Тарихи білімді меңгеру кезеңдері, қалыптасу жүйесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
№2 дәріске семинар
Орындаған:Клычев Бауыржын Абыласанович

Тарихи білімді меңгеру кезеңдері, қалыптасу жүйесі.
Тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты - оның мазмұны - білім беру және оны игеруге басшылық жасау - оқушылардың оқу әрекеті - оқыту нәтежиесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар жоспарластырылған және қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады. Тарихты оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқыпүйрену де үнемі даму үстінде болады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды. Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психология, дидактика талаптары логика сияқты ғылым салаларымен тығыз байланыста дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту процесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңартып пайдаланады. Зерде категориясы мен шежіре айту дәстүрі ұлттық тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуындағы ең басты буын болғанмен, біз жалпы ұлттық тарихи білімнің қалыптасуы мен даму бағытын тұрмыстық, ғылымға дейінгі және ғылыма-теориялық деп 3-ке жіктеп, оның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі құрылымын 7 дәуір, 5 кезеңге бөлуді жақтаймыз: 1-ші бағыт (тұрмыстық тарихи білім) 2 кезеңнен тұрады: а) Тарихи білімнің пайда болу кезеңі; б) Дәстүрлі тарихи білімнің қалыптасу кезеңі. Бұлардың әрқайсысы жеке-жеке дәуірге бөлінеді. Осы арада тарихта айтылатын тас дәуірі мен алғашқы қауымдық құрылыс аралығында қалыптаса бастаған тарихи білімді түгелімен 1-ші дәуірдің үлесіне кіргіземіз. Осы дәуірдегі тарихи білім нышандары табиғат құпияларын білуге ұмтылу сияқты философиялық ұғым шеңберінде бой көтере бастайды. Ал тарихтағы сақ-үйсін дәуірі мен түркі дәуірі аралығында дами бастаған тарихи білімді 2- ші дәуір үлесіне кіргіземіз. Бұл дәуірдегі тарихи білім нышандары философиялық ұғымдағы зерденің төменгі сатысы-пайымдау арқылы мүмкін болады. 2-ші бағыт (ғылымға дейінгі тарихи білім) үлкен бір кезең (есеп бойынша 3-ші кезең) барысында қалыптасқанмен, бұл кезең 3 дәуірге бөлінеді (III-IV-V дәуір). 3-ші дәуір қазақ жеріне арабтардың келуінен Ақ Орданың дүниеге келуі аралығын қамтыса, ол философиялық ұғымдағы дін арқылы болжау нәтижесінде болған тарихи білімді дүниеге әкелді. Осы 2-ші бағыт ішіндегі 4-ші дәуір қазақ хандығының қылаптасуынан бастап, Ресейге еріксіз бодан болған тұстағы ұлттық тарихи білімнің пайда болуын философиялық ұғымдағы зерделеудің нәтижесі деп түгінгеніміз жөн. Ал 2-ші бағыт ішіндегі 5-ші дәуірдегі ұлттық тарихи білім, ұлт-азаттық қозғалыстар арқылы бой көтеріп, зар-заман ақындары арқылы қазақ-демократағартушыларының көзқарастарына ұласса, бұл үрдіс философиялық түсініктегі зерделі сын арқылы жүзеге асты. 3-ші бағыт(ғылыми-теориялық тарихи білім) 2 кезең және, 2 дәуірге бөлінеді. Мұндағы 1-ші кезең (есеп бойынша 4-ші кезең), 6-шы кеңес дәуірі кезінде саясат арқылы жүйелі жолға түсіп, 1935 жылдан бастап идеологиялық жағынан қыспаққа алынған тарихи білім. Ал есеп бойынша, 5- ші соңғы кезендегі ұлттық тарихи білім 7-ші тәуелсіздік дәуірімен бірге келіп, қайта жаңғырып отыр. Еліміз тәуелсідік алғаннан кейін 1995 жылы дүниеге келген Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасында Қазақстандағы тарихи білімнің іргелі принцптері айқындалып, негізгі басымдықтары анықталды. Ақыры Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1998 жылдың Отандық тарих жылы деп жариялануының өзі еліміздің динамикалық дамуына, ұлтттық мәдениеті мен руханиятының өсуіне, қазақ халқының сана сезімінің жандануына арқау болып, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды шығаруға жол ашып берді. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің 1998 жылғы 21 тамыздағы № 465 бұйрығымен бекітілген қоғамдық гуманитарлық пәндер циклына арналған Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартының бірінші кітабында тарихи білімнің сипаты былай түсіндірілген: Қоғам мүшелерін қажетті дәрежеде тарихи білімммен қаруландырмай, оларда тарихи сананы қалыптастырмай, ешбір мемлекет тарихи дамудың жоғарғы сатысына жете алмайды. Бұл стандартта тарихи білім мазмұнын іріктеуде ұлттық деректердің басыңқы болуына көңіл бөлініп, ғылымда ұзақ уақыт бойы үстемдік еткен Европацентрлік ұстаным мен коммунистік идеологияның солақай саясаты сыналды. Бұның өзі Тәуелсіздік жағдайындағы тарихи білімнің құрсаудан шығуына көмектесіп, оның ұлттық белгідегі өрісін кеңейте түсті. Ал 2002 жылы Қазақстан мектептеріне арналған жаңа стандарт бойынша мектепте Тарих пәнін оқытудың жалпылы мақсаттары ықшамдалып, отандық тарихты оқыту арқылы оқушыларға бүкіл адамзат жасаған құндылықтар мен мәдени-тарихи тәжірибенің нәтижелерін табыстап, меңгертудің барысында олардың санасында жүйелі білім негіздерін қалыптастырудың жолдары қарастырылған. Стандартта діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу міндеттері көрсетіліп, Тарих оқу пәнінің оқытатын нысандары нақтыланумен бірге, оның таяудағы даму болашағы айқындалған. Жаңа тарихи сана қалыптастыру ісіне Елбасы көңіл бөліп, бағыт-бағдардың кең болуын еске салды: Бүгінгі таңда біз, әлеуметтік даму динамикасын ескермесек, өзгелердің даму қарқынына қарап отырмасақ, тарих шеруінің соңында шаң қағып қалуымыз әбден мүмкін. Н.Ә. Назарбаевтің бұл сөзі қазіргі әлемдік мәдениет дамуының Мәдениет - Білім - Тарих болсын деген ұсынысымен де үндеседі. Қазіргі кезде тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі жалғасуда. Соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады: - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттың мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу; - оқушыларды қоғам мен адамзаттың ежелгісімен, бүгінімен таныстырып, оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-тәрбиесін ұғынуға бейімдеу; - қазіргі қоғамға кіріккен және жетілдіруге ұмтылытын тұлға қалыптастыру; - тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу; - әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушылардың пікірлер мен көзқарастарды еркін таңдау құқын қорғауын қамтамасыз ету, гуманистік және демократиялық құндылықтарға бағыттау; - тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзімен бағалап, талдай алу дағдысын қалыптастыру. Тарихты оқытудың негізгі факторлары оқу процесінде кешенді түрде жүйемен іске асады. Жүйе дегенміз - өзара әрекеттесіп, тығыз байланыста болып, белгілі біртұтастық, бірлік құрайтын бөліктердің жиынтығы. Оқу факторларының ішкі тұтастық қасиеті оқыту процесіне дұрыс ықпал жасап, оның сапасының жақсаруына жол ашады. Мектепте тарихты оқытудың мазмұны тарих ғылымының дамуы барысында өзгеріп отырады. Әдістеме отандық және жалпы тарихтың негізгі оқиғалары, фактілері мен құбылыстарын таңдауға; теориялық жинақтау мен анықтамалар қалыптастыруға көмектеседі. Мектепте оқыту үшін таңдап алынған тарихтың мазмұны мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық түрінде көрініс табады. Оқушылар ол мазмұнды сыныптық, сыныптан тыс және мектептен тыс оқу түрлерін қамтитын оқытуды ұйымдастырудың белгілі бір әдістемесі арқылы меңгереді. 3. Әдістер (әрекет тәсілдері) әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, сөздік, баспақолжазбалық (мәтінмен жұмыс). Көрнекі, практикалық деген сияқты. Олардың мәні қалай оқыту керек деген сұраққа жауап беріп, мұғалім мен оқушының бойында екі жақтық әрекетін айқындайды. Жақсы жолға қойылған оқытудың әдістемесі оқушылардың бойында тарихи білім мен танымдық дағдыларды, ғылыми көзқарас пен сенімді қалыптастырып, дамытуда тиімді нәтиже береді. Әдіс, тәсілдар мен оқытудың түрлері (жалпысыныптық, топтық, дербес), сабақ типтері (қайталау-жинақтау, семинар, зертханалық, саяхатсабақ), сабақ үстінде мұғалім әрекеті мен оқушының оқу құралдары тығыз байланысты. Оқу жұмысының құралдарына оқу процесін қамтамасыз етуге керекті оқулық, жұмыс дәптері, тарихи карта, оқу картиналары, диафильм т.б. сияқты заттарды жатқызамыз. Оқу материалы мазмұнының, тиісті оқыту әдістемесінің ұйымдастырылуы және оқушылардың тарымдық қызметі формаларының біртұтастығы негізінде оқушылар оқыту мақсатына қол жеткізеді. 4. Оқушылардың танымдық мүмкіндіктері оқушының жасына және соған сәйкес тарихи білім мен дағдыны игеру деңгейіне тікелей байланысты. Тарихи танымға ұмтылуға күш жұмсау тұлғаның ойлауын, қиялын, ерікжігерін және сезімдік қасиеттерін дамытуға айтарлықтай ықпал жасайды. Оқу процесінде оқушылардық тарихи білімді меңгеру және қолдану қабілеті дамиды. 5. Оқыту нәтежиелері алға қойған мақсаттарды іске асырумен тікелей байланысты. Ол оқушылардың қол жеткізген білім мен дағдысының, олардың интеллектуалдық, эмоциялық және ерік-жігерінің деңгейін танытады. Білімін дәләлдеу және негіздеу, ең бастыны бөліп алу, себепсалдарлы байланыстарды анықтап, қалыптасқан мәселені шешуде қажетті білімді қолдана алудан көрінеді. Оқыту нәтежиелері мына деңгеймен өлшенеді: 1) 5-11 сыныптардағы бір сабақта, бір тақырыптағы бірнеше сабақта немесе бөлімдегі, тараудағы, курстағы, бүкіл курстағы алған тарихи білім; 2) ғылыми көзқарастың қалыптасуы; 3) тарихты оқыту процесінде оқушыларды тәрбиелеу; 4) оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту. Осылайша оқыту нәтежиелері алға қойған мақсаттың орындалғанын немесе тек сөз жүзінде қалғандығын танытады. Соңғы жылдары білім сапасы тест көмегімен бағалануда. Оның есесіне оқушылардың алған білімдерінің практикалық қызметте қолдану қабілетін бағалайтын тапсырмалар аз қолдануда. Тарих сабақтарында мұндай тапсырмалар қарапайым дерек көздері және құжаттарды зерттейтін зертханалық сабақтар жүргізумен тікелей байланысты. Оқушылар сабақтан бос уақытында мұражай мен мұрағаттағы жұмыстары негізінде баяндама, реферат, ғылыми мақала дайындауы да тарихи білімін бағалаудың өлшемі болуы тиіс. Әлемдік талғамдарға сай қимылдау үшіін тарих емес мамандықтарда Отан тарихын оқытуға қойылатын талаптар мен оқытудың ерекшеліктері қазірдің өзінде байқалып отырған жас ұрпақ сана-сезіміндегі түрлі қауіптермен байланысты. Кеңес дәуірінде жоғарғы мектепте өзінің ұлттық тарихын білуге орын жоқ болды. Осыған орай ақылды балалардың көбі өзінің рухына жетімсіздігінен бүгінгі тәуелсіздік заманның салмағын көтеруге дәрменсіз болып шықты. Себебі ауыл жастарына нарық әкелген объективтік себептер туындатқан бүгінгі көңіл-күй олардың арасынан қылмыскерлер мен бұзақыларды көптеп шығаруда. Ең өкініштісі, өз халқының тілін білмейтін, тіпті оны ерсі көріп, жат санайтын, сөйтіп басқа тілдің жетегіне еріп, санасында басқа түсінік қалыптастырып, ұлттық намысын жоғалтатын тәрбие жолына түсе бастаған жаңа буынның әкімшіл тобы бәрінен де қауіпті. Демек, бұл, мемлекеттік дәрежеде ойланып, жастарды, әсіресе ауыл жастарын, оқыту мен тәрбиелеудің арнайы заң жобаларын әзірлеп, халық талдауына беруді қажет ететін күрделі мәселе. Мектеп жасындағы Қазақстан жастарын Отанға берілген нағыз патриот етіп тәрбиелеудің бір жолы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ұлттық тарихи білімді жан-жақты меңгеруі арқылы шешіледі. Ал бастауыш сыныптағы тарихтан бастапқы түсінік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ кітабі
Мектепте фонетиканы оқыту
Педагогикалық зерттеулердің жалпы сипаттамалары
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері
Оқытудың заңдылықтарымен принциптері
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі сараптама
Тіл мәдениетінің сипаты
Педагогикалық зерттеудің библиографиясы
Білім беру үрдісіндегі жаңа инновациялық әдіс - пікірталас технологиясы
Пәндер