Жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың пайда болуы және алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Базарбаева Анар Рымбековна

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы.

Жалпы білім беретін мектеп №62

anar_rymbek@mail. ru

Жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың пайда болуы және алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру

Аннотация Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықтың пайда болуының негізгі себептері, себепші факторларлар, психологиялық тұрғыда бірнеше өзекті бағыттар, оларды əлеуметтік педагогикалық мінездемелері жағынан топқа бөлу және ата-аналармен жүргізілетін алдын алу жұмыстары туралы.

Кілт сөздер Девиантты мінез-құлық, жасөспірімдер, ата-аналармен жұмыс, мектептегі оқу-тəрбие жұмыстары.

Білім саласында балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық әрекеттер жиі кездесіп, қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі - қиын балалар. Соңғы статистика сүйенсек, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольді пайдалану, ұрлық, оның ішінде қазыргі кезде кеңінен таралып жатқан электронды темекі жылдан- жылға өсуде. Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық жасөспірімдерде көбірек байқалады.

Девиантты мінез-құлық дегеніміз ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары, қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. Девиантты мінез-құлық - балалар мен жасөспірімдердің жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын іс-әрекеттері, оқудан қасақана жалтару, отбасынан немесе балаларды оқыту -тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі келіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасауы. Мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т. б. ауытқушылықты білдіреді.

Делинквент (лат. Delinguens -құқық бұзушы) - ауытқыма мінез-құлқы өзінің ұшқары көріністерінде қылмыстық жазаланатын әрекет болып шығатын субъект.

Жас балалардың құқық бұзушылығына бос уақыттың көптігі, пайдалы іспен айналыспау, ата-ана тарапынан бақылаудаң тыс қалу, құқықтық білімнің аздығы, ғаламторға тәуелді, әлеуметтік желілердегі әртүрлі ойындар мен клубтардың болуы басты себеп болып табылады.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықтың пайда болуының негізгі себептерінің бірі отбасы тəрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, оның ішінде əке-шешесінің теріс үлгісі, ата-ананың біреуінің болмауы, үй ішіндегі ауыр жағдайлар, ұрыс, жанжал т. б. Баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу.

Мектептегі оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер ол жекелеген оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-ықыласын, қызығушылығы мен талап-тілегін ескермеу.

Сонымен девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді əлеуметтік педагогикалық мінездемелері жағынан төрт топқа бөлеміз.

Бірінші топқа жататын девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің қатігездік, мейірімсіздік, мінез-құлқында дөрекілік, үлкен-кішіні сыйламау сияқты əдет-дағдылар толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс-тұрыстары мен іс-əрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез-құлқын өзгертуге талаптанады.

Екінші топқа жататындар адамгершілік қадір қасиеттері төмендей бастаған, əлеуметтік бейімделуінде қоғамға жат сыңаймен сипатталады. Бұлар қатігездік қылықтарымен қатар, ұрлық, тонау, зорлық-зомбылық жасау, темекі тарту, уытты сұйық заттарды иіскеу сияқты т. б əдеттерге икемделе бастағандар. Бұл топқа тəртібі нашарлаған, құқық тəртібін бұзушы жасөспірімдер жатады, бірақ бұл балаларды мінез -құлықтарын түзетуге мүмкүндік қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.

Үшінші топқа өз мінез-құлықтарын басқара алмай, өзін-өзі тəрбиелеуге бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады. Қоғамға жат мінез-құлықтары қалыптаспаған, олар өздерінің теріс қылықтарына талдау бере алмайтын кəмелетке жасы толмаған қылмыскерлер. Бұл топқа қатігездік, зорлық-зомбылық көрсетумен қатар ұрлық, тонау, ішімдік жəне темекі тарту істеріне əбден машықтанған жасөспірімдер жатады.

Төртінші топқа жұйке ауруларына шалдыға бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге педагогтар мен дəрігерлер тарапынан дербес қарым-қатынас, ілтипат, сый-құрмет, жылы лебіз қажет.

Енді девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің пайда болуына себепші объективті жəне субъективті факторларға назар аударайық. Ғалымдар жасөспірімдердің қалыптасуына əлеуметтік орта мен күнделікті жағдай себеп болады деп дəлелдеген. Жасөспірімдерге қоршаған адамдардың немқұрайлылығы негізінде дамитын əлеуметтік-педагогикалық бақылаусыз қалу бұл тізбектегі ерекше роль. Нəтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері пайда болады. Үлкендерге деген қарсылық, жек көру сезімдері, баланың пікірінің, тағдырының, қызығушылықтары мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, топтарға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді.

Білім беру үдерісінде жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының алдын алу психологиялық тұрғыда негізгі мәселелердің бірі, осы жағдайда іс-әрекеттің бірнеше өзекті бағыттарға бөлуге болады:

Бірінші бағыт кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқының алдың алу стратегияларын құру және жүзеге асыру. Бұл тек мектептегі тәрбие субьектілері мен педагог психологтардың күшімен ғана емес, көптеген басқа да мамандардың әрекетімен жүзеге асады.

Екінші бағыт білім беру ұйымдарында педагог-психологтардың девиантты, делинквентті балалар және жасөспірімдермен арнайы жүргізетін жұмыстары. Бұл бағыт аясында түзету жұмысына арналған негізгі амалдардың ғылыми-әдістемелік құралдарын арнайы топтық тренигтер мен жеке түзету жұмыстарының бағдарламаларын пайдалану.

Үшінші бағыт девиантты және делинквентті мінез-құлықты кәмлетке толғандарды қайта әлеуметтендіру саласында әртүрлі ұйымдардың ерекшеліктері мен құзырлық аясын анықтау. Бірінші кезде бұл мектеп, колледж, әлеуметтік оңалту орталықтары, кәмлетке толмағандар ісі жөніндегі инспекция, арнайы кеңес беру орталықтары. Девиантты және делинквентті мінез-құлықтың алдын-алуда бірлескен іс-әрекет ортасын құру үшін мектепте педагогтар, сынып жетекшісі, әлеуметтік педагог, педагог- психологтар мен тәрбие субьектілерімен бірлесіп алдын-алу шараларын жүргізу жұмыс жоспарын құрып, бір бағытта кеңесе отырып, ортақ шешім арқасында жұмыс жасауы.

Девиантты мінез-құлықтың алдын-алуда мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі бағытында ата-аналармен жүргізілетін алдын алу, түзету жұмыстарын екі топқа бөлуге болады:

Бірінші топ ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, құқықтық тәрбие сұрақтары бойынша дәрістер оқу, әңгімелесу, педагогикалық өзіндік білімін көтеруге арналған нұсқаулар беру, ұжымдық және жеке тақырыптық кеңестер беру т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдердегі девианттық мінез - құлықтың түрлері
Жеткіншектердің бойында көрініс беретін девиантты мінез–құлықты түзету және оның алдын алу ерекшеліктері
Мінез - құлқы қиын балалармен жұмыс жүргізудің негізі
Девиантты мінез - құлық әлеуметтік проблема ретінде
Девиантты мінез – құлықты тәрбиелеудің тәжірибесі, әлеуметтік жұмыста әдістер мен технологияның жүргізілу жолдары
Арт терапиясы арқылы жасөспірімдердегі девиантты мінез құлықтың алдын алу
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау
Суицид және Суицидтік мінез құлықты нактылау
Мінез құлықты көтермелеу әдістері
Жеткіншек жас аралығындағы психологиялық мінез-құлық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz