Балқаш мыс комбинаты


Мазмұны
Кіріспе 3
1. Қазақстан металлургиясы 4
2. Мыс конценттарын өңдеу тәсілдеріне шолу 5
3. Балқаш балқымасы 7
4. Балқаштың бедерлі үш белесі 9
5. Балқаштың даңқты мысы 10
6. Пеш конструкциясы мен балқыту технологиясының негіздері 12
7. Өндірістердің қысқаша сипаттамасы 16
8. «Балқашмыс» Қазақстанның түсті металлургия саласындағы кәсіпорын 17
9. Балқаш мыс комбинаты 19
10. Экологияға ықпалы 20
11. Мыс шикізатын шахталық пештерде байыту 23
12. Өрт қауіпсіздік шаралары 23
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27
КІРІСПЕ
Түсті металдардың көп бөлігі аз уақыттан бері ғана пайдаланыла бастады. Ғылыми-техникалық революцияның нәтижесінде кеңінен қолданысқа түсті. Реактивті ұшақтар, ғарыш кемелерін, атом реакторларын жасау үшін ерекше қасиеттері бар, мүлдем жаңа конструкциялық материалдар қажет. Ондай қасиеттер тек түсті металдарда ғана бар. Бұл «түсті біртектілерде» өндірістің сан алуан қажеттіліктеріне жарайтын металдар бар.
Қорғасын, никель және қалайы жемірілмейді (коррозия), титан ыстыққа төзімді келеді, ал күміс, мыс және алюминий жоғары электр өткізгіштігімен ерекшеленеді. Сондықтан олардың колданылу аясы өте ауқымды: медициналық аспаптар мен материалдардан бастап күрделі электроника мен ядролық техника осы металдардан жасалады. Және әр металл «өз кәсібін тапқан». Мысалы, алюминий «қанатты» металл болса, қалайы «консерві құтыларының металы» болып саналады.
Көптеген түсті металдардан сапасы жөнінен бастапқы материалдардан да асып түсетін қорытпалар жасалады. Мыстың қалайымен (қола), мырышпен (жез), никельмен (мельхиор), алюминиймен (дюралюминий) қорытпалары бүрыннан қолданылып келсе, ал берилий қоласы XX ғасырдың екінші жартысында пайда болды.
Түсті металдар өздерінің «салмақ дәрежелері» бойынша да ерекшеленеді. Мысалы, 2008 жылы өлемдік деңгейдегі қорытпалары галий - 95т, алюминий 40 млн тоннамен өлшенеді. Республика Кеңес Одағының түсті металлургиясының ірі базасына айналды.
Егемендік алған жылдарда жаңа өндірістер мен тұтас зауыттар пайда болды. Бұл Қазақстанның түсті металлургиясы біздің еліміздің өнеркәсібі мен әлемдік түсті металлургиядағы алдыңғы орнын сақтап қалды. Осыған орай түсті, ауыр, сирек кездесетін және басқа да металдар металлургиясын ажыратуға болады.
Алтынды Батыстан басқа елдің барлық бөлігінде өндіреді. Оны жеке кендер мен ауыр металдармен серіктес ретінде алып, Өскемен мен Балқашта шақпактайды. Барлық күмісті серіктес күйінде алады. Оның 2/3 бөлігін Жезқазған кен орны береді.
Қазақстанның барлық зауыттары сирек кездесетін металдарды өндіреді. Бұлардың барлығын да ілеспе түрінде алады. Сонымен қатар Өскемендегі Үлбі металлургия зауыты сияқты арнаулы маманданған кәсіпорындар да бар. Олар тантал мен бериллий қорытпаларын «атом металы» ретінде шығарады. Ортақ шикізат немесе отын қорларын пайдаланатын зауыттар тобын металлургиялық база деп атайды. Қазакстанда үш металлургиялық база бар.
Ең «көнесі» - Шығыс базасы. Ол үшін кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етіп, «өндірістің жоғарғы қабаттарын» «тұрғызып» қалыптастыруды қамтамасыз ету, яғни прокат, қорытпа, түсті металдардан дайын өнімдер шығару.
Қазақстан металлургиясыҚазақстан металлургиясы - елдің халық шаруашылығының ірге тасы болып табылады. Іс жүзінде түсті металдар тұтынылмайтын бірде-бір халық шаруашылық саласы жоқ. Қазіргі кезде қара металлургия өнімдері халық шаруашылығының барлық салаларының қажеттеріне пайдаланылады. Минералдық шикізаттың ірі базасы бар Қазақстан қара металлургияның аса маңызды өнімдерін шығарады. Қазақстан кәсіпорындары түсті, сирек кездесетін асыл металдардың 40-тан астам түрін өндіреді, осылардың негізінде және химия өнімдерінен бұйымдар жасайды. Қазақстанда өндірілетін түсті металдар дүние жүзінің көрмелеріне қойылған, қара металлургияның, ферросплавтың және хромит рудасының біраз мөлшері эспортқа шығарылады. Қазақстан жерінде металлургия кәсібі өте ерте заманда пайда болған. Алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде Қазақстан жерінде металлургияның белгілі формасы болғаны анықталған.
Қазақ КСР білім академиясы археологиялық экспедициялары Орталық Қазақстандағы Атасу маңынан көне заманның мыс қорытатын ескі пештерін тапқан. Бұдан 3 мың жыл бұрынғы осынау пештер сол заманда бұл өлкеде металлургияның едәуір дамығанын байқатады. 1767-1774 жылдары Қазақстанды зерттеген Петес Симон қорғасын, күміс кендерінің қазылған орындары көп екенін айтқан. 1771 жылы Қазақстанда болған Н. Рычков Ұлытау маңында (Жезқазғанға жақын жерде) ". . сол елді мекендеген халық қазған мыс кенінің көптеген орындарының болуы алтын мен күміс кендерін қазғандығын аңғартатын белгі сияқты" - деп жазған.
Ғалымдардың айтуынша, қазақ даласында көне заманда түсті металл, көмір кендері қазылған. Жоңғар Алатауының теріскей беткейінде (Текеліде) т. б. жерлерде қазақ тайпалары кен қазған. 19 ғасырдан -ақ тау-кен зауыттары пайда бола бастайды. Қазақстан қара және түсті металлургиясының қалыптасуы ең алдымен тау-кен зауыты кәсіпорындарынан басталады. 19 ғасырдың аяқ кезінде тау-кен зауыттық өнеркәсібі дамуының 2-кезеңіне жетеді. Бұл кезде пайдалы кен орындарын игеру үшін ірі-ірі капиталдар жұмсайтын қоғамдар құрылады. 1889 жылы Воскресенск тау-кен зауыттық өнеркәсіп қоғамы ұйымдастырылды. 1858 жылы күміс, қорғасын рудаларына негізделген Николаевск зауты құрылды.
Қазақстан өнеркәсібі, оның ішінде металлургия Октябрь революциясынан кейін ғана дәуірлеп өсе бастады. 1920 жылы Жезқазған, Нілді (Успенск), Риддер рудниктері мен зауыттары жұмыс істеді. 1921 жылы Риддер руднигі алғашқы рудасын берді, ал Кеңес Өкіметінің 10 жылдығына (1927) риддерліктер тұңғыш қазақстандық қорғасынды тарту етті. Бір жылдан кейін Қарсақбай мыс қорыту зауыты қатарға қайта қосылады.
Мыс концентраттарын өңдеу тәсілдеріне шолуҚазіргі кездегі металлургияның ерекшелігі - ол күннен-күнге кедейленіп келе жатқан мыс концентратын өңдеу. Сонымен бірге, шикізаттың минералдық құрамының күрделенуі үлкен қиыншылық туғызады. Осы жағдайлардың барлығы мыс концентратын өңдеу технологиясына жаңа талаптар қояды. Жалпы айтқанда, ең қолайлы технология ол эксплуатациялық шығындар мен капиталды салымдардың неғұрлым аз болуы. Бірақ та, мұнымен бірге ХХ ғасыр адамзат алдына қоршаған ортаны қорғау проблемасын да көтерді. Біз осы қиыншылықтардың бәрін есептеп отыруға міндеттіміз. Сондықтан да, мыс концентратын өңдеу кезінде біз өзімізге ең қолайлы үрдісті таңдауымыз қажетпіз. Ол үшін мыс концентратын өңдеу тәсілдеріне шолу жасап, қарастырып шығуға тиіспіз. Шарпыма пеште балқыту, электр балқыту, шахталы пеште балқыту сияқты традициялық технологиялық үрдістер қазіргі талаптарға жауап бермейді. Шарпыма пештердің негізгі кемшілігі бойынша сипаттамалары - меншікті өнімділік төмен, көміртекті отын шығынының үлкен болуы және газ көлемі үлкен болғанымен ондағы күкірт ангидридінің құрамы төмен (1, 0- 2, 5%) болады. Сонымен бірге, күкірт, мырыш, қорғасын, кадмий, германий, рений және тағы басқа бағалы компоненттер шарпыма балқыту кезінде көп жоғалады [1] . Электр пештерінде мыс концентратын балқыту үлкен электр энергия шығынымен сипатталады.
Электродтарды алмастыру, қозғалту кезінде пеш герметизациясының нашар болуы нәтижесінде шығатын газдағы күкіртті ангидрид құрамы төмен болады. Шахталы пеште мыс концентратын балқыту оның брикеттелінуін немесе жентектелінуін талап етеді. Мұның барлығы үрдісті күрделендіреді және қымбаттатады. Соңғы кездері мыс концентратын өңдеудеде дүние жүзі бойынша автогенді үрдістер кең қолданылыс табуда. Мұны автогенді үрдіс кезінде, яғни сульфидтердің тотығуы нәтижесінде экзотермиялық реакциялардан бөлінетін үлкен жылуды отын ретінде дұрыс пайдаланумен түсіндіруге болады. Сол себепті автогенді үрдістерде көміртекті отынды аз көлемде пайдалануға болады. Автогенді үрдістердің тағы бір ерекшелігі ол кедей мыс концентраттарымен жұмыс істеуге мүмкіншілік береді. Сондай тиімді автогенді үрдістердің бір түрі мыс концентратын «сұйық ваннада балқыту» немесе Ванюков пешінде балқыту болып саналады. Негізінен автогенді балқыту түрлері көп. Әсіресе бұл үрдіс шет елдерде жақсы дамыған деуге болады. Мыс концентратын балқыту бойынша автогенді үрдістердің келесі түрлері кең тараған: ұсақ дисперсті материалды аспалы жағдайда балқыту, оттекті-факелды балқыту, КИВЦЭТ үрдісі, «Мицубиси», «Норандо», Аусмелт, Айзасмелт, ТБРЦ (Калдо) айналмалы конвертерінде балқыту және т. б.
Мыстың сульфидті концентраты тотықтыру атмосферасында төменкалорийлi отын ретінде жанады. Себебі сульфидті шикiзатты пирометаллургиялық өңдеу кезiнде тотығу реакциясы нәтижесiнде бiршама жылу бөлiнеді. Сондықтан оны балқыту кезiндегi жылудың дефицитiн азайту және отын шығынын төмендету үшiн қолдануға болады. Жылу балансын көтермелейтiн экзотермиялық реакцияның жылуын қолданатын процестерді автогендiге жатқызамыз. Мол мыстың қоры анықталып, қарт Балқаштың бойында қуатты комбинат салу екпінді екінші бесжылдықтың жоспарына жедел енгізіліп, қазығы 1934 жылы қағылды. Құрылыс түрен тимеген тың далада, қатал табиғат құрсауында, өндіріс орталығы мен теміржолдан жырақта жүргізілді. Негізгі тасымал күші - ат пен түйе. Сосын «Бөрлітөбе» айлағы мен «Бертіс» шығанағы арасындағы су жолы.
«Балқаш - Қарағанды» шойынжолының қатарға қосылуы құрылысқа қарқын берді. Өндіріс пен әлеуметтік-тұрмыстық нысан қанжығаласа қанат жайып, көгілдір көлдің жағалауы жайнай түсті. Қуатты «Қоңырат» кенішіне қырқыншы жылдың басында мырышты «Гүлшат» пен молибденді «Шығыс Қоңырат» қосылды.
Өнеркәсіптік пайдаланылуы 1985 жылы маусымда басталып, сәтімен игерілген мысты сұйық ваннада балқыту үдерісін (оны ауыз-екі «Ванюков пеші» деп те айтады) өндірісшілер осылай бағалады. Оған балқаштық металлург, технолог, инженер-техникпен қатар Мәскеу мен Алматыдағы ғылыми-зерттеу және жобалау институтынан бірқатар көрнекті өкіл қатысты.
Екінші «Ванюков пеші» 1987 жылы қарашада қатарға қосылды. Осы шаруаның шырайын шығаруға мыңдаған адам орасан қажыр-қайрат жұмсады. Жалпы Балқаш кен-металлургия комбинатында мысты сұйық ваннада балқытуды бағындыруға үш рет ұмтылыс жасалды.
Бұдан бұрынғы екеуі сәтсіздікке ұшырап, үшіншісінде кесімді шешім айтуға ешкімнің көңілі дауаламады. Бірақ, балқаштық металлургтер дұрыс жолда екенін түйсінді, қолға алған істің келешегіне қапысыз сенді. Алғашқы сәтсіздіктің астарында пештегі физикалық-химиялық үдеріспен тығыз байланысты жұмыс режимін жедел тап баса алмау жатыр еді.
Мыс балқытудағы бұл тәсілдің тиімділігі - жоғары өнімділік, отын үнемдеу, күкірт қышқылы алынатын газдың қоюлығы, құнарсыз шикізаттан құрамында мысы мол штейн алу мүмкіндігі. Алайда, осы артықшылықты орынды пайдалануға технологтың даярлығы кемшін болып шықты.
Шихта дайындау мен оттегі беруден штейн мен шлак алуға дейінгі аралықтағы өндірістік үдеріс машықты шеберлік пен жоғары техникалық тапқырлықты талап етті. Балға мен сүйменді шыр айналдырған білекке саусақтың ұшымен бармақтың басындай тетікті басу сырт көзге ғана оңай екен.
Балқаш балқымасыБалқаштың бастапқы балқымасы - қара мыс 1938 жылы 24 қарашада алынды. Бұл Қазақстан ауыр өнеркәсібінің қарыштап алға басуына сүбелі септігін тигізді. Ал, Балқаштың бастапқы шақпақ мысы тұтынушыға 1952 жылы3 мамырда жөнелтілді. Осы өткен кезеңде 12 миллион тоннадан астам шақпақ мыс шығарылды. Мол мыстың қоры анықталып, қарт Балқаштың бойында қуатты комбинат салу екпінді екінші бесжылдықтың жоспарына жедел енгізіліп, қазығы 1934 жылы қағылды. Құрылыс түрен тимеген тың далада, қатал табиғат құрсауында, өндіріс орталығы мен теміржолдан жырақта жүргізілді. Негізгі тасымал күші - ат пен түйе. Сосын «Бөрлітөбе» айлағы мен «Бертіс» шығанағы арасындағы су жолы.
«Балқаш - Қарағанды» шойынжолының қатарға қосылуы құрылысқа қарқын берді. Өндіріс пен әлеуметтік-тұрмыстық нысан қанжығаласа қанат жайып, көгілдір көлдің жағалауы жайнай түсті. Қуатты «Қоңырат» кенішіне қырқыншы жылдың басында мырышты «Гүлшат» пен молибденді «Шығыс Қоңырат» қосылды. Ел басына қатер төнген кезеңде Мәскеу түбіндегі Кольчугина түсті металл зауыты Балқашқа қоныс аударды. Қырқыншы жылдардың аяғына қарай мысты электролиздеу цехының құрылысы басталды. Өйткені, одан әрі өңделетін қара мысты сыртқа тасымалдау тиімсіз еді. Ал, соғыстан шаруашылығы күйзеліп шыққан елге барынша тазартылған шақпақ мыс ауадай қажет болды. Цехтың бірінші кезегі 1952 жылы мамырда қатарға қосылды.
Сол жылы қаңтарда анод учаскесі пайдалануға берілген болатын. Қара мыстың құрамындағы әртүрлі қоспа оның физикалық-механикалық күйін төмендетіп, өнеркәсіптік мақсатқа пайдалануға жарамсыз етеді. Сондықтан, оны отпен тазартуға тура келеді. Мұның өзі өте күрделі үдеріс, қара мыс анод негізіне айналғанша сан сатыдан өтеді. Мысты электролиздеу цехын жобалау мен құрылысын жүргізгенде отандық және шетелдік тәжірибедегі үздік жетістік ескерілді. Оның екінші кезегі - 1956 жылы, ал үшінші кезегі 1967 жылы пайдалануға берілді. Әлемдік технологияда анод негізіне барынша қатаң талап қойылады. Ал, жергілікті анодтан сапалы мыс алу тіпті мүмкін емес деп есептелді. Соған қарамастан, балқаштық электролизшілер кез келген шикізаттан талабы темірдей тұтынушының көңілінен шығатын жоғары сапалы мыс алуды қамтамасыз етіп келеді. 1998 жылдан бері сапасы жағынан әлемдік стандартқа сай МООК маркалы мыс алынады. Мыс матрицаны титанды түріне алмастыру өнім сапасын одан әрі жақсартып, өндіріс мәдениетіне оң ықпал етті. Зауыт өндірісі шихта дайындау цехынан басталып, дайын өнім қоймасымен аяқталады. 1971 жылы Саяқ кенін өңдеуге кірісу байыту фабрикасының қуатын арттырып, жаңадан екі желі және концентрат қоймасы қатарға қосылды. Кен өңдеу көлемінің ұлғаюына орай шихтаны мол дайындауға мүмкіндік туды.
Бұрын байыту фабрикасындағы кептіру-сүзу учаскесі мен мыс қорыту зауытындағы балқыту цехының ұнтақтау-шихта дайындау учаскесі негізінен бір шаруамен - металлургиялық агрегатты шикізатпен қамтамасыз етумен шұғылданатын. 1974 жылы қаңтарда осы екі учаскенің базасында шихта дайындау цехы құрылды. Өнімнің тауарлық бет-бейнесінің тартымды болуы да айырықша маңызды. Сондықтан, дайын өнім қоймасы қайта құрылып, жетілдірілген құрал-жабдықпен жарақтандырылған. Сапа беделді ғана арттырмайды, экономикалық тұрғыдан да тиімді. Ең бастысы, ол айна сияқты, мыңдаған металлургтің маңдай тері, сіңірген ерен еңбегі одан айқын көрінеді. Өнеркәсіптік пайдаланылуы 1985 жылы маусымда басталып, сәтімен игерілген мысты сұйық ваннада балқыту үдерісін (оны ауыз-екі «Ванюков пеші» деп те айтады) өндірісшілер осылай бағалады. Оған балқаштық металлург, технолог, инженер-техникпен қатар Мәскеу мен Алматыдағы ғылыми-зерттеу және жобалау институтынан бірқатар көрнекті өкіл қатысты. Екінші «Ванюков пеші» 1987 жылы қарашада қатарға қосылды. Осы шаруаның шырайын шығаруға мыңдаған адам орасан қажыр-қайрат жұмсады. Жалпы Балқаш кен-металлургия комбинатында мысты сұйық ваннада балқытуды бағындыруға үш рет ұмтылыс жасалды.
Бұдан бұрынғы екеуі сәтсіздікке ұшырап, үшіншісінде кесімді шешім айтуға ешкімнің көңілі дауаламады. Бірақ, балқаштық металлургтер дұрыс жолда екенін түйсінді, қолға алған істің келешегіне қапысыз сенді. Алғашқы сәтсіздіктің астарында пештегі физикалық-химиялық үдеріспен тығыз байланысты жұмыс режимін жедел тап баса алмау жатыр еді. Мыс балқытудағы бұл тәсілдің тиімділігі - жоғары өнімділік, отын үнемдеу, күкірт қышқылы алынатын газдың қоюлығы, құнарсыз шикізаттан құрамында мысы мол штейн алу мүмкіндігі. Алайда, осы артықшылықты орынды пайдалануға технологтың даярлығы кемшін болып шықты. Шихта дайындау мен оттегі беруден штейн мен шлак алуға дейінгі аралықтағы өндірістік үдеріс машықты шеберлік пен жоғары техникалық тапқырлықты талап етті. Балға мен сүйменді шыр айналдырған білекке саусақтың ұшымен бармақтың басындай тетікті басу сырт көзге ғана оңай екен. Жаңа технология қара күшке салғанды көтермеді, белгіленген жұмыс режимін қатаң сақтағанда ғана тиісті нәтиже берді. Қалай десек те, мысты сұйық ваннада балқыту үдерісін игерудің қиын кезеңі - босқа кеткен уақыт емес. Ең бастысы, сол бір қиын да күрделі жол мыс балқыту өндірісінде табысты аяқталды.
Негізі бұл тәсілді игеруді алпысыншы жылдары алғаш рет қолға алған сол кезде батыл талпынысымен танылып қалған норильскіліктер екенін айта кеткен артық емес. Алайда, олардың ұмтылысы сәтсіздікке ұшырады. Сосын аталмыш идеяны жүзеге асыруға 1973 жылы балқаштық металлургтер кірісті. Мұндай таңдауға түрткі болған мәскеулік Болат және құйма институтының профессоры Андрей Владимирович Ванюков еді. Жаңа технология балқыту цехында жасақталған аумағы 4, 5 шаршы метрлік шағын тәжірибелік-өнеркәсіптік пеште бес жылға жуық сынақтан өтті. Пештің құрылымдық ерекшелігі мен технологияның принципті негізі зерттелді.
Балхаштың бедерлі үш белесіБалқаш мыс қорыту зауыты қатарға қосылғаннан бері бірнеше мәрте қайта құрылды. Өткен ғасырдың соңғы жиырма жылының өзінде үш рет (1981 жылғы 3 наурыз, 1991 жылғы 26 маусым, 1997 жылғы 10 наурыз) елеулі өзгеріске түсті: іргелі цехтарды біріктірген дербес кәсіпорын ретінде қайта құрылып, кен-металлургия комбинатының, кейінен өндірістік бірлестіктің құрамына кірді. Ал, 2009 жылдың ақпанынан «Қазақмыс» компаниясының жеке металлургиялық кешеніне («Kazakhmys Smelting» ЖШС) қарайды.
Зауыттың мыс балқыту бағытындағы даму үдерісін үш кезеңмен қарастыру керек. Тоқетеріне тоқталсақ, біріншісі - Қоңыраттың аралас кенінен алынған концентрат қолданылған 1938-1946 жылдар. Бастапқыда концентратта - тотыққан, кейін күкіртті материал басым болды. Балқымадан құрамындағы мыстың үлесі 40%-ға жуықтайтын штейн мен 51-54% кремнеземі бар қышқыл шлак алынды. Штейіндегі мыс құрамы шихтаға пирит қосу арқылы реттелді.
Екіншісі - Қоңырат пен Жезқазған кенінің қоспасынан Балқаш байыту фабрикасында алынған күкіртті қышқыл тұзды концентрат пайдаланылған 1947-1953 жылдар. Бұл кезеңде металлургиялық цех негізінен Балқаш концентратымен жұмыс істеді, өңделген кеннің үштен бір бөлігіне жуығы Жезқазғаннан жеткізілді. Жезқазғанда байыту фабрикасы іске қосылғанда кен тасу тоқтатылып, мыс балқыту өндірісіне жезқазғандық концентрат келе бастады.
Балқыма Балқаш пен Жезқазғанның концентратынан алынған үшінші кезеңде (1954-1963ж. ж. ) кейінгісінің үлесі қомақты бола түсті. Шарпу пешіне қатты шихтамен қоса құрамында 3%-ға дейін мыс бар конверторлық шлак құйылды. Өнерәсіптік тәжірибе нәтижесінде конвертерлеу үдерісін одан әрі жетілдіру жолы айқындалды. Конвертерден алынған құрамында 1, 0-0, 8% қоспасы бар қара мыс анод пешінде одан әрі тазартылды.
Кейінгі жылдары жүргізілген өндірісті жаңғырту, технологиялық үдерісті жетілдіру жөніндегі жүйелі жұмыс, ұжымда интеллектуалдық қуаттың өсуі балқаштық металлургтердің болашаққа селкеусіз сеніммен қарауына берік негіз қалады. Мыс қорыту зауытының «Қазақмыстың» металлургиялық кешеніне қарайтын кәсіпорын болып қайта құрылуының өзі оның тарихындағы жаңа жарқын бет жазуына жасалған игі қадам деп бағалаған орынды.
Алайда, атқарылған игі істің ұйытқысы, алдағы уақытта жүзеге асырылатын тың идеяның қозғаушы күші, жасампаздықтың жаршысы еңбек адамы екені анық. Металлургиялық кешенді былай қойғанда, бір мыс балқыту цехында еңбек ететін тоғыз жүзге тарта адамның арасынан да талай тарлан табылады.
Балқаштың даңқты мысы1938 жылдың 24 қарашасы Балқаш қаласының және бүкіл Қазақстанның тарихына алтын әріптермен жазылды. Бұл күні алғашқы қара мыс алынды. Дәл осы айтулы оқиғадан Балқаш мыс қорыту зауытының үлкен тарихы басталды.
Балқаш мысының тарихы 1928 жылдан басталады, сол кезде Қоңырат шоқысында Ленинградтық геолог Михаил Русаков кеннің орасан зор қорын тапқан. Осы ашылудан бастап Балқаш көлінің жағасында кезең-кезеңмен мыс алыбының құрылысы басталды. Ал бірнеше жылдан кейін, 1938 жылдың 24 қарашасына қараған түні Бакурадзе инженерінің ауысуы құрамында 96% таза металл бар алғашқы балқаштық мыс - 45 тоннаны құрады. Уақыт өте келе Балқаш тау-кен металлургия комбинаты әлемдік танымалдылыққа ие болды. 1967 жылы оның мысы Лондонның түсті металдар биржасында сапа эталоны болып танылды. Сонымен қатар, кәсіпорында өндірістің толық циклы енгізілді: кен өндіруден бастап соңғы өнімге дейін - катодты мыс.
Қызықты жайт: Балқаш мыс балқыту зауыты жұмыс істеген уақыт ішінде барлығы қанша қара мыс өндірілгенін ешкім есептеген жоқ. Алайда, оның көлемі Балқаш-Берлин-Балқаш пойызының екі жаққа созылып жатқан тауарлық құрамына сыйатындай ауқымға жетуі мүмкін екендігі туралы мәліметтер бар. Бірақ зауыт пайдалануға берілген сәттен бастап мыс электролизі цехының жұмысы есепке алынуда. Осылайша, 1952 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін цех 12 млн 983 мың 981 тонна катодты мыс өндірілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz