ЕЛКОС(ELCOS) ЖШС-дегі өнім сапасын бағалау


Максаты: өнім сапасына сынақ бағдарламасын әзірлеп, есептік және эксперименттік деректер, қорытындылар жасау.
Қазақстан Республикасы қазіргі сәтте экономикалық даму кезеңінің жаңа белесінде. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Соған сәйкес, қазіргі өндіріс орындары да өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктер жайлы терең толғанып, өнімнің сертификатталуын алға тарта отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның сақталуын талап етеді. Себебі, қазіргі нарықтық жағдайда, егер кәсіпорын өз өнімінің немесе қызметінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда ешқандай инвестиция кәсіпорынды құтқара алмайды.
Бәсекеге қабілеттілікке сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, қызмет көрсету және басқа да көрсеткіштер кіреді, ал сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапа қасиеттерін жоғары бағалауы тиіс.
Өнімнің сапасы кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнім сапасын арттыру кәсіпорынның нарықтық экономикадағы орнын, ғылыми-техникалық прогрестің жай-күйін, өндіріс тиімділігін арттыру және кәсіпорында қолданылатын барлық ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын анықтайды. Өнім сапасының деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін осы көрсеткіштердің әрқайсысының сандық мәнін білу керек және оларды ұқсас өнімнің көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Өнім сапасын басқару ─ сапа талаптарын, оның ішінде жобалау - конструкторлық және өзара шарттық талаптарды қанағаттандыру үшін пайдаланылатын әдістер мен қызметтердің жиынтығы. Сапаны басқару объектілеріне өнім сапасына әсер ететін процестер жатады. Олар өнімнің өмірлік циклінің өндірістік және өндірістен кейінгі кезеңдерінде кездеседі [1] .
Сапаны басқару жүйесін енгізу, кәсіпорында келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
- жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- өнім көлемін ұлғайту және оны өткізу нарығының болуы;
- өнімді жоғары бағамен сатуды арттыру мүмкіндігін қарастыру;
- өнімнің бәсекеге қабілеттілігі және қаржылық жағдайының тұрақтылығы бойынша мәселелерді шешу [6] .
Ал, жалпы өнім сапасының төмендеуінің негізгі себептеріне: шикізат сапасының төмендігі, технология мен өндірісті ұйымдастырудың төмен деңгейі, жұмысшылардың біліктілігі мен жабдықтың техникалық деңгейінің төмендігі, өндіріс аритмиясы.
Сол секілді, тауардың сапасы, оның пайдалану қауіпсіздігі және сенімділігі, дизайны, сонымен қатар, сатудан кейінгі қызмет көрсету деңгейі қазіргі заманға сай сатып алушыны алаңдатыны айдан анық. Соның негізінде, сапа проблемасына жаңа көзқарастар, ескерулер қажет етіледі, мысалға: сапаны басқаруды күшейту, стандарттаудың икемді жүйесіне көшу, өндірушілерге жедел әрекет етуге, ішкі және сыртқы нарықтың тауар сапасына көшу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруына әсерін қадағалау, өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету[9] .
ӨНІМ САПАСЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ Өнім сапасына қойылатын талаптар және сапа бақылау әдістеріТұтынушы пайдаланатын объектің сапасы- адам қажеттілігін қанағаттандыратын өнім құрамының сипаттамасы болып табылады. 1-суретте сапа құрылымының бөлімдері қарастырылған.
Соған сәйкес, өнім сапасын бақылау - өнім сапасының көрсеткіштерін стандарттарда, техникалық шарттармен көрсетілген құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру. Өнім сапасын бақылаған кезде алынған объект - қайта өңделеді, дайындалады, шығарылады және пайдалануға беріледі.
сурет. Сапа құрылымы
1
Сапа
құрылымы
2
. Квалиметрия(арнайы,
жалпы, пәндік)
3
. Метрология(өлшем бірлігін
қамтамасыз ету, өлшем
дәлдігін қамтамасыз ету)
4
. Сапа басқару
теориясы(сапаны
талдау, сапаны қамтамасыз
ету, сапаны жоғарылату)
риясы
1
. Сапа тео
Сапаны бақылау өнімге қойылған талаптардың орындалуын растауы тиіс.
Бұл мыналарды қамтиды:
- кіріс бақылау және сынау;
- өндіріс процесіндегі аралық бақылау және сынау;
- түпкілікті (мәрелік) бақылау және сынау;
- өнімді тиеп жөнелтуге рұқсат;
- тексерулер мен сынақтар туралы есептер (өнімді қабылдаудың алдын ала белгіленген критерийлеріне сәйкестігін бақылау және сынау туралы деректерді тіркеу) .
Сапаны бақылау әдістері - органолептикалық, сұйылту, профильдеу, микроскоптау, рефрактометириялық, поляриметрия және химия, физиологиялық, биохимиялық, эксперттік болып бөлінеді.
Қазіргі уақытта көптеген дамыған елдерде өнім сапасы келесі негізгі факторлардың әсерінен жасалады:
- өнеркәсіптік кәсіпорындардың ғылыми-техникалық прогрестің соңғы жетістіктеріне жедел бейімделу қабілеті;
- халықаралық және ішкі нарықтардың талаптарын, тұтынушылардың әртүрлі санаттарының қажеттіліктерін мұқият зерделеу;
- "адами факторды" қарқынды пайдалану, яғни оқыту (жұмысшылар мен басшылар), тәрбиелеу, біліктілікті жүйелі арттыру, моральдық және материалдық сипаттағы ынталандыру арқылы оның шығармашылық әлеуетін пайдалану [9] .
Тұтастай алғанда, өнім сапасына қойылатын талаптар өнімді өндіруші мен тұтынушы үшін қажетті маңызды көрсеткіштермен анықталады:
1. өндірістің сапасы мен тиімділігі арасында бір-бірін толықтыратын тікелей байланыс бар.
- Сапа шығындарды төмендетудің, ішкі және халықаралық нарықтардағы бәсекелестік жағдайында өмір сүрудің негізі болып табылады.
- тұтынушы тұрғысынан өнімнің сапасы олардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын деңгей болып табылады[20] .
Өнім сапасына қойылатын талаптарды үнемі арттыратын заманауи тұтынушы, сондықтан ол:
- тауардың сапасына назар аударады;
- әр ақау бойынша кемшіліктерді көрсетеді;
- сапаны үнемі жақсартуды талап етеді;
- өндірушіден бастапқы технологиялық процесс барысында өнім сапасын бақылауды талап етеді;
- қажетті сапа қамтамасыз етілген жағдайда тауарды өндірушіден еркін сатып алады .
Тұтынушылардың өнім сапасына қоятын талаптарының тұрақты өсуіне байланысты кәсіпорындар мынадай негізгі шарттарды орындауы қажет:
- тұтынушыға осы процестің маңызды қатысушысы ретінде қарау;
- фирманы басқару жүйесі шеңберінде сапаны жақсарту бойынша барлық жұмыстар бойынша ұзақ мерзімді бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
- сапаны жақсарту жөніндегі жұмысқа мүдделілікті және басшылардың тікелей қатысуын ынталандыру;
- кәсіпорынның барлық бөлімшелерінде жұмыс стандарттарын енгізу; - фирманың барлық қызметкерлерін сапаны жақсарту процесіне тарту [16] .
Экономикалық салдарларына қарастырылған сапа деңгейінің төмендеуінің талдауы бойынша:
- жөндеуге кеткен қосымша шығындар;
- өндірістік инфрақұрылымдағы жоғалтулар;
- сапасы төмен өнімді шығаруға, тасымалдауға, сақтауға кеткен материалдық еңбек шығындары;
- халықтың жөндеуге кеткен қосымша уақыт шығындары;
- табиғи қорларды алу үшін қолданылатын төмен сапалы техниканы қолдану нәтижесінде осы табиғи қорлардың жоғалтулары;
- экспорттың төмен үлесіне байланысты алынбай қалған валюталық табыс; - импорттауға байланысты қосымша валютаның шығындалуы;
- сапаны техникалық бақылау органдарының қосымша материалдық және еңбек шығындары[19] .
Ал, әлеуметтік салдарларына:
- отандық өнімнің дефициттілігі;
- ұлттық кәсіпорындарында шығарылатын өнім беделінің төмендеуі;
- қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандырмау; - халықтың тұрмыстық жағдайының төмендеуі; - кәсіпорын пайдасының азаюы жатады.
Соған сәйкес, экологиялық себептері де болады, оларға: халық денсаулығын қалпына келтіруге байланысты қосымша шығындардың болуы, нашар экологияға байланысты ауыл шаруашылық өнімдерінің шығарылу көлемдерінің азаюы, ауаның нашар сапасына байланысты ғимараттар мен транспортты қосымша жөндеуге кеткен және тездетілген амортизация шығындары жатады.
Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштерге: экологиялық, қолдану, сенімділік, технологиялық, стандарттау және унификациялау, эргономиялық, эстетикалық, тасымалдау және патенттік құқықтық көрсеткіштері жатады.
Экологиялық көрсеткіштерге өнімді тасымалдау, қолдану, сақтау кезінде қоршаған ортаға кері әсер ету қасиеттерін сипаттайды.
Қолдану көрсеткіштері өнімді қолданудан болатын пайдалы эффектіні сипаттайды, сонымен қатар, қолдану шектерін көрсетеді. Мысалға, машина өнімділігі.
Сенімділік көрсеткіштері өнімнің сақталу дәрежесін, бұзылмаушылығын және қолдану мерзімін сипаттайды.
Технологиялық көрсеткіштері-өнімді шығарғанда немесе жөндегенде конструкторлық-технологиялық шешімдердің нәтижелілігін сипаттайды.
Стандарттау және унификациялау көрсеткіштері басқа өнімдерге қарағанда унификация деңгейін сипаттап, өнім құрамында стандартты, унификацияланған және бірегей құрамдас бөліктердің үлесін көрсетеді.
Эргономиялық көрсеткіштер адамның өніммен әрекеттесуін(гигиеналық, антропометриялық, физиологиялық және психологиялық) сипаттайды.
Эстетикалық көрсеткіштер өнім формасының тиімділігін, тұтастығын және ақпараттық көркемділігін сипаттайды.
Тасымалдау көрсеткішінде өнімнің тасымалдауға бейімділігін қарастырады.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштері өнімнің патенттік тазалығын, сәйкесінше, өнімнің патентпен қорғалуын қамтамасыз етеді[17] .
Сапа жүйесі және сапа талдау әдістемесіТарихи тұрғыдан алғанда, "сапа жүйесі " термині ежелгі дәуірде пайда болған және ойлау мен білімді ұйымдастырудың жалпы принциптерін философиялық іздеудің контекстіне енген. ХХ ғасырда " сапа жүйесі " ұғымы білім мен кәсіби қызметтің барлық салаларының лексиконына енді. 80-ші жылдары сапаны қамтамасыз ету қызметінде жаңа әдістеме пайда болды, оған сәйкес кәсіпорындар ИСО 9000 сериясының халықаралық стандарттары негізінде сапа жүйесін құра бастады.
Осыған сәйкес, ИСО 9000 сериялы стандартының талаптарына сәйкес сапа жүйесі төмендегілерді қамтиды:
- кәсіпорынның барлық жұмысшыларының сапасын басқаруға қатысуды
қамтамасыз ету;
- басшылықтың жауапкершілігін белгілеу;
- сапа бойынша қызметтің шығындарды азайту жөніндегі қызметпен үздіксіздігін қамтамасыз ету;
- сәйкессіздіктер мен ақаулардың алдын алу бойынша профилактикалық тексерулер жүргізуді қамтамасыз ету;
- ақауларды анықтау міндеттілігін қамтамасыз ету және оларды өндіріске және тұтынушыға жіберуге кедергі жасау. Яғни, сапа жүйесінде проблемаларды болдырмауға, пайда болғаннан кейін оларды жоюға басты назар аударылуы керек :
- мерзімді тексерулер жүргізу, талдау және жүйені жетілдіру тәртібін белгілеу;
- жүйенің барлық процедураларын құжаттау тәртібін орнату және қамтамасыз ету[4] .
Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін сапа жүйесі құрылуы және құжат жүзінде рәсімделуі тиіс. Бұл, атап айтқанда, білдіреді:
- қолданылатын әдістер жазбаша түрде жазылып, өзектендірілуі тиіс;
- белгіленген талаптар сапаны қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі әдіснамалық нұсқаулықтарда, жұмыс нұсқаулықтарында, сынақтар жөніндегі нұсқаулықтарда егжей-тегжейлі сипатталуға тиіс;
- құжатталған рәсімдер мен нұсқаулықтарды тиімді қолдану қамтамасыз етілуі тиіс.
Талдау әдістемесі. Өнімнің сапасын талдаудың негізгі динамикасын анықтау, олардың жоспарға сәйкестік деңгейін, осы көрсеткіштердің өзгеру себептерін анықтау, содан кейін кәсіпорынның жұмысын қол жеткізілген және қол жеткізуге болатын сапа деңгейі тұрғысынан бағалау.
Жалпы өнімнің сапасын бағалау үшін екі әдіс қoлданылады: нақты шығарылым бойынша және факт бойынша өнім деңгейінің көрсеткіштерін салыстыру арқылы өнім сапасының орташа өлшенген балын анықтайды. Бұл өнім сапасы бойынша жоспардың орындалу пайызын анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, өндірілген тауарлардың жалпы көлемінде сапасын кондициямен немесе сортпен сипаттауға болатын өнімнің үлесін анықтауға болады. Бұл сұрыптылықтың жалпы коэффициентін және орташа өлшенген бағаны білуге мүмкіндік береді.
Егер компанияның өнімдері сорттарға бөлініп, сұрыптық құрамда өзгерістер болса, жалпы және өнім бірлігіне орташа өлшенген бағамен қандай өзгерістер болғанын анықтау керек, содан кейін сұрыптық құрамның өнімге, оны сатудан түсетін пайдаға және тағы басқа қалай әсер ететінін анықтау керек[7] .
Сорттылықтың орташа коэффициенті келесідей анықталады:бірінші дәрежелі өнім санының тауарлардың жалпы санына қатынасын анықтау арқылы.
Талдау жүргізілгеннен кейін сапаның төмендеу себептері, өнімнің ақау көздері, оған жауапкершілік орталықтары зерттеледі.
Өнімнің сапасын талдау кезеңінде мына процестер іске асады:
- өнімнің техникалық қасиетіне баға беріледі;
- өнімді шығару құрылымы оны дайындау және жеткізу сапасын көрсететін қасиеттер бойынша талданады;
- өнімнің техникалық деңгейінің жетілуін тежейтін факторлар анықталады;
- өнімнің сапасын жетілдіру, ақаулар мен шығындар есебін азайту мүмкіндіктері қаралады;
- өнімді өндіру мен өткізу жоспарын бағалайды;
- осы көрсеткіштердің өзгеруіне факторлардың әсерін анықтайды;
- өнім шығаруды және өткізуді ұлғайтудың шаруашылық ішілік резервтерін анықтайды;
- анықталған резервтерді игеру бойынша іс-шараларды әзірлейді [6] .
«ЕЛКОС (ELCOS) » ЖШС 2004 жылы электр тарату қалқандарын және металдан жасалған стандартты емес бұйымдарды отандық өндіруші ретінде құрылды, өз қызметін 2004 жылғы 9 қыркүйектегі №016128 ГСЛ мемлекеттік лицензиясы негізінде II - санаттағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс- монтаждау қызметі саласында жүзеге асырады. Сонымен қатар, Қазақстандағы шет елдік ірі компаниялармен, брендтермен ресми түрде серіктестікте жұмыс жасап жатқан кәсіпорын болып табылады.
«ЕЛКОС (ELCOS) » ЖШС-нде 6300 А дейінгі тоққа арналған мына өнімдерді жасап шығарады: төменгі вольтті (негізгі, басты, аралық, соңғы) және электртаратушы қораптар, панельдер, жәшіктер және қалқан-тақталар.
Бүгінгі таңда «ЕЛКОС(ELCOS) » ЖШС төменгі вольтті құрылғылар нарығында алғашқы орындардан көрініп келе жатқан кәсіпорындардың қатарында. Сонымен қатар ол «SIMENS»(Германия) -тің ресми дистриюбьюторы әрі «LEGRAND»(Франция) компаниясымен бірлесе, серіктесе жұмыс жасауда.
2004 жылдан бас көтеріп келе жатқан «ЕЛКОС(ELCOS) » ЖШС-
басшылықтың тиімді менеджментін, oзық өндірістік технологиялар мен жоғары білікті қызметкерлерді біріктірудің табысты мысалы болып табылады.
Өнеркәсіптік және азаматтық объектілердің барлық түрлерін толық жиынтықтау мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, « ЕЛКОС(ELCOS) » ЖШС Халықаралық стандарттар бойынша және ҚР заңнамалық талаптарына сәйкес өнім шығарады, атап айтқанда:
- электр тарату құрылғылары мен басқару арматурасын монтаждауға арналған металл қалқандар мен шкафтар, ұяшықтар;
- трансформаторлық жиынтық-қосалқы станциялары;
- модульдік және блокты модульді ғимараттар (БМЗ) ;
- кабельдік науалар мен аксессуарлар;
- металл өрт шкафтары;
- 1000 В дейінгі деректерді беру жүйесіне арналған коммерциялық және техникалық есепке алу деректерін жинау мен өңдеудің жергілікті (жабдық) құрылғысы;
- 1000 В дейінгі төмен вольтты жиынтық құрылғылар;
- телекоммуникациялық шкафтар, металдан жасалған тіреулер;
- металдан жасалған стандартты емес бұйымдар(пошта жәшіктері, терминалдардың корпустары, люктер, қақпақтар және т. б. )
Сонымен қоса, « ЕЛКОС(ELCOS) » өндіріс орны төлем терминалдары, ақпараттық дүңгіршектер(киоскілер) және кез келген нұсқадағы автомат қораптарын өндіреді. Мұнымен қоса, дайын жабдық кез келген интерьердің тамаша толықтырғышы болады. Интернет-терминалдар қорабы өндірісі адам өтімділігі көп орындардың талап тілектеріне сәйкес өндіріледі. Сондықтан, қораптың аса беріктігі мен антивандалдық қасиеті қораптың ажырамас сипаттамасы болып табылады.
Ал, кешенді тарату қондырғысы қорабының орта немесе төменгі бөлігіне жылжымалы элементті орналастыру арқылы табиғаттың төтенше жағдайларына төзімді түрінде жасайды [11] .
Өндіріс орны 110 кВ дейінгі трансформаторлық станцияларды, кешенді трансформаторлық кіші стансаларды, оның ішінде темір жолдарға тартылмалы кіші кешенді стансаларды, модульды жабық түрдегі кіші стансаларды жасап шығарады.
“ЕЛКОС(ELCOS) ”ЖШС толығымен трансформаторлық стансаларды орнату жабдықтау және іске қосу жұмыстарын атқарады. Соған сәйкес, қалыпты сызбалық шешім таңдаса отырып, ТМД-ғы озық жобалау ұйымдарымен бірлесе отырып жобалар жасайды.
Өнеркәсіпте өндірілетін 6, 10, 20 кВ вакуумдық коммутациялық жабдықтар түрлері ауылшаруашылықтағы, өнеркәсіптегі, коммуналды шаруашылықтағы, көлік және басқа салалардағы қолданылатын электрқондырғыларының барлық тоқ жүктемелерінің түрін қамтиды.
Ал, өндірістің модульді ұяшықтарды қолдануы-ашық алаңда жинау және іске қосудағы қауіп пен шығынды азайтады, сенімділікті арттырып, жұмыс құнын төмендетеді.
«ЕЛКОС (ELCOS) » ЖШС Қазақстандағы қалыптан тыс өнімдер өндіретін сапасы жоғары компаниялардың қатарында. Қалыптан тыс өнімдер жасау үшін өнім үлгісі немесе клиенттің техникалық талабы болса жеткілікті. Мысалы: фотокиоск қорабы, UPS үшін аккумулятор қорабы немесе өзге де қондырғылар, өртке қарсы қызмет құрылғыларына қорап, телекоммуникациондық қондырғылар үшін қорап, дизельді генератор қорабы, компьютердің темір аксесуарлары, темірден терезе жапқыштар(жалюзи), киімге немесе мұрағатқа қораптар, қару-жарақ сейфтері, ауабаптағыштарға(кондиционерлер) тіреуіш, үстелдер, құрылысқа ыдыстар, арбалар, көліктер үшін темірден аксесуарлар, жарнамалық стендтер, төлем қызметі аппараттары үшін темір қораптар, тегіс метиздер мен басқа да тұтынушы іздеген темірден жасауға болатын жабдықтар.
«ЕЛКОС(ELCOS) » ЖШС кәсіпорнының мақсаттары:
- Сапалы өнімді сапалы тұтынушыға сату;
- Өнеркәсіпті тоқтаусыз дамыту;
- Халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
- Оқып-үйренуді меңгеріп, оқыту-үйретуді дамыту(тұтынушыларды) ;
- Инженерлік-конструкторлық бөлімді дамыту;
- Жаңа технологияларды игеріп, өз өнімдерін ұсыну;
- Тұтынушы талабынан артық өнім шығару;
- Жоғары сапалы, үнемшіл жүйелер сату;
- Дүниежүзілік брендттермен қарым-қатынаста болу;
- Өнеркәсіптің кірісін үнемі арттыру;
- Қызметкерлердің әлеуметін көтеру;
- Бірнеше жылдық сапалы тапсырыстармен өнеркәсіпті қамтамасыз ету; - Қазақстан нарығын толық игеру;
- Орталық Азия және Кеден Одағы сапалы нарығын игеру болып табылады.
«ЕЛКОС(ELCOS) » ЖШС өнім өндіру процессі жалпы 5 негізгі кезеңді қамтиды, олар:
- Металл өңдеу;
- Полимерлі ұнтақ бояумен жабу;
- Есіктер мен қақпақтарға герметикалық материалды құю;
- Электр қондырғысы және белсенді жабдықты құрастыру және сынау;
- Буып-түю, тасымалдау және қызмет көрсету.
Соның ішінде, полимерлі бояу жұмыстары қарастырылды. «ЕЛКОС (ELCOS) » ЖШС полимерлі бояу жұмысында темір өнім майынан арылтылып, фосфатталып, электростатикалық ұнтақ бояумен боялып, +200 С дейінгі температурадағы процессте болады. Темір өнімдерін бұл түрде бояу, сапасын және әдемілігін арттырады және уақыт өте, өнім түсінің солмауына, оңай сызылмауына және температуралық ауытқуларда сапаның төмендемеуіне әсер етеді. Сонымен қатар, тұтынушылар бояу түсін RAL каталогіне қарап таңдай алады.
«ЕЛКОС (ELCOS) »компаниясы- тұтынушылар мен сатып алушылардың сенімі мен талабына сай болу және де өз кезегінде тұтынушылармен одан әрі өзара тиімді қатынастар құруды басты назарда ұстайды. Сонымен қатар, өнім шығарудың әр кезеңі- жоғары сапалы қызметті қамтитынын қадағалайды. Сондай-ақ, ГОСТ ISO 9001:2011 стандартының талаптарына сәйкестік дәрежесі негізінде тиімділікті анықтау әдісі қолданылады [12] .
«КАБЕЛЬДІ ЛОТОК ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ» ЖАЛПЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ«Сараптама және Сертификаттау Ұлттық Орталығынан (НацЭСк) » алынған Сертификат бойынша сапа жүйесінің маңыздылығы жайлы талдау жүргізілді.
Алынған өнім: Кабельді лоток(науа) . СТ 61975-19101-ТОО-01-2013 стандарты бойынша жасалынған. (2-сурет)
2-сурет. Кабельді науа
Қабырғалар мен төбелер бойымен көптеген қорғалмаған сымдарды тартудың орнына, орнатушылар кабельдерді топтауға, сыртқы әсерлерден қорғауға және оларды қатарға, байламдарға немесе қабаттарға салуға мүмкіндік беретін кабельдік науаларды пайдаланады. Себеттер, қораптар немесе кабельдік баспалдақтар деп те аталады, бұл жүйелер сымдарды бағыттауға және қолдауға арналған. Ғимараттың ішінде монтажшылар науаларды қабырғаға, төбеге бекітеді немесе еденнің астына қояды. Арналарды сыртқы ортада да орнатуға болады, мысалы, теміржол бойында немесе өнеркәсіптік шеберханалар арасында, жер бетінде және жер астында [13] .
Науалар көптеген материалдардан жасалған, олар тесілген немесе толығымен жабық болуы мүмкін және әртүрлі пішіндерге ие, соның ішінде иілген, қатты, баспалдақ және тор.
Желдетілетін науаларда ауа айналымын және суды ағызуды қамтамасыз ететін тесіктер бар. Кейбір өнімдерде сымдарды шашыраудан, құлаған заттардан және шаңнан қорғауға арналған қақпақтар бар, ал ашық ауада қолданған кезде жаңбырдан, жерден, қоқыстан, мұздан және қардан қорғайды.
Баспалдақтар. Баспалдақтың дизайны-ең көп таралған, мұндай арналар төбеге бекітілген жағдайда аралық тіректері немесе J тәрізді ілмектері бар салыстырмалы түрде ұзын жерлерде қолданылады. Олар кабельдерді желдетудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Баспалдақ науасының негізгі функциясы сымдарды қолдау, бірақ бұл дизайн оларды күтіп ұстауды жеңілдетеді. Науа кабель жолын көзге оңай басқаруға мүмкіндік береді және қызмет көрсететін персонал мен электр тогының соғу қаупін азайтады.
Себеттер. Бұлар сым ұяшықтары бар ұзын себеттерге ұқсайды. Себебі, бұндай науалар көбінесе қабырғалардың бойымен орнатылады немесе төбеге ілінеді. Әдетте, олар ұнтақ немесе мырыш жабыны бар болаттан жасалады. Ашық дизайн ауаның қабырғалардан оңай өтуіне мүмкіндік береді және кабельдердің жақсы желдетілуін және салқындауын қамтамасыз етеді, қызып кетудің алдын алады. Сонымен қатар, азық-түлік, химия өнеркәсібі немесе дәріханада гигиеналық нормалар талап етілгендей, сым науаларын тазалау оңай келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz