Анафилактикалық шоктын клиникалық ағымы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Анафилактикалық шок
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Анафилактикалық шок (АШ)
2 . Анафилактикалық шоктын клиникалық ағымы бойынша жіктелуі:
3. Диагностика критериилері.
ІІІ Қорытынды
І Кіріспе
Анафилактикалық шок (АШ) -- ағзаға аллергендер енгенде жедел түрдегі аллергиялық реакцияны тудыратын, қанайналым, тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарымен сипатталатын, жіті дамитын, өміргe қауіпті патологиялық үрдіс.
Қауіп-қатер факторлары: анамнезінде дәрілік аллергиясы бар, дәрілік заттарды ұзақ уақыт қолдану, әcipece қайталау курсы кезінде, депо препараттарды пайдалану, полипрагмазия, дәрілік заттар белсенділігінің жоғары сенсибилизациясы, дәрілермен ұзақ уақыт дерматомикоздың болуы (эпидермофитии), пенициллинге сенсибилизациясы бар.
ІІ Негізгі бөлім
Анафилактикалық шоктын клиникалық ағымы бойынша жіктелуі:
1. Қасқағымдағы ағымы -- жіті басталатын, тез үдейтін АҚҚ төмендеуі, естен тану, тыныс жетіспеушілігінің үдеуімен жүреді. Қасқағымды шок ағымының ерекшелігі- шокқа қарсы қарқынды терапияга тұрақты болуы және терең коматозды жағдайға дейін тез өршуі. Өміргe маңызды мүшелердің зақымдалуына байланысты алғашқы минутта немесе сағатта өлімге әкеледі.
АШ қасқағымды тәрізді ағымының варианттары басты клиникалық синдромдарға байланысты: жіті тыныс жетіспеушілігі (ЖТЖ) және жіті қан тамыр жетіспсушілігі (ЖҚЖ).
АШ басты синдромы ЖТЖ әлсіздік кенеттен пайда болады және үдейді, кеудені қысқан тәрізді ауа жетіспеу ceзімі, мазалайтын жөтел, экспираторлы ентігу, бастын ауыруы, жүрек аймағындағы ауыру ceзімі, қорқыныш сезімі болады. Tepінің кенеттен бозаруы мен цианозы, аузында көпіршіктep, тыныс шығару кезінде құрғақ сырылдар және қиындаған ысқырықты тыныспен байқалады, Бетте және дененің басқа бөліктерінде ангионсвротикалық iісінулep дамуы мүмкін. ЖТЖ үдеу анықталады және жіті бүйрек үсті безі жетіспеушілігінде өлімге әкелуі мүмкін.
ЖТЖ мен дамитын АШ кенеттен басталған әлсіздік, құлақта шу; арпа термен сипатталады. Tepi тyci бозғылт акроцианоз айқын, АҚҚ төмендеген, пульс жіп тәрізді, жүрек тондары кенеттен әлсіреген. Біpнeшe минуттан кейін есінсн тану, тырысулар болады. Жүрек -қан тамыр жепспеушілігінен өлімге ұшырауы мүмкін.
2. Рецидивті ағымы -- клиникалық жағдайы жақсарған соң сағат немесе тәуліктен кейін қайта шоктың пайда болуымен сипатталады. Кейде қайта дамыған шок алдыңғысына қарағанда ауыр өтеді және емге тұрақты болады.
3. Абортивті ағымы- шоктың асфиксиялық варианты, науқастарда клиникалық симптомдар тез жойылады, көбінесе дәрілік препараттарды қабылдауды қажет етпейді.
АШ ағымының 5 варианттары; типті, гемодинамикалық, асфиксиялық, церебралды және абдоминалды.
Диагностика критериилері.
Шоктың жедел қатерлі ағымында шағымдары болмайды. Кенеттен есін жоғалтуымен басталып, журектің тоқтауы және клиникалық өлім болады.
Tиптi шок симптомдары:
:: тері жабындысының тyci өзгереді (тері қызаралы немесе бозғылдық, цианоз);
:: әр түрлі экзантемалар;
:: қабақ, бет, мұрын шырышының ісінуі;
:: суық тер;
:: түшкіру, жөтел, қышу сезімі;
:: жас ағу;
:: күсу;
:: аяқ-қолдың клоникалық тырысулары (кейде тырысулық құлау);
:: қозғалыс бұзылыстары;
:: өлімнен қорқу;
:: epіксіз зәр, нәжіс, газ бөлінуі.
Жедел жәрдем:
-- ағзаға аллергендердің ары қарай түсуін тоқтату;
-- тыныс жолдарынын өткізгіштгін қалпына келтіру, таза ауаның келуін қамтамасыз ету.
-- науқасты: аяғын көтерген күйде Тренделенбург қалпына келтіру, тілін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шок түрлері
Анафилактикалық шок
Жүктілік кезінде гипертензиялық бұзылыстар
Кардиогендік шок
Тыныстың жіті жетіспеушілігі
Анафилактикалық шок кезіндегі мейірбикенің кәсіби қызметінің ерекшеліктері
Ауруларды емдеу алгоритмдері
АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК ПРОФИЛАКТИКАСЫ, АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Аллергиялық аурулар науқастарды тексеру әдістері
Анафилактикалық шок белгілері
Пәндер