Өсімдіктер мен балдырлар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
1. Cyanophyta көк жасыл балдырлар бөлімі, оның классификациясы, құрылысын және көбеюін сипаттаңыздар.
Көк-жасыл балдырлар өте ертеде бері келе жатыр. Шамамен 1,4 мыңдай түрі бар. Кейбір түрлері температурасы 80С-қа дейінгі суларда немесе суық тауларда да тіршілік ете алады.
Классификациясы: 3 классқа бөлінеді.
Класы: хроококкалар Chroococcophyceae
Туыс: глеокапса Gloeocapsa, микроцистис Microcystis, мерисмопедия Merismopedia
Класы: хамесифондар Chamaesiphonophycae
Туысы: дермокарпа Dermocarpa, паширенема Pascherinema, хамесифон Chamaesiphon
Класы: гормогониялар Hormogoniophyceae
Туысы: осциллатория Oscillatoria, спирулина Spirulina, лингвия Lyngbya, анабена Anabena, носток Nostoc, толипотрикс Tolipotrix, ривулярия Rivulatia, глеотрикия Gloeotrichia
Көк-жасыл балдырлар колония түзіп, көп клеткалы немесе өте сирек жағдайда бір клеткалы болып тіршілік етеді. Түсі клеткадағы әртүрлі пигменттерге байланысты әртүрлі болып келеді. Клеткасында ядро, вакуоль жоқ. Цитоплазма екі қабаттан тұрады: хроматоплазма және центроплазма. Көк-жасыл балдырдардың клеткасының құрылысы дробянкаларға ұқсас. Ал көпклеткалы түрлері жіп тәрізді болады. Олар клетканың жай ғана екіге бөлінуі арқылы өседі. Клеткаларының ішінде өлі клеткалары болады. Бір және көп клеткалы көк-жасыл балдырлар әдетте бойынан жабысқақ шырыш зат бөліп сол арқылы бірігіп, колония түзеді. Олар афтотрофты және аралас қоректенеді.
Арнайы көбею органдары жоқ. Сондықтан жыныстық, жыныссыз көбеюі жоқ. Вегетативті жолмен көбейеді. Көк-жасыл балдырлар қолайсыз сыртқы ортаға тез бейімделеді. Көпшілік түрлері саңырауқұлақтармен симбиоз түзу арқылы қына түзеді. Ауада көп кездесетін азотты бойына сіңіреді.
Көк - жасыл балдырлар басқа өсімдіктерге тән автотрофты жолмен қоректенеді. Кейбіреулері шіріген қалдықтары көп лас суларда өмір сүреді, сондықтан екі жолмен де қоректенуге қабілетті болып келеді. Ол дегеніміз, фотосинтез арқылы түзілген органикалық заттарды өз бойына сіңіреді. Қор заты ретінде гликопротеид, валютин немесе цианофицин түзеді.
2. Диатомды балдырлар бөлімін, классификациясына, құрылысына, көбеюіне сипаттама беріңіз.
Классификация:
Класс: пеннатталылар
Туыс: пиннулярия Pinnularia
Класс: центрикалық диатомдылар
Құрылысы: Диатомды балдырлар бір клеткалы кейде колоня түзетін өте ұсақ организмдер. Олар барлық жерлерде: ащы тұщы суларда ылғалды топырақта ағаш діңдерінің қабықтарында өседі. Диатомды балдырларды сыртқы ортадан қорғап тұратын сауыты пектинді қабықшамен кремнеземнің қосындысынан алынады. Ол астыңғы гипотекадан және үстіңгі эпитекадан тұрады Әрқайсысы екі жақтаудан тұрады Эпитека гипотикаға өте тығыз орналасқан Жақтауларында бос қуыстары және тесіктері поралары болады Клетка ішінде ядросы вакуольдері хромотофорасы болады Хроматофорасының түсі қоңыр, себебі оның хлорофиллі қоңыр пигменттермен каратиноидтармен және диатоммен жабылып көрінбей тұрады. Артық қор заттарына шыны майы, валютин мен лейкозин жатады.
Көбеюі вегетативтік және жыныстық.
1) Вегетативтік көбеюі. Ол потопластың митодикалық жолмен бөлінуінің нәтижесінде жүзеге асады. Бөлініп кеткен протопластар өздері қайттып гипотеканы түзей алады. Сонда аналық гипотекадан қалған гипотека жас клетканың эпитекасы болып саналып кетеді.
2) Жыныстық көбеюі. Ұсақ особьтар жақтауларын тастап шырышты сұйықтықтың ішіне енеді. Әр клетка редукциялық жолмен бөлініп төрт гаплоидты клетка тетрадаға дейін дамиды. Тетрадалардың екі клеткасы бір бірімен қосылғанда қалғаны жойылып кетеді. Пайда болған зигота жаңа особьқа дейін дамиды. Олардың өмірлік циклі диплоидты фазада өтеді. Диатомды балдырлардың шіріген қалдықтарынан диатомит пен трепел түзіледі. Оларды дыбысты және ыстықты изоляциялауға жарылғыш заттар жасауға қолданады.
3. Эвгленалы балдырлар бөліміне, классификациясына, құрылысына, көбеюіне сипаттама беріңіз.
Таза жасыл түсті, бір клеткалы балдыр түрі.
Классификациясы:
Эвгленалы балдырлар түріне бір клеткалы - трахеломанас жатады. Пішіні дөңгедек тәрізді. Сыртын қаршап жататын сауыты болады. Оның құрамына марганец пен темір тұздарі сіңгендіктен қызыл-қоңыр, қоңыр, сарғыш түсті болып келеді.
Құрылысы:
Клеткасының құрамында- ядро, цитоплазма, хлоропласт, вакоуль және көзшесі болады. Сонымен қатар денесінің алдыңғы жағында бір немесе екі талшығы бар. Сыртқы қабықшасы пелликуладан тұрады. Қор заты ретінде крахмал жиналмай, оның орнына оған жақын углевод парамилон жылтырауық дән түрінде хлоропластта немесе одан тыс жерде жиналады. Сондықтан эвгленалы балдырлардың осындай ерекшелігі басқа балдырлардан физиологиялық және биохимиялық құрылысы жағынан ерекшеленіп тұратынын көрсетеді.
Көбеюі:
Эвгленалы балдырлар көбею процесі клетканы бойлай екіге бөліну арқылы көбейеді. Көбеюі көбіне таңертеі не кешке болады. Бұлар тұщы, лас суларда, тоғандарда мекендейді. Сондықтан олар автотрофты да, миксотрофты да қоректене алады.
4. Phaeophyta-Қоңыр балдырлар бөліміне, классификациясына, құрылысына, көбеюіне сипаттама беріңіз.
Түрлерінің саны 1,5 мыңдай. Талломының түсі сарғыштан қара-қоңыр түске дейін. Ол түстер балдырдың құрамындағы пигменттердің (хлорофилл, каротиноид, фукоксантин) араласып келуінің арқасында қалыптасады. Қоңыр балдырлардың талломасы көп клеткалы. Олардың эволюциялық өте ұсақ организмдерден, аса үлкен түрлеріне дейін кездеседі. Әдетте көп түрлерінің талломасы жіпке ұқсас және клеткалар тізбегінен тұрады. Клеткасында тек бір ядросы болады. Хроматофорының пішіні көбінесе диск тәрізді, әрі көп болады. Ламинария, маннит және май тамшылары артык қор заттары түрінде жиналады. жасушасындағы қабықша оңай, әрі тез шырыштанады. Қоңыр балдырлар бірнеше жыл бойы өмір сүреді алады.
Үш түрлі жолмен көбейеді. Өсінді жол арқылы көбеюі талломасының бірнеше бөліктерге үзілуімен жүреді. Жыныссыз көбеюі көптеген зооспорасы немесе тетраспоралары арқылы жүзеге асады. Жыныстық процесс изо-, гетеро- және оогамиялы болып келеді. Зигота спорофитке тыныштық кезеңінен өтпей-ақ айналады.
Қоңыр балдырлар төменгі сатыдағылардың ең ірісі. Олар теңіз түбінде ормандар немесе шалғындар құрап жатады. Талломының ұзындығы 60-100 м құрайды, мысалға макроцистис туысын айтуға болады. Мұндай балдырлар тіпті катерлерді қозғала алмайтындай етіп тоқтатып тастайды, арнайы суға қонуға арналған самолеттердің қонуына мүмкіндік бермейді. Сол себепті оларды моряктар деп атайды.
Классификациясы:
Классы: Изогенераттылар Isogeneratae
Классы: Гетерогенераттылар Heterogeneratae
Түрлері: Макроцистис Macrocystis, лессония Lessonia, нереоцистис Nereocystis, ламинария Laminaria
Классы:Цикласпоралар Cyclosporeae
5. Қызыл балдырлар бөліміне, классификациясына, құрылысына, көбеюіне сипаттама беріңіз.
Тропикалық және субтропикалық елдердің теңіздерінде 4 мыңдай түрі тіршілік етеді. Тек аздаған түрі топырақта кездеседі. Олар әдетте теңіздің өте терең жерлерінде бір клеткалы немесе колония болып өседі.
Классификациясы:
Классы: Бангевалылар
Түрі: порфира Porhyra, комсопогон Comsopogon
Классы: Флоридеялар
Түрі: леманея Lemanea, полисифония Polysiphonia, батрахоспермум Batrachospermum
Қызыл балдырлардың хроматофоры диск тәрізді, пиреноидтары болмайды. Қор заты ретінде багрянкалы крахмал жиналады. Клетка қабығының сыртынан известь қаптап, талломына ерекше мықтылық қасиет береді. Хлорофилл, ксантофилл, фикоциан және қызыл түс беретін фикоэритрин пигменттерінен тұрады.
Вегетативті жолмен өте сирек, жыныссыз жолмен спора арқылы және жынысты оогамиялық жолмен көбейеді. Аналық жыныс органы карпогон. Антеридийден босаған аталық гамета карпогонның мойыны трихогинаға келіп жабысады да карпогонның кеңейген бөліміне өтіп жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады. Ұрықтанғаннан кейін трихогина жойылып кеңейген бөлігі ұлғайып, онда цистокарпий түзіледі. Карпоспора цистокарпийден дамып, шығада да спорофитке айналады. Сирек жағдайда үзілген талломында өсу бүршігі жетіліп, кейіннен одан жаңа особь өсіп шығады. Қолданылуы: кондитер өнімдерінде, агар-агар алуда, тағам және химиялық өндірісте; йод, калий өндірісінде; спирт, сірке қышқылын алуда; мал азығы ретінде.
Олардың негізгі өкілдерінің бірі порфирадан сушиде қолданылатын нори алынады. Балдырлар құрғаған кезде қара түске айналады, ал піскен кезде жасыл реңкке ие болады. Ирландияда бұл ингредиент пудингтерде қолданылады, кейбір сусындарды өндіруде қызыл балдырлар қоспалар ретінде де қажет, өйткені олар жақсы желатинді негізге ие. Порфира фармацевтикалық, витаминдік қоспалардың, косметиканың және бет маскаларының құрамында қолданылады.
6. Жасыл балдырлар бөлімі, классификациясы, құрылысы мен көбеюін сипаттаңыз.
Барлық жерде кездеметін 15 мыңдай түрі бар. Жасыл балдырлардың эволюциясы 2 бағытта түсіндіріледі. Біріншісі: бір клеткалы, бір ядролы формаларынан бастап, көп клеткалы, көп ядролы формаларына дейін. Оған каулерпа мысал бола алады. Екіншісі: бір клеткалы формаларынан бастап колониялы формалары арқылы жіп тәрізді, сыртқы құрылысы жоғарғы саты өсімдіктеріне ұқсас формаларға дейін. Оған хара балдырлар жатады. Классификациясы:
Классы вольвоксты Volcocophyceae
Классы протококты Protococcophyceae
Классы улотриксті Ulothrichophyceae
Классы сифонды Siphonophyceae
Классы тіркеспелі немесе коньюгациялы Conjugatophycea
Көбеюі: вегетативті, жыныссыз және жыныстық жолдармен жүзеге асады. Жыныстық жолмен көбеюі: оогамиялы, изогамиялы, гетерогамиялы, зигогамиялы(немесе конюгациялы). Клеткасында ядросы біреу немесе көп болады. Хроматофорларындағы пигменттер: хлорофилл, каротиноидтар. Крахмал мен шыны майы артық кор заты ретінде жиналады.
Жасыл балдырларға талломасының құрылымы жіпке ұқсас немесе пластинкалы улотриксті балдырлар класы жатады. Оларды ағын суларда және ағаштың шіріген қалдықтарында кездестіруге болады. Улотрикс цилиндр тәрізді жасушалардың тұрады. Улотрикстің жіптері жасушарының бөлінуінің арқасында ұзарып отырады. Жыныссыз көбею процесі төрт немесе екі талшықты зооспорасы арқылы жүреді. Олар қолайлы жағдай туындағанда аналық клеткасынан шығып, кейін талшығын тастап, судың түбінде немесе топырақта бөліне бастайды. Олардан кейіннен улотрикстің жаңа жіпшесі өсіп шығады. Қолайсыз жағдай туындаған кезде көптеген екі талшығы болатын тез қозғалатын гаметалар түзіледі. Гаметалар сулы ортада екеу-екеуден қосылады. Одан ұрықтанған жасушы пайда болады. Зигота екі қабатты қалың қабықшамен қапталып, қыс бойы қозғалмай тыныштық күйінде тұрады. Қолайлы жағдай туындағанда зигота бөлініп одан споралар түзіледі, әрқайсысы су түбіне батып жас улотриксқа айналады.
7. Коньюгациялы балдырлар класы классификациясы, құрылысы және көбеюіндегі ерекшеліктер
Жасыл балдырлар бөліміне жататын коньюгациялы балдырлар класы. 4700-дей түрі кездеседі. Талломы бір клекалы талшықсыз немесе көп клеткалы жіп тәрізді болады. Жынысты жолмен көбеюі тіркесу арқылы жүреді Гаметалары мен зооспоралары болмайды. Негізгі туысына Спирогиа туысы жатады Spirogira Спирогираға цилиндр пішінді клетка тән Клетка қабықшасы целлюлозадан тұрады сондықтан қалың. Клеткада лентаға ұқсас хромотофорлары көп. Пиреноидтары бір бірінен бірдей қашықтықта орналасқан. Олар крахмал дәндерімен қоршалған. Үлкен вакуол клетка құуысын толтырады.. Ядроның өзі ядрошықтардан тұрады. Спирогира жыныссыз жолмен көбеймейді. Вегетативті көбеюі жәптерінің үзілуі арқылы жүзеге асады. Жыныстық көбеюі коньюгация тәсілімен жүреді. Бір клетканың протопласты екінші клетканың протопласттына канал арқылы өтіп зигота түзеді. Редукциялық бөлінуінің арқасында төрт гаплоидты ядро пайда болады. Оның біреуі ғана тіршілігін жалғастыра алады. Одан жаңа особь пайда болады.
8. Хара балдырлар бөлімі классификациясын жазып құрылысы көбеюін сипаттаңыз
Құрылысы Талломы күрделі тарамдалған. Жыныссыз жолмен көбеймейді Вегетативтік көбеюі талломының төменгі бөліктері немесе ризоидтарынан пайда болған түйнектері арқылы жүреді. Оогоний мен антеридийлер жыныстық көбею органдары болып табылады.
300-дей түрі дүниежүзі бойынша белгілі.
Классификациясы :
Тұқымдасы Нителла Nitellaceae
Туыс Нителла Nitella, Tolypella Толипелла
Тұқымдасы Characeae харалар
Туыс Нителлопсис Nitellopsis, Лампротамниум Lamprothamnium, Лихнотамнус Lychnothamnus, Хара Chara
Хара туысының өкілдерінің талломы буын және буын аралықтарға бөлінген. Осы буындардан бұтақтардың шоқтары дамиды. Талломы ризоидтарымен бекінеді. Вегетативтік көбеюі түйнектерімен жүреді, ал жыныстық көбею кезінде қолтықтарда оогонийлер мен антеридий жетіледі. Оогонийде жұмыртқа клеткасы жетіледі. Антеридий де екі талшықты сперматозоид түзіледі. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан зигота түзіледі. Тыныштық қалыпқа көшіп уақыт келгенде, диплоидты ядро редукциялық жолмен көбеюінен гаплоидты жіпше өскіннің бастамасы жетіледі. Кейні одан жаңа өсімдік өсіп шығады. Өмірлік циклі гаплоидты фазада өтсе, зигота диплоидты фазада дамиды.
9. Қыналар бөліміне сипаттама беріп, классификациясы, құрылысы көбеюін сипаттаңыз.
Құрылысы:
Қыналардың талломы саңырауқұлақтың гифаларынан және көк-жасыл балдырлардан тұрады. Гомомерлі және гетеромерлі талломдары бар екені белгілі. Гомомерлі талломдарда балдырлардың клеткалар бір жерде жинақталмаған, ал гетеромерлі талломдарда саңырауқұлақтар мен балдырлардың клеткалары бір жүйеде орналаспайды. Егер талломда балдырлар басым болса, ондай қабатты гонидиальды қабат дейміз. Қыналардың саңырауқұлақтары мен балдырлардан ерекшелігі- оның кез келген жерде өсуі. Мысалы әйнек пен металдың беттерінде, тундрадада Қыналар сусыз біразға дейін тіршілік ете алады. Қыналар әртүрлі түсті болуы мүмкін. Түсі пигментерге түзілетін қышқыл мен тұздарға концентрациямына байланысты өзгеруі мүмкін. Талломның үш морфологиялық түрөзгерісі бар. Олар жапырақты, бұталы, қаспақты.
Көбеюі: Жыныссыз жынысты жолдармен көбеймейді, тек вегетативті жолмен. Сынып түскен талломдары немесе арнайы маманданған бөлімдері: соредий изидий, лабул арқылы вегетативтік көбею жүзеге асады. Соредийлер саңырауқұлақ гифаларымен оранған ұсақ түйіршіктер. Оларды жапырақты қыналардың гонидиальды қабатында кездестіруге болады. Талломның үстіңгі бетінде орналасатын дөңгелектеу келген өскіндер. Бұл екеуі су, жел, жануарлар арқылы таралып, қолайлы жерге түскен кезде, жаңа таллломға бастама болады.
Классификациясы:
Класы: Фиколихенес Phycolichenes
Класы: Қалталы қыналар Ascolichenes дүниежүзі бойынша ең көп тараған
Класы: Базиальды қыналарBasidiolichenes
Класы: Дейтеролихенес Deuterolichenes
10. Саңырауқұлақтар бөлімі, классификациясы, құрылысы мен көбеюі.
Саңырауқұлақтардың: кейбір белгілері балдырларға ұқсас; клеткасында хлорофилдері болмайды; көбінесе көп клеткалы, дегенмен бірклеткалы түрлері де бар; сапрофитті және паразитті қоректенеді.
Классификация:
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар: хитридиомицеттер, оомицеттте,р зигомицеттер, гифохитромицеттер
Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар: аскомицеттер, базидиомицеттер, жетілмеген саңырауқұлақтар.
Құрылысы. Талломы мицеллий деп аталады. Ол гифалардан тұрады. Төменгі сатыдағыларында: гифаларының көлденең пердесі болмады, пектинді заттан тұрады. Ал жоғарғы сатыдағыларында: гифалары көлденең перделермен бөлінген, насекомдардың хитиніне ұқсайтын азоттық заттан тұрады.
Клетка қабығының астында протопласт орналасқан. Ядросы ұсақ, 1-2 немесе одан да көп болады. Гифалары қолайлы жағдайда өсу нүктесі арқылы өте тез өседі. Суды бойына өткізіп, ылғалдылықты сақтайтын арнайы тесіктері болмайды. Сол себепті олар ылғалды аймақтарда өсіп, дамиды. Қор затына гликогендер жиналады, ал крахмал болса ешқашан жиналмайды. Сонымен қатар саңырауқұлақтар симбиоз түзеді. Яғни, балдырлармен, кейде жоғары сатыдағы ағаштармен селбесіп өмір сүруі. Бұл жағдай екі өсімдікке де пайдасын тигізеді: мицелийлер су мен еріген минералды тұздарды тамырға жеткізеді; ал ағаш тамырынан мицелий органикалық заттарды алады. Вегетативті, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді.
Қазақстанда 188 саңырауқұлақ түрі өседі. Жоғырғы сатыға жататын қалпақшалы сағырауқұлақтар жеуге жарамды және жарамсыз болып бөлінеді. Жеуге жарамдысына: қозықұйрық, бүріскі, көңқұлақ, жерқұлақ, түлкіжем, түбіртек, майқұлақ және ойысқұлақ жатады. Ал улысына жататындар: 0,02 г адамды өлтіріп жіберетін боз арамқұлақ, сұр шыбынжұт, қызыл шыбынжұт, жер майы деген атпен танымал күңілкеш, жалған түлкіжем мен жалған түбіртек.
11. Тамыраяқтылар класс тармағындағы негізгі өкілдерінің систематикасы амебалар ,қабыршақты амебалар, фораминифералар отрядына сипаттама беріңіз.
Патшалық: Zoa or Animalia жануарлар
Патшалық тармағы: Protozoa қарапайымдылар
Тип: Sarcomastigophora саркомастигофоралар
Тип тармағы: Sarcodia саркодылалар
Класс: Rhizopoda тамыраяқтылар
Отряд: Amoebina - Амебалар
Түрі: Amoeba proteus амеба
Отряд: Testacea-Сауытты амебалар
Түрлер: Arcella sp.Арцелла
Difflugia sp. Диффлюгия
Отряд: Foraminifera-Фораминифералар
Түрлер: Rheophax nodulosus- Бір камералы
Discorbis vesicularis- Көп камералы
Globigerina sp. - Фораминифералар
Амебалар отярдына сипаттама
Амебалардың қалың қабыршағы денесінің тұрақты пішіні қаңқасы болмайды. Оның жалған аяқтары денесінің кез келген жерінен шыға алады. Жалған аяқтары арқылы қозғалады алады және қорегін ұстайды. Кәдімгі амебаның құрылысына тоқталсақ. Оның сыртын цитоплазмалық мембрана қаптаған. Цитоплазма екі қабаттан түзіледі: эктоплазма және энлоплазма. Цитопламаның ішінде ядросы және басқа органоидтары болады. Амеба фагоцитоз жолымен қоректенеді, яғни қорегін жалған аяқтарымен цитоплазмаға тартады, ол асқорыту вакуоліне түседі. Қорытылмаған заттар денесінің кез-келген жерінен шығарылады. Цитоплазмада орналасқан жиырылғыш вакуольдің негізгі үш қызметі: осмос қысымын реттеу, зәр шығару, тыныс алу. Олар тек жыныссыз жолмен көбейе алады. Ядро митоз жолымен бөлінеді. Қолайсыз жағдай туғанда амебаның сыртын циста қоршайды. Амебалық дизентерия ауруын қоздырушы- E. histolitica. Ол адамның тоқ ішегіне енетін болса, эритроциттермен қоректене отырып токсиндер шығарады. Бұл тоқ ішекте пайда болатын жараларға әкеледі. Кейін қан жолдарына түсіп, бауырға жетеді. Оны ісіндіріп зақымдайды. Түзілген цисталары жуылмаған жеміс, қол арқылы сау адамға жұғады. Бұл аурумен ауырған адам күніне 300 млн циста шығарады.
Қабыршақты амебалар отряды
Негізгі белгілері Олардың денесі бір камералы қабыршақпен немесе сауытпен қапталған. Жалған аяқтары шығу үшін қабыршағында устье деп аталатын арнайы тесігі пайда болған. Көбеюі жыныссыз жолмен. Пайда болған екі клетканың біреуі устье арқылы шығып, жаңа қабыршақ дамиды.
Фораминифералар отряды
Негізгі белгілері сырты көп камералы қабыршақпен немесе сауытпен қапталған Басында қабыршағы ұрық камерасынан ғана тұрған бірақ кейіннен қабыршақтың тесігі арқылы цитоплазманың бір бөлігі шығып оның сыртынан жаңа қабыршақ түзейді Осылайша көптеген қабаттар түзіле бастайды Қабыршағы псевдохитин деп аталатын қалың органикалық заттан құралған Кейбіреулерінің қабыршақтары жеңіл болады, егер псевдохитинге көмірқышқыл ізбесті сіңсе, ал ауыр болады, егер оған майда қиыршық құм жабысса. Жалған аяқтары тесіктен шығып бір бірімен қосылып ризоподия түзеді. Олар қозғалу және қорегін аулауды атқарады. Фораминифералар жыныссыз және жынысты жолдардың кезектесіп отыруынан дамиды. Микросфералық камера жынысты жолмен, ал макросфералы камера жыныссыз жолмен дамиды. Микросфералық камерада ядролар бірнеше рет бөлініп, бір клеткалы организмді түзеді. Олар микросфералық камераларын тастап, макросфералық формаға айналады. Макросфералық камерада ядролары көпке бөлініп жыныс клеткаларын түзейді. Гаметалар басқа особьтардан шыққан гаметалармен қосылып зигота түзу үшін макросфералық камерасын тастап шығады. Олар қайттып микросфералық формаға ауысады.
12. Губкалар типіне жалпы сипаттама беріп, систематикасын жазыңыз және құрылысындағы ерекшеліктерді түсіндіріңіз
Губкалар типі-Spongia
Табаншасымен бекініп арқылы қозғалмай тіршілік ете алатын жәндіктердің бірі. Жасыл түсі балдырлармен селбесуі нәтижесінде қалыптасады. Денесі гастральды- энтодерма және дермальды-эктодерма қабаттарынан тұрады. Олардың арасында қойжалжың зат мезоглея болады. Оларда парагастральды қуысы кең қуыс бар. Саңылауларының болуы губкаларға тән қасиет. Саңылаулары арқылы су парагастраль қуысына еніп, оскулустың көмегімен қайтадан сыртқа шығады. Эктодерма қабаты пинакоциттен (жалпақ клеткалардан) құралған. Олар губканың ішкі ортасын сыртқы ортадан қорғап тұрады. Оларда пороцит клеткалары да дамыған. Пороциттер жиырылуы саңылаулардың ашылып жабылуына себепкер. Энтодерма қабаты хоаноцит клеткаларынан құралған. Ол клетканың талшықтары бір бағытта қозғалып, судың үнемі парагастраль қуысына өтуін қамтамасыз етеді және ұсақ жәндіктерді бактерияларды ұстап, клетка ішінде қорытады. Мезоглея қабатында колленциттер, склеробласт, спонгиобласт, амебоцит, археоциттер сиякты клеткалар кездеседі. Колленциттер тірек, тасымалдаушы, түйістіруші қызметін атқарса, склеробласт, спонгиобласт клеткалары әр түрлі инелердің дамуына ықпал болып, губканың қаңқасын қалыптастырады. Амебоцит клеткалары мезоглеяға түскен ұсақ қоректік заттарды ұстап, қорытады. Археоциттер толық дифференцияланбаған резервті клетка яғни барлық клетка түріне айналады және жыныс клеткаларына бастама береді. Регенерациялық қабілеті күшті дамыған.
Губкаларды морфологиялық құрылысы жағынан аскон, сикон, лейкон деп аталатын үш типке бөледі. Ең қарапайымдысы аскон, ол парагастраль қуысын түгелімен астарлап жатады. Сиконда мезоглея қабаты қалың болады және онда талшықты қалталар түзіледі.
Губкалардың қаңқасы минералды заттардан, көмір қышқыл ізбестісінен және органикалық заттардан спонгиннен немесе кремнезем мен спонгиннің қосындысынан тұрады.
Жынысты, жыныссыз жолмен көбейеді. Сыртқы бүршіктену: Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы жүреді. Дененің сыртқы қабатында бүршік пайда болады. Ол өсіп аналық губкадан бөлініп, субстратқа бекініп, жеке тіршілігін бастайды. Үштей бүршіктену тұщы су губкасы бадягада байқалған. Бадяганың мезоглеясында геммула (ішкі бүршік) күзге таман пайда болады. Қыста қолайсыз жағдай туғанда бадяга өледі да, денесі ыдырап, геммула судың түбіне шөгеді. Қорғаныш қабықшасының арқасында көктемге дейін сақталады. Қолайлы жағдайда геммуланың ішіндегі клетка жиынтығы сыртқа шығып, жаңадан губкаға дамиды.
Жынысты жол: Губкалар гермафродиттер немесе қос жыныстылар. Жыныс клеткалары археоцит клеткалардан дамиды. Аталық гаметалар оскулум тесігі арқылы сулы ортаға шығады. Жетілген жұмыртқасы бар басқа губканың денесіне еніп, оларды ұрықтандырады.
Экологиясы: Олар күшті биофильтраторлар. Суды механикалық және органикалық ластанудан сақтайды. Грек губкасының спонгинді қаңқасын, техникалық мақсатта өнеркәсіпте және медицинада саласында тампон ретінде, зоб ауруын емдеуде қолданады. Шынылы губкаларды сәнді бұйымдар, сувенирлер жасау үшін пайдаланады. Тұщы су бадягасының қаңқасын ревматизм ауруын емдеуге, сонымен қатар косметика ретінде пайдаланады.
Систематикасы Губкалар типі
Патшалық: Zoa or Animalia жануарлар
Патшалық тармағы: Metazoa көпклеткалылар
Бөлім үсті паразоа Parazoa
Типі: Spongia, Porifera губкалар
Класс: ізбесті Calcarea
Отряд: Heterocoela гетероцела
Түрі: Sycon Raphanus сикон
Класс: шынылы Hyalospongia
Туыс: Euplectella, Hyalonema
Класс: кәдімгі губкалар Demospongia
Отряд: Төрт сәулелі губкалар Tetraxonida
Туыстары: Tethya, Suberites, Cliona
Отряд: кремнийлі мүйізді губкалар Cornasupongida
Тұқымдас: Spongillidae- Спонгиллидалар
Түр: Spongilla sp., Ephydatia sp.Бадяга,Spongia offcinalis- Мүйізді немесе моншалық губка
Тұқымдас: Lubomirsciidae лубомирскидалар
Түр: Байкал губкасы Lubomirscia baicalensis
13. Дөңгелекауыздыларға жалпы сипаттама беріп, құрылысындағы ерекшеліктерді түсіндіріңіздер
Дөңгелекауыздылар класы теңіздерде өзендерде тіршілік етеді. Олардың түрлерінің дене құрылысы құрттардікіндей ұзарған, терісі шырышты, жұп жүзбеқанаттары жоқ. Жақтары да жоқ. Бассүйегінің висцералды бөлімі шеміршекті болып келеді. Хордасы өмір бойы сақталатын тірек қаңқасы. Энтодермадан 5-16 жұп желбезек қапшық пайда болған, олар тыныс алу жүйесіне қатысады. Көбісі паразиттер мен жыртқыштар.
Құрылым ерекшеліктері:
Дене пішіні: Миногада 2 арқа жүзбеқанатты болса, миксиналарда ол жетілмеген, тек құйрық жүзбеқанатты және екі жұп қозғалмалы мұртшасы болады.
Терісі екі қабаттан тұрады: эпидермис (көп қатарлы), дерма қабаттары. Қорғаныш безі эпидермиста орналасқан.
Бұлшықеті миомерлерден және миосепталардан тұрады.
Қаңқасында сүйекті элементтер болмайды, сондықтан олар толықтай шеміршекті.
Асқорыту жүйесі асқорыту түтігі (ауызалды воронка)- ауыз тесігі- етті тілі- жұтқыншақ- өңеш- ішек (спиралды клапан бар, бауырынан өт жолы ішекке ашылады)- жіктелмей аналь тесігіне ашылады.
Тыныс алуы желбезектері арқылы жүзеге асады. Жедбезектері қапшықтардың ішінде орналасқан. Сондықтан қапшықжелбезектілер деп атауы да мүмкін. Миногаларда 7, ал миксиналарда 5-16 жұп. Жұтқыншақтың екі бөлімі бар: біреуі өңешке ашылады, екіншісі тыныс алу түтігіне. Өңеш қатпарлы желкенмен ашылып жабылады. Пассивті тыныс алуда су желбезек қапшықтарына кіреді, ал активті тыныс алуда су қайттан сыртқа шығады.
Қантасымалдау жүйесіндегі ерекшелігі жүрегінің 2 камерадан тұруы: бір құлақшадан және бір қарыншадан.
Зәр шығару жүйесіндегі эволюция оларда бүйректің пайда болуы. Вольф өзегі деген несепағар жолы әр бүйректен басталады. Бұл өзек зәр-жыныс тесігімен байланысып сыртқы ортаға ашылады.
Олар дара жыныстылар. Арнайы жыныс жолдары көбісінде болмайды, бұндай жағдайда жыныс өнімдері зәр-жыныс тесіктері арқылы сыртқа шығады. Көптеген миногалар моноциклді уылдырық шашып, тіршілігін тоқтатады, ал теңіз миногалары полициклді. 3-12 күнде құмқазғыш деген дернәсілі шығып, 4-5 жылда ересек организмге айналады. Миксиналарда жұмыртқасынан бірден ересек организм шығады.
14. Минога класстармағына жалпы сипаттама беріп, систематикасын жазыңыз
Миногалар акула тәрізді ірі балықтарға және бекірелерге сорғыш воронкасымен жабысып тістерімен терісін жыртып сөлін сорады Минголар дара жынысты организмдер болып табылады Кішкентайлары 1,5-5 мың ірілеулері 240 мыңдай уылдырық шашады.Уылдырық шашау үшін арқа жүзбеқанаттары үлкейеді өт қапшығы мен өт жолы жойылады аналықтарында аналь жүзбеқанаттары дамиды Кейбіреулері моноциклді аналығы уылдырығын шашқаннан кейін ал аталығы спермасын құйған соң тіршілігін тоқтатады Өрістемейтін теңіз миногалары полициклді Дернәсілдік кезең 4-5 жылға созылады. Миногада арқа жүзбеқанаты және желбезек торшасы жақсы жетілген Минаганың қаңқасы екі бөлімнен тұрады тұлға және құйрық. Миногаларда желбезек қапшықтарының саны 7 жұп және олар сыртқа жеке жеке ашылады Миногада бүйрек қақпа жүйесі және Кювье өзегі болмайды
Миногатәрізділердің 3 тобы бар.
1) теңіз немесе өткінші миногалар Теңізде тіршілік етеді бірақ уылдырық шашу үшінн өзенге өтеді
2)Өзен өткінші миногалар теңіздің тұщы жағалауларын мекен етеді уылдырық шашу үшін өзенге өтеді
3) Еуразиялық тұщы су миногалары көлдерде бұлақтарды мекен ететін майда миногалар
Патшалық: Zoa or Animalia жануарлар
Патшалық тармағы: Metazoa көпклеткалылар
Бөлім үсті Eumetazoa нағыз көп клеткалылар
Бөлім: Bilaterata екі жақты симметриялы
Топ: Triploblastica үш қабатты жануарла
Тип Chordata хордалылар
Тип тармағы бассүйектілер Vertebrata, seu Craniota
Бөлім Жақсыздар Aqnatha
Класс тармағы Миноголар Petromyzones
Отряд Миногатәрізділер Petromyzoniformes
Топ: теңіз немесе өткінші миногалар
Түрі: Petromyzon marinus Атлант миногасы, Caspiomyzon wagneri Каспий миногасы, Entophenus tridentatus үштісті минога
Топ:Өзен өткінші миногалары
Түрі: Lampetra fluviatilis өзен миногасы, Lethenteron japanicum жапон миногасы
Топ: Еуразиялық тұщы су миногалары
Түрі Қиыр-Шығыс, Сібір өзен миногалары
15. Миксина класстармағына жалпы сипаттама беріп систематикасын жазыңыз
Миксиналардың денесі сілемейлі бездерге бай. Арқа жүзбеқанаты жетілмеген, бірақ ұзын аналь тесігі мен тек құйрық жүзбеқанаты болады. Көзі тері астында орналасқан. Кеңістікті сезіну арқылы қозғалады. Нағыз миксиналарда, жұмсақ денелі миксиналарда 5-16 желбезек қапшығы болады. Олар тері астында орналасқан ортақ жұп өзекпен жалғасып, соңғы желбезек қапшығының артынан жалғыз тесік арқылы сыртқа шығарылады. Бұл еркін тыныс алуға мүмкіндік. Ал сүлікауыз және парамиксиналарда 5-25 сыртқы желбезк саңылаулары болады. Миксиналар аузының миногалардан ерекшеліктері екі жұп қозғалмалы мұртшасының болуы. Миксиналар полициклді. Жұмыртқадан өздеріне ұқсас жастары шығады. Дамуы метаморфозсыз. Яғни оларда дернәсілдік саты болмайды. Миксиналардың жастары аталық, ал аналықтың рөлін кәрілері атқарады. Барлық миксиналар теңіз жануарлары солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың поляр аймақтарындарғы теңіздерде мекендейді. Су тұздылығына өте сезімтал. Өмір сүруіне қолайлы тұздылық 32-34 промиль, 29-31 промильде қоректенуді тоқтатады, ал тұздылық 25 ке төмендесе өледі. Миксиналар балықтар мен ірі басаяқты молюскаларға шабуыл жасап, бүкіл ішкі мүшесін сорып алады. Асты қорыту ауыз қуысында жүреді, себебі онда белокты ыдырата алатын ферменттер мен қанды ұйытпайтын антикоагулянттар болады.
60-қа жуық түрі белгілі.
Патшалық: Zoa or Animalia жануарлар
Патшалық тармағы: Metazoa көпклеткалылар
Бөлім үсті Eumetazoa нағыз көп клеткалылар
Бөлім: Bilaterata екі жақты симметриялы
Топ: Triploblastica үш қабатты жануарлар
Тип Chordata хордалылар
Тип тармағы бассүйектілер Vertebrata, seu Craniota
Бөлім Жақсыздар Aqnatha
Класс тармағы Миксиналар Myxini
Отряд:Миксинатәрізділер Myxiniformes
16. Ішекқуыстылар типіне жалпы ситпаттама беріп, систематикасын жазыңыз
Құрылысындағы ерекшеліктерді гидраны мысалға ала отырып түсіндіретін болсақ, олар: сыртқы құрылысы қарапайым, сәулелі симметриялы, мезоглея арқылы бөлінетін эктодерма және энтодерма қабаттарынан тұрады, қармалауыштары мен атпа жасушалары болады. Қармалауыштары арқылы жемтігін аулайды, ішекқуыстыларда ең алғаш нерв жүйесі қалыптасқан, соған байланысты атпа жасушалары қорғаныш қызметін атқарып, қорегін ұстауға да көмектеседі. Сонымен қатар оларда регенерация жақсы дамыған, бөлініп түсіп қалған жерінен тағы бір гидра түзіледі. Гидралар адымдап және тоңпаңдап қозғала алады.
Ішекқуысты немесе гастральды деп аталуының себебі, энтодерма қабатындағы клеткалар қуыс ішіне ас қорыту сөлін шығарып, қорек қуыстың ішінде қорытылады. Қорек тек қуыста ғана емес сонымен қатар талшықты-жағалы клеткалардың ішінде де қорытыла береді. Ал қортылмаған ас ауыз арқылы шығарылады. Гидралар бүкіл денесімен тыныс алады.
Көбеюі: жынысты және жыныссыз жолдармен жүзеге асады. Жыныссыз көбеюі аналық особь денесінде бүршіктену арқылы жүреді. Ең алдымен аналық денесінде бүшік пайда болады, ол өсе келе аналық особтен бөлініп, субстрактқа бекініп немесе сол аналық особта өмір сүруін жалғастырады. Жынысты жолмен тек күзге жақын көбейеді. Гидра денесінің қармалауыштарға жақын бөлігіндегі өсіндінің ішінде аталық жыныс жасушалары, ал табан бөлігіне жақын жердегі өсіндіде аналық жыныс жасушалары пайда болады. Гермафродит болғанымен аталықтары басқа гудраның жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады. Пайда болған зигота қатты қабықпен қапталып, тыныштық күйде қыстап шығады, көктемде бөлшектеніп бластула, гаструла сатыларынан өтіп, ересек гидраға айналады. Жынысты көбеюі қолайсыз жағдайда түрдің сақталуы үшін қажет.

Систематика
Патшалық: Zoa or Animalia жануарлар
Патшалық тармағы: Metazoa көпклеткалылар
Бөлім үсті Eumetazoa нағыз көп клеткалылар
Бөлім Сәулелілер Radiata
Тип:ішекқуыстылар Coelenterata
Класс:гидрозоа
Класс тармағы: Hydroidea гидроидтылар
Отряд: Hydrida гидралар Түр: Hydra oligactis тұшы су гидрасы (сабақ тәрізді гидра), Hydra vulgaris кәдімгі гидра, Chllorohydra viridissima жасыл гидра
Отряд:Leptolida теңіз гидроидты полиптер Түр: Obelia geniculate обелия
Отряд: Trachylida кәдімгі гидра Туысы: Aglantha
Отряд: Chondrophora хондрофора Туысы: Porpita, Velella
Класс тармағы: Siphonophora Сифонофоралар Түрі: Physalia physalis португаль кемешігі, Apolemia
Класс: сцифомедузалар Scyphozoa
Отряд: стауромедузалар Stauromedusae Туысы: Lucernaria, Haliclystus
Отряд:кубомедузалар Cubomedusae Туысы: Chiropsalmus
Отряд: короната Coronata Туыс: Atolla, Poriphylla
Отряд: тамырауыздылар Rhizostomida
Отряд:семаостома Semaeostomeae
Класс: маржан полиптері
Класс тармағы: Octocorallia сегіз сәулелілер Отрядтары: альционария Alcyonaria, мүйізді маржандар Gorgonaria, теңіз қауырсыны Pennatularia
Класс тармағы: Hexacorallia алты сәулелілер Туыстары: Madrepora, Coeloria, Leptoria, Meandrivia
17. Бассүйексіздер тип тармағы, ланцетникті мысалға ала отырып сипаттама беріңіз
Ланцетник пішіна балықтәрізді дене мөлшері 5-8 см болатын су жануары Арқа қанаттары, құйрық қанаттары, құйрықасты қанаттары бар. Метаплевралды қатпарлар бір-бірімен қосылып желбезекмаңы қуысын түзейді. Ол жер атриопор тесігі орналасқан. Екі қабаты бар: эпидермис және дерма. Эпидермис қабатын кутикула жауып жатады. Бұлшықеті метамерлі және аз жіктелген. Бұлшықеті миомерлерден және миосепталардан тұрады. Асқорыту жүйесі ауызалды қуыс, ауызы, жұтқыншақ, көптеген желбезек саңылаулары, бауыр өсіндісі, қысқа ішек аналь тесігінен тұрады. Жұтқыншақтың түбінде эндостиль деп аталатын науаша, ал жұтқыншақтың үстінде жұтқыншақүсті науаша орналасқан. Бұлар безді клеткалардан тұрады, олар қоректі ішекке қарай айдауға көмек береді. Оларда жүректің қызметін қалың құрсақ аортасы атқарады. Сондықтан қантасымалдау жүйесі тұйық болады. Зәр шығару жүйесін жұтқыншақ үстінде орналасқан нефридия атқарады. Ыдыраған өнім нефростомада орналасқан соленоциттер деген арнайы клеткалары арқылы нефридияға одан атриалды қуысқа шығарылады. Ланцетник дара жыныстылар. Арнайы жыныс өнімдерін шығаратын жолдар дамыған. Ұрықтануы сырттай жүреді. Ұрықтанған жұмыртқадан бластула 5-8 сағаттан кейін гаструла қалыптасады. Дернәсілдік кезеңі 3 ай болады. Жылдар бойы ланцентниктің ұзара береді. Оның эмбрионалды дамуын орыс ғалымы А.О. Ковалевский зерттеген. Жүйке жүйесі жүйке түтігінен тұрады Ол ми мен жұлынға бөлінбейді. Алдыңғы бөліміндегі екі жұп сезгіш бас жүйкесі дененің алдыңғы бөлімін қозғалысқа келтіреді, ал артқы бөліміндерінің қозғалысын арқа және құрсақ жүйкелері қамтамасыз етеді.
Патшалық: Zoa or Animalia жануарлар
Патшалық тармағы: Metazoa көпклеткалылар
Бөлім үсті Eumetazoa нағыз көп клеткалылар
Бөлім: Bilaterata екі жақты симметриялы
Топ: Triploblastica үш қабатты жануарла
Тип Chordata хордалылар
Тип тармағы бассүйексіздер Acrania
Класс Басхордалылар Cephalochordata
Отряд Amphioxiformes Ланцетниктәрізділер
Тұқымдасы: Epigonichtidae эпигонихттер, Amphioxididae амфиоксидтер, Branchiostomidae ланцетниктер (түрі:Branchiostoma lanceolatum Pallas кәдімгі ланцетник)
18. Көкектәрізділер отряды ерекшеліктерін түсіндіріңіздер
Көкектәрізділер отряды тек биік белдеулерді мекен етпейді, тропиктік ағашты бұталы жерлерде кең тараған. 160-тай түрі белгілі. Құрылысына тоқталсақ, олардың салмағы 20г-1 кг дейін жетеді, тұмсығы ұзын, екі саусағы алдығы қараған, екеуі артқа бағытталған. Аталығы мен аналығы бір-біріне ұқсас. Ұя салу инстинкті жоқ. Көбінесе басқа бір құстың ұясын имденіп алып сонда жұмыртқа салады. Мысалы, Қаршығарең көкек. Ал кейбіреулері жұмыртқа баспайды, ұя салмайды. Жұмыртқасын басқа құстың ұяларына салып кетеді. Мысалы, теңбіл көк.
Патшалық: Zoa or Animalia жануарлар
Патшалық тармағы: Metazoa көпклеткалылар
Бөлім үсті Eumetazoa нағыз көп клеткалылар
Бөлім: Bilaterata екі жақты симметриялы
Топ: Triploblastica үш қабатты жануарла
Тип Chordata хордалылар
Тип тармағы бассүйектілер, Cүтқоректілер
Бөлім жақтылар Gnathostomato
Класс Құстар Aves
Класс тармағы Желпуішқұйрықтылар Neomithes
Отряд Көкектәрізділер Cuculiformes
Түрі Cuculu canorus кәдімгі көкек, C. saturates меңіреу көкек (нағыз паразиттер)
19. Шаянтәрізділер класы басқа буынаяқтылардана айырмашылығы, дамуы, негізгі өкілдеріне сипаттама беріңіз
Буынаяқтылар типі: желбезектыныстылар, хелицералылар және кеңірдекпен тыныс алушылар тип тармақтарынан тұрады. Желбезектыныстылар тип тармағына шаян тәрізділер класы, хелицералылар тип тармағына өрмекшітәрізділер класы, кеңірдекпен тыныс алушылар тип тармағына насекомдар мен көпаяқтылар класы жатады. Шаян тәрізділерге: өзен шаяны, дафния, циклоп, таңқышаян, теңізжаңғақ, асшаян, қышқыссыз шаян, жалпақ саусақты шаян, жіңішке саусақты шаян, т.б. жатады; өрмекшітәрізділерге: мизан, қарақұрт, бүйі, шаршылы өрмекші, қыршаян, т.б. жатады; насекомдарға: қоңыздар, шыбындар, аралар, көбелектер, масалар, инеліктер, құмырсқалар, т.б., адам мен жануарлар паразиті - қандала, бүрге, бит жатады. Шаян тәрізділер тұщы су қоймасы, теңіз, мұхитта; өрмекшітәрізділер негізінен құрлықта; насекомдардың көбі құрлықта тіршілік етеді. Шаянтәрізділерде дене бөліктері баскөкірек және құрсақ, жабыны - хитин, ылғалдылықты сақтап тұратын эпипетикула қабаты жоқ. Өрмекшітәрізділерде денесі 2 бөлікті - баскөкірек, құрсақ, алғашқы аяқтарының жұбы - хелицераға айналған, екінші жұп аяқтары - педипальпаға айналған, қалған аяқтары - 4 жұп. Насекомдарда денесі 3 бөлікті - бас, көкірек, құрсақ, қанаттары мен 3 жұп аяқтары көкірегінде, ал, көбею мүшелері құрсағында орналасқан. Шаянтәрізділерде мұртшалары 2 жұп, аяқтары қысқышқа айналған(бұтақтанған). Өрмекшітәрізділерде у бездері мен өрмек бездері болады. Насекомдарда мұртшалары 2 жұп, ұша алады.
Олардың тек сыртқы ғана емес, сондай-ай ішкі құрылысында да айырмашылықтары жетерлік. Шаянтәрізділер желбезек арқылы, өрмекшітәрізділер өкпе қапшығы және демтүтік арқылы, насекомдар трахея арқылы тыныс алады. Үшеуінің де қанайналым жүйесі ашық типті, қандары түссіз, жүректері мөлдір. Шаянтәрізділер екі жасыл без арқылы, өрмекшітәрізділер коксальды бездері және мальпиги тамырлары арқылы, ал насекомдар мальпигий тамырлары және қосымша мүше - майлы дене арқылы зәр шығарады. Шаянтәрізділерде жүйке жүйесі жұтқыншақүсті және жұтқыншақасты жүйке түйіндері бірігіп ми түзеді және құрсақ жүйке тізбекшесінен тұрады. Өрмекшітәрізділерде көкірек және құрсақ жүйке тізбекшесі бірігіп, жүйке түйінін - ганглия (түйінді жүйке жүйесі) түзеді. Насекомдарда жүйке жасушалары жұтқыншақ үстіне жинақталған және құрсақ жүйке тізбекшесінен тұрады. Үшеуі де дара жыныстылар, шаянтәрізділер суда ұрықтанады, жас шаяндар анасының құрсағындағы аяқтарына жабысып жүреді. Өрмекшітәрізділер мен насекомдар жұмыртқа салады.
Дамуы: Қазір төменгі сатылы шаянтәрізділерге тән дамуды қарастырам. Бастапқыда науплиус личинкасының денесі дамиды. Оны бас бөлімінің акрон мандибулярлы және антеннальды сегменттерге бөлінгеннен байқаймыз. Кейін жұмыртқаның постэмбриональды кезеңі басталады. Көбісінікі плактонды личинка науплиустен басталады. Науплиустың аналь тесігі, миы, екі құрсақ ганглиясы, зәр шығару мүшесі, көзі болады. Метанауплиус сатысы кезінде науплиуста максиллла I-II және кеуде сегменттерінің бастамасы байқалады. Антенналары мен мандибулалары орналасқан орны өзгергенде олар өздерінің қызметін де өзгертеді. Яғни мандибулаларымен қоректі ұсақтайды, ал антеннары сезім мүшесіне айналады. Өсе келе метанауплиус түлеп, сегменттердің саны көбейеді. Метаморфоз кезеңінің аяқталуымен метанауплиус ересек формаға айналады.
Енді жоғары сатыдағы шаянтәрізділерді қарастырамын. Мысал ретінде онаяқты шаянтдар отрядының өкілдерін алсақ болады. Олардың даму процесі 4 кезеңнен тұрады: науплиус-метанауплиус-зоеа-мизидия. Жұмыртқа клеткасынан науплиус шығып дами келе метанауплиусқа айналады. Зоеа процесі кезеңінде құрсағы мен фасеттік көздері аузы мен жақ аяқтары дамиды,ал кеуде аяқтары айқындала бастайды. Мизидия кезеңінде құрсақ аяқтары дамып, екі бұтақты кеуде аяқтары толық қалыптасады. Мизидия түлеген соң, ол ересек шаянға айналады.
20. Губкалардың морфологиялық типтері, құрылысындағы ерекшеліктерін түсіндіріңіз
Губкалар мезоглея қабатының қалыңдығы мен хоаноциттердің орналасуы бойынша үш морфолониялық типке бөлінеді, олар: аскон, сикон және лейкон. Мезоглея қабаты асконда өте жұқа, сиконда орташа, ал лейконда біршама қалың болып келеді. Хоаноциттері, яғни талшықты жағалы клеткалар асконда бірыңғай, сейконда қалта түзіп, лейконда камера түзіп орналасады.
Хоаноциттер асқорытуға қатысады. Ас қорыту процесінде ең алдымен губканың поралары арқылы су ішке қарай кіреді, сол сумен бірге кірген қоректік заттарды хоаноциттердің талшығы қармап алады да, қорек аузы арқылы клетканың ішіне кіріп, сол жерде қорытылады. Су губка жиырылған кезде оскулум арқылы сыртқа шығып кетеді. Асконда талшықты жағалы клеткалар бірыңғай орналасқандықтан, олар қоректік затты түгел қармап алуға үлгермейді. Су қоректік заттардан толығымен тазартылмайды. Сиконда су қалталарына кіріп, асконға қарағанда қорек біршама көбірек қармалады, сондықтан су орташа дәрежеде тазарады. Ал ликонда бірінші камерада ұсталмаған қорек келесі камераға барып қармап алынады, сондықтан да ликонда су толығымен қоректік заттардан тазарады. Губкалар бактериялар, қарапайымдар, теңіздің ұсақ жәндіктерімен және теңіз өсінділерімен қоректенеді.
Табаншасымен бекіну арқылы қозғалмай тіршілік ете алатын жәндіктердің бірі. Денесі гастральды- энтодерма және дермальды-эктодерма қабаттарынан тұрады. Олардың арасында қойжалжың зат мезоглея болады. Оларда парагастральды қуысы кең қуыс бар. Саңылаулары арқылы су парагастраль қуысына еніп, оскулустың көмегімен қайтадан сыртқа шығады. Эктодерма қабаты пинакоциттен (жалпақ клеткалардан) құралған. Олар губканың ішкі ортасын сыртқы ортадан қорғап тұрады. Оларда пороцит клеткалары да дамыған. Пороциттер жиырылуы саңылаулардың ашылып-жабылуына себепкер. Энтодерма қабаты хоаноцит клеткаларынан құралған. Ол клетканың талшықтары бір бағытта қозғалып, судың үнемі парагастраль қуысына өтуін қамтамасыз етеді және ұсақ жәндіктерді бактерияларды ұстап, клетка ішінде қорытады. Мезоглея қабатында колленциттер, склеробласт, спонгиобласт, амебоцит, археоциттер сиякты клеткалар кездеседі. Колленциттер тірек, тасымалдаушы, түйістіруші қызметін атқарса, склеробласт, спонгиобласт клеткалары әр түрлі инелердің дамуына ықпал болып, губканың қаңқасын қалыптастырады. Амебоцит клеткалары мезоглеяға түскен ұсақ қоректік заттарды ұстап, қорытады. Археоциттер толық дифференцияланбаған резервті клетка яғни барлық клетка түріне айналады және жыныс клеткаларына бастама береді. Регенерациялық қабілеті күшті дамыған.
Губкалардың қаңқасы минералды заттардан, көмір қышқыл ізбестісінен және органикалық заттардан спонгиннен немесе кремнезем мен спонгиннің қосындысынан тұрады.
21. Оомицеттер класы осы класс өкілінің паразиттік тіршілік ету белгісіне, құрылысына, көбеюіне салыстырмалы түрде талдау жасаңыз
Осы кластың негізгі өкілдерінің бірі-фитофтора. Ол картоп жапырағында кездесетін паразит. Вегетативтік көбеюі зооспоралары арқылы жүзеге асады. Грибницасы картоп жапырағының мезофиліне еніп жатады. Жіп шумақтары клеткадағы устьица қуыстарына еніп, өскіншелері арқылы жапырақтағы клеткаларды біртіндеп өлтіреді. Гифалардың ұшында зооспорангийлер дамиды. Түзілген споралылар жапыраққа түсіп сауларын немесе топыраққа түсіп картоп түйнектерін зақымдайды. Жыныстық көбеюі оогонийлер мен антеридийлер арқылы жүреді. Олар гифаларда дамиды. Әдетте антеридийі бар гифа оогонийге қарай өсіп поралар арқылы оогонийде дамып жатқан жұмыртқа клеткасына барып қосылады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы қабықпен қапталынып, ооспораға айналады. Тыныштық күйде біраз болып, қолайлы жағдай туғанда ооспора мейоз жолымен бөлінеді. Жаңа гифаға дейін дамиды.
22. Зигомицеттер класының классификациясы өкілдерінің құрылысы мен көбеюіне тіршілік жағдаына салыстырмалы түрде талдау жасаңыз
Зигомицеттерге нан, көкөніс, жылқы тезегі мен көңде сапрофитті тіршілік ететін Мукор жатады. Оның гифалары бұтақталған, көп ядролы. Зооспоралары жоқ, споралар арқылы жыныссыз және гетеротальды мицелилері арқылы жыныстық жолдармен көбейеді. Жыныссыз жолмен көбеюі кезінде шар пішінді спорангийлердің ішінде споралар түзіледі. Кейіннен споралар ылғалды жерге түсіп, олардан жаңа гифалар өсіп шығады. Жыныстық процесі өте сирек жағдайда орын алады. Анығырақ айтқанда, физикалық жағынан айырмашылығы болатын екі мицелий қатар өскен кезде ғана жүзеге асады. Ол кезде екі мицелийдің гифалары бір-біріне қарама-қарсы бағытта өсіп, ұштары жуандайды. Гифалары түйісіп, ядролары қосылады. Пайда болған зиготаның сыртын қалың қара қабық қаптап, тыныштық кезеңінен өтеді. Содан соң мейоз жолымен бөлінеді де өсе бастайды. Қолайсыз жағдай туындаған кезде гифалары оидии деп аталатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері. табиғатта және адам өміріндегі маңызы
Балдырлардың қоршаған ортадағы орны мен маңызы
Балдырларға жалпы сипаттама
Төменгi сатыдығы өсiмдiктер
Төменгі сатыдағы өсімдіктер туралы
Хара балдырлар бөлімі
Көк-жасыл балдырлар бөлімінің морфологиясы, көбеюі, таралуы, экологоясы
Өсімдіктер систематикасын зерттеген ғалымдар
Қыналардың көбеюі. Қазақстанда таралуы, экологиясы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер
Пәндер