ҚР ЖӘНЕ ҚХР АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫ ЖОБАЛАР АЯСЫНДА САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДАМУ БОЛАШАҒЫ МЕН ЖАҒДАЙЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ИГАМБЕКОВА А. А.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Халықаралық қатынастар факультеті

2-курс магистранты

ҚР ЖӘНЕ ҚХР АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫ ЖОБАЛАР АЯСЫНДА САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДАМУ БОЛАШАҒЫ МЕН ЖАҒДАЙЫ

Аннотация

В данной статье анализируются перспективы сотрудничества двух стран в рамках экономических проектов между Казахстаном и Китаем, в том числе проекта «Один пояс - один путь» и экономического сотрудничества.

Ключевые слова: Казахстан, Китай, интеграция, один пояс и один путь, экономическое сотрудничество

Annonation

This article analyzes the prospects for cooperation between the two countries in the framework of economic projects between Kazakhstan and China, including the One Belt - One Road project and economic cooperation.

Key words: Kazakhstan, China, integration, one belt and one road, economic cooperation

Кіріспе

Түрлі динамикамен қарқын алған екіжақты экономикалық, саяси қатынастардың орын алғандығына толық 30 жыл болды. Осы орайда екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың даму перспективкасын бағалау аясында Қытайдың «Бір белдеу - бір жол» бастамасын жүзеге асыру кезеңінде екіжақты байланыстың даму қарқынын сараптау өзекті болып отыр. Алғашында «Ұлы жібек жолының экономикалық белдеуі» деп қалыптастан аталмыш бастама 2013 жылы 7 қыркүйекте ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Халықтар арасындағы достықты дамыта отырып, жарқын болашақ құру» деген атпен орын алған еді. Сол жылдың 3 қазанында Си Цзиньпин Индонезия халықтар өкілі Кеңесінде ХХІ ғасырдың Теңіз ЖІбек жолын құру туралы ұсынды. Екі бастама кейін «Бір белдеу - бір жол» концепциясы аясында біріктірілді. Ол келесідей саласарды қамтиды: саяси жақындасу, инфрақұрылымдық байланыстар, еркін сауда-саттық, капитал айырбасы, халықтардың жақындасуы. Демек оның басты мақсаты - экономикалық жақындасу.

Теориялық негізі

Қытай мен Қазақстан қарым-қатынастары қазіргі таңда отандық ғалымдар тарапынан зерттеліп келе жатыр. 2011 жылы М. Омарованың «Орталық Азия мен Қытай арасындағы байланыстар (1992-2010) » атты монография жарық көрді. Монографияда Орталық Азия республикаларының тəуелсіздік алғаннан кейінгі Қытай Халық Республикасымен байланыстары қарастырылған. Тараптар арасындағы саяси, қауіпсіздік, сауда-экономикалық, мəдени салалардағы ынтымақтастықтың дамуына талдау жасалынған [1] .

Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстар белгілі саяси қайраткер, дипломат Қ. Сұлтановтың да зерттеу еңбектерінің негізін құрайды. Ол өзінің зерттеулерінде Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты байланыстың қалыптасуы мен дамуын, Қазақстан мен Қытайда жүргізілген экономикалық реформаларға баға бере отырып, олардың болашағы жөнінде сөз қозғайды.

Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас зерттеуші К. Сыроежкиннің еңбектерінде талданған. Оның еңбектері аталмыш мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, саяси бай-ланыстармен қатар екіжақты жəне көпжақты ынтымақтастықтың басқа да мəселелерін қарастырады. Сонымен қатар автордың ғылыми мақалаларында тарихи шолу жасау арқылы Қытай мен Қазақстанның шекара мəселесінің шешілу процесі кеңінен талқыланған. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендер мəселесіне талдау жасайды. Осы орайда зерттеуші К. Сыроежкиннің Қазақстанның Қытаймен дипломатиялық байланыстар орнағалы бергі өзара ынтымақтастығын зерделей келе, жиырма жылға жуық уақытты қамти отырып, үлкен сараптамалық қорытынды жасаған, 2010 жылы шыққан»Казахстан-Китай: от приграничной торговли к стратегическому партнерству» атты 3 кітаптан тұратын монографиясын атау керек. Алғашқы кітабында автор Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың алғашқы қадамдарын саралай келе, шекара мəселесіне, трансшекаралық өзендер мəселесіне, Қытайдағы қазақтар мəселесіне тоқталып, тараптар арасындағы ірі экономикалық жобалар турасында талдау жасайды. Екінші кітабында ғалым Қытайдың Орталық Азиядағы саясатын стратегиялық серіктестік аясында қарастыра отырып, Қазақстандағы Қытай факторына, тараптар байланыстарындағы түйткіл мəселелерге тоқталады. Ал үшінші кітап Қазақстан мен Қытай арасында қол қойылған түрлі келісімшарттарды, бірлескен декларацияларды, министрліктер арасындағы меморандумдарды, тағы басқа көптеген ресми қағаздарды қамтыған құжатнама іспеттес [2] .

Пікірталас/талдау

Қытай - Қазақстанның ірі сыртқы сауда серіктесі болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қытай ҚР-ның басқа елдермен жалпы сыртқы саудасының үлес салмағының 19, 2% - ын иеленді. Өз кезегінде, Қытайдың басқа елдермен жалпы сыртқы саудасының үлес салмағындағы Қазақстанның үлесі 0, 31% - ды құрады, осылайша Қытайдың ТМД елдерінен сауда серіктестерінің қатарынан ҚР екінші орынды алып отыр.

Сонымен қатар, 2020 жылдың басынан бері жалғасып келе жатқан COVID-19 пандемиясының Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа теріс әсер еткенін атап өту керек. ҚР-ның ҚХР-ға экспортының төмендеу себебі Қытайдың түсті және қара металдарға сұранысының төмендеуі болды.

Бұл ретте ҚР импортының құлдырауының басқа себептері ретінде қазақстандықтардың сатып алу қабілетінің әлсіреуін, ҚХР өнімдерінің құнының артуын, теңгенің девальвациясын және соның салдарынан ҚХР экспортының өзіндік құнының артуын, ЕАЭО-ның ҚР-ҚХР сауда айналымына әсерін атап өтуге болады.

Осыған байланысты келесі мәселелерге назар аудару керек:

1. Экспорттың шикізаттық бағыты. Қытайға шығарылатын қазақстандық экспорттың жоғары деңгейі негізінен шикізат қорларын жіберу есебіне байланысты болып табылады. ҚР ҚМ МКК-нің статистикалық деректері бойынша 2019 жылы Қазақстаннан Қытайға экспорттың 86, 5% - ын шикізат тауарлары (50, 6% - ы - минералды өнімдер, 35, 9% - ы - металдар және олардан жасалған бұйымдар) құрады. Бұдан бөлек, ҚР экспортының жалпы көлемінің үлес салмағының 7, 8% - ын химиялық өнім құрайды. Осылайша, көрсетілген үш тауар түріне қазақстандық экспорттың 94, 3% - ы Қытайға тиесілі. 2020 жылғы қаңтар-маусымда бұл көрсеткіш 95, 8% - ға дейін ұлғайды.

Сонымен қатар, ҚР-дан «Жануарлар мен өсімдік тектес өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары» (+55, 6%), «құрылыс материалдары» (+78, 2%), «Машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар» (+10, 7%), «Ағаш, ағаш өнімдері және целлюлоза-қағаз өнімдері» (+160%) тауар топтары экспортының артқаны байқалды.

Алайда, барлық қазақстандық экспорт көлеміндегі осы тауарлардың жиынтық үлес салмағы бұрынғысынша елеусіз - бар болғаны 4, 7%-ды құрайды, бұл қазақстандық жеткізілімдердің жалпы өсуіне әсер етпейді [3] .

Сонымен қоса Қытайдан импорт көлемнің үлкен үлесін алатын мынадай дәстүрлі тауар топтары: «тоқыма материалдары мен бұйымдары», «аяқ киім, бас киімдер, қолшатырлар . . . », «машиналар, жабдықтар, механизмдер . . . », «қымбат емес металдар және олардан жасалған бұйымдар», «жер үсті көлігі құралдары, ұшу аппараттары», «пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар; каучук, резеңке және олардан жасалған бұйымдар», «өңделмеген терілер, иленген былғары, табиғи тері және олардан жасалған бұйымдар», сондай-ақ «әртүрлі өнеркәсіптік тауарлар» импортталады.

Жағдайды талдау қазіргі уақытта қазақстандық экономикада қолайсыз тенденциялар басым деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл қазақстандық экспорт құрылымындағы шикізаттың үлкен үлесі және Қытайдан импорт құрылымындағы азық-түлік және тұтыну тауарлары үлесінің пропорционалды өсуі. Осының нәтижесінде, бүгінгі таңда Қытай өндірісінің жеңіл, машина жасау және тамақ өнеркәсібі өнімдері отандық қана емес, басқа да шетелдік өндірушілердің тауарларын қазақстандық нарықтан ығыстыруда. Соңғы жылдары қытайлық ауыл шаруашылығы өнімдерінің қазақстандық тауарлармен бәсекелестігінің күшеюі байқалады.

2. Қазақстан мен Қытай кеден қызметтерінің статистикалық деректеріндегі айырмашылықтар (2019 жылдың қорытындысы бойынша және 2020 жылғы қаңтар-маусымда Статистика деректерінің айырмашылығы 7, 6 млрд. долл. және 2 млрд. долл. сәйкесінше, ҚХР деректерін ұлғайту бағытында) [4] . Бұл айырмашылықтар кеден бекеттеріндегі тауарларды есепке алу әдісінің айырмашылығына байланысты туындайды. Мұндай деректер деректердегі сәйкессіздік көрсеткіштерін төмендету әлі мүмкін емес деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

3. ҚР-дан ҚХР-ға капиталды әкету мәселесі. Бүгінгі таңда капиталды экспорттау бірнеше арналар арқылы жүзеге асырылады:

а) сауда-сатып алу қызметімен байланысты коммерциялық. Қазіргі уақытта ҚР мен ҚХР-дан валютаны коммерциялық желі бойынша әкетудің тұрақты тенденциясы бар. Осы экспорттауға ықпал ететін үш санатты бөліп көрсету керек:

  • қазақстандық нарықты кең тұтыну тауарларымен қамтамасыз ететін кәсіпкерлер;
  • Қазақстан аумағында кейіннен пайдалану үшін техника мен жабдық сатып алатын кәсіпкерлер;
  • жеке коммерциялық сатып алуды жүзеге асыратын ҚР азаматтары.

б) туризм желісі бойынша капиталды әкету. Соңғы бірнеше жылда коммерциялық компаниялармен қатар Қытайдың туристік және сауықтыру кешендеріне барғысы келетін қазақстандықтардың саны күрт өсті. Осы тұрғыда Пекин туризмді дамытуға және шетелдік азаматтарды емдеу және демалу үшін коммерциялық мекемелердің инфрақұрылымын қалыптастыруға көп көңіл бөлетінін атап өткен жөн.

Осылайша, қазақстандық капиталды Қытайға әртүрлі арналар арқылы әкету жаппай сипатқа ие болып отыр және бұл проблеманы тыйым салу шараларымен шешу мүмкін емес. Осыған байланысты, көп жағдайда капиталды әкету заңды негізде жүретінін назарға ала отырып, Қазақстанжа шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуды қамтамасыз ететін кешенді шаралар қабылдау қажет.

Жоғарыдағы деректерді ескере отырып, қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының Қытай экономикасына тәуелділік тенденциясы барынша айқын өсіп келе жатқанын атап өткен жөн. Қытайдан жабдықтар, станоктар, электрондық және тұрмыстық техника сатып алу Қазақстан экономикасын дамыту үшін маңызды құрамдас бөлік болып табылатынын атап өту қажет. Алайда, ҚР-ның ҚХР-мен сауда-экономикалық байланыстарының, оның ішінде техниканың, жиынтықтаушы және шығыс материалдарының Қытай өндірушілерінде серпінді дамуы қазақстандық экономиканың тұтас секторларының Қытай пайдасына тәуелділігін арттыратынына назар аудару қажет.

Инвестициялық саладағы ынтымақтастыққа тоқталатын болсақ, ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ҚР-да шетелдік инвестицияның көлемі бойынша Қытай 5-ші орын (20, 4 млрд. долл. ) алды [5] .

Айта кету керек, ҚХР мен АҚШ арасындағы сауда үйкелісі, сондай-ақ COVID-19 пандемиясының теріс әсерінің жалғасуы жағдайында Пекин бірқатар ұзаққа созылған әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси мәселелерге тап болды (сыртқы сауда көлемінің айтарлықтай төмендеуі, шетелдік инвестициялардың шығарылуы, экономиканың өсу қарқынының төмендеуі, жұмыссыздықтың күрт өсуі, орта таптың табысы деңгейінің төмендеуі, бюджет тапшылығының өсуі, азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттар бағасының өсуі және т. б. ), бұл олардың шетелдік инвестициялық жобаларды іске асыруына теріс әсерін тигізді.

ҚХР-да туындаған күрделі экономикалық жағдайларға қарамастан, Пекин «Бір белдеу, бір жол» (БББЖ) бастамасы шеңберінде өзінің сауда-инвестициялық саясатын жүргізу бойынша белсенді күш-жігерін жалғастыратынын атап өткен жөн.

Бұл болжам ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің 2021 жылғы 17 қыркүйекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 21-ші отырысында сөйлеген сөзінде расталады. Атап айтқанда, БББЖ бастамасы шеңберінде жоғары сапалы дамуды одан әрі ынталандыру қажеттілігі туралы атап өтілді [6] .

Осыған байланысты, коронавирустық пандемия жағдайында және АҚШ пен ЕО тарапынан Қытай инвестицияларына бақылауды күшейтуде қытай компанияларының инвестициялық белсенділігі Қытайдың БББЖ бастамасына қатысы бар елдерге қарай жылжығанын атап өткен жөн.

ҚР-ҚХР инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы көрсетілген проблемаларға сәйкес Қазақстанның Қытаймен тиімді экономикалық өзара іс-қимылына ықпал етуі мүмкін мынадай тұжырымдар мен тәжірибелік ұсыныстарға назар аудару қажет:

1. Қытай инвестицияларын, бірінші кезекте, Қазақстан экономикасының өңдеу өнеркәсібіне ынталандыру, сондай-ақ ҚР аумағында бастапқы шикізатты, мұнай өнімдерін, түсті металдарды, ауыл шаруашылығы өнімдерін, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарын қайта өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорындар құру. Сонымен қатар, Қытай бизнесмендері ҚР аумағында Қытай машиналарын құрастыру және құрауыштарды өндіру жөніндегі зауыттарды аша алуы үшін жағдай жасау;

2. Қазақстанда Қытай өндірісінің тауарлары үстемдігінің алдын алу тұрғысынан басқа елдермен сауда байланыстарын әртараптандыру қажет. Мысалы, ТМД, ЕО және АТМӨ елдерімен, сонымен қатар Үндістанмен (жабдықтар, станоктар, машиналар, тұрмыстық және электротехника) ; Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Ресеймен, Беларусьпен (ауыл шаруашылығы тауарлары) .

3. Агроөнеркәсіптік саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты мынадай бағыттар бойынша жандандыру:

- Қазақстан аумағында кейіннен Қытай, ОА және ЕАЭО елдерінің нарықтарына экспорттау үшін жоғары сапалы астық, жеміс-көкөніс, сүт және нан өнімдерін өсіру және терең өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорындар құру;

- Қазақстан аумағында ОА және ЕАЭО елдерінде кейіннен сату үшін кофе, шай және консервіленген жемістерді өлшеп-орау бойынша бірлескен кәсіпорындар құру;

- Қазақстан аумағында тамақ өнеркәсібіне арналған ыдыс буып-түю материалдарын өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорын құру;

- Қытайға қазақстандық мал шаруашылығы өнімдері мен шикізатын жеткізуді жолға қою;

- Қазақстан аумағында балық өнімдерін кейіннен әлемдік нарықтарға экспорттау үшін өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорын құру;

- ОА және ЕАЭО елдерінде одан әрі сату үшін Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша бірлескен кәсіпорындар құру;

- Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы саласы үшін кадрлар даярлау жөніндегі бірлескен оқу-техникалық орталықтар құру;

- Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері бойынша шекара маңындағы ғылыми-зерттеу және оқу-практикалық семинарлар мен форумдар өткізу.

4. Қазақстандық экспортты әртараптандыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қытайдың ішкі нарығының құрылымын егжей-тегжейлі зерделеу.

5. Шетелдегі ҚР елшіліктерінде экономикалық бағытты күшейту және ҚХР-да ҚР Сауда өкілдігін ашу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық азия аймағындағы қытайдың экономикалық ұстанымдары
Дүние жүзілік экономикалық қатынастардың сыртқы экономикалық негізі
Еуроодақ пен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы
Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының экономикалық байланысы (1991-2009 жж.)
ӘЛЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ
Энергетикалық ресурстардың дамуындағы мемлекеттің рөлі
Азия - тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығының дамуы
Орталық Азия мемлекеттері жаңа мемлекеттілік құру сатысында
Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz