М. Әуезовтың Абай жолы романының түстік лексикасын қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару тәсілдері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
«ТҰРАН-АСТАНА»УНИВЕРСИТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

ШнайдерВ. И.

хаттама №

«» 2022 ж.

«М. Әуезовтың «Абай жолы» романының түстік лексикасын қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару тәсілдері » 6B02301-Аударма ісі бойынша ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Орындады: 6B02301-Аударма ісі мамандығы бойынша оқитын IV курс студенті:

Шәкенова Г. Е., студенттің қолы

Ғылыми жетекшісі

Айкенова Р. А ., ф. ғ. д,

профессор

жетекшісінің қолтаңбасы

Нұр-Сұлтан - 2022

Бекітілді:

Кафеда отырсында

Кафедра меңгерушісі

Шнайдер В. А.

хаттама №

«» 2022 ж.

«М. Әуезовтың «Абай жолы» романының түстік лексикасын қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару тәсілдері » 6B02301- Аударма ісі мамандығы бойынша оқитын IV курс студентінің

КАЛЕНДАРЛЫҚ ЖОСПАРЫ

Жұмыс жоспары
Орындау мерзімі
Процентовка
№: 1
Жұмыс жоспары: Жоспарды құру
Орындау мерзімі: 02. 12. 2021
Процентовка: 5%
№: 2
Жұмыс жоспары: «Кіріспені», 1. 2 тараушаны жазу
Орындау мерзімі: 26. 12. 2021
Процентовка: 20%
№: 3
Жұмыс жоспары: 1. 2 тараушаны жазу
Орындау мерзімі: 7. 03. 2022
Процентовка: 15%
№: 4
Жұмыс жоспары: 2. 1 тараушаны жазу
Орындау мерзімі: 15. 03. 2022
Процентовка: 20%
№: 5
Жұмыс жоспары: 2. 2 тараушаны жазу
Орындау мерзімі: 16. 05. 2022
Процентовка: 20%
№: 6
Жұмыс жоспары: «Қорытындыны» жазу
Орындау мерзімі: 18. 05. 2022
Процентовка: 10%
№: 7
Жұмыс жоспары: Әдебиеттерді дайындау, реттеу
Орындау мерзімі: 19. 05. 2022
Процентовка: 10%

Айкенова Р. А.

Жетекшін ің қолы

Шәкенова Г. Е

Студенттің қолы

«М. Әуезовтың «Абай жолы» романының түстік лексикасын қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару тәсілдері » атты дипломдық жобаны орындаған 6B02301- Аударма ісі мамандығы бойынша оқитын IV курс студентінің

МОНИТОРИНГ ЖОСПАРЫ

Жұмыстың кезеңдері
Мерзімі
Процентовка
Оқытушылар-дың қолтаңбасы
Студенттің қолтаңбасы
№: 1
Жұмыстың кезеңдері:

Бірінші деңгей:

Жоспарды құру

Мерзімі: 02. 12. 2021
Процентовка: 5%
Оқытушылар-дың қолтаңбасы:
Студенттің қолтаңбасы:
№: 2
Жұмыстың кезеңдері:

Екінші деңгей

«Кіріспені», 1. 1 тараушаны жазу

Мерзімі: 26. 12. 2021
Процентовка: 20%
Оқытушылар-дың қолтаңбасы:
Студенттің қолтаңбасы:
№: 3
Жұмыстың кезеңдері:

Үшінші деңгей:

1. 2 тараушаны жазу

Мерзімі: 7. 03. 2022
Процентовка: 15%
Оқытушылар-дың қолтаңбасы:
Студенттің қолтаңбасы:
№: 4
Жұмыстың кезеңдері:

Төртінші деңгей

2. 1 тараушаны жазу

Мерзімі: 15. 03. 2022
Процентовка: 20%
Оқытушылар-дың қолтаңбасы:
Студенттің қолтаңбасы:
№: 5
Жұмыстың кезеңдері: Бесінші деңгей: 2. 2 тараушаны жазу
Мерзімі: 16. 05. 2022
Процентовка: 20%
Оқытушылар-дың қолтаңбасы:
Студенттің қолтаңбасы:
№: 6
Жұмыстың кезеңдері: Алтыншы деңгей:Қорытындыны жазу
Мерзімі: 18. 05. 2022
Процентовка: 10%
Оқытушылар-дың қолтаңбасы:
Студенттің қолтаңбасы:
№: 7
Жұмыстың кезеңдері: Жетінші деңгей: «Әдебиеттерді» дайындау
Мерзімі: 19. 05. 2022
Процентовка: 10%
Оқытушылар-дың қолтаңбасы:
Студенттің қолтаңбасы:

Кафедра меңгерушісі Шнайдер В. А

Мазмұны

КІРІСПЕ

  1. Түстік лексика дегеніміз не? . . . 9Түстік лексиканы көркем әдебиетте қолдану . . . 14Ағылшын және қазақ тілдеріндегі түске байланысты сөздердің семантикалық құрылымы . . . 17
  2. Абай жолына шолу. . . 18М. Әуезовтың «Абай жолы» романының түстік лексикасын қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару тәсілдері . . . 20Абай жолын ағылшын тіліне аудару жолдары . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

ӘДЕБИЕТТЕР30

АҢДАТПА

«Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтің қазақтың атақты ақыны Абай Құнанбаевтың өмірін суреттейтін роман-эпопеясы. Қазақ тілінде жазылған тұңғыш дастан. «Абай жолы» Қазақстанда және одан тыс жерлерде кеңінен танымал. Роман-эпопея төрт кітаптан тұрады. Дүние жүзінде «Абай жолы» роман-эпопеясы кеңінен аударылуда. Жазушы Мұхтар Әуезовтың өзінің көзі тірісінде роман-эпопея 25 елдің тіліне аударылған. Ең алғаш рет ағылшын тілінде 1953 жылы аударылған. Абай жолын ағылшан тіліне аударуға көршілес Ресей тілі арқылы аударылды. Дипломдық жобада, ағылшын тіліне аудару процессінде түстік лексиканы қалай қолданылғанын зерттейміз. Абай жолын бүкіл әлемге таныту, аударыста колортивті лексиканы дұрысынан қолдану.

АННОТАЦИЯ

«Путь Абая» - роман-эпопея Мухтара Ауэзова, описывающий жизнь известного казахского поэта Абая Кунанбаева. Первый эпос, написанный на казахском языке. «Путь Абая» широко известен в Казахстане и за рубежом. Роман-эпопея состоит из четырех книг. Роман-эпопея «Путь Абая» широко переводится во всем мире, при жизни писателя Мухтара Ауэзова роман-эпопея был переведен на 25 языков. Впервые он был переведен на английский язык в 1953 году. Путь Абая был переведен на английский через соседний русский язык. В дипломном проекте мы изучим, как используется цветовая лексика в процессе перевода на английский язык. Показать всему миру путь Абая, использовать в переводе правильную цветовую лексику.

SUMMARY

"The Way of Abay" is a novel-epic by Mukhtar Auezov, describing the life of the famous Kazakh poet Abay Kunanbayev. The first epic written in the Kazakh language. "Abay's way" is widely known in Kazakhstan and abroad. The epic novel consists of four books. The epic novel "The Way of Abai" is widely translated around the world. During the lifetime of the writer Mukhtar Auezov, the epic novel was translated into 25 languages. It was first translated into English in 1953. Abay's way was translated into English through neighboring Russian. In the diploma project, we will study how color vocabulary is used in the process of translation into English. To show Abai's way to the whole world, to use the correct color vocabulary in translation.

КІРІСПЕ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: Түстік лексика әрбір елдің мәдениетінде алуан түрлі мағыналар береді. Біздің елімізде де түстік лексиканы зерттеу айрықша көзге түскен ілім. Діни наным сенімдерге де байланысты түстік лексика әртүрлі сиппаталады. Кейбір елдерге мысалы сары түс жақсылық әкелсе, керісінше кейбір елдердің нанымдары бойынша сары түс уайым, қайғы түсі. Сол себепті де түстік лексиканы зерттеу маңызды. Бір елдің шығармаларын, романдарын басқа тілге аударыста да маңызы өте жоғары. Белгілі жазушымыз М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы дүние жүзінде кеңінен аударылыста. Ағылшын тіліндегі аудармасында біз түстік лексиканы қалай қолданғанын зерттейміз.

ЗЕРТТЕУДІҢ НЫСАНЫ : «Абай жолы» роман-эпопеясын ағылшын тіліне аударуда, түстік лексиканы қолдану ерекшеліктері.

ЗЕРТТЕУДІҢ ПӘНІ :қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудағы түстік лексиканы айкын ашу ерекшеліктері.

ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ : «Абай жолы» дүниежүзі бойынша дұрыс мағынада аудару.

ЗЕРТТЕУДІҢ МІНДЕТТЕРІ :

-Түстік лексиканы толығымен түсіну;

-Басқа тілден, басқа тілге аударғандағы түстік лексиканың маңыздылығы;

-«Абай жолы» роман-эпопеясының түстік лексикасын зерттеу.

ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҒЫ : Қазақ тілін, қазақ әдебиетін барша әлемге танымал ету. Байырға қазақ елімен, Жаңа Қазақстанды әлемге танымал ету.

ЗЕРТТЕУДІҢ БОЛЖАМЫ : Түстік лексика іліміне ерекше көзқарас таңыту.

ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ : зерттеу тақырыбы бойынша шығармаларды, өлең жолдарын салыстырмалы талдау. «Абай жолы» роман-эпопеясын аударғандағы түстік лексиканы талдау.

ЗЕРТТЕУДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ: зерттеу барысында алынған зерттеу нәтижелерін аудармашылар өз жұмыстарында пайдалана алады, сондай-ақ «Аударма ісі» мамандығы бойынша студенттерге практикалық көмек көрсете алады.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ : кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыс 37 беттен тұрады.

  1. Түстік лексика дегеніміз не?

Колоротивті лексика( түстік лексика) - қазақ білімінде айрықша көзге түскен ілім. Түс лексикасы туралы түсінік. ХХ ғасыр саяси лексикасының тарихы. Түсті білдіретін сын есімдерді негіздеу.

Еліміздің ғалымдары түрлі түс тану арқылы өзге елдің мәдениетін, болмысын, адамдарды зерттеп келе жатыр. Зерттеу, сараптау бұл біздің дамуымызға ең қолайлы үрдістеме. Түске байланысты сөздер тіл ғылымында өзекті мәселе. Көптеген ғасырлар бойы тілдер тақырыбында көптеген зерттеулер жүргізілген, және де жүргізіліп келеді. Ғалымдар түс атауларының сын есім ретінде қарастырып, олардың морфологиялық ерекшеліктерін, маңыздылықтарын айқындаған. Соңғы кездері мәдениет және тіл ол тасымалдаушылардың біртұтас құралы. Қазіргі таңда тілдер тек хат алмасуға ғана емес, коммуникативті құрал. Әр елдің, халықтың ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан өзіндік мәдениеті, тарихы, дәстүрлері, және де әдет ғұрыптары бар. Сондықтан бұл мәдениетті, тарих және, дәстүрді түр-түссіз елестетіп көру де мүмкін емес. Мысал келтіре кетсек:Біз бәріміз сонау тарихтан білеміз Көк тәңір, Ақ орда, Көк орда. Түстер семантикалық реңдер береді. Мысалы, қызыл түс, революциялық мағына білдіреді. Түстер біздің өмірімізге мән береді. Табиғатта да түстер өте маңызды рөл береді. Табиғат өздігін әсем. Тұрмыстық саланың өзін алып қараса, адамдар үстіне киетін киімінде түстермен таңдап, сәндеп киеді. Үй ішін әсемдеп, жайлылық сезімін білдіріп қояды. Түстер реңктерін ажырату, зерттеу физика, астрономия, математика секілді бүкіл қоғамға маңызды ғылым. Себебі түстер барлық салада қолданыста екенін білеміз. Мәдени түрге шолу жасасақ: бала еңбектеп алғашқы қадамдар жасаса аяғына ала жіп байлап тұсаукесер өткіземіз. Қоғамды да алып қарасан еліміздің бірен өлкелерінде сыңарын тауып, отау құрған жас келіншек, ата-анасына түрлі түсті жіптермен кестелеп, орамалдар жібереп отырады деседі, және де сол арқылы өзінің қалың, мұңын жеткізеді. Мысалы: қызыл жіптен кесте тігілген орамал жіберілсе, қыздың ата-анасы қуанып жатады. Жақсы жерге барған екен деп. Себебі қызыл жіп-қуаныш пен шаттық белгісі ретінде қабылданады. Ал егерде сары түсті жіптен кестеленген орамал жіберілінсе онда керісінше- ол уайым, қайғының белгісі.

Көк. Көк түске келсек ол біздің халқымыз үшін ежелден қасиетті, құдіретті түс. Ертеде ата- бабаларымыз, Көк ке табынып, Көк Тәңірге сыйынған. Еліміздің туы да Көк түсті. Көк шыққанда қуанып, асыр салып тойлатқан. Бұл мағынада, Көк шықты деп, біз көктем мезгілінің келгенін айтамыз.

Қарақ сөзіне шолу жасасақ ол тікелей біздің табиғатты, қоршаған ортаны бірінші және ең негізгі мүше- көзбен байланысты. Қазақтар көзімнің ағы мен қарасы деп ең сүйікті адамдарына айтады, және көзімнің қарасындвй қорғаймын деп айтып жатады, міне керемет емес па!? Ұлы Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» деп айтылған өлең жолдары да осымен мәндес. М. Қашқаридың сөздігіне үнілсек ондағы «қарақ» сөзі көз деген сөзбен

Ақ. Ақ түс бірнеше мағына ретінде қолданылады. Тұрмыс тіршілікте қолданылатын «ақшыл», »жұмыртқаның ағы» т. б. Ақ түсінің сонша қастерлі екені, ананың ақ сүті деп мадақтап жатамыз. Ақ түсі және де адал, кіршіксіз таза, пәк деген мағынада қолданылады. Мысалы: өзгелерге қамқор блла білетін адамды- ақ жүректі деп айтып жатады. Анамыздың сәби кезде көрсеткен қамқорлығын, жылуын құрметтеп Ақ сүт бергеніңе рахмет деп лебімізді білдіріп жатамыз. Сондай-ақ, ақ түс аптаның басы дүйсенбі түсі болып келеді. Қардың, сүттің, бордың түстері; қарама-қарсы қара. Ақ бұлт, ақ қағаз. 2) Өте жеңіл. Ақ қолдар. Ашық шашты, ақшыл өңді. Ашық түсті (нәсіл белгісі ретінде) . Ақ нәсіл. ¦лт зат есім мағынасында. Адам туралы. Таитиліктер ақтарды ешқашан жақыннан көрмеген. 3) Ашық, жарқын (тәулік мезгілі туралы, жарық туралы) . 4) Тек толық нысаны. Ескірген және аймақтық. Таза. Ақ тау. 5) Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында: контрреволюциялық, Кеңес өкіметіне қарсы әрекет етуші немесе оған қарсы бағытталған. Ақ армия. Ақ террор. зат есім мағынасында.

Сары. Сары түске келсек халқымыз бұл түсті жер су аттарымен атаса, келесіде бұл сөзбен уайымды, сағыныш сезімін белгілейді. «Сары уайым», «сарыла күту», «күте күте сарғаю»

Еске салсақ еліміздегі ал сөзі ежелгі түрік түбірлестің құрамына жатады. Ал сөзі «ашық» мағынасында қолданыста. Мысал келтіре кетсек ал қызыл-ашық қызыл, ал сары- ашық сары.

Қызыл түсті нәзік жанды жандармен салыстырып, тіпті кейбир ғалымдар қызыл деген сөз қыз деген түбірден алып құралған деседі. «Қыздың көзі қызылда» деген мәтел осы сәтте еске түседі. Бұл сөз сонда тек түсті білдіріп қана қоймай қызу қанды, әдемі мағынасында береді.

Егерде жоғарыда айтылғандай қызыл сөзінің түбірі қыз сөзінен алынса, онда жасыл сөзі тікелей «жас» сөзінен алынған. Еске сала кетсек жоғарыда айтылғандай жас келін өзінің ата-анасына қызыл орамал жіберсе, оны жақсылыққа жорып қуанып отырған.

Жас сөзінің негізгі мағынасы «жаңа, жаңа шыққан өсімдік, көк. » Әзербайджан елінің тілінде « йаш-дымқыл, сулы» , ұйғыр халқының тілінде көк-яш.

Қоңыр сөзі түске де, бір затты, немесе бір жанды сипаттап бергенде қолданылады « жуас», «момын» деп. Оның себебі тікелей қой жануарында, қой қарапайымдылықтын, момындықтың символы секілдес.

Түркі тілдес бауырларымыз қоңырды қонур (қырғыз), қонгир(өзбек) деп атайды. Құлақтан кіріп бойды алар әсем әнді қоңыр саз деп мақтайды. Халқымыз қоңырым, қозым деп еркелетуінің себебі де осында.

Тіпті ойланып қарасақ түстерсіз ешнарсені елестету мүмкін емес. Мәселен киген киімдерменде салыстыруға болады. Ақ түс - ол қайырымдылықтың пен таза, пәктіктің түсі. Сол себепті көптеген елдерде қалыңдық ақ түсті көйлек киеді мыс. Ақ аптаның басы- дүйсенбі түсі. Ақ түс- тазалық, таза парақ. Ақ түсті ұнатып киетін адамдар әдетте, адал ниетті, жинақы, талап қоя білетін, және де өз сөзінде тұра да білетін адамдар. Психологтардың айтуынша: Егер сіз өзіңізді жинақы, мейірімді, таза, ұқыпты адам ретінде қабылдасын десеңіз онда әрдайым ақ түсті киімдерді киіп жүруге кеңес береді. Бірақ көршілес орыс халқы үшін ақ түс мұңды түс. (белый- скорби и печали) немесе денсаулықтың нашарлауы. Ақ түсті көбінесе жастар қауымы ұнатып кигенді жақсы көреді. Егер ересек адам ақ түсті қалайтын болса ол өзге ге көмек қолын ұсынғанды жақсы көреді, әріде жастық шағын аңсайды деседі. Қара түс- ең сиқырлы түс. Батыс елдерінде қара түс-өлім символы. Бірақ Солтүстік Америка үндістері үшін қара түс қуаншты түс, құнарлы топырақ түсі. Қара- сенбі түсі. Негізінде қара түс емес, қара бұл түс жоқтығы. Анонимдерге мысал келтіргенде адамдар бірден ақ пен қараны айтады. Себебі егерде ақ түс бәрін анық қылса, қара түс бәрін жасырады. Қара- бұл даулы түс. Бір жағынан бұл қараңғылық болса, екінші жағынан қара күш, табандылық пен қажырлық. Солай бола тұра көпшілік елдерде қара түс жағымсыздықпен бейнеленеді. Қазақ тілінде де қара ниет деп арам пиғылды айтса, ағылшын тілінде де black heart делінеді. Жас ерекшеліктерге байланысты қара түсті көбінесе егдежастағы адамдар таңдап киеді. Бұл, қара түс байсалдықтың бейнесі. Кейбір адамдар ойлуынша қара түс адамды арық қылып көрсетеді. Психологтардың ойы бойынша қара түсті таңдаған адамдар тағдырдың берген сынағынан сүрінбей өтіп, қарсы тұра алады. Қара жұмбақ түс, бұл түсті толық зерттеуге әлі бірқата уақыттар керек. Көк түс- жан тыныштығын білдіреді. Психолгтар айтуынша адам көк түске қарап дем алуына болады. Бұл сенімнің түсі. Көпшіліктің ойынша адам болмысы мен жаратушы күшімен тығызбайланыстағы түс. Мысалы: materia-(латынша) болмыс, үнді еуропаша- madher-көк, ежелгі үнді тілінде mati- сана. Осыған орай барлық елдер үшін көк түсінің байланысы- аспан, жаратушы. Сол себепті тіркестерді де білеміз: көк аспан, көк бөрі, және т. с. с. Көк түс армандарымыздың орындалуына әсерін тигізеді. Психологтардың айтуынша көк түсті өкпелегіш, көп уайымдайтын, қарапайым адамдар ұнатады. Олар тыныш ортаны, молшылықты жақсы көреді. Көк түсті көп киетін адамдар сараптама жасағанды ұнатады. Сары түс- қуаныш пен жеңілдік, шаттық түсі. Сары түс адамды болашаққа баулайтындай, жаңашылдыққа талпындырады. Сары түс адамға позитив беріп тұрады, көңіл-күйді көтереді. Қазақ дәстүрінде бұл түс жақсылыққа да, жағымсыз мағыналарда да қолданылады. Психологтардың айтуына шолысақ, сары түсті таңдайтын адам-қиындықты тез жеңіп шығатын, өзгерісті жақсы көретін, тұрақсыздау адамды білдіреді дейді. Сары түс- адамның тез қабылдауын, ойлау қабілетін жақсартады. Өз өзіне сенімсіз, ұяң адамдарға сары түсті таңдауға кеңес білдіреді. Еркіндікті қалайтын адамдар сары түсті таңдайды. Олар әрдайым күтпеген шытырман оқиғаларға кезіге береді. Бірақ көбінесе бұндай адамдар жауапкершіліктен қашқақтайды. Сары түс- америкалықтарда- қорқақтық, неміс халқында-жек көрушілік, француз елдерінде- сатқындық дегенмен байланыста. Қызыл түс- түстердің ішіндегі жылысы. Бұл түсті сөзге шебер адамдар және еркектер қауымы ұнатады. Қызыл түс- күш пен қызбалық түсі. Қытай хылқы үшін өызыл түс байлықпен молшылықтың түсі. Азия елдерінде қызыл түс қыздардың түсімен салыстырады. Күн шығыс елдерінде үйлену рәсімдерінде қызыл түсті молынан қолданады, қалындықтың киген көйлегінен бастап. Безендіруге арналған өрнектер қызыл түсте. Әлемде қызыл раушан махаббат символы. Психологтардың кеңесі ретінде адамдарға қызығушылық тудырғыңыз келсе, қызыл түсті таңдаңыз, арманыңыз орындалып, әлсіздіктен, қорқыныштан арылғыңыз келсе қызыл түсті таңдау керек. Көбінесе қызуқанды адамдар қызыл түсті жақсы көреді. Жасыл түс-еркіндікке, табандылыққа мақсаткерлікке, өзімшілдікке құштарлықты білдіреді. Америкалықтар үшін жасыл- ақша түсі. Көп елдерде жасыл түс жастық пен жаңашылдық. Қазақ халқы үшін жасыл мен көк түс бір бірінің орнын алмастыра береді. Жасыл түсті киімдерді ұнатсаңыз, сіз көпшілікке тек жақсы жақтан көрінесіз. Жасыл түсті, тыныштықты жақсы көретін, байсалды, жуас адамдар жақсы көреді. Ортақ таным-білім ретінде жасыл түс табиғатты, жастық шақты бейнелейді. Зәйтүн түстес жасыл түс-ынтымақты, сыйластықты білдіреді. Қоңыр түс- құнарлы топырақ түсі. Қоңыр түс психолог ғалымдардың айтуынша, сенімділік, қайраттылық пен төзімділік береді. Жалпы алып қарағанда, қоңыр түс ол Азияның көшпелі халықтарының түсі. Ол сарқылмас кең дала, мыңғыраған жылқы мен қойды еріксіз еске түсіреді. Қоңыр түс, жанның тыныштығын, жайлылықты, сенімділік атмосферасын сездіреді. Психологтардың айтуынша, қоңыр түсті шыдамды, өз ойларын ашық жеткізетін және де өз ойларынан бастартпайтын адамдар таңдайды. Әрбір түстің өз мағынасы, өзіндік сипаты бар, ол біздің өмірімізге және мінез-құлқымызға көрінгеннен әлдеқайда көп әсер етеді. Қызғылт түстің мағынасы:Түс психологиясы бойынша қызғылт түсті тәттілікті, әйелдік, сүйкімділік, нәзіктік, әдептілік, түсін білдіреді. Бұл жастық пен пәктікпен де байланысты. Күлгін түстің мағынасы

Күлгін түс жұмбақ және ерекше. Түс психологиясы оны сән-салтанатпен, дінмен және . . . жыныстық қатынаспен байланыстырады. Күлгін заттар мен заттар бізді қызықтырады және тартады. Бұл табиғатта өте кең таралған түс емес, оны дұрыс пайдаланған кезде ол басқалардан ерекшеленеді. Ол феминизммен де байланысты болды. Ол ностальгиямен, қиялмен, амбициямен, бос әурешілікпен және құбылмалылықпен байланысты. Бұл түс соншалықты екіұшты, сондықтан дұрыс шығармашылық қолдану арқылы ол үлкен әлеуетті көрсете алады.

Түс психологиясы дегеніміз не? Түстер біздің эмоцияларымызға қалай әсер етеді? Әр түс нені білдіреді? Әртүрлі мәдениеттердегі гүлдердің символикасы қандай? Психологияда түстердің мәні неде? Әрбір реңк пен реңк белгілі бір сезімдермен, ойлармен байланысты . . . Бұл дипломдық жұмыста біз түс психологиясының негізгі ұғымдарымен таныстық және күнделікті өмірде түстің әсерін қалай пайдалануға болатыны туралы бірнеше кеңестер алдық. Сіз бұл ғылымның білімін тәжірибеде қолдануды үйренесіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық стиль және мұхтар әуезовтың көркем аудармалары
Қазақ әдебиетінде аударманың қалыптасуы
Аудармашының шығармашылық шеберханасы
М. Әуезовтың өмірі
Абай жолы роман-эпопеясы қазақ ұлтының мәдени,тарихи,тілдік- әлемдік бейнесі
Абай «Қарасөздерінің» ағылшын тіліне аударылған нұсқасындағы прагматикалық аспектісі, сонымен қатар лексикалық және стилистикалық жағынан қарастырылған сәйкестіктерді анықтау арқылы қазақ аударматану ғылымының дербес теориясы мен практикасына қатысты жалпы тұжырымдар
Аударма эквиваленттілігі проблемалары
Қазақ тілінің омоним сөздерінің статистикасы
Тілдің сөздік құрамы
Абай жолы романының жаңа аудармасы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz