М. Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясындағы Құнанбай бейнесі
М.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясындағы Құнанбай бейнесі
Құнанбай тұлғасының жасалу шеберлігі бүкіл дүние-жүзілік әдебиет тарихында сирек ұшырасады. Әдеттегі түсінікпен атасақ, Құнанбай - жағымсыз кейіпкер. Дұрысында да солай, кері кеткен кер заманның жанкешті жақтаушысы, рулық-феодалдық жүйенің бір тінін үзгісі, бір өрімін ыдыратқысы келмейтін шынжырлы шонжар - жаңаның жауы, күні өткен, тозығы жеткен көненің жамап-жасқаушысы... Автордың айтуында да Құнанбай тұлғасы идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына енді-енді еніп келе жатқан жаңаның жолындағы кедергіні - ескіні көрсету нәтижесінде туған. Әдетте осындай ұнамсыз типтер бізде (тек бізде ғана емес) бірыңғай қара бояумен атастырыла, ылғи жамандық жағы қазбаланып, кейде тіпті іске алғысыз дөкір, дөрекі күйде көрсетілетін. Әрине, мұндай жағдайда да автордың идеялық мақсаты болатыны даусыз. Бірақ сол идеяның көркемдік шешімі даулы, жасанды және жалаңаш. Ал, Құнанбай ондай емес. Мейлінше шыншыл суреткер бұл образды мінездеу мен мүсіндеуге, жинақтау мен даралауға өзінің бай палитрасындағы бір (қара) емес, бірнеше (ақ, көк, сары...) бояуды қоса, қатар жұмсап, түрлі-түсті табиғи кескінде, алдымен адам ретінде барлық күнгей-көлеңкесімен жан-жақты, толық, тұтас тұлғаландырған. Автор ұнамсыз кейіпкер бойындағы ұнамды қасиеттерді күзеп не тонап әкетпейді, өзіне береді, өзінде қалдырады. Құнанбай - азулы ғана емес, ақылды: шоқпар мен сойылдың ғана емес, әріден толғайтын ойдың адамы. Көзі дара болғанмен көкірегі сара - көреген: ашуы мен қайратын қатар ұстайтын, қаталдығының арғы жағында қайсарлығы жатқан қасарма, сұғын қадағанды сілейтпей тынбайтын қазымыр, қырыс кісі. Арыстанның айбаты да, жолбарыстың жүрегі де бір өзінде; жыртқыштығы да сондай; бүргені құтылмайды, құтылса мынаның тырнағы сонымен бірге кетеді. Мұнысы да қайтпас қайсарлыққа саяды. Осыған енді амалы мен айласы қосылғанда Құнанбайдың қулығы мен сұмдығына, сұңғыла зымияндығына найза бойламай шығады. Мұнысы - ақылдан туған тәсіл. Құнанбай алыс-жұлысқа, арпалысқа ғана емес, сөзге де жүйрік, шешен, тілі өткір, тиген жерін тіліп түседі. Осылардың бәрі Құнанбайдың өз ортасынан биік, оқшау тұрған жоталы тұлға екенін көрсетеді және оның осындай өзгеше бөлек бітімін өз ортасы да әбден мойындап болған. Құнанбайдың көп қырлы қасиетін досы түгіл дұшпаны да жоққа шығара алмайды. Дәлел ретінде романның 1-кітабынан Абайға Байдалы айтып берген бір қызық жәйтті мысалға келтірелік. Байдалы Абайға: Тап соның ішінде көп қойма жатыр, не керек, - деп Қаратайды мақтай отырып былай дейді: Әне бір күндерде Қаратай, Бөжей, Байсал бар - барлығымыз Қаумен үйінде түстеніп отыр едік. Жиын бір сөзден бір сөзге түсіп, шалқып отырып, ақыр аяғы Жә, өзіміз көргенде мырза кім? дегенге келді. Жұрт ойланып қалды. Байсал күншуақта жатқан тағыдай көзін бір ашып, бір жұмып, бүк түсіп сырт қарап жатқан. Жаңағы сөзге ол қатысқан жоқаласыты. Мырза кім? дегенге Қаратай жауап беріп, Мырза - Құнанбай - деді. Тағы біраздан соң ол жиын: Шешен кім? - деді. Тағы Қаратай жауап беріп, Шешен - Құнанбай - деді. Екі бел асты. Аздан соң және бір оралып кеп: Жақсы кім? десті. Әлгі Қаратай және жауап беріп: Жақсы - Құнанбай - деді. Сол кезде Байсал басын жерден жұлып алып, саңқ етіп: - Уай, Көкше, не оттап отырсың өзің? - деп, Қаратайға қадала түсіп.- Мырза Құнанбай екен, шешен Құнанбай екен, жақсы Құнанбай екен! Ендеше не көкіп алысып жүрміз онымен? - деді. Соған Қаратай іле жауап беріп: Әй, тәйір-ай, мен Құнанбайдың өзге жағынан мін тауып алысып жүрмін бе? Жалғыз-ақ не қылайыны жоқ қой, сондықтан кетіп жүрген жоқ па? - деді.[7] Құнанбайдың кім екенін бұдан дәл Һәм әділ айту қиын. Құнанбай - тек өзі билеп отырған қазақ сахарасын ғана емес, осылардың бәрін бақылайтын, патша әкімдерін де мысын құртып, уысына алып алған жұмулы жұдырық. Мәселен, піскен бас Майырдың өзгеге илікпейтін қырсықтығы Құнанбайға келгенде бұлтыңдап кетеді. Майыр, сенің атаңның аты Тобықты емес еді. Осы Қарқаралыға келіп бауыр тапқаннан аманбысың? Бөжейді айдату керек, қағазын дұрыста деп ем, сары аурудай создың да кеттің ғой. Соның жан күйері сен болып, бауыр тартып, бауырың езіліп жүр ме осы, немене?! Осылайша өзі билік жүргізген атыраптағы қазақты бұқтырып, орысты ықтырып, бәрін өз алдында құрдай жорғалатқан Құнанбайдың философиясы да, дипломатиясы да бір басына жетерлік. Құнанбай осындай кесек кейіпкер, қия жартастай мықты тұлға болмаса, онымен күреске түскен Абайдың да ірілігі көрінбеген болар еді. Абай осындай алынбас қамалды алған алып боп шығуы да жазушының ұнамсыз тип жасау тәсіліндегі нұсқалы шеберліктің нәтижесі. Құнанбай жалғыз емес. Оның маңында әр рудың басы, әр ауылдың ақсақал-қарасақалдары - Бөжей, Байдалы, Сүйіндіктер бар. Өз іргесіндегі Майбасар, Ызғүтты, Тәкежан, Жиреншелер бар. Оразбай, Шұбар, Әзімбайлар бар. Дәуірлік белестен алып қарағанда осылар - бір лагердің адамдары. Абайдың қарсыластары, Абай бастаған жаңаның ата дұшпандары. Сонымен қатар осылар өзара да ыри-тыри: бақастар, бәсекелестер, бақталастар. Қарақан бастың қамына келгенде булар бірін-бірі аямайды, біріге бере талап тастап, бөліне бере түтіп жеп жүргендері... Бұл - адам адамға дос емес, қасқыр болған Құнанбай заманының заңы. Майталман суреткер Құнанбай маңындағы бар адам және әр адам арқылы солар өмір сүрген заман кескінін де зергерлікпен бейнелеп көрсеткен. Байлар мен билер тепкісіндегі қазақ қоғамының алтыбақан алауыздығын патша отаршыларының қалай пайдаланғанын да ұтымды аңғартады. Бірінің тізгініне бірі жармасып, бірінің шалғайынан бірі тартып, бірінің аяғынан бірі шалып орға жығып, көрге тығып жатқан Құнанбайлар, әрине, өз заманымен бірге тарих сахнасынан кетеді. Бірақ ең қауіпті жері - құнанбайшылдық қалып қояды. Бұдан арылу үшін адамдарды ұзақ уақыт шомылдыру, тазалау, қағып-сілку, тіпті кейбір кеселді денеден сыдырып алып тастау керек, Құнанбай тұлғасын жасау арқылы автордың оқырманға берер сабағы осындай Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясы 20 ғасырдағы қазақ және әлем әдебиетіндегі ерекше көркем құбылыс. Суреткер өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының рухын, ұлттық болмыс-бітімін жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абайдың мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралық таныммен сомдаған. ''Абай жолы'' эпопеясын суреткер шебер композицияға, сюжетке құра білді.
Романның сол сюжеттік желісі жазушыға қайталанбас сом характер жасауға мүмкіндік береді. Сондай кесек, ірі сомдалған тұлғалардың бірі - Құнанбай. Жазушы романда қажы бейнесін сан-алуан оқиға үстінде әр түрлі мінез-қылығымен көрсеткен, тұңғиық сыры терең, қалтарысы, бұрылысы, сұмдығы мен жауыздығы, қайраты мен қажыры, шешендік алғырлығы мен ақыл-айласы бойына тұтаса біткен жан бейнесінде өрнектелген. Оның сырт пішінінен ішін тану қиын. Қатпары көп ішкі жан дүниесінде бұғып жатқан сырлар сыртқа бірден теппейді, бергісін көрсетіп, әріде, тереңде, қалтарыста жатқанын ішінде бүгіп қалады.
Ол ескі өмірдің қаймағы шайқалмауын, заман тізгінін қолынан кетірмеді, әкімшілік-биліктен айрылмауды, елге Құнанбайлық әмірін жүргізуді көздейді және осы ниетінен қайтпайды. Өз қарауындағы елді құрығында ұстап, көнбегендерге Құнанбайлығын істейді, тізесін батырады. Мұның барлығын өз қолымен емес, басқалар арқылы істейді, өзі тасада қалады. Ол азуы кере қарыс Алшынбайды да ''Алшеке'' дей отырып, өз керегіне жаратады. Ол шариғатты да, ''құдайшылықты'' да дегені үшін құрбандыққа шалады. Құнанбай уысынан шығар пенде жоқ, өйткені онда әкімдік бар. Сыртқа да, ұлыққа да жақындық бедел бар. Әрі қолы ұзын, малды, сөзге жүйрік. Мінез бен іске де алғыр. Осылардың бәрі өз ортасын бойымен басып жығып беруге себеп болды. Демек, романда Құнанбай қулығына құрық жетпес, ақылы мен түлкілігі, айласы мен амалы астасып жатқан терең шыңырау болып бейнеленген. Жазушы оның сол әрекетін нақтылы оқиғалар арқылы шығарманың бүкіл бейнелі құрылымында образдар жүйесінде көрсеткен.
Құнанбай айла-амалы, өзгенің қолымен от көсейтіні ру басшыларын да осы қылмысқа ортақ етуінен анық танылады. Ол ''күнәһар'' Қодар мен Қамқаға қандай жаза қолдану керек, оны да өзі жеке дара шешпеген, ру басшыларының сарабына салған болады. Бірақ бұл жерде Құнанбайлығын жасады. Өлтірткен ол емес, солардың өздері: ''Адам өлтіріп отырсың, не бетіңмен үн шығарасың?'' дейді Бөкей Қаратайға. Құнанбай шариғатты өз кәдесіне жаратады. Мұндай ''ел қорлаған сұмдыққа, ел көрмеген жаза керек'' деп шариғат атымен үкімін шығарады. Француз жазушысы Луи Арагон "Абай жолын" оқығаннан кейін мынадай ой түйіпті: "Әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын; бұл менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі". Бұндай пікірді тудыру үшін автор эпопеяда суреткерлігін танытқан. Эпопеяның өн бойында адам образдарын жасайтын штрих, детальдар толып жатыр. Мінездеу, мүсіндеу, жинақтау - бәрі бар.
Сөзбен салынған кейіпкер суреті І томның өн бойында көптеп кездеседі. Рахманқұл Бердібаев шығармадағы портреттердің кескінделуі туралы былай деді:
1. Қаһарманның сырт келбетін толық келтіру.
2. Адамның бірер белгісін атап өту.
3. Адам портретін түрлі жағдайда қайталап, әрбір қырынан толықтыра отыру.
4. Қаһарманның бет-жүзіндегі, денесіндегі ерекшелікті екінші бір адамның көзімен бағалату.
Осы төрт белгіні дәлірек келтірсек, бірінші ерекшелікке Абайдың Ділдәға үйленгеннен кейінгі бейнесі толық келеді. Екінші ерекшелікке Ұлжан портретін алуға болады. Оспан "Ойбай, бауремдеп" келгенде, толық денесін қозғағанынан денелі екенін білеміз. Ал Құнанбайдың бейнесі әр қырынан көрінеді. Қатал кескін түрлі оқиға барысында қайталанып отырады. Бұл үшінші ерекшелікке келетіндей. Ал соңғысына Абайдың бейнесін алайық. Әке сәлемімен Байдалыға барып тілдесіп, оның сөзін мырзаға жеткізуге асыққан Абай бейнесі Құнанбайдың көзімен көргенде, "екі көзі от шашып, беті қызғылттанған".
Әдеби туындының тұтастық жүйесін құруға елеулі үлес қосатын, біртіндеп тұрақты эстетикалық өлшемге айналған ежелгі көркемдік межелерінің бірі - портрет. Ғ.Мүсірепов аңғарғандай: "Қайтқанда", "Қат-қабатта", "Шытырманда", "Бел-белесте", "Өрде", "Қияда" - әр бөлімнің аттары. Осыны біріне-бірін жалғап, бір саты етсең, қат-қабат шытырмандар арқылы бел-белеске, өрге, қияға келе жатқан Абайды көресің. Бұл - үздіксіз өсіп келе жатқан Абайдың жолы. Сонымен бірге, бұл - Құнанбайдың да баспалдақтары. Осы сатыларды төмен қаратып қойып, аяғынан басына қарай оқысаң, бұл жоғарыдан ылдилап келе жатқан Құанбайдың жолы болып шығады. Бірі - көтерілу, бірі түсу, төмендеу жолы. Үшінші, бұл - Құнанбай тобының да, Абай тобының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz