СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Негізгі бөлім
І Тарау СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Спорт журанлистикасының Қазақстандағы бастауы
Шетелге танытқан ұлттық жоба
Қазақстанағы спорт бәсекелерін көрсететін арналар олардың додаларға дайындығы

ІІ тарау.ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ
2.1 Қазақстандық спорт коментаторлары
2.2 Әлеуметтік желі журналистердің беделін көтеруде
2.3 Есей Жеңісұлы:Қазақ спорты Һәм арнасы да қазақша сөйлеуі керек
ҚОРЫТЫНДЫ

Біз спорт журналистикасы туралы сөз ететін болсақ,сонау Орхон-Енисейден бастағанымыз жөн болар.Өйткені онда әдебиетте,публицистикада,журналисти ка элементтері де жатыр.
Қазіргі таңда комментатор деген лауазымды сол заманда Юлий Цезарь,Аристотельдер болған.Цезарь-сөз өнерін,Аристотель философияны артық білді.
Осы үлгілерді тілге тиек ете отырып,қазақ спорт журналистикасын күні кешеден емес сонау Алпамыс,Қобыланды,Ер Төстік заманынан да іздегеніміз жөн болар.
...Қазақ пен қалмақ қараған,
Құйындай шауып Шұбар ат,
Өте шықты арадан.
Күлмеген адам қалмады,
Жеңілген соң баладан.
Гүлбаршынның алдына
Көкпар әкеп тастады,
Өңгеріп серке даладан... деп бүгінде ұлттық спортымыздың басы болып елін сүйсіндіріп жүрген көкпарды алға тартады.
...Ұлтан хан бір дарақтың басына жамбы қойып,кім атып түсірсе Қарлығашты беретін болып,бәйгеге тігіп жатыр дейді... бүгінде нысана көздеу, садақ атудеген спорттық терминдер сол кезден бастау алатынын білген жөн.
Жалпы спорт журналистикасы дами бастаған уақытта терминдер жоқтың қасы.Сол кезде журналистерге осы батырлар жыры,ертегілер,қазақ ауыз әдебиеті көмекке келгенін бірі білсе,бірі білмес. Копьедегенді-найза, Лукдегенді садақдеп алынды.Бұл-қазақ ауыз әдебиетінің орасан зор үлесі.
Аталған жырларда,ертегілерде тек көкпар,садақ тарту,жамбы ату ғана емес,спорттың басқа түрлері де әңгімеге арқау болған.Мысалы,ат жарыстыру,аударыспақ және басқа ұлттық ойындар,қазіргі тілмен айтсақ спорт түрлері көп сипатталады.
Ат жарыстыру демекші,ат спортына бүкіл Тұран елі,оның ішінде қазақтардың тікелей қатысы бар.
Бұл туралы экс-президент Н.Назарбаевтың жариялаған Ұлы даланың жеті қыры атты мақаласында мынадай мысалдар келтіріледі: Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды.
Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді.Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп,күрделі,ыңғайлы әрі қуатты бола түсті.Масағына қауырсын тағылып металмен ұшталған жебе берен сауытты тесіп өтетін көбебұзарға айналды.
Қазақстан аумағында өмір сүрген түркі тайпалары ойлап тапқан тағы бір технологиялық жаңалық-қылыш.Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі-ерекше белгісі.Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды.
Бұдан шығатын қорытынды ат үстінде жүргізілетін спорт түрлерін Тұран халқы ойлап тапқанын жарияға жар салуға болады.Осыдан алты мыңдай жыл бұрын атты ауыздықтап мініп,қолға үйреткен түркі халқы спорттың негізгі элементтері қылыш,найза,садақты ойлап тапқан.
Соңғы төрт-бес жыл көлемінде Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері,белгілі спорт функционері болған Өтепқали Құралов Олимпиада ойындарын алғаш рет гректер емес,Тұран елінің ата-бабалары өткізген деген тұжырым айтқан.
Ғасырлар бойы ат үстінен түспеген бабаларымыз талай ұлттық спорт түрлерін дүниеге әкеліп,оның дамуына себепші болғанын қуана еске аламыз.Ел спортының дамуы жолында тер төккен Өтепқали Құраловтың,түркі халқы атқа қатысты спорттың 39 түрін дүниеге әкелген екен.Себебі түркі халқы,оның ішінде қазақ елі осыдан алты мың жыл бұрын ат жалын тартып мініп,ат құлағында ойнаса,бүгінгі таңдағы аламан бәйге,тайжарыс,құнанжарыс ат спорты түрлерімен бірге жамбы ату,аударыспақ,қыз қуу секілді бәсекелер біздің жерде пайда болмады дегенге кім сенеді дейді спорт журналистикасының ардагері Рабат Жәнібеков.Дегенмен де бізге ол дәуірден нақты дереккөздер жоқ.Бірақ бір анығы,ат спортының отаны Қазақстан,ежелгі түркі мекені.
Әрине,бұл бізден әлдеқашан озған заманға қатысты.Ол кезгі спорт журналистикасының тарихы тереңде жатыр.
Осы заманға ойысатын болсақ,он тоғызыншы ғасырдың аяғында қазақ жерінде газет-журналдар пайда бола бастағанда ұлттық спорт түрлері ақпараттар,шағын мақалалар жарияланып тұрған.Бұл жиырмасыншы ғасырдың ортасына дейін созылды.
Сол уақыттарда телекомментаторларға байланысты деректер болғанына да айтқан жөн.Оған себеп алғашқы спорт коментаторы Айтпай Хангелдиннің есімін ерекше атап өткен жөн.Айтпай Хангелдин сол кездегі Түркомолдың тұңғыш және соңғы жетекшісі Ғани Мұратбаева 1928-1929 жылдары Ташкенде Қазақфутбол командасын құрып,айтпай сол командада ойнағанын,ара-тұра радиоға жүгіріп келіп,репортаж жүргізіп кетіп отырған.Бұл-қазақ спорт коментаторлығының да жасын ұзартатын дәлелдердің бірі.
Қазақ спорт журналистикасының жарқыраған тұсы 1959 жылы қаңтарда Қазақстанда тұңғыш спорттық кәсіби басылым екі тілде шығатын спорт газетінің дүниеге келуі.Алғашқы жылдары редакторсыз шықса да,қазақ спорт журналистикасы кеңістігіндегі үлкен құбылыс еді.
Аталған басылым әлі күнге дейін қазақ спорт басылымдарының қара шаңырағы деп бекер айтылмайды.Қазақ спорт журналистикасының атасы болған Сейдахмет Бердіқұлов 1970-1986 жылдары Лениншіл жас (Қазіргі Жас Алаш)газетінің редакторы болғанға дейінгі аралықта Спорт газеті осы басылымның тасасында қалып кеткендей әсер қалдырды. Лениншіл жасгазетінде шығатын Сейсенбілік спорт беті Спорт газетін ұмыттырып жібергендей болды.Себебі, Лениншіл жастыңжастар арасында ғана емес,қазақ зиялыларының арасындағы беделі газетте талдамалық мақалалар еркін жазылатын мақалалар көп еді.Сол кезде аталған газеттің спорт бөлімінде Жұлдызды журналисттер шоғыры жұмыс істеді.Қалдарбек Найманбаев, Орысбай Әбілдаев, Жарылқап Бейсенбаев, Несіп Жүнісбаев, Қыдырбек Рысбеков секілді талантты кадрлар жұлдыздай жарқырады.Сол кездегі Спортгазетінің өзіндік ерекшелігі-жеке басылым болғандығы.Бұл басылымда өз ісінің хас шеберлері Сматбек Төребеков,Ғалым Сүлейменов,Саин Тұрсынов,Амангелді СейтхановғБейсен Құранбек секілді талантты журналисттер осы газетте қызмет еткен еді. Спорт газетінің шарықтау шыңы басшылыққа Несіп Жүнісбаевтың келуімен байланысты.
Сейдахмет Бердіқұловты қазақ спорт журналистикасының атасы деуге дәлелдер жетерлік.Өйткені Сейдахмет Бердіқұлов спорт тақырыбын әдебиетте де журналистика саласында да кәсіби деңгейде жазып,биік деңгейге жеткізді.Бердіқұловтың мектебінен шыққан журналистер де аз емес.Сондықтан болар спорт журналистеріне жыл сайын берілетін жүлде осы Бердіқұлов атында.
Қазіргі таңда спорт тақырыбында жазылатын,айтылатын басылымдар мен телеарналар көптеп шығарылуда.Еліміздегі телеарналар әлемдік додаларға тікелей көрсетілім жасап, халыққа спорт журналистикасының даму үстінде екенін көрсетуде.Бұл орайда тілге тиек етіп айтатын спорттық додалар өте көп.Солардың ішінде футболдан,хоккейден,футзалдан,волле йболдан,бокстан,күрес түрлерінен әлем және еуропа чемпионаттарын тікелей эфирде үздіксіз көрсетіп жүр.Осы әлемдік додаларда еліміздің спорт журналистері аянбай тер төгіп еңбек етуде.Бұл арада комментаторларға үлкен жүк артылған. Qazaqstan РТРК АҚ-на қарайтын QazSportтелеарнасының комментаторлары Ермұхамед Мәулен,Есей Жеңісұлы, Жандос Байділдә,Ерсін Ерікұлы,Еррмек Төрениязов,Уәлихан Қосанбай спорт журналистикасының туын көкке көтеріп,абыройын асқақтатып жүр.Еліміздегі спорт журналистикасы тек басылымдар мен телеарнада емес,әлеуметтік желілерде кеңіне таралып жүр.Бұл да бір спорт журналистикасының шыққан бір белесі десек те болады.Спорт комментаторларыңың әкесі саналатын Амангелді Сейітханов ағамыздың Сидней олимпиадасында,Бекзат Саттархановтың жекпе-жегінен кейінгі айтқан сөзі мәңгі ел есінде сақталып қалған.Комментатор үшін сөз саптау өте маңызды дүние.Еліміздің соңғы екі-үш жылда спорт журналисткасына баса назар аударып,түрлі сыни пікірлер кқптеп айтылып келеді.Олардың алдын алу үшін жоғарғы оқу орындары спорттық журналистиканы унивеерситиет қабырғасында оқытып дайын кадрлар шығару жолында жұмыс істеуде.Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті өабырғасында аталмыш пән студенттерге тереңінен оқытылуда.Еліміздің спорт журналистері футбол және бокс ойындарын делебесі қозып жүргізіетінін көзімізбен көріп те жүрміз.Телеарналарда спорт туралы арнайы шығарылымдар өте көп. Qazsport Алаңы, Pro Hockey. Доп Дода, Pro Football деген арнайы жобалар үздіксіз жұмыс жасауда.Сол жобалар арқасында спорт журналистикасы кеңінен жайылып,халықтың жүрегінен орын алып жүр.Еліміздегі спорт журанлистикасының жағдайы жаман емес.Ең бастысы бәсекелестік бар.Спорт журналистикасының негізгі мәселелерінің бірі-еркіндік.Қуанарлығы еліміз 1924 жылы құрылған Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығына мүше.Бұның өзі мақатнуға тұрарлық дүние.Тек біздегі проблема ол-қаржы жетіспеушілігі.Спорттық журналистика-ептілікті талап ететін журналистика жанрының бірі.Себебі спорттық додалардың біршамасы тікелей эфирде жүргізілетіні өз алдына оны бүкіл қазақ елі көріп отырғанда ебін тауып,сөйлей алмасаң қазекеңнің көңілінен шықпай,біршама сөз естіп қалатының тағы бар.
Спорттық журналистиканы тек комментатор деп қарастырмау керек.Комментатордан басқа оператор,режиссерлар талма еңбек етеді.Қазіргі спорт журналистерінің кәсіби ерекшілігі сынағынан өту үшін сөз саптауды дұрыстаса құда да риза,құдағида риза болады

2.1 Кез келген әлемдік спорт додаларында журналистеріміз қандай деңгейде халықтың жүрегінен орын тауып жүр?Мысалға алып қарайтын болсақ олимпиада ойындарында еліміздің спорт арналары көңіл көншітпейтін эфирлер жасап жүргенін көзбен көріп жүрміз.Оған дәдел 2020 жылы Токио олимпиадасында арналарымыз тікелей эфирлерді мардымсыз көрсетті.Оған халықтың әлеуметтік желілерде қалдырған пікірлері дәлел.Көк туымыздың желбірегенін көргісі келетін халық өзге мемлекеттің арналарынан көруге мәжбүр.Комментаторларға келетін болсақ тек олимпиадада емес басқа да спорт түрлерінде өздерінің сөз саптауларын халыққа көрсетіп,халық арасында әзілге айналып кеткенін байқауға болады.QazSport телеарнасының комментаторы,Қазақстан Футбол Федерациясының баспасөз хатшысы Ермұхамед Мәуленнің айтқан тапқыр сөздері халық арасында тұрақты сөз тіркесіне айналып кеткенін байқауға болады.Испаниялық Реал Мадрид командасының шабуылшысы Кәрім Бензема гол салғанда Бензема,Гол соғатын сен ғана деген сөзі ел арасында кеңінен тарап.тіпті ТИКТОК желісінде бірнеше миллион қаралым жинап,қазіргінің тілімен айтқанда ХИТ сөзге айналды.Бұдан басқа комментаторлардың айтқан сөзі де халық жүрегінен орын алды.Спорт журналистеріміз қай доданы алсаң да халық жүрегінен орын алу үшін неше т.рлі айла ойлап тауып көңіл көтеретін сөз тіркесерін айтып отырады.Қазақтардың есінде қалатын ең керемет сөз Амангелді Сейітханов ағамыздың сөзі десек қателеспейтініміз анық.Бекзат Саттарханов олимпиада чемпионы деген сөз талай қазақтың жүрегін жібіткені өтірік емес.
Тек шетелдік емес өзіміздің елде ұйымдастырылып жатқан спорт бәсекелері де ел имиджін шетелде танытуға ықпалын тигізетіні анық.Оның ішінде Қазақстан Барысы жобасы он бір жыл қатарынан республикалық телеарналарда үзбей көрсетіліп келеді.Бұл алты сағат бойы республикалық телеарналардың тікелей эфирінен шығаты бірегей спорттық жоба.2011 жылы әлі ешкім білмейтін жобаны еліміздің 3 арнасы өз эфиріне қоюға келісімін берген.Олар:КТК,Еуразия және Астана телеарналары.Алғашқы жылдары бұл жобаның рейтингі 0,85 пайызды құрады.Алғашқы турнир Нұр-Сұлтан қаласындағы Дәулет спорт кешенінде өтті.Жалпы кешеннің сыйымдылығы 2500 адамға дейін бірақ сол сәтте 3000-нан астам адам болған.Сол жылғы турнирдің Жеңімпазы Ұлан Рысқұл болған еді.Сол турнирден кейін Ұланның аты бүкіл қазақ еліне танымал болып кетті.
Алғашқы турнирден кейін бұл жобаға демеушілер табылып,турнирдің ауқымы кеңейді.2012 жылы жоба жаңа аренаға ауысты.Бұл жылы Сарыарқа велотрегінің трибунасынан аталмыш жобаны жеті мыңғв жуық көрермен тамашалай алды. Қазақстан Барысы жобасын тікелей эфирде КТК және QazSport телеарналары жүргізді.
2013 жыл қазақ күресі үшін жетістікке толы жыл болып саналды.Өйткені дәл осы жылы ұлттық жоба алғаш рет шетел аудиториясына жол тартты.Аталмыш жобаның демеушілері Ресейдің Боец телеарнасымен келісімге келіп,қазақ күресінің туурнирлері көрсетілетін болды.Осылайша Қазақстан Барысы жобасы жиырма елден аса аймақты қамтитын арнада ұлттық спортымыз көрсетілді.Бұл халықаралық келісімге арқау болған Еуразия Барысы додасының ұйымдастырылуы.
Сол жылдары Боец теле арнасының бас редакторы жобаның алғашқы эфирден-ақ көрермендердің қызығыушылығы жоғары болғанын тілге тиек етті.Жобаның ерекшелігі тек белдесуде емес ұлтық өнердің,театрландырылған көріністің және дыбыс пен жарықтың шоудың болуы бір сөзбен ұйымдастырушылық деңгей өте жоғары.
Тек ресейлік арналармен шектеліп қалмады бұл жоба. Қазақстан Барысы жобасын өз эфирлеріне қосқан тағы бір арна Түркияның ТРТ Аваз телеарнасы.Бұл көптеген арналарды бірітірген алып ТРТ холдингінің түркітілдес халықтарға арналған мәдени,тарихи арна.Түркі халықтарына ортақ мәдениет және тарих көрінісі болғандықтан қазақ күресін түрік ағайындар жақсы қабылдаған.Түрік арнасынан беріліп жүрген уақытта Түркияның атақты комментаторы Гөкхан Гүнәйдің өзі жүргізіп,барлығын егжей-тегжейлі түсіндіріп әдіс тәсілдің барлығы қазақ тілінде айтылып жүрді.
Жобаның қазақ телеэфирі жайында айтатын болсақ, Қазақстан Барысы жобасының бас ақпараттық демеушісі Қазақстан РТРК АҚ екі арнадан да тікелей эфирден көрсетіп келеді.Ең басында бір реттік жоба ретінде қарастырылған бұл жлба дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.2015-2016 жылдары жобаның рейтингі өте жоғары болды.Бір сәтте белдесулерді жеті-сегіз мың адам қарап отырған. Қазақстан Барысы қаралымы ең көп спорттық трансляция аталған еді.
Жоба барысында БАҚ қызметкерлері белсенді жұмыс жасайды.Жоба аясында елуге жуық журналистер қызмет етеді.Нәтижесінде бірнеше тілде жүздеген тіпті мыңдаған материалдар жарыққа шығады.
Жалпы елімізде қай спорт түрі болмасын үлкен жетістіктерді бағындыруда.Оның өзі үлкен қуаныш сыйлап патриоттық сезім тудырады.Спорт журналистикасының ең тартымды тұсы осы.Қуана жар салып хабарлаған журналистермен бірге өзің де қатты қуанып алатынымыз жасырын емес.Футзалдан ұлттық құраманың жетістігі,Генадий Головкиннің жетістігі,бокс және тағы басқа спорт түрлері делебеңді қоздырып жіберетіні анық.Сол спорттағы жарқын жеңістерге және сол жеңістерде журналистеріміздің эмоциясын саралап жазып шығуды жөн көрдік.
Ең алдымен,Футзалдан ұлттық құрамамыздың және ел намысын абыроймен арқалап жүрген,құрамында Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің түлектері өнер көрсететін Қайрат футзал клубының жарқын жеңістерін саралап шықсақ.Алысқа ұзамай 2021 жылы Қайрат футзал клубы Чемпиондар лигасында топтық кезең жолында Бенфика командасымен таласқа түскен еді сол кезде еліміздің атын бірнеше рет әлемдік додаларда жарқ еткізген командамыз бұл ойындада жеңіске жтеледі.Сол кездегі комментаторлардың сөздері бір бөлек эмоциясы бір бөлек болған еді.Ютуб әлеуметтік желісінде түрлі подкасттар жасап жүрген,экс-комментатор Нұрсұлтан Құрманның эмоциясы оның айқайлап сөйлегенінен ақ байқауға болатын еді.Енді ұлттық құрама ойындары туралы сөз қозғайтын болсақ,2022 жылы әлем чемпионатында футзалдан ұлттық құрамамыз топтық және плей-офф кезеңдерінде керемет өнер көрсетіп,бүкіл қазақ елі жанкүйерлік еткен болатын.Топтық кезең ойындарында финляндия ұлттық құрамасымен өте тартысты,эмоцияға толы ойын болды.Тарқатып айтатын болсақ,Сол ойында бас бапкер Кака ПЦР тесті теріс нәтиже беріп алғашқы ойында қызмет ете алмады,бапкерсіз де өтеміз деген ниетпен шыққан ойыншылар бірінші таймда құраманың басты ойыншысы саналатын Алберт Ақбалықовсыз ойнауға мәжб.р болды,Ақбалықов сол ойында қарсы құрамның қақпашысымен соқтығысып бейне қайталау қаралып қызыл қағаз алып кеткен еді.Сол ойында есепте жеңіліп келе жатып ойынның бітуіне аздаған секундтар қалғанда есепті теңестіріп ойынды аяқтаған еді.Жалпы қай спорт түрі болмасын төрешілердің барлығы басқа елге бүйрегі бұрып тұратыны жасырын емес.Плей-офф кезеңдерінде де дәл осы жағдайлар қайталанды жалған айып доптары,сары қағаздар,қызыл қағаздар... Ең басты футзалшыларымыз мінез көрсетіп жартылай финалға дейін өтті.Жартылай финал... Қуаныштан төбеміз көкке сәл ғана жетпей тұрғанда тағы да сол төрешілердің Украина құрамасына бүйрегі бұруы,қызыл қағаз спортшылардың сағын сындырды десек те болады.Өткен іске өкпе жоқ демекші бұл додада қуанатын сәттерде болды.Дәл сол чемпионттан кейін еліміздің спортшыларын бүкіл әлем танып,белді клубтар өздерінің қатарына қосуға талап қылды.Бұл ойындардада журналистеріміз аз тер төкпеді.Әр ойыншы туралы мағұлматтар,ойын тарихтары жайлы ақпараттар таратып,көрермендердің жүрегінен орын алды.
2020 Алматылық Қайрат футбол клубының жарқырап тұрған сәті еді.Ел намысын арқалап, Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама үшін таласқа Босния және Герцеговина елінің Широки Бриег командасына қарсы шешуші ойын өткен еді.Сол ойында ел үмітін арқалаған команда соңғы минуттарда өз қақпамызға пенальти сыйлап екі матчтың есебі бойынша тең есеп орнап тұрған еді.Бірақ қазақ деген қашанда намысқой халық емес пе?Ойынның негізгі уақыты аяқталып,қосымша 4 минут қосылып ойын қызып бастады.Сол кездері жасындай жарқылдаған Георгий Жуков сол қапталдан шабуыл бастап,айып алаңына допты асырған сәтте Рамазан Оразов шабуылды қорытындылап жанкүйерлерге үміт сыйлады.Сол кезде Рамазан Оразовтың жасы небәрі 17 жаста еді.Сол тартысқа толы ойында намысшыл қазақ жігіттері 4 минутта камбэк жасап,қазақтың қуаныштан төбесін көкке жеткізді.Бұл ойында комментаторлық тізгінде Амангелді Сейітханов ағамыз жүргізген еді.Сол кездегі Амангелді ағамыздың сөздерін тізбектеп берейік.
-Тұр,ештеңе қылмайды (Георгий Жуков сол қапталдан шабуыл бастаған кезде аяғы сүрініп кеткен еді сол кезде айтқан сөзі)
-Бітті.Широки Бриег үйіңе қайт (Исламбек Қуат ойындағы шешуші голды салған кездегі Амангелді ағамыздың эмоциясы)
Қостанайлық Тобыл командасы 2021 жылы УЕФА Лига Конференциясы еврокубок додасының екінші іріктеу кезінде Хорватияның азулы командаларының бірі Хайдук командасымен ойнаған еді.Ойын Қостанай қаласында өтті.Алғашқы кездесу Хорватия елінде өтіп,командамыз 2:0 есебімен есе жіберген болатын.Қарымта ойында ойыншылар өздерінің шеберліктерін,қазақы мінезді көрсетті.Ойынның есебін Қостанайлықтар бастап ашты алғашқы голды қарсылас қақпасына өзбек футболшы Игорь Сергеев соқты.Ойын барысында қақпамызға пенальти белгіленіп,Ұлттық құрамаың беделді қақпашысы Александр Мокин он бір метрлік айып добын тамаша алып шықты.Мокин ұлттық құрама сапында жүргенде Франция ұлттық құрамасынң шабуылшысы,аты әлемге әйгілі Килиан Мбаппенің тепкен айып добын сәтті қайтарған еді.
Бұл ойынды Қазақстан Футбол Федерациясының баспасөз хатшысы Ермұхамед Мәулен жүргізіп,ойынның көркін кіргізді.Өзінің әзіл аралас сөз тіркестерімен халықтың жүрегін жаулап алған комментатор бұл жолы да керемет алып шыға білді
Қостанайлықтар тірліктің барлығын қараңғыда бітіреді екен (Тобыл командасы Хайдук командасына үшінші голын соққан кездегі комментатордың айтқан сөзі)
Қостанайдың Тобылы қос-қостан қақпаға гол соқты;
Жау оғына төсін тосқан қорғаушылар
Тепсей дедім ғой саған Асхат естідің бе сен мені
Иә,бұл Ермаш ағамыздың әр ойында осылайша эмоциясын көрсетіп,денеміз тітіркенетіндей айқайлап керемет көңіл-күй сыйлай біледі.Қазақстандық комментаторларға бір кездері үлкен сын айтылып ж.ретін,қазір байқасақ сол сындардың азайғаны қуантады.Сол себептен қазір елімізде комментаторлар мектептері,арнайы сабақтар көптеп оқытылып жүр.Тіпті QazSport телеарнасы жас комментаторларға арнайы байқау ұйымдастырып жүр.Бұның өзі еліміз спорт журналистикасына баса назар аударып жүргеннің дәлелі.


Елімізде спорт бәсекелерін тікелей эфирде көрсететін арналар өте аз.Соларды тізбектеп,жағдайларымен танысып шықсақ
Хабар телеарнасының тарихы 1995 жылдан басталады.1995 жылы 23 қазанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып құрылды.Хабар телевизиялық арнасы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 20 сағат хабар таратады.Басымдылықты жаңалықтар қызметіне беріледі.Қазақстанның барлық облыстарында және ТМД-ның 5 елінде тілшілер бөлімі жұмыс жасайды.
Шамамен 9,5 миллион адам көретін арнада әлеуметтік,танымдық және мәдени бағдарламалар,спорттық бағдарламалар көрсетіледі.Спорттық бағдарламалар мен тікелей көрсетілімдер жүргізу деңгейі қазір қте төмен деңгейде.Себебі,телеарна олимпиада ойындарын .збей көрсеткенімен комментаторлық жұмыс деңгейі өте төмен.
Setanta Qazaqstan телеарнасы спорттық арнасы тек футбол ойындарын көрсететін арна. Setanta Sport шетелдік арнасының Қазақстандағы филлиалы.Арна англия премьер лигасын,италияның Серия А лигасын тағы да басқа футбол бәсекелерін көрсетеді.Арна ең үлкен футбол лигаларын көрсетіп қана қоймай,олар туралы түрлі бағдарламалар,ойынға шолулар күнделікті көгілдір экранға арқылы көрермендерге көрсетіліп отырады.Бұл арнаның комментаторлық жүмысы өте жоғарғы деңгейде. Setanta Qazaqstan арнасының комментаорлық құрамы жас мамандардан құралған.Елімізде шетел футболына қызығатын адамдар жетерлік.Англия премьер лигасының жанкүйерлері осы арнаны үзбей көріп отырады.Арнада АПЛ футболшылары,АПЛ-ға шолу бағдарламалары күн сайын көрсетіліп отырады.
Есей Жеңісұлы,Есбол Қарағұл,Ерлан Көшкінбаев,Әлімжан Асқар,Сергей Райлян сынды талантты спорт журналистері қызмет атқарады. Арнаның журналистік құрамы керемет жұмыс жасап,халық арасында беделі өте жоғары.Тіпті арна әлеуметтік желілерде өте белсенді.Инстаграм,ТикТок желілерінде видеоматериалдарды,ақпарттық фотолар,алда болатын матчтардың тізімін салып отырады.Арнадағы комментаторлар Есбол Қарағұл мен Әлімжан Асқар жұрт арасында кеңінен танымал болды.Өйткені екі журналист өздерінің матч жүргізулерін әлеуметтік желіде жариялап,тіпті өздеріне матчтарға шолуды жеке контент қылып алған.Бұның өзі де арна спорт журналистеріне көп көңіл бөлетінін,сол арқылы танымалдыққа ие болуды алға қойған.Есбол Қарағұл туралы әңгіме өрбітетін болсақ,Есболдың футбол ойындарын жүргізу стильі шетелдік комментаторлардан асып түспесе кем емес.Дауыс ырғағы,сөз саптауы жоғарғы деңгейде.Барлық футбол жаңалықтарын әлеуметтік желіде жариялап,қалың көрерменге көрсетіп,түсіндіріп жүр.Матчтарға шолудың бұл түрі адамдарға қысқа да нұсқа түсінуге үлкен мүмкіндік береді.

Экс-президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам атты мақаласында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен мәдениет және Ақпарат министрлігіне бірлесіп мамандандырылған спорт арнасын ашуды тапсырды.Қысқа мерзімде тиісті шаруалар атқарылып 2013 жылдың 1 шілдесі күні спорт кеңістігінде Қазспорт спорт телеарнасы һз жұмысын бастады.Арна еліміздің барлық аймақтарында қолжетімді болды. Қазспорт телеарнасында таралатын жалпы хабарлардың 70%-ы тікелей және түпнұсқа трансляциялардан тұрады.Олардың негізгісі елімізде кең етек жайған спорт түрлері мен халықаралық спорт бәсекелері.Теле көрсетілімдер қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.Жалпы хабардың 20 пайызын жаңалықтар мен бағдарламалар,10 пайызын деректі фильмдер құрайды.Мемлекеттің спорт телеарнасының ашылуы үш бірдей ірі бісекелермен тұспа-тұс келді: Tour De France велокөпкүндігі,Бүкіләлемдік жазғы универсиада,бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты.Осы спорттық додалар ҚазСпорт телеарнасынан тікелей эфирде қалың көрерменге көрсетілді.

Қазақстандық жанкүйерлер ұлттық құрамамыз бен еліміздің намысын қорғайтын командалардың ойынын тамашалай алады.Атап айтқанда:су спорты түрлері,дзюдо,бокс,ат спорты,таэквондо,жеңіл атлетика,грек-рим және еркін күрес,футбол,баскетбол,волейбол,хок кей,шаңғы спорт түрлерінен тікелей трансляция ұйымдастырылады.Телеарна тәулігіне 20 сағат қызмет көрсетеді.ҚазСпорт телеарнасының шығармашылық ұжымында өз ісінің білікті мамандары қызмет атқарады.Ермұхамед Мәулен,Ербол Қайыров,Әділет Құсайынов,Тимур Сүлейменов,Балжан Бейсенова,Индира Бектенова секілді спорт журналистері өз қызметтерін осы арнаның болашағы үшін еңбек етіп келеді.
Жоғарыда айтылған Ермұхамед Мәуленнің арнаға қосқан үлесі орасан зор.Ермаштың футбол жүргізу стильі Қазспорттың айнасы болды.Арна сол арқылы танымалдыққа ие болды.2007 жылдан бастап спорт журналистикасында жүр.Алматы ақшамы,Спорт айдыны,Түркістан секілді республикалық газеттерде спорт журналисі болып.2010 жылдан бастап Қазақстан Ұлттық арнасынығ комментаторы.2014 жылы Бразилияда өткен Әлем чемпионатын оқиға ортасынан тікелей эфирде жүргізген қазақтың тұңғыш комментаторы.Чемпиондар лигасының финалын дүркі дүркін жүргізіп,Әлем чемпионаттары мен Еуропа біріншілігінің матчтарында қызмет еткен.Әлем чемпионаты кезінде оның спортшылардың есімін қазақшаға айналдырып,әзіл араластыра отырып сөйлеуі елді риза етті.Сол уақыттарда Ерекеңді қалың қазақ танып бастап қазір ол жүргізбеген ойынды көрмейтін болған.Ел ішінде Ермұхамедтің сөздері күнделікті қолданысқа еніп кеткен десекте болады.Қазір Ермұхамед Мәулен Қазақстан Футбол Федерациясының баспасөз қызметшісі бола тұра,Қазспортта комментаторлық қызмет атқарады.Оған сұраныс көп.Тек Ермұхамед Мәулен ғана емес басқа да комментаторлардың өзіндік стилі,өзіндік сөз саптауы бар.

Қазақстандық телеарналардың спорттық додалардағы дайындығының орташа деңгейде екенін бірден түсінуге болады.Халықаралық додалар тек спортшыларымыздың емес журналистеріміздің сыналатын уақыты.Ел .мітін көгілдір экран арқылы арқалау өте қиын дүние.Байрақты бәсекелерде спорт журналистеріміз аянбай тер төксе елдігіміздің журналистика саласындағы ең мықты елдер қатарына қосылатыны анық.Спорт журналистикасы елімізде кең таралып келе жатқан мамандық түрі.Тек спорт журналистикасы ғана емес комментаторлық жұмыстармен шетел ареналарында ойып тұрып орын алатындай болу керек.Ең бастысы ана тілімізде сөз саптап,оны басқадарға дәріптеуді жолға қою керек.
2.1
Әлеуметтік желі журналистердің беделін көтеруде
Спорт батыстан келген қоғам ойындарының бірі.Біз білетін әлеуметтік желілердің көпшілігі (Facebook, Twitter немесе Linkedin және басқалар) 21 ғасырдың бірінші онжылдығының ортасында пайда болды және бірнеше жыл ішінде бұрын-соңды болмаған танымалдыққа ие болды. Бүгінгі таңда Қоғам белгілі бір тақырып бойынша өз пікірін айту, достық қарым-қатынасты сақтау, аудиовизуалды мазмұнды қарау, адамдармен танысу немесе тіпті жұмыс іздеу сияқты әлеуметтік желілермен тығыз байланысты. Осы себепті және біздің ойымызша, журналистика әлеуметтік желілерде болуы керек. Бұл қоғам қозғалатын жерлерді қадағалап, оның қалай әрекет ететінін және оны не мазалайтынын анықтауы керек.

Қазіргі таңда кез келген журналист әлеуметтік желіні жұмыс бабымен қолданады.Біздің зерттеуіміз бойынша, орта есеппен алғанда 96%.Facebook журналисттер арасында ең танымал әлеуметтік желі (Пайыз көрсеткіші 85%). Twitter (62%) и LinkedIn (51%) көптеген елдерде бірінші орында тұр. Журналисттердің 46%-ы ғана жұмыстарына әлеуметтік желі оң әсерін тигізіп жатыр дейді.
Әлеуметтік желіні пайдалану спорт жуиналисттеріне жаңа эволюциясының бір бөлігі. Небәрі екі онжылдықта цифрлық ақпарат құралдарының саны көбейіп, журналистік күн тәртібі түбегейлі өзгерді.

Әлеуметтік желі көптеген мүмкіндіктер береді: халық пікірі мен мәліметтер бірден қабылдануға; сауалнамалар мен байқауларды өткізуге; жаңалықтарды жылдам таратуға; аудиторияның пікірін біліп және Ньюсмейкерлермен байланыста болуға, сонымен қатап журналисттердің жеке брендін дамытады.Осылайша, спорттық журналистика қазіргі заманғы қоғамдардың бірлігін нығайтуға ықпал етеді; ол ақпараттық-ойын-сауық түрінде қоғамдық қызмет көрсететін және мәдени және эмоционалды тұрғыдан өзін толық анықтайтын қоғамдастыққа бағытталған.
Спорттық журналистикада ақпаратты ұсыну әдісіне келетін болсақ, журналистика жанрларын қолдануда "будандастыру басым болады, сондықтан олардағы ақпарат, пікір және түсіндіру арасындағы айырмашылық әдетте бұлыңғыр". Бізде басқа да ақпараттық жанрлар бар: спорт жаңалықтары, Тарих, техникалық деректер, рейтингтер мен графиктерді қамтитын хроника; репортаж және сұхбат.

Біздің зерттеуіміз бойынша әлеуметтік желі қолданушыларының 52% - ы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ РӨЛІ
Қазақ спорт журналистика мәселелері
Шындығында қазақ спорт журналистикасының тарихын тереңнен іздеген дұрыс
Қазақ спорты газеті туралы
СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Қазақ телевизиясындағы спорт тақырыбы
«қазақтың спорт комметаторлары»
Спорт комментаторы мен спорттық комментарий
Қазақтың спорт журналистикасының көш басында ұстазымыз
РЕПОРТАЖ - СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЖАНРЫ
Пәндер