Әлеуметтік ортаның адамның девиантты мінез-құлқының қалыптасуына әсер етуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Баяндама

Тақырыбы:Әлеуметтік орта адамның девиантты мінез-құлқының қалыптасуына әсер етеді

Орындаған:Бейсен Әли

Тобы:1507-11а

Қабылдаған:Тилеубаева Г. У

Шымкент2022

Әлеуметтік орта адамның девиантты мінез-құлқының қалыптасуына әсер етеді

Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік нормадан ауытқуды айтады. Оны қоғамда қабылданған нормаға қарама-қайшы әрекет жүйесі ретінде анықтайды.

Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл психологиялық денсаулық нормасынан ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір әлеуметтік-мәдени нормаларды, әсіресе құқықтық норманы бұзатын антиәлеуметтік іс-әрекет. [ А. И. Икенов «Әлеуметтанунегіздері»]

Сондай-ақ девиантты мінез-құлық бұл “балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекетткер жасауы.

Дж. Смелзер девиантты мінез-құлықты изоляцияға емделуге, түрмеде қамалуына және басқада құқық бұзудың жазалауларына әкелетін топтық нормадан ауытқу деп санады. В. И. Добреньков және А. Н. Кравченко “қоғамдық көзқараста мақұлданбайтын әрбір қылықты девиантты мінез-құлық ” деп атады.

Әлеуметтік-психологиялық әдебиеттерде балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін факторларды төмендегідей бөліп көрсетеді:

агрессивтілік;

өзін-өзі басқарудың төменділігі;

әлеуметтік нормаларды түсіну дәрежесінің төмендігі;

ата-аналардың бақылауының жетіспеушілігі;

ата-аналардың әсер етуінің тиімсіздігі;

физикалық жазалау;

жасөспірімнің отбасымен және құрдастарымен келіспеушілігі;

отбасының құлдырауы;

ерте ішімдікке салыну, таксикомания, нашақорлық;

әлеуметтік қанағатсыздану; [ Кравченко А. И "Социология", М., 2000. ]

Девиантты мінез-құлықты көбіне жасөспірімдер арасында кездестіреміз. Себебі жасөспірімдік кезең - ең қиын, әр түрлі бұзақылықтардың пайда болатын және сонымен қатар достық нормаларды игеруіне сәтті кезең болып табылады.

Жасөспірімге тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш-қуатын, жеке басының мән-мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу-тәрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Себебі, девиантты мінез-құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай-күйі жол таба алмай әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды. Содан девиантты мінез-құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге теліп айналасымен жан-жалдасуға, ұрыс-төбелеске бейімделеді. Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы - бос уақытын мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау.

Әр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Бұл баланың “мені” қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқрас қалыптасатын кезең. Белгілі психолог Л. С. Выготский жасөспірім жастағы кезеңде (14-18 жас) екі үлкен өзгеріс болады: ол ағзадағы жыныстық жетілу және өзінің “Мен” мәдениетінің ашылуы, тұлғасының және дүниетанымының қалыптасуы. [ Тәжин М., Аяғанов Б "Әлеуметтану негіздері" А., 1993]

Жасөспірімдік кезең тек психологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік жағынан да қиын болып табылады. Дәл осы жасөспірімдік кезеңде балалардың көпшілігі “мектепке бейімделе алмауымен” ерекшеленеді, яғни мектептің талаптарына бейімделе алмау. Шарт бойынша “мектепке бейімделе алмау” жасөспірімдерде олардың үлкендермен ашық жанжалға түсуімен, құрдастарымен достық қарым-қатынасын бұзуымен, олардың нашар оқуымен, мектептегі тәртіпті бұзуға қатысуымен, оларда ата-аналарымен және оларды қоршаған үлкен адамдармен жанжалда болуымен көрініс береді

Кең мағынада

девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, ауыт- қушылықты білдіреді.

Тар мағынада

қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады.

Сонымен девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді педагогикалық мінездемелері жағынан төрт топқа бөлеміз:

Бірінші топқа жататын девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің мінез-құлқында дөрекілік, қатігездік, мейірімсіздік, үлкен-кішіні сыйламау сияқты әдет-дағдылар толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс-тұрыстары мен іс-әрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез-құлқын түзетуге талаптанады.

Екінші топқа жататындар адамгершілік қадір-қасиеттерді төмендей бастаған, әлеуметтік бағдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады. Бұлар қатігездік қылықтарымен қатар, ұрлық, тонау, зорлық-зомбылық жасау, темекі мен наша тарту, уытты сұйық заттарды иіскеу сияқты әдеттерге икемдене бастаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастардың девиантты мінез құлықтары
Девиантты мінез - құлықтың пайда болу себептері
Жасөспірімдердегі девианттық мінез - құлықтың түрлері
Девиантты мінез - құлық әлеуметтік проблема ретінде
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын-алу
Мінез - құлықтың ауытқушылығының себептері
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлық ерекшіліктерінің көрініс беру мәселелері
Мінез - құлқы қиын балалармен жұмыс жүргізудің негізі
ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН АНЫҚТАУ
Баланың дамуына әсер ететін факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz