ ЗАЛЫ- Біздің 4 эксклюзивті залымызда Сіз әріптестермен кішігірім кездесуден ірі семинарларға дейінгі кез келген іскерлік іс-шара өткізе аласыз.
Қосымша қызметтер
- Тәулік бойы бөлмелерде қызмет көрсету
- Кір жуу қызметтері
- Сұлулық салоны
- Жаттығу залы
- Сауна
- Бассейн
- Кредиттік карталардың кез келген түрімен төлем қабылдау
- Көлік тұрағы
- Трансфер қызметерін ұсынамыз (әуежай-қонақ үй, қонақ үй-әуежай) . Қызмет бағасы 5000 теңге бір бағытта
Есептік уақыт
- Келу уақыты - 14:00. Шығу уақыты - 12:00
- 06:00 - 14:00 ерте келу жағдайында, бөлменің толық сомасының жартысы төленеді.
- 12:00 - 18:00 кеш шығу жағдайында, бөлменің толық сомасының жартысы төленеді.
- Бөлме бағасына таңғы ас, интернет, SPA-кешені кіреді
- Барлық бағалар теңгемен және 12 % ҚҚС есебімен көрсетілген.
БӘСЕКЕЛЕСТЕРДІ ТАЛДАУ
“ҚЫЗЫЛОРДА” ҚОНАҚ ҮЙІ
Орналасуы : Орналасқан мекенжайы: Қазақстан Қызылорда № 44, Қоңыратбаева көшесі, Қызылорда 120014, Қазақстан. Байланыс телефоны +7 724 223 3330. Нақты мекен-жайы картада. Ол жерге қалай жетуге болады, ресми веб-сайттан көруге болады.
Ұйымдастыру мәселелері: қонақ үйдің стратегиясы, міндеттері, басқару құрылымы:
Ол 1983 жылы салынған. Бұл қонақ үй Қызылорда қаласының орталығында, Пионерский саябағынан 2 минуттық жерде орналасқан. Ол кондиционері бар бөлмелерді және тәулік бойы жұмыс істейтін офисті ұсынады. Қызылорда қаласындағы классикалық жиһазбен жабдықталған бөлмелер жалпақ экранды теледидармен және мини-бармен жабдықталған. Жеке ваннада душ немесе ванна бар.
Қонақтардың пікірінше, қонақүйлердің негізгі мәселелері
- Wi-Fi болмауы немесе интернет жылдамдығы тым баяу
- Ыңғайсыз орналасқан розеткалар
- Нашар үй шаруашылығы
- Бөлмедегі темекінің иісі
- Бөлмеде климаттық бақылаудың болмауы
- Бөтен шу
- Нашар су қысымы
- қызметтер үшін қосымша төлемдер
Қонақ үйдің міндеттері:
- бөлмені брондау;
- қонақтарды тіркеу, орналастыру және шығару;
- тұру ақысын төлеу және қаржылық есеп беру;
- қонақтармен және әлеуетті клиенттермен байланыс;
- тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын бақылау;
- қонақ үй қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру;
- қақтығыстар мен форс-мажорлық жағдайларды шешу.
«Қазақстан» қонақ үй кәсіпорнында персоналды басқару және жұмысты орындау процесі қонақ үй, мейрамхана немесе қонақжайлылық секторындағы басқа кәсіпорынның ұйымдық құрылымында жүзеге асады. Берілген қонақ үй кәсіпорнында құрылым тапсырыстар мен бұйрықтардың схемасын анықтайды, оның көмегімен компанияның қызметі жоспарланады, ұйымдастырылады, бағытталады және бақыланады. Демек, құрылым компанияға қандай да бір форма (сызба) береді және оны ұйымдастыру процесі мен жұмысты орындау үшін тиісті негізмен қамтамасыз етеді. Компанияның топ-менеджменті компанияның ұйымдық құрылымын әзірлеу кезінде бес бағытты ұстанады:
- жұмыстың мамандануы;
- бөлімге бөлу;
- өкілеттіктерді анықтау;
- басқару функцияларының көлемі;
- үйлестіру әдістері.
Бөлмелер саны, Көрсетілген қызметтер. Соңғы 3жылдағы қызмет көрсету саны:
Номерлер:
69 номер, 117 орын бар.
Бағалар тізімі 2021 ж
Стандартты бөлме: 24 сағат - 9 000 теңге
Junior люкс (бір кісілік) : 24 сағат - 12 000 теңге; бір адамға
Superior Junior Suite (бір кісілік) : 24 сағат - 14 000 теңге; екі адамға
Junior люкс (екі адам) : 24 сағат - 16 000 теңге
Қонақ үй қызметтері
Сауна, кір жуу
Бөлменің ыңғайлылығы
Бағаға спутниктік теледидар, телефон, ыстық су, интернет, таңғы ас кіреді
69 бөлме
Шығу уақыты (тіркелу және шығу уақыты)
12 күнге дейін
Төлем тәсілі
қолма-қол ақша, банктік аударым, несие картасы
Салыстырмалы түрде айтатын болсақ көрсетілген қызмет көлемі 2020 жылы 2018 жылға қарағанда 5, 7% ға өскен.
Қонақ үйді стратегиялық талдау
3. 1 Pest талдау: бұл бірі болып табылады маркетинг құралдарын, компанияның операцияларын әсер ететін сыртқы факторларды зерттеу үшін пайдаланылады. Ол ұзақ мерзімді стратегиялары мен жоспарларын әзірлеуге тиімді болып табылады.
САЯСИ ФАКТОРЛАР: қауіптер және мүмкіндіктер
ҚАУІПТЕР: Болашақта қонақ үй туралы заңның өзгеруі мүмкін;
МҮМКІНДІКТЕР: Туристердің көбеюі, қонақ үйлер арасындағы өзара көмек; Туризм мен қонақ үй нарығындағы қолдау;
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР: қауіптер және мүмкіндіктер
ҚАУІПТЕР: Инфляцияның өсуі өнімнің өзіндік құнының өсуіне әкеледі, бұл қонақ үйдің түпкілікті өнімнің бағасын көтеруге мәжбүр етеді; Клиенттер санын жолғалту.
МҮМКІНДІКТЕР: Қонақ үй қызметін қолдануға сұраныстық артуы; Халықаралық қонақ үй желісінің келуі;
ӘЛЕУМЕТТІК - мәдени факторлар: қауіптер және мүмкіндіктер
ҚАУІПТЕР: Біліктілігі төмен қызметкерлер; Демографиялық толқулар мен құлдырау;
МҮМКІНДІКТЕР: Туристердің сигменттерге нақты бөлінуі; Қонпқ үй қызметін тұтынудың көбеюі; Персонал біліктілігін көтеру қажеттілігі; Қызмет сапасын арттыру.
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР: қауіптер және мүмкіндіктер
ҚАУІПТЕР: Технологияларды енгізу және пайдалану дәрежесінің күрт төмендеп кету қауіпі; Технологиялар жөніндегі заңнама.
МҮМКІНДІКТЕР: Қонпқ үйді дамыту бойынша инвестициялық жобадарды жүзеге асыру; Ақпараттық технологияларды дамыту, брондау қосымшаларын әзірлеу.
3. 2 SWOT ТАЛДАУ:
КҮШТІ ЖАҚТАРЫ:
- Икемді баға саясаты болуы
- Инвестициялық қаржының болуы;
- Бөлмелер ыңғайлы және бағалары қолжетімді;
- Қаланың орталығында орналасқан;
- Бірнеше стандарттарға сәйкес келеді
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
- Персоналдың біліктілігінің төмендігі;
- Ішке дизайны қазіргі заманнан қалып бара жатыр;
- ОҚО орналасқандықтан қызметкелердің шет тілін жақсы білмнуі;
- Тұрақ алаңы кішкентай.
МҮМКІНДІКТЕР:
- Басқа қонақ үйлерге қарағанда тұтынушылар санын көбейту;
- Ішкі дизайнын істеу
- Ремон жүргізу
- Қызметкерлер санын көбейту;
- Қызметкерлерді жұмысқа алғанда 3-4 тілді білетіндерді алу;
- Жаргама жасау;
- Акция ұйымдартырып тұру;
ҚАУІПТЕР:
- Қазіргі пандемияға байланысты келушілер санының азаюы;
- Елдегі экономикалық жағдай;
- Жаңа қонақ үйлердің салынуына байланысты бәсекелестердің көбеюі;
- Макетинг жағынан әлсіз жұмыс жасауы.
3. 3 ҚОНАҚ ҮЙДЕГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ
Сонымен Sultan Plaza қонақ үйінің сыртқы және ішкі орталарын талдау және Pest, Swot талдау жүргізу қонақ үй қызметін жан-жақты сипаттап, артықшылықтары мен әлсіз тұстарын анықтап, сонымен бірге әлсіз тұстарды жоюға бағытталған қонақ үйдегі даму стратегиясын әзірлеу келесідеу қорытындыға келеді:
- қонақ үйдің басты тұтынушылары бизнесмендер және жұмыс бабындағы қызметкерлер 72 % -ды құрап отыр және осы сегмент қажеттіліктерін ескеріп, қызметтер ассортиментін ұсыну қажеттілігі анықталды;
- Sultan Plaza қонақ үйінің инфақұрылымдық ерекшелiгi және баға категориясы бойынша негізгі бәсекелестері ретінде Canvas Hotel, Kainar Hotel, Променад, Орбита бутик қонақ үйлері екендігі анықталды;
- кызмет көрсетуші перосналдың басым бөлігі жастар, яғни 20 - 30 жас аралығындағылар екендігі айқындалды;
- қонақ үй персоналының басым бөлігі орташа білім деңгейі мен орташа техникалық білім деңгейлі, яғни 64 % -ды құрап отырғандығы анықталды;
- персоналыдң басым көпшілігінің жұмыс өтілі 5-10 жыл болып табылады;
- SWOT талдау нәтижесінде екі стратегия ұсынылды : персоналды оқытушы тренер шақыру қонақ үйде қызмет ететін персонал біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz