Ләйлі-Мәжнүн дастаны жайлы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ғашықтықтың шырмауына түсіп, отына өртенген Мәжнүнді Меккеге де апарып көреді. Бірақ одан да нәтиже болмайды.

«Шығарма Ләйлі дертін жүрегімнен,

Айырма ғашық отын сүйегімнен.

Зарлатып, өмірімде күйіп-жанғыз,

Өзімнің болды дейін тілегімнен», - [7, 362] деген жолдармен ақын дастанның желісін аяқтайды. Дегенмен де шығыс ақындары Низами, Физулилер жырлаған дастандардан өзгешелігі бар. Мәселен, Низами қалдырған нұсқада шығарманы жазушы авторға қаратып айтылған көлемді толғаудан басталса, ал Физулидің нұсқасында ең алдымен қара сөзбен жазылып кіріспе ұсынылады, сосын барып өлең жолдарымен дастан да басталады. Шәкәрімнің нұсқасында бұл дастаннан адам баласына қажетті асыл қасиеттер, сүйіспеншілік, ізгілік туралы айтылып, дастанның жазылуы туралы мәлімет келтіреді. Осылайша бір ғашықтық дастанның шығыс ақындары мен Шәкәрімнің нұсқасында айырмашылық бар екенін, бірақ дастанның негізгі идеясының сақталғандығын байқай аламыз. Шығыс ақындары, атап айтқанда Науаи, Сағди, Шәмси, Физули, Сайқали, Хафиз, Фирдоусилердің, шығармаларының ерекшелігін көрсетіп, есімдеріне құрметпен қарайды.

Бұл ғашықтың дастанның бірнеше үлгісінің басты айырмашылығын оқиғаның басталуынан-ақ байқауға болады. Шәкәрімнің ұсынған нұсқасында оқиға желісі қос ғашықтың дүниеге келуінен басталады. Олар сол бүлдіршін кездерінен-ақ бір-біріне ғашық болады. Махаббат хикаялары олардың мазасызданып жылай беріп, аяқ астынан кездейсоқ кездесіп қалған сәттерінен бастау алады. Шығыс ақыны Физулидің нұсқасында екі ғашық мектепке барған кезде ғашық болады. Шәкәрім екі бүлдіршіннің жолығуын ұлтымызға жақын болмыспен сипаттайды. Жылаған баланы көтергенде кемпірдің суалған омырауынан сүт шығуы қазақ фольклорына тән екені белгілі.

«Қайысты кемпір алып сүйіп еді,

Тал бойы жас балаға иіп еді.

Жіберді сүт сорғалап емшегінен,

Баланың қолы барып тиіп еді» [7, 370] .

Шәкәрім бұл ыстық ықылас пен ана болудың құдыреттілігін осылайша эмоцияға толы әсерлі күйде одан сайын аша түседі.

Сондай-ақ, ұл баланы емізер кезде сүті дайын болады да, кезек қызға келгенде омырау қайтадан тас емшекке айналады. Осылайша автор қарапайым ғана жолмен шығармадағы халықтық этиканың белгілерін анықтай түседі.

«Қайысқа және емізсе сүті дайын,

Кетеді бұлақ болып сорған сайын.

Дегенде қыз еметін дәнеме жоқ,

Қайран боп біле алмады мұның жайын.

Бұл кемпір ұрғашыдан туған зерек,

Кісі екен оқымысты жөні бөлек.

Екеуін бір емшектен емізбеске

Алланың бір хикметі болса керек» [7, 355] .

Автор поэманың басты кейіпкерлері қос ғашықтың бейнесін сипаттауда да ерекшелік көрсетеді. Шәкәрім бұл кейіпкерлердің бейнелерін портрет арқылы көрсетпейді. Ләйлә мен Мәжнүннің бейнесін оқырман қауым олардың бір-біріне деген шексіз сезім мен кіршіксіз махаббаттарының оқиға бойы дамып отыратыны арқылы елестетеді. Олар осылайша бейнелң мағынада беріледі.

Келбеті бұл баланың өзгеден жат,

Бір көрсең көргің келер неше қабат.

Бетінде бек сүйікті бір нұры бар,

Қыласың ықтиярсыз шын махаббат, [7, 360] - деп дастан жолдарынан келтірілген үзіндіде Қайыстың ерекшелігін, сипатын «бір нұры бар» деген бір ауыз сөзбен ғана айшықтай жеткізеді.

Дүние есігін енді ашқан жас сәбидің былайша шырылдап жылауы «бір жүректегі қайғы» сөздерімен махаббатың терең әрі шексіз екенін білдірмей ме? Автор оқиғаны ары қарай қызықты және күрделі бағытта дамыта түседі. Жалғыз ұлдарының әйтеуір тынышталып, жылағанын қойғанына риза болып, көңілдері орнына орныққан ата-атасы тас емшегін жібітіп баланы ақ сүтімен емізген қарт кемпірге «сүтақы» береді. Қайыстың ата-анасының кейуанаға бұлай құрмет көрсетуі де қазақи ұстанымға сондай жақын екенін байқауға болады.

«Мал аяр деп ойлама, тартынбай айт,

Бәйбіше, сүт хақына қанша аласың?» [7, 369] - деген жолдарда кемпір де «Қайысқа менің сүтім қарыз емес» деп жауап береді. Шығыс ақындарының нұсқаларында сүтақы туралы әрине ұғым жоқ. Мұндай қазақ ұғымына тән детальдар ғашықтық дастанның көркемдік калоритін одай сайын қанықтырып, Шәкәрімнің өзіндік қолтаңбасы ретінде ерекше көрініс табады. Кейуананың жұмсақ мейірімге толы жүрегінің арқасында қос ғашық жастайынан қол ұстасып бірге өседі. Мектеп қабырғасын да бірге аттайды. Екеуі бірін-бірі көрмесе бір сәтке тағат таппайтын халше ұшырайды. Екеуінің бір-біріне деген сезімдері кіршіксіз пәк. Оларға сырттан ешкім де өз зияны мен кедергісін тигізе алмайды. Қаншама қиын сәттерді бірге бастан өткерген кейіпкерлердің жүректері бірге соғады. Ғашықтықтан құса болып, қаза болса да олар ана әлемге құшақтары өзара айқаса бірге аттанады. Мәжнүнмен кездесуге өзіне тыйым салған анасына былайша жауап қатады:

«Әжеке-ау, ғашық деген қандай жұмыс,

Білмеймін мағынасын, айтшы дұрыс.

Оқуды ғашық деген оқығам жоқ,

Ұқтырып бұл сөзіңді байқап ұрыс, » - дейді [7, 376] .

Ғашықтықтың ғажайып сезім екенін әлі толық сезінбесе де, Ләйлә махаббатына адалдықпен, таза жүрекпен қарайды, сол тар жолда соңына дейін аянбай тер төгіп, тағдыр сынымен күресуге бел буады.

Зерттеп қарайтын болсақ, бұл дастанның басты кейіпкерлері қазақтың ғашықтық жырларымен, поэмаларымен ұштасып жатқандай. Шәкәрімнің бұдан ертеректе жазған өзге поэмаларына көз жүгіртсек. «Қалқаман-Мамырдағы» кейіпкерлер, «Еңлік-Кебек» дастанындағы Еңлікпен және Кебекпен өзара тағдырлас тәрізді. Ләйләнің өзі бұрынырықта өмір сүрген бойжеткен емес, Мамыр мен Еңліктің сырласы, жақыны көрінеді. Бұл кейіпкерлердің қайсысын алсақ та кіршіксіз сезімнің, шексіз махаббатың символдары десе болғандай.

Автор бұл дастанды әлеуметтік тұрғыдан да қарастырады. Қос ғашықтың сезімінің қоршаған ортамен, қауымның психологиясымен, моральдық нормалармен қалай үндестік табатынына ден қойған. Кейіннен оқырман қауымға, әсіресе ғашықтықтың отына шырмалған жастарға, келешек ұрпаққа үлгі боларлықтай, тағылым алатындай пәлсапалық байланысты да табуға көңіл аударады.

Низами мен Физули нұсқаларында екі ғашықтың бірге болуына өз әсерін тигізген алғашқы кедергі ол-екеуінің бірге өмір сүруіне тыйым салған ата-аналары. Шәкәрім сюжеттің осы тұсын айтып қана қоймай, оны көркемдік тәсілдермен жыр жолдарында жаңғырта жырлайды.

«Ғашықтық өсе берді барған сайын,

Бұлардың әркім білді осындайын.

Ләйліні жібермеді сабағына,

Шешесі естіген соң қыздың жайын», - деп қызының мектепке баруына тыйым салады, Мәжнүнмен кездесуіне шектеу қояды.

«Он үшке жаңа келдің, балам, - деді,

Сөзім бар айтатұғын саған - деді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Ш. ҚҰДАЙБЕРДИЕВТІҢ ЛӘЙЛІ-МӘЖНҮН ДАСТАНЫ – НӘЗИРА ҮЛГІСІНДЕ ЖАЗЫЛҒАН ТӨЛ ШЫҒАРМАСЫ
Шәкәрім Құдайбергеновтың өмірі мен шығармашылығы
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі нәзиралық шығармалар
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны
Шығыстық ақын - шайырлардың қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы
Низами Гәнжауи тағылымы - тәрбие тәлімі
Әдебиетіміздің тарихында елеулі орны бар ақындарымыздың бірі - Шәкәрім
ЕСКІ ҚЫПШАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҒАШЫҚТЫҚ САРЫНДАР
Ортағасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz