30- жылдардағы қазақ басына төнген нәубетті оқыту


Ашаршылық жайында жазылған әдеби туындыларды мектеп оқушыларына тиімді инновациялық әдістермен оқытудың нәтижесі мен маңызы жоғары. Оңтайлы әдістеме оқушының шығарма мазмұны мен идеясын игеруіне септеседі. Қазіргі уақытта әлеуметтік желі дамыған шақта кітап оқу, көркем әдебиетке қызығудың төмендігі байқалады. Осы тұрғыда мектеп жағдайында оқытылатын қазақ әдебиеті пәніндегі көркем шығармалардың толық зерттеліп, түсініп, қабылдауы да мұғалімнің шеберлігін талап етеді. Яғни, сол аталмыш өткелі отырған тақырыптың балалардың өміріне қажеттілігі мен маңызын жеткізе отырып, оның толық мәтінін оқуға деген ынтасын ояту бұл үлкен ізденісті талап етеді. Осы аталмыш шеберлік пен ізденістің тоғысатын жері - әдістеме. Әдістеме - бұл зерттеуді талап ететін үлкен ғылым. Әр салаға бойламас бұрын, оның қалыптасуы мен шығу тарихын және қаншалықты оны пайдаланудағы тиімділіктің болатынын түсіну қажет. Сонда ғана қолдану ары қарай өнімді болмақ. Әр саланың, білім пәндерінің өзіне сай оқытылу әдістері, яғни методикасы бар. Бір біріне ұқсамайтын әр ғылымның бұлай жіктелуі, оның қабылдауын тездететін, сол саланың қыр-сырын ашып, адамдардың әрі қарай қызығушылығын сақтап қалу үшін жүргізілетін тиімділік деп қарастыруға негіз бар.
Еліміздің білім беру саласындағы түбірлі өзгерістер мектеп мұғалімдерінің, жалпы оқытушы қауымның шығармашылықпен жұмыс істеуіне үлкен жол ашады. . Олар өздерінің іс-тəжірибелерінде сабақтың көптеген тиімді түрлерін кеңінен пайдаланып жатыр. Демек, қазіргі заманғы оқытудың жəне шығармашылық еңбектің басты тиімділігі - сабақты түрлендіріп өткізу.
Əдіскер-ұстаз Қ. Бітібаева сабақтың дəстүрден тыс 25 түрін атап көрсетеді: дəріс сабағы, семинар сабағы, пəнаралық байланыста оқытуға негізделген (қос) үштік сабақ, конференция сабағы, сот сабағы, жəрмеңке сабағы, пресс-конференция сабағы, концерт сабағы, пікірталас сабағы, айтыс сабақтары, композициялық сабақ, əдеби монтаж сабағы, «Көзқарас» сабағы (урок «Взгляд»), брифинг сабақтары, ерлік сабағы, іздендіру сабағы, кездесу сабақтары, практикалық сабақтар, «Ұлылар мінбесі» сабағы, емтихан, есеп-сынақ сабақтары, реферат қорғау сабақтары, пікір қорғау сабақтары, көкпар сабағы, жарыс сабағы, ойын сабақтары [1, 264] .
Мектеп оқушыларына арналған әдебиет пәнін оқыту үшін қолданылатын негізгі, көмекші әдіс-тәсілдер өте көп. Дегенмен, нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім оқушыларға тиімді және түсінікті әдісті таңдаған жөн. Оқыту кезеңінде мұғалім мен оқушы арасында мынадай мәселелер жүзеге асырылады. Мұғалімнің оқыту жүйесі мен оқушылардың оқуы. Оқушы мен мұғалімнің ара қатынастары да оқыту әдісі бойынша жүргізіледі. Сонымен, әдіс мұғалім мен оқушы арасындағы жұмыстарға байланысты көптеген түрлерге бөлінеді. Әдебиет пәнін оқытуда көрнекілік әдіс, сөздік және тәжірибелік әдістер, түсіндірмелі-зерттеу әдісі, мәтінді көркемдеу және мәнерлеп оқудың маңызы жоғары.
Әдебиет пәнін оқытуда басты мақсат оқушылардың шығарманы түсінуі және көркем шығарманы бар болмысымен қабылдауы болып табылады. Сондықтан, мұғалім осы мақсатты негізге ала отырып, ізденуі қажет және осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыларға тиімді әдістерді сұрыптап пайдаланғаны жөн. Әр оқушының әдеби шығарманы түсінуін, белсенділігін, ойын анық жеткізе алуын қарастыруы қажет.
Оқыту кезінде оқушылардың жан-дүниесін байыта отырып, интеллектулдық, эстетитикалық қасиеттерін қалыптастыру; әдеби шығарманы және сол жердегі әр сюжетті эстетикалық қабылдауы үшін қажетті білім беру; логикалфық ойындар арқылы жазбаша және ауызша білімдерін жетілдіру. Бір сөзбен айтқанда, оқушының жан-жақты дамуы үшін бар жағдайды жасау болып табылады.
Әдебиетті оқыту әдіснамасының мақсаты - қазақ әдебиеті пәнінен берілетін білімді ғылыми-теориялық жағынан қаруландыру. Оқушының шығарманы оқуы, қабылдауы - көркемдік танудың екі жағы. Бұл - әдебиетті оқытудағы басты нәрсе. Оқыту үрдісінде (процесінде) шығарманың ерекшелігіне, сабақ мақсатына қарай әдістер таңдалады. Әдебиетті зерттеу әдістері екіге бөлінеді: мектепте оқытылатын керкем шығарманы оқушыға жеткізу - әдістер жүйесі; сол көркем шығарманың жазылу стилі, мазмұны, идеясы, тәрбиелік мәні, тілдік, ырғақтық әдістері. Әдеби әдістер, яғни, окушыға жеткізу жолы мен жүйесі - күнделікті сабақта батыл енгізіліп, оқушының өзіндік шығармашылық еңбегіне құрылады. Жаңа сараланған, жетілдірген әдістер оқушыларга сапалы білім беруде орнықты, айшықты жүйеленеді. Әдебиеттің негізі: тілдік, өлеуметтік, көркемдік қырлары. Соған сәйкес зерттеу әдістері мыналар: көркем шығарманың тілдік сипатын ашуға - тіл білімі лингвистикалық талдау; көркем шығарманың әлеуметтік сыртқы байланыстарын социологиялық талдау; салыстырмалы талдау; - шығармашылық-генетикалық талдау; - құрылымдық талдау (шығарманың көркемдік қасиеттерін көрсету) ; эстетикалық талдау. Әдеби шығарманың дұрыс талданылуы - әдіске тікелей катысты: Әрбір талдаудың анықтамасы: Лингвистикалық талдау - тіл білімі мен әдебиет теориясының мәселелері арқылы байланысып, көркемдегіш сөздердің орналасуына, шығармадағы кейіпқер тілінің уыттылығына, әрбір шығарманың тіл шеберлігінің айқын айшығына, шығармадағы екпін өзгешеліктерін талдау жүйесі. Социологнялық талдау - әдебиетті қоғамдық өмірдің көрінісі деп әлеуметтік тұрғыдан қарастыру. Көркем шығарма әлеуметтік тақырыпты алып, соның қай саласының идеясын ашқан. Салыстырмалы талдау көркем шығармадағы жанрлық, тақырыптық, құрылымдық, мазмұнды жақтарын салыстыру. Олардың теориялық ережелерінің ортақ, не алшақ жақтарын тауын, жаңа әдістер іздестіру. Құрылымдық талдау - шығарманың жанрлық, композициялық қүрылымын талдау жүйесі. Эстетикалық талдау - көркем әдебиетте, өнер салаларында олардың даму заңдылықтарын, шындыққа қарым-қатынасын, қоғамдық ролін, көркем шығармашылықтың түрі, әдістерін тексеретін, талдайтын ғылым. Әдебиет әдіснамасының міндеттері:
- білім беру приоритетіндегі ұстанымдарды жетілдіру;
- әдістемелік нұсқауларды толықтырып отыру;
- әдеби-теориялык ұғымдар сөздігін жасау;
- сабаққа қажетті дидактикалық материалдарды көбейту;
- сыныптан тыс оқу кітаптары;
Әдістерді таңдап алу - ең күрделі үрдіс. К. Д. Ушинский: "Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен, оның мұғалімдігі де жойылады", - деп мұғалімдер ісіндегі жауапкершілікті орынды көрсеткен. Жоспардағы әдістерді жүзеге асыру үшін: сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарының бірлігі; сабақтың дидактикалық үстанымдары мен әдістер байланысы; жас ерекшелігі мен тақырыптың үйлесімі; пәнаралық байланыс жүйесі. Осы талаптар өзара өзектестік тауып, жоспарға айналғанда сапалы оқу үрдісі нәтижесін береді. Ал, әдістерді жоспарда дұрыс орналастыру. Мұғалімнің шеберлігі мен білім деңгейін таразылайтын сәті. Мүғалім бала қабілеті мен әдістерді толық меңгерген, сабақ үрдісінде әр әдісті өз орнында шебер пайдалана білетін, жүйе-жүйесімен орналастыра. алатын, білімімен бала жанын тербейтін, білім нөрін құятын дирижер болуы керек. Сонда ғана шәкірт пен оқытушы арасында "педагогикалық ынтымастық" туады. Материалдан алатын білім сапасын болжау - білім мазмүнының құрамына оқу пәнінің жанрлық ерекшелігіне; оқу материалының көлеміне байланысты. Көркем шығармадан берілетін ілім бойынша тәрбие мен тәлім, білім беру мәселелері өзара тығыз байланыста бірін-бірі толықтыратындай болжам жасалынады. Оқыту әдістерін оның мақсаттары мен мазмұнына оқушылардың білімі мен біліктеріне қойылатын талаптарды дәл болжап іске асыруға сәйкес келгенде ғана тиімді (оптималды) болады. Оқушыларға берік білім беруде, олардың дербестік, байқағыштық, білімге құштарлық қасиеттерін тәрбиелеуде материалдан алатын білім мен тәрбие сапасын болжау - сапалы білім мен терең мәнді ілімнің кілті.
Қазіргі таңдағы әдістемеде шығарманы талдаудың 3 түрін негізге алуымызға болады. Атап айтсақ, тақырыптық талдау, образдық талдау және тұтас талдау. Осылардың ішіндегі қай талдау түрін алсақта оқушыларға тиімді болуын бірінші орынға қойған дұрыс. Көркем шығарманы талдау арқылы туынды авторының мақсат-мұратын, көркемдік-әдеби тәсілдерін, шеберлігін оқушыларға түсіндіруі керек. Әр оқушының шығармашылық-танымдық қасиетін, ойлау деңдейін дамытатын әдістердің бірі - проблемалық талдау. Бұл әдіс көркем туындының негізіндегі проблемаларды тауып, оқушыларды ізденуге жетелейді. Сонымен қатар бұл әдіс барысында шығармадағы проблемаларды шешу үшін сұрақтар әзірленеді. Сұрақтар автордың идеясына, кейіпкелердің іс-әрекеттері мен жағдаяттық сюжеттер негізінде туындайды. Осыны негізге ала отырып Б. Нұржекеевтің Әй, дүние-ай шығармасын 9-11 сынып оқушыларына оқытудың әдістемелерін қарастырып көрейік. Бұл шығарманы талдаудың мынадай үлгісі мен жобасын ұсынамыз:
Көркем шығарманың негізінде автордың ойы мен идеясын талдау. Бексұлтан Нұржекеевтің «Әй, дүние-ай» шығармасын оқытуда мәселеге сол кезеңдегі Қарқара өңіріндегі ұлт-азаттық көтерілістер мен ашаршылықтың бастапқы кезеңдерін алуымызға болады. Себебі, сол кездегі халықтың ауыр жағдайы, зұлматты жылдардың қасіреті шығармада айқын көрініс табады. Осы шығарманы мектеп оқушыларына оқыту арқылы тарихтағы ауыр кезеңдерді түсінулеріне мүмкіндік туғызу қажет.
Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін салыстыру және автордың образ жасау шеберлігін ашу. Жазушы Б. Нұржекеұлының «Әй, дүние-ай» романы іpі тарихи оқиғаларды арқау ете отырып, XХ ғасырдағы қазақ халқының бойындағы құндылықтар жүйесін терең ашып беруімен ерекшеленеді. Шығарманы оқу барысында жалпыадамдық құндылықтардың ұлттық сипатының кейіпкерлер арқылы барынша көрінгеніне куә боламыз.
Тарихи-көркем шындықтарды негізге ала отырып талдау. Бұл талдау түрінде мұғалім шығармаға тарихтың негіз болғандығын және автордың кейіпкерлер бейнесі арқылы заман шындығын оқырманға қалай жеткізгендігін басты назарға алған жөн. «Әй, дүние-ай» шығармасын оқытуда мұғалім замана сипаты, ел арасындағы әлеуметтік жағдайларға мән береді. Сабақ өткізу барасында оқушыларды мынадай сұрақтардың төңірігінде іздендіруіне болады:
- Осы шығарманың тууына қандай қоғамдық, әлеуметтік жағдайлар себеп болды?
- Тазабек Шәйіден бас тартып кетпей, қамқорлық танытып, сенім артуын қалай түсінесің?
- Автор өз шығармасында қай кейіпкерді бүкіл қазақ ұлтының бейнесі етіп образдаған?
- Ашаршылық жылдарындағы халықтың жаппай қырылуы кезінде Шәйі ағасы Ағынтайдың жалғыз көзі - Сәменнің өлмеуін тілейді. Бұл жерде қандай ұлттық құндылық жеткізіліп тұр?
- Әділетсіздікке тап болған халықты көріп, өзін бұдан былай «орыс» деп атамауын өтінетін кейіпкер кім?
Осылай оқыту мен талдаудың ұтымды жағы мынада:
- Шығарманың ақиқатына жету, жағдаяттарды шешу үшін ізнеді және зерттеу жұмысын жасайды.
- Оқыған шығармасына ой жүгіртіп, толықтай қабылдай алады.
- Шығарманың мәтініне жүгініп, көзқарастары мен болжамдарын айтуға дағдыланады.
- Оқыту кезеңінде жүйелілік принципін негізге ала отырып, оқушыларға шығарманы толықтай талдауға мүмкіндік береді.
Шығарманың әр бөліміндегі басты оқиғаларды кесте арқылы жазып, арнайы нұсқаулық жасап, сабақ өткізу кезінде пайдалану. Оның тиімділігі: Әр бөлімнің негізгі оқиғаларынан хабардар болу, оқушылардың естеріне түсіру. Әсіресе, Әр кейіпкерді талдау кезінде оқушыларға көмегі зор болып табылады.
Осындай, көмекші-нұсқаулықтармен қатар, арнайы карточка-көмектерді де оқыту барысында пайдалануға болады. Карточкалар арқылы кейіпкерлерді мәтіндер арқылы дәлелдей отырып, талдау, әрбір оқушыға осындай талап қою мұғалім үшін тапсырмас құрал десек болады. Бұл әдіс-тәсіл түрі оқушыны тәжірибе кезінде жиі кездесетін құры баяндаудан, құрғақ мінездеуден сақтайды. Шығармадағы басты оқиғалар мен оларға байланысты кейіпкерлердің іс-әрекеттері арқылы дәлелмен талдау жүргізіледі, шығармадағы мәтінмен жұмыс бірінші кезекке қойылады:
Салыстырмалы жұмыс: (Тазабек)
а) оқушылардың ой-қортындысы мен пікіріне негізделетін тапсырма үлгілері:
- Тазабектің өмірдегі мақсат-мұраты қандай?
- Халықтың саяси көзқарастарын атап көрсет?
- Қожабек, Жомарт; Жүзік образдарын талда?
Сонымен қатар сабақты топтық жұмыс арқылы жүргізген дұрыс. Себебі, топтық жұмыс кезінде барлық оқушылар тақырыпты қамтып, сабаққа белсене атсалысады.
Жоғарыда айтқанымыздай, оқушыларға үйге тапсырманы шығармашылық сипатта және қабілеттеріне қарап берген тиімдірек. Шығармаланың қай мәселесін қарастырса да, мұғалім солшығарманың тақырыбы мен мәнін даралап алып, және соны окыту кезінде тиімді түсіндірудің әдіс-тәсілдерін қарастыруы керек. Оқыту кезінде әр кейіпкердің мәселелерін негізге алып, сол кейіпкердің образын ашатын штрих пен детальдар қайсы деген мәселелер мұғалім үшін көп зерттеуді қажет етеді . Нұсқаулықтар мен үлгілер ретінде кейіпкердің образын қалай оқытуға болады, ол бейненің өзін қандай тәсілдермен талдау керектігін негізге алған жөн.
Бүгінде оқушылардың психикалық дамуы, ақыл-ой қабілеті ерте дамитыны белгілі. Ойлау күрделі психикалық үрдіс, ойлау үрдісі өзіне тән логикалық амалдардан: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау, тұжырым, қорытынды жасау т. б. тұрады. Әдеби білім беру арқылы жас ұрпақтың бойында еңбек сүйгіштік, шығармашылық пен ойлай білу, өз білімін үздіксіз жетілдіріп отыру дағдылары біртіндеп қалыптасады. Көркем шығарманы оқытудағы маңызды жұмыс түрлерінің бірі-көркем сөз мәтінін, дұрыс оқуды ұйымдастыру болып табылады. Әдеби мәтінді дұрыс оқып, талдау барысында пайда болатын психологиялық үрдістер теориялық ұғымның қалыптасуына әсер етеді. Қазақ әдебиетін оқыту барысында пәннің білім мазмұнына қатысты теория мен тәжірибені негіздей отырып, білімді жетілдіру, әлеуметтік сұраныспен сәйкестендіру, шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыттау іске асырылады. Сондай-ақ баланың дамуын жетілдіруге, өздігінен ойлау әрекетінің жоғарылауына көмектеседі. Ең бастысы жаңа психикалық қасиеттердің де біртіндеп қалыптасуына жол ашылады. Оқушылардың психологиялық жас ерекшелігіне сәйкес танымдық мүмкіндіктері әдеби білімді игеру барысында үнемі дамып отырады. Мұның өзі оқушыны ойлау операцияларына жетелеп, ерік-жігер және басқа да сезімдік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайды. Оқу үрдісінде олардың әдеби білімді меңгеру қабілеттері артады.
Әдебиетті оқытуда мұғалім сөзінің маңызы ерекше. Мәтіндерді мазмұндау, әнгімелеу арқылы оқушының танымдық әрекетіне жол ашылады. Оқытудағы әдістердің барлығы да сөздік әдістерімен байланысты. Мұғалім мен оқушының бірлесе жүргізген жұмыстарының нәтижесі сөздің көмегімен байланысады. Демек, мұғалім мен оқушы әрекеті тәсілдерінің жиынтығы. Әдістемелік тәсілдер - нақты міндеттерді шешуге бағыттайтын әрекеттер. Әдіс-төсілдер бірнеше түрлі болып келеді, мұның өзі мұғалімге әр тәсілді шеберлікпен, орынды пайдалан білуді міндеттейді.
Жалпы білім беру саласында қолданылып келе жатқан педагогикалық оқыту әдістері баршылық. Талдау - баяндау, әңгімелеу, салыстыру т. б.
Эвристикалық оқыту - проблемалық, зерттеу, іздестіру, жоспарлау, дәлелдеу, мәселе қою, шешу т. б.
Сондай-ақ: 1) сабақта оқыту үрдісін ұйымдастыру әдістері; 2) білім алу көздеріне байланысты оқыту әдістері; 3) сабақ құрылысына, мұғалімнің қоятын мақсатына қарай оқыту әдістері.
Бұл жалпы әдістерді сабақ барысында қолдану арқылы әр бағыттағы жұмыс түрлері, көптеген тәсілдер қабаттаса қолданылып, сабақтың түрленуіне жол ашады. Кезінде А. Байтұрсынұлы: «Әдіс - қажеттіліктен, керекшіліктен
шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай», - деп текке айтпаса керек. Оқыту әдістерін жіктеуде сабақтың танымдық мақсатына қарай, оқушылардың жаңа материалды қабылдауы, түсінуі, өзіндік ой-тұжырым жасауына бағыт- бағдар беріледі. Олар арнайы әдеби тапсырмалармен жұмыс жүргізе отырып, ауызша-жазбаша сұрақтарға жауаптар әзірлейді. Оқыту үрдісінде әдістер бірін-бірі толықтырып, тығыз бірлікте байланысады, әдістемелік жүйесі жасалып, оқыту мақсаты айқындалады.
Топтау, жүйелеу, іріктеу жұмыстарына пән мұғалімінің басшылығы қажет. Олар:
- мәтінді жоспарға сай топтау;
- бақылау мазмұнына сай қайта топтау;
- шығарманың мазмұнына сәйкестіре топтау;
Шығарманы талдау оқушының материалды толық білуін, тақырыпты түсінуіне, тақырыпқа қызығуына ықпал етеді. Тақырып дұрыс талдалғанда
ғана нәтиже шығады. Жазушы В. Катаев: «Бәрінен бұрын тақырып пайда болады да, авторды азапқа салады. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын адам, зат образдары туып, тұтаса береді»-деген сөзін толық құптауға болады.
Шығарма тақырыбын ұғыну барысында:
а) Берілген тақырыпқа сай ой-тұжырым жасату;
ә) Автор идеясын оқушының өзінше толықтыруы;
б) Тақырыпқа сәйкес мәліметтер жинау т. б. жұмыстар жүргізіледі.
Тақырыпты ашуда оқушы өзімен іштей толғанып, ойын сыртқа шығарады. Шығарманың тақырыбы мен идеясын
анықтауда талдау жұмысы іске қосылады. «Ең алдымен оқушы көркем туындыны түсініп оқып, мәтіндегі оқиғаларды ой елегінен өткізе отырып қабылдайды. Мәтін мазмұнын толық ұғынып, менгермеген оқушы оқиға кейіпкерлері жайында өзіндік пікір білдіре алмайды". Мәтінмен жұмыс істеуде оқытушы:
а) Оқушылардың өздерін тыңдай отырып, бірін-бірі толықтыру;
ә) Оқылған мәтін бөлімдеріне тақырып таңдап ат қойғызу;
б) Әр түрлі сұрақтарға жауаптар дайындату, түсініксіз сөздермен жұмыс т. т. сияқты жұмыстар жүргізеді. Мұндай жұмыстар сан-алуан, мектеп тәжірибесінде тұрақтанған түрлері баршылық. Ең бастысы оқушының тілі орамды, сөзі салмақты, ойы шалымды болып келуін пән мұғалімі жіті байқап бағыт, бағдар беріп, үнемі қолдау
жасап отырғаны жөн. Сонда ғана оқушының өзіне деген сенімі артып, бәсекелесе таласу жүргізуге ұмтылып, логикалық ойлары, сөз қолданысты саралау қабілеттері жетіле түседі.
Сабақ құрылысына, мазмұнына қойылатын талаптар;
-Сабақтың тақырыбына сәйкес, білімділік, тәрбиелік мақсаттарды нақты белгілеу.
- Оқушының білімін бекітуде әдеби жаттығуларды, қайталау жұмыстарын, бақылау түрлерін белгілеу;
- Оқушының білім деңгейіне, оқу мүмкіндігіне сәйкес тапсырмалар көлемін белгілеу.
- Сабақта көрнекіліктер демонстрациялық, дидактикалық материалдар, техникалық құралдарды ретімен пайдалану.
- Сабақтың мазмұны, өмірмен байланысына тәрбиелік мәніне көңіл бөлу; Әр оқушы өзін дара тұлға ретінде
сезінуі қажет.
- Оқушының әр сабақта шығармашылықпен жұмыс істеп ізденісте болуына жағдай туғызу.
Жоғарыда көрсеткеніміздей қай әдіс болмасын мұғалім тарапынан дұрыс шешімін тауып, тиімді қолданылған
жағдайда ғана бір-бірімен тоғыса келе сабақ сапасын арттырудың бірден-бір көзі болып табылады. Сабақ арқылы бағдарламалық материалдың берік, сапалы игерілуі өмірлік мәні зор міндет екенін сезініп ұғыну, пән мұғалімінің басты қызметі, бүгінгі өмір талабы. Қай уақытта да болмасын сабақ сапасы пән мұғалімінің педагогикалық, әдістемелік, теориялық біліміне саяды. Әр мұғалімнің өзінің сабағын үлкен ізденіспен, шеберлікпен түрлендіріп өткізуде: a) Берілетін оқу мазмұнының ғылымилығына, ә) Сабақтың өмірмен, қоршаған ортамен байланысына, б) Сабақтың тәрбиелік мәніне айрықша назар берумен ерекшеленіледі.
Блум жүйесі
Бағалау
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz