ОҚШАУ СӨЗДЕР ЖАЙЫНДА



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА
АРНАУЛЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ТАШКЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКА
УНИВЕРСИТЕТІ
БАСТАУЫШ ТӘЛІМ ФАКУЛЬТЕТІ
БАСТАУЫШ ТӘЛІМ ПӘНДЕРІ КАФЕДРАСЫ

ОҚШАУ СӨЗДЕР ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

РЕФЕРАТ

Орындады: Бастауыш тәлім 204-топ талапкері Тұранов Нурмахан:
________________________________
Қабылдады: Бастауыш тәлім кафедрасы доценті, ф.ғ.к. Д.Т.Айтбаев:
_________________________________


ТАШКЕНТ-2021

Дүниедегі халықтардың барлығы да құранды, таза ел жоқ. Білімпаздар қазақты XV-XVI ғасырларда құралған деседі. Ел құранды болғандықтан тіл де құранды болмақ: шаруа, сән, ән, әңгіме, баға, найза деген сөздердің барлығы да парсынікі. Тілдің қалай өсіп, дамитындығын білу керек. Тілдің тарихын білу деген сөз - оның өніп-өскен жолы білу деген. Демек, тіліміздің сонау ұзақ жолда қандай өзгерістерге ұшырағанын, оған неге ұшырағанын білу керек. Бұрынғыны білу - жай әшейін мақсат емес, тілді меңгерудің бір амалы. Біз тілді меңгеріп болғанымыз жоқ, толық меңгерсек қана оны дұрыс бағытта өзгерте аламыз. Тіліміздегі кей сөздер қазақ тілінің осы күнгі қолданылу заңына сай емес. Мысалы, ат cөзінің аттас болмай, адас болуы (адас - ат жөнінен жолдас), күніне деудің орнына кейде күніге деуіміз (бұл өзбек тілінің нормасы), осы күндегі оқымыч, келміч деп сөйлейтін елдерде біздің де өтеміс, төлеміс деп сөйлеуіміз - бұған дәлел. Бұл да сол баяғы таза тілдің жоқтығын дәлелдейді. Буржуазияның тілші мамандары мәдениет жұқпалы дейді. Бұл дұрыс емес. Ауылнай деген сияқтысөздер біздің тілімізге күшпен кірген; агар сөзін басқа сөз жоқтықтан алған деседі. Бұл да дұрыс емес, ол да молдалардың зорлығымен көпке тараған (Бір-екі араб әрпімен жазылған мысал танылмады - Е. Ж.); Қоғамдық жағдай керек қылмаса екі ел араласқанмен бірінің тілі екінші тілге ауыса бермейді. Біздің қазіргі тіліміздегі шеттен келген көптеген сөздер қажеттілік жағдайға байланысты сіңіскен. Буржуазия ғалымдары тіл тарихын жазу тіліне қарап қана зерттейді. Жазу тіліне біз де қараймыз, бірақ ол тілді зерттеудің негізгі жолы емес. Жазба тіл бұрынғы кезде соған қолы жеткен үстем таптың құралы ғана болған. Жазба әдеби тіл дегеніміз кейде ел (халық) тілінен алыстайды, кейде жақындайды. Буржуазия ұлт тіліне XVIII ғасырдан бергі жерде ғана көшті. Бұрын латынша жазушы еді. Cоған қарап, бұрынғы кезде ұлт тілі болмаған деп Евроазия тілдеріне жала жабуға болмайды ғой. Баяғы (арабша сөз жазылған - Е. Ж.) кітаптарын жазушы араб емес; Түркияда XVII-XVIII ғасырға дейін араб тілі қолданылған, бұған қарап, бұрын түрік тіліболмаған дей аламыз ба? (Түсініксіз тілмен сөйлеуі де кейін оны ұлт тіліне бейімдеуі де буржуазияның өз пайдасы еді. Мысалға, крепостной дәуірі мен капитал дәуірін еске түсіріңіз).
Жай сөйлем синтаксисінің көптеген мəселелерімен бірге оған қатысты оқшау сөздерде А.Байтұрсынов,С.Аманжолов,М.Балақае в,Р.Сыздықова,Ш.Сарыбаев,М.Бимағанб етов тағыда басқа ғалымдардың еңбектерінде арнайы сөз болып келеді.Оқшау сөздер тұралы Ш.Сарыбаев, М.Бимағанбетовтер кондидаттық диссертация қорғаса,М.Томанов,Т.Сайрамбаевтар методикалық құралдар шығарды.Түркі тілдерінде бұл мəселе жөнінде А.Н.Кононов,Н.А.Баскаков,Е.И.Убрято ва,М.З.Закиев сияқты ғалымдар оқулық көлемінде өз пікірлерін жазған.Орыс тілінде оқулық та,жеке кондидаттық диссертацияларда жазылып,соның негізінде бірнеше монографиялық еңбектерде жарық көрді.Оқшау сөздер,олардың түрлері,жалпы сөйлемге қатысы,оны алып тастағаннан сөйлемнің өң бойына тигізетін əсері,жасалу жолдары туралы айтылып келе жатқанмен,ол тұралы əлі де көптеген мəселелер толық шешілген жоқ.Əсіресе, оқшау сөздердің ішінде қаратпаларға қатысты көптеген арнайы қарастыруды қажет ететін мəселелер бар.Сондықтан да бұл жұмыста тек қалатпалардың табиғаты тұралы арнайы тоқталдық.
Орыс тілінде тек қаратпалар тұралы А.М.Пешковский, А.А.Потебня, А.А.Шахматов, В.В.Виноградов,В.А.Белошапкова сынды ғалымдар оқулық көлемінде өз пікірлерін білдірсе, ал,В.П.Проничев,А.О.Костылев,Р.Р.Са йфуллаев диссертация жазып, монографиялар шығарғаны белгілі.Орыс тіліндегі кітаптар тұралы осынша еңбектердің шығуы көптеген мəселелердің нақты шешімін тапқаны деп білеміз.Ал қазақ тілінде қаратпалар тек оқулықтар көлемінде ғана айтылып келеді.М.Бимағанбетовтың диссертациялық жұмысына қаратпа, қыстырмалар бірге қаралған.Онда да қаратпалардың жасалуы мен стильдік қолданылуы берілген.Осы себептерге байланысты қаратпа, оған қатысты көптеген мəселелер ғылыми жағынан толық шешімін тапты деп ойлаймыз.
Оқшау сөздердің табиғи қасиеті сөйлемде айқындалады.Соның бірі қаратпа-сөйлемің аясын кеңейтетін үлкен тілдік категория.Қаратпалардың сөйлем мазмұнына өзіндік əсері бар.Тілде бекерден бекер қосыла салған элемент емес.Сөйлемген күшейту мəнін үстейтін жəне сөйлем мүшелерінің қызметінде басқа біреулердің ойын,назарын аударту үшін үнемі жаңару үстінде жұмсалатын синтаксистік элемент.Сондықтан да қаратпалардың табиғатын айқындау қазіргі тіл білімінің кезек күттірмейтін мəселесі.Диссертацияның алдына қойған мақсаттары мен міндеттері.Ұлттық тіліміздің мемлекеттік мəртебесін толыққанды дəрежеге көтеру ушін əрбір зеттеуші тілдің бұрын еленбей келген үлкенді-кішілі компоненттерін жете зерттеп,ғылыми жүйеге түсіру жолында еңбек етуде.Осыған орай біз де қазіргі қазақ тіліндегі қаратпалардың түр-тұлғалық ерекшеліктерін жан-жақты айқындауды мақсат еттік.
Осы мақсатты орындауды қаратпалардың сөйлемдегі орны мен қызметі,жасалу жолдары, өзі ұқсас категориялардан айырмашылығы(тіпті қаратпалардың одағай қыстырмалардан айырмашылығы),оның сандық,жақтық,көптік қасиеттері мен тұлғалары сияқты мəселелерді шешуге назар аудармақпыз.
Осы күнге дейін жалпы қаратпалардың берілуінің өзінде ала-құлалық бар.Сонғы кезде шыққан еңбектерде қаратпаларға жай сөйлем синтаксисінің орын берілмеуі, ал қаратпалардың жасалуы мен турлері сұраулары мен интонациясы,оның тілдік ерекшеліктері сияқты мəселелер əр оқулықта əр түрлі.Қаратпаларды сөйлемнен алып тастағанда сөйлемнің аса бір қажетті бөлшегі деген пікірлердің берілуі оқушы қауымға үлкен қиындық келтіріп жур.Сондықтан тілімізде қаратпалардың өзекті мəселелін айқындап,бір ізге түсіруде,əсіресе, жай сөйлем синтаксисінің ғылыми лексиясында жəне практикалық оқулықтарында оған тəн мəселер жаңаша толықтырулар енгізу қажет.
Қаратпалардың зерттелуі жайы.Орыс тілінде "осложненое предложение"Руднев А.Г.,қазақ тілінде де Қ.Есенов осы көзқарасты енгізгенімен,жалпы тілші қауымнан қолдау табалмағаны сөз болды.Осы сияқты қазақ тілінде А.Əбілқаев оқшау сөздер деген жалпы атаусыз-ақ қыстырма,одағай түрлерін қарастырады да,қаратпа ескерілмейді.Осы пікірді Т.Əбдіғалиева,Б.Шалабаевтар да қолдайды.Біздіңше, оқшау сөздерге қаратпа,қыстырма,одағай сөздерді жатқызу орынды.
Орыс тілінде В.В.Виноградов,В.В.Белошапковалар оқшау сөздерді енгізсе,И.И.Мешанинов, А.Г.Руднев,тюркологияда М.З.Закиев сынды ғалымдар ғана қаратпа,қыстырмалардың сөйлем мүшелік қызметін баса айтып, тіпті оларды сөз тіркесінде де жеке қарастыруды қолға алды.Сөйтіп орыс тіліндегі қиысу,менгеру, қабысу,байланысу формулаларына "соотнощение" деген оқшау сөздер үшін жаңа байланысу формасын енгізді.Қазақ тілінде тек Х.Арғынов қаратпа,қыстырмалар қыстырмалар сөйлемде əрі қиыса,əрі менгеріле байланысады деп,олардың интонациялық ерекшелігін негізге алады.Жалпы алғанда оқшау сөздерді сөйлем мүшесі сөз тіркесі тұрғысынан сөз ету-олардың табиғатын түсінбейден туған ой.
Негізгі оқшау сөздерге қаратпа,қыстырма,одағайларды жатқызуда үшеуінің сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтіні басты фактор,ол үшеуі де тек сөйлемде ғана өмір сүреді,сөйлемнің өң бойына ғана қатысты жұмсалуы арқылы ерекшеленеді.Оқшау сөздер сөйлемде қаншалықты оқшауланып айтылады дегенмен, олардың негізгі қасиетін Проф. Р.Əміровтің "Грамматикалық жүйеден" оқшауланғанымен,бұл компонентер сөйлемнің коммуникативтік мақсатымен,мазмұнымен тығыз байланысты болады.Олардың жай сөйлем құрамына кірігуі де сол себепке бағынышты"деген пікірді құптай келе,біздіңше,олар сөйлемге талғап барып кірігеді.Сөйтіп оқшау сөздер сөйлемде ғана мəнді,ал сөйлем ішінен алып тастасақ сөйлемнің мазмұн-мəні төмендейтіні анық байқалады.
Қаратпа тұралы А.Байтұрсынов,Н.Сауранбаев,Қ.Жұбано в,М.Балақаев,Р.Əсенова сынды ғалымдар оқулық,оқу құралы көлемінде мағлұмат бергені мəлім. М.Бимғанбетовтың қазақ тіліндегі қаратпа,қыстырмалар тұралы диссертациясында,біріншіден,екі бірдей улкен категорияны біріктіріп,екіншіден,олардың грамматикалық ерекшелігі жəне стильдік қолданысы қоса қамтыған. Қаратпаның ережесінде сөйлемдегі ой, назар кімге? неге? Қаратылып айтылуы туралы бірнеше варианттар айтылады.Осыларды жинақтай келгенде біреудің назарын аудару варианты дұрыс сияқты.
Синтаксисте сұрау оқшау сөздерге қатысты деп айтылмайды.Дегенмен қаратпа сөздерде-сөз.Бірақ ондағы сұраулардың қызметі басқаша.Онда сұраулар əрбір сөздің кімге?Арналғаны тұралы болатын белгілі. Қаратпадағы сұрау тұралы А.Байтұрсынов,С.Аманжолов,Н.Сауранб аев еңбектерінде айтылмаса,проф.М.Балақаев алғашқы еңбектерінде кім? сұрауын,соңғы еңбегінде не?сұрауында қосы береді.Мұның өзі де алғашқы кезде қаратпа болатын сөздер көбіне адамға байланысты айтылса,ал қазір жанды,жансыз заттарға да байланысы мол.Оның үстіне қаратпалардың нөлдік,көптік,тəуелдік тұлғаларды келүіне байланысты осы сұраулар өзгере ме деген де ой келеді.Біздіңше,сұрауларды тұлғалық жағынан өзгертіп айту онша келе бермейді.Керісінше кім? не? сұраулары кімге? неге?Болып өзгеруі қаратпалардағы тұлғалық көрсеткіш болмаса керек,олардың кімге?неге?назар аударуын негізге алғандық деп білеміз. Қаратпаларға байланысты екпін мəселесі де ойландырады.Жоғарыда айтылған ғалымдардың бəрі де оқшау сөздердің интонациясын ауызша есітілуі арқалы көрсетсе,соңғы кезде техникалық құралдар арқылы көрсете бастады.
Негізінде интонация қаратпалар жоқ сөйлемде де болады,оның үстіне қаратпалар қосылғаннан кейін оған тағы да қосымша интонация пайда болады.Мұның өзі бүткіл сөйлемнің интонациясының молаюына,əсіресе,қаратпаның түрлері жəне олардың сөйлемдегі орнына байланысты айтылу күшінің аз,көп болуына қарай ескеретін жайт. Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді
Оқшау сөздер үшке бөлінеді:
1) Қаратпа сөздер
2) Қыстырма сөздер
3) Одағай сөздер.

Қаратпа сөздер - сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер. Көркем әдебиетте, әсіресе, поэзиялық шығармаларда қаратпа сөз жансыз заттарға қаратылып та айтыла береді.Қаратпа сөз сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтір арқылы ажыратылады. Сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы: Марат, бері келші!. Ана, сен бақыттысың! Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Кел, балалар, оқылық! Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы: Бері келші, Марат.
Қыстырма сөздер
Сөйлеушінің түрлі көзқарасына байланысты қолданылатын сөздер не сөз тіркестері қыстырма сөздер деп аталады. Қыстырма сөздер мағынасына қарай төмендегідей топталады:
1. Сөйлемдегі ойға сендіру мақсатындағы қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас, шынында, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, турасын айтқанда, әділіне келгенде, т. б.
2. Сөйлемдегі ойға күмән келтіру мағынасындағы қыстырма сөздер: сірә, мүмкін, шамасы, меніңше, қалай екені белгісіз, т.б.
3. Алдыңғы айтылған ойға қорытынды жасау мақсатындағы қыстырма сөздер: қысқасы, тоқ етері, демек, түйіп айтқанда, сайып келгенде, жалпы алғанда, т. б.
4. Көңіл күйге байланысты қыстырма сөздер: бәсе, бақытымызға қарай, амал не, өкінішке орай, сәті түсіп, т. б.
5. Ойды санамалап айту үшін қолданылатын қыстырма сөздер: ең алдымен, екінші жағынан, біріншіден, тағы басқа.Қыстырма сөздің тыныс белгісі - үтір.
Егер қыстырма сөз:
- сөйлем басында келсе, үтір одан кейін;
- сөйлем ортасында келсе, үтір екі жағынан;
- сөйлем соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы: Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Менің айтқандарымды ұмытып кеттің-ау, сірә. Одағай сөздерТүрлі сезімді, көңіл күйді білдіру мақсатында айтылған сөз түрі одағай сөздер деп аталады. Одағай сөздерге байланысты тыныс белгісі - үтір. Сондай-ақ, көп жағдайда сөйлем соңы леп белгісімен аяқаталады. Мысалы: Па, шіркін! Керемет екен! Ертерек білмегенімді қарашы, әттеген-ай!
Логикалық көтеріңкі екпінпен айтылған одағай сөз үтірмен ажыратылып, сөйлем соңына леп белгісі қойылады.Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер қаратпа сөздер деп аталады. Көркем әдебиетте, әсіресе, поэзиялық шығармаларда қаратпа сөз жансыз заттарға қаратылып та айтыла береді.Қаратпа сөз сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтір арқылы ажыратылады. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы, Балалар, бұл жол басы даналыққа. Аягөз, қайда барасың? Туған жер, тауыңда туып, тасыңда өстім!Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады. Мысалы, Атқа қонайық, жігіттер, аттанатын да уақыт болыпты.Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы, Түнде жыламас болар, қарағым.Қаратпа сөз сөйлем басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы, Шығыс ұлы! Өткен жылы бастан кешірген ауыр күндерді есіңе алшы.Көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, одан кейін леп белгісі қойылады. Мысалы, Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші, Шығыс ұлы!Сөйлеушінің түрлі көзқарасына байланысты қолданылатын сөздер не сөз тіркестері қыстырма сөздер деп аталады. Қыстырма сөздер мағынасына қарай төмендегідей топталады:1. Сөйлемдегі ойға сендіру мақсатындағы қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас, шынында, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, турасын айтқанда, әділіне келгенде, т.б.2. Сөйлемдегі ойға күмән келтіру мағынасындағы қыстырма сөздер: сірә, мүмкін,шамасы, меніңше, қалай екені белгісіз, т.б. Алдыңғы айтылған ойға қорытынды жасау мақсатындағы қыстырма сөздер: қысқасы, тоқ етері, демек, түйіп айтқанда, сайып келгенде, жалпы алғанда, т.б.4. Көңіл күйге байланысты қыстырма сөздер: бәсе, бақытымызға қарай, амал не, өкінішке орай, сәті түсіп, т.б.5. Ойды санамалап айту үшін қолданылатын қыстырма сөздер: ең алдымен, екінші жағынан, біріншіден, т.б.
Қыстырма сөздің тыныс белгісі - үтір. Қыстырма сөз:
- сөйлем басында келсе, одан кейін;
- сөйлем ортасында келсе, екі жағынан;
- сөйлем соңында келсе, алдынан үтір қойылады.
Мысалы, Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Қорыққандықтан ба, әйтеуір, екі аяғы дірілдеп кетті. Менің айтқандарымды ұмытып кеттің-ау, сірә.
Айтылған ойға сөйлеушінің немесе жазушының түрлі сезімін, көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөздің түрі одағай сөздер деп аталады. Одағай сөздердің тыныс белгісі - үтір. Мысалы, Па, шіркін! Керемет екен! Ертерек білмегенімді қарашы, әттеген-ай!
Логикалық көтеріңкі екпінмен айтылған одағай сөз үтірмен ажыратылып, сөйлем соңына леп белгісі қойылады. Оқшау сөздер. Сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, тек айтылатын ойға қатысы бар сөздер кездеседі. Олар сөйлем мүшесі бола алмайды, себебі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. Олар -- қаратпа сөз, қыстырма сөз және одағай сөз.
Қаратпа сөз сөйлемде тыңдаушысының ойға назарын аудару үшін қолданылады, сондықтан ол адамға байланысты немесе кейде көркемдік үшін адам мәніндегі жанды-жансыз ұғым атаулары да болып келеді. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды. Сөйлемде дала сөзі -- қаратпа сөз, мағыналы сөз болса да, сөйлем мүшесі бола алмайды, өйткені бірде-бір сөзбен грамматикалық байланысқа түспеген. Дала Жамбылды деген сөздердің арасында грамматикалық байланыс жоқ екені белгілі. Тыңда, дала, дегенде де грамматикалық байланыс жоқ: дала 3-жақтағы зат есім, тыңда -- бұйрық райдың 2-жағында айтылған етістік, тыңда дегеннің грамматикалық байланысы сен тыңда және Жамбылды тыңда.Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады, ортасында келсе екі жағынан, соңында келсе, алдына үтір қойылады. Қаратпа сөз ерекше қарқынмен, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылады.Қыстарма сөздер сөйлеушінің айтылған пікірге әр түрлі көзқарасын білдіреді: қуанышты, өкінішті, сенімді, өтінішті, мақұлдауды, ой иесін көрсетіп, сөйлемнің мағыналылығын, бейнелілігін арттырады. Ал, сөйлем құрамына енуі пікірді жинақты, орамды, дәл түсіндіруге жәрдем етеді. Қыстырма сөздер жеке сөздермен де, сөз тізбегімен де, тіпті сөйлеммен де айтылады.Қыстырма сөздер сөйлем ішінде үтірмен және кейде сөйлем күйінде келгенде жақшамен бөлініп, оқшауланады. Мысалы: Шынында, бұл -- ойланатын жұмыс екені рас (Ғ. Мұстафин). Кім біледі, бұдан кетсе, Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас (Б. Майлин). Рас, менің байқауымша, сіздің халық -- ақын халық (М. Әуезов.)Одағай сөз. Оқшау сөздердің бір түрі -- одағай сөздер айтушының көңіл күйін, сан түрлі сезімін, эмоциясын білдіру үшін қолданылады.Одағайлар қалыпты баяу дауыспен айтылғанда, жазғанда одан кейін үтір қойылады, ал көтеріңкі дауыспен айтылса, леп белгісі койылады. Мысалы: Шіркін, ақын болсаң, осындай бол! -- деді (М. Әуезов). Е, бәрекелді, шыныңды айттың ғой! (Г. Мүсірепов). Әй, әттеген-ай! -- деп, еріксіз қамыққанын өзі де білмей, үйіне қарап аяңдады. Оқтын-оқтын күрсініп: аһ! -- дегенде, жүрегі қарс айырылады. (Б. Мұқаев). О, мерейлерің үстем халайық! -- деді ортадағы топтың алдында келе жатқан дембелше бойлы қара жігіт.
Одағай
1. Таптасқан сөздер: Мен бүгін келдім. 2. Таптаспаған сөздер: әй, е, бәсе; заттың өзі, ісі, сипаты айрылмай, түйдек күйінде жүреді (шөк - түйе жат). Кітап, құс - заттарды атайтын сөздер. Себебі бір затты екінші заттан айыру үшін айтылады (кітап пен құстан басқа зат бұлай аталмайды). Шөк те сол сияқты, оны түйенің атын ғана емес, ісін атауға да қолданамыз; ол және түйенің барлық ісі емес (кел, кет емес), белгілі бір ісі. Таптасқан сөздердің тіліне аударсақ, түйе, cен, жат болады. Таптасқан сөздер - атау сөздер. Бұлар заттың өзін, сипатын, ісін айырып атау үшін қажет; таптасқан сөздер жеке тұрып хабар беру үшін емес, бірнешеуі қосылып барып, хабар беру үшін жасалған. Таптаспаған сөздер - заттың өзін, ісін, сипатын, түйдегін жазбай атау үшін қажет. Олар хабарлауыш сөздер, жеке тұрып-ақ хабар беру үшін жасалған. Бұл құрылысы жағынан жеке сөз, атқаратын қызметі жағынан сөйлем, не сөйлемдер жинағы. Таптасқан сөзді сөйлемдерде бұлар одағайланып тұрады - одағай. Оның түрлері мыналар: 1. Шаруашылық одағайлары. 2. Қатынас одағайлары. 3. Көңіл одағайлары.
I. Шаруашылық одағайлары. Тіл адамдар арасында жұмсалады, ол адамның өз ойын жеткізу, сөйлесу құралы. Шаруашылық одағайы тілге тән сөз емес, өйткені ол адамдар арасында қолданылмайды. Адамнан басқа жанжануарларға қолданылады. Шаруашылық одағайының мысалы: жылқыға айтылатын одағайлар: құру-құру! (шақырғанда); құр-құр, лық-лық (асауды тоқтатқанда), маһ-маһ (жемге шақырғанда), кіш-кіш (суарғанда), жазуға келмейтіндері де бар. Сиырды шақырғанда - ау-хау; тәуір көргенде - әукім-әукім; қайтарғанда - өк (әк), суарғанда - шәуім-шәуім; саууға шақырғанда (шәуім-шәуім); боразданың басына шыққасын жегулі өгізге - соп-соп Түйені шақырғанда - көс-көс, кәуіс-кәуіс; қайтарғанда - ... ... .. , шөгергенде - шөк-шөк!; суарғанда - сорап-сорап. Қойды шақырғанда - сыбыс береді, қайтарғанда - шәйт! қош! суарғанда - құрай-құрай! Ешкіні шақырғанда - шөре-шөре! қайтарғанда - шек-шек! Итті шақырғанда - кәһ-кәһ! күш-күш! көйт-көйт! Аң құсын қайта шақырғанда - паһ-паһ! қайт-кел! Мысықты шақырғанда - мыш-мыш; тәуір көргенде - мышым-мышым, қайтарғанда - пырс. Малшылық одағайынан таптасқан сөз туады Одағай түбір де емес, шылау да емес. Қазақ тілінің бір әдеті - түбір емес сөздерді де түбірге ұқсатып, жаңа сөз тудыра береді. Сондықтан: білмеймін дейтінің не? деудің орына - білмеймінің не? - білмеймініңе жол болсын! - дейді. Осы ретпен шаруашылық одағайына ла қосып, туынды сөз жасаймыз. Солай сөз тудыра жүргенде бұлардың бірқатары таптасқан сөзге айналып кетеді. Мысалы, шөгіп қалды - отырып қалды, жатып қалды деген мағынада; сораптау - бір нәрсені ұзақ ішу; айтақтау - ит қосу, біреуді-біреуге айдап салу; бұл туынды сөздер тура мағынасында, алдыңғы екеуі түйеге, соңғысы (айтақтау) итке ғана айтылатын болса да, ауыс мағынада адамға қаратыла да айтыла береді. Осының нәтижесінде кейбір одағайлар таптасқан сөз мәртебесіне ие болып та жүр.
II.Шаруашылық одағайының тарихы
Шаруашылық одағайының көбі бұрын белгілі бір малдың аты болған. Мысалы, қош! - қошқар - қой (қошқар екі мүшелі сөз); қозыны еркелеткенде қошақан дейміз; қош+а+қан. Соңғы -қан - бұзауқан, ботақан, балақан дегендегі кішірейту қосымшасы. Бірқатар елдерде қошқарды қоша, құша деп атайды. Бұрын қой, қошқар, қозы, қошақан деп бөлектеу болмаған. Бәрі қой атымен жүрген. Біздегі өк, әк, әукім - өгіз деген атауларды өкүз, угез, өкүр дейтін де елдер бар. Көс-көс! - түйенің аты болуы тиіс. Түрікпендер ботаны көш-әк дейді (мағынасы кішкене түйе). Жылқыны жемге шақырғанда айтылатын маһ-маһ - қытай тілінде жылқы деген сөз (қазақ тілінде сиректеу айтылатын мама бие - сақа бие, мама-ағаш - ат байлайтын ағаш (керме), мәстек - жылқының нашары маса + естек, яғни ат-ешек т. б. сөздер осы жылқы атауына қатысты болуы керек). Күш-күш, күшім-күшім! деп шақыру күшік атауына байланысты; мыш-мыш - мышық-мысық. Қазақтың қойға қарата айтатын құрай! одағайы екі түбірден біріккен: құра+ай. Соңғы -ай - шақыру қосымшасы. Түбірдегі құра - монғолша қозы деген сөз. Монғолдың құрақан сөзі де осы құрамен байланысты, түбірлес. Соңғы -қан- ған кішірейту: ботақан, бұзауқан. Сонда құра-ай дегендегі құра - қой мағынасында, ай - шақыру одағайы - әй!; Алғашқыда қой-ай! деген қаратпа сөз болған. Жылқы малына айтылатын құр-құр, құр-оу, құр-у дегендегі соңғы оу, у - шақыру қосымшасы, түбірі құр, бұл сөз басында жылқы дегенді білдірсе керек. Құр ат дегендегі тіркес те осы - құр. Жылқы шаруашылығына байланысты қолданылатын құрық, құрмалау (қамалау) сөздері осы құр түбіріне қатысты болса керек. Түйеге айтылатын сорап сөзі де екі элементтен біріккен. Алғашқы түбірі сор - суды сор! дегендегі етістік, соңғы ап - парсының су дегенді білдіретін аб сөзі болуы тиіс. Шаруашылық одағайлары - сөз емес, сөз екі адамның арасындағы ойды білдіру үшін, түсінісу үшін керек. Ал одағайлар екі адам емес, адам мен табиғат арасында ғана қолданылады; сөз айтылған жерде сөйлесу болады, ал одағайларды айтқанда бір жақты сөйлеу бар да, екі жақты сөйлесу жоқ. Онда да одағайлар жауап сөз күтпейді, тек жұмысты өндіру үшін айтылады, яғни одағайлар - өндірістік сөздер. Адамдар арасында да айтылатын одағайлар бар: біреуді қоштағанда, бір нәрсеге назар аударғанда немесе керісінше қоштамағанда, амандасқанда, қоштасқанда айтылатын сөздер кейде біреу болса да тұтас сөйлем орнына жүреді. Мұндайлардың өз мағынасы түсініксіз де болады, ал, тіпті, түсінікті болғанның өзінде де олар өз мағынасында тұрмайды. Мысалы, салаймағаликум - түсініксіз; арма, бар бол - дегендер түсінікті, бірақ өз мағынасында емес. Жөн сұрағанда: танымадық, жол болсын! дейтін қаратпалар жай сөз ретінде түсінікті болғанымен, бұлар әншейіндегі беретін өз мағыналарынан артық мағынаға не, тіпті, басқа мағынаға ие болған. Танымадық - дегеннің мәнісі: танымай тұрмын, өз жөніңіз қалай еді? кім едіңіз? дегенге келіп саяды. Ал біреуге жол болсын! дегенде алғыс айту, тілегін тілеу емес, неғып жүрген адамсың дегендей сұрау жатыр. Хайыр, хош дегендер араб, парсынікі. Бұлар сөйлемге тән жалпы заңдылық бойынша құралмаса да, сөйлем болып табылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жай сөйлемді оқыту
Сөйлем құрылымында қолданылатын өзге тыныс белгілері
Сөз таптары жүйесіндегі одағай сөздер
Қазақ тіл біліміндегі одағай сөздер
Оқшау сөздердің морфологиялық құрылымы
Қазіргі қытай тілі грамматикасындағы қытай тілінің сөз жасам тәсілі
Сөз таптарының орналасу ерекшеліктері
Сөйлемнің оқшау бөліктері
Одағай
Қаратпалар, түрлері, жасалу жолдары
Пәндер