Қазақстан баспасөзі жайында


Қазақстанның өңірлік және жергілікті баспасөзінің ерекшелігі - оған этномәдени, әлеуметтік және экономикалық факторлардың ықпалы зор. Сонымен қатар, бір әкімшілік-аумақтық бірліктегі өңірлік басылым мен жергілікті басылым жиі бірін-бірі толықтырады: мысалы, олардың бірі апталық болса, екіншісі күнделікті болуы ықтимал. Кеңес өкіметі жылдарында өңірлік баспасөз біркелкі партиялық-кеңестік сипатта болды: әрбір аумақтық жоғарыдан реттелетін мерзімді басылымдар жиынтығы - бір күнделікті қоғамдық-саяси (облыстық, өңірлік) төрт беттік А2 форматтағы газеті, форматы әр облыста әр түрлі болатын бір жастар газеті (облыстық комсомолдық, өңірлік), шағын форматты бір партиялық бюллетень болуы талап етілді. Аудандарда А3 форматындағы бір партия-совет газеті шығарылды. Миллионер қалаларда кешкі газет шығаруға рұқсат етілді. КСРО ыдырап, оның аумағында бірыңғай ақпараттық кеңістік жойылғаннан кейін облыстық және өңірлік баспасөздің маңызы арта бастады. Сонымен қатар, федералды басылымдардың танымалдылығының төмендеуі және олардың жазылушыларының санының азаюы байқалды. \1\ Мұның себептері өңірлердің тәуелсіздігінің экономикалық және саяси нығаюы, орталықтан болатын тенденциялардың күшеюі және орталық пен өңірлер арасындағы вертикальды әкімшілік байланыстардың үзілуі болды.
КСРО ыдырағаннан кейін бұрынғы одақтас республикаларда, оның ішінде Қазақстанда да өздерінің ақпараттық өрістері пайда болды. Қазақ баспасөзі тәуелсіздік алғаннан кейін бірнеше даму сатысынан өтті. Біріншісі 1991-1995 жылдарға тиесілі болды және бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік монополиямен сипатталды. Дамудың екінші кезеңі 1996-1999 жылдарға келіп, журналистиканың қалыптасу және өсу кезеңімен ерекшеленді. Үшінші және төртіншісі «саясаттың медиациясына» бағытталған болды.
Авторитарлы мемлекеттен тәуелсіз мемлекетке ауысу - қалың елге әсер ету мен тәрбие берудің басты элементі есебінде пайдаланылған бұқаралық ақпарат құралдарының өзгеруіне алып келді. Тәуелсіздік жылдарынан бастап мемлекетіміздегі орын алған әлеуметтік, саяси жаңалықтар БАҚ-ның артуына көмектесті. Осы өзгерістерге байланысты басылымдардың құрылымы, басылу ерекшеліктеріне де біршама жетілдірулер енгізілді. Басылымдардың түрі көбейді, жарияланатын материалдардың мазмұны да бір қалыптан екінші қалыпқа ауысты. Өңірлердегі баспасөздер өз жазылушыларының маңыздылығын түсіне алды және бәсекеге қабілетті болды. Олар оқырмандарды қоғамда болып жатқан әлеуметтік-саяси, қаржылық өзгертулерге үйретуде үлкен рөл атқарды. Өңірлік баспасөздерде шенеуніктер тарапынан қоғамда орын алатын әділетсіздік пен қаржыны жымқыру тақырыптары ашық айтылды, қазақ халқының ұлттық құндылықтары туралы сөз қозғалды. Тағдырлы жылдардың шындығы, тілге, діни мәселелерге байланысты тақырыптарда материалдар жазылды. Жазылушылар «халықтың жауы» атанған Алаштың жазықсыз құрбандары жайлы ақпарат алды. Қазақтың атақты жазушыларының, зерттеушілерінің жазбаларын көрді. Өңірлік баспасөз тәуелсіздік жылдарындағы жаңалықтарға тез үйреніп, сол уақыттағы кездескен мәселелерге қарсы тұрды. Қарапайым халыққа еліміздің ішінде орын алып жатқан өзгерістерді жақсы түсінуге көмегін тигізді. Сол кезеңдегі маңызды ұғымдар туралы түсініктемелер беріліп, халық арасында қабылдануына әсер етті. Өңірлік газеттердегі жарияланымдардың мазмұны мен құрылымы жақсарды. Демократия бағытында атқарылып жатқан іс-әрекеттер, жас буынды мемлекет құндылықтары арқылы тәрбиелеу, қоғамдағы қиыншылықтар туралы айтылды. Тәуелсіздік алған соң қоғамымызда орнаған нарық уақытында бұл газеттер президенттің ұстанымын біртіндеп халыққа таратып, мемлекеттің саяси-қаржылық, қоғамдық өмірін жария ете білді. Олар ұлттық құндылықтарды қорғап, келешек ұрпақты мәңгілік салт-дәстүр бойынша өсіруге септігін тигізді.
Тәуелсіздік кезеңіндегі өңірлік баспасөздердің негізгі ерекшеліктері - жарияланған өткір мақалалардың болуы. Халық мүдделерінің маңызды ауқымын көрсету үшін баспа басылымдары өз алдарына мемлекеттің, сондай-ақ көп уақыт бойы бұрмаланған немесе аумақтың апатты тарихын қайта қалыптастыру, ұлттық сөзді, сенімді қалпына келтіру, мемлекеттік қорлар, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды ашық айту сияқты мақсаттарды қойды.
Мысал ретінде 1918 жылы бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде құрылған Алматы облыстық қоғамдық-саяси және қаржылық «Жетісу» баспасын алуға болады. Бұл газет алғашқыда жаңа үкіметті қалың бұқара арасында насихаттау мақсатымен құрылған. Оқырмандардың ішінде әртүрлі ұлттар болғандықтан, газет үш тілде (қазақ, өзбек, қырғыз) басылды. Баспаның негізгі жарияланымдарын жарғылар құраса да, ішінде халықтарды бірлікке, еңбекқорлыққа үгіттейтін сөздер де кездесетін. Тәуелсіздік жылдарын қарастырмас бұрын, баспаның бастапқы тарихына үңілсек, қазақ тілінде “Жетісу жұмысшылар хабаршысы” деген мағынаны беретін газет шынымен де жұмысшылардың құқықтарын қорғауға ат салысқанын көре аламыз. Мұны жарияланған мақалалардан байқауға болады. Газеттің атауы қоғамдағы жағдайларға, жаңалықтарға байланысты өзгеріске ұшырады. 1918 жылдың желтоқсанында газетке “Көмек” деген атау беріліп, негізгі бағыты мұсылман-түрік бұқарасы болды. Кейіннен 1920 жылы “Ұшқынға” өзгертіліп, одан кейін жылдар бойы тағдырдың сынына ұшыраған халықтың тілі болу үшін “Бұқараға” ауысты. Бұл атау билік ұстанымдарын толық көрсете алмаған соң, 1921 жылы “Кедей еркі” болды. 1922 жылы “Тілші” деп аталып, бас редакторы алғаш рет әйел адам - Сара Есова болды. 1935 жылы “Сталин жолы”, соғыстан кейін мемлекеттің жағдайы жақсара бастағанда 1953 жылы “Коммунизм таңы” болып, 1963 жылы қазіргі атауы “Жетісуды” алды. Осы уақыттың ішінде редакторлары, тілдері ауысып, “Мағатжан” деген лақап атпен Мағжан Жұмабаевтың, “Тана баласы” деген атпен Ілияс Жансүгіровтың мақалалары жарияланып жүрді. \2\
Кеңес Одағы кезінде «Жетісудың» баспа басылымындағы жазбалар негізінен шаруашылық сипатта болды. Соның ішінде тілшілердің іссапарларда болғаны ерекше орын алады. Олардың жеке сапарлары, қызметкерлермен әңгімелесуі, сондай-ақ олардың шешімдеріне қатысты материалдарды әр облыстан келген тілшілер жазған. Қырмандар, мал шаруашылығы, кеңшарлар туралы мақалалар жарияланып отырған.
Тәуелсіздік алған уақытта “Жетісудың” алғашқы беттерінде тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді растайтын құжаттар көрсетіліп, халықтың назарына ұсынылды. Тек бұл басылымда ғана емес, сол кезеңдегі кез-келген газетте тәуелсіздік пен Елбасының есімі ең көп жазылатын тақырыптар болды. Кейіннен қазақтың ішіндегі есімі белгісіз болып қалған азаматтар жайлы материалдар жариялана бастады. Мысал ретінде 1991 жылы басылған Р. Сүлейменовтің “Хан Абылай” мақаласын алуға болады. Оған қоса, Н. Жүнісбаев “Мұстафа айтқан маржан сөз” деген мақала жариялаған.
1918 жылдардан бастап аталған газетте С. Шәкіржан, И. Тайыров, С. Айтқожин, Б. Мусин сияқты қазақтың ұлы ұлдары өз жазбаларын жариялап отырды, редакторлық қызмет атқарды, баспаның жұмыс істеуіне үлес қосты.
“Жетісудан” өзге өңірлік басылымдардың мысалы ретінде “Солтүстік Қазақстан” газетін де қарастыруға болады. «Солтүстік Қазақстан» газеті бұл өңірдің әрбір тұрғынына таныс. Солтүстік қазақстандықтар барлық қажетті жаңалықтарды оның беттерінен біле бастады, өйткені ол кезде теледидар дамымаған болатын. Газет өз беттерінде бүкіл Солтүстік Қазақстанның тарихын сақтап тұр. Оның беттерінде өңірдің даму тарихы көрсетілген, маңызды қоғамдық-саяси және экономикалық оқиғалар жарияланған. Бір айта кетерлігі, дәл осы газет өз беттерінде еңбек адамын көрсетеді.
Баспаның қалыптасу тарихы өте үлкен. Алғашында араб тілінде басылып шықты. Ғабит Мүсірепов газеттің өміріне араласқан адамдардың бірі болды. Ғасырға жуық тарихында басылым атын бес рет өзгертті. Бірақ газет әрқашан халықтың газеті болып қала берді. Алғашқы саны Омбыда шығып, «Кедей сөзі» деп аталды, орысша «Голос бедноты» дегенді білдіреді. Бір жылдан кейін, 1921 жылы 7 наурызда басылым Петропавлда «Бостандық туы» немесе «Знамя свободы» деген атпен шықты. Осыдан кейін газеттің атауы бір емес, бірнеше рет өзгерді: «Кеңес ауылы» және «Ленин туы». \3\ Басылым өзінің соңғы атауын 1993 жылы ғана алды. Газеттің өміріне белсене араласқан қазақтың біртуар ұлдары - Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Қошке Кемеңгеров сияқты азаматтар болды. Олар өз мақалаларында қазақ халқының мүддесін қорғауға шақырды. «Солтүстік Қазақстанның» өркендеуіне зор үлес қосқандардың бірі - Амандық Жантеміров. Ол жарты ғасырдан астам уақыт бұрын жаза бастады. Бүгінгі күні өзінің лайықты демалысында. Ол өзінің еңбек еткен жылдарын сағынышпен еске алады.
1920-30 жылдар газетті уақытылы басып шығару қиынға түскен кезеңдердің бірі болды. Себебі дәл осы уақытта Сталин өз билігін нығайтып, басқару тізгінін қолына алған кез болатын. Газеттің қалыптасуында үлкен рөл атқарған редакторлар Е. Қалымбетов, З. Сыздықовтар атылған кезең осы жылдарға тұспа-тұс келді. Дегенмен бұл газеттегі материалдардың сапасының жоғарылауын алып келді. Тұрмыс-тіршілікке байланысты актуалды тақырыптағы мақалалар, фельетон, очерктер жарияланды. Осы тақырыптарда қалам тербеген жазушылардың ішінен С. Шаймерденов, Ә. Тәжібаеварды атап өтуге болады.
Бүгінгі таңда «Солтүстік Қазақстан» газетінің таралымы 7, 5 мыңнан астам дананы құрайды. Жақсы үйлестірілген жұмыс - оқырмандар арасындағы танымалдылықтың нәтижесі. Материалдар жариялауда журналистер, корректорлар, фотографтар және тағы да басқа жүзден астам қызметкер жұмыс істейді.
Газеттің өмір сүрген кезеңінде оның деңгейі айтарлықтай өсті. Кезінде Бүкілодақтық көрмеге қатысқан болатын. Қазір облыста «Солтүстік Қазақстан» «Егемен Қазақстан» республикалық баспасынан кейін өнім өндіру бойынша екінші орында тұр.
Өңірлік басылымдардың келесі бір мысалы - “Маңғыстау” газеті. Бұл газет 1973 жылды Маңғыстау облысының құрылуына байланысты сәуірде шығарыла бастады. Жоғарыда келтірілген газеттер тәрізді бұл газеттің де алғашқы атауы - “Коммунистік жол” болды. Газеттің алғашқы редакторы - әйгілі публицист және журналист Рысхан Мусин.
Баспаны шығарудағы басты мақсаттарының бірі - жаңа Маңғыстау облысының қаржылық, әлеуметтік, тұрмыстық жаңалықтарын оқырманға жеткізу болды. Газет өңірдің құрылу тарихын насихаттап, кемшіліктерін сынап, жас буынды оқыту-тәрбиелеу мәселелерін қозғап, талантты тұлғалардың шығармашылық ордасына айналды. \4\
Осынысымен де газет көпшіліктің көзайымына айналды деуге болады. Алғашқы жылдары баспада талапты тілшілер мен жалынды жазушылар еңбек етті. Олардың арасында Темірхан Медетбек, Әбілқайыр Спан, Гүлжауһар Сейітжан сияқты тұлғаларды атап өтуге болады.
1988 жылы газет жабылып, 1990 жылы 1 қаңтарда облыстың қайта құрылуына байланысты жаңадан ашылды. Сол кезеңдерден бері қызмет еткен редакторлардың ішінде М. Қибасов, Ж. Бошалақов, М. Қосымбай, Ғ. Әріптер бар.
Тарихы тағылымға толы өңірлік газеттердің тағы біреуі - Шығыс Қазақстан облысында жарық көретін “Дидар” газеті. Газеттің алғашқы жарияланымы 1931 жылдың қазанында Риддер қаласында жарық көрді. Ол кезеңде газеттің атауы “Жұмысшы” болды. Алғашқы редакторы - ұлтын сүйген қазақтың баласы Мақсұт Тайшыбаев еді. Алайда М. Тайшыбаевтың редакторлық қызметі ұзаққа бармады: бар болғаны 7 жылдан кейін 1938 жылы “халық жауы” деген жаламен ату жазасына кесіледі. Келесі жылы газет редакциясы Өскемен қаласына ауысып, атауы “Социалистік Алтай” болып өзгертіледі. \5\
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz