ФИЛОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША КӘСІПТІК ПРАКТИКА ЕСЕБІ



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Туризм және тілдер

(факультет атауы)

Филология

(кафедра атауы)

КӘСІПТІК ПРАКТИКА
ЕСЕБІ

Филология

(мамандық атауы)

мамандығы бойынша

Студент Мәкішова Альбина Егімбайқызы
(студенттің тегі, аты-жөні)

Курс 2 Тобы 6B02303 Оқу нысаны: Оффлайн
(топ шифры)

Практика мерзімі: басталуы 05.06.2022 ; аяқталуы 24.06.2022.

Ақтау

05.06.2022 бұл күні менің тәжірибелік жұмысымның алғашқы күні болатын Ш.Есенов атындағы "КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР және ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ" практика жетекшісімен таныстып, тәжірибе күнделігі мен жолдаманы алдым.
06.06.2022 күні берілген тапсырма бойынша университет кітапханасына келіп, бірнеше кітаптармен танысып, компьютермен жұмыс жасап, білімімді шыңдадым. Азды көпті ізденіс жүргіздім. Кітапханадан оқу құралдарымен жұмыс жасадым.

09.06.2022 Бұл күні тақырыпқа сай мәліметтерді іздестірдім. Сонымен қатар, компьютер арқылы әртүрлі сұхбаттасуларды қарап, салыстырып, сараптама жүргіздім.

10.06.2022 Бұл күні университет қабырғасына келіп, кітапханадағы кітаптар арқылы тақырыпқа сай мәліметтерді бір-бірімен салыстырып, керек мәліметтерді өзіме түртіп алып отырдым.

13.06.2022 Бұл күні ғылыми әдебиеттерді іздедім. Ғылыми әдебиеттерге қарай отыра өзімнің зерттеу жұмысыма дайындық жүргіздім. Тақырыпқа сай мәліметтерді түртіп алу арқылы жұмысты жазып бастадым.

17.06.2022 Бұл күні таңдап алған тақырыбым бойынша жұмысты бастауға кірістім. Нәтижесінде зерттегелі отырған жұмысымның тақырыбын, мақсатын, жоспарын құрдым. Тақырыбымды "Телевидениедегі сұхбат жанры және тікелей эфир" - деп алдым. Бірнеше жоспарларды құру арқылы зерттеу жұмысымды негіздей түстім.

20.06.2022 Бұл күні әр жерден жинақталған мәліметтерді, яғни, университет қабырғасындағы кітапханамен облыстық кітапханадан жиналған мәліметтерді бір-бірімен салыстырдым.
21.06.2022 Бұл күні барлық жинақталған мәліметтерді сараптап, керегін алып зерттеу жұмысын бастап кеттім.

24.06.2022 Бұл күні жинақталған мәліметтер бойынша зерттеу жұмысын аяқтадым.
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ
ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Зерттеу жұмысы

Тақырыбы: Телевидениедегі сұхбат жанры және тікелей эфир

Орындаған: Мәкішова Альбина
Қабылдаған: Каримсакова Б.

Ақтау

Мазмұзыны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Журналист қай кезеңде де қоғамды толғантып, көпшілікті ойландырып отырған мәселелерге үн қосады және оларды шешудің оңтайлы жолдарын іздестіреді. Әңгіменің өн бойындағы ойлармен пікірлерді ұлттық мүддеге негіздеп, елдің ертеңіне қызмет жасауға икемдейді. Жүректерді мазалаған жалынды ойлар көкіректі жарып шығып, мейлі ол президент не премьер болсын, сол биік дәреже иелеріне құлаққағыс болып және журналистің сөз майданындағы айқасына алып келеді.
Тақырыбымның өзектілігі сол қазіргі кезде, тіпті бұрында көгілдір экранда, радиода, баспасөзде де ең көп тараған жанр-сұхбаттың әлі күнге дейін өз ерекшелігімен көрермендерін таң қалдырып, өзектілігін жоймай заман талаптарына сай өзгеріп жаңа қырымен танылуда. Біріншіден әрі жанр, әрі ақпарат алу әдісі ретінде дуалистік сипат алған бұл жанр өз еңбек жолын теледидардан бастаған жас мамандар таңдайтын бірден-бір жетекші жанр болып отыр. Себебі өзге жанрлардың да құрамында кездесетін сұхбат ең оңай болып көрінеді. Мен айтар едім сұхбат-жүргізушіден табиғи талантты талап ететін өнер жанры. Сұхбатты терең зерттеп, оның қыр-сырына үңіле берсек, оның сыры көп сыршыл эанр екенін аңғарамыз. Уақыт талабына сай сұхбатқа қойылатын талап саны да өсуде. Бүгінгі ақпарат ғасырында көрермен талғамы зор. Көңіліне жақпаған, көкейіндегіні тамыршыдай дөп басып, талғамына сай болмаған хабарды көрмейді, себебі қазір олардың алдарында таңдау бар. Ендеше, эфирде, әсіресе, тікелей эфирде сұхбат жүргізу қиынның қиыны. Неге сұхбат жүргізу-өнер деймін? Себебі сұхбат жүргізушіден кәсіби біліктілікті ғана емес сонымен қатар табиғи талантты да талап етеді. Сұхбат жүргізетін журналистің бойында суырып салмалық өнері болуы шарт. Студиядағы қонақтың журналистке деген сенімділігі-ең маңызды нәрсе. Журналист осы биікке шығу үшін өзінің бар таланты мен дарынын, білімі менипарасат пайымын қатар әрекетке қосады. Бұл жерде автор шеберлігі деген нәрсе шығады. Оның бір қыры сұхбат кезінде өзіңді көрерменнің орнына қоя отырып, оларды қандай жағдайларды білгісі келетіндігін үнемі назарда ұстау. Экран алдындағы адамдардың көңіл-күйімен ойнауға да, оларды жасанды әрекетпен алдауға да болмайды. Теледидарда көп жылдар істеп төселген, өзіне сенімді жүргізушілер көпшілігінде, тікелей эфиргет не кейіпкермен еркін, батыл, әрі нақтылы сұрақтар төңірегінде ой бөліскенді қалап тұрады.
Мен осы жұмысымды жазу барысында эфирдің қатаң заңдылығын ескере отырып, тікелей эфирде сұхбат жүргізудің әдіс-тәсілдерін үйрендім, үйреніа қана қоймай, оның кемшіл тұстарында байқап, өз тарапымнан ұсыныстар да жасадым. Қарап отырсақ тікелей эфирде сұхбат жүргізу қиын да қажырлы еңбекті қажет ететін процесс. Эфирде соншалық шапшаңдықпен жұмыс істеп, шешім қабылау үшін қаншама біліммен біліктілік, интелектуалдық ауқымдылық керек.
Негізгі бөлім

Тікелей эфирдегі сұхбат- шындықтың қазаны деймін. Тынымсыз әрі сан реңкке толы, қайнаған өмірді өзінің бар шындығымен, сол қалпында көрсетуде туындыны өмірге әкелетін топтан білгірлік пен білімпаздықты қажет етеді. Кино өнерінің аса көрнекті қайраткері Михаил Ромм: Тікелей интервью жүргізу, өмірді тікелей барлау-міне бұл документальды телевидениенің документальды кинодан артықшылығы. Бірақ интервью бізде алдын ала дайындықтар барысында жүргізіледі. Ал осыған қарама-қарсы дайындықсыз интервью бәрінен де көрнекті, шынайы шығатыны белгілі. Осы сияқты еш ескертусіз сөйлер кезде де әуелі ойланады, есіне түсіреді, содан кейін барып айтар ойын тауып алады, немесе таба алмай қиналады-міне телевидениеге тән табиғат осы. Осыдан-ақ тікелей эфирдегі сұхбаттың шынайы дүние екендігін ұғамыз. Эфирде айтылған сөз-атылған оқ дегенді есте ұстаған жөн.
Жүрек түкпірінен бұлқына шыққан ойлардың, табиғи, әсірелеусіз күйінде көрермендерге берер әсері мол. Көрікті ой бар асылымен қопарыла көтеріліп, мөлдір, таза күйінде ұсынылса ғана жасандылықпен жаттандылықтан аулақ болады. Боямасыз шынайылық қанаөмірді со қалпында көрсетеді. Менің жұмысым сұхбат жанрының қыр сырына талдау жасай отырып, тақырып таңдаумен проблема көтеру мәселелерін қамти отырып, сол сұхбаттың сәтті шығуын өз қолына ұстаған жүргізуші рөліне де тоқталып, сұхбаттың эфирдегі шынайы өнер екенін дәлелдеуді мақсат етеді.
Сұхбат бұрынғыдай емес, қазір оның бет пердесі өзгерді. Жүргізуші көрермен талғамына сай оны басқаша жүргізетін болды. Өнердегі жаңалық-дәстүрдің пішімен мазмұны жағынан қалайда жетіле беруі. Ал теледидар өнеріндегі жаңалық нышаны алдымен әр жанрдың ғасырлар тезінен өткен конордарын технологиялық деңгейіне орай қайта түлетіп, түлендіру болса керек.
Бүгінде қоғамдық маңызы зор тележурналистика ғылымы көп аспектілі салада зерттеу мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Ақпарат ғасырында БАҚ саласының жаңа бағыттары қалыптасуда. Сондықтан қазақ тележурналистикасының сан алуан функциясын, қоғамдағы рөлін, теориясы мен тәжірибесін, тележүргізуші мен кейіпкердің сөйлеу кезіндегін стиль мәселесін қайта түлетудің, экрандағы көркемдеп бейнелеуші құралдарды толықтырып, бейнелерді түрлендіріп көрсетуін телеэкран проблемаларымен бірлікте айқындау қажеттілігі туындап отыр. Ғаламның тыныс-тіршілігін бір сәтте үйдегі көгілдір экран арқылы тамашалап, таным көкжиегін кеңейтіп, біліп, қанығу адамзат қоғамының мәдени сапалық деңгейі өскенінің көрсеткіші. Қаламның ұшында, көңілінің түкпірінде бүгінгі заманның болмыс-бітімі тұлғаланатын журналистер қауымының уақыт алдындағы парызы мен қарызы өсе түсуде. Жедел де шыншыл, әділ де өткір хабарларды кәсіпқой шеберлікпен, ахаматтық парасатпен бере білетін ақпарат құралдары өкілдері дәуірдің тұтас тұлғасын сомдауға үлес қосады. Қазақ телевизиясының алғашқы кезеңі жайлы С. Масғұтов: 1958 жылы телевизия Қазақстанда пайда болды. Республика астанасы тұрғындары сегізінші мартта тұңғыш рет өз экрандарында Қазақ телевизиясының алғашқы дикторлары З. Жұматова мен Н. Омараованың дидарын көрді. Олар көпшілікті Алматыда телевизия хабарларының басталуымен, ал әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, жылы лебіз білдірді. Содан соң Үкімет мүшесі атты көркем фильм көрсетілді 3, - дейді. Сөйтіп қазақ топырағында көгілдір экран деген атпен өнердің жаңа түрі теледидар өмірге келді. Содан басталған телевизия ауқымы кеңейіп, ұлан байтақ кеңістікті әуе толқынында шарлап, жылдам дами бастады. Тарихтың ұлы көшіне қосылған қазақ телевизиясының өткен өмір жолы, ізденулер мен тәжірибелерге сүйене отырып, тамаша, алғыр тұлғалардың ақыл-ойынан нәр алып, миллиондаған аудиторияға бет алды. Міне сөйтіп, бірте-бірте теле хабарлар жасала бастады. Қазақ телехабарларының қалыптасу кезінде, оның денін тележурнал, плакат, очерк, репортаж, әңгіме, хабар т.б. алуан үлгідегі жанрлар мен пішіндер құрады. Алғашқы телебағдарламаларын тәжірибе түріндегі - кинофильм, театр және эстрада шығармалары түзді. Телевизияның қарқынды өсуі мен телехабарлар көлемінің ұлғаюы теледидарға қабілетті талантты, ортақ іске шексіз берілген, өз тағдырын эфирмен байланыстырған тамаша адамдардың көптеп келуіне жол ашты. Олар- редакторлар мен режисерлар, техниктер мен операторлар, инженерлер мен дыбыс операторлары, дикторлар мен суретшілер секілді қиын әрі қызықты мамандық иелері еді. Сөйтіп енді журналистикаға мамандар даярлана бастады. Тележурналистика пайда болды.
Телевизия арқылы адамдардың бір-бірімен қатынас саласында болған бетбұрыс, көпшілік аудиториясына хабарлардың дыбыстық көріністік бейнелер түрінде ену мүмкіндігіне қол жеткізді. Теледидар аудиторияға адамның қоғаммен байланыс жасауының ұстанымдық соны үлгісін берді. Сондықтан оның идеологиялық, әлеуметтік, мәдени мән-маңызы БАҚ-тың басқа түрлерінен өзгеше. Миллиондаған аудиторияны қағазсыз газеттер мен қашықтықтарды кинематография көрушілігімен бір сәтте қабылдауына қосу мүмкіндігін өз бойына біріктірумен теледидар қоғамға ықпал жасаудың мол күшіне айналды.
Тележурналистиканың пайда болу үрдісі баспасөз бен радио жанрларында, алдымен репортаж және сұхбат, түсініктеме журнал, шолу, жаңалықтар және т.б. түрінде баспасөз бен радиохабарларда игерілген түсініктеме, корреспонденция, очерк жанрларындағы ақпараттық- публицистикалық және көркем-публицистикалық шығармаларды телевизияның ерекше құралдары арқылы жасаумен көрініс тапты. Кейін келе әрине қоғам талабына сай тележурналистикасының да бағыт-бағдары өзгерді.
Қазақ тележурналистикасының ізденістерін тілге тиек ету - өзекті мәселе. Өйткені, қоғамдық өзгерістер тұсында журналистикада жаңа таным, соны көзқарастар пайда болды. Ескі мәнерде жазу не хабар ұйымдастыру нышандары мүлдем өзгеше сипатта жүзеге асырылуда. Сондықтан жаңаша жазу мен жаңаша ізденудің қажет екенін өмірдің өзі алға тартып отыр. Қазіргі кезде құрғақ ақпараттың заманы өткен. Ендігі мәселе журналист материал жазғанда зерделі талдауларға барып, өзіндік ой-түйіндері болмаса, еңбегі бағаланбайды, құны төмендейді.
Қазақ теледидары қай деңгейде? Көкірегі ояу, көзі ашық көрерменнің әрбірін мазалайтын орынды сұрақ. Жүрдек уақыттың уысынан шыға алмаған, алға ұмтылған өнер түрлерінің ішінде көгілдір экранның қоғамдағы орны тым бөлек. Ол араласпайтын іс, ол бармайтын орта жоқ десе де болады. Біздің күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналған синкретті өнер таңның атысынан күннің батысына дейін төріңе шығып алып, сенің сырласың мен ақылшыңа айналуда. Зияндығы да шаш етектен. Француз сыншысы Андре Дилижан жазғандай, ол өмірге ентелей кіріп, әлемді түгелдей дерлік жаулап алды 4.
Қазіргі заманғы тележурналистикада әлеуметке ықпал ететін, көрермендерге бағыт-бағдар сілтейтін мүмкіндіктер молынан ұшырасады. Теледидар бағдарламаларындағы ықшамдылық, өткірлік, айқындылық, маңыздылық - тележурналистикаға қойылар басты шарттар. Қарапайым хабардың өзі телепублицистикалық үнмен естіледі, оқиғалық ақпарат қоғамдық пікірді қалыптастырады, информациялық заметка да публицистикада басқаша көрініспен танылады5 , - дейді Е. Прохоров.
Жалпы тележурналистикада жаңалық табу-оқиға. Ойға қызмет ететін форманың бәрі жаңалық болуға тиісті және ол жеңіл қабылдануға бағытталса тіпті ұтымды болар еді 6.
Тележурналистика - ақпарат көзі. Ақпаратсыз ең мықты саясаткер, ең күшті мемлекет, ең мықты халық ешкімге айналады. Барлығын да белгілі бір оқиға ақпарат береді. Журналистік ақпаратсыз барлығы да ешкім емес, нөлге тең, ештеңеге қажетсіззат сияқты болып қалады.
Телевизиялық жұқпалы дерт жалпақ әлемді тегіс жайлап алды. Оның қарқынды шабуылын қай ел болсын құттықтап қарсы алып жатыр, - деп жазды француз сыншысы Андре Дилижан. Біз немен айналысып, нені қызықтасақ та, қаншалықты қажыр-қайрат жинап, қаншама күдікпен қарап, қанша бұлқан-талқан болсақ та бұлжытпас фактіден бұлтара алмаймыз, біз телевизия дәуіріне аяқ бастық.
БАҚ-тың басты парқы бұқара санасына ықпал ету, оларға кезең міндеттерін жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу т.б. сан-саладағы көкейкесті міндеттерді көрермен бойларына сіңіру болуға тиісті. Бұл арада экономикалық реформаларды тереңдетудің маңызы да өзгелерден кем емес екендігі айқын. Қазақстанның демократиялық ақпарат айдынын қалыптастыру үрдісі біріншіден, нарық телехабарлардың бет-бағдарын ғана емес, тіпті олардың өмір сүру-сүрмеуін де айқындайтынын көрсетті. Екіншіден уақыт теледидардан оқиғаларды шыншыл көрсетуге деген әлеуметтік нарықтық көзқарастарды қалыптастырды. Үшіншіден журналистік шеберлік мектебінің өзі елеулі қиындықтарға тап болды. Қазіргі кезеңде, көрермендер теледидардан ресми және ақпараттық талдау материалдарының мол әрі шыншыл берілуін күтеді.
Иә, біреулер теледидарды идеологиялық құрал дейді. Тележурналистиканы соған бағыттайды. Әдебиет пен өнерді, теледидарды идеология деп түсіну - біржақтылық. Теледидар - әсемдік әлемі. Олардың табиғи қасиеті - адам сезіміне әсер ету. Нарықтық қоғамда теледидар таза идеологиялық қызмет атқара алмайды .
Тележурналистика мемлекеттік идеологияның жалау насихатшысы ғана емес, оның елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани саласының кем-кемшін тұстарын түзетуге көмек жасайтын бұқаралық сипаты да басым .
Иә, тележурналистиканың қоғамда алатын орнына әркім әрқалай баға беруде. Қалай дегенде де телевизия көрермен сұранысын қанағаттандыруы тиіс. Өйткені қоғамдағы әр топ пен әр қауымның әлеуметтік мәртебесі ғана емес, сонымен бірге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Болон үдерісі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы
Университеттің ғылыми кітапханасы
Магистрлік диссертация жұмысын дайындау үшін нақты және теориялық материалдарды жинақтау
Университеттегі практика жетекшісінің бағалауы
5в050700 «Менеджмент» мамандығы 1-курс студенттері үшін іс-тәжірибеден өту туралы есебі
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқу практиканың бағдарламасы
Мінездеме
Кәсіптік бағдар
Пәндер