Мәдениет - адамзаттың даму кезеңінде пайда болатын тарихи құбылыс



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Мәдениет - адамзаттың даму кезеңінде пайда болатын тарихи құбылыс. Оның адам өміріне деген тигізетін ықпалы өте зор. Мәдениеттің әр ғасырға, заманға қажеттілігі мінсіз. Себебі, ғасырлар - адамның мәдени дамуының куәсі. Жалпы мәдениет сөзінің анықтамалары өте көп. Және әр адамның бұл сөзді қабылдап, түсінуі де әр қалай.
Мәдениетке толы мемлекеттің өзіндік тарихы, салт-дәстүрі, наным-сенімдері болады. Қазақ елі де ежелгі көшпенділердің мұрасын сақтаған. Қазақ халқының мәдениеті салт-дәстүр мен тәлім-тәрбиеге бай болып келеді. Біздің әр ырым-жырымыздың өзіндік тәрбиелік мән-мағынасы бар. Қазақ қызына беретін тәрбиесі, кигізетін киімі, асыл жар ретінде өзін-өзі ұстауы бөлек бір ғажап дүние. Ананың балаға беретін тәлімі - баланың ана сүтінен дарыйды. Баланы жастайынан жауапты, ізетті, қысқасы адам болуға үйретеді. Тәртіпті ұрпақ болса, саналы болашақ болады деген түсінік қалыптасқан. Сол себепті мәдениеттің халық, орта, отбасы ішінде маңызы өте зор.
Ал қазіргі кезде Мәдениет сөзі өзге ұғымда жүреді деп ойлаймын. Себебі, уақыт өткен сайын, заман талабы өзгермей тұрмайды. Яғни, адамның өмірге деген көзқарасы жаңалай түседі. Айналамыздағы театр, мұражай, оқу мен мәдени орындар аз емес. Осындай ортада адам рухани мәдениетін арттыра алады. Және кітап, газет, журналдар оқу арқасында сөйлеу мәнеріңді дамытып, өмірге деген ой-өрісінің өзгеруі сөзсіз. Қазіргі, таңда адамның сауатты, білімді болуы заманның талабы. Шыны керек біз адам баласын көрген сәтте сырт-келбетіне, жүріс-тұрысына мән береміз. Оны жоққа шығару орынсыз. Ал егер адаммен жеке сөйлесіп, сырлассаң оның сөйлеу мәдениетіне, ойына, білімділігіне зер саламыз. Қазіргі таңда күннен күнге өмір қажеттілігі өсуде. Күнделікті жаңалықтар өмірге деген жаңа талпыныстарды талап етеді. Өйткені, уақыт бір орнында тұрмайды. Ол күнде жүру, өзгеру үстінде. Былайша айтқанда, өзен ағынынан қалып қоймау. Мен өз басым қазіргі адамдарды құмырсқаға теңеймін. Неге десеңіз, жердің түпкір түпкірінен адамдар заманға сай жаңаша толқын жіберіп, даму аясында. Яғни, күнделікті тіршілік. Бірақ менің ойымша, мәдениеттіліктің ең басты қағидасы тәрбиелік, адамдық, мейірімділік деп санаймын. Себебі, адамның қоршаған ортада өзін-өзі ұстауы, басқа адамдармен қарымқатынасы әулеметтік шындықтың басым көрінісі болып саналады. Рухани байлық пен ізгі ниеттілік ешқашан жамандыққа апармайды, керісінше адам мен адамды жақындастырады. Қазіргі заман қандай дамыған болғанымен, жамандық пен жақсылық қатар жүреді. Өмір заңы ақ пен қарада. Жақсылық қандай көп болса да, жамандық қалыспайды. Адами қасиеттерден арылуымыз аздап қорқыныш үрейін еселейді. О.Сүлейменов атамыз айтқандай; Мәдениет дегеніміз - кісілер арасында адам болу өнері. Осындай тұжырымдардан кейін адамдық пен мейірімділікке ұмтыламыз. Сол себепті, мәдениеттіліктің адам өміріндегі қызыметі өте маңызды. Адамның жасына емес, мәдениеттілігі мен біліміне қарай бағалаумыз керек деп ойлаймын.
Мәдениет - адамзаттың даму кезеңінде пайда болатын тарихи құбылыс. Оның адам өміріне деген тигізетін ықпалы өте зор. Мәдениеттің әр ғасырға, заманға қажеттілігі мінсіз. Себебі, ғасырлар - адамның мәдени дамуының куәсі. Жалпы мәдениет сөзінің анықтамалары өте көп. Және әр адамның бұл сөзді қабылдап, түсінуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынасы
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші
Өркениет
Қазақ халқының рухани мәдениеті жағдайы мен даму тенденциясы
Мораль принциптері
Мәдениет туралы
Философия мен мәдениет
Жастардың бойында рухани әлеуметтік құндылықтар қалыптастыру деңгейін диагностикалау
Әлем тарихы
Саяси шешімдер қабылдау және оны жүзеге асыру технологиялары
Пәндер