ТІЛДІК ЕМЕС МАМАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КОММУНИКАТИВТІ БІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ МƏСЕЛЕЛЕРІ


ӘОЖ 53:37. 091
ТІЛДІК ЕМЕС МАМАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КОММУНИКАТИВТІ БІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Шынықұлова Алтынай Галымжанқызы
a. galymjanovna@gmail. com
Магистрант
Ғылыми жетекшісі - Ерболатова Гүлнара Уалханқызы
Өскемен, Қазақстан
Аңдатпа: Мақалада коммуникативтік құзыреттіліктерді дамыту үшін дискуссиялық оқыту формаларына, оқу процесін оңайлатуға, шығармашылық тұлға аралық қатынастарды жүзеге асыруға, сыни тұрғысынан ойлауды дамытуға акцент қойылады.
Негізгі сөздер: Оқытудың белсенді әдістері, коммуникативті құзіреттілік, топттық оқыту, дискуссиялық оқыту, сыни тұрғысынан ойлау.
Бүгінгі білім берудің басты нысаны әлемдік білім кеңістігіне кіру. Алғы шарт бүгінгі қоғамға лайықты білікті де білгір азамат тәрбиелеу. Мұндай тұлға өз ұлтының және өзге ұлт өкілдерінің мәдени құндылықтарын қастерлейтін, саналы деңгейде пікірлесе алатын дәрежеде болуы керек.
Студенттердің біліктілігін арттыру қазіргі оқыту үрдісі мазмұнының басты нысанасы. Түрлі пәндер бойынша берілетін білім мазмұнының меңгерілуі, сол білімді пайдалану арқылы оқушының өмірлік дағдысы мен іскерлігі өлшенеді, ендігі жерде білімнің сапасы нәтижеге бағытталады. Іскерлік қатынасты көтеру мақсат етіледі [1] . Осыдан қазіргі білім беру жүйесіндегі құзыреттілік ұғымы туындайды.
Коммуникативтік құзыретілік - әртүрлі әлеуметтік топтардағы адамдармен қарым-қатынас жасау үшін өзінің ана тілі мен өзге тілдерді меңгеруге, өмірлік жағдаяттарды шешу мақсатында әртүрлі коммуникация нышандарын қолдана білуге, мемлекеттік тіл - қазақ тілінде ұлтаралық, шет ел тілдерін меңгеруге үйретеді [2] .
Білім - болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі - жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет - студенттің жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік - студенттің әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Хуторской А. тұлғаның коммуникативтік құзыреттілігін қарастырады:
- адамдармен қарым-қатынас жасай алу
- топтарда жұмыс жасай алу
- ұжымдағы әлуметтік қарым-қатынастар
- студенттің жұпта, шағын топта диалог жүргізе білуі; ұстанымдардың ұқсастығы мен айырмашылығын ескеру, ортақ өнім немесе нәтиже алу үшін серіктестермен өзара әрекеттесу; ғылым, өнер, математика, шет тілдерінің ұқсастығы мен айырмашылығын түсіну; жағдайды, құндылықтарды, мақсаттарды өз бағалауына сәйкес әртүрлі позициялар мен рөлдерді алу, басқа адамдардың ұстанымдары мен рөлдерін түсіну.
Оқу процесінде комуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін студенттердің білім алу саласына байланысты алған білімдерін өмірде пайдалана алуын қарастырлу қажет.
Хуторской А. коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру процесінде зерттеу мәселесі бойынша жүргізілген теориялық талдауға сәйкес коммуникативтік құзыреттіліктің келесі төрт деңгейін анықтауға мүмкіндік берді:
* бірінші деңгей - бейсаналық құзыреттілік;
* екінші - репродуктивті құзыреттілік;
* үшінші - өнімді құзыреттілік;
* төртінші-шығармашылық құзыреттілік.
Студенттердің түпкілікті құзіреттіліктері - білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті студенттің пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол - оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа. Студенттердің коммуникативтік құзыреттілігі ең алдымен сөздік, мектепте: қазақ, орыс, шет тілі, сөйлеу және коммуникация мәдениеті (практикалық риторика), әдебиет; жоғары оқу орындарында: қазақ тілі мен сөйлеу мәдениеті, ғылыми мәтіннің стилистикасы, сонымен қатар мамандық бойынша құжаттардың лингвистикасы, іскерлік қарым-қатынас, риторика, орыс тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі және т. б. мақсаттары, міндеттері, принциптері, әдістері, әдістері, оқыту формалары мен құралдарын, сондайақ таңдаулы мамандықтың ерекшеліктерін анықтайды, нәтижесінде олар коммуникативті түрде дамыған тұлғаны қалыптастырады. Коммуникативтік құзыреттілік бойынша сөйлесудің барлық компоненттеріне тән дағдыларды меңгеру: ауызша және жазбаша тілде, сөзді таңдау тәсілдерін ұстану, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру және де тақырыпқа сай сөздерді қолдана білу талаптарын кешенді меңгеру. Алайда студенттердің коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру білім беру қызметімен шектелмейді. Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту әдістемесі мен әдістерін қоса алғанда, кең таралған белсенді жұмыс формалары студенттердің сабақтан тыс іс-әрекеті: дискуссиялық (пікірталас, топтық пікірталас), ойындар (дидактикалық, креативті ойындар: іскерлік ойын, ойынды жобалау), рөлдік ойындар (рөлдерді ойнау), сөйлеу жаттығулары және т. б. Жалпы алғанда, статистикалық деректерді өңдеу түрлі тақырыптық және әлеуметтік маңызы бар тақырыптар бойынша пікірталастар өткізілетін топтар мен сыныптарда студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін дамытудың оң динамикасы анықталғанын көрсетеді. Демек бізге студенттердің коммункативтік құзыреттіліктерін дисскусиялық оқыту формалары арқылы дамта аламыз.
Оқыту əдістері ретінде пікірталас (дискуссия) құбылысына психологтар ХХ ғ. 30 жылдарынан бастап тұрақты қызығушылық танытты. Сонымен қатар, бұл көрнекті швейцариялық психолог Ж. Пиаженің еңбектерімен байланысты болды [3] . Аталмыш ғалымның еңбектерінде құрбыларымен, үлкендермен, кішкентай балалармен пікірталасқа түсу арқылы бала өзімшілдік ойлардан арылып, басқалардың да көзқарасын қабылдай алатыны көрсетілген. Бүгінгі таңдағы ғылыми-техникалық прогресстің талаптары оқыту үдерісінің алдына топтағы басқарушылық жəне шығармашылық шешімдерді қабылдау мəселесін зерттеу жөнінде міндет қойды. Оқытудың дискуссиялық (пікірталастық) əдістері ұйымдасқан коммуникацияға негізделген оқу-кəсіби тапсырмаларды шешу барысындағы топтық оқыту. Топтық пікірталас - оның мақсатын жылдам əрі жемісті шешу үшін бірлескен коммуникацияны ұйымдастыру əдісі болып табылады [4] .
Оқыту əдістерінің ішінде дөңгелек үстел топтық пікірталастың бір түрі, əрі оқыту əдісінің тиімді тəсілдерінің бірі ретінде алға шығады. Əдетте, дөңгелек үстелге маңызы жоғары тақырыптық мəселелер ұсынылып, бұл мəселе бойынша жетекші мамандар қатыстырылады. «Миға шабуыл» - инновациялық ойындардың бастапқы жəне дискуссиялық əдістердің бір түрі болып табылады. Бұл əдіс ізденістерді сынға алмайтынымен, іздену барысында туындаған бар жорамаларды жинаумен, оларды практикадағы қиындықтарды жою үшін болашақта қолдануға болатындығын талдаумен сипатталады [5] .
Интеллекттік бой сергіту жедел сұрақ-жауап сипатында өткізіледі. Оқытушы білім алушыларға сұрақ қояды, олар оған қысқаша жауап беруі қажет. Егер біреуі сұраққа жауап беруге қиналатын болса, оқытушы басқаларынан сұрайды. Осылайша 10-15 минут ішінде білім алушылардың «бастапқы түсініктер, категориялар, ұстанымдар, негізгі теориялық ойлар туралы» түсініктері тексеріліп, əрі қарайғы белсенді танымдық іс-əрекетке дайындық жүргізіледі. Шын мəнісінде қақтығыс əдісі мен нақты жағдаяттарды талдау əдістері кейс əдісінің (ағылшынша «кейс» - жағдай, оқиға) басқаша атаулары болып табылады. Қақтығыс əдісі - шынайы тəжірибеден алынған оқиғаларды талқылауға негізделген дискуссиялық оқыту əдістерінің бір түрі ретінде алға шығады [6] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz