Пастереллез ауруы



МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
а) Пастереллез ауруы
б) Індеттік ерекшеліктері
в) Дерттануы, өтуі және симптомдары

ІІІ. Патологиялық өзгерістер
а) Балау
б) Ажыратып балау

IV. Дауалау және күресу жолдары
а) Иммунитет
б) Жеке және топтық жануарларды дауалау

V. Қорытынды
Кіріспе

Патологиялық анатомия немесе патоморфология тірі организм ауру болған кезде және одан тәуір болып келе жатқан кездегі орган және тоқымалардың нормаль болуында жүзеге келетін өзгерістерді үйрететін пән. Көзбен көруге болатын өзгерістер микроскоп істетуді талап ететін микроорганизм гистологик өзгерістер (патологик, гистологик) тексереді. Патологиялық анатомия тек көрсетіп көретін пән емес. Ол клиника мен бауланған тәрізде дамиды. Өлікті жаруды алынған нәти желерден эксперимент және физиология информациялары да пайдаланылады. Аурудың даму механизмін, яғни патогенезін үйренеді. Бұл – ауруларды анықтау, олардың емін және алдын алуын, яғни профилактикасы үшін ғылым мәселелерін негізденген жұмыста істеп шығаруда өте үлкен роль атқарады. Аурулар және организм функцияларының ауру уақытында көрінетін өзгерістері ауру жануар клиникада көзден кешіргенде және патологиялық физиологияда да тексеріледі. Патологиялық анатомия әртүрлі ауруда организмнің көптеген системаларға байланысты болған және түрлі ауруларда қайталанып тұратын түрлі-түсті өзгерістердің бірге қосылуын көрсетеді. Аурулардың себептерін білу медицина үшін үлкен көзқарасқа ие. Инфекцион ауруларға қарсы күресте травматизмде және әртүрлі өнеркәсіп қалдықтарынан улану жолдарының алдын алуды медицина көптеген қолға кіріткен ұтыстары мен үлкен дәрежеге жеткен. Әрқандай ауруды білу үшін оның этиологиясын білу керек. Ауру не себептен пайда болады деген сауалдарға жауап беру аздық қылады. Ол үшін аурудың қалай өршуін анықтау, яғни оның патогенезін үйрену керек т.б.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Пастереллез ауруы
б) Індеттік ерекшеліктері
в) Дерттануы, өтуі және симптомдары
ІІІ. Патологиялық өзгерістер
а) Балау
б) Ажыратып балау
IV. Дауалау және күресу жолдары
а) Иммунитет
б) Жеке және топтық жануарларды дауалау
V. Қорытынды

Кіріспе

Патологиялық анатомия немесе патоморфология тірі организм ауру болған
кезде және одан тәуір болып келе жатқан кездегі орган және тоқымалардың
нормаль болуында жүзеге келетін өзгерістерді үйрететін пән. Көзбен көруге
болатын өзгерістер микроскоп істетуді талап ететін микроорганизм гистологик
өзгерістер (патологик, гистологик) тексереді. Патологиялық анатомия тек
көрсетіп көретін пән емес. Ол клиника мен бауланған тәрізде дамиды. Өлікті
жаруды алынған нәти желерден эксперимент және физиология информациялары да
пайдаланылады. Аурудың даму механизмін, яғни патогенезін үйренеді. Бұл –
ауруларды анықтау, олардың емін және алдын алуын, яғни профилактикасы үшін
ғылым мәселелерін негізденген жұмыста істеп шығаруда өте үлкен роль
атқарады. Аурулар және организм функцияларының ауру уақытында көрінетін
өзгерістері ауру жануар клиникада көзден кешіргенде және патологиялық
физиологияда да тексеріледі. Патологиялық анатомия әртүрлі ауруда
организмнің көптеген системаларға байланысты болған және түрлі ауруларда
қайталанып тұратын түрлі-түсті өзгерістердің бірге қосылуын көрсетеді.
Аурулардың себептерін білу медицина үшін үлкен көзқарасқа ие. Инфекцион
ауруларға қарсы күресте травматизмде және әртүрлі өнеркәсіп қалдықтарынан
улану жолдарының алдын алуды медицина көптеген қолға кіріткен ұтыстары мен
үлкен дәрежеге жеткен. Әрқандай ауруды білу үшін оның этиологиясын білу
керек. Ауру не себептен пайда болады деген сауалдарға жауап беру аздық
қылады. Ол үшін аурудың қалай өршуін анықтау, яғни оның патогенезін үйрену
керек т.б.
ПАСТЕРЕЛЛЕЗ

Пастереллез Pasteurellosis - жіті өткенде өлітиюдің белгілерімен, ал
жітілеу және созылмалы кезінде негізінен өкпенің қабынуымен ерекшеленетін
сүтқоректілер мен құстардың көптеген түрлері ұшырайтын жұқпалы ауру.
Аурудың жұқпалы екендігін дәлелдеуге 1878 ж. Болингердің сиырдың
пастереллезін сипаттауы негіз болды. Аурудың қоздырушысын тауықтан Е.М.
Земмер 1878, Л.Пастер 1880, үй қоянынан Гафки 1881, сиырдан Китт
1885, бұйволдан Гресте 1887 бөліп алды. Аурудың атауы Пастердің
қоздырушы микробты өсіріп, әлсіретіп, онымен тауықты иммундеуге бағытталган
әйгілі тәжірибелеріне байланысты еді. Ғалымның құрметіне бұл микроб
пастерелла, ал ол қоздыратын ауру пастереллез деп аталатын болды.
Пасгереллез дүние жүзіне кең тараған. Әдетте оқтын-оқтын байқалып,
созылмалы түрде өтеді. Бірақ ауруды өршітуге ықпал ететін факторлардың
әсерінен індет түрінде кең жайылады.
Қоздырушысы - Pasteurella multocida - оншалықты ірі емес, грамтеріс,
козғалмайтын, спора түзбейтін, жеке-жеке, кейде жұпталып сирегірек қысқа
тізбек түрінде орналасатын бактерия.
Түрі мен мөлшері шыққан ортасына байланысты әртүрлі болады. Ауру малдың
ұлпасындағы пастереллалар ұсақ сопақша болады да, метилен көгі немесе
Романовский - Гимза әдісімен биполярлы екі шеті боялады. Жаңа өсінділерде
микробтың анық көрінетін қауашағы болады.
Пастереллалар - жартылаай ауасыбағалы микробтар. Кәдуілгі қоректік
орталарда 37° С кезінде жақсы өседі, жаңадан алынған өсіндерін өсіру үшін
қан сарысуы қосылған немесе етті ферменттік гидролиздеу арқылы алынған
қоректік орталар қолданылады. Бактериялар сорпада өскен қоректік орта
түгелдей лайланып, ЕПА-да үш түрлі шоғыр түзеді: тегіс S, бұдыр R және
кілегейлі М. Ферменттілік қасиеті төмен, өзгеше қасиеті болып триптофан
қосылған сорпада индол түзуі және нитратты нитритке дейін тотықсыздандыруы
есептелінеді.
Ұзақ уақыт бойы пастереллаларды зоологиялық тұрғыдан жіктеу орын алып
келді де, мал мен құстың әрқайсысына ауруды микробтың жеке түрі тудырады
деп есептелінді. Тек 1939 ж. Розенбуш пен Мергант пастереллалардың ауру
қоздырушы бір ғана түрі бар екендігін дәлелдеп, оны дербес түр P.multocida
ретінде қарастырды. Бұл тұқымдыстыққа жататын тағы бір дербес түр
P.haemolytica сиырда, әсіресе қойда пастереллезге ұқсас ауру қоздырады.
Пастереллалардың төзімділігі жоғары емес, сыртқы ортада тез өледі.
Көңде, қанда, суда тіршілігін 2-3 апта сақтайды, ал өлекседе 4 айға дейін,
мұздатылған құс етінде жыл бойы сақталады. Тура түскен күн сәулесінен бұл
микроб бірнеше минут ішінде, ал 70-90° С температурада 5-10 минутта өледі.
Барлық үйреншікті дезинфектанттар қолданылып жүрген концентрациясында
бірнеше минутта өлтіреді.
Індеттік ерекшеліктері. Пастереллезге үй және жабайы сүтқоректілер мен
құстардың барлық түрлері бейім. Онымен адам да ауырады. Тауық пен үй
қоянында ауру індет ретінде байқалады. Басқа жануарларда індет түрінде
таралағанымен де, мұндай жаппай ауру онша жиі байқалмайды. Ет қоректі
жануарлар біршама төзімді келеді.
Пастереллездің өлітиген түрінде жіті өтіп індет ретінде қаулауын ірі
қара мен жабайы күйіс қайыратьгн жануарларда біздің өлкемізде P.multocida В-
типі, ал Африкада P.multocida Е-типі қоздырса, құста - P.multoida А-тині
қоздырады. Пастереллездің оқтын-оқтын энзоотиялық пневмония ретінде
жітілеу және созылмалы өтетін түрін бұзауда P.multocida А-
типі және P.haemolytica, ал шошқада P.multocida А және D-типтері
мен P.haemolytica қоздырады.
Ауру қоздырушысының бастауы пастереллаларды алып жүретін аурудан
жазылған жануарлар. Алып жүру мерзімі жылдан астам болуы мүмкін.
Пастереллезге тән қасиет - сау жануарлардың арасында да қоздырушыны алып
жүрудің көп кездесуі. Сау шаруашылықтарда ауырмаған малдың пастереллаларды
алып жүруі сырт жерден ауруды әкелмей-ақ пастереллездің өзінен өзі
қаулауына себеп болады. Әдетте мұндай жағдай жануарларға әртүрлі қолайсыз
факторлардың әсер етуінен кейін байқалады.
Пастереллездің індеттік ерекшелігі оның бір жерге орын теуіп, энзоотия
ретінде байқалып, тұрақты індет ошағының қалыптасуы.
Сиыр мен қой пастереллезбен кез келген жаста ауырады, әйткенмен де жас
төлдің бейімділігі жоғары болып келеді. Ең жиі ауыратын жануар - бұйвол,
олардың сиырмен салыстырғанда өлім көрсеткіші 2 есе жоғары. Тропикалық
елдерде пастереллез ірі қарада әдетте індет түрінде жауынды маусымда жаппай
ауруға шалдығу және өлімге ұшырау 70-100 % арқылы байқалады. Қоңыржай
климатгы аймақта пастереллез негізінен күз бен көктемде ауруға шалдығу
көрсеткіші 5-50 % кездеседі. Ауырған мал қоздырушы микробты мұрыннан аққан
сора, дем алғандағы ауа, сілекей, нәжіс арқылы бөліп шығарады. Қоздырушының
берілу факторлары мен таралу жолдары алуан түрлі. Берілу факторларының
ішіндегі ең елеулілері: микробпен ластанған қоражай, ауа, жемшөп және құрал-
саймандар. Құстардың арасында пастереллездің таралуына Dermanyssus gallinae
және Aigas persicus кенелері айтарлықтай қызмет атқарады. Олардың денесінде
пастереллалар 60 күннен артық сақталады. Аурудан сау емес шаруашылықтарда
тышқандар мен егеу-құйрықтар қоздырушының бастауы және тасымалдаушысы бола
алады.
Қоздырғыштың негізгі көзі - ауру және ауырып, жазылған мал. Оларда ауру
қоздырғыштары бір жылдан артық сақталады. Пастереллезге тән нәрсе - сау
малдың да, ауру малдың да ауру қоздырғышын тасуы.
Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша аурудың таралуының негізгі
жолдарының бірі - пастереллезден таза емес шаруашылықтардан мал сатып алу
деп санайды. Шаруашылықтағы сау малдың пастереллалар тасуы аурудын, тез
тарауына себеп болады. Әдетте ауру малды күтіп-бағудың нашарлығына және
қолайсыз жағдайларға байланысты тарауы мүмкін.
Індет жағдайын ескермей жануарларды жөн-жосықсыз орын ауыстыру,
мөлшерден тыс тығыз орналастыру, ветеринариялық-санитариялық ережелерді
дұрыс орындамау, зарарсыздандырылмаған қасапхана қалдықтарын пайдалану
пастереллездің таралуына ықпал етеді.
Пастереллез кезінде ауруға шалдығу және өлім көрсеткіштері қоздырушы
микробтың уыттылығы, табындағы малдардын иммундік жағдайы және киімі,
қосалқы инфекциялардың болуы және сауықтыру шараларының дұрыс, уақтылы
жүргізілуіне байланысты болады.
Дерттенуі. Табиғи жағдайда пастереллалар жануар денесіне тыныс және ас
қорыту жолдары арқылы, ал ерекше бір жағдайда ғана зақымданған тері арқылы
енеді. Енген орнында микроб өсіп-өніп, сөлмен қанға өтеді де, септицемияның
әсерінен көп жағдайда жануар 12-36 сағат өткенде өледі. Дерттің өрбіп
денеге жайылуына пастереллалардың фагоцитозды тежеуі аяқталмаған
фагоцитоз, улы заттардың пайда болуы және оның нәтижесінде капиллярлардың
жаппай зақымдануы жағдай жасайды. Бұлардың нәтижесінде тері асты және
бұлшық еттер арасындағы шөл ауқымды мөлшерде домбығуға шалдығып,
геморрагиялық диатез пайда болады. Қоздырушы неғұрлым уытты болса,
солғұрлым тез өлітиеді.
Ауруға төзімді жануарға уыттылығы төмен пастереллалар енгенде
өлітимейді. Қоздырушы кейбір мүшелерде ғана, негізінен өкпеде, орын теуіп,
ауру жітіден төмен созылмалы өтеді. Пневмония крупозды немесе серозды-
қатарлы болады. Ауру өте жіті өткенде пневмония өрбіп үлгірмейді де, өкпеде
тек домбығу мен гиперемия байқалады.
Өтуі және симптомдары. Жасырын кезеңнің ұзақтығы бірнеше сағаттан 2-3
аптаға дейін. Жануарлардың әр түрінде пастереллезаса жіті, жіті, жітіден
төмен және созылмалы өтеді.
Сиыр мен бұйволда пастереллездің аса жіті түрі кезінде дененің ысығы
кенеттен 41-42° С дейін көтеріліп, өлітиюдің белгілері байқалады. Қауырт
өрбіген кезде жүрек қызметінің жетімсіздігінен, өкпенің домбығуы мен қан
аралас іш өтуден жануар бірнеше сағат ішінде өліп кетеді. Тіпті бұл
белгілер білініп үлгірмей-ақ малдың өліп кетуі мүмкін.
Ірі қараның танауы құрғап, салқындайды, күйіс қайтарудан қалады, сүт
шықпайды, аурудың басында ішек қимылы бәсеңдеп, сирек жапалайды. Жапасына
сұйық қан араласады, Көзінің кілегей қабықтары қабынып, жасаурайды. Зәріне
қан араласады. Септицемия белгілері айқын білінеді, жүрек қызметі нашарлап,
бір-екі тәулік ішінде өледі.
Мал ұзақ ауырған жағдайда дене қызуы оқтын-оқтын көтеріледі, денесінің
әр жері зақымданады. Бұл аурудың ісікті пастереллез, көкірек пастереллезі,
ішек пастереллезі деп аталатын түрлері болады.
Ісікті пастереллез кезінде мал тамағынын, астында, мойнында, қарны мен
аяқтарында басқанда сықырламайтын, бірақ ұлғайып, тез өршитін, ісік пайда
болады. Малдың мойны мен тілі ісінеді, тыныс алуы қиындап, ентігеді,
жылбысқы сілекей ағады. Көзге оңай көрінетін кілегей қабықтары көкшіл
тартып, әр жері қанталайды.
Көкірек пастереллезі кезінде малдың өкпесі қабынып, тыныс алуы
қиындайды, сыртқы орта реакциясына мыңқ етпейді, қарын қимылы тоқтап,
құрғақ ауырсындыратын жөтел пайда болады. Танауынан көбіктенген сілекей
ағады. Аурудың соңына қарай жапасы сұйылып, оған қан араласады. Көпшілік
жағдайда мал 5-8 күн ішінде өледі.
Ауру мал маңқасымен, сілекейімен және нәжісімен бірге сыртқы ортаға
қоздырғыштар шығарады. Пастереллез қоздырғыштары әр түрлі жолдармен
тарайды. Ең көп тарайтын жолдары – ауа, жемшөп, құрал-сайман және
қоздырғыштар түскен қора-жай.
Пастереллез, сондай-ақ, малының арасында осындай ауру байқалған
шаруашылықтарда қоздырғыш көзі бар екенін ескермей табынды бір-біріне қосу,
топтастыру, өндірістік технологияның бұзылуы, мал дәрігерлік ережелердің
сақталмауы салдарынан да шығады.
Пастереллез жіті өткенде мал күйзеліп, селқостанып, ыстығы 40° С-қа
жетеді, не одан да жоғарылайды. Қаңсары құрғап, суытады. Күйіс қайыруы
тоқталып, сүті қайтады. Аурудың бас кезінде ішек пен қарынның қозғалысы,
тезек тастауы баяулайды. Кейіннен нәжісі сұйылып, фибрин мен қанды
жалқақтар араласады. Кейде танауынан қан ағып, көзі қанталап, жіті
коньюнктивит өрбиді, несепте қан болады. Жануарларда өлі тиюдің айқын
белгілері мен жүрек қызметінің жетімсіздігі байқалып, 1-2 тәуліктің ішінде
өліп кетеді.
Ауру ұзаққа созылғанда дененің жалпы қызуы көтерілуімен қатар орны
шектелген өзгерістер де байқалады. Олардың клиникалық белгілері бойынша
пастереллездің домбыққан, көкіректегі және ішектегі түрлерін
ажыратады. Аурудың домбыққан түрінде төменгі жақтарының арасында,
әукесінде, төсінде, бауыр тұсындағы тері асты шелдерінде тез арада өршитін,
ыстық, басып көргенде ауырсынатын, сықұырламайтын домбығу болады. Тілі мен
мойыны домбыққанда тынысы қырылдап, қиындайды, шұбатылып сілекей ағады,
көзге көрінетін кілегейлі қабықтары көкшілденіп, қанталап тұрады. Кейбір
жануарлардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пастереллез
Ауру қоздырушысының бастауы пастереллаларды алып жүретін аурудан жазылған жануарлар
Пастереллез сипаттамасы
Шошқалардың пастерелез ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.
Пастереллез ауруы бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
Пастереллез ауруы туралы
Пастереллез қоздырғышы және індеттік ерекшеліктері
Тауық пастереллез ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Ірі қара пастереллез ауруы
Ірі қараның пастереллез ауруы
Пәндер