Пошта байланыс жүйесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
1.1. Пошта байланыс жүйесі
Пошта мемлекеттік байланыс жүйесінің маңызды мекемесі. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында кәсіптік білім беретін оқу орындары индустриялық -инновациялық даму жобаларына сай келетін жоғарғы білікті жұмысшы кадр мамандарды қамтамасыз етуді жүзеге асыруы тиіс.
Экономиканың индустриялық- инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік-білім беруде сапа менеджмент жүйесін жетілдіру, корпоративтік басқару принциптерін енгізу оның ішінде халықаралық талаптарды орындау. Пошта саласындағы барлық қызмет түрлерінің электронды басқару үрдістерін жүзеге асыру және халықаралық стандарт негізінде кәсіптік- техникалық білім беруде озық тәжірибелер желісін дамыту.
Пошта қызметіндегі сапа бұл- жылдамдық, сенімділік, қол жетімділік,
ҚазпоштаАҚ бұл тармақталған желісі бар және клиенттердің талаптары мен үміттерін қанағаттандыруға бағытталған пошта-жинақтау жүйесі.ҚазпоштаАҚ қызметкерлері Клиенттердің әрдайым ризашылығына бөленуді қалайды, пошталық және қаржылық қызметтердің отандық рыногында көшбасшы болуға, дүние жүзілік рыноктағы позицияларды нығайтуға,соның нәтижесі бойынша Қазакстан поштасының экономикалық позициясын және имиджін нығайтуға ұмтылуда.
Байланыс операторы білуі тиіс:
сәлемдемелерді, хаттар мен бандерольдерді қабылдау, іріктеу, жөнелту және беру;
аударылған ақшаны қабылдау және ақша тарату;
зейнетақы мен жәрдемақы төлеу; қалааралық телефонмен сөйлесу үшін қабылданған тапсырысты іріктеу және тапсырыс қабылдау;
әлеуметтік қамсыздандыру бөлімшелерінен зейнетақы төлеу жөніндегі құжаттарды қабылдау, тексеру және іріктеу;
байланыс бөлімшесінде 10 жеткізу учаскесінен асқан жағдайда пошташыларға хат-хабар, үйге жеткізу үшін ақша аударымдарын, зейнетақы тапсырыстарын беру және оларды жеткізу бақылауға алынады;
төлеу үшін түскен және төленген аударымдарды қадағалау;
зейнетакы және жәрдемақыны төлеуді қадағалау, зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығының жіберген зейнетакы есебін қадағалау;
баспаханадан мерзімді басылымдарды алу, есеп беру, сәлемдемелерді жіберілген жеріне беру және оларды жөнелтуге жіберу;
сілтеме құжаттарын дайындау;
жазбаша хат-хабарлар мен халықаралық сәлемдемелерді алу;
кедендік тексеруде пошта жөнелтілімдерін ашу, өлшеу және орау, кедендік салық үшін құжаттарды құру және тіркеу;
сақтандыру қаптарын қабылдау және жөнелту, рәсімдеу дұрыстығы мен деректердің толықтығына бақылау жүргізу;
басылым және жазылу мерзімін анықтау;
құжаттарды жүйелеу және топтау, есепке алу оларды мұрағатқа өткізу;
электронды, бақылау-тіркеу машиналар мен электронды есептеу техникаларын қолдана отырып пошта-касса операцияларының барлық түрін орындау;
лимиттен асқан кассадағы қолма-қол ақшаны және қаржы қорын сақтандыру пошталарына ресімдеу, жөнелту, қабылдап алу және шығарып салу;
ақша және басқа құндылықтарды қабылдау және беру операциясын орындауға байланысты ақша және басқа құндылықтарды мекеменің арнайы қоймаларында есепке алу және сақтау;
жеткізу учаскесінің сызбасын және тізімін құру, олардың шекарасын бекітуге қатысу;
мерзімді басылымға, өнімді және басқа тауарларға тапсырыс кұру және іріктеу; несиеге берілген немесе авансқа алған байланыс қызметі үшін кәсіпорын (ұйым) шот бойынша қағаз шығарып немесе көшірмесін береді;
пошта жөнелтілімдері мен жедел хаттарды қосымша өңдеу, жұмысшылардың жұмыс уақыты және орындаған нормаларын (жұмыс көлемін) есепке алу тәртібі; көлемді және сапалы көрсеткіштерді есепке алу тәртібі;
өндірістік құжаттар мазмұны мен олардың орындалу мерзімі және жүргізу тәртібі, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау туралы нұсқаулық;
операцияны орындау барысында: әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің тапсырысы бойынша өндірістерде өтемақыны төлеу туралы нұсқаулық, байланыс өнеркәсібінде саудадан түскен ақшаны бақылау және есепке алу;
аударылған соманы банктердің есеп шоттарына аудару тәртібі;
электронды пайдалану жөніндегі нұсқаулық, ақша аударымдары мен пошта- касса операцияларын орындаудағы бақылау-тіркеу машиналарын немесе есептеу техникаларының құралдары; жөнелтпе құжатын тексеру тәртібі;
үкімет қағаздарын өңдеуді бақылау тәртібі және нұсқаулық; мерзімді баспа сөзге жазылуды қабылдау және жаңа мекенжайға жіберу тәртібін сақтау тәртібі туралы нұскаулық, пошта төлемдері белгілерін тарату және басқа шартты құндылықтарды есепке алу;
байланыста қолданылатын касса операцияларын жүргізу туралы ереже; Қазақстан Республикасы байланыс ұйымдары мен мекемелерінде қатаң талаптағы бланктерді есепке алу туралы нұскаулық;
әр түрлі жүйелерде машиналармен жұмыс істеу туралы нұсқаулық;
машиналарды пайдалану ережелері және олардың қызмет ету қағидаты; операцияны орындау барысында, мысалы:
халықаралық пошта жолдауларын өңдеу мен жіберуде: қабылдау, өңдеу, жолдау, жіберу, халықаралық пошта жолдамаларын жіберу және бақылау тәртібі;
Халықаралық пошта жөніндегі конвенция, Регламент және орындалатын жұмыс шеңберінде басқа да халықаралық келісімдер: француз тіліндегі пошта терминологиясы;
Бүкілодақтық пошта одағы Бюросы шығарған елдің және әлемнің аймағында Алфавиттік тізімді қолдану тәртібін;
жеткізіп беру жұмы старый ұйымдастыруды орындау туралы: нұскаулықтар, поштамен жөнелтілген заттарды және мерзімді басылымдарды жеткізіп отыру, учаскелерді нормалауды ұйымдастыруға басшылық ету және қолға алу;
байланыс бөлімшесі қызмет көрсететін елді мекендер мен аудандарды және аудан учаскелерін жоспарлауды; пошта жөнелтілімдері мен мерзімді басылымды іріктеу тәртібі;
ақпараттық-есептеу орталықтарында және электронды есептеу машиналарын қолдана отырып ақша аударымдарын бақылау бюроларында аудару операцияларын бақылау тәртібі туралы нұсқаулық;
жинау пункттерінде деректерді дайындау және беру облыстық, аймақтық, республикалық жиналу пункттерінде бақылауды ұйымдастыру және ақпараттарды өңдеу, деректерді дайындау және жіберу туралы нұсқаулық;
электронды, бақылау-тіркеу машиналары немесе есептеу техникаларын пайдалану туралы нұсқаулық;
байланыс мекемелерінде жұмыс істеу барысында, көліктің әр түрімен поштаны ауыстыруды және жөнелтуді жүзеге асыруда: көлік қозғалысының сызбасы мен кесетесі.

Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін
қызметтері
Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері пошта операторының пайдаланушылардың пошта жәшіктерінен жиналған және (немесе) операциялық терезелерден қабылданған жай хаттарын, пошта карточкаларын және бандерольдерін жіберу жөніндегі қызмет көрсетуін білдіреді.
Пошта операторының пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметгерін ұсынуы уәкілетті орган бекіткен, пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің қолжетімділігіне, сапасы мен бағасына пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын талаптар белгіленетін, пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Пошта жөнелтілімінде пошта төлемақысының немесе белгіленген тарифтің ішінара төленгенінің мемлекеттік белгілері болмаған жағдайда, пошта операторы мұндай пошта жөнелтімін жөнелтушіге қайтаруға құқылы
Жәй, тапсырысты, үкіметтік және халықаралык хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, жөнелту және тапсыру;
мерзімді баспа сөзге жазылуды қабылдау, талап етілетін жерлерге келетін хат-хабарлар мен жеделхаттарды беру;
баспа жазылымдарын өңдеу және беру, пошта төлем белгілерін сату; бөлімшеде 5 жеткізу пункті болған жағдайда хат-хабарлар мен мерзімді басылымдардың жеткізілуін қадағалау;
жеткізу учаскелерінің сызбасы мен тізімін құру, пошта жөнелтілімдерін және мерзімді басылымдарды жеткізу учаскелері бойынша іріктеу және оларды пошташының тапсыруын қадағалау;
жеткізудің әр түрлі тәсілдері бойынша пошташы жұмысын ұйымдастыру; жеткізілмеген пошта жөнелтілімдері мен мерзімді басылымды, тапсырылмаған хат -хабарларға алған акшалай шығынды қайтарып алу; мерзімді басылымға қайта көрсетілгендерді қабылдау және тіркеу;
Аудару операцияларына бақылау жүргізетін, аудармаларды бақылау;
Пошта маршрутында жұмыс істеу барысында - бастапқы пунктте поштаны алу, оны жол бойы шығарып салу және соңғы пунктте беру; жазба хат-хабарларды тіркеу.
Қазпошта АҚ бұл тармақталған желісі бар және клиенттердің
талаптары мен үміттерін қанағаттандыруға бағытталған пошта-жинақтау жүйесі. Қазпошта АҚ қызметкерлері Клиенттердің әрдайым ризашылығына бөленуді қалайды, пошталық және қаржылық қызметтердің отандық рыногында көшбасшы болуға, дүние жүзелік рыноктағы позицияларды нығайтуға,соның нәтижесі бойынша Қазакстан поштасының экономикалық позициясын және имиджін нығайтуға ұмтылуда.
Пошта техникасы - пошта байланысындағы негізгі өндірістік жұмыстарды пошта жөнелтілімдерін қабылдау, өңдеу, тасымалдау және мекен - жайға жеткізу қызметтерін атқаруда. Қазпоштаның XXI- ғасырдағы қарқынды дамуына байланысты беделі тек елімізде ғана емес,дүниежүзілік әлемдік деңгейде де артып келеді.
Қазақстан поштасының пошта- жинактау жүйесін кұру тәжірибесіне көптеген жетекші шетелдердің пошталық әкімшіліктері мен банктік құрылымдары кызығушылық танытуда. Қазақстан Республикасының дүниежүзілік пошта одағына (ДПО) мүше болуымен қатар, оның әкімшілік кеңесіне сайлануы осыған дәлел бола алады.
Клиенттердің талаптары мен үміттеріне сай болу,өз жұмысының кәсіби маманы болу,оқу, кәсіби деңгейді көтеру, қажетті ресурстармен қамтамасыз ету үшін, әрбір байланыс қызметкері Клиент тек Қазпошта қызметтерін бағалау үшін халыкаралық стандартқа сай талаптардың қатал сәйкестендірілген Сапа менеджменті жүйесінің шеңберінде жұмыс істеуі
Өйткені халыққа қызмет көрсетудің сапасы жаһандану заманында барлық жұмыстардың автоматтандырылған, акпараттык технологияның жаңа жетістіктеріне сүйеніп, сапаның жақсаруына, өндірісті оңтайландыруға мүмкіндік туғызатындай жаңа өнімдер мен технологияларды игеруі қажет.
Қазакстан Республикасы бойынша Қазпошта АҚ пошта байланыс бөлімшелерінде жазбаша хат-хабарларды, тапсырысты , құндылығы жарияланған пошта жөнелітілімдерін және EMS қызметі, сәлемдемелерді сұрыптау,өңдеу , бағыттау жөнінде қойылатын талаптарды қамтамасыз етеді.
Пошта тасымалдау бөлімшесінде облыстық филиалдарға,АПБТ,ҚПББ- не сұрыпталып таратылады.ҚР облыс орталықтары арасында әуе және жерүсті көліктерімен пошта жөнелтілімдерінің жүріп өтуінің бақылау мерзімдерін және магистральдық бағыт жоспарын жыл сайын көрсетіп отырады.Филиалдарда Сұрыптау орталығы модулін енгізу жұмыстарын ұйымдастыру және бағыттау жоспарын бағдарламаға дұрыс енгізу жұмыстарын атқарады.
ҚазпоштаАҚ өндірістік объектілеріндехалықаралык поштаны қабылдауды, өңдеуді және жіберуді дұрыс ұйымдастыру үшін ОФ-дың, ПСТУ, АПБТ-ның басшылары және тиісті құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлері жөнелтілімдерінің түгелдігін қамтамасыз ету үшін, халыкаралық пошта бағытының дүрыстығына және технологиялык процестердің орындалуына жауапкершілікке тартылады.
ХПАО мен ХПАП технологиялык процестерін ұйымдастыру, Қазпошта АҚ бүйрығының негізінде ұйымдастырылып және Қазақстан Республикасы Кедендік Комитетінің келісімі бойынша Қоғаммен анықталады.

2.1. 103н .тізімімен топтама сәлемдемелерді қабылдау
Сәлемдемелерді қабылдау барысында ішкі және халықаралық болып екіге бөлінеді. Сәлемдемеге салынатын салынымдар: мәдени тұрмысқа қажетті өндірістік мәні бар әртүрлі тауарлар салынатын пошта жөнелтімдері. Сәлемдемеге салынатын салынымдар: тұтыну тауарлары, ұзақ сақталатын тағам өнімдері, кітаптар, өсімдіктер, аралар, дәрі-дәрмектер, медициналық препараттар және басқа Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да салымдар жіберіледі.
Пошта байланысы мен жөнелтілімдері саласында қауіпсіздік мәселелерін ерекше қозғап өткеніжөн. Қазіргі уақытта пошта операторлары пошталық қауіпсіздікті ұйымдастыру, пошта жөнелтілімдерін қорғау және сақтау, пошта саласындағы құпияны қамтамасыз ету бойынша шараларды толық көлемде жүзеге асыра алмай келеді. Қолданыстағы заңнамада қауіпсіздікті қамтамасыз ететін нормалар мен механизмдер жоқ, осының салдарынан өмірге қауіпті заттар мен бұйымдардың көбеюі туындап отыр.
Пайдаланушылардың және пошта операторы жұмыскерлерінің денсаулығы, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды күшейту ұсынылады.
Бұл ретте пошта операторлары жөнелту үдерісі кезінде пошта жөнелтіліміндегі тыйым салынған заттар мен бұйымдарды техникалық құралдарды, құрылғыларды және бейне бақылау жүйесін қолдана отырып анықтауға міндетті болады.
Ұлттық пошта операторына пошта қауіпсіздігі жүйесін құру бойынша міндеттемелер жүктеледі және жеке күзет үйымдарын құру құқығы беріледі. Бүл пошта жөнелтілімдеріне рұқсатсыз қол сұғудан сақтауға және пошта жөнелтілімдері мен ақшаларды жоғалтудың немесе ұрлаудың алдын алуға мүмкіндік береді, Ішкі сәлемдемелер кедімгі және құндылығы жарияланған болып бөлінеді.
Бағалау құны ҚР-ның аумағында шектелмейді.
Ішкі сәлемдеме дегеніміз- ҚР-ның аумағында қабылданып, өңделіп, жөнелтіліп, алушы кісіге табыс етілетін пошта жөнелтілімдері.
Сәлемдеменің шектелген салмағы -14кг дейін.
Мекен -жай қазақ немесе орыс тілінде жазылады.Сәлемдемелер ашық немесе жабық түрде қабылданады. Сәлемдемелер өндірістік объектінің операциялық терезесінде ірі габаритті және ауыр салмақты сәлемдемелер болып қабылданады.
Сәлемдемелер салынатын ыдыстар: қораптар, жәшіктер, металл жәшіктер, гофражәшіктер т.б.
Сәлемдемелерді буып-түю кезінде ең ұзын жағы 35 см-ден кем емес, үш өлшемінің қосындысы 65 см-ден аспайтын пошта жөнелтілімін айтады. Ауыр салмақты сәлемдемелер: салмағы 10 кг-нан асатын. Бір жағы 80x80x50 см-ден асатын сәлемдемелер ірі габаритті болып табылады. (1-сурет)
Буып-түю ретінде посылкалық жәшіктер (картон, ағаш, фанер және полимер) немесе жұмсақ тыс қолданылады.

Сәлемдемелердің ішіне салынғандарының ерекшелігіне қарай, жөнелтушіге мыналар ескертілуі тиіс:
осал және сынатын заттар қатты ыдысқа ағаш үзіндісімен аралас салынады немесе жоңқамен, мақтамен және басқа толтырғышпен салынады;
фильмдер, фильмдер мен киношежіренің бастапқы материалдары, магнит таспалары, компакт-кассеталар, компакт-дискілер арнайы ыдысқа салынады;
тұқым, дән, жаңғақ, кептірілген жеміс, ұн және басқа сусымалы заттар тығыз матадан, үлдіршектен істелген қапшықтарға, мықты қағаз пакеттерге оралып, жәшікке немесе картон корапқа салынады;
сұйық және сұйық күйге оңай айналатын зат (шырын, сироп, май, қайнатпа, жемістер және басқалар) ішіндегісі ағып кетуге мүлде жол бермейтін жабық ыдыста болуы керек және ол ағаш жәшікке салынып жоңкамен, паролонмен, қиқыммен нығыздалады. Балық салынған банкілер де осындай тәртіппен жіберіледі.
Сұйық және сұйық күйге оңай айналатын заттарды, жидектерді целлофан және политилен пакетпен жіберуге тыйым салынады;
көшеттер сырты матамен тігілген себетке немесе желдеткіш тесіктері бар жәшіктерге салынады. Себеттің (жәшіктің) түбіне тығыз политилен үлдіршек салынады;
құрғақ бояу ұнтақтары (анилин көктігі сияқты), майлы, сұйық, сұйық күйге айналатын заттар (май сылаулар, жұмсақ сабындар, сағыздар, сироптар, қайнатпалар, бал және басқалар) алдымен жабық шыны емес ішкі ыдыстарда болуы керек, кейіннен олар екінші мықты жәшікке салынып, екі арасына сәйкесінше ағып кетуден сақтандыратын және тартып алғыш материалмен толтырылады;
майлы , сұйық, сұйық күйге айналатын заттар (май сылаулар, жұмсақ сабындар, сағыздар, сироптар, қайнатпалар, бал және басқалар) алдымен жабық шыны емес ішкі ыдыстарда болуы керек, кейіннен олар екінші мықты жәшікке салынып, екі арасына сәйкесінше ағып кетуден сақтандыратын және тартып алғыш материалмен толтырылады;
тірі аралар, сүліктер және жәндіктер шығып кету мүмкіндігінің алдын алуы тиіс арнайы мықты торкөзді жәшіктерге салынады. Аралары бар посылкалар ауа еркін кіретін көлеңкелі орында сақталуы керек, мұндай посылкаларды тығыз жабылатын шкафтарға салуға тыйым салынады;
фабрикалық өңдеуден өтпеген ан және кеміргіштер терілері, сондай-ақ жүн, қылшық, шаш, мамық салынған посылкалар алдымен матаға (қапқа, полиэтилен үлдіршекке) оралады, содан кейін жәшікке не картон қорапқа салынады;
радиолампалар мен басқа дәл аспаптар (өлшеуші жэне т.б.) жұмсақ төсенішпен толтырылған қатты ыдысқа немесе орнықтыратын арнайы жүйесі бар жәшіктерге салынады. Шаршы торкөз ішінде орнықтыратын арнайы жүйе орнатылады, ол құралды (лампаны) мықтап тіреп тұрады және қабырғаларға соғылудан сақтайды.
тірі өсімдіктер (жүзім сабағы, көшет жэне т.б.), сондай-ақ сынбайтын ірі габаритті үшкір ұштары мен қырлары жок, өздерінің көлемі жағынан белгіленген көлемдердегі посылка ыдысына буып түюлуі мүмкін емес заттар, олар жіберу үшін каптық материалға (матаға) оралған күйде қабылданады;
тұтас және сынбайтын, сондай-ақ бөлшектенбейтін, өткір қырлары жоқ заттарды көлемі мен салмағы нормалармен белгіленгеннен талаптардан аспайтын заттар (сызу тақтасы, балалар шанасы, чемодандар, бидондар және басқалары), жәшіктерде немесе матада буып-түйілмей ақ ашық жіберіле алады.
жас жеміс-жидектердің қатты сорттары салынған посылкалар ағаш не фанер жәшікпен қабылданады, олардың бүйір кабырғаларында желдеткіш тесіктері не көлденең ойықтары болады;
автодөңгелектер қапқа салынады;
қымбат бағалы металдардың буып-түюі мықты метал жәшіктен немесе ағаш жәшіктен болуы тиіс, оның қабырғасы 10 килограммға (бұдан эрі - кг) дейінгі посылка үшін кем дегенде 1 см, және салмағы 10 кг жоғары посылка үшін 1,5 см болуы керек.
Сондай-ақ буып-түю қосарланған ораманы қүрайтын тігісі жок екі қаптан болуы мүмкін. Егер фанерден жасалған ағаш жәшік колданылса, оның шеттері темір бұрыштамамен бекітілген жағдайда қабырғаларының қалыңдығы 0,5 см- мен шектелуі мүмкін.
Зауыттық орамадағы бөлінбейтін заттарды (ағаш немесе мыкты картон жәшікте), белгіленген көлемдерге жауап беретін және салыным сақталуын қамтамасыз ететін болса, жерүсті көлігімен жіберу үшін қосымша буып-түюсіз қабылдауға рұқсат етіледі.
Сырт киімнің заттары, кілем тәріздес және басқа да жұмсақ бұйымды заттары бар сәлемдемелерді буып-түю кезінде жөнелтушіге сәлемдеме салымын алдын- ала полиэтиленді пленкаға немесе су өтпейтін материалға буып-түюге ұсыныс жасалады.
Сәлемдемелердің буылып-түйілуі ішіне салынғандардың сипатына, жіберілу шарттарына және жол ұзақтығына сәйкес болып,ішіне
салынғандардың өңдеу және тасымалдау кезінде бүлінуіне, орамын, мөрін, пломбасын, байламын, таспасын және т.б. бүлдірместен қол суғуға жол бермейтіндей, өндірістік объектілердің жұмыскерлеріне ешқандай задал тигізбейтіндей есебіне жөнелтушілердің өздерімен тандалады.
Ішкі почта жөнелтімдерінде мына заттар мен бұйымдарды жіберуге тыйым
салынады:
әскери қолға ұстайтын атқыш, азаматтық және қызметтік кару, оқ-дәрілер, қосалқы және жинақтаушы бөлшектер, спорттық садақтар мен арбалеттер, жарық, түтін және дыбыс дабылдарын беруге арналған қару, электрлік кару, электр соққыш құрылғылар мен ұшқын шашқыштар, қылыш жүзді суық кару, кистендер, қастеттер, сурикендер, бумерангтер және өзге спорттық құралдардан басқа ұрып соғуға, лақтыруға, сұғып кесуге бейімделген заттар, екі түрлі қолданатын арнайы техникалық құралдар және олардың бөлшектері;

1 - суретте. Сәлемдемені қабылдау тәртібі
Өндірістік объектілерде сәлемдемелер кәдімгі және құндылығы жарияланған болып екіге бөлінеді. Сәлемдемемен жолданылатын салынымдар: мәдени- тұрмысқа қажетті тұтыну тауарлары,өндірістік мәні бар заттар,ұзақ сақталатын тағам өнімдері,өсімдік тұқымы,дәрі-дәрмектер және т.б қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да салымдар жіберіледі.
Кәдімгі сәлемдемелерге құны көрсетілмейді.Құндылығы жарияланған сәлемдемелердің бағаланған құны шектелмейді.
Шектелген салмағы-14кг дейін. Егер сәлемдеме 107н. тізіммен қабылданса ашықтүрде қабылданады. Сәлемдемені жіберу әдісін анықталады. (жер үсті немесе әуе көлігі). Мекен-жай қазақ немесе орыс тілінде жазылады.
Заңды тұлғалармен жіберілетін сәлемдемелер белгіленген тәртіп бойынша өздері иемденген мөр бедерлерімен мөрленуі немесе пломбылау мүмкін.
Егер заңды тұлғалар сәлемдемелерді картонды буып-түюде жіберетін болса,клапан түйіскен жерлері фирмалық қағаз лентасымен мөрленеді немесе қарапайым қағаз ленталарының түйіскен бұрышына занды тұлға иемденген мөр бедері қойылады. Мөр бедері бірдей болуы тиіс, олар жәшік қабырғасына жапсырылатын лентаға да қойылады.
Өндірістік объектілерде топтама сәлемдемелер жеке және заңды тұлғалардан қабылданады. Сәлемдемелерге 116н. сүйемелдеу бланкісін және ІОЗн. тізімін жөнелтуші толтырады. Бір мекен -жайға жөнелтілетін сәлемдемелерге бір 116н . сүйемелдеу бланкісі толтырылып, кәдімгі және құндылығы жарияланған болса бағасы көрсетіліп, қабылдау барысында бланкіде сәлемдемелердің жалпы салмағы көрсетіледі.
Егерде мекен- жайлары әртүрлі болса сәлемдемелерге жеке 116н. бланкілері толтырылады. 116н. бланкісін жөнелтуші кісі толтырады. Ол екі бөліктен тұрады. Негізгі және хабарлаудан. Бланкіге алушы кісінің аты - жөні, мекен - жайы және жіберушінің аты -жөні, мекен - жайы, құндылығы жарияланған болса бағасы жазылады. Жөнелтуші мекен-жайы жазылған соң,
Жіберуге рұқсат етілмеген заттар жоқ бағанында растап өз қолын қояды, Құндылығы жарияланған болса бағасын жөнелтуші кісі анықтайды.
Топтама сәлемдемелер бір немесе бірнеше мекен-жайға жіберілетін саны 5 немесе одан да көп көлемдегі сәлемдемелер заңды тұлғалардан 3 дана толтырылатын ІОЗн. тізімі бойынша қабылданады.
103н. тізімі бойынша топтама сәлемдемелерді қабылдау барысында өндірістік объектінің қызметкері сәлемдемелерді тізімдегі жазбаларға,
116н. сүйемелдеу бланкісіне сәйкес жеке-жеке салыстырып, әр сәлемдемені өлшеп, тізімге салмағын жазуға нақты салмакпен тізімде қойылған салыстырып, ережеге сәйкес тарифтеліп 1ОЗн. тізімінде және 116н. бланкісінде көрсетіліп жазылады. ІОЗн. тізімі жөнелтушімен мына белгілер нысан бойынша дайындалады. (2-3 суретте)

2- сурет. Топтама сәлемдемеге 116н.бланкісін толтыру

Жеке тұлғалардан 1 данадан толтырылған 103н. тізімімен қабылданады.103н.тізімдері заңды тұлғалардың жауапты тұлғаларымен кол қойылып және мөр бедерімен куәландырады, ал жеке тулғалар тек қана қолын қояды.
Бір мекен-жайға жөнелтетін сәлемдемелер бір 116н. сүйемелдеу бланкісі бойынша қабылданады. Бұл кезде бланкіде сәлемлемелердің жалпы салмағы көрсетіледі.
ІОЗн. тізімі бойынша ішкі сәлемдемелерді қабылдау барысында өндірістік объектінің жұмыскерінің міндеті:
Өндірістік объектінің жұмыскері көрсетілген әрекеттерді орындауға;
Жөнелтушінің жеке басын растайтын құжаттың деректерімен қолын 116н сүйемелдеу мекен-жай бланкісіндегі көрсетілген деректермен салыстыруға; Сүйемелдеу мекен-жай бланкісіндегі Жіберуге тыйым салынған салымдар жоқ буып-түю талаптарымен таныстым дегенен кейін жөнелтушінің қолын тексеруге;
Буып-түюдің бекемділігі мен дұрыстығын, мекен-жайының дұрыс толтырылуын тексеріп, 116н. сүйемелдеу мекен-жай бланкісіндегі мекен-жай сәлемдеме қабықшасында көрсетілген деректермен салыстыруға;
Тиісті белгілердің бар болуына және олардың дүрыс орналасқандығын тексеруге;
Сәлемдемедегі тізімдегі жазбаларға, сүйемелдеу бланкісінде сәйкес жеке-жеке салыстыруға. Жазбалар сәйкес келмеген жағдайда құжаттарды пысықтауға беру.
Әр сәлемдемені өлшеуге, тізімге салмағын жазуға, немесе нақты салмақты тізімде қойылған салмақпен салыстыруға, 2-а.н. жапсырмасында салмағын тексеруге;
103н. тізімінде көрсетілген деректермен танысып қолын қоюға, ұсақ 5 немесе оданда көп сәлемдемені тапсыру барысында жұмыскер бір сәлемдемені өлшеп, жалпы салмақты анықтауға құқылы;

Тарифтеуге төлем ақысын қоюға немесе тізімде көрсетілген ақыны сәйкестігін тексеруге, Абайлаңыз белгісі болған жағдайда қосымша төлем ақымен тарифтеуге, сынатын заттар салымы бар сәлемдемелерге 8н. жапсырмасын жапсыруға;(4- суретте)
116н. сүйемелдеу мекен-жай бланкісін ресімдеуге, сәлемдемеге салмағын көрсетуге, сәлемдеменің номерін коюға (ШПИ жапсыруға) жіберу үшін ақы сомасын көрсетуге және ПМ бедерін қоюга;
2-а.н. жапсырмасын ресімдеуге, сәлемдеменің нөмерін қоюға (ШПИ жапсыруға ), қабылдау орнының өндірістік объектінің атауы, сәлемдеменің салмағын көрсетуге,ПМ бедерін қоюға және сәлемдеменің мекен-жай жанының сол жақ жағына жапсыруға.

4- суретте. Байланыс операторы буып-түюге, 116н.бланкісінің толтырылуын тексеруге міндетті.
4- суретте. Байланыс операторы буып-түюге, 116н.бланкісінің толтырылуын тексеруге міндетті.

2.2.АЖ-де сәлемдемелерге түбіртек жазу және жөнелту
Өндірістік объектінің жұмыскері сәлемдемені АЖ -де қабылдау барысында автомат(TM) түрде ШПИ номері сканерден өткізіледі. Онда жөнелтілімнің түрі, жіберу әдісі, бағаланған құны болса теңгесі, хабарламамен белгісі, салмағы, алушының аты-жөні, мекен-жайы, жөнелтушінің аты-жөні, мекен-жайы толығымен көрсетіледі.( 5 суретте)
Тариф бойынша төлемакысы және қосымша ақы төлемі, қабылдаған өндірістік объектінің жұмыскерінің аты-жөні, лауазымы көрсетіліп, жөнелтушіге АЖ-де 1 данада түбіртек басылып шығарылып беріледі. Түбіртекке ПМ бедері басылмайды.

5- сурет. Топтама сәлемдемелерді өндірістік объектіде қабылдау.

Өндірістік объектінің жұмыскері сәлемдемені қабылдау барысында міндетті:
І.Сәлемдеменің жіберу әдісін анықтауға, жөнелтушінің өзін растайтын құжаттың деректері мен қолын 116н. сүйемелдеу мекен-жай бланкісінде көрсетілген деректермен салыстыруға;
Сүйемелдеу мекен-жай бланкісіндегіЖіберуге тыйым салынған заттар жоқ деген белгісін растап,буы п-түю талаптарымен таныстым мәтінінен кейін жөнелтушінің қолын тексеруге;
Буып-түюдің бекемділігі мен дұрыстығын, мекен-жайдың дұрыс толтырылуын тексеруге,116н. сүйемелдеу мекен-жай бланкісіндегі мекен- жаймен сәлемдемеде көрсетілген деректермен салыстыруға;
Тиісті белгілердің бар болуын және олардың дұрыс орналасқандығын тексеруге;
Жөнелтушінің көзінше сәлемдемені буып-түюге, мөрлеуге,өлшеуге және тарифтеуге, өндірістік обьектінің жұмыскерімен жасалған қосымша қызмет үшін ақы бір мезгілде алынады;
Ішкі почта жөнелтімдері үшін өлшемдер мен шекті салмақтар

Жөнелтім түрлері
Шекті салмағы, кг
Буып-түйілген көлемі
1
Почта карточкасы
-
105x148 мм
2
Хат
2
110х220мм; 114x162 мм; 162x229мм; 229x324 мм; 250x353 мм.

Бандероль

Ең жоғарғы өлшемдері: үш өлшемнің (ұзындығы, ені, биіктігі) бірінің ең үлкен шамасы - 35 см.
Үш өлшемнің қосындысы 65 см-ден аспауы тиіс. Орама тәрізді оралған бандероль үшін - ұзындығы 70 см, диаметрі 15 см.
Ішіне салынғандарын (карталар,

Мына бандерольдерден басқа:
2

з
а) тұқым салынған
1

б) бір кітап салынған
3
кестелер және т.б.) бүктеуге болмайтын, ұзындығы 150 см-ге дейінгі бандерольдер.
Ең төменгі өлшемдері: (қалыңдығы кез келген аз мөлшерде болғанда) бір өлшемі - 10 см, баска өлшемі - 5 см- ден кем емес, ал орама түрінде оралған болса, ұзындығы - 10 см, диаметрі - 5 см.

в) зағиптар үшін шыгыңқы әріптері бар қағаздар мен кітаптар салынған
5 шекті салмақган 100 гр-ға дейін асуына жол беріледі

Ауыр салмақты сәлемдемелер : салмағы 10 кг-нан асатын.
Ірі габаритті сәлемдемелер : сәлемдемелердің бір жағы 80x80x50 см-ден артық. Ең жоғары көлемі: 230x180x110 см.
Ірі габаритті және ауыр салмақты сәлемдемелерді қабылдау оларды пошта операторының тек қана белгіленген өндірістік объектілері арқылы тапсыру және алу шартымен жүргізіледі.
116н .сүйемелдеу мекен-жай бланкісін119н. хабарлама бланкісін ресімдеуге, сәлемдеме салмағын көрсетуге, нөміріне сәйкес ретімен сәлемдеменің ШПИ нөмірін қоюға, жіберу үшін төлемақысын көрсетуе және ПМ бедерін қоюға;
АЖ-де 2-а.н. жапсырмасын ресімдеуге, сәлемдеменің номерін қоюға, қабылданған өндірістік обьектісінің атауын, сәлемдеме салмағын көрсетуге, ПМ бедерін қоюға және сәлемдеменің мекен-жай жанының сол жағына жапсырманы жапсыруға;
Түбіртекті АЖ-де өндірістік объектілерінде түбіртек жазуға, 1н. дәптерінде түбіртектің нөмірленуі ШПИ номерлері бойынша жүргізілуге, олар болмаған жағдайда түбіртектің номерленуі ай бойы жүргізіледі;
Сәлемдемені қабылдау кезінде жөнелтуші кісіге түбіртек АЖ-де немесе 1н дәптерге жазылып беріледі. Сәлемдеменің 116 н. бланкісіне мекен жайы жазылған оң жақ тұсына салмағы жазылып , төлемі есептелініп жазылады.
АЖ-де ( 6-суретте) түбіртекте жөнелтілімнің түрі, ШПИ номері, салмағы, жәй немесе құндылығы жарияланған, жер үсті көлігімен немесе әуе көлігімен, алушының толық мекен - жайы, аты - жөні, жөнелтушінің аты - жөні толық мекен - жайы көрсетілген төлем ақысы , қызметкердің аты - жөні, толығымен жазылады.
116 н. бланкісіне түбіртектің ШПИ нөмері көрсетіліп, сәлемдеменің мөр басылған жағына 2-а. н жапсырма қағазын желімдейді. Өндірістік объектілерде АЖ-де-де топтамамен қабылданған сәлемдемелердің түбіртегінде № ШПИ номері- № ІППИ номері дейін көрсетіліп, жалпы салмағы,тізім бойынша жалпы төлем ақшасы жазылады.
Жөнелтушіге түбіртек және 103 н тізімінің 1 данасы берілеі. Заңды
тұлғаларға өндірістік обеъетілерден алынған бағдарламалық қамсыздандыруға
сәйкес нөмірлерді жүргізуге және сәлемдемелерге ШПИ номерлерін өздері жабыстыруға рұқсат етіледі.
Өндірістік объектіде автоматтандырылған жетілдіру үрдістерімен ақпараттық телекоммуникациялық құрылғылардың сүйемелдеуімен жұмыс атқарады.Тіркелінетін пошта жөнелтілімдері соның ішінде топтама сәлемдемелер, әрбір 30 минут сайын өңделіп, тіркелініп бағдарлама нұсқауымен бақылауға алынып, автоматты түрде тіркелінеді.
АЖ-де топтама сәлемдемелерді қабылдау барысында өндірістік объектінің қызметкері бірнеше мекен-жайға жіберілетін жөнелтілімнің ШПИ номері, салмағы, жіберу әдісі, бағаланған құны, мекен-жайы, алушының аты-жөні басқа да деректерін енгізіп, соңынан жалпы бір түбіртек басылып , онда сәлемдеменің жалпы саны , төлемақысы, қосымша төлемі көрсетіледі.
Топтама сәлемдемелерді алынғандығы туралы хабарламамен қабылдауға болады. Өндірістік объектіде жөнелтуші сәлемдемеге 119н. бланкісін ережеге сәйкес толтырады.
Сәлемдемелерге 119н. бланкісімен сүйемелденеді. Алынғандығы туралы хабарламамен топтама сәлемдемелердіі қабылдау барысында өндірістік объектінің жұмыскерінің атқаратын міндетті:
Жөнелтуші өзі толтырған 119н. бланкісіндегі жазуының дұрыстығын тексеруге, 119н. бланкісіндегі жазулар сәйкес келмеген жағдайда жөнелтушіге қайтып беруге;
Сәмдеменің мекен-жай жазылған бетінің оң жағындағы жоғары бөлігіне және 116н. бланкісіне хабарламамен белгісін немесе мөртабан бедерін қоюға;
Тапсырысты хабарламада хабарламаның нөмерін қоюға (ШПИ жапсыруға), ол сәлемдеменің нөмеріне (ШПИ) сәйкес келуі тиіс.
Түбіртекте тапсырысты хабарламасын көрсетуге;
119н. хабарлама бланкісін жолда жоғалу мүмкіншілігін тудыртпайтындай етіп 116н. сүйемелдеу мекен-жай бланкісіне бекітуге.
Өндірістік объектілерде топтама сәлемдемелерге түбіртекте хабарламаны АЖ-де көрсетіліп, ережеге сәйкес қабылданып бір дана жазылады Топтама сәлемдемелер ережеге сәйкес өндірістік объектілерде, хабарламамен,т. б. ерекше белгілерімен болса тиісті мөртабан бедерлері қойылып өнделеді.
Өндірістік объектілерде операциялық терезесі арқылы топтама сәлемдемелер, пошта жөнелтілімдерін өндеу,жөнелту және табыс ету нұсқауы (Қазпошта АҚ 17.09.20 Юж. № 50. бұйрык) 16 н. жүкқұжатына барлық деректерімен тіркелінеді.
АЖ-де жеке-жеке І6н.жүкқұжатына ШПИ номері сканерден өткізіліп автоматты түрде барлық деректерімен тіркелінеді 16н. жүккұжатына жазылады, онда сәлемдеменің (ШПИ) номері және тиісті орны көрсетіледі.(б-суретте)

6- суретте. Топтама сәлемдемелерді 16 н. жүкқүжатына тіркеу.
Сәлемдемелер жүкқүжатка (ШПИ) нөмері бойынша жазылады, ол бір 116н сүйемелдеу бланкісімен (ІОЗн бойынша) қабылданған сәлемдемелер нөмермен нөмерге дейін олардьщ жалпы саны көрсетіліп жазылады. Ерекше назар аударатын сәлемдемелер үшін 16н жүккүжатының белгілер бағында (хабарлама, үкіметтік, абайланыз, және т.б) белгілері қойылады.
Әрі қарай жіберілетін және қайтарылатын сәлемдемелерібн. жүкқұжатқа белгілер бағанында жеке-жеке ӘҚЖ немесе Қайтару әріптерін көрсете отырып жазылады. Әр жүкқүжатта немесе оның көшірмесінде жүкқүжатқа сол күнің (ПМ) бедері қойылады.
Абайлаңыз белгісінен басқа шағын топтама сәлемдемелер барлық кезеңде Сақтандыру қаптарында жіберіледі.
Үкіметтік белгісімен сәлемдемелер бірінші кезектегі тәртіп бойынша өңделеді.
Бөлек жүкқүжаттары мен Сақтандыру қаптары жалпы жүккұжатқа жазылады. Жалпы жүкқұжатқа сүйемелдеу құжаттардың саны көрсетіледі.
Өндірістік объектінің операциялық терезесі арқылы қабылданған сәлемдемелер өңдеу барысында АЖ-де автоматты түрде 2-а.н. жапсырмасы және түбіртек шығарылып, сәлемдеменің сол жағына жапсырылады.
116н. сүйемелдеу бланкісінің ортасына ШПИ номері. бағаланған қүны,салмағы, қайда баратыны,жалпы төлемакысы жазылған жапсырма жапсырылып сәлемдеменің хабарлау бөлігіне барлық деректері жазылып,ПМ бедері басылады.
116н. бланкісіне және сәлемдеменің мекен-жай бетінің жоғарғы бөлігіне хабарламамен белгісі немесе мөртабан бедері қойылады.
Хабарламаға сәлемдемеге қойылған ШПИ номеріне сәйкес ШПИ номері жабыстырылады. 119н. бланкісін жолда жоғалып қалмау үшін 116н. сүйемелдеу мекен-жай бланкісіне бекітіледі.
Пошта жөнелтілімдерін жөнелту, жеткізу және табыс ету жөніндегі нұсқауға сәйкес (17.09.2010. №50 ҚазпоштаАҚ) АЖ-де сәлемдемелер 16н. жүкқүжатына ШПИ номерлері сканерден өткізіліп тіркелінеді. Барлық деректері және ерекше белгілер Белгілер бағанында көрсетіліп, жалпы саны, және жүмыскердің аты-жөні, лауазымы,қолы көрсетіліп,2 данада басылып шығарылады. Сәлемдемені жөнелту кезінде АЖ-де 16н жүкқұжатына тіркелінеді.
Сәлемдемелер 16н жүкқұжатына көшірмесімен 2 данада жазылады. 16н жүкқұжатына сәлемдеменің ШПИ нөмері, бағасы, кайда баратыны, қабылданған өндірістік обьектінің атауы , соңына жалпы саны көрсетіліп, байланыс қызметкерінің колы қойылады.
16н бланкісінің жоғарғы жақ бөлігіне өндірістік объектінің атауы, поштаны тасымалдау бөлімшесіне, кап болса, қаптын нөмері жазылып, ПМ бедері қойылады. Ерекше назар аударатын сәлемдемелер үшін 16н. жүкқүжаттың Белгілер бағанында (хабарлама, үкіметтік, абайлаңыз, жемістер және т.б.) белгілері қойылады.
Үкіметтік, Абайлаңыз, Әуе, Жеміс-жидек, Көкөніс белгісі бар сәлемдемелер бүкіл жүріп өту жолында жеке топтарға бөлінеді және басқа сәлемдемелерден тұратын топтарға қосылмайды.
Әрі қарай жіберілетін және қайтарылатын сәлемдемелер 16н. жүкқүжатына Белгілер бағанында жеке-жеке ӘҚЖ немесе Қ әріптерін көрсете отырып жазылады .Жалпы жүкқұжат 16н. бланкісіне сүйемелдеу құжаттарының саны көрсетіледі.
Сәлемдемелер жіберілгеннен кейін жүккужаттар негізінде статистикалық есебін жүргізу тәртібіне сәйкес 2-а н. айырбастауды есепке алу бланкісі АЖ-де автоматты түрде толтырылады. 16н. жүкқүжатына тіркелінген барлық (7- суретте) сәлемдемелер бағыт жоспарына сәйкес пошта тасымалдау бөліміне жөнелтіледі.

Топтама сәлемдемелерді ПТБ-де сұрыптау тәртібі
Қазпошта АҚ теміржол өндірісіндегі байланысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулар, ҚР-ның мемлекеттік пошта байланысы кәсіпорынының ТМД және шетелдерге халықаралық пошта жөнелтілімдерін қабылдау жөніндегі Басшылык, жазбаша хат-хабарларды, сәлемдеме және жіберу сақтандыру поштасын , мерзімді баспа басылымдарын тасымалдау, сұрыптау және жіберу тәртібі бойынша жұмыстарды атқарылады.
Облыстық филиалдың барлық өндірістік объектілерінен қабылданып,16н. жүккұжатына тіркелініп автомашина арқылы пошта тасымалдау бөліміне тасымалданады.
Сұрыпталған барлық пошта жөнелтілімдері оған әрине топтама сәлемдемелік пошта, сақтандыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазпочта» ақ компаниясына жалпы сипаттама
Электрондық поштаның ерекшеліктері
Диплом алдындағы өндірістік тәжірибенің есебі
GPSS World бағдарламасында жүйелерді модельдеу
Компьютерлік желілер, интернет, электрондық пошта
Қазактан поштасынын тарихы
Қазақстан Республикасындағы пошта-жинақ жүйесі
Өндірістік менеджмент жүйесі
Компьютерлік желілер. Желілік қосымшаларды қолдану
Интернет және оның мүмкіндіктері
Пәндер