Бастауыш сынып оқушыларының тілдік дағдыларын Сатылай кешенді оқыту технологиясы арқылы қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

А. Ж. Есмурзина*¹, А. О. Мухаметжанова²

¹˒²Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.

Бастауыш сынып оқушыларының тілдік дағдыларын «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы қалыптастыру

Аңдатпа

Осы жұмыста бастауыш сынып оқушыларының тілдік дағдыларын қалыптастыруда «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының мүмкіндігі қарастырылады. Дағдыны қалыптастырудың маңыздылығына тоқтала келіп, тілдік дағдыны дамытуда «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын пайдаланудың тиімділігін айқындау басты мақсат болып табылады. Мақаланы жазуды мақала авторлары «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының құрылымымен танысудан бастады. Технологияның негізгі мақсат, міндеттері, принциптері мен құрылымы туралы ақпараттарды саралап негізге алды. Педагогикалық технологияға түсінік береді. Баса назар «Сатылай кешенді оқыту» технологияны қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктеріне беріледі. Тілдік дағдыларды қалыптастырудың реттілігі көрсетіледі.

Кілтті сөздер:Сатылай кешенді оқыту, технология, тілдік дағды, бастауыш сынып, қалыптастыру, оқушылар.

Кіріспе

Заман талаптарының үздіксіз өзгерістерінен, әлеуметтік құрылымдардың жиі ауысуынан, бұрын беймәлім болған салалардың басымдыққа ие болуынан қоғам дамуының қарқынды екенін көруге болады. Өзгеріс жиі болған сайын талаптардың өзгеріп тұруы заңдылық. Бұл білім саласын айналып өткен жоқ. Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы және оқу мен тәрбие процесінде елеулі өзгерістерге әкеліп соқтырды. Нақтырақ айтсақ, білім беру парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болды.

Бұл өз кезегінде, педагогтер мен оқушылар алдына жаңа талаптар қойды. Соның ішінде тілді меңгеру, қазақ тілін меңгеру жаңа сипат алды. Қазіргі жаңартылған білім мазмұнында тіл және әдебиет пәндерін оқуда оқушылар негізгі төрт тілдік дағдыны бастауыш сыныптан меңгеріп шығуы баса назар аударуды талап ететін дағдылардың бірі болып отыр. Тілдік дағдыларға тыңдалым (есту арқылы сөйлеуді қабылдау және оны түсіну), айтылым (ойдың ауызша көрінісі), жазылым (ойдың графикалық, жазбаша көрінісі), оқылым (жазылған ойды қабылдау және түсіну) жатады. ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов « . . . бала әуелі тәжірибеге талпынып, нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін» деп тілдік дағдыларды қалыптастырудың маңыздылығы жайында айтса керек. Аталған төрт дағды қалыптасқан жағдайда оқушы ойымен бөлісіп, дұрыс қарым - қатынас жасап, психо-эмоционалды тұрғыдан еркін сезінетін болады.

Тыңдалымнан басталып, айтылыммен жалғасып, оқылым және жазылыммен аяқталатын төрт дағдыны жүйелі әрі бірізділікпен қалыптастыру - қазіргі педагог мамандардың алдына қойылған мақсат. Мұқтият тыңдағанын жүйелі айтып, түсініп оқығанын сауатты жазып бере алу - оқушы алдында тұрған мақсат. Мақсатқа жету үшін құрал қажет. Ол құрал оқыту және оқу әдістері, тәсілдерімен қатар, жаңа педагогикалық технологиялар. Педагогикалық технология ұғымы ХХ ғасырдың 60-жылдары Америка мен Ұлыбританияда қалыптасып, практика жүзінде әлем елдеріне таралды. Педагогикалық технология жас ұрпақтың терең білім алып, ой - өрісін кеңейтіп, шығармашылыққа бағыттап, әр оқушының өз бетімен жұмыс жасай алуына мүмкіндік беріп, қызығушылығын арттырып, мүддесін қанағаттандырып, ынталандыру мен бойындағы қабілетіне сай білімін ұштауына ықпал жасауы тиіс. Технологиялардың алуан түрін қарастыруға болады. Алайда ана тілді меңгеруге бағытталған қазақтың төл технологияларының бірі - «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы.

Жаңаны меңгеру барысында ескі деп нағыз құнды дүниелерімізден ажырап қалмауды да естен шығармаған жөн. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытов, Қ. Жұбанов т. б. ғалымдардың ғылыми - әдістемелік тұжырым, идеяларын басшылыққа алады, бұл - технологияның артықшылығы болып табылады. Қазақ тілінің барлық орфографиялық, грамматикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік т. б. ілімдерін қамтиды. Қарапайымнан күрделіге қарай жүйелілік, бірізділік принциптеріне негізделіп, оқушылардың меңгеруіне мүмкіндік береді.

Материалдар мен әдістер

Сатылай кешенді оқыту - оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздің құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырумен қатар өзге пәндердің де мазмұнын аталған талаптарға сәйкес меңгертуді басшылыққа алатын оқыту. Бастауыш сынып оқушыларын тілді меңгеруде аталған технологияны жүйелі қолдану арқылы білімін арттыруға болатынына көз жеткізу - бастапқы мақсат. Алдымен теориялық әдіс қолдана отырып технология туралы ақпаратты талдап, жинақтап, тұжырымдап, салыстырып, классификациялап, модельдеу қажеттілігі туындады.

Педагогикалық технология жайында қазақстандық ғалым Ғ. М Құсайынов «Педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден өзгеше, ол - мұғалімнің жоспарлаған оқыту мен тәрбиелеу жолындағы мақсаттар мен нәтижелерге жету және сабақ беру процесіндегі ұжымдық оқыту әдісі. Себебі ұжымдық оқыту әдісі қазіргі заман талабына сай жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеп шығуға мүмкіндік береді» деп есептейді. Сондықтан ғалым:«Педагогикалық технология-оқу жоспарлары мен бағдарламаларында берілген оқу материалын оқушылардың өздері бірін-бірі оқыту арқылы меңгеру процесі», - депті. [1, 35-бет]

Кейінгі уақытты біздің елімізде де қазақстандық мектептер үшін оқыту технологияларын ойластырып, ғылым мен практиканы ұштастырып зерттеп жүрген ғалымдарымыз жетерлік. Атап айтсақ, «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясы (Қараев Ж. А. ) [2] (Кобдикова Ж. У. ) [3] ; Модульдік оқыту (Жанпейісова М. М. ) [4] (Бейсенбаева З. ) [5] (Бұзаубақова К. Ж. ) [6] (Исламгулова С. К. ) [7] ; Шоғырландырып -қарқынды оқыту (Әбдіғалиев Ө. А. [8] Нұрахметов Н. Н. т. б. ) [9] Ковжасарова М. Р. т. б. ) [10] ; Жүйелілік негізінде оқыту (Ғалиев Т. Т. ) [11] технологияларды жатқызуға болады.

Оқыту технологияларының ерекшеліктері ғалымдар зерттеулерінде әр қырынан көрінеді. Бұл туралы ғалым М. М. Жанпейісова былай дейді: «Оқыту технологиясының біз әзірлеген нұсқасының бір ерекшелігі - оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл т. б) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға сондай - ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін - өзі өзектендіру, өзін - өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармшылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша) дамытуға бағытталуы» 12 5-бет] - деп тұжырымдайды.

Сабақ кезінде де, сабақтан бос уақытта да мұғалім мен оқушы шығармашылық, әріптестік қарым - қатынаста болып, қажетті іскерліктер мен дағдыларын қалыптастырып және өзін - өзі дамытып, нәтижелі қызмет етеді. Сондай дағдылардың бірі - тілдік дағдылар. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын сабақ барысында қолдану бастауыш сынып оқушыларының тілдік дағдыларын қалыптастырудағы маңызын анықтау үшін тіл және әдебиет пәндері өткізілді.

Баланың алғаш тілі шығып сөйлеу дағдысы қалыптасар шағында, алдымен баланың тыңдау дағдысы қалыптасады. Бала басқалардың сөздерден тыңдап, оны түсінуге талпынады. Ары қарай естіп-түсінген сөздерін қайталап, бірте - бірте сөйлеу дағдысы қалыптасады. Бала бақша жасынан бастап бала оқуды үйрене бастайды, содан кейін ғана жазу дағдысы қалыптасады. Бастауыш сынып оқушысының бойында аталған төрт дағды қалыптастыру да осы ретте, яғни тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым болып қалыптасу қажет. Бұл дағдылар әрдайым қатар жүретін табиғи процесс. Табиғи процесстің қалпын бұзбай қолдану нәтижеге әкелетіні анық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары
Зат есімнің жалғауларын оқыту
Сатылай кешенді талдау технологиясына анықтама
Бастауыш мектепте
Сатылай кешенді талдау технологиясының деңгейлері
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту технологиясы
Сатылай оқыту технологиясы
Қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz