МОТОР ОТЫНДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ


МОТОР ОТЫНДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ
Қолдану және жинақтап сақтау кезінде мотор отындарына төмендегідей талаптар қойылады. Отын жанған кезде жылудың максимум мөлшері бөлінуі керек, жану өнімдерінің молекулалық массасы төмен, жылу сиымдылығы мен жылу өткізгіштігі азғантай, меншікті газ тұрақтысы мен температураның көбейтіндісі (RT) жоғары мәнге ие болуы керек. Көліктің жанар май ағатын жүйесі, құбырлар, насостар, реттеу жүйелері және басқа да коммуникациялар бойымен отынның ағысы қоршаған ортаның кез-келген жағдайында - төменгі немесе жоғары температурада, әртүрлі қысымда т. с. с. тоқтаусыз болуы керек. Жинақтап сақтау және тасымалдау кезінде отынның булануы минимум болуы керек. Мотордың жану камерасында отынның булануы оның тұтануы мен жануын оптимальды жылдамдықта қамтамасыз ететіндей болуы керек. Отынның құрамында мотордың, сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциялық материалдарын бүлдіретіндей коррозияға активті компоненттер болмауы керек. Сақтау және қолдану жағдайында отынның физика-химиялық және эксплуатациялық қасиеттері ұзақ уақыт бойы өзгермеуі керек. Жану өнімдері қоршаған ортаға зиянсыз болуы керек. Шикізат базасы кең, құны жоғары емес және көп мөлшерде қолданысқа мүмкіндегі болуы керек.
Автокөлік бензиндері
Бензиндер - 28-215о С аралығында қайнайтын, күштеп тұтандыратын іштен жану қозғалтқыштарында қолдануға арналған отындар. Қолданылатын орындарына байланысты автомобиль және авиация бензиндері болып бөлінеді. Автокөлік бензинінің негізгі көрсеткіштеріне детонациялық тұрақтылық, октан саны, қаныққан бу қысымы, фракциялық құрамы, химиялық тұрақтылық және т. б. жатады. Соңғы жылдары мұнай отындарының сапасына экологиялық талаптардың күшеюіне байланысты бензиндегі арендер мен күкіртті қосылыстардың мөлшеріне шектеу қойылды.
Детонациялық тұрақтылық
Моторда жалынның таралу жылдамдығы әдеттегі 20-30 м/с орнына 1500-2500 м/с болған кезде детонация пайда болады. Қысымның шұғыл артуы нәтижесінде детонациялық толқын пайда болады. Ол мотордың жұмыс тәртібін бұзады, нәтижесінде отын артық мөлшерде жұмсалады, мотордың қуаты азаяды, мотор қызып кетеді, поршень мен клапандардың бетіне күйе тұрады.
Октан саны
Октан саны - бензиннің детонацияға тұрақтылығын сипаттайтын және изооктан мен қ-гептанның моделді қоспасының детонациялық тұрақтылығына сәйкес келетін сандық шартты көрсеткіш. Изооктанның октан саны 100, ал қ-гептанның октан саны 0 тең деп қабылданған. Автомобиль бензиндерінің октан сандары екі түрлі - мотор және зерттеу әдістермен өлшенеді. Октан санын арнайы қондырғыда сыналып отырған бензин мен эталонды қоспаның (изооктан + қ-гептан) жану сипаттамаларын салыстырып анықтайды. Сынақты екі түрлі ортада жүргізеді: 1) иінді біліктің айналу жиілігі минутына 900 айналыс, сорылатын қоспаның температурасы 149 оС; 2) иінді біліктің айналу жиілігі минутына 600 айналыс, сорылатын ауаның температурасы 52 оС. Сәйкесінше октан сандары мотор әдісі бойынша (ОСМ) және зерттеу әдісі бойынша (ОСЗ) анықталады. ОСМ және ОСЗ арасындағы айырмашылық сезімталдық деп аталады және мотордың әртүрлі жағдайда жұмыс жасауына бензиннің жарамдылық дәрежесін сипаттайды. Автомобильдің қала жағдайында қозғалысы кезіндегі бензиннің сипаттамасын ОСЗ әдісі, ал ОСМ әдісі мотордың жоғары жылдамдықпен жұмыс жасауы және күш жұмсауы кезіндегі сипаттамасын дұрыс береді деп есептелінеді.
Фракциялық құрамы
Бензиннің фракциялық құрамы отынның буланғыштығын, қозғалтқыш цилиндрлерінің бойына таралуын, толық жануын, отынды аз жұмсауын сипаттайды. Буланғыштық бензин фракциясының 10, 50 және 90 көлемдік пайыз қайнауын көрсететін температурамен анықталады. Бензиннің 10 көлемдік пайызының қайнау температурасы моторды іске қосу қасиетін сипаттайды. Бензиннің 50 көлемдік пайызының қайнау температурасы мотор жұмысының бір режимнен басқа режимге ауысу жылдамдығын және бензин фракциясының цилиндрлерге бірқалыпты таралуын сипаттайды. Бензиннің 90 көлемдік пайызының қайнау температурасы отынның толық жануына және оның шығынына, сонымен қатар мотор цилиндрінде, жану камерасында күйенің пайда болуына әсерін тигізеді. ГОСТ Р 51105-97 бойынша (01. 01. 99 жылдан бері қолданылады) бензиннің фракциялық құрамы 70, 100 және 180 оС температура кезінде анықталады.
Қаныққан булар қысымы
Қаныққан булар қысымы бензиннің ұшқыштығы, сонымен қатар моторды отынмен қамтамасыз еру жүйесінде газ тығындарының пайда болуы туралы қосымша мағлұматтар береді. Бензиннің қаныққан бу қысымы жоғарылаған сайын, оның ұшқыштығы да өседі. Бензиннің фракциялық құрамына қарап, ұшқыштық индексін есептейді. Бензиннің ұшқыштық индексі 70 оС кезінде ұшқан бензиннің көлемі мен қаныққан булар қысымының белгілі қатынасында бензиннің ұшқыштығын және оның газ тығындарын түзуге қабілетін сипаттайды.
Жаз уақытында пайдалануға арналған бензиннің бу қысымы төмен болады. Сондықтан тауарлы бензиннің іштен жану двигателін іске қосу қасиетін арттыру мақсатында оның құрамына 30 көлемдік пайызға дейін жеңіл компоненттерді (қ. б. -62 оС фракцияны, изомеризатты, алкилатты және т. б. ) қосады. Қаныққан бу қысымын арттыру үшін сонымен қатар бутан қосуға болады. Жаздық бензиннің құрамында 2-3%, ал қыстық бензинде 5- 8% дейін бутан болады.
Химиялық тұрақтылық
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz