Python программалау тілін 6-сыныпта оқыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Физика-математика факультеті

Информатика кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Python программалау тілін 6-сыныпта оқыту

Орындаған:
6В01506 - Информатика, И - 31 студенті
Орынғали А.Ж.

Жетекшісі: п.ғ.к., доцент
Медешова А.Б.

Орал, 2022 ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. PYTHON ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ
1.1 Python программалау тілінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Python программалау тілінің мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .7
ІІ. PYTHON ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІН 6-СЫНЫПТА ОҚЫТУ
2.1 Python программалау тілінің 6-сыныпта қарастырылатын тақырыптары..9
2.2 Python программалау тілін 6-сыныпта оқытуға қысқа мерзімді жоспар құрастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың мақсаты: Бағдарламалау бойынша қазақ тіліндегі контентті кеңейту және Python бағдарламалау тілінің негізгі түсініктемелерімен оңай тілде таныстыру және қысқа мерзімді жоспарлар құру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Бағдарламаны меңгеру барысында ең негізгі принциптерімен таныстыру;
Енгізу мен шығару, айнымалылар, түсініктемелер, дерек типтері, операторлар, тармақталу, цикл, функциялар және т.б. бағдарламалаудың негізгі түсініктерімен таныстыру;
472 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспар құру.
Python бағдарламалау ортасы оқушыларға компьютерге тапсырмаларды орындау үшін маңызды нұсқаулық жиынтығын жасауға мүмкіндік беретіндігі болжам.
Зерттеу тәсілі: 6-сынып оқушыларының бағдарламалау ортасына деген қызығушылығы.
Зерттеу объектісі: Python - кез келген қазіргі заманғы компьютерлік операциялық жүйеде қолдануға болатын жалпы мақсаттағы бағдарламалау тілі.
Күтілетін нәтиже: Python - әртүрлі мақсаттарда қолданылатын, заманауи әрі кең таралған бағдарламалау тілі. Бұл тілді меңгеру барысында, сіз бағдарламалаудың ең негізгі принциптерімен танысасыз және компьютерлік ғылымдар әлемінде әрі қарай өз дамуыңызды жалғастыра аласыз.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Python бағдарламалау тілін үйренбес бұрын ағылшын тілін жақсы білу керек. Оны жүктеп, компьютерге орнату қажет. Python 3 тегін және оны орнату оңай. Windows, Mac, Linux, және Ubuntu операциялық жүйелерінде жұмыс жасайды.
Бағдарламалау тілі (орысша - язык прогроммирования; гр. Proramme - нұсқау, хабарлау) - хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы. Бағдарламалық тілдерде символдарды бірізділікпен өңдеуге қажет мәтіндер алдын ала жазылып қояды, мәтіндерді бұйрықты тапсырма деп қарауға болады. Семантикалық шарттары бойынша мәтіндер мынадай деңгейлерде сұрыпталады: дербес мағынасы жоқ әліпби таңбалары; шағын тіл бірліктерінің екі жақты атаулары; мағынасы - бұйрық түрінде емес атаулардың қосындысын білдіретін сөйлемшелер; белгілі әрекетті білдіретін (бұйрық мағынасында) синтаксистік құрылымдардан тұратын операторлар тағы басқа. Бағдарламалық тілдердің өзіне тән сипаты - символдық, сөздік, сөйлемдік, мәтіндік деңгейлердің ара жігі белгісіздігіне мәтіндерді жазып, ЭЕМ-де енгізуде ондағы жетімсіздік басқа символдармен толықтырылады. Бағдарламалау тілі - мәліметті (деректі, ақпаратты) және олардың алгоритмін (бағдарламасын) ЭЕМ-де өңдеуге арналған формальді (жасанды) тіл. Бағдарламалау тілінің негізін алгоритмдік тіл құрайды. Алғашқы бағдарламалау тілі ішкі машиналық тіл болып есептеледі. Қазіргі бағдарламалау тілі машиналық-бағдарланған, процедуралық-бағдарланған және проблемалық-бағдарланған тілдер болып ажыратылады. Машиналық-бағдарланған бағдарламалау тілі өзінің мәліметтерінің түрі мен алгоритмінің құрылуы бойынша белгілі бір ЭЕМ-нің (не ЭЕМ класының) құрылымын бейнелейді. Мұның үстіне оның бағдарламалау процесін жеңілдету және автоматтандыру сияқты ерекшеліктері бар. Ол машиналық тілге жақын тіл. Машиналық-бағдарланған бағдарламалау тіліне автокод, алмо, эпсилон, т.б. тілдер жатады.

І. PYTHON ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІ
1.1 Python бағдарламалау тілінің тарихы

Python - кез келген қазіргі заманғы компьютерлік операциялық жүйеде қолдануға болатын жалпы мақсаттағы бағдарламалау тілі. Ол мәтінді, сандарды, суреттерді, ғылыми деректерді және компьютерде үнемдеуге болатын кез келген нәрсені ғана өңдеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол күнделікті Google іздеу жүйесінің жұмысында, YouTube бейне, NASA және Нью-Йорк қор биржасында жұмыс істейді. Бұл Python бизнестің, үкіметтің және коммерциялық емес ұйымдардың жетістіктерінде маңызды роль атқаратын орындардың бірқатары ғана; басқа да көптеген бар.
Python - түсіндірілген тіл . Бұл бағдарлама іске қосылмай тұрып, орындалу уақытында компьютерге оқуға болатын кодты түрлендірмейді. Бұрын тілдің бұл түрі сценарийлік тіл деп аталды, оны қолдану маңызды емес тапсырмалар үшін болды. Алайда Python сияқты программалау тілдері осы номенклатурадағы өзгерісті мәжбүрледі. Үлкен қосымшалар тек қана Python-да ғана жазылады. Python бағдарламасын қолдануға болатын кейбір тәсілдер мыналарды қамтиды:
Веб-қосымшалар үшін CGI программалау
RSS оқу құралын жасау
MySQL-ге оқу және жазу
PostgreSQL-дан оқу және жазу
HTML күнтізбелерін жасау
Файлдармен жұмыс істеу
Алғашында Python тілі Ameoba операциялық жүйесімен әрекет етуге қабілетті ABC бағдарламаллау тілінің ұрпағы ретінде алынған. Кейінірек Python дамып,ең басты және маңызды бағдарламаллау тіліне айналды.Ең алғаш жаңарту Python 2.0 жаңа нұсқасы жарық көрді. Біл жаңа нұсқада көптеген функциялар мен жаңа алгоритмдер түрін көрсетті. Жаңартудан кейін Python тілінің қолданушылары арта түседі. Алайда бұл тілдің жаңарту бұнымен біткен жоқ. 2008 жылдың 3 желтоқсанында Python 3.0 жарық көреді.

Python-ның жаңартулары
Python 1.0 - қантар, 1994 жыл
Python 1.5 - 31-ші желтоқсан, 1997 жыл
Python 1.6 - 5-ші қыркүйек, 2000 жыл
Python 2.0 - 16-шы қазан, 2000 жыл
Python 2.1 - 17-ші сәуір, 2001 жыл
Python 2.2 - 21-ші желтоқсан, 2001 жыл
Python 2.3 - 29-шы шілде, 2003 жыл
Python 2.4 - 30-шы қараша, 2004 жыл
Python 2.5 - 19-шы қыркүйек, 2006 жыл
Python 2.6 - 1-ші қазан, 2008 жыл
Python 2.7 - 3-ші шілде, 2010 жыл
Python 3.0 - 3-ші желтоқсан, 2008 жыл
Python 3.1 - 27-ші шілде, 2009 жыл
Python 3.2 - 20-шы ақпан, 2011 жыл
Python 3.3 - 29-қыркүйек, 2012 жыл
Python 3.4 - 16-шы наурыз, 2014 жыл
Python 3.5 - 13-ші қыркүйек, 2015 жыл
Python 3.6 - 23-ші желтоқсан, 2016 жыл
Python 3.7 - 27-ші шілде, 2018 жыл

1.2 Python бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері

Python тілін бағдарламалауда қолданудың қажеттігін дәлелдейтін көптеген мүмкіндіктері бар. Олар келесілер:
xmlhtml файлдарымен жұмыс жасау;
http сұраныстар жасау;
GUI (графикалық интерфейс)
Веб-сценарийлер құру;
FTP-мен жұмыс жасау;
Кескіндермен, аудио және видеомен жұмыс жасау;
Робототехникада қолдану;
Математикалық және ғылыми есептеулерді бағдарламалау және т.б.
Соған орай python бағдарламасы көптеген міндеттерді шешеді: резервті көшіру болсын, электронды поштаны оқу болсын немес қандай да ойынды құру болсын. Python бағдарламалау тілі ештеңемен шектелмегендіктен оны үлкен жобаларды пайдалануға болады. Мысалы ретінде, python тілі IT-дің алыптары болып табылатын, Google және Yandex жобаларында кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, оның қарапайымдылығы мен әмбебаптығы бұл тілді ең үздік бағдарламалау тілдері қатарына қосады [15].
Тілін жүктеу және орнату. Python 3 бағдарламасын өз компьютеріңізге жүктеуді қарастырамыз. Ол тегін және еш тіркелусіз орындалады.
Windows жүйесіне Python тілін орнату
Алдымен оны ресми сайттан жүктеп алу керек. Басқа сайттардан көшіру қауіпті, яғни вирустық программалар болуы мүмкін. Программа тегін. Келесі сайттың адресіне кіру керек: https:python.orgdownloadswindow s, ішенен "latest python release" және python 3 таңдау керек.

Сурет 1. Бағдарламаны көшіруге арналған сайттың алғашқы бетінен үзінді

Таңдаған нұсқа бойынша сипаттамалары жазылған терезе пайда болады. Беттің соңына дейін көшіп, "download page" ашамыз.

Сурет 2. Жүктеуге болатын файлдар тізімі

Бұл жерден жүктеуге болатын файлдар тізімін байқауға болады. Сіздерге егер жүйе 32- биттік болса, онда Windows x86 MSI installer, егер жүйе 64-биттік болса, онда Windows x86-64 MSI installer файлын таңдау керек.

Сурет 3. Жүктеуге арналған файлдар тізімі

Python тілі жүктелгенше күтеміз. Жүктелген файлды ашу керек. Шығарушы қатарында Python Software Foundation жазуын көрсеңіздер, онда дұрыс таңдалды. Басқа жазу тұрса, ондай файлды ашпаған жөн [15].

Сурет 4. Хабарлама терезесі

Барлық қолданушыларға немесе тек бір қолданушыға орнатуды орындаймыз (өз қалауларыңызбен орнату керек).

Сурет 5. Орнату жағдайын таңдау терезесі

Орнатуға арналған буманы таңдау керек. Дискіден кез келген буманы таңдауға болады.

Сурет 6. Орнататын буманы таңдау терезесі

Компонентерін таңдауға болады. Егер таңдау білмеген жағдайда үнсіз келісім бойынша қалдыру керек.

Сурет 7. Компоненттерді таңдау терезесі

Python бағдарламасының орнатылғанын күту керек.
Finish батырмасын басқан соң бағдарлама орнатылды деп есептеу керек. Бұл нұсқада IDLE зірлеу ортасы ендірілген. Дәл қазір алғашқы бағдарлама жазуға болады.
Енді алғашқа бағдарламаны кез келген мәтіндік редакторда немесе IDLE әзірлеу ортасында жазуға болады.
IDLE әзірлеу ортасы. Алғашқы бағдарлама
Python бағдарламасын іске қосқан соң IDLE ортасын ашу керек (Python бағдарламалау тіліндегі әзірлеу ортасы).

Сурет 7.1. IDLE ортасын іске қосу терезесі

IDLE ортасы бастапқыда интерактивті режімде ашылады. Кейіннен программаны жазуды бастауға болады. Салт бойынша алғашқы программа "hello world" болады.
Python тілінде "hello world" сөз тіркесін жазу үшін тек бір ғана жолдың жазылуы жеткілікті:

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
print("Hello world!")
Сурет 8. Python тілінде жазылған код

Бұл кодты IDLE ортасына енгізіп Enter батырмасына шертеміз.Нәтиже келесә суретте бейнеленген:

Сурет 9. Интерактивті режім терезесі

Осымен интерактивті режіммен таныс болдық. Келесі кодтарды да жазып тексеріп көруге болады.
print(3 + 4)
print(3 * 5)
print(3 ** 2).
Негізінде интерактивті режім ең негізгісі болып табылмайды, сондықтан көбінде бағдарламалық кодтарды файлға жазып, файлды тексеруге жіберіп отырып жұмыс жаслады. IDLE интерактивті режімінде жаңа файл құру үшін File -- New File (немесе Ctrl + N пернелер комбинациясын басу керек) [16].

Сурет 10. Жаңа файл құру терезесі

Ашылған терезеде келесі 15-суреттегі код теріледі:

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
name = input("Атыңыз кім? ")
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
print("Сәлем,", name)
Сурет 11. Алғашқы бағдарлама коды

Бірінші жол енгізуді талап етеді, яғни пернетақтадан жазған мәліметті енгізіп, Enter пернесін шерткенде енгізілген мәліметті name айнымалысына сақтайды.
Келесі жолда print функциясы қолданылады. Ол экранға Сәлем сөзінен кейін "name" айнымалысында сақталған сөзді шығарады.
Функционалды пернелерден F5 (немесе мәзірден IDLE Run -- Run Module командасын таңдап) басу және шыққан нәтиженің дұрыстығын тексеру керек.
Келесі суретте бейнеленген скриншотта оң бағанында нәтиже, сол жақ бағанында жазған бағдарлама көрсетіледі.

Сурет 12. Бағдарламаның нәтижесін шығару терезесі

Сонымен қарапайым бағдарламаның құрылуы іске асырылды. Енді тілдің синтаксисін қарастыруға болады.
Python тілінің синтаксисі. Негізгі ережелері:
Жолдың соңы интрукцияның соңы болып табылады (нүктелі үтір қажет емес);
Ендірілген инструкциялар шегіністер өлшемі (көлемі) бойынша блоктарға біріктіріледі. Шегініс кезкелген болуы мүмкін, бастысы бір ендірілген блокқа бірдей шегініс өлшемі қолданылса болғаны. Кодтың оқылымы туралы да ұмытпау керек. 1 бос орын шегініс - ол ешқандай шешім болып табылмайды. Тым болмағанда 4 бос орын шегініс немесе табуляция белгісін қолданған дұрыс болады.
Python тілінде әр инструкциялар бір шаблонға сәйкес жазылады, негізгі инструкция қос нүктемен аяқталған соң, оның соңынан инструкцияның ендірілген блогы шегініс арқылы орналасады. Келесі суретте жазылуы бейнеленген:

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Негізгі инструкция:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Инструкцияның ендірілген блогы
Сурет 13. Инструкцияның жазылуының бейнесі

Бірнеше арнайы жағдайлар бар. Олар:
Кейбір жағдайда бірнеше инструкцияны бір жолға нүктелі үтір арқылы жазуға болады:

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
a = 1; b = 2; print(a, b)
Сурет 14. Бірнеше инструкцияны бір жолға жазу

Бұндайды көп қолдануға болмайды, әрқашан да оқылым туралы есте сақтау керек.
Бір инструкцияны бірнеше жолға да бөліп жазуға болады. Ол үшін бірнеше доғал, квардатты немесе жүйелі жақшаны қолдану керек.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
if (a == 1 and b == 2 and
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
c == 3 and d == 4): # Қос нүктені ұмытпауымыз қажет
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
print('spam' * 3)
Сурет 15. Бір инструкцияны бірнеше жолға бөліп жазу коды

Құрамдас инструкцияның денесі сол негізгі дененің жазылған жолына орналасуы мүмкін, егер негізгі инструкцияның денесі құрамдас денені қамтымаса. Мысалы:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
if x y: print(x)
Сурет 16. Құрамдас және негізгі инструкцияның денесінің бір жолға жазылуы

Бағдарламалау тілінің толық синтаксисін түсіну үшін көптеген мысалдарды қарастыру керек. Бірнеше есептердің шығарылуын қарастырып барып түсінуге болады.
Python тіліндегі жолдар
Жолдар. Жолдағы бос орындарды немесе бірнеше бос орындарды * таңбасымен алмастыруды қарастырайық.
Бұндай есепті шығару үшін бірінші алгоритмін құрып алу керек. Егер жолда бірнеше бос орын кездессе оны бір * таңбасымен алмастырып, ал жолдың басы мен соңындағы бос орындарды ою керек.
Python тіліндегі сандар.
1. Python тіліндегі сандар.
Python тілінде сандар келесі түрлері бар: бүтін, нақты, комплексті. Бүтін сандар (int). Python тіліндегі сандардың қарапайым сандардан еш айырмашылығы жоқ. Олар қарапайым математикалық операцияларды қолдайды және 1-кестеде көрсетілген.

Кесте 1. Математикалық операциялар
x + y
Қосу
x - y
Айырма
x * y
Көбейту
x y
Бөлу
x y
Бөлгендегі бүтін бөлік
x % y
Бөлгендегі қалдық
-x
Санның белгісін ауыстыру
abs(x)
Сан модулі
divmod(x, y)
(x y, x % y) жұп
x ** y
Дәрежеге шығару
pow(x, y[, z])
x[y] модулі бойынша (егер модулі берілсе)

Тізім дегеніміз не? Python-дағы тізім - ерікті түрдегі нысандардың (объектілердің) реттелген өзгертілетін топтамасы (массив сияқты, бірақ типтері әр басқа болуы мүмкін). Тізімдерді қолдану үшін оларды құрып алу керек. Тізімді бірнеше жолмен құруға болады. Мысалы, кез келген қайталанатын нысанды өңдеуге болады (мысалы, жолды list ендірілген функциясымен):
list('тізім')
['с', 'п', 'и', 'с', 'о', 'к']
Тізімді литералдардың да көмегімен құруға болады:
s = [] # Бос список
l = ['s', 'p', ['isok'], 2]
s
[]
l
['s', 'p', ['isok'], 2]
Мысалда көрсетілгендей, тізім кез-келген нысанның (кірістірілген тізімдерді қоса алғанда) кез келген санын қамтуы немесе ештеңені қамтымауы да мүмкін.
Тізімді құрудың тағы бір жолы - тізімдер генераторы. тізімдер генераторы - тізбектегі элементтің әрқайсысына өрнекті қолдана отырып жаңа тізімді құру тәсілі. Тізімдер генераторы for цикліне өте ұқсайды.
c = [c * 3 for c in 'list']
c
['lll', 'iii', 'sss', 'ttt']
Бірақ күрделі жағдайларда тізімдерді жасау үшін әдеттегі for циклы қолданған жөн.
Тізімдердің функциялары мен әдістері. Тізімді құрып алған соң олармен жұмыс істеуге болады. Тізімдер үшін негізгі ендірілген функциялар мен әдістер бар.

Кесте 2. Тізімдер әдістері
Әдіс
Атқаратын қызметі
list.append(x)
Тізімнің соңына элемент қосады
list.extend(L)
L тізімінің барлық элементтерін соңына қосып list тізімін кеңейтеді
list.insert(i, x)
i-нші элементке x мәнін қояды
list.remove(x)
Х мәні бар тізімдегі бірінші элементті жояды. Егер ондай элемент жоқ болса ValueError деп шығады
list.pop([i])
i-ый элементті жояды және оны қайтарады. Егер индекс көрсетілмесе, соңғы элементті жояды
list.index(x, [start [, end]])
x мәні бар бірінші элементтің жағдайын қайтарады (бұнда іздеу start-тан end-қа дейін жүргізіледі)
list.count(x)
X мәні бар элементтердің санын қайтарады.
list.sort([key=функция])
Функциялар негізінде тізімді сұрыптайды
list.reverse()
Тізімді кеңейтеді (ашып жазады)
list.copy()
Тізімнің үстіңгі көшірмесі
list.clear()
Тізімді тазартады

Кейбір кезде өнімділікті арттыру үшін тізімдерді әлдеқайда икемді массивтермен алмастырады (бұндай жағдайда әдетте ендірілген кітапханаларды қолданады. Мысалы NumPy).
Кортеждер (tuple). Келесі деректер типі кортеждер (tuple) деп аталады. Олар негізінен өзгертілмейтін тізімдер болып табылады.
Олар не үшін қажет?
Қорғау үшін. Кортеж әдейі және кездейсоқ өзгертулерден қорғалған.
Өлшемі аз. Негізі болмас үшін:
a = (1, 2, 3, 4, 5, 6)
b = [1, 2, 3, 4, 5, 6]
a.__sizeof__()
36
b.__sizeof__()
44
Функциялар және файлдармен жұмыс.
Функциялар және файлдармен жұмыс.
Бұнда атаулы мен анонимді функциялар және def, return және lambda интрукциялары қарастырылады. Сонымен қатар, функцияның міндетті және міндетті емес аргументтері, еркін санды аргументтері бар функциялар қарастырылады.
Атаулы функциялар, def инструкциясы. Python тіліндегі функция аргументтер қабылдайтын және мәнді қайтаратын нысан болып табылады. Әдетте функция def инструкциясы көмегімен анықталады.
Қарапайым функцияны анықтайық:
def add(x, y):
return x + y
return Инструкция мәнді қайтаруды талап етеді. Ал аталған жағдайда функция x пен y қосындысын қайтарады. Енді оны шақыруға болады
add(1, 10)
11
add('abc', 'def')
'abcdef'
Функция кез-келген күрделілікте болуы және барлық нысандарды (тізімдер, кортеждерді және тіпті функцияларды) қайтаруы мүмкін:
def newfunc(n):
... def myfunc(x):
... return x + n
... return myfunc
new = newfunc(100) # new - бұл функция
new(200)
300
Функция return инструкциясымен аяқталмауы да мүмкін, бірақ соның өзінде функция None мәнін қайтарады:
def func():
... pass
print(func())
None
Функция аргументтері. Функция кез келген сандағы аргументтерді қабылдауы мүмкін немесе мүлдем қабылдамауы да мүмкін. Сондай-ақ, аргументтер саны кез келген, позициялық және атаулы аргументтері бар функциялар, міндетті және міндетті емес функциялар кең таралған.
Файлдар. Файлдармен жұмыс. Төменде python тілінің файлдармен әрекет жасауға арналған ендірілген құралдары қарастырылады: ашу жабу, оқу және жазу.
Файлмен жұмыс жасау үшін алдымен оны ашып алу керек. Ол үшін open ендірілген функциясы қолданылады:
f = open('text.txt', 'r')

Кесте 3. Файлды ашу режімдері
Режім
Белгіленуі
'r'
Оқу үшін ашу (әдепкі мән болып табылады)
'w'
Жазу үшін ашу, файлдың ішіндегі мәні жойылады, файл жоқ болса, онда жаңадан құрылады
'x'
Жазу үшін ашу, егер файл жоқ болса, онда ерекше жағдай деп саналады
'a'
қосымша жазу үшін ашу, ақпарат файлдың соңына қосылады
'b'
Екілік режимде ашу
't'
мәтіндік режимде ашу (әдепкі мән болып табылады)
'+'
оқу және жазу үшін ашу

Режимдер біріктірілген болуы мүмкін, яғни, мысалы, 'rb' - екілік режімде оқу. Әдепкі жағдайда мәні 'rt' болады.
Соңғы аргумент encoding, ол тек мәтіндік режімде файлды оқу кезінде қажет. Бұл аргумент кодтауды анықтайды.
Файлдан оқу. Файлды ашқан соң одан ақпаратты оқуымыз керек. Ол үшін оның бірнеше тәсілі бар, бірақ соның ішінде екеуі ғана қажет болады.
Файлға жазу. Файлға келесі тізімді жазуды орындап көрейік:
l = [str(i)+str(i-1) for i in range(20)]
l
['0-1', '10', '21', '32', '43', '54', '65', '76', '87', '98', '109', '1110', '1211', '1312', '1413', '1514', '1615', '1716', '1817', '1918']
Файлды жазу үшін ашу:
f = open('text.txt', 'w')
Файлға жазу write әдісі арқылы жүзеге асырылады. Ол келесі 26-суретте көрсетілген.
IDE-ні орнату
Интеграцияланған өңдеу ортасы (ағылш. Integrated Development Environment) - бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу үшін бағдарламашылар пайдаланатын бағдарламалық құралдар жүйесі. Бұл бағдарлама арқылы сіз бағдарламалаумен ыңғайлы түрде айналысып, жаңа мүмкіндіктерге ие боласыз. Python тіліне арналған көптеген сапалы IDE-лер бар.IDE қолданыста ыңғайлы әрі тиімді болып табылады. Python-ды орнату үшін, www.python.org нұсқауына өтіп "Cкачать" батырмасын шертіңіз. Сонда программа автоматты түрде жүктеледі.

Сурет 17. Python бағдарламалау тілін орнату

ІІ Python программалау тілін 6-сыныпта оқыту
2.1 Python программалау тілінің 6-сыныпта қарастырылатын тақырыптары

6 - сыныптың Информатика пәнінде Python тілінде программалау бөлімі ІІІ тоқсанда оқытылады және келесідей он сағатты тоғыз тақырыпты құрайды:
IDE - мен танысу;
Тіл әліпбиі.Синтаксис;
Мәліметтер типтері;
Мәліметтер типтерін жіктеу;
Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері;
Мәліметтерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру;
Мәліметтерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру практикум;
Сызықтық алгоритмдерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру;
Сызықтық алгоритмдерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру практикум.
1.IDE - мен танысу;
Осы бөлімде Python программалау тілімен танысасыңдар. Соның ішінде Python программалау тілінің соңғы нұсқасы Python 3.8 тілімен жұмыс жасайсыңдар. Python қазіргі заманға лайықты, жоғары дәрежедегі программалау тіліне жатады. Python тілін 1991 жылы нидерландық программист Гвидован Россум ойлап тапқан. Ол қазіргі кезде ең көп таралған программалау тілі болып саналады, бұл тіл қазір көптеген салаларда, соның ішінде веб-сайттар жасауда және жасанды интеллект проблемаларын шешуде қолданылады.Рython программалау тілін https:python.ru.uptodown.comwind owsdownload сілтемесі арқылы тегін әрі оңай жүктеп алуға болады. Python 3.8 тілін қолдана отырып, программалаумен танысу үшін алгоритм ұғымын еске түсіріп кетейік.
Алгоритм - алға қойған мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті ше-шу үшін түсінікті де нақты ережелер бойынша орындаушыға жинақы түрде берілген реттелген нұсқаулар тізбегі.
Орындаушы дегеніміз - белгілі бір командаларды түсінетін және орындай алатын адам, жануар немесе машина. Кез келген алгоритмді үш негізгі құрылымды қолдана отырып құруға болады:
1. Сызықтық алгоритм (командаларды тізбектей орындау);
2.Тармақталған алгоритм (екі опцияның біреуін таңдау);
3. Циклдік алгоритм (бірдей әрекеттерді қайталау). Алгоритмдер табиғи тілде (мысалы, қазақ тілінде), блоксызба түрінде немесе программалау тілінде жазылуы мүмкін.
Python 3.8 программасын жүктегеннен және орнатқаннан кейін, IDLE (кіріктірілген орта ) ашыңдар (32-сурет).

Программа - құрудың - кіріктірілген - ортасы ағылш. integrated development environment, IDE - программалаушыға программалық жасақтаманы дамы- туға жағдай жасайтын қосымша
Программа - құрудың - кіріктірілген - ортасы - жəне - Python тілінде оқыту
ағылш. Integrated Development and Learning Environment, IDLE - программалаушыға программалық жасақтама құруға көмек беретін программалық қосымша.

Python 3.8 программалау тілінің жұмыс ортасы ашылғаннан кейін программаны жазу үшін жаңа бет ашу керек. Программада жаңа терезе ашу үшін IDLE ашып, мәзірден File ⇒ New File таңдау керек.
Бос терезе тақырыбы Untitled сөзі мен ашылады. Жаңа терезеде мына кодты енгізіңдер:
print ('Наурыз - жыл басы!')
Енді мәзірден File ⇒ Save таңдаңдар. Ашылған терезеде сұранысқа жауап ретінде программа.py деп теріп, файлды жұмыс үстеліне немесе құжаттар бумасына сақтаңдар. Python-да құрылған программа кеңейтілімі.ру. IDLE (Python 3.8) программасын іске қоспас бұрын файлды сақтау үшін F5 пернесін басуғада болады. Енді Run ⇒ Run Module командасын таңдаңдар. Сақталған программа нәтижесі 34-суреттегідей көрінуі керек:

Экранда нәжені көрсету үшін программалық жасақтама кіріктірілген print функциясын қолданады, яғни print - экранға нәтиже шығару үшін қолданылатын функция. Сендер Python программалау тіліндегі алғашқы программаларыңды жаздыңдар. Осы программаны сақтап, іске қосқаннан кейін Жұмыс үстелінде немесе Құжаттар бумасында программа.py деп аталатын жаңа белгі пайда болды. Егер оны тінтуірмен екі рет шертсеңдер, экранда қара терезе пайда болып, бірден өшіп қалады. Не себепті бұлай болады? Бұл - Python консольдік терезесі (командалыққа бық тәрізді), онда программа басталып, Наурыз - жыл басы! сөздерін басып шығарады және солай жабылады.
Сандармен жұмыс жасайтын мысал келтірейік: :: 5+8*2 өрнегін Python тілінде есептеңдер (35-сyрет).

Жолдар арасындағы бос орын автоматты түрде қойылады. Бос орын қажет болмаған жағдайда, print функциясын шақырған кезде, бос жолға тең sep=″″ (ағылш. separator - бөлгіш) деп аталатын аргументті қосу керек. Мысалы: print(″8″, ″х″, ″9″, ″=″, ″72″, sep=″″) командасы жолдағы барлық символды бос орынсыз жазады (36-сурет)

Егер print функциясын бірнеше рет шақырып, мәліметті жаңа жолға көшірмей, нәтижесі бір жолда жазылуын қаласаңдар, бос жолға тең end=″″ аргументін (ағылш. соңы) әр сөз соңынаа қоюға болады.
2.Тіл әліпбиі.Синтаксис;
Python тілінің əліп - биі
:: Латын әліпбиінің бас әріптері (A, B, C...X, Y, Z); :: Латын әліпбиінің кіші әріптері (а, b, с...х, у, z); :: Сандар (0,1,2,3,4,5,6,7,8,9); :: Арнайы белгілер ({} [] , . () - + * \ % ... т.б.).
Тіл əліпбиі - программаның элементтерін құруда қолданылатын символдар жиынтығы.
Python әліпбиінің синтаксисі: :: Жолдың соңына нүктелі үтір қойылмайды; :: Операторлық жақшалар қойылмайды, оның орнына бос орын (пробел), табуляция символы, жаңа жолға көшу таңбасы және қос нүкте қолданылады.
Программалау - тілінің - синтаксисі-программа жазу барысында сақталуға тиісті тіл ережелерінің жиынтығы.
Программаға төмендегідей жол жазып көріңдер: # бос программа #(тор) символы программаға түсініктеме (комментарий) беру үшін қолданылады, бірақ транслятор оны аудармайды.
Транслятор - - һағылш. translator - аудармашыберілген про граммалау тіліндегі программалау кодын машиналық кодқа түрлендіретін арнайы программа.
Жазылған программаны іске қосқанда ештеңе өзгермейді. Себебі #символы жай түсініктеме мәтін деп қабылданады, транслятор оны аудармайды.
Айнымалылар - программаның орындалуы барысында әртүрлі мәндерді қабылдай алатын шамалар. Айнымалылар программадағы ақпараттың орналасу орнын анықтау үшін қолданылады.
Айнымалының атаулары тек әріптерден, сандардан және астыңғы сызықтардан тұрады. Айнымалы атауында сан бола алады, бірақ саннан басталмайды.
Айнымалының мәндері сандар, әріптер, сөздер, символдар және т.б. объектілер бола алады. Айнымалыны құру үшін, ең алдымен оның атын жазу керек. Одан кейін теңдік белгісін қойып, айнымалыға мән беру қажет. Мысалы: 1) a=7, мұндағы а - айнымалының аты, 7 - айнымалының мәні; 2)my4_python = 'Hello, Python!', мұндағы my4_python - айнымалының аты, 'Hello, Python!' - айнымалының мәні. Енді есептеулерді орындайтын қарапайым программаларды жазуды үйренесіңдер. Программадағы командалар бірінен кейін бірі орындалады. Ондай программалар немесе алгоритмдер сызықтық деп аталады. Кез келген екі санның қосындысын есептейтін программа құрып көріңдер. Ол үшін программаны түсініп алу керек. а, b - айнымалылар.
Кез келген екі сан мысалы 5+4, 8+9, 20+8, 1+2 т.б. болуы мүмкін. Екі таңбалы немесе одан көп таңбалы сандарды мысал ретінде ал сандар да болады. int () - функциясының мәні бүтін санға түрлендіреді. іnput () - пернетақтадан деректерді енгізу үшін кірістірілген функция. рrint () - мәліметті экранға шығару үшін кірістірілген функция.
3.Мәліметтер типтері;
Мәліметтер типтері - қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтау, яғни тип дегеніміз - шамалардың қабылдайтын мәндері не берілетін сипаттама. Python тіліндегі мәліметтер типінің бірнеше түрі бар. Солардың ішіндегі негізгі кіріктірілген тип түрлері:

4.Мәліметтер типтерін жіктеу;
Кор - теж - (tuple). Кортеж - тізімдерге ұқсас мәліметтер типінің біртүрі. Кортеж кәдімгі жақша ішінде үтірлер мен бөлінген мәндер қатарынантұрады. Тізімдермен кортеждердің арасындағы басты айырмашылық - кортеж элементтерін өзгерту мүмкін еместігі. Кортеждерді тек оқуға арналған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭЛЕКТРОНДЫ КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ
Аралас оқыту технологиясы әдістеріне шолу
IT БАҒЫТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Java кең таралған программалау тілі
Программалау тілдерімен танысу
Python тілі жайында
ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Пайдаланушы интерфейсі компоненттері
Жасанды интеллект желілерін салыстыру
Ақпарат қарастырылған жүйе күйі
Пәндер