Дене тәрбиесінің негізгі және қосымша амалдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Дене тәрбиесінің негізгі және қосымша амалдары

I.Дене тәрбиесінің негізгі амалдары
1.1.Дене тәрбиесінің жаттығулары
1.2.Жаттығуларды топтау
1.3.Дене тәрбиесінің қосымша амалдары

II.Қорытынды
III.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Дене тәрбиесі -- валеология ғылымдарының бір саласы. Дене тәрбиесі көне заманда Грецияда, Римде және басқадай еддерде дамыған. Ол туралы ғылыми тұрғыдан жиналған деректер бар. Дене тәрбиесінің маңызы -- адамның денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ақыл-ойын арттырады. Осыған байланысты Францияда Ф.Рабле, М.Мантель, дене тәрбиесін ақыл-ой, біліммен бірге қарау керек екенін насихаттаған.
Чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский Ұлы дидактика, Ана мектебі атты классикалық еңбектерінде балалар гигиенасы, денсаулығы, тамақ режимі проблемаларына, ойындары мен дене шынықтыру жаттығуларына ерекше мән беріп, дене тәрбиесін балалардың жас кезінен-ақ басталуы қажет екенін дәлелдеп, оны педагогикалық үрдістің аса маңызды бөлігі деп есептеді.
Орыс халқының алдыңғы қатардағы педагогтары мен қоғам қайраткерлері В.Н.Белинский, Н.А.Добролюбов, Н.Г.Чернышев-ский балалардың дене тәрбиесіне үлкен мән берген болатьш. Ұлы педагог К.Д.Упшнский дене тәрбиесін еңбекпен байланыстыра зерттеді. Ол адамның ақыл-ой мен көзқарасының, күш-жігерінің қалыптасып дамуына еңбектің маңызын жан-жақты көрсетті. Орыстың атақты анатом-педагогы П.Ф.Лесгафт дене тәрбиесінің ғылыми жүйесін құрды. Ол балалардың түсінігі мен ойлау қабілетін дамытуда дене тәрбиесінің маңызы бар деп көрсетті.
ХІХ-ХХ ғасырларда көптеген елде спорт түрлері дене тәрбиесі ретінде кеңінен өріс алып, дами түсті. Дене тәрбиесінің ғылыми негізде бірнеше ғылыми әдістемесі жасалынды. Ол валеологиялық тәрбиенің ең негізгі бағыттарының біріне айналды.
Гигиеналық-жаттығулар мен ұдайы шұғылдану, жугіру, шаңғы тебу, жүзу, қайық есу сияқты спорт ойындары мен арнаулы жаттығулар адамның тыныс алу үрдісін күшейтеді. Қан айналысып, зат алмасуын жақсартады.
Дене тәрбиесі адамның жас ерекшелігіне қарай жүргізіледі. 1 -- 3 жастағы балаларға арналған дене тербиесінің міндеті -- балаларды гигиеналық күтімге алу, олардың дұрыс, уақытымен тамақтануын қадағалау, жас сәбилерді тазалыққа т.б. дағдыландыру. Мектеп жасына дейінгі (3 -- 7 жас) балалардың дене тәрбиесі төзімділігін, қозғалғыштығьш, ептілігін қалыптастыруға бағытталған. Балалар бақшасында аптасына бір рет 20 -- 30 минут арнайы жаттығулар, күн сайын таңертең 4 -- 5 минут гимнастика өткізілгені дұрыс. Дене тәрбиесінің негізгі саласы -- гимнастика, ол спорт және мектептен тыс жұмыс ретінде де жүргізіледі. Дене тәрбиесі міндетті пән ретінде оқу бағдарламасына енгізілген.

І. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗГІ АМАЛДАРЫ
1.1.Дене тәрбиесі жаттығулары

Адамдарды дене тәрбиесі арқылы тәрбиелеу, спорт түрлерімен жаттықтыру, денсаулықтарын нығайту кездерінде төмендегідей дене тәрбиесі амалдары қолданылады:
1. Дене тәрбиесі жаттығулары.
2. Табиғаттың табиғи күші.
3. Гигиеналық тазалық факторлары.
Дене тәрбиесі жаттығулары негізгі амал болып табылады, өйткені ол білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру секілді дене тәрбиесінің міндеттерін орындайды.Табиғаттың сауықтыру күші мен гигиеналық факторлар дене тәрбиесінің қосымша тәсілдері - бұлар дене жаттығуларымен бірге қолданылады.
Арнайы дене тәрбиесі міндеттерін орындауға арналған, көп рет қайталанған адамның қимылын, әрекетін дене тәрбиесі жаттығулары дейміз. Қимылдың бәрі емес, тек дене тәрбиесі міндеттерін шешуге бағытталып, педагогикалық заңдылықтарға бағынған қимыл-қозғалыстар ғана дене тәрбиесі жаттығулары деп аталады. Дене тәрбиесі міндеттері - жаттығуды орындауды үйрену, жетілдіру, күшті, жылдамдықты дамыту т.с.с. Кейбір ұқсастықтары болса да дене тәрбиесі жаттығуларын еңбек, тұрмыс-қозғалыстарынан бөліп қарау керек. Еңбек ету кезіндегі қимыл-қозғалыстар материалдың бағалы заттар шығаруға бағытталған, өнеркәсіп заңдылықтарына бағынады. Кейбір қимыл-қозғалыстар (мысалы, отырып-тұру) дене тәрбиесі жаттығулары емес, оның бір ғана негізгі элементі. Дене тәрбиесі жаттығулары - көп рет қайталанатын күрделі құбылыс. Қазір пайдаланып жүрген дене тәрбиесі жаттығулары өте көп. Олардың мазмұны да әр түрлі. Дене тәрбиесі жаттығуы негізіне қимыл-қозғалыстармен бірге, адам ағзасында жаттығу жасалып жатқан кезде жүретін өзгерістер, жаттығудың адамға қандай әсер еткенін көрсететін үрдістер де кіреді.
Бұл әр түрлі күрделі үрдісті біз мынадай тұрғыда қарастырамыз: психологиялық (сезім, ойлау, әрекетінің өзгерістері); физиологиялық (ағзаның белсенді жұмыс істеу деңгейі, өсуі, қан айналымы, тыныс алу жүйесінің жақсаруы); биохимиялық (қимылды энергиямен қамтамасыз ету, шөгінділер шығару); педагогикалық (білім беру, тәрбиелеу міндеттерінің орындалуы т.б.).
Дене тәрбиесі жаттығуларының түрі олардың сыртқы және ішкі құрылысын көрсетеді (құрылымы, ұйымдастырылуы). Дене тәрбиесі жаттығуларының ішкі құрылысын қарасақ, жаттығу кезінде ағзаның әр түрлі жұмыс істеу үрдістері бір-бірімен бірігіп, ұйымдаса қимылдап жатады (моторлық және вегетативтік қызмет). Мысалы, жүгіру кезінде штанга көтеруге қарағанда ағзадағы вегетативтік жүйе басқадай болып өзгереді.
Жаттығулардың сыртқы түрі - ол көрініп тұрған жағы, адамның кеңістіктегі қозғалысын, уақытын, қозғалыс шамасын көрсетеді. Жаттығулардың түрі мен құрылымы бір-біріне байланысты. Белгілі бір жаттығуды дұрыс орындау үшін құрылысын өзгертсек, оның формасы, түр қозғалысы да өзгереді (мысалы, жүгіргенде артатын күш пен шыдамдылық қозғалыс амплитудасына да әсерін тигізеді т.б.).
Жаттығулардың жаттықтыратын әсері күш кезеңі арқылы орындалады.
Тез әсер етуі. Жаттығу жасап жатқан кезде ағзаның функционалдық жұмыс істеу өзгерістері айқын көріне бастайды. Бұлшық еттердің көлемі үлкейді, жүрек соғу, тыныс алу жиіленеді, ағза қызынады, қызарады, терлейді т.с.с.
Із қалдыруы. Жаттығу орындалып біткен соң қимыл-әрекетімен пайда болған құбылыс іздері ағзада жоғалмайды, бірталай уақыт сақталып қалады, шамамен бір, бір жарым тәуліктен артық. Адамның денесі қызып, қимыл-қозғалысы ширақ болады, асқа тәбеті жақсарады және т.б. Бұрын жаттықпаған адамдардың бұлшық еттері ауырып, дел-сал болып жүреді.
Бейімделу әсері. Егер қимыл-әрекет алдыңғы қимыл-әрекеттің әсері сақталынып тұрған кезде қайталанса, мұндай қабаттасу адамды осы қимыл-әрекетке белсенді бейімдейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
Дене тәрбиесінің амалдары
Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесі жұмыстарына әдістемелік тәрбие жасау
Дене тәрбиесінің негіздері
Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді
Жаттықтырушылардың ағзасына сауықтыру жүргізудің әсері
Қазақстан Республикасы дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері
Дене тәрбиесінің жалпы әдістері
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін дамытудың маңызы
Сапта тұру жаттығулары
Пәндер