Түйежантақ өсімдігінің дәрілік және мал шаруашылығындағы маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Жоспар
Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
Теориялық бөлім
1. Ж.Маханбетов ауылында кездесетін өсімдіктер
2. Жантақ өсімдігіне анатомиялық, морфологиялық ерекшеліктеріне жалпы сипаттама
3. Түйежантақ өсімдігінің дәрілік және мал шаруашылығындағы маңызы
Зерттеу бөлімі
1. Түйежантақтың асқазан-ішек ауруларына қарсы пайдасы
2. Түйежантақтан баспа, буын ауруларына қарсы пайдасы
3. Түйежантақ тері жарасына қарсы пайдасы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме

Аннотация
1. Жақыпбек Маханбетов ауылында кездесетін өсімдіктер
Менің туған жерім Қызылорда облысы, Қызылорда қаласына қарасты Кеңес Одағының Батыры Жақыпбек Маханбетов атындағы ауыл. Ж. Махамбетов ауылы -- Қызылорда облысы Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Ақсуат ауылдық округі орталығы. Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан. 1934 жылы құрылған Жасқайрат, Жаңатұрмыс, Киров, Қызылорақ, Қызылқұм, Қарақожа, Батпаққара ұжымдық шаруашылықтары негізінде 1950 жылы ұжымшар болып қайта құрылды. 1972 жылдан ұжымшар көкөніс және сүт өндіреді. 1997 жылдан ауылда бидай, күріш, көкөніс өсіретін бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауылға 1994 жылы осы өңірден шыққан Кеңес Одағының Батыры Ж.Махамбетовтың есімі берілді.
Облыс аумағында кейбір әдебиеттерде өсімдіктің 756 жуығы кездеседі десе, ал кейбір әдебиеттерде 819 деп келтіреді. Оның 50 ден астамы дәрілік қасиеті бар, 12 түрі Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген (1981 ж.), және 9 түрі қорғауға алынған. Әсіресе сирек және құрып кету қаупі бар Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер ерекше қорғауды қажет етеді.
Табиғат жер байлығы, Батырлар ел байлығы демекші менің туып-өскен ауылымда батыр да, табиғат байлығы да жетерлік. Соның бірі ауылдағы өсімдіктер дүниесі. Шамамен ауылда 100ден астам яғни мәдени және далалық, дәрілік өсімдіктің түрлері кездеседі. Топырағы қоңыр, құмдақ сұр, сортаң болып келеді. Ауылдың басым бөлігін құм басып жатыр. Сондықтан да болар ауылда далалық, шалғындық, жабайы өсімдіктер бөлігі басым. Ж.Маханбетов ауылында өсетін өсімдіктердің басым бөлігі құмды, тұзды жерге өсуге бейімделген. Өсімдіктердің басым көпшілігі көпжылдық және екіжілдық бұталы, жартылай бұталы, шөптекті өсімдіктер.
Ж.Маханбетов ауылында өсетін өсімдіктер мыналар: Үшкіржеміс жидесі(Elaeagnus oxycarpa), Есекмия (Goebelia pachycarpa), Кәдімгі қамыс (Common Reed, Phragmites australis), Көпбұтақты жыңғыл (Tamarix hispida), Қызыл жыңғыл (Tamarix ramosіssіma), Ақ алабота (Chenopodium album), Сортаң ажырық (Aeluropus lіtoralіs), Жіңішке жапырақты қоға (Typha angustifolia), Далалық жалбыз (MENTHA ARVENSIS), Қара алқа (Solanum nigrum L.), Далалық шырмауық (Convolvulus arvensіs), Сарыбасшөп (Erysіmum), ақбасқурай, Кәдімгі адыраспан (Peganum harmala), Ақбас (Karelinia), Ақ сексеуіл (Haloxylon persіcum), Ақ шеңгел (Halіmodendron), Кәдімгі жантақ (A. pseudalhagі), Қызылмия (Glycyrrhіza glabra), шиін, түйнекөлең, қара мия, т.б.

2. Жантақ өсімдігіне анатомиялық, морфологиялық ерекшеліктеріне жалпы сипаттама
Жантақ (АIhagi) - бұршақ тұқымдасының туысы. Оны бұталы немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер қатарына жатқызуға болады.Сабағының төменгі жағындағы тікендері қысқа әрі мықты, жоғарғы тікендері жіңішке шөп тәрізді, ұштары жоғары қараған. Оның жапырақтары сопақша,шеттері бүтін,сабақтары мен тікендердің түп жағына орналасқан.Гүлдері қызыл түсті, гүл сабақтары ұзын, гүл тостағаншасы қоңырау сияқты әрі тістері бар болып келеді.
Жантақтың жапырақ топтамаларының кішкентай және түкті болуы ыстыққа төзімділігін арттырады. Жантақтың тамыр жүйесі кіндік тамыр болғандықтан оның тамырлары өте тереңдеп кетеді. Жантақ тамырының ұзындығы 25-30см-ге дейін жетеді. Жантақ тамыры арқылы көбейіп отыратын көп жылдық өсімдікке жатады. Жантақтың кейбір жапырақтары түрін өзгертіп,тікенге айналады. Жантақ өсімдігі тамыз айында гүлдейді. Қыркүйек, қазан айларында масақ түсіп,дән байлайды. Оның дәні құрғақ, қоңырқай түсті, бұршақ тәріздес, дәмі қышқылтым болады.
Жантақ өсімдігі шөл шөлейт жерлерге өседі.Жантақтың түрлері көп болады.Америка шөлінде жеті түрі,ТМД-елдерінде 5-түрі,Қазақстанда 4 түрі кездеседі.Жантақ өсімдігінің биіктігі 40-120см-ге дейін барады.Қазақстанның Каспий,Арал,Ембі,Ертіс,Оңтүстік Қазақстан,Маңғыстау, Мойынқұм,Іле-шу,Балқаш-Алакөл аймақтарында өседі.Қазақстанның Оңтүстік және Орталық аймақтарында қырғыз жантағы,және сирек жапырақты жантақ түрі,ал Республикамыздың батыс бөлігінде парсы жантағы көп кездеседі.
Жантақтың Қазақстан Республикасы бойынша 4 түрі бар, ең жиі кездесетіні - кәдімгі жантақ (A. pseudalhagі) және қырғыз жантағы (A. kіrghіsorum). Олардың биіктігі 30-100 сантиметр. Тамыры ұзын (10 метрге жетеді), тамыр сабақтары 20-30 сантиметр тереңдікте болады, көбіне осы тамырлары арқылы көбейеді. Сабағы бұтақтанып біткен, тікенді, сырты жылтыр, бүртікті. Жапырағы жұмыртқа пішінді, домалақ, бүтін жиекті. Гүлі - қызыл. Мамыр-маусым айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі - бұршақ. Дәні бүйрек пішіндес не төрт бұрышты. Жантақтың кейбір түрлері жылдан жылға құрып кетуіне байланысты қызыл кітапқа енгізілген. Жантақтың құрып кетуін жергілікті елді мекендер байқай бермейді.
Көпшіліктің көзқарасы бойынша жантақ көп, ол қазір жойыла қоймайды деген пікірлер өте көп. Жоқ, олай емес, жантақты зерттеп, білгенде ғана оның құрып бара жатқанын байқаймыз. Зерттеу нәтижесінде жантақ биылғы берген өнімінен өніп шыға алмайды, оның себебі, біріншіден, жантақтың дәнінің сырты мықты беріктік қабатпен қапталған, ол жер өніп шығуы үшін кем дегенде 3-4 жыл жатуы керек. Екіншіден, жантақтың өнімін, яғни дәндерін жерлілікті халық, медицина дәрігерлерлері жинап, емдікке қолданады. Осындай факторлардың әсерінен жантақтың жер бетіне таралуы азайып бара жатыр. Барлық жер бетіне таралған өсімдікті біз аялап, сақтауға міндеттіміз.
Өсімдіктердің тіршілік формасы бойынша жіктеуде жантақ жылдың қолайсыз мезгілінде қайта көктеуге арналған бүршіктерінің орналасуы мен қорғану тәсілдеріне орай гемикриптофиттер (Н) мен криптофиттік формалардың аралық түріне жатады. Өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері, жердің бетінің деңгейімен бірдей орналасқан каудекстерде және жердің 20 см тереңдіктегі тамырда орналасады. Жер бетіндегі каудекс жойылған кезде, мысалы, қолайсыз жағдайдың әсерінен немесе танаптардағы жер жыртудың әсерінен, негізгі тамырда орналасқан бүршіктер вегетациялық сабақтарды түзе алады. Біздің эксперименттерімізде жер асты бүршіктерінің үлесі барлық бүршіктердің 21,3 пайызын құрайтыны анықталды. Өсімдіктің алғашқы және жақсы дамыған сабақтары жер үстіндегі каудекстік бүршіктерден, кейінгі қосалқы және майда сабақтар жер асты бүршіктерден дамитыны анықталды. Бұл бүршіктердің оянып, сабақ түзуі өсімдіктің өсу ортасындағы факторлардың әсеріне тікелей байланысты екені дәлелденді. Ылғалы аз, дөңес жерлерде орналасқан өсімдіктердің сабақ саны 2,3 арасында болды. Мұндағы сабақтар тек жер үсті бүршіктерден дамитыны көрінді. Ал, ойпаң және ылғал мөлшері көп жерлердегі биік қомақты өсімдіктердің сабақ саны 3,2 -3,4 арасында болды. Олардың 1,1 бөлігі жер асты бүршіктерден дамыған. Ендеше, жантақ өсімдігі өзінің өсу ортасына қарай, вегетациясын жалғастыру үшін түзетін бүршіктерінің мүмкіншіліктерін қоршаған ортаның факторларына қарай белсендіре алады екен. Ылғал мөлшері өте аз кезде жер асты бүршіктері вегетацияны жаңартуға қатыспайды, олар өздерінің қосалқылық рөлінде қалады. Олардың оянуы және вегетациялық үрдісті қамтамасыз етуі жер үсті бүршіктері жойылған кезде іске асады. Біздің эксперименттерімізде күзде жер жыртылған танаптардан көктемде өсіп тұрған өсімдіктердің сабақтарының жер асты бүршіктерден дамитыны дәлелденді. Алғашқы сабақтардың бойында кезекпен орналасқан жапырақтардың 4-5 түссіз болып келеді. Олар фотосинтездік қызмет атқармайды және сабақтың өсуі басталғаннан кейін тез арада қурап кетеді. Жанама сабақтар 4 жапырақтың қолтықшасынан бастап дами бастайды. Өсімдік сабағының құрылысын зерттеу дарысында, басты дарақтарды құрайтын сабақтар болып сол алғашқы 4-5 жапырақтардың қолтықшаларынан дамитын сабақтар болатыны анықталды. Ол сабақтар өсімдіктің негізгі сабағы сияқты келесі 2, 3 және 4 сүрелік сабақтарды түзе алады. Ал, негізгі сабақтың жоғарғы жапырақтарының қолтықшаларынан дамыған жанама сабақтар өзінің 1 немесе 2 сүрелік сабақтарын ғана дамыта алады екен. Бұл деректі алғашқы сабақтардың жақсы дамуына көктемнің қолайлы кезеңдеріндегі ылғал мөлшерінің жеткіліктілігімен түсіндіруге болады. Өйткені, жаздың ортасына қарай топырақтың жоғарғы қабаттарындағы ылғал мөлшері толығымен пайдаланылып біткеннен кейін жантақ тек терең қабаттардағы су мөлшерінен тәуелді болып қалады. Ол ылғал мөлшері жан-жақты дарақты сабақтануға жеткіліксіз болып табылады. Сонымен қатар, жазға қарай ауа температурасыда күрт жоғарылар кетудің салдарынан өсімдіктің транспирациялық үрдісі артады. Өсімдіктің ылғалдық балансы кеш түзілген сабақтардың тарамданып өсуіне жеткіліксіз. Сондықтан жоғарғы жапырақтардың қолтықшаларынан дамыған сабақтардың сүрелік сабақтары ары қарай сабақтанбайды, керісінше, өсуін тежеп қысқара бастайды. Бұл сабақтар келесі даму кезеңдерде өсу емес даму үрдісін қамтамасыз етеді. Олардың ұштарында гүл шоғырлары пайда бола бастайды. Ал, жаз ортасында немесе соңында өсімдіктің ылғал тапшылығын сезінуі айқындала түседі. Бұл кезде өсімдікке тамыр арқылы түскен су мөлшері жетпейді. Сондықтан, сабақтардағы гүлдердегі даму үрдістерін соңына жеткізу үшін сабақтардың ұштары кеуіп, тікенге айнала бастайды, ондағы су сабақ бойымен кері қарай сырғудың нәтижесінде гүлдерде пайдаланылады. Бұл жантақ өсімдігінің шөл далалық экологиялық жағдайға бейімделу кезіндегі эволюциялық өзгергіштіктерге ие болу ерекшеліктері болып саналады. Эксперименттерден алынған статистикалық деректерді нақтылау мақсатында, жантақ өсімдігінің көктемгі вегетациясын жаңарту кезіндегі алғаш пайда болып келе жатқан бүршіктердің анатомиялық құрылысын өсу динамикасында бақыладық. Ол үшін әр бес күн сайын табиғи жағдайдағы өсімдіктердің тамырын қазып алып, тоңазытқышта ұстап, микроскоп арқылы бүршіктердегі анатомиялық өзгерістерді анықтап, есепке алып отырдық. Сабақтың өсуі төбелік меристеманың қызметі арқылы іске асса, жанамалық мерситеманың жасушалары әр 8-10 күн сайын сапалық өзгерістерге ұшырау арқылы прокамбий мен перицикльді түзеді. Алғашқы жанамалық меристеманың жасушалары ірі, тығыз және әрі ядролы болып жұқа қабатты құрайды. Прокамбий мен перицикльдің жасушалары көп ұзамай екінші жанамалық меристемаларды түзе бастайды. Бұл жасушалар алғашқы жанама меристеманың жасушаларына қарағанда майда, тығыз және қалың қабатты болып орналасады. Көп ұзамай, екінші жанамалық меристемадан феллоген мен камбий қабаттары пайда болады. Сабақтың анатомиялық құрылысының алғашқыдан соңғыға ауысуы (алғашқы және соңғы ксилема мен флоэманың қалыптасуы) сабақтардың жер бетіне өсіп шыққаннан кейінгі 25-35 күн аралығында байқалды. Бұл кезде соңғы анатомиялық құрылым сабақ ұшынан 2-3 см төмендікте орын алды. Одан жоғары бөлігінде алғашқы құрылымдардың қалыптасуы мен жанама мүшелердің қалыптасуы орын алады. Бұл үрдіс алғашқы сабақтардың бойында едәуір ұзақ уақыт жүрсе, жоғарғы жапырақтардың қолтықшасынан дамыған сабақтардың ұшында өте қысқа мерзім ішінде байқалады. Ол сабақтардың өсуінің тежелуі төбелік меристеманың қызметінің тоқталуымен байланысты. Жоғарғы сабақтардың ұзындығы 5-10 см аралығына жеткенде кезде төбелік меристема жасушалары бөлінуін тоқтататындығы анықталды.
Шөлейттік және шөл далалық зоналардың өсімдіктер әлемінің ботаникалық құрамы мен бейімделушілік ерекшеліктері өте ерекше болады. Мұндай қатаң және қолайсыз ареалдарда тек осы зоналарға эволюциялық даму кезеңдерінде сұрыпталы бейімделген өсімдіктер өсе алады. Мыңдаған жылдар ішінде мұндағы өсімдіктердің морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық қасиеттері өзіндік қайталанбас және таңқаларлық құрылымдық үйлесімге ие болған. Осындай өсімдіктердің көптеген түрлері Қазақстанның шөлдік және шөлейттік далаларында көптеп кездеседі. Кең даладағы қатаң климатқа және құмды ыстық климатты далаларда өсімдіктердің санаулы ғана түрлері мекендейді. Солардың ішіндегі аса маңызды өкілдерінің бірі - кәдімгі жантақ өсімдігі. Жантақтың таралу ареалы айтарлықтай кең. Барлық ыстық климатты зоналарда кезедеседі деуге болады. Өте ыстық құмды далалардан бастап қоңыржай зоналардың басталар шегіне дейін жантақ қалыпты өсіп тұқым түзуге бейімді. Бұл жай, жантақтың қалыпты реакциясының кең екенін көрсетеді. Дегенмен, жантақ өсімдігі анық ксерофиттік өсімдік болып саналады.
Жантақ далалық және шөлдік аймақтардағы климатқа және экологиялық жағдайға айтарлықтай әсер етеді.Біріншіден, жантақ шөлдік далалардағы жануарлардың азығы болып саналады, екіншіден, сол жердегі топырақтың құнарлығы мен эррозияға ұшырау дәрежесі жантақ өсімдігінің жамылғысынан тәуелді.
Қоңыржай климаттық өсімдіктер сияқты жантақ тез уақыт ішінде қалың және тұрақты өсімдік жамылғысын түзе алмайды. Оған көптеген себептер бар. Солардың әрбірі жергілікті климаттың тұқымнан өсіп шыққан жас өсімдіктердің барлығының бірдей ересек өсімдікке дейін дамуына кедергі болса, екіншіден, жантақ тұқымы бірінші жылы бәрі бірдей өне бермейді. Жантақтың тұқымының таралуына түйе себеп болады. Өйткені, тұқым түйенің ас қорыту жүйесінде қорытылмайды. Осылай жергілікті экожүйеде үйлесімді тіршілік орныққан. Шөлдік және шөлейттік зоналардың экожүйесі өте нәзік және қорғауды қажет ететін жүйе болып табылады.
Жантақтың ұзындығы 40-80 см болады. Еуразия мен Солтүстік Африкада, шөл жерлерде 7 түрі кездеседі, ал ТМД елдері аумаңында бес түрі бар. Ең көп тарағаны - кәдімгі жантақ. Оның биіктігі 40- 120 см. Ол далаларда шөл жерлерде, Орталық Азияда және Оңтүстік Еуропада, Астрахан облысында көп кездеседі. Түйелер үшін негізгі азығы болып табылады. Кей аудандарда отын ретінде қолданады. Кавказда, Орталық Азияда, Иранда, Иракта, Ауғанстанда, Кіші Азияда өсетін персиялық жантақ өзінен желім тәрізді қант бөледі. Кейде ол сұйықтық манна түрінде болады. Бұтақтары тікенекті болып келеді. Төменгі тікенектері қысқа, берік, жоғарғысы жіңішке жоғары қарай бағытталған. Тамыры өте тереңге бағытталған ,ұзындығы 10 метр. Жапырақтары ланцетник тәрізді майда, жай, ол тікенектер арасында орналасқан. Тамыры горизанталь бойынша тереңде жатыр. Жапырағындағы тікенектер сүйір бұрышпен жоғары қарай орналасқан ұзындығы 2-3 см. Жапырағы жай ретпен орналасқан доға тәрізді ұзындығы 1-2 см. Жапырақтарының өзінде тікенектері бар. Гүлденуі - маусым, қыркүйек айларына дейін гүлдейді. Гүлдері қызыл және ашық қызыл түсті. 3-8 тікенекке бір гүлден келеді. Гүлдері бір-біріне қарап иіліңкіреген және өткір емес. Бір гүлі күніне 2 мгм-ға дейін таза қант бөледі. Бал жинағыштығы 1 гектарға 150 кг-ға келеді. Оның балы ашық түсті исі нәзік және өзіне тән дәмі болады. Кристалдану кезінде майда бөліктерге бөлінеді. Тұқымы боб немесе ішінде көптеген дәндері болады. Шілде айында тұқымын жинайды. Өсімдіктің төменгі жағы мен кейде тамыры дәрі-дәрмек ретінде қолданады. Өсімдікті күн түсетін алаңда кептіреді. Қапта бір жыл сақтауға болады. Өсімдікте эфир майы стериоидтар, алколоитар, С және К витаминдері, В тобындағы витаминдеркоротин, кумарин, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азжылдық, көпжылдық арамшөптер және олардың өкілдеріне сипаттама
Қазақстандағы эндемик өсімдіктер
Қазақстандағы эндемдік өсімдіктердің экологиясы
Қазақстанның өсімдіктер ресурсының түрлерін анықтау
Пестицидтер
Бақбақ гүлінің тарихы
Дәрілік өсімдіктердің биологиясы
Қызылмия өсімдігінің тамыры
Жусан өсімдігі
Жабайы Сельдерей (Apium graveolens) өсімдігінен биологиялық белсенді кешен алу жолдары
Пәндер