Сүт өнімдерін өндірудегі биотехнологиялық әдістер


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Биотехнология - процесс барысында микроағзалардың, оқшауланған жасушалардың немесе олардың құрам бөліктерінің биохимиялық əрекетін пайдалана отырып, халық шаруашылығына жəне адамзат тіршілігінің əртүрлі салаларына бағытталған бағалы өнімдерді алу.
Биотехнология - бұл адамның қатысымен ұйымдастырылған, белгілі бір өнім алуға бағытталған микроағзалардың іс-əрекеті.
Қазіргі уақытта биотехнологияның басты мақсаты - өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұкымын, микроорганизмдердің штаммаларын шығару. Оны адам өміріне қажетті заттар өндіру үшін биологиялық нысандар мен процестерге негізделген жаңа ғылымның және өндірістің сапасы деп қарауға болады.
Биотехнология - 21 ғасырда дамып келе жатқан ғылым саласының бірі болып табылады. Еліміз экономиканы индустрияландыру ғана емес, ақыл-ойға жүгінетін инновациялық дамуды да қолға алуда, содан бері көптеген жұмыстар атқарылып, биотехнология өндірісі Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Бірақ бұл үшін тиісінше қаржыландыру, қазіргі заманға сай құрал- жабдықтар және ең бастысы, күшті ғылыми әлеумет керек.
Биотехнологияның дамуы Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуіне септесетіні сөзсіз. Ол емделудің тиімдірек жолдарын ұсынуға, сапалы тағаммен қамтамасыз етуге, жанармайдың қазба көздеріне тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.
Биотехнология тағам өнімдерінің сапасын қалыптастыруда маңызды роль атқарады, әсіресе сүт өнімдерін өндіру кезінде жоғары болып табылады. Сүтті ұқсату және сүт өнімдерін өндіру кезінде сүттегі лактозаның ыдырауы негізгі роль атқарады. Латоза сүтқышқылды бактериялар, пропионқышқылды және сіркеқышқылды бактериялардың қатысуымен моносахаридтер мен пировиноград қышқылына ыдырайды. Сүт қышқылды бактериялар мен протеолитикалық микроағзалардың қатысуымен сүт ақуыздары ыдырайды. Липолитикалық бактериялар сүттегі липидтерді ыдыратады. Осы процестердің бағаты мен белсенділігіне байланысты өнімнің сапасы тәуелді болып табылады.
Биотехнологиялық процестер сүт өнімдерінің сапасын арттыруда негізгі рөл атқарады. Бүгінде экономикадағы күрделі жағдайға және халықаралық жағдайдағы өзгерістерге байланысты агроөнеркәсіптік өндіріс салаларында, оның ішінде сүт саласында сапалы өсуді қамтамасыз ететін жаңа тәсілдер қарастырылуда.
Сүт өнімдері - халық тарапынан әр уақытта сұранысқа ие болатын, денсаулыққа пайдасы мол тағам. Лактобактериялардың ферментативтік қасиеттерін жете меңгерсек, сүттің сапасын, өнімділігін біршама жоғарылата аламыз.
1 "Тамақ өнімдері мен қайта өңдеу өндірісі технологиясы және биотехнология" кафедрасының тарихы
ТарМУ тарихы «1998ж. облысымыздағы үш жоғары оқу орнының бірігуіне негізделеді, оның бірі облысымыздың жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын білікті мамандармен қамту мақсатында Қазақ химия-технологиялық институтының филиалы ретінде 1958 жылы ашылған, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібінің технологиялық институты еді.
1963ж. филиал Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты болып қайта құрылды.
Химиялық кафедраларды жабдықтау және білікті мамандармен қамту бойынша жас институттың құрылуына орасан зор үлесін қосқан, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент ЖЖТӨТИ тұңғыш ректоры Хамза Сеитұлы Сеитовты, ҚазХТИ ректоры, академик Сұлтан Таширбаевич Сулейменовты үлкен құрметпен еске аламыз.
Біз ЖЖТӨТИ кейінгі ректорлары химия ғылымдарының докторы, профессор Тасболат Марденович Мухаметкалиев, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Өскенбай Қабылбекұлы Мадиевке үлкен құрмет пен шексіз алғысымызды білдіреміз. Олар институттың қарқынды дамуына үлкен үлес қосты.
ТарМУ тарихының қалыптасуымен бірге, кафедралардың дамуы да қатар жүрді. Олардың статусының, материалды базасының, ең құнды болып саналатын - мамандар потенциалының барлық дәстүрлерімен бірге бекуі, бұрынғы институттардың, ал содан соң университеттің дамуымен қатар жүрді.
Көне кафедралар бірінің қызметі ЖЖТӨТИ - Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының құрылу күнінен басталып, 45 жылдық тарихымен сипатталады.
Филиал Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтына қайта құрылған соң, 1963ж. Александр Пантелеймонович Постников басқарған «Астықты сақтау және қайта өңдеу технологиясы» кафедрасы құрылды. Кафедраға Шымкент химия - технологиялық институтының тамақ факультетінен ауыстырылған білімгерлермен қатар, Салия Абдловна Бекирова, Назия Султановна Беркутова, Слима Яковлевна Керман атты оқытушылар да келді. Олар кафедрада мамандар дайындауға үлкен үлестерін қосты. Жоғары оқу орнының алғашқы түлектері, үлкен өмірге жолдама берген осы оқытушыларды асқан құрметпен еске алады.
1964ж. «Астықты сақтау және қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша білімгерлер контингенті әрбір курста 125 адамға дейін жетті, осыған байланысты кафедраны жоғары білікті мамандармен толықтыру қажет болды, сөйтіп кафедраға Алтай политехникалық институтынан т. ғ. к. Вадим Константинович Мельников және Эльвира Павловна Мельникова, т. ғ. к. Евгения Петровна Сулимцева мамандары шақырылды.
1965ж. кафедраның ары қарай дамуы және ЖЖТӨТИ басқармасы оқытушылық құрамының бекуі мен өсуі үшін бұрынғы Кеңестер Одағыныңәр түрлі ЖОО-нан және кәсіпорындарынан, оның ішінде Мәскеу тамақ өнеркәсібінің технологиялық институтынан т. ғ. к., профессор Олег Самойлович Воронцов та шақырылды. Ол кафедраны басқарды, күрішті сақтау және қайта өңдеу технологиясын зерттеу бойынша ғылыми зертхананы ашты.
Осы арада ғылыми зерттеулерді дамыту мен жоғары білікті ғылыми кадрларды дайындаудың өткір қажеттілігі пайда болды. Бұл мақсатта 1968ж. О. С. Воронцов басшылығымен «Астықты сақтау және қайта өңдеу технологиясы» мамандығы негізінде аспирантура ашылды. Сол жылы қабылданған және соңынан кандидаттық диссертацияларын Мәскеу тамақ өнеркәсібі институтының Еңбек Қызыл Ту Орденді Кеңесінде табысты қорғаған алғашқы аспиранттар: Налеев О. Н., қазір т. ғ. д., профессор (Алматы қ. ), Горбатовская Н. А. - М. Х. Дулати ат. ТарМУ т. ғ. к., профессор, Марценюк В. В., Мельникова Э. П., Юрченко Ю. П., Лавринович Ю. И. кафедраның құрылуы мен дамуына орасан зор үлес қосқан. Постников А. В. (Болгария), Кешаниди Х. Л. (Краснодар қ. ) кандидаттық диссертацияларын еліміздің басқа жоғары оқу орындарындағы аспирантураға түсіп, қорғады.
Соңғы уақытта кафедраның аталуы өзгерді, көршілес кафедраларға бөлінді де, бірақ астық өңдеу және тамақ өнеркәсібі үшін жоғары білікті мамандарды сапалы дайындау сол қалпында қалды. Өткен жылдарда бірнеше мыңдаған мамандар дайындалды, олар Қазақстанның барлық аумағында, шет елдерде: Ресейде, Украинада, Германияда, АҚШ-та, Ұлыбритания мен т. б. елдерде табысты еңбек етуде. Олардың ішінде тамаша ғалымдар, атақты фирмалардың, өндірістік ұжымдар мен мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің, облыстық және қалалық маслихаттардың депутаттары да бар.
Біздің түлектер саясат, экономиканы басқаруда күрделі мәселелерді шешуге қатысуда. Олардың бәрін кафедраға деген ыстық сезімдері мен кафедраның қалыптасуына өз үлестерін қосқан Постников А. Г., Керман С. Я., Кешаниди Х. А., Марценюк В. В., Сулимцева Е. П., Юрченко Н. П., Лавринович Ю. П., Островская Л. К., Умирзакова С. К., Мохначева А. И., Горбатовская Н. А. және т. б білікті оқытушыларға деген алғыс сезімдері біріктіреді. Бұл мамандардың тәжірибесі, ақылы, өз жұмыстарына деген жауапкершілігі жас оқытушыларға да білімгерлерге де беріліп отырды.
1971 жылы кафедраны т. ғ. к Толкачева Е. В басқарды. Куйбышев қаласынан арнайы шақырылған бұл маман үлкен өндірістік тәжірибесі бар, өнегелі ұйымдастырушы бола білді. 1972 жылы кафедра мамандықтар бойынша екі кафедраға бөлінді. Бірі т. ғ. к., доцент Мельников Е. В басқарған «Астықты сақтау және элеватор қойма шаруашылығы» кафедрасы болды, екіншісі, Толкачева Е. В басқарған «Астықты өңдеу технологиясы» кафедрасы болды. Олар оқытушылар мен бірге кафедраның өркендеуіне және жоғары білікті маман даярлауда өз үлестерін қосты, тәлім алған білімгерлер бүгінгі таңда жоғары деңгейге көтеріліп, білім берген оқытушыларын жылы сезіммен еске алуда.
Жылдар өте берді, кафедрада көп өзгерістер болды. Бірақ, кафедра меңгерушілер мен оқытушылар құрамын әрдайым есте сақтау қажет, себебі, Қазақстанның ауыл шаруашылығына қажетті мамандар даярлауда өз үлестерін қосқаны сөзсіз. Кафедраны басқарған меңгерушілер арасында т. ғ. к., дооцент Марценюк В. В болды. 1983-1994 жылдар арасында 11 жыл бойы т. ғ. к., дооцент Горбатовская Н. А басқарды. 1994 жылы кафедраны т. ғ. д. Спандияров Е. С. басқарды. Жоғары білікті мамандар даярлау мен қатар, өз кафедрасына т. ғ. д. Спандияров Е. С. жаңа техника ғылымдарының кандадаттарын (Саржанова Г. Ш., Мелдебеков Ш. С., Мынбаева А. Б) және т. б оқытушылар дайындады.
Бүгінгі таңда кафедра құрамы жас мамандармен толықты. Кафедраны т. ғ. к., доцент Кенжеходжаев М. Д басқарады. «Азық-түлік өнімдері технологиясы» кафедрасы 050727- «Азық-түлік өнімдері технологиясы», 050728-«Өңдеу өндірісінің технологиясы» және 050701-«Биотехнология» мамандықтарды бакалавриат, магистратура, РhD докторантура көп деңгейлі оқу дейгейі бойынша дайындайды. 60%-ға жуық оқытушылар ғылыми дәрежелер мен атаққа ие, 40% -ға жуығы магистр атағына ие. Кафедраның ПОҚ Университеттің жоғарыда келтірілген барлық шығармашылық жұмыстарына қатысып, өздерінің бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандар даярлауда интеллектуалды потенциалын және тәжірибесін шыңдай түсуде. Кафедраның ПОҚ тамақ және өңдеу өндірісі негізгі даму бағыттарын айқындайтын, таңдау бойынша курстартарды іріктеуде, мамандықтарға арналған оқу жоспарларын құрастыруда шығармашылық деңгейде орындайды. Әрдайым мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу-әдістемелік құралдар қоры толығып отырады. Оқу процессімен қатар, кафедраның ғалымдары мемлекеттік бюджеттегі ҒЗЖ, сонымен қатар, салалы мемлекеттік бағдарламалар орындауда. ҒЗЖ -ның бағыттары өңделген дәнді-дақылдар негізіндегі жаңа ғасыр тамақ өнімдерін дайындауға техника және технология жасауға арналған. Оларға нан, қантты және ұнды кондитер өнімдері, құрғақ ұлттық концентраттар жатады. Бұл өнімдерге технологиялық инструкциялар мен технологиялық регламенттер құрастырылған. Соңғы 6 жыл ішінде аспиранттар, магистранттар және білімгерлер мен біріге отырып, 8 тәжірибелі-эксперименталды қондырғылар құрастырылып, алдын-ала патент алынды. Бұл сепарация қондырғылары дәнді-дақылдарды қабықсыздандыруға және сыртқы бетін өңдеуге, астық массасын қоспалардан тазартуға арналған. Бұл қондырғылар оқу процессіне енгізіліп, тамақ және өңдеу өндірісі саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізуге пайдалануда. Қазіргі кезде кафедра ғалымдары Наноинженерлік зерттеу әдістерін (НЗӘ) игеруге қатысуда.
- Биотехнологияны дамытудағы перспективалар және қазіргі жағдайы.
Биотехнологияның даму дәрежесі бойынша АҚШ-тан кейінгі орынды Жапония алады. Бұл ел биоиндустрияның дәстүрлі салаларында көшті позицияны ұстана отырып, АҚШ-тан ең жаңа биотехнологиялық әдістерді қолдану жағынан артта қалып отыр. Алайда, бұл елде биотехнологияның дамуы мемлекеттік және жеке секторлардың тығыз ынтымақтастығы арқасында жүргізілуде және биотехнологиялық бағдарламалар үкіметтің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады. Келесі биотехнологияның қарқынды дамуы Батыс Еуропа елдерінде байқалады. Болашақта бұл елдер осы саладағы қызметтерін үйлестіре отырып, биотехнологиялық өнімдер нарығының конъюктурасына айтарлықтай ықпал етулері әбден мүмкін.
Енді биотехнологияның Қазақстанда дамуы туралы сөз қозғалық. Қазақстан өз биотехнологиясын дамыту-дамытпауынан тәуелсіз, жаһандану жағдайында әлемдік биоиндустрия өнімдерін қолданары анық. Алайда, Қазақстан дамыған елдердің тәжірибе жүргізетін лабораториясына айналмауы тиіс. Келеңсіз салдарға жол бермес үшін сенімді қорғаныс орнату қажет, ал бұл үшін Қазақстанның импорттық және отандық 69 биотехнологиялық өнімдерді қадағалайтын жоғары білікті бақылау мен сараптамалық арналары болуы тиіс. Биотехнология саласындағы басымдылыққа ұмтылу барысында Қазақстан өз экономикасының дамуындағы ерекшеліктері мен перспективаларын ескеруі қажет.
Қазақстанды, бүгінгі таңда, біз биотехнологиясы жете дамыған елдер қатарына қоса алмайтынымыз ащы да болса шындық. Қазақстан - еңсесін енді көтеріп келе жатқан ел. Жақын болашақта айтылған кемшіліктердің, алға қойылған мәселелердің шешілері анық. Ал елімізде биотехнологияның дамуын жүзеге асыру үшін қазіргі таңда мемлекет тарапынан қолдау табуымыз қажет. Шет елдердің білікті мамандарымен тәжірбие алмасу аясын кеңейтіп, білімді де білікті кадрлар даярлауымыз керек. Мемлекет жәрдемімен қаржыландыру мәселесі де шешілгені жөн. Биотехнология - бұл жаңа заман талабы, жаңа заман ғылымы. Биотехнологияны дамыту арқылы өндірістік - технологиялық, әлеуметтік - экономикалық, экологиялық проблемаларды шешуді жолға қою қажет.
Жиі кездесетін және қысқа мерзімді міндеттерді шешуден басқа, биотехнология ұзақ мерзімді проблемаларды шешудің, дәлірек айтқанда, орны толмас қорларды пайдаланудан гөрі жаңартылған шикізатты пайдалануға көшуді қамтамасыз етудің құралы. Бұл уақыт талабына сай, табиғи минералдық қорлардың азаюына, жершары ауа райының өзгеруіне және халық санының өсуінен туындаған жаһандық геосаяси міндет, және де оны жалпы адамзат атаулы, әсіресе жекелеген мемлекеттер бірігіп шешуі тиіс. Әлемдегі дамыған елдер тиісінше биотехнологияны дамытудың бағдарламаларын ендігі бекітіп те үлгерді. Әлемдік қаржы орталықтары, мемлекет басшылары, атақты ғалымдар мен сарапшылар, жұртшылық биотехнологияның алдағы жүз жылдықта шешуші рөл атқаратынын баяғыда-ақ мойындағанын айта кеткен жөн. Бұл туралы осы салаға бөлінген қомақты қаржы салымдары, биотехнологиялық өнімдер рыногының қарқынды өсуі осыны растайды. Әлемде биология мен өнеркәсіптік биотехнологияға негізделген «биоэкономика» («bio-based economy») термині де қалыптасты.
Еуроодақта жан-жақты үйлестірілген, жан-жақты қамтылған Биотехнологияны дамыту стратегиясы жүргізілуде. 2001- 2009 жылдар ішінде оны іске асыру үшін 30 млрд. евродан астам қаражат бөлінген болатын. 2010 - 2013 жылдарға тағы да 50 млрд. қаражат бөлу жоспарланған. 2020 жылға қарай Еуроодаққа кіретін мемлекеттердің химия өнеркісібінің 20 пайызға дейінгі қуаттары биошикізатпен жұмыс істейтін болады. Швеция 10-12 жыл ішінде биоотынға көшіп, мұнай өнімдерін пайдаланудан толықтай бас тартпақшы.
Сурет 1. Биотехнологилық процесс
Еліміз экономиканы индустрияландыруды ғана емес, ақыл-ойға жүгінетін иновациялық дамуды да қолға алуда, содан бері көптеген жұмыстар атқарылып, биологиялық өндіріс саласының қарқынды жаңа технологияларын әзірлеу және қолда бар технологияларды жетілдіру қажет.
Биотехнологияны дамыту Қазақстан үшін де өте маңызды. Елімізде ауыл шаруашылығы өндірісінде 2, 4 млн. адам, тамақ өнеркәсібінде 1, 2млн. адам жұмыс істейді. Адамдардың сырқаттану деңгейі артып, жүрек тамыр, қатерлі ісік және т. б. аурулар кең тараған. Көптеген өнеркәсіп аймақтарында экологиялық жағдай өте асқынып кеткен. Сондықтан, биотехнологияның дамуы біз секілді болашақ жас дәрігерлер үшін өте маңызды.
Қазіргі таңда халық санының күрт өсуіне байланысты туындаған азық-түлік тапшылығы, энергия көздерінің және табиғи байлықтардың азаюы, адамдар арасындағы әртүрлі аурулардың көбеюі, қоршаған ортаның ластануы осындай заман ағымынан туындаған өзекті мәселелердің бірталайын, қазіргі кездің өзінде биотехнология ғылымы ұсынған әдістер арқылы шешу мүмкін болып отыр.
Биотехнологияның қарқынды түрде дамуы азық-түліктердің жаңа түрлерін, әртүрлі ауруларға қарсы медициналық дәрі-дәрмектер, альтернативті энергия көздерін алу ауыл шаруашылығында өсімдіктердің зиянкестерімен күресу мен жаңа сұрыптарын шығару, мал өнімдерін арттыру және экологиялық апат салдарымен тиімді күресу әдістеріне қол жеткізуіне мүмкіндік тудырады. Мысалы, медицина саласының өзінде жаңа технологиялар, әртүрлі вакциналар, рекомбинантты ДНҚ өнімдері болып табылатын медициналық дәрі-дәрмектерін, атап айтқанда ДНҚ-сынамаларын зерттеу, ДНҚ-дарының белгілі ретпен орналасуын білу арқылы, гендік деңгейде кездесетін мутацияларды анықтауға болады.
Сурет 2. Биотехнология негіздері (ресурстық)
Бүгінгі биотехнология саласы ғылыми-техникалық прогресстің қуатты қозғаушы күші болып келе жатыр. Сонымен қатар, биотехнологияны пайдалана отырып, экономика жағынан маңызды заттарды шығаратын өндірістің ерекше бір саласы болып қалыптасуда. Демек, азық-түлік, фармацевтикалық, химиялық өнеркәсіптері мен ауыл шаруашылығының болашақта дамуы биотехнологиясыз мүмкін емес.
Биотехнологияның жақын болашақтағы перспективаларын жарнамалық және ғылыми негізделген деп бөлуге болады. Кеңінен жарнамаланған жобаларға, мысалы, "жастық таблеткалары" кіреді - олар нарыққа 2022 жылға дейін шығаруға уәде береді. Алайда, скептиктер алхимиядан бері мұндай сенсациялар көп болды дейді. 3D принтері матрицаға қоректік ерітіндімен жасуша дақылдарын жағып, жасанды мүшелерді қалыптастыратын нақты көрінеді.
Биотехнологтардың алдында көптеген шешілмеген технологиялық міндеттер тұр. Адамдардың қажеттіліктерін жасушалық және гендік-инженерлік әдістермен қамтамасыз ету үшін биологиялық организмдерді өзгертуге болады. Мысалы, өнімдердің сапасын жақсарту, өсімдіктердің жаңа түрлерін алу және жануарларды өзгерту, тірі организмдерге қажетті қасиеттер беру және гендік инженерия, жасанды іріктеу, будандастыру әдістерімен жаңа дәрі-дәрмектер жасау. Алайда, биотехнолог ретінде жұмыс істеу үшін сіз генетика, молекулалық биология, биохимия, жасуша биологиясын ғана емес, сонымен қатар ботаника, химия, математика, Ақпараттық технологиялар, Физика және басқаларын білуіңіз керек. Шамамен айтқанда, биотехнологтар-бұл жаратылыстану және нақты ғылымдар саласындағы инженерлер.
Сурет 3. Биотехнологиялық зерттеу әдісі
Биотехнология, атаудың барлық жолдары мен инновацияларына қарамастан, ғылым ұғымы әлі қалыптаспаған кезде пайда болған ежелгі салалардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда биотехнологиялар осы Тұжырымдаманың кең мағынасында тірі организмдерді пайдалану мүмкіндіктерін зерттеудің ең перспективалы және перспективалы бағыттарының бірі болып табылады.
ХХ ғасырда биотехнологияның дамуы жаңа түрге және көптеген бағыттарға ие болды-атап айтқанда, олар адамның экономикалық және экономикалық қызметінің басқа салалары мен салаларына әсер ете бастады. Айта кету керек, ашыту және микробиологиялық өнеркәсіптің белсенді дамуы бізге әр адамның өмірін едәуір жақсартатын жүздеген, мыңдаған әдістер мен препараттарды берді: антибиотиктер, тамақ концентраттарын өндіру, сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлардан алынатын өнімдердің ашытуына бақылау жасау мүмкін болды, бұл азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Алғашқы антибиотик-пенициллинді бөлу және тазарту 1940 жылы ғана мүмкін болды, сонымен бірге биотехнологияның бүкіл саласын жаңа деңгейге көтеріп, жаңа міндеттер қойды, мысалы: микроорганизмдер шығаратын дәрілік заттарды өндіру технологияларын іздеу және дамыту, пациенттің дәрі-дәрмектерді қабылдау кезінде қауіпсіздік деңгейін төмендету және арттыру бойынша жұмыс және т. б әрі қарай. Бүгінгі әлемде биотехнологиялар іс жүзінде инженериямен (оның ішінде гендік), энергетикамен, медицинамен, ауыл шаруашылығымен, экологиямен және басқа да көптеген салалармен және ғылыми ой бағыттарымен тығыз байланысты. Соңғы 100 жыл ішінде барлық бағыттардағы үздіксіз прогрестің арқасында Биотехнологиядағы міндеттер спектрі мен оларды шешу әдістері айтарлықтай өзгерді. "Жаңа" биотехнология гендік және жасушалық инженерияның өте дамыған және жоғары технологиялық әдістеріне негізделген, олардың көмегімен көптеген күрделі операциялар жасалады, соның ішінде.
Биотехнологияның және басқа ғылыми салалардың қиылысында ең қызықты және күтпеген шешімдер пайда болуы мүмкін, бұл әртүрлі тірі организмдердің әлеуетін тереңірек тануға және пайдалануға мүмкіндік береді. Нәтижесінде біз алатын процестер туралы көбірек білеміз:
- Материалдар мен композиттер
- Отын және синтез әдістері
- Дәрілік препараттар мен вакциналар
- Ауруларды, оның ішінде генетикалық негізделген ауруларды диагностикалау және алдын алу әдістері
- Қартаю процестері туралы айтпағанда, белгілі бір мағынада Биотехнология әлемінің "философиялық тасы "болып табылады, көптеген қарапайым және кешірімді, нақты өмірде оның тәжірибесімен қолданудың" қарапайым " перспективалары бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz