Құранды етістік. Күрделі етістіктің құрылымы: сыңарлары, мағынасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Құранды етістік. Күрделі етістіктің құрылымы: сыңарлары, мағынасы

Зерттеліп отырған құранды етістіктер де - етістіктердің бір көрінісі, тілімізде жиі қолданылатын тілдік бірліктер болып табылады. Құрылымыжағынан ерекшеленетін құранды етістіктердің тіліміздегі күрделі етістіктердің жіктеліміндегі орны мен ерекшелігін айқындау мақсат етіледі. Осы тұста қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістістерге қатысты ғалымдардың тұжырымдарын саралап, олардың тұрақтанған ғылыми көзқарастарына сүйене отырып, күрделі етістіктер днк теліміне тоқталайық. Құранды етістіктер - есім сөздерге белгілі көмекші етістіктер тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосу арқылы жасалған етістіктер. Қазақ тілі білімінде күрделі етістіктер құрылымына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Соның бірі - есім сөздердің және еліктеуіш сөздердің көмекші етістіктермен тіркесуі арқылы жасалатын құранды етістіктер. Бұл етістіктер қатарына талап ет, рұқсат ет, сөз ет алт ет, бата қыл, әуре бол, азамат бол, дем ал, ән сал т. б. етістіктер жатады. Етістік сөзжасамында аналитикалық тәсіл өте белсенді қызмет атқарады. Аналитиқалық тәсіл арқылы жасалған күрделі етістіктерге тіліміз өте бай. Етістіктің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы деп екі етістіктің бір-бірі мен тіркесіп, бір жүрделі қимыл ұғымын білдіріп, бір күрделі етістік жасауы аталады. Күрделі етістіктің сыңарлары толық сөздерден ғана болады. Бұл заңдылыққа құранды етістіктер ғана бағынбайды (қызмет ет, адам бол) . Олар көмекші етістіктер арқылы жасалады. Күрделі етістік түрлері:

1) кіріккен күрделі етістіктер;

2) тіркескен күрделі етістіктер;

3) құранды етістіктер;

4) қосарланған етістіктер;

5) тұрақты тіркес етістіктері. Құранды етістіктер деп есім сөздерге көмекші етістіктер тіркесіп, оған қимыл мағынсын қосу арқылы жасалған етістіктер аталады. Қазірті таңда етістік тұлғаларын зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Олардың күрделілігі лексика-семантикалық табигатымен, лексика-грамматикалық формалармен, сойлемдегі синтаксистік қызметімен байланысты. Қазақ тілінде етістік сөз табының күрделі етістік деп аталатын грамматикалық түрі - етістіктің грамматикалық ерекшелігиің бір көрінісі. Күрделі етістік деген ұғым күрделі, зат есім, күрделі сын есім, күрделі сан есім, күрделі үстеу т. б. үғымдардан грамматикалық сипаты жағынан ерекшеленеді. Кез келген екі не одан да көп сөзден құралған етістік күрделі етістік болаалмайды. Ғалым С. Исаевтыңет бегінде күрделі етістікке берілген сипаттамада; «Негізгі етістік және көмекіп етістіктің белгілі бір тәсіл арқылы тіркесіп барып, бір сездің (етітіктің) мәнінде жұмсалып, стістіктің белгілі бір грамматикалық категориясын жасайтын түрі ғана күрделі стістік бола алады. Негізгі етістікке косемше (-а, -е, -й, -ып, -іп, -іп, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі), есімше (-ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -с, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек), шартты рай (-са, -се) тұлғалы етістіктерге көмекші етістіктер және негізгі етістіктің түбір не -ғы, -гі, -қы, -кі қосымшаларының тәуелденген тұлғасына кел көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалып, бір етістіктің орнына қолданылатын етістіктің түрі күрделі етістік болып табылады. Осыдан, екі не одан да көп етістіктің тіркесі күрделі етістік бола алмайды. Мысалы, сибек сіңірді, айғай салды, құрметқылды, қаулы етті, таң қалды, бет алды т. б. есім сөздер мен етістіктіңтіркесуінен жасалған етістіктер, сонымен қатар тарс етті, мыңқ етті, шақ етті, қоңқ етті т. б. еліктеуіш сөздер мен көмекші етістіктен құралған күрделі етістіктер саны жағынан көп. Тіліміздегі осындай етістіктердің бастыерекшелігі мы ада: біріншіден, мұндай күрделі етістіктердің оірі есім сөзден болады, екіншіден, құрамындағы көмекші етістіктек грамматикалық мән ғана үстеп қоймайды, сөзжасамдық қосымшалардыңқызметін де атқарады. Мәселен, таң қалу - таңдану, еңбек сіңірді - еңбектенді, айғай салды - айғалады, құрмет қылды - кұрметтеді, бет алды - беттеді т. б., сондай-ақ мыңқ етті - мыңқылдады, тарс етті - тарсылдады т. б. етістіктержасалады. Сөзжасамдық қосымшалардың жалғануы арқылы жасалғанетістіктерді кұранды етістіктермен құрылымдық және семантикалық жағынан салыстыруға болады. Құрылымы жағынан бірі дара, екіншісі күрделі етістік қатарыпа жатса, семантикалық жағынан бірдей мағына беретінін аңғарамыз. Демек етісшк бөзжасамының аналитикалық әрі синтетикалық тәсілдерінің даму нәтижесі тіліміздің сөздік қорын арттыруға негіз болады. Құранды етістіктерсөздердің тіркесу уәжділігіне қарай жасалады. Негізінен, қазақ тіліндегі етістіктер лексика-семантикалык жағынан асабай әрі грамматикалық категориялар тұрғысынан күрделі сөз табы болғандықтан, тіл білімінің көрнекті зерттеуші ғалымдары етістіктіқұрылымдық грамматиканың негізгі қағидалары тұрғысынан зерттегені сөзсіз. Етістіктің құрылымы жағынан ерекшелігі, әсіресе, күрделі етістіктердің жасалужолдары мен қызметі. мағынасы коптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып, зерттеу шна айналды. Десек те, ғалымдар арасында күрделі етістіктіп есім сөздер мен көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалған түрінатауда бірізділік жоқ. Құрамындағы сыңарлардың қызметіне, тіркесу уәжділігіне қарай «құранды етістік», «құрама етістік», «тіркесті түбір етістік»сияқты терминдермен аталғанын аңғарамыз. Ғалым Ы. Маманов қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің жалпы сөз табы ретінде жүйесін айқындауда қазақ тілінің жалғамалы тілдер қатарына жататынын негізге алады. Бұл ретте етістіктің морфологиялық сипатынанықтау үшін етістіктерді негізгі және функционалды етістіктер деп екі топқа бөліп қарастырған. Ғалым негізгі етістіктерді өз ішінде түбір, туынды түбір, кіріккен түбір, қос түбір, тіркесті түбір етістіктер деп бөледі. Мүндай жіктеліметістік сөзжасамына негіз болады. Тіркесті түбір етістіктерге есім сөздер менетістіктің тіркесуінен жасалтан күрделі етістіктерді жатқызады. Өзара тіркесіп, бір ғана түбір сөз мағынасын білдіретін тұрақты сөз тіркесі тіркесті түбіретістіктер деп аталады. Ғалымның етістіктің бұл түріне бергенанықтамасына сүйенсек, тіркесті түбір етістіктің құрамындағы сыңарлармағынасы жағынан бірігіп, біртұтас мағынаны білдіреді. Тіркесті түбіретістіктің бірінші сыңары есім сөздерден және еліктеуіш сөздерден бола алады, ал екінші сыңары көмекші етістіктен тұрады. Аталған күрделі етістікқұрылымы жағынан құранды, сондықтан құрамындаңы сыңарлардың мағына берудегі қызметі әртүрлі. Мәселен, бірінші сынарда сөздің негізгі лексикалық мағынасы болса, тіркескен көмекші етістік негізгі мағыналық топқа әрекет мағынасын үстейді. Мысалы, айқай салу, сөз қату, таң қалу т. б. деген құранды етістіктер айқайлау, сөйлесу таңдану сияқты синтетикалық тәсілмен жасалған етістіктерлен семантикалық жағынан еш айырмашылығы жоқ. Қазақ тілініңсөздік қорында қолданылатын жек көру, жақсы көру сияқты құранды етістіктер құрамындағы сездердің әрқайсысы жеке алғанда дербес лексикалық мағынағаие болганымен, құранды етістікті құраушы сыңарлар ретінде бірігіп, бір тұта ссөз мағынасын білдіреді. Ғалым Ы. Маманов тіркесті түбір етістіктер депатаған күрделі етістік түрін жасауға негіз болатын көмекші етістіктердің ішінде ет көмекші етістігі жиі қолданылады. Аталған көмекші етістіктің қызметі туынды түбір етістік жасайтын -ла/-ле, -да -де, -та/-те қосымшаларымен ұқсас. Ы. Маманов қазақ тіліңдегі етістіктердің морфологиялық ерекшеліктерін айқындау мақсатында оларды зерттеу нысаны етіп, етістіктердің құрылымдық ерекшеліктерін, қызметін, мағыналық ерекшеліктерін жан-жақты қарастырған. Ғалым казақ тіліндегі етістіктердің морфологиялық жүйесін құрды. Ғалымныңкүрделі епепік туралы ғылыми тұжырымдары да қазақ тіл білімінде өзіндік орын алады. Күрделі етістік - қазақ тілінде жиі қолданылатын етістік формасы. Ы. Мамановтың «Қазақ тіл білімінің мәселелері» атты еңбегінде есім сөздермен етістіктердің тіркесуінен жасалған тіркесті түбір етістіктер мен күрделі етістік формалары (еді көмекші еістігімен жасалған) күрделі етістік қатарына жатқызылады. Ғалымның күрделі етістіктерді жіктеуіне тоқталайық. Күрделі етістіктер құрамындағы негізгі етістіктердің мағынасына қарай төрт топқа бөлінеді:

l) кесімді күрделі етістік,

2) босан күрделі етістік;

3) бешімдік күрделі етістік;

4) калау мәнді күрделі етістік.

Күрделі етістік құрамындағы біріші сыңары жетекті етістік болса, соңғысыңары комекші етістік болып табылады. Ы. Маманов етістіктің еркін синтаксистік тіркесін (кітапты менен алып, оған бер), жай күрделі етістік (маған кітап алып бер), жай күрделі етістіктен сараламалы етістік (айта сал, жүре бер) дамыған; есім мен етістіктің бастапқы еркін (синтаксистік) тіркесін құранды етістік (жәрдем ет, көмек қыл), тұрақты лексикаланған етістік (ән сал, ақыл бер), тұракты идиомаланған етістік (көз сүз, ат салыс) қалыптасқан. Күрделі етістіктерді зерттеуші ғалым Б. Қасым еңбектерінде құранды етістіктерге мынадай анықтама беріледі: «Құранды етістік деп бірінші, негізгі сыңары асімнен, скінші сыңары толымсыз мәнді көмекші етістіктен болған, мағыналық жағынан күрделеніп, тұлғалық жағынан екі түрлі сөздің біртұтастықта тіркескен, бір ұғымды (күрделі) етістік түрін атайды. Мысалы: сарт ету, көмек ету, жәрдем ету, дем алу, ән салу, жақсы көру т. б. ». Ғалым құранды күрделі етістіктердегі көмекші етістіктің қимыл-әрекет ұғымын білдіретінін, ал негізгі мағыналы қызметті есім сөздер атқаратынын атап көрсетті. Сондай-ақ күрделі етістік болу үшін екі сыңары да етістіктен жасалуытиіс болғандықтан, құранды етістіктерді күрделі етістік қатарына жатқызу қиындеген тұжырым жасайды. Күрделі етістік деген ұғымға негізгі етістік пен көмекші (лексикалық мағынасынан айырылған) етістіктің тіркесі және етістіктің белгілі бір грамматикалық категориясының көрсеткіші бола алатын түрі ғана жатады деп білеміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктер
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРАНДЫ ЕТІСТІКТЕР
Күрделі етістік
Етістіктің қазақ тілінде зерттелуі
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі
Аналитикалық формалы етістіктер
Екі етістіктен біріккен күрделі етістіктер
Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар
Қос сөз
Септік категориясының мағыналары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz