Үржар топонимінің қалыптасу тарихы – лингво-мәдени аспектіде
МРҒТЗ 16.01.09
М.Е.Мамышева, Ш.Б.Сейітова
Alikhan Bokeikhan University, Қазақстан, Семей қ.
(E-mail: moldir_77777@mail.ru, seitovashinar@mail.ru)
Үржар топонимінің қалыптасу тарихы - лингво-мәдени аспектіде
Мақалада Шығыс Қазақстан өңірінде елді мекен атауы болып табылатын Үржар топонимінің қалыптасу тарихына мәдени-тілдік тұрғыдан шолу жасалды. Зерттеу жұмысында атаудың шығу тарихын сипаттайтын халықтық аңыз-әңгімелер топтастырылып, олардың қалыптасу барысына сыни көзқарас білдірілді. Атауға байланысты тілші ғалымдар тарапынан жасалған тілдік этимологиялық ғылыми тұжырымдар да жинақталып, өзара салыстырылып зерделенді. Олардың арасындағы ортақ белгілер мен айырмашылықтар өзара зерттеліп, сараланды. Топонимнің қалыптасуындағы негізгі белгі - жердің физикалық-географиялық сипаты, ерекше көрінісі болып табылады. Осы мақсатта Үржар атауының құрамындағы компоненттерге жеке-жеке тілдік сипаттама беру арқылы және компоненттердің тілдік қабаттағы алатын орнына байланысты топонимнің қалыптасу кезеңін анықтауға әрекет жасалды. Яғни компоненттердің түркілік негізін анықтау мақсатында түркология саласындағы әр түрлі сөздіктерде кездесетін ортақ түбірлер анықталып, оларға салыстырмалы-тарихи, синхрониялық, талдаулар жүргізілді. Талдаулардан негізді ойлар қалыптасты. Зерттеу нәтижесіндеқол жеткізілген негізді ғылыми тұжырымдар топонимика саласының ғалымдары назарына ұсынылады.
Тірек сөздер: топоним, Үржар, түркі тілі, ортақ түбір, түркілік негіз, тіл тарихы
Кіріспе. Қазақ ономастикасының құрамдас бөлігі - топонимдер халқымыздың ғасырлар бойы жүріп өткен жолының небір құндылықтарын бойына сіңірген тілдік жәдігерлер. Себебі күнделікті өмірде мыңдаған топонимдер тілдік қолданыс барысында қарым-қатынасқа түсіп, әрбір адамның өмірінде белгілі дәрежеде қызмет атқарады.
Қазақ халқы ежелден көшпелі мал шаруашылығына бейімделіп, мал тұяғына ере отырып, жер жағдайын малдың ыңғайына қарай таңдай отырып, сол жердің ерекшелігін баса көрсететін ат қоюы - жер-су атауларын тіл тарихын зерделеуде ерекше маңызды фактор ретінде айқындайды. Әрбір атауда түркілік негіз, ұлттық болмыс, дүниетаным, салт дәстүрдің кумулятивтік жинақталуы нәтижесінде қоныс, жұрт, жайлау, күзеу, қыстау атауларының ерекше дәлдікпен берілуі - тарихи топонимдерді ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың құнды тәсілі ретінде көрсетеді.
Туған өлкенің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзен-көлі өткен тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының қалыптасу тарихы туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әр атаудың қалыптасуына негіз болған тарихи оқиғалар, дара тұлғалар, мыңдаған жылдардың тілдік өрісі бар. Бұның бәрін кейінгі ұрпақ біліп өсуі абзал. Сол себепті де өңірдің тарихынан сыр шертетін Үржар атауының шығу тарихын көне түркі дәуірінен бүгінгі таңға дейінгі қалыптасу және даму барысын мақаламызда зерттеу нысанасына алып, зерделеуді жөн көрдік.
Зерттеу әдістері: этнолингвистикалық, сипаттама және концептілік талдау әдістері пайдаланылды.
Талқылау.Шығыс Қазақстан өңіріндегі Тарбағатай тау жотасының оңтүстік баурайында орын алған өзен, елді мекен, үлкен бір аудан Үржар деп аталады. Бүгінде бұл атаудың шығу тарихы мен этимологиясы жайлы сан алуан пікірлер мен тұжырымдар айтылып жүр. Алайда кез келген топонимдік атаудың қалыптасуы жайлы сөз етпес бұрын, сол жердің тарихына, табиғатының сипатына, өңірде орын алған тарихи оқиғаларға назар аударған жөн. Тарбағатай тауының оңтүстік-батысынан биік жардан бастау алып, ағыс жолында түрлі бұлақ суларымен, сағалар, өзектермен толыға ағып, Алакөлге құятын Үржар өзені елді мекен атауының қалыптасуына негіз болуы әбден мүмкін. Ал Таскескен - Бақты тас жолы аймағынан табылған Үржар ханшайымы атты археологиялық олжа өңір тарихын б.з. ІІІ-ІV ғасырларына дейін көтеріп, аталмыш атаудың қалыптасу кезеңі де өте әріде болуы ықтималдығын аңғартады. Сондай-ақ, Үржар атауының құрамындағы компоненттерге этимологиялық талдау жасау арқылы да топонимнің қалыптасу мерзіміне болжам келтіруге болады. Халық арасында Үржар атауының қалыптасуы туралы тараған сан түрлі аңыз-әңгімелердің бірінде Тарбағатайдың оңтүстік-батыс бөлігі терең сайлар мен ойлы-қырлы төбешіктер барымташылықты кәсіп ететін ұрылар үшін ұрланған малды жасыруға өте қолайлы жер болғандықтан, сол өңір Ұры жар аталған делінеді. Енді бірінде, таудан аққан өзенді бойлай жайылған мал ойлы-қырлы сайларға кіріп кетсе, табуға қиындық туындағандықтан, малды көзден таса қылатын жардың өзі ұры, ұры жар аталып, кейін ұржар атауының қалыптасуына негіз болған делінеді.
Сондай-ақ, бір топ жергілікті өлкетанушылар мен өңір тұрғындары атаудың ұры жар тіркесіне еш қатысы жоқ екенін алға тартып, өңір атауын басқа бір аңызбен байланыстырады. Атап айтқанда, ертеде өңірде үріп ауызға саларлықтай жар болуға лайық қалмақтың өте сұлу қызы өмір сүріпті. Сұлу қыз қазақ батырына жар болыпты. Содан келіп Үржар атауы қалыптасты деген аңыз да жоқ емес. Топоним қалыптастыруға негіз болған аңыздардың орындалу түрлерін талдаған еңбегінде академик С.Қасқабасов: Топонимдік аңыздың екінші түріне жер-су, мекен атын нақты бір тарихи фактіге қатысы жоқ, бірақ жалпы шындыққа саятын оқиға арқылы баяндайтын, сондай-ақ белгілі бір жер-судың пайда болуын ешбір мифтік ұғымға байланыстырмай бірақ қиялға негізделе әңгімелейтін шығармалар жатады. Бұл аңыздардың мазмұны көбіне қайғылы болады, әңгіме кенеттен аяқталып, оқиға күрт үзіледі, ал кейіпкерлер бақытсыз жағдайға душар болады [1; 150] - деген тұжырым жасайды. Бұл ғылыми тұжырымға сүйенетін болсақ, Үржар атауының қалыптасуын сипаттайтын жоғарыдағы аңыздардың негізсіз екенін аңғарамыз. Түркітанушы мамандардың пікірі бойынша бір тұрақты тіркестің қалыптасуы үшін шамамен, ең аз дегенде жүз жыл уақыт қажет. Олай болса, аңыз-әңгімелер негізінде қалыптасқан атаулардың қалыптасуы үшін алдымен аңыз-әңгіме тарихқа айналуы қажет. Содан кейін, аңыз-әңгіме орын алған жер деген қолданыс халық арасында ауыздан ауызға тарап, халық арасына әбден сіңісуі керек. Бұның өзіне шамамен жарты ғасыр уақыт қажет болады. Сондықтан да, Үржар атауының қалыптасу кезеңін қалмақ кезеңінен де әрірек кезеңде қалыптасқанына еш күмән келтірмейміз.
Үржар атауының қалыптасу тарихын саяхатшылардың өмірдерек кітаптары мен күнделік жазбаларына сүйене отырып болжам жасайтын ізденушілердің пікіріне сүйенсек, зерттеуші Серікбосын Сайдығалиұлы Алаш айнасы газетінің 2015 жылғы 3 қаңтар айындағы санында жариялаған мақаласында ойраттардың рухани және саяси көсемі Зая Пандитаның өлімінен кейін ізін жалғастырушы, дарынды шәкірті - Раднабхадра ойрат жазуымен жазып қалдырған Айдың жарығы (Лунный свет) (1638-1691) еңбегіне сүйене отырып, Үржар атауының қалыптасуына өзінше тұжырым жасайды: 1648 жылдары Тарбағатай тауын мекендеп, көшіп-қонып жүрген қалмақтар арасына келіп, рухани азық беруші Зая Пандитаның өмірдерегін жазушы Раднабхадраның еңбегінің орысша аудармасының 61 бетінде:Осень года быка (1649) [Зая-пандита] провел в [урочище] Улухун между[рек] Ур и Яр. Зимовал же в Хара-Бута ниже по течению от сумэ на [реке] Бора-Тала - делінген.Үржар өзені басталар тұсы оң саласын Кішкенетау өзенімен, сол саласын Қосақ өзендерімен бастаса, ортасынан Талдыбұлақ бұлағы құйылып, Үржар елді-мекенінің маңында бірігеді.Кішкенетау өзені басын Ақберді биігінің сайларынан алып, етекке қарай құлдилай ақса, Қосақ өзені таудың тік шатқалдарын жара отырып, жазықа шығар алдында терең сайдың түбімен сырғып ағып, бір-бірінен ерекшеленеді. Байқампаз адамға жоғарыдағы қалмақ жазбасындағы Ур және Яр сөзінің мағынасы өзіміздің Өр мен Жардан аққан өзендер екендігін аңғарудың еш қиындығы жоқ. Қосыла келе Өр жар суларын құрайтындығы сезіліп-ақ тұр [2]. Зерттеушінің пікірі бойыншаатау о баста Өржар, кейін дыбыстық ассимиляцияға ұшырап,Үржар болып ауысқан. Бұл пікірді ізденуші С. Әбдірахманов та қостайды. Егемен Қазақстан газетінің 2018 жылы 31 қазандағы № 208(29439) санында жарық көрген мақаласында зерттеуші С. Әбдірахманов: Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен Алматы облысының солтүстігінде Үржар өзені ағып жатыр. Атбас тауының солтүстікшығысынан басталып Алакөлге солтүстігінен құяды. Үржар өзені аттас Шығыс Қазақстан облысында тау, аудан және ауыл бар. Ал осы атауды қалай түсінуге болады? Орысша мағынасы үр - дуть, жар - обрыв. Бұл өзеннің дұрыс ғылыми аты Өржар (Орьжар) болу керек. Өйткені ұзындығы небәрі 206 шақырым, теңіз деңгейінен 2267 м биіктіктен басталып 343 м биіктікте Алакөлге құяды, яғни өзеннің құламасы (деңгей айырмасы) - 1924 м. Бір шақырым ұзындығының құламасы 9,3 м (1924:206=9,3). Ал жазықта ағатын Нұра өзенінің ұзындығы 978 шақырым, 1283 м биіктіктен басталып, теңіз деңгейінен 304м биіктікте жатқан Теңіз көліне құяды. Нұраның құламасы 4,2 м (1285 - 304=979), яғни 1 шақырымдағы еңістігі небәрі 1 м ғана деп өзеннің өрден ағатынын салыстыру арқылы дәлелдей келе, Үржар атауының Өржар екенін алға тартады [3]. Үржар атауының Өржардан қалыптасқандығын алға қоятын зерттеушілер тұжырымдарын өңірдің табиғат ерекшелігіне, биіктен, өрден құлдилап ағатын өзеннің сипатына байланысты негіздесе керек.
Сондай-ақ, Үржар атауына тіл ғылымында жер-су атауларын топоним құрамындағы компоненттерінің тілдік ерекшеліктеріне, яғни сөздердің қолданылу кезеңі, дыбыстық өзгеріске ұшырау кезеңі, мағыналарының кеңеюі мен тарылуы аясына сипаттама жасау арқылы ғылыми тұжырым жасаған тілші ғалымдардың да пікірлері негізсіз емес. Мәселен, кейбір зерттеушілер ...Ұржар атауы екі компоненттен жасалған... Мұндағы ор үр сөзі терең, ал жар сөзі - өзен дегенді білдіреді. Сонымен бұл атау терең өзен деген мағынадан жасалған [4; 57]деген пікірді ұстанады. Алайда зерттеуші Ә. Нұрмағамбетұлы: Автор жер атауын Үржар емес, Ұржар деп алады. Басқа көптеген деректерде - Үржар... Зерттеушінің бұл пікіріні қолдай алмаймыз. Ең алдымен... біріккен сөздің алғашқысы үр -дің тұңғыш мағынасын іздестіру қажет [4; 57]деп жоғарыдағы тұжырымға қарсы пікір білдіре отырып, өз тұжырымдамасын ұсынады. О баста, үр сөзінің көне түркідегі мағынасы бұрын, ұзақ деген мағынасына жар сөзін қосақтап, бұрынғы жар тіркесін алады. Алайда, пікірінің жаңсақ екеніне көзі жеткен ізденуші үр сөзінің В. Радловтың сөздігінде орын алған өр - биіктік мағынасындағы сөздің дыбыстық баламасы екендігін ескере отырып, Үржар атауының жердің физикалық-географиялық ерекшелігіне орай биік жар деген мағына беретіндігін алға тартады [4; 57].
Жалпы алғанда, зерттеушілер тарапынан Үржар атауын Ұры жар нұсқасында алып, этимологиялық талдау жасауы көп ретте оң нәтиже бермейтіндігін ономаст ғалым Т.Жанұзақов: Жалқы есімдерді талдау барысында, олардың этимологиясын ашу, айқындауда жалған, халықтық этимологияға бой ұру жайы ұшырасады [5; 9] деген пікірі арқылы нақтылай түседі. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан өңірінің топонимикасын тереңінен зерттеумен айналысып жүрген ономаст ғалым Б.Бияров та, Жас алаш газетіне берген сұхбатында: Қазақша карта жасау жұмысы әлі күнге дейін жолға қойылған жоқ. Оның себебі картаны географтар жасайды, ал тілші, топонимист ғалымдар қатыстырылмайды. Соңғы бір қазақша жасалған картада Шанағаты - Шанақатты, Үржар - Ұрыжар нұсқаларында қате жазылған, деп атаудың Ұрыжар емес, Үржар екенін нақтылай келе: Үржар көне түркі тіліндегі үрүрің ақ сын есімінен жасалып тұр, яғни ҮржарАқжар деген атау [6] деп, Үржар атауының қалыптасуына байланысты тың тұжырымын ұсынады.
Қалай болғанда да, Үржар атауының өте ерте заманда қалыптасқан атау екені күмән тудырмайды. Топоним құрамындағы компоненттер - бұның айқын дәлелі. Үржар елді мекен атауының бір өзен атауы негізінде қалыптасқанын ескерсек, орхон-енисей жазба ескертіштерінде jar - йар[7; 238],jar ügüz - йар угуз [8; 258] - Жар, Жар өзені деген гиронимді және географиялық терминді кездестіре аламыз. Көне түркі заманында жар сөзінің жер-су аты ретінде қолданыс табуы Үржар атауының көне түркілік қабатқа жататын топоним екендігіне дәлелімізді арттыра түседі. Орта ғасырдағы Махмұд Қашқари сөздігінде йар сөзіне судың төмен қарай ағысы салдарынан пайда болған ойық, жыра[9; 1068] деген сипаттама берілсе, Әбу Хайанның еңбегінде йар - тік жартас [9; 1068]деген түсініктеме беріледі.Сондай-ақ, тарихшы Х. Құрбанғали Тауарих хамса еңбегінде Мамыр су бітімінен кейінқытайлардың қазіргі Үржар аймағында Тамды дейтін жерге "Биар" атты қорған салғандарын баяндай келе, Биар атауының бида йар, бид-қытай тілінен аударғанда ақ, йар-түркі тілінен аударғанда жар деген мағына беретінін жазады. Зерттеушінің айтпағы, атау жардың түсіне қарай қойылғандығы, демек түсі ақ, бозамық жардың жанына алынған қорғанБиарақжар деген атау алған. Бұнымен бірге, тарихшы ол кезеңдегі өңірде биік жарлардың көп болғандығын және жар географиялық терминінің қатысуымен жасалған Ақжар, Пұшық жар, Кіші жар, Ұры жар, Қысық жар, Ирек жар т.б. жер аттары жайлы сөз қозғайды [13; 109, 131]. Бұдан аңғаратынымыз, аймақта көнеден бері ірілі-ұсқаты жарлар көптеп орын алған. Жар сөзінің мағынасы көне түркі, орта ғасыр және бүгінгі таңда да географиялық термин, топонимдік атау ретінде танылады. Олай болса, белгілі бір жер-су атын қалыптастыруда географиялық терминнің бір компонент ретінде қатысуы топонимика саласында қалыпты құбылыс. Жар сөзі зат ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz