Рефлексивті есеп

Рефлексивті есеп
Мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеші қызметін атқарып жүргендіктен менің ең алғашқы мақсатым жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу болып саналады. Ең алдымен бағдарламаның жаңа түйінді идеяларымен таныстым, ол 4К моделі, саралап оқыту әдісі және ойынды өткізудің үш әдісі. Ұйымдастырылған оқу қызметінде оқу мақсатының нақты нәтижесіне жету үшін тәжірибемде үш ойын, педагог жетекшілігімен жүргізілетін, құрылымдалған, еркін ойын тәсілдерін жүргізу арқылы мақсатыма жетемін деп ойлаймын, балалардың қызығушылық қабілеттерін байқадым. Менде дәстүрлі оқу іс-әрекетім Smart мақсатты қою, саралап оқытуға өзгерілді. Smart форматтағы мақсаты нақты, өлшенімді, қол жетімді, шынайы және нәтижеге бағытталған, уақытпен шектелген . Мен өзімнің практикамда балалармен педагог жетекшілігімен, құрылымдалған, және еркін ойындарды кіргізуге жоспарлаймын. Осы ойындарға қатысу арқылы балалар өздерін еркін сезінеді, оқу қызметіне қызығушылықпен қатысады. Мен өзімнің оқу тәжірибе барысында ұйымдастырылған оқу қызметімде «Шығармашылық» білім беру саласының « Сурет салу» білім беру бөлімінің «Үй» тақырыбын ашу мақсатында үш ойын түрін енгізуді жоспарладым. Мен тобымдағы Ш есімді қызға тоқталғым келеді. Ортаңғы тобымда Ш есімді қыз бар, қиын жақтарын айтатын болсам психикалық процесстер баяу жүреді және өте тұйық. Үнемі жекеленіп жүргенді ұнатады, сол себепті мен Ш есімді қызға тоқталып отырмын. Сол қыздың суретке қызығушылық танытатынын байқадым. Бақылау барысында «Дамуды тексеру парағы »бақылау түрін қолдануды жоспарлап отырмын. Осы бақылау түрі арқылы баланың дамуын және күшті қырларын қадағалауға жоспарлаймын.
Жоспарды іске асыру жолында ҰОҚ-нің мақсатына жету үшін «Үй құрастыр» дидактикалық, құрылымдалған ойынын қолдандым. Ойынның мақсаты : Геометриялық пішіндерді орналастыру арқылы үй бейнесін құрастыру. Ойынды қолдану барысында жақсы жақтары және қиындықтары байқалды. Жақсы жақтарын айтатын болсам мысалы: деңгейі жоғары балалар геометриялық пішіндерді атай отырып, үйдің бейнесін тез құрастыра алды. Ойын топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылды. Қиын жақтарын айтатын болсам мысалы: Ш есімді қыз геометриялық пішіндердің кейбір түрлерін атай алмады және үйдің есіктері мен терезелерін орналастыру барысында орындарын ауыстырып отырды. Бірақ, оған деңгейі жоғары балалар көмектесіп отырды. «Зәулім үй» еркін ойынын қолдандым. Бұл ойынның мақсаты: Үлкен конструкторлардан зәулім үйдің бейнесін жасайды. Ойын командалық жұмыс болды. . Балалар бір-біріне көрсету, көмектесу, өз ойларын айту арқылы зәулім үйді құрастыра білді. ҰОҚ-нің мақсатына жету үшін Педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін «Менің үйім»ойынымен қорытындыладым. Бұл ойынның мақсаты: Балалар өз үйлерінің бейнесін салады. Бұл ойынды таңдаған себебім: Ш есімді қызды топтың арасынан бақылау және ойында әртүрлі ресурстар пайдалану арқылы Ш есімді қыздың қызығушылығын арттырғым келді. Ш есімді қыз балалармен қалыспай әртүрлі ресурстар: геометриялық пішіндер қиылған картон қағаздарын бастыру арқылы да үйдің бейнесін салды. Сонымен қатар сол ойында топ басшы етіп балаға деген сенім арттым, баланың жағымды мінез-құлық белгілері, мақсатқа жетуге талпынушылық қасиеттері байқалды. Бақылауда «дамуды тексеру»түрін қолдандым. Бақылау кезінде келесі іс-шараларды жүргіздім. Осы іс -шаралар арқылы мен барлық уақыт бойы Ш есімді қыз байқағанның бәрін ескердімде, диаграмма жасадым. Осы бақылау формасы шынымен тиімді болды, Ш есімді қыздың жаңа қырларын танып білдім. Кейбір жағдайда жекешеленіп, топпен, командамен жұмыс жасағысы келмейтін Ш есімді қыздың бейімділігі күшейді, артта түсті. Ш есімді қыз дербес, қажеттілігі мен қызығушылығы бойынша үйдің суретін сала білді. Қиын жақтарын айтатын болсам мысалы: Ш есімді қыз қылқаламға бояуды баттастырып батырып, қағаз бетінде сурет салғанда үйдің бейнесіне ұқсамайтын бір бейне шыға келді. Бірақ геометриялық пішіндерді бастыру арқылы үйдің бейнесін салғызу өте қызық болды. Салған суретіне «Жарайсың» смайлігін беріп мадақтадым, қыздың көз-қарасы өзгерді және ол балалардан бұрын аяқтағаның ескердім.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz