ОРТА МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ОРТА МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ

Оқытудың белсенді әдістері - оқу материалдарын игеру үдерісінде оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекеті үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесі. Оқыту әдістері оқу тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталадырушы және бақылау тұзетушілік қызметтерді атқарады. Әдістердің әрбір негізгі тобы өз ішінде бірнеше топтарға жіктелуі мүмкін. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен аталған үдерістің өзі оқу материалын, жаңа ақпаратты беру, қабылдау, ұғу, есте сақтау және алынған білім мен ақпаратты практика жүзінде қолдана білуге негізделгендіктен оқыту әдістерінің бірінші тобына ақпаратты есту, сөзбен жеткізетін сөздік әдістерін оқу материалын көру арқылы беретін көрнекілік әдістерін (иллюстрация,демонстрация), оқу ақпаратын тактильді, кинестетикалық түрде жеткізетін практикалық әдістерін (жаттығу, зертханалық тәжірибе, еңбек әрекеті) жатқызуға болады. Мақалада орта мектепте химияны оқытудағы белсенді әдістерді қолдану мәселелері қарастырылады.Аукцион ойыны,Хим лото әдісі, пікірталас, Брейн-ринг ойыны, Кейс - стади әдісі 6 ойшыл қалпақ әдісі(Эдвард де Боно)әдістерін қолдану арқылы конструктивистік тәсілдің негізінде әдістеме құрастырылды. Тәжірибеліік педагогикалық жұмыс Хамза атындағы №2 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылармен жүргізілді. Тәжірибелік-педагогикалық жұмысқа 11-А,11-б сынып оқушылары қатысты Эксперименталды топта құрастырылған әдістеме бойынша белсенді оқыту әдістерін қолдана отырып оқыту жүргізілді. Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың нәтижесінде 11-А сынып оқушыларының яғни эксперименталды топтың нәтижесі жоғары болды
Түйін сөздер: Белсенді әдістер,пікірталас, Брейн-ринг ойыны, Кейс - стади әдісі 6 ойшыл қалпақ әдісі(Эдвард де Боно)әдісі.

USE OF ACTIVE METHODS IN TEACHING CHEMISTRY IN SECONDARY SCHOOL

Active teaching methods - methods that encourage students to think actively and practically in the process of learning materials. Active learning is a system of methods aimed at the acquisition of knowledge and skills independently in the process of active thinking and practical activity of students, rather than the teacher to present, memorize and reproduce ready-made knowledge. Teaching methods play a teaching, developing, educating, motivating and corrective role in the educational process. Each main group of methods can be divided into several groups. Since the organization of students' learning activities and the process itself is based on the ability to transmit, receive, comprehend, memorize and apply new knowledge and information in practice, the first group of teaching methods includes listening to information, visual methods of verbal communication. Demonstration methods (illustrations, demonstrations), practical methods (exercises, laboratory experiments, work activities) that convey educational information in a tactile, kinesthetic form. The success of the learning process largely depends on the teaching methods used. Teaching methods - methods of joint action of the teacher and the student, aimed at achieving the goals of learning. The interdependence and specificity of the teacher's teaching work and the student's learning activities in the pursuit of learning objectives is reflected in this teaching method. The article deals with the use of active methods in teaching chemistry in high school. . Practical pedagogical work was carried out with students of the municipal public institution "Hamza Secondary School №2". Pupils of grades 11-A, 11-b took part in the experimental-pedagogical work. The results of the experimental group of A-grade students were higher.

Key words: Active methods, discussion, "Brain-ring" game, Case-stage method, "6 thinker's hat" method (Edward de Bono).

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ АКТИВНЫХ МЕТОДОВ В ПРЕПОДАВАНИИ ХИМИИ В СРЕДНЕЙ ШКОЛЕ.

Активные методы обучения - методы, которые побуждают учащихся мыслить активно и практично в процессе изучения материалов. Активное обучение - это система методов, направленных на приобретение знаний и умений самостоятельно в процессе активного мышления и практической деятельности учащихся, а не преподавателя для представления, запоминания и воспроизведения готовых знаний. Методы обучения играют в образовательном процессе обучающую, развивающую, воспитательную, мотивирующую и корректирующую роль. Каждую основную группу методов можно разделить на несколько групп. Поскольку в основе организации учебной деятельности студентов и самого процесса лежит умение передавать, получать, понимать, запоминать и применять новые знания и информацию на практике, первая группа методов обучения включает слушание информации, визуальные методы вербального общения. . Демонстрационные методы (иллюстрации, демонстрации), практические приемы (упражнения, лабораторные эксперименты, рабочая деятельность), передающие учебную информацию в тактильной, кинестетической форме. В статье рассматривается использование активных методов обучения химии в средней школе. . Практическая педагогическая работа проводилась с учащимися муниципального казенного учреждения Хамзинская средняя школа №2. Учащиеся 11-А, 11-б классов приняли участие в экспериментально-педагогической работе. Результаты экспериментальной группы отличников оказались высокими.

Ключевые слова: Активные методы, дискуссия, игра Брейн-ринг, метод кейсов, метод 6 шляп мыслителей (Эдвард де Боно).

Кіріспе

Белсенді әдістер дегенімізде көз алдымызға - оқу материалдарын игеру үдерісінде оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер келеді. Белсенді әдістерді пайдаланып оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекеті үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесі. Оқыту әдістері оқу тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталадырушы және бақылау тұзетушілік қызметтерді атқарады
Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттерінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелерінің бірі.
Қазіргі таңда алдыңғы қатарлы елдердің барлығы оқуға жалпы білім берудегі жаңа жүйені ұсына отырып, жеке тұлғаны қалыптастырудағы мүмкіндіктерін, жолдарын іздеп, зерттеп, оны ұтымды түрде білім беруге енгізу көкейкесті мәселеге айналып отыр. Педагогикалық теориямен жан-жақты қаруланған ұстаздың іс-әрекеті тиімді болатын әр кезден-ақ мәлім. Химия пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде әр түрлі оқыту технологияларын пайдалану, оның жетістіктерін болжау, өз бетінше жобалау мен құрастыру сияқты негізгі міндет-мақсаттары болуы шарт.
Менің мақсатым қазіргі заман талабына сай химияны оқыту барысында белсенді әдістерді, инновациялық технологияларды пайдаланып оқытудың өте тиімді екендігін және оқушылардың қызығушылығын жоғарылатып топтық іс-әрекетке үйрету білімдерін заман талабына сай етіп көрсету, қабілетті оқушының ізденісін дамыту, шығармашылық белсенділікті қалыптастыру, оқушының талдау және ойлау қабілетін дамыту, өзін-өзі тануға үйрету. Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп айтылған [1].

Сабақтарда белсенді әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың белсенді ойлау қабілеті танымдық қызығушылығымен қатар мазмұндық,іс-әрекеттік,ұйымдастыруш ылық,әдістемелік, практикалық өндірістік т.б. қызметтерде жан-жақты белсенділік көрсетуі күшейеді. Белсенді әдістемені қолдану ең алдымен білім алушылардың сабаққа қызығушылығын арттырудың себебіне айналады. Сондықтан білім алушылардың іс-әрекетке танымдық, кәсіптік дербестігін сабақтарда инновациялық әдістемесін қолдану негізінде дамыту жеке тұлғаның дүниетанымдық, құндылық бағдарын қалыптастырумен өзара тығыз байланыста өтеді деуге болады (Селевко, 2007: 112) [2].
Әдістер мен теориялық-әдіснамалық негіздер
Оқытудық белсенді әдістері мен технологиялaрын пaйдaлaну мынaдaй мүмкіндіктерге жол ашaды:
-есте сaқтaуға негізделіп, меңгерілген білімді пaйдaлaнa отырып, aқыл-ойды дaмытaтын оқуғa көшу;
-білімнің стaтикaлық үлгісінен, aқыл-ой әрекетінің динaмикaлық құpылым жүйесіне көшу;
-оқушығa ортaшa білім беретін бaғдaрлaмaдaн жекелеп, сaрaлaп оқыту бaғдapлaмасына өту.
Қaзіргі кезде біздің елімізде білім берудің жaңa жүйесі жaсaлып, әлемдік білім беру кеңістігіне бaғыт aлудa. Бұл педaгогикa теориясы мен оқу-тәpбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге бaйлaнысты болып отыр: білім беру пaрaдигмaсы өзгерді, білім берудің жaңa мaзмұны пaйдa болудa:
::білім мазмұны жаңa біліктермен, aқпaрaттaрды қaбылдaу қaбілеттерінің дaмуымен, ғылымдағы шығaрмaшылық білім беру бағдaрлaмaларының нaрықтaнуымен байи түсуде;
::aқпaрaттық дәстүрлі әдістері - aуызшa және жaзбашa, қaзіргі зaмaнғы компьютерлік құрaлдaрғa ығысып орын беруде;
::бaлaның жaн дүниесінің рухани бaюуынa, aзaмaт, тұлғa ретінде қaлыптaсуынa көңіл бөлінуде;
::мектеп, отбaсы мен қоршaғaн әлеуметтік ортaның бaлa тәрбиесіне ұмтылыс жaсaлудa;
::қоғамдық біліммен педaгогикaлық технологияның кеңінен қолдaнуынa және ғылымның роліне мән берілуде [37].
Республикaсмыздағы оқу орындaры, педaгогикалық ұжымдaры ұсынылып отырғaн көпнұсқалыққa бaйлaнысты үлгі бойыншa қызмет етуіне мүмкіндік aлды. Бұл бaғыттa білім берудің әртүрлі нұсқaдaғы мaзмұны, құрылымы, ғылымғa және тәжірибеге негізделген жaңa идеялaр, жaңa технологиялaр бaр. Сондықтaн әртүрлі оқытудың белсенді әдістерін, технологиялaрын оқу мaзмұны мен оқушылaрдың жaс және психологиялық ерекшеліктеріне орaй тaңдaп, тәжірибеде сынaп қaрaудың мaңызы зор.
Білім беру сaлaсындaғы қaзіргі озық технологиялaрын меңгермейінше сaуатты, жaн-жaқты мaмaн болу мүмкін емес. Жaңa технологияны меңгеру мұғaлімнің интеллектуaлдық, кәсіптік, aзaмaттық және де басқa көптеген aдaми келбетінің қaлыптaсуынa игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дaмытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдaстыруынa көмектеседі.
Оқытудың белсенді әдістері практикалық тапсырмаларды шешу кезінде білімді түсіну, меңгеру және шығармашылық қолдану процесін қарқындатуға мүмкіндік береді. Егер белсенді оқытудың түрлері мен әдістері жүйелі түрде қолданылса, онда білім алушыларда ақпаратты меңгерудің нәтижелі тәсілдері қалыптасады, дұрыс емес болжам айту қорқынышы жойылады және оқытушымен сенімді қарым-қатынас орнатылады.

Белсенді әдістер білім алушылардың талқыланатын мәселелерді шешуге көмектеседі, бұл білім алушылардың келесі іздеу белсенділігіне эмоционалды түрткі береді, оларды нақты іс-қимылдарға итермелейді, оқыту процесі аса мағыналы болады.

Белсенді оқыту проблемалық жағдайды өзінше көру, одан шығу, өз позицияларын, өзінің өмірлік құндылықтарын негіздеу қабілетін қалыптастырады; өз оппоненттеріне қатысты төзімділік пен тілектестік көрсете отырып, басқа көзқарасты тыңдай білу, ынтымақтастық жасай білу, серіктестік қарым-қатынас жасай білу сияқты қасиеттерді дамытады (Криво-шеенко, 2013: 65-69) [4]. Оқытудың белсенді әдістері қызметті ұйымдастыру тәсілдерін ауыстыруды жүзеге асыруға, қызметтің жаңа тәжірибесін алуға, оны ұйымдастыруға, қарым-қатынас жасауға, тереңірек ойлануға мүмкіндік береді. Ойымызды түйіндей келе, білім, білік, дағды, қызмет және коммуникация тәсілдерінің өсуін ғана емес, білім алушылардың жаңа мүмкіндіктерінің ашылуын қамтамасыз етуіміз керек. Тәжірибе жинақтау үшін жеке және ұжымдық қызметті ұғынуға білім беру процесіне білім алушыларды енгізу арқылы құзыреттілікті қалыптастыру, құндылықтарды тану және қабылдауға септігін тигізеді деген ойдамыз.
Нәтиже
Эксперимент өзектілігі: Білім алушыларға қоғам талабына сай білім мен тәрбие беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі өзекті мәселелердің бірі. Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттары мен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет білім алушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды (Мухаметжанова, 2016) [5]. Сондықтан химияны белсенді әдістермен оқыту маңызды болып отыр.
Эксперимент мақсаты:Оқушылардың жанжақты және кешенді білім алуы үшін және дамыту негізінде химия пәнін белсенді әдістерді қолдану арқылы оқыту болып табылады.
Эксперимент міндеті:
Белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, білім деңгейлерін арттыру.

- Қазіргі заманғы технологияларды меңгерту.
- Білім алушылардың білім деңгейін зерттеу және анализдеу.
Эксперимент идеясы: Оқушыларға химия пәнін оқытуда белсенді әдістерді қолдану арқылы меңгерту.

Эксперимент обьектісі: Орта мектепте химияға белсенді әдістерді енгізе отырып, меңгеру арқылы білім алушылардың деңгейін жан-жақты арттыру.

Эксперимент гипотезасы: Орта мектепте химия пәнін белсенді әдістер арқылы оқытуда, меңгертуде оқушылардың қабілеттері жан-жақты артады.
Қазіргі уақытта білім алушыларды оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін қарқынды іздеу және енгізу жүргізілуде. Осыған байланысты, заманауи оқытушының алдына қоятын негізгі міндеттердің бірі мыналар болып табылады:
белсенді режимде оқытуды жүргізу;
оқитын пәнге білім алушылардың қызығушылығын арттыру; оқу процесін күнделікті өмір тәжірибесіне жақындату, атап айтқанда: коммуникация дағдыларын­қалыптастыру,тез өмірсүру жағдайларына бейімделу, әлеуметтендіру, психологиялық стреске төзімділікті арттыру, қақтығыстарды реттеу дағдыларын үйрету және т. б. Осылайша, сапалы жаңа білім беру жүйесінің негізгі міндеті білім алушылардың оқылатын пәнге деген тұрақты қызығушылығына қол жеткізуге, оқытудың бірінші курстарынан бастап өз бетімен білім алуға, сондай-ақ ғылыми ізденістерге тартуға негізделеді. Ол үшін, бастапқыда білім алушылардың психологиялық ойлау жүйесін реттеп, білім алып, болашақ мамандықты меңгеруі қажет (Качалова, 2012) [6]. Білім алушы, болашақ маман ретінде әлеуметтік және кәсіби дағдыларды алған соң, оларды практикалық қызметте қалай қолдана алаты-нын түсінуі тиіс. Оқытудағы инновациялық әдістер мен технологиялар оқытушыға қойылған міндеттерді шешуде үлкен мүмкіндік береді.

Оқытудағы инновациялық әдістер пәнді түсінудегі шығармашылық тәсілдерді бағалауды, сондай-ақ стандартты мәселелердің стандартты емес шешімін таба білуді қарастырады.
Орта мектепте химия пәнін оқытуда белсенді әдістерді қолдану төмендегідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- оқушылардың жалпы және кәсіптік пән­ дерден алған білімдерін іс жүзінде пайдалану дағдысын қалыптастыруға;

- жаңа технологияларды пайдалану арқы­ лы білім беруді ақпараттандыруды кеңінен қолдануға;
- оқу материалын оқушылардың білім дең­ гейіне лайықтап пайдалану арқылы олардың ой-лау қабілеттерін дамытуға (Качалова, 2011) [7].
Әдістемелік әдебиеттердегі тиімді ұсыныстар, оқытудың алдыңғы қатарлы үлгісі және өзіміздің іс-тәжірибеміз сабақтарда белсенді әдістемесін қолдануға байланысты жүзеге асырудың төмендегі түрлерін саралауға негіз болды:
- оқытылатын материалдардың мазмұны бойынша;
- қалыптастыруға тиісті әдіс түрлеріне байланысты;
- оқытудың әдістері мен құралдарына байланысты (1-кест


Практикалық тақырыптың атауы
Белсенді әдістің түрі
Әдістің қысқаша сипаты
1
Нәруыздар және олардың молекулалық құрылымы
Хим лото әдісі
Аукцион ойыны
Интервью әдсі
Оқушылар 4 топқа бөлінеді және әр топқа 4 саны жазылған лоторея қағаздары тарқатылады .Қорапшада саны жазылған шариктер болады оқушы немесе оқытушы сол шариктерді қарамай алады, саны тура келген топ сұраққа жауап береді және сол шариктегі сан қанша болса сонша ұпай алады.Бұл әдісті үй тапсырмасын сұрау кезінде қолданса немесе қайталау сабақтарын өту кезінде қолданса өте жақсы нәтижелерді көрстеді және бұл ойында оқушылар өте жылдам әрекет жасайды себебі оқушылар бір-бірімен жарысып ұпай жынау үшіни барын салады.
Аукцион ойыны арқылы жаңа тақырыпты ашады яғни бұл ойында слайтта 4 командаға Нәруыздардың ашылу тарихы ,нәруыздардың структуралық құрылысы ,нәруыздардың қасиеттері,нәруыздардың қызметі тақырыптары беріледі .Бірінші топ таңдайды,1-ден 5 ұпайға дейін баға қояды. Егер бұл команданың бағасы басқаларға қарағанда жоғары болса, ол тапсырманы алып, оны орындайды. Қалған тапсырмаларды басқа командалар сатып алуы керек.Егер тапсырма дұрыс шешілсе, командаға ұпайлар беріледі (немесе олардың кейбіреулері) жойылады. Бұл қарапайым ойынның артықшылығы мынада: есепті таңдаған кезде оқушылар барлық 4 тапсырманы салыстырып, олардың шешілу барысын ойша қайталайды.
Интервью әдісі арқыла жаңа сабақты пысықтайды

Сабақ - Лабиринт ойыны.

Сынып 3 - 5 командаға бөлінеді және командалардың күші тең болуы үшін әр команда әртүрлі қабілетті балалардан құрылады. Сыныпта кестелер бар, олардың саны таңдалған тақырыптар санына байланысты. Үстелдерде кесте нөмірлері, әр ойыншыға әр түрлі тақырыптағы тапсырмалар берілген, ал тапсырмалар оқушылардың қабілетіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны оқыту әдістемесі және оқытуда қолданылатын оқыту әдістері
Химияны оқыту әдістері
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары. Кезеңдеп оқыту технологиясы
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
Химия сабақтарында интерактивті оқыту технологиясы
Мектеп оқушыларының ойын әрекетінің табыстылығын бағалаудың объективті критерийлері
Химияны оқытудағы интерактивті технологиялар
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ АРҚЫЛЫ ХИМИЯҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Компьютерлік технологияларды қолданудың артықшылықтары
Бейорганикалық химияны оқытуға арналған интерактивті оқыту құралдарын жасау әдістемесі
Пәндер