Ғылым тарихы мен философиясының дамуының әлеуметтік мәні



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХННОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ЖӘНЕ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КАФЕДРАСЫ

ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ
ПӘНІ БОЙЫНША №3 МОӨЖ МӨЖ

Тақырыбы: Ғылым тарихы мен философиясының дамуының әлеуметтік мәнін көрсетіңіз

----------------------------------- -----------------------------------
Орындаған:Машенов Айбар Нурманулы
Химия мамандығының
1 курс магистранты
--------------------

Тексерген:
Сулейменов Пірімбек Мұханбетұлы
сяси ғылымдарының кандидаты, доцент

Алматы, 2021

Ғылым тарихы мен философиясының дамуының әлеуметтік мәнін көрсетіңіз
Бүгінгі әлемде қоғам дамуының басты ерекшелігі - дүниені танудағы жаңа ашылымдар мен жетістіктер негізі. Адамның ойлап табу қызметінің нәтижесінде қоғам пайда болуымен қатар техника, одан кейін ғылым дүниеге келді. Қазір постклассикалық емес ғылымды қалыптастыру өтіп жатыр. Олар өздеріне Батыс және Шығыс мәдениетінің эвристикалық потенциалын және жүйеленген математикалық жаратылыстану жетістіктерін игеруде. Бір жағынан өмірге биотехнология жаңа қарқынмен қадам басса, екінші жағынан, компьтерлік, ақпараттық революция басталуда. Тағы бір мәселе - экологиялық, энергетикалық, демографикалық революцияны қалай тоқтатсақ дегенге келіп саяды.
Бүгінгі таңдағы адамзат тап болып отырған жағдайды жете түсіну үшін ғылым және техника тарихының маңыздылығын түсінуіміз қажет. Осы тұста мынадай философиялық қағида айқындалады: "құбылысты терең түсіну үшін оның даму тарихы мен пайда болуын білуіміз керек". Тағы бір айтып кететін нәрсе, бүгінгі әлемде ғылым біздің болмысымыздың, біздің өміріміздің барлық тұсына араласуда. Демек, ғылым көп аспектілі, көпжақ әлуметтік феномен . Бұл жаңа білімді алу мен қалыптастырудағы зерттеушілер еңбектері болып табылады. Ғылым - адам қызметінің жемісі. Бұл дегеніміз абстрактілі-логикалық формада көрініс алған объективтіақиқатты білімдер жүйесі. Ғылым - танымның терең және толық формасы тұрғысында да көрініс алады. Атақты зерттеуші-философтар Степин В.С., Горохов В.Г., Розов М.А. айтып өткендей білім өндірісі өзінде құбылыстарды оқыту үшін экспериментальдық құралдарды (аспаптар, қалыптар), зерттеу тәсілдерін; монографиялар мен мақалалар жазумен, ғылыми зерттеулермен айналысатын адамдарды; ғылыми мекемелерді (лабороториялар, институттар) жүйелейді; Білімнің бұл жүйесі мәтіндер, сондай-ақ конференциялар, дискуссиялар, ғылыми экспедициялар түрінде тіркеледі. Ғылым ұғымының мазмұнын және оның эволюциясын сол ғылымды нақты анализдеу негізінде, сондай ақ ғылым мен мәдениет, қоғам мен табиғат арасындағы терең байланыс жүйелері арқылы ашуға болады. Ғылым тұтас мәдени-тарихилық байланыста ғана өмір сүреді, дамиды. Ғылым - бұл мәдениет құбылысы. Ғылыми таным қоғам дамуымен мәдениет сипаттамасына ықпал ететін мәдени шығармашылық аспектілерін түсіндіреді.
Ғылымның пайда болуы - күрделі және көпжақ үдеріс. Ғылым бірқатар факторлар байланысы мен нақтылығын ұсынады.
1. Ғылым рухани және материалды мәдениет дамуының нақты алғышарттарынсыз қалыптасуы мүмкін емес.
2. Теориялық сана формасы ретінде ғылымның дамуы мәдениеттің дамуындағы революциямен сапалы өзгерістер болып табылады.
Ғылым генезисін талдау аталмыш процестің екі жақтылығын да есепке алуды талап етеді. Осы тұста көңіл аударатынымыз ғылым әрқашанда қоғамдық-тарихи сипатқа ие. Жалпы алғанда ол нақты тарихи жағдайлар барысында жүзеге асады. Осы тұрғыда алғанда атақты ойшыл, философ, физик В. Гейзенбергтің талдаулары аса қызықты болып табылады. Ғалым атомдық физиканың бүгінгі сипатын антикалық философиямен, жекелей алғанда атомистикамен салыстырады. В. Гейзенберг: "қазіргі жаратылыстану мен грек философиясы арасында үлкен айырмашылық бар, соның ішінде ең маңыздысы қазіргі заманғы жаратылыстанудың эмпирикалық негіздеріне келіп саяды" - деп атап көрсетеді. Ары қарай ол былай деп қорытындылайды: "Тұжырымдардың нақтылығын экспериментальді түрде дәлелдеу мүмкіндігі антикалық натурфилософияда қолданылған тұжырымдарға қарағанда қомақты салмақтылықпен қазіргі физика тұжырымдарына үлкен салмақ береді" .
Атақты жаратылыстанушылар ғылым тарихы мен оны оқытудың эвристикалық мағынасын әрқашанда ерекше атап өтетін болған. Мысалы, атақты ғалым В.И. Вернадский: "Ғылым тарихы жаңа қол жеткізудің құралы болып табылады. Оның бұл мағынасы әрқашанда соған тән: өткенді, соның ішінде ғылыми ойларды ғылым елегінен өткізу, әрқашанда адам санасына жаңаны ендіруге алып келеді. Бірақ, адамзат санасының тоқырау кезеңінде осылай және тек ашылған жаңалар адамзат өміріндегі мазмұнды рухани құндылық болып табылады" . Қазіргі физика негізін қалаушылардың бірі Луй де Бройль қазіргі уақыт пен болашақ үшін ғылым дамуының тарихи процестерін зерттеудің маңыздылығы жайында қызықты ойлар айтады. Ол былай деп жазады: "Ғылым тарихы ғалым жаратылыстанушыларды қызықтырмай қоймайды, ғалым оның ішінен көптеген сабақтарды табады және өзінің жеке тәжірибесімен даналанған ол басқаға қарағанда осы сабақтарды біліктілікпен жақсырақ баяндай алады". Ағылшын физигі, ғылымтану бойынша негізгі жұмыстардың авторы Джон Берналдың ғылым тарихы жөніндегі айтқан сөздерін келтірейік: адам әрекетінің қайсыбір басқа саласына қарағанда ғылымда прогрестің болуы тарихтан терең білімділікті талап етпейді; бірақ мұндай білім (ғылым тарихы - Б.П.) болашақта ғылым даму жолының бағытына әсерді қамтамасыз етеді және өткеннің сабақтары жақсы меңгерілген болса, ғылымдағы прогресске тез жылдамырақ және сенімдірек қол жеткізеді . Ғылым дамуындағы тарихи мұраны зерттеудің эвристикалық құндылығын және олардың ғылымдардың қазіргі заманғы жағдайын терең бағалау үшін мәнін және болашақ дамуын басып көрсететін басқада көптеген пайымдауларды тағы келтіруге болады. Мысалы, В. Гейзенберг атомдық физикадағы қазіргі жағдайды бағалау үшін жалпы атомистикалық гипотеза дамуының жалпы тарихи барысын саралау қажет. Поль Ланжевен ғылым тарихы ғылымдағы догматизмнің зиянын көрсететінін басып айтады. Ғылым тарихының сондай-ақ методологиялық, дүниетанымдық маңызы бар. Көп жағдайда білімдерді жеткізудің тарихи жолы ең нәтижелісі болып табылады. Бұл адамның табиғатты тану барысында, ғылымның қалай дамитыны, жаңа идеялардың қалай туындайтыны, ғалымның қандай түбегейлі қиындықтарды шешуге мәжбүр болатыны жөнінде дұрыс түсінік беруге мүмкіндік жасайды. Мұндай әдіс студенттермен аспиранттарда олардың өздері дербес шешулері тиіс мәселелерге шығармашылық бағыт қалыптастыруға ықпал етеді.
Ғылыми танымның нақты салалары тарихының маңызы жөнінде мәселеге көңіл аударайық, мысалы физиканың. Физиканың тарихын зерттеудің үлкен теориялық маңызы бар. Себебі, физика ақпараттың екі түрін өңдейді және пайдаланады:
1) Ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы нәтижелері жөнінде және
2) Физикалық білімдер дамуының тарихы жөнінде.
Физикалық зерттеулердің жаңа нәтижелері жөнінде ақпарат, оларды сыни талдаудың практикалық маңызы мынада: бұл материал зерттеу жұмысын ары қарай дамытуға тікелей септігін тигізеді. Физика дамуының тарихи процесі жөнінде ақпараттың және фактілерді талдаудың теориялық маңызы бар, себебі олар жаңа табыстарды неғұрлым терең түсіну үшін физиканың эволюциясының жолдарын алдын-ала көру үшін негіз қалайды. Физика тарихының маңызы кейде бағаланбай жатады, себебі, қазіргі замандық физиканың табыстары ұлан-ғайыр және таңқалдырарлық. Ал, бұрын алынған нәтижелер кейде маңызсыз болып көрінеді. Соңғы жағдай бізді адастырмауы тиіс. Физика тарихының теориялық маңызы ғасырлар бойы жинақталған зерттеу тәжірибесін сыни талдаудан және осы негізде қазіргі замандық физиканың дұрыс және терең тұғырнамасын қалыптастыраудан көрінеді. Физика ғылымының тарихи дамуы барысында жаңа идеялар, нормалар, талаптар жасалады. Мысалы, кванттық механика, салыстырмалы теориясы қалыптастыру процесінде ғылыми ізденістің философиялық негіздері, әлемнің ғылыми бейнесі, методологиялық бағдарлар, мысалы, (қосымшалық, симметрия, сабақтастық, белгісіздік, бақылану және бақыланбау және т.б ұстанымдары) қалыптасады. Ғылым тарихы ғылымға деген махаббатқа және құрметке тәрбиелейді. Ғылыми дүниетаным, әдептілік, адамгершілік қасиеттерді жасауға ықпал етеді. Ғылым тарихының тікелей эвристикалық ролін санамағанда, оны білу ғылым сүйенетін негізгі ұстанымдарды, пайымдауларды неғұрлым түсіну үшін де маңызды. Масса, күш, өріс, вакуум, физикалық кеңістік, уақыт және тағы басқа ұғымдарды зерттеуге осы негізгі физикалық ұғымдар мен шамалар жөнінде бара-бар түсінікті тек қана тарихи бағамның беретінін дәледеп жатудың қажеті жоқ шығар.
Адамның әлем, оның заңдылықтары жөнінде білімдері күрделі, ұзақ, қарама-қайшы таным процесінің нәтижесі болып табылады. Мысалы, И. Ньютон заңдарын түсіну бірнеше мыңжылдықтарды талап етті. И. Ньютон заңдары әмбебап емес: өте үлкен жылдамдықта қозғалатын денелер мен аса кіші өлшемдегі объектілер, яғни ұсақ бөлшектер үшін нақтылауды қажет ететінін түсіну тағы да екі жарым ғасырды қажет етті.
Білімін нақтылау, толықтыру жолында адамзат сауатсыздықтан білімге ұзақ және қиын жол кешеді. Сонымен ғылымның өз алдына тарихы бар, ал біздің біліміміз тарихи сипатқа ие. Шын мәнісінде әр зерттеуші қарастырып отырған мәселесінің өзіне дейін қаншалықты зерттелінгенін жақсы білуі керек. Ол алдыңғы зерттеушілердің нәтижелерін сынай бағалауы тиіс. Басқаша айтқанда, ол тарихшы жұмысын атқарып шығуы керек. Яғни, жинақталған білім мен оны ұрпақтан ұрпаққа қалдыру жүзеге асады. Евклид пен Архимедсіз И. Ньютон, И. Ньютонсыз А. Эйнштейн мен Н. Бор, ал М. Фарадеясыз Юж. Максвелл болмас еді. Танымның даму процесін, оның динамикасын және ерекше ғылым міндетін - ғылым тарихы құрайды. Ғылымның негізгі мақсаты - объективті шындықтың пәндік саласының заңдарын ашу. Ғылым тарихының негізгі міндеті ғылым дамуын басқаратын заңдарды ашу үшін қалыптасады.
Бір қарағанда ондай заңдар жоқ болып көрінуі мүмкін. И. Ньютон, Н. Лобачевский, М. Фарадейдің шығуын алдын-ала білу және де ғалымдардың ойлауы мен шығармашылығын басқару мүмкін емес.
Ғылымның тарихын, сырттай, көрнекті дана ойшылдар еңбектерінің нәтижесі деп айтуға болады. Бәріне белгілі ғылым - ол адамдардың шығармашылық, танымдық еңбектерінің жемісі. Бірақ ғылымның дамуы маңызды роль атқаратын белгілі бір тарихи жағдайда өтеді. Ғылымның пайда болуы мен дамуы материалдық өндіріспен байланысын ерекше атап өткен жөн. Экономикалық жағдай, қоғамдық өндірістің тәсілі бүкіл қоғам өмірі, соның ішінде ғылымға да қажетті негіз болады.
Ғылым әлеуметтік институт ретінде қоғамдық өндірістің, өндірістік күштердің дамуын жеделдетуіне және ынталандыруға ықпал етеді. Ғылымның өзі өндірістік күшке айналады. Ғылым мен өндірістің байланысы тарихи құбылыс, әрі олардың дамуы да бір-бірімен сабақтас. Ғылым дамуы, соның ішінде физика, биология, химия ғылымдарының заңдылықтарын зерттеуге үлкен ғылыми мән беруге ерекше көңіл бөлген жөн. Сондықтанда, ғылым дамуының заңдарын зерттеу мәселесі өзекті және ол өмірге жаңа ғылымның бөлшегі - ғылымтанудың пайда болуына әсер етті. Ол - ғылымның міндеті мен даму заңдылықтарын, ғылыми ісәрекеттің құрылымы мен динамикасын, ғылымның материалдық және рухани өмірдің басқа салалармен байланысын зерттейді. Ол ХХ - ғасырдың 30-шы жылдры пайда болды. Ал 60 жылдары СССР-да, АҚШ-та және басқа мемлекеттерде зерттеудің жеке саласы ретінде қалыптасты.
Ғылымның дамуына екі заңдылық тән: бір жағынан, әр тарихи кезеңдерде өзінің жетістіктерінің мөлшерін белгілеп отырады және әрбір нәтижесі оның ортақ қорының ажырамас бөлігі болып табылады. Жаңа фактілер мен жаңалықтар қайта қаралады және нақтыланады. Екінші жағынан ғылымның даму процесі оның құрылымына әсер етеді. Әр тарихи кезеңде ғылыми таным белгілі бір танымдық формалардың жиынтығынтүбегейлі категориялары мен түсінігі, әдістері, принциптері мен түсіндіру сызбасын пайдаланады. Мысалы, антикалық ойлаудың негізгі білім алу тәсілі, ол - бақылау. Жаңа ғасыр ғылымы тәжірибеге арқа сүйейді. Қазіргі заманғы ғылым зерттейтін объекті экспериментальді-теориялық іс-әрекеті негізінде жалпы және жан-жақты зерттеуді сипаттайды.
Қазіргі заман ғылымының негізгі ерекшелігі белгілі жүйелерге негізделмейтін жаңа материалдарды іздеп табу болып табылды. Сондықтан зерттеушілер жаңа принциптер, таным категориялары мен тәсілдерін дамытуға, ғылымның мазмұнды құрылымының негізгі компоненттерінің радикальды алмасуына алып келетін ғылыми төңкеріске ғылым дамуының жаңа интенсивті жолдарын іздестіреді.
Дифференциация мен кірігудің күрделі диалектикалық үйлесімі ғылымның бүкіл тарихынанан өтіп жатады. Шындықтың жаңа аспектілерін игеру мен танымның тереңдеуі ғылымның дифференциациясы мен білімнің жаңа салаларының пайда болуына алып келеді. Сонымен бірге білімді синтездеп отырудың қажеттілігі әрдайым ғылымның кірігу тенденциясынан көрініс тауып отырады. Ғылымның жеке салаларына қатысты кіріктіруші функцияларды философия, математика, логика, кибернетика секілді ғылымдар атқарады. Олар ғылымның әдістер жүйесін қалыптастырып, оны қолдануына ықпалын тигізеді. Ғылымды үш ірі топқа (кіші жүйелерге) бөлуге болады: 1. Табиғи; 2. Техникалық; 3. Гуманитарлы. Олар өздерінің пәні мен таным әдістерімен ерекшеленеді. Соңғы уақытта пәнаралық және кешенді зерттеулер белсенді түрде дамуда. Мәселен - экология, қоршаған орта мәселелерін зерттеу. Ол техникалық, Жер туралы ғылымның, медицинаның, экономиканың, математиканың және т.б. ғылымдардың түйіскен жерінде орналасқан. Ірі шаруашылық және әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты туындайтын мұндай проблемалар қазіргі қоғам ғылымына тән. Өзінің бағыттылығы және практикаға қатысы жөнінен ғылымның түбегейлі және қолданбалы түрін ажыратады. Түбегейлі ғылымдар табиғаттың, ойлау мен қоғамның жалпы заңдылықтары танылмаған, яғни әлі де болса белгісіз құбылыстары мен объектілерін зерттеумен айналысады. Түбегейлі ғылымдар адамның практикалық қажеттіліктеріне қатыссыз, яғни өзінің жеке ішкі логикасына сүйене отырып дамиды. Түбегейлі құрылымдар мен заңдар өзінің "пәк" күйінде зерттеледі. Түбегейлі ғылым дамуының қозғаушы факторлары болып адамның келесі қасиеттері есептеледі: танымға, қоршаған ортаны тануға, оның құпияларын ашуға деген ұмтылыс; білімге әуестік; адамның айналасында және ішінде болып жатқан процестерге деген қызығушылық. Ғылымның бұл саласындағы басты нәтижелер болып, бүкіл әлем ғалымдарының бірнеше ұрпақтарының еңбектерінің нәтижесі болып жоғарғы дәрежедегі шығармашылық ойлауға қол жеткізу есептеледі. Бұл нәтижелер барша адамзаттың, әлемдік мәдениеттің құнсыз бағалылығына айналады. Мұнда келесідей сұрақ туындайды: генетика, электромагнетизм, микроәлем физикасын құру немесе салыстырмалы теория саласындағы түбегейлі ашулардың шын мәніндегі құны мен әлеуметтік маңызын кім және қалай анықтай алады? Мынандай жағдай белгілі: күндердің күнінде лабороторияға келушілердің бірі М.Фарадейден сұрапты: "Өткізгіште электр тоғын продуциялаудан қандай пайда табуға болады?". Ғалым былай деп жауап беріпті: "Жаңа сәбиден қандай пайда келуі мүмкін? Ол өсіп, адам болады". Кейін Фарадей лабороториясына ол кезде Ұлыбританияның қаржы министрі болған Гладсон келеді. Ол тура сол сауал қояды. М. Фарадей оған былай деп үн қатады: "Болашақта, сэр, сіз оған салық төлететін боласыз".
Түбегейлі ғылымның ашатын табиғат заңдары жалпы әмбебап сипатқа ие. Түбегейлі зерттеулердің нәтижесінде бүкіл әлемнің ғылыми бейнесіне ықпал ететін теориялар ойлап табылады. Дүниежүзінің ғылыми бейнесі ғылымның даму барысында дамып нақтыланады. Мұндай теориялар табиғи әлемнің сипаттамаларын, өлшемдерін, белгілерін, ерекшеліктері мен жағдайларын ашып көрсетеді. Мұндай теориялардың мысалы ретінде ньтондық механиканы, классикалық электродинамиканы, кванттық механиканы, салыстырмалылық теориясын, қазіргі заманғы генетиканы және тағы да басқа бірқатар теорияларды келтіруге болады. Түбегейлі теориялар білімнің қолданбалы салаларындағы зерттеулерді бағыттап отырады. Түбегейлі ғылымдар қолданбалы ғылымдардың қалыптасуы мен дамуы үшін теоретикалық негіз құрады.
Түбегейлі ғылыми зерттеулер жаңа ғылыми бағыттардың пайда болуына алып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Қазақ философиясының пайда болу туралы ойшылдардың көзқарастары
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Техника философиясы қазіргі батыстық философия мен болмыстың қасиеттерін пайымдаудың бірі ретінде
Қазақ философиясы қалыптасуы
Техника философиясы
Қазақ философиясының қалыптасуының тарихи ерекшелектері
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері жайлы
Ғылым таным әдістері, қалыптасу себептері
Философия мен мәдениет
Пәндер