Менеджмент ұғымының мәні, түсінігі

Халықаралық туризм және меймандостық университеті
ЭССЕ
Тақырып:
"Менеджмент" ұғымының мәні, түсінігі
Орындаған: ЭҚЖТҰ 20-01 тобының студенті:
Сакпаров Мейрамбек Нурланович
Қабылдаған: Агыбетова Р. Е
Түркістан 2021/2022 оқу жылы
Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш» деген мағынаны білдіреді. Алғашында мал бағу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Ол адам қызмет саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды. «Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім-бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Менеджмент - ұйымдық мақсаттарға тиімді түрде қол жеткізу үшін, ұйымның ресурстарына
(адам, қаржы, материалдық және ақпараттық) негізделген әрекеттер (жоспарлау және шешім қабылдау, ұйымдастыру, жетекшілік ету және бақылауды қоса алғанда) жиынтығы. Бұл тұжырымның ерекше маңызы бар, өйткені мұнда менеджменттің негізгі мақсаты - ұйымның мақсаттарына ұтымды және тиімді қол жеткізуді қамтамасыз ету деп дәлелденеді. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің жұмысын экономикалық табыстар, нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады. Менеджмент-дәстүрлерді, тарихты, концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл талассыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар т. б. ) басталған мезетте пайда болды. Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдамалары көп жағдайда бір-біріне ұқсас келеді. Гальвецияның пікірінше, басқару процесі-өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайда қарап ғылымды қолдану. Тіпті маман болмағанның өзінде де, біздің кез келгеніміздің басқару ғылымы мен өнері туралы азын-аулақ хабарымыз болатыны сөзсіз. Менеджмент - нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Менеджмент - бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы.
Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг тәжірібиесімен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады. Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны - қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру. Кәсіпорын - ең алдымен адамдар. Менеджменттің жағдайы техника мен технологияның деңгейіне, жұмысшы күшінің сапасына әсер етеді. Осы заманғы менеджмент- бұл экономикалық қатынастардың ерекше саласы. Менеджмент анықтамасы менеджер қызметінің мазмұнымен тікелей байланысты. Танымал американдық менеджер Ли Якокка «Карьера менеджера» кітабында адамдармен қарым-қатынас жасай білу, олардың мінез-құлқын танып, жұмысқа ынталарын ояту, басқаларға тапсырма берудің тәсілдері сияқты оның негізгі элементтерін бөліп көрсетеді.
Осыдан келіп бұл терминнің үшінші анықтамасы шығады: менеджмент - бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорындағы адамдар өндірістік процестің маңызды элементі болып саналады. Жаңа кәсіпорынды құраcтырарда жаңа инвестицияны жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды рынок капиталдарынан алуға болады. Ал өз жұмысын жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу анағұрлым күрделі істердің бірі.
Қорытындылай келе, менің ойымша менеджмент-кәсіпорынды ұйымдастырудың принциптері туралы, оны дамытудың стратегиясы туралы, қызметкерлерді іріктеу туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері туралы ілімдерді қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару ғылымы. Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс-жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz