XVIII ғасырдағы Орта Азия халықтарының шетелдiк басқыншыларға қарсы бiрiккен күресi. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама

1723 ж. ерте көктемде бейбiт ауылдарға күтпеген жерден шабуылдаған 60 000 ойрат атты әскерiне үш жүз қазақ хандары, қарақалпақ және қырғыз билерi бiрлесiп қимылдамағандықтан айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Жауды қайтаруға күшi болмаған қазақтар үлкен шығынға ұшырап, қаңыраған даланы тастап, үш бағытта көштi: Кiшi жүз Хиуа және одан әрi батысқа Жайық пен Ембi ауданына жылжыды; Орта жүз Самарқан мен Бұхар жерiне қоныстанды; ал, Ұлы жүз Жоңғар хандығының билiгiн мойындады. Жоңғарлар Сайрам, Түркiстан және Ташкент қалаларын маңындағы қазақ қоныстарымен бiрге басып алды. Қарапайым халық мойнына жаңа алым- салықтар жүктелдi. Халық басына төнген қиын жағдай ортақ жауға қарсы халық қозғалысының тууына және Түркiстанның туысқан халықтарының бiр- бiрiмен бiрiгуiне түрткi болды.
“Ақтабан шұбырынды” жылдары шаруашылық жағынан ауыр тиiп, оларды бiрiгуге итермеледi. Мұны қазақ халқының iрi саяси қайраткерлерi Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би жүзеге асырды. Олар қазақ жүздерiнiң барлық ықпалды өкiлдерiн Ордабасы жерiнде жинады. 1728-1729 ж. Әбiлқайыр хан басқарған барлық қазақ жүздерiнiң бiрiккен күшi жауды бiрнеше iрi жеңiлiстерге ұшыратып, Қазақстан территориясының айтарлықтай бөлiгiн азат еттi. “Бүге-Шаян”, “Аңырақай” т. б. жерлердегi болған осы шайқастарға қазақтармен бiрге қарақалпақ және қырғыз жасақтары да қатысты. Алайда, бұл табыстар қазақ халқы мен Түркiстанның түркi тiлдес халықтарына жоңғар жаулаушылары төндiрген қауiптi толық жоя қоймады. 30 ж. басында қазақ сұлтандары арасында барлық жүздiң билеушiсi саналған Ұлы жүз ханы Болаттың тағына талас туады. Қалыптасқан жағдайда, Әбiлқайыр хан бастаған Кiшi жүз әскерi батысқа, Сәмеке хан бастаған Орта жүз қолы солтүстiкке кеткен соң, Ұлы жүз жоңғарлар маңында жалғыз қалады4.
Жоңғар шапқыншылығының нәтижесiнде шаруашылық дағдарысқа ұшыраған қазақ жүздерiнiң көршi халықтар және мемлекеттермен, атап айтқанда Бұқар және Хиуа хандықтарымен қарым-қатынасын ушықтырып жiбердi. Оренбург экспедициясының басшысы И. К. Кирилов императрица Анна Иоановнаға Ұлы жүз қазақтарының Бұқармен қарым-қатынасын былай сипаттады: « . . . қалалар мен қоныстарын жоғалтып, Бұқарадағы өзбектердi қиратты»5 .
Қазақтардың жоңғар әскерiнiң қысымымен батысқа ығысуы түркмендермен қақтығыстырып, қарақалпақтармен дәстүрлi қарым-қатынасты бұзып, қазақтардың жағдайын қиындатып жiбердi. Мұрағат құжаттарының бiрiнде Арал теңiзi маңындағы көшпелi қазақтар мен қарақалпақтар арасында “ұрыстар мен қақтығыстар” болып тұратыны жайлы айтылады. Қазақ билеушiлерiнiң қарақалпақ және түркмен иелiктерi арқылы Бұхар және Хиуамен сауда байланысын түзетуге ұмтылыстары да нәтижесiз аяқталды.
Қалыптасқан жағдайда, қазақ хандарының алдында күшейiп келе жатқан қазақ жүздерiнiң феодалдық бытыраңқылық процесiн жою және оларды сыртқы жаулар шапқыншылығынан қауiпсiздендiру мәселелерi тұрды. Бұған өз күштерiнiң жетпесiне әбден көздерi жеттi. Қазақ билеушiлерiнiң бiр тобы бұл тығырықтан шығудың шешiмiн Ресей қол астына кiруден тапты.
1726 ж. Әбiлқайыр хан Петербургқа Кiшi жүз старшындарының атынан қазақтардың Ресей қол астына қабылдауын өтiнiп елшi жiбередi. Қазақтар бұл өтiнiшiн 1730 ж. қайталады.
1731 ж. Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтарының едәуiр бөлiгi Ресейге қосылып, 1731 ж. және 1740 ж. Ресейге адалдық антын қабылдады.
1734 ж. Ұлы жүз қазақтарын Ресей қол астына қабылдау құжатына қол қойылған соң, оның старшындары ант қабылдауы тиiс едi. Бiрақ, жүздiң iшiнде қалыптасқан жағдай, оның Ресейден қашықтығы, Жоңғар хандығынан төнген қауiп және т. б. бұл тарихи актiнiң бекiтiлуiне кедергi жасады. Орта Азия халықтарының Жоңғар хандығына қарсы күресi Кiшi жүз және Орта жүз қазақтарының XVIII ғ. 30-50 ж. ж. Ресейге қосылғаннан кейiн де, жалғаса бердi. 1732 ж. қазақтарға қарсы жiберiлген жоңғар әскерi жеңiлiс тапты. Алайда, 1740 ж. Қытайдың цин үкiметiмен Жоңғар хандығы арасындағы бейбiт келiсiмнен кейiн, ойраттар қазақтар мен қырғыздарға айтарлықтай залал келтiрiп, Орта Азияның iшкi аймақтарына, атап айтқанда, XVIII ғ. басында-ақ Қоқан иелiгi бой көтерген Ферғана жазығына ұмтылды. XVIII ғ. 40 ж. екiншi жартысында 50 ж. бiрiншi жартысында қазақ, қырғыз және өзбек халықтарының жоңғар шапқыншылығына қарсы бiрiккен күресi байқалады. 1748-1749 ж. ж. қырғыз халық жасағы жоңғар әскерiн екi рет жеңедi: бiрiншiсiнде, Зайсан Доржы қолбасшылық жасаса, екiншiсiнде, 1749 ж. жоңғарлар басында қонтайшының iнiсi Лама Доржы тұрды.
Осы жылдары жоңғар шапқыншылығына қарсы Орта Азия халықтарының бiрiккен күресiн басты ұйымдастырушылары Ташкент және Қоқан қалаларының билеушiлерi: Төле би (Қалдырғаш би) (1739-1751 ж. ж. ) мен Әбдi-әл-Керiм би (1734-1751 ж. ж. ) болды. XVIII ғ. ортасындағы Ферғанадағы жаулаушыларға қарсы бiрiккен тойтарысты осы аймақтың тәуелсiздiгiн сақтап қалған, Түркiстанның туысқан халықтарының iрi саяси табысы ретiнде қарастыруға болады.
Жоңғар хандығында Ғалдан-Церен тағы үшiн қанды соғыс жүрiп жатты. Хан тағына үмiткерлердiң бiрi Әмiрсана, билеушiлерi көптен берi Жоңғар хандығы iсiне араласудың ыңғайын күтiп отырған, Цин империясынан қолдау iздедi. 1755 ж. көктемде, барлық қажеттi дайындықтарды бiтiрген соң, манчжур-цин үкiметi жоңғарларға қатты соққы бердi. Цин жаулаушыларының жергiлiктi тұрғындарға деген жауыздығы, таққа үмiткер Әмiрсананың “көзiн ашып”, ол 1755 ж. күзде өзiнiң жуықтағы одақтасына қарсы шықты. Әмiрсананың антициндiк көтерiлiсiн басамыз деген сылтаумен цин армиясы 1755-1757 ж. ж. ойрат халқын қырып жойды. Жоңғар хандығы қиратылып, тәуелсiз мемлекет ретiнде өмiр сүруiн тоқтатты. “Бұл жантүршiгерлiк қантөгiсте” 1 000 000 жуық адам опат болды.
Осы кезден бастап, қазақ, қырғыз және т. б. Түркiстанның көршi халықтарының Цин империясының белсендi және қатерлi агрессиясына қарсы тәуелсiздiк үшiн күресiнiң жаңа кезеңi басталды. Жоңғар хандығын бағындырған соң, феодалдық қайшылықтарды пайдаланып, ұйғыр билеушiлерiн бiр-бiрiне айдап салып, қарулы қақтығыстарды қатыгездiкпен жанши отырып, 1759 ж. Шығыс Түркiстанды жаулап алып, Шыңжаң (жаңа шекара) деп атын өзгерткен соң, түркi тiлдес тұрғындар цин билеушiлерiнiң қысымына түстi. Шығыс Түркiстан халықтарын бағындыру барысында цин әскерлерi бiрнеше рет Қазақстан мен Орта Азияның түрлi аудандарына шабуылдап, тiптен Ташкентке де өтiп кетпекшi болды6. Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралас аудандарында манчжур-цин әскерлерiнiң уақытша тұрақтауы, қытайдың ресми құжаттарында кейбiр қазақ және қырғыз билеушiлерiнiң “Қытайға бағынуға келiсiмiн бердi” деген мәлiметтердiң пайда болуына негiз болды. Қазақтар, қырғыздар және т. б. Түркiстанның көршiлес халықтары “боғдыханға” бағынды деген деректер т. б. кейбiр қытай деректерiнде де кездеседi. Атап айтқанда, Орта жүз сұлтандары Әбiлпейiз бен Абылай Цин империясына бұрынғы Жоңғар хандығы территориясының кейбiр аудандарында көшiп-қонуға рұқсат сұрап, Қытайға “мүйiздi қарадан және жылқыдан 100 бастан бiр бас, ал қойдан 1000 бастан бiр бас” төлеп тұруға мiндеттендi дейдi. Бiрақ Ж. Қ. Қасымбаев көрсетiп отырғандай, өзiне номиналды бағынышты территорияда цин үкiметi салық жинауды ұйымдастыра алмағандықтан, қазақтар салық төлемеген. Әрi қарай автор: ”Цин империясы мен Ресей арасындағы Орта жүз сұлтаны Аблайдың алма-кезек күрделi әскери-саяси жағдаймен түсiндiруге болады. ”, - дейдi7.
Халықтар арасында қастандық өртiн тұтатып және оларды бiр-бiрiне айдап салған дәстүрлi империялық саясат ұстанған цин үкiметi Түркiстан туысқан халықтары арасында қарама-қайшылықты күшейтуге тырысты, оның iшiнде қазақтар мен қырғыздар арасында да. Өкiнiшке орай, цин үкiметiнiң мұндай саясаты өз дегенiне жеттi. ”1760 ж. өзiнде-ақ, - Левшиннiң айтуынша, - Орта жүз қырғыз-қайсақтары жабайы қырғыздарға және бұрұттарға қатты соққы берiп, көп шығынға ұшыратты . . . ”. Әрине бұл қырғыз феодалдарының жауапты шабуылын тудырды. 1764 ж. Орта жүз қазақтарының Қытаймен қарым-қатынасын бiлу мақсатымен сұлтан Абылайға барған башқұрт старшыны Шүкiрдiң мәлiметi бойынша “осы жылы Iле өзенi бойында, қираған қалмақ жерiнiң маңында, қытай шекарасына жақын жерде көшiп-қонған Ұлы және Орта жүз қырғыз-қайсақтары қырғыздардың үш рет шапқыншылығына ұшырап, жеңiлiп, әбден күйредi”. Қазақтар мен қырғыздардың осындай алма-кезек шабуылдары мен қақтығыстарынан бәрiнен бұрын еңбекшi шаруалар мен бейбiт ауылдар зардап шектi. Қазақтар мен қырғыз феодалдарының бұл тәріздi қақтығыстары бiрде күшейiп, бiрде бәсеңсiп XIX ғ. ортасына дейiн созылды. Сол кездегi феодалдық қырқыстың басты себебi олардың шекаралық жайылымдарда өз үстемдiктерiн орнатуға тырысуы едi. Қазақ және қырғыз билеушiлерiнiң текетiресiнде сауда-саттық мүдделерi де соңғы орында емес едi. Бұған генерал Шпрингердiң 1756 ж. 19 сәуiрдегi рапорты дәлел болады: ”өткен қыста Әбiлпейiз сұлтан жорықта болып, Бұқар иелiгiндегi Түркiстан қаласының арғы жағында көшiп-қонған жабайы қырғыздар мен ташкенттiктердi тонап, ренжiтiп, сауда жасауға Орта жүз қырғыздарына және оның ұлысына жiбермегенi үшiн соғысты”, - дейдi. Ферғана қырғыздарының Қоқан билеушiлерiнiң қысымымен оңтүстiктен солтүстiк қырғыз жерлерiне қоныс аударуы және сол уақытта қазақ руларының бiр бөлiгi солтүстiк-шығыстан оңтүстiкке жылжуы феодалдардың өзара қырқысын күшейттi. 1779 ж. Абылай хан Талас қырғыздарына шабуылдап, ” жеңiлiске ұшыратып, олардан аманат алады да, өзi Түркiстан маңында көшiп-қонуға қалады”. Абылай хан қол жеткiзген табыстарын нығайту үшiн, ұлы Әдiл сұлтанға осы аймақтың қазақтары мен қырғыздарын басқару үшiн, Талас бойына орда ретiнде қорған салдырады. XVIII ғ. 80 ж. ж. ортасында Жетiсуда екi халықты да әлсiреткен феодалдық өзара қырқыс жалғасты. Бiрақ, қазақ-қырғыз қарым-қатынасында айта кететiн бiр жәйт, олар ортақ жауларымен бiрiгiп шайқасқан. Бұл жолы да осылай болды. 1786 ж. қазақ сұлтаны Қан Қожа қырғыздың Атаке және Есенқұлы билерiне Қытайдың цин үкiметiнен және т. б. мемлекеттер тарапынан төнген қауiп-қатерге қарсы тұру мақсатында келiссөздер жүргiзуге елшi жiбередi. Келiссөздер барысында екi жақта өзара одақ құруға ұмтылыс көрсеттi: ”Сiздерге де, бiзге де ортақ жау қытайлықтар”, - дедi олар. Бұл қазақтар мен қырғыздардың тарихи тағдырының бiртұтастығын сипаттайтын көрiнiс едi.
... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz