Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы түс көру мотиві



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақcтан Рecпyбликаcы Ғылым жәнe бiлiм миниcтрлiгi
Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау селосы
Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты КММ

Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы
түс көру мотиві
(Әбіш оқулары байқауына зерттеу жоба)

Дайындаған: Ерланқызы Дильназ
10-сынып оқушысы
Жетекшісі: Көбеева Назерке
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Аққыстау - 2022

Мазмұны

Аннотация
Кіріспе
Қазақ әдебиетіндегі түс көру құбылысы
Негізгі бөлім
. Ә.Кекілбаевтың прозаларындағы оқиғалардың дамуына түрткі болған түстердің мазмұнын ашу
. Кейіпкерлердің ішкі дүниесін ашу үшін қолданылған түстер
Қорытынды.
Ә. Кекілбаев кеңістігі әлі де ашылмаған сыр сандық

Аннотация
Бұл зерделеу жобасында оқушы зерттеудің басты нысаны ретінде Әбіш Кекілбаев прозаларын алған. Жазушының шығармаларына шолу жасай отырып, оларда кездесетін кейіпкерлердің түстері жинақталған. Жоба барысында Әбіш Кекілбаевтың қарастырылған. Аталған шығармалардан жинақталған түстердің ішінде елеусіз боп көрінетін жеңіл түстер мен шығармадағы оқиғаның басталуына арқау боларлықтай елеулі түстер де қарастырылған.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Әбіш Кекілбаев шығармашылығына шолу жасай отырып, оқырманның жазушы еңбектеріне қызығушылығын ояту.
Әбіш шығармаларындағы түстерді жинақтай отырып, олардың мазмұнын ашу.
Шығармалардағы түстердің жорылуын халық наным-сенімімен байланыстыра қарау.

Кіріспе
Қазақ әдебиетіндегі түс көру құбылысы
Қазақтың бай халық ауыз әдебиетінде оқиғаларды жеткізу үшін қолданылатын дәстүрге айналған суреттеу тәсілдері көп кездеседі. Солардың бірі халқымыздың сонау заманнан бергі жыр жауһарларында, аңыздарында кездесетін түс көру құбылысы. Баршамыз білетін батырлар жырының өзінде мен бір бүгін түс көрдім, түсімде жаман іс көрдім деп қайталанатын тармақшалар көп кездессе, қайда барса, өз көрін қазғандарды көрген Қорқыттың түсі әлі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай, ел аузында келе жатыр. Бұл мысалдарға қарап-ақ біз түс көру мотивінің қазақтың ежелгі дәуір әдебиетінен бастау алғанын байқаймыз. Халық ауыз әдебиетінен жеткен бұл үрдісті қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы іспеттес қайталанбас дара жазушысы - Әбіш Кекілбаев өз шығармаларында жаңа қырынан пайдалана білген. Біз жазушының бірнеше шығармасына шолу жасап, онда кездесетін түстер желісін жинақтадық. Осы жобада жазушы шығармашылығында кездесетін түстердің мағынасын ашып, олардың шығармадағы атқаратын рөліне тоқталмақпыз.

Негізгі бөлім
Ә.Кекілбаевтың прозаларындағы оқиғалардың дамуына түрткі болған түстердің мазмұнын ашу
Прозалық шығармаларда түс түрлі қызмет атқарады: бір нәрсені болжау, кейіпкерді қауіп-қатерден сақтандыру, болатын нәрсе жайлы мәлімет беру не болмаса күрмеуі қиын істің шешуін таппай қиналғанда, секем алып күдіктенгенде я болмаса қорыққанда көрініп жатады. Әбіш шығармаларында кездесетін түстер де сан түрлі. Кейбір түстер тіпті бір шығарманың желісіндегі оқиғаның тууына себепші болып жатса, ал кейбір түстер жәй ғана кейіпкердің ішкі тебіренісін көрсету үшін қолданылған. Әбіш шығармашылығында кездесетін түс көру құбылыстарын жинақтау үшін оқыған ең бірінші туындым Ханша - Дария хикаясы повесі болды. Повесте Шыңғыс хан бірнеше түс көреді. Солардың алғашқысы өзінің хан болып сайланары алдындағы түс. Баяғыда қуғын көріп, ел асып, жер асып жүргенде бір қуыста ұйықтап жатып, түсінде айдалада қурап қалған өз қаңқасына құзғын қонып отырғанын көріп, шошып оянғаны бар. Бірақ арада ай өтпей жатып, ақ киізге көтеріп, хан сайланды.[1.6 бет]
Шыңғыс ханның Үнді мемлекетінің терістігіндегі бір шаһарды шапқан күні көрген түсі оның сәл де болса ойлануына түрткі болады. Осы түс арқылы автор Шыңғыс ханның жылдар өткен сайын өз дегеніне көндіретін кәріліктің келгенін, биліктің қолда мәңгі тұрмайтынын іштей сезетінін көрсетеді. Бейсаубат адам қайта қозғалды; міне тұп тура мұның қасына кеп тоқтады. Қолындағы алмас қанжарын баппен созып, көкірек тұсына тақай берді. Ақ алмас жалаң-жалаң етеді. Манадан бері не болса да артын күтейін, әмірші басыма ар болатындай асығыс қылық жасамайын деп сабыр жиып жатқан санасы оқыс шайқалып, жан даусын шығарып, айқайлайын десе, үн оралмай, тек иегі кемсең-кемсең етті. Дәл кеңірдегінде тіреліп тұрған суық қанжар мұп-мұздай боп омырауына сылқ құлады.[1.15 бет] Түстен кейін автор Шыңғыс ханды түрлі ойлар мазалағанын ашып жазады. Осы түстен кейін Шыңғыс хан жер бетіндегі тірі пенденің бәрін үрейлендіретін кәрілік пен өлімнен өзінің де сескенетін шағының келгенін байқайды. Ханша-дария хикаясы повесіндегі оқиға желісінің дамуына да түрткі болған жәйт - Шыңғыс ханның түсі. Ол түсінде керемет сұлу әйелді көреді. Бар мақсаты таусылып, әйелден басқа ойлайтыны қалмаған кісіше... деп ол түсін ұмытқысы келгенмен кездейсоқ кез болған мына бір оқиға әлгі түсті қайта есіне түсіреді. Қасар мерген екеуі желе жортып, қасына жетіп барды. Түнде жауған қар бетіне тамғанда қан қандай әдемі. Есіне түндегі түсі оралды. - Осы дүниеде, сірә, денесі тап осы қан сонардың қарындай аппақ әйел баласы бар ма екен? - деді.
Қасар мерген:
Таңғұттардың Шидүрге деген бір бекзадасының Гүрбелжің деген әйелі қараңғы үйге кіріп барғанда, самалдай жарқырап кетеді дейді. Болса тек соның жүзі ғана осындай шығар, деді шала-жансар қоянды тамағынан орып жатып.
Таңғұттардың десің бе...
Шыңғыс хан ойланып қалды.[1.19-20 бет]
Міне осыдан Ханша-дария хикаясы басталады. Гүрбелжіңді алғысы келген Шыңғыс хан қаншама халықты қырып, ақыры оған да қол жеткізеді. Алайда, өз елінің жауына жар болғысы келмеген Гүрбелжің ханым оны өлтіреді де, өзі дарияға құлап өледі. Сөйтіп, Ханша-дария хикаясының өмірге келіп, дамуына себепші болған сол бір түс, ханның өліміне әкеліп соғады. Сондай - ақ шығармада таңғұттардың билеушісі Шидүргенің жары болған сол Гүрбелжің ханым да бірнеше түс көреді. Ол ханым болғанға дейін де, Шидүргеге жар болғаннан кейін де түсінде ылғи көріп жүретін құздың басы да шығарма соңындағы Гүрбелжің ханым дарияға өзін тастап өлген құз еді.
Үркер романындағы Әбілқайыр хан өзі көрген түстерін жан баласына айтпай, алыстағы досы Тайланға ат шаптырып жорытып алатын болған. Автор осы жерде Әбілқайырдың ойына бұрынырақта болған оқиғаны түсіреді. Есіне екі абысынның әңгімесі түсті. Буаз әйел түс көрмейтін бе еді. Түсінде екі бөлтірік екі омырауын еміп жатпайтын ба еді. Ояна кетіп, абысынына айтса: Ойбай, сорлы, сені қасқыр жеп қояды екен! - демейтін бе еді. Отынға кеткен бейшараны шынында да, қасқыр талап өлтірмейтін бе еді. Әлгі жайды абысыны енесіне айтқанда: Қап, жүзіқара-ай түсті сөйтіп, жаманға жорушы ма еді. Ол бейбақ егіз ұл табатын еді ғой, - демеуші ме еді.[2.3 бет.] Осы тұстағы Әбілқайырдың түс көрудегі ойын көрсете отырып, автор халқымыздың түсті кез-келген жанға жорытпайтын қасиетін көрсеткісі келген. Сонда-ақ халқымыздың түсіңді қалай жорысаң, өңіңде солай болады деген сенімін де осы тұстан көреміз. Сондықтан да халқымыз кез-келген түсті жақсылыққа жорыған дұрыс деп есептейді. Сондай-ақ шығармада Итжеместің хан ордасын көріп, шен - шекпенділердің күнделікті ішер асы мен киер киімін көргеннен кейін солардың орныда өзі болғысы келетін арманы да түсінде қылаң беріп көрініп қалатын. Түсінде хан ордасының желкесіне дейін тасырлап атпен шауып барып, сүйінші сұрап жүреді. Сүйіншіге жылт-жылт еткен қамқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы әдеби түс көру
Көркем шығармадағы түс көру ұғымы
Түс көрудің поэзиядағы рөлі
Жазушы шығармаларындағы ұлттық мінез бен қазақы болмыс
Әбіш Кекілбаев шығармалары мол мұра
Кейіпкерлерді бейнелеудегі көркемдік амал - тәсілдер
Әбіш Кекілбаевтың Елең – алаң романындағы монолог пен көркем диалогтың қызметі
Тіл - көркем әдебиеттің негізгі құралы. Әбіш Кекілбаев шығармашылығы
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тарихи тұлғалар
Көркем прозадағы түс көру тәсілінің сипаттамасы
Пәндер