Қызым саған айтам пьесасының өмірмен байланыстылығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қызым саған айтам пьесасының өмірмен байланыстылығы

Сәкен Жүнісовтің Қызым, саған айтам драмасы көрермендердің ыстық ықыласына бөленген және режиссерлік тәсілдердің шеберлікпен қолданған, құрылысында драматургияның ең қажетті белгілері бар пьесасы болып табылады. Мұнда драмалық әрекет хронологиялық ретпен жүріп, сахнаға көп адамды шығармай, улатып-шулатып қойганша, шағын топтың жүрегіне, сырына үңілу дағдысы дәстүрге ене бастады. Бұл пьеса еліміздің қалаларының театрларында қойылып, ғалым, әдебиетші, сыншы тарапынан өз бағасын алған болатын. Пьесаның негізгі қозғаған тақырыбы-адамгершілік, әдептілік, имандылық мәселесі. Драманың құрылысы ерекше, оқиғаларын шиеленiспен бере отырып, бiрде "Сот залынан", бiрде "Сахнадағы көрiнiс" деп алып, көрерменiн жақын тартып, баурап отырады. Бұл пьесаның алғашқы көрінісінде үш адам ғана болады. Бiрақ диалогқа құрылған ширыққан тартыс-әңгiме Мұрат пен Сәуле аралығында сыртынан қарағанда бiр ырғақпен баяу, ал iшкi жан дүниелерi сезiмге толы қалыпта өрбидi. Мұраттың соғыс кезіндегі бір бейкүнә кішкентай неміс қызының өмірін құтқарып қалғандығы жөнінде ерекше әкелік мейіріммен айтып отырған кездегі Сәуленің сөзге араласуы, барлық кейіпкерде бір жұмбақтың психологиялық жағдайдың бар екені сезіледі. Сәкен Жүнiсов бiр ғана отбасының күйреуін, бүкiл отбасыларға сабақ боларлықтай тiршiлiктiң тауқыметiн әр қырынан көрсетуге тырысқан. Драманың негізгі идеясы адамгершiлiк, қанағаттшылық екенін анық көрсеткен. Бұл пьесадағы басты оқиға екi негiзгi кейiпкер Мұрат пен Разияның бiр кездегi отбасылық тұрмысынан өткен шым-шытырман оқиғаларды еске түсiре отырып, жандандырып, өрбiтiп отырса, екiншiден, барша отбасыларға салмақты ой тастап, қорытып отырады.

Пьесада Разия мен Мұрат бір-бірін жақсы көріп қосылған. Мұрат өзінің еңбекқорлығының арқасында астанадағы ресторандар мен асханалар бастығы болып тағайындалады. Разия баршылықты көтере алмай, қылығы мен пиғылы жаман бола бастайды. Қымбат киім, ойын-сауық, сыйлықтар, қолпаштаулар Разияның адамгершіліктен аттап бара жатқандығын көрсетеді. Пьесаға өткiр тартыс, психологиялық сезiм, тұтастық дарытып тұрған Мұрат - Разия, Сәуле -Разия, Құмар-Разия, Разия - Шүйкетай араларындағы әрекет. Разия бейнесi - оқиғаның өн бойына күштi тартыс сыйлаған. Сәкен Жүнiсов Разияның табиғатына терең бойлап, бiлгiрлiкпен тоқталып, ерекше бiр тың серпiнмен, әр кейiпкерлерiнiң аралығындағы диалогын тыңнан өрбiтедi, әр түрлi пиғылдағы кейiпкерлерiнiң аузына сөз салып, образдарын ашып отырады.
Сәкен Жүнісов "Баяндау тәсiлi - драманың соры", - деген қағиданы басты нысанаға айналдырған және мағыналы драма диалогына айналдырған. Мұраттың өз еркімен өтiнiшi бойынша жұмыстан шығу сәтiнен бастау алады. Оқиға шиеленiсiп, драмалық тартыс күшейе түседi. Бұл отбасындағы кикілжіңдердің күшеюіне, Разияның Мұратты түсінбей керi тартпа мінезі себепшi болады.
Драматург С.Жүнiсов ұрпақ мәселесiн, қазақтың санын көбейтудi Разия мен Шарипа аралығындағы диалогтардан көрсетедi:
"Ш а р и п а: Кiшкентайларыңыз бар шығар?
Р а з и я: Жо-ға, ол не керек?
Ш а р и п а: Не керегi қалай? Ұрпақ қалай өспек?
Р а з и я: Сол, керегi жоқ. Ендiгi бала кiмге ұшпақ әпередi. Масылдықтан басқа... Шынын айтқанда, мен өзiмше өмiр сүргiм келедi". Осыдан басталған кикілжің үлкен ұрысқа айналып, аяғы өкінішке ұрындырып жатады.

Мұрат - нар тұлғалы, адал жiгiттiң өзi болатын. Сонымен қатар ол ғылымға көп көңіл бөлетін адам еді. Соғыстың алдында ғана бастап жатқан ғылыми жобасын бітіру үшiн аспирантурасына қайтып оралғысы келсе де, әйелi Разияның көңiлiн қимай, өз табиғатына еш қатысы жоқ директорлық, яғни қол қоюшылық "қызметiн" еріксіз жасап жүргені айтылады. Кешiкпей ғылымына қайта оралады, ал отбасындағы өмiрлерi күрт өзгерiп, құлдырап сала бередi.
Сәуле - психологиялық персонаж. Сәуле мен анасы Разия аралығындағы диалог - адамның жүрегiн шымырлатады. Анасы Разия өткен iске өкiнiштiң жоғын, құдай алдында Мұратты кiналамайтынын, бәрiне өзi себепшi болғанын қызы Сәуленiң құлағына қайта-қайта құюмен болады.

Құмар кейіпкер (Разияның көңілдесі) - социализм заманында совхоз малын өз қажетiне алып, шаруашылық басына келгенде шопандарды өз алдында құрдай жорғалатушы, өрекпе, өзi сияқты зоотехниктердi "малдың пайғамбарлары" есебiнде санайды. Драматург С. Жүнiсов Қ ұ м а р д ы ң бейнесін өресiнiң төмендiгi бар болмыс иесі ретінде айқын көрсете білді. Разияның жеңілтек мінезі, күйеуінің көзіне шөп салуы соңында өзінің жарымжан болып қалуы, көңілдесінің жынданып кетуі көрермен назарын баурап аларлықтай суреттеледі. Ойнақтаған от басар деген мәтелдің ақиқатына көз жеткізу автордың ойынан көрінеді. Сәкен Жүнісов адалдықты бірінші орынға қояды. Мұратты ешкiмге арқа сүйетпей, жалтақтатпай өз еңбегiмен жемiсiн көр ушi жан бейнесiнде сомдайды. Пьесадағы авторлық идеяның түйiнi де осы. Пьесада өткiр диалогтар, терең мағыналы монологтармен қатар, драма ырғағы, ұйқастар, мақал-мәтелдер, троптың түрлерi эпитет, ауыстыру, алмастыру, молынан кездесiп, сәттi қолданыс тапқан.
Пьеса соңында сауыққой Құмар мен Разия екеуi тауда демалып, қалаға жете алмай тұрған сәттерiнде, солдаттың машинасын тоқтатып, отырып, жолшыбай апатқа ұшырайды. Разия ойнақтап жүрiп от басып, тағдырдың тәлкегiне ұшырап, бейнеттi көп тартады. Кезектi ауыр пышақты (операцияны) көтере алмай, өмiрмен қоштасады.

Академик С.Қирабаев: "Адам тағдырын оның өткендерiн әңгiмелеу емес, психологиялық ой елегiнен өткiзу арқылы танытуда Сәкеннiң "Қызым, саған айтам ..." пьесасының да бiрсыпыра жаңалығы бар. Онда өмiрдi көркiмен бағындырмақ болған әйелдiң қасiретi көрiнедi",[3:10] - деп, пьесаның басты қаһармандарының бiрi - Разияның табиғатын дөп басады.
Профессор Р.Нұрғалиев С. Жүнiсовтiң "Қызым, саған айтам..." атты драмасы жайында: "Бiрде Разияның ойы, бiрде Мұраттың ойы арқылы берiлетiн сценаларда драмалық кернеу, iшкi тартыс бар. Әйелi Разияның қылт-сылтына кешiрiммен қараған Мұраттың терiсiнiң кеңдiгi алғашқы сценаларда көңiлге қонғанмен, дәл әйелiнiң басқа еркекпен кетiп қалғанында, өз үйiнде бөгдемен көңiл табудың үстiнен түскенiнде селт етпеуiн, оқыс әрекетке бармауын қабылдай алмаймыз.

Қызым, саған айтам пьесасының тәрбиелік мәні
Пьеса соңында Разияның үнi: "Қызым, саған айтам, ендiгi арым да, барым да сенсiң!, - деп Сәулеге, барша құрбы-замандастарына ұран тастағандай күй кешiредi. Ұлтыңды сақтаймын десең - қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтаймын десең - ұлыңды тәрбиеле осы бір нақыл сөзде қаншама мағана бар десеңші. Ия, ертеде ата-бабаларымыз әлемдегі сұлулықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы қазақ әдебиеті
Көркем өнер шығармашылығының 70-80 жылдардағы ерекшеліктері
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері
БАЛАЛАР ДРАМАТУРГИЯСЫНЫҢ БАСПАЛДАҚТАРЫ
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктері
С.ЖҮНІСОВТІҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІГІ
Жүнісов Сәкен Нұрмақұлы
Қызға қырық үйден тыю
Балалар бақшасындағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы
Қазақ драматургиясы
Пәндер