Хиуаз Доспанованың өмірбаяны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Хиуаз Доспанованың өмірбаяны

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш әйел Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы 15 мамырда қазіргі Атырау облысында дүниеге келген.
Хиуаздың балалық шағы нәубетті жылдармен тұспа-тұс келді. Ол Орал қаласындағы жалғыз қазақ мектебіне іліге алмай, №1 орыс мектебінде білім алады. Мектептегі оқуымен бірге Оралдағы аэроклубта қатар оқыды.
Бұл жайлы ұшқыш апамыздың өзі көзі тірісінде былай деген еді:
"Мен мектепте комсомол ұйымында қоғамдық жұмыстарға белсене араластым. Қаламызда ұшқыштар дайындайтын курс ашылған болатын. Соған оқушылар іздеп келгенде, ешкім жазыла қоймады. Мен орнымнан атып тұрып, мені жазыңыздар дедім. Содан кейін біртіндеп басқалар да жазыла бастады. Сөйтіп ойда-жоқта осы мамандықты игеруге тура келді".
1940 жылы мектепті үздік бағамен тәмамдап қана қоймай, "Запастағы ұшқыш" куәлігін де қоса алып шығады. Осылайша арман қуып, Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына түспек болады. Алайда ондағылар академияға тек ерлер ғана қабылданады деген желеумен қазақ даласынан келген қыздың құжаттарын қабылдамай қояды. Алғашқы қадамы сәтсіз болса да, Хиуаз кері қайтпай, Мәскеудің бірінші медициналық институтына түседі. Араға бір жыл салып, соғыс өрті тұтанады. Осы кезде қазақтың қайсар қызы майданға медбике, тегі болмаса, санитар болып кетсем бе деп, талпынып жүрген. Сөйтіп жүргенде ол әйгілі ұшқыш Марина Раскованың қыз-келіншектерден жасақталған авиаполк құрып жатқанын естиді. Осылайша ол ойланбастан полк басшылығына келіп, Оралдағы аэроклубта меңгерген ұшу дағдыларын көрсетіп, өжеттігімен көзге түсіп, жауынгерлер құрамына қабылданады.
Сирияда болған журналист қыз: соғыстан қажыған халықты көріп, азға қанағат етуді үйрендім
Отан алдындағы борышын өтеуге бел буған жауынгер қыздар Саратов қаласының әскери әуе училищесіне жіберіледі. Мұнда штурмандар даярлайтын арнайы курсты аяқтап, 1942 жылдың көктемінде сол кездегі авиация тарихында тұңғыш рет құрылған, түнгі мезгілде жау шептерін бомбалайтын әйелдер авиаполкінің құрамында майданға аттанады.Хиуаз Доспанова қызмет еткен полк Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Белоруссия, Польша, Германия аспанындағы шайқастарға қатысқан. Қазақ қызы қан майданда 300-ден аса жауынгерлік операция орындап, аса маңызды жау шебін талқандайды. Түн қараңғысында жауға қырғидай тиген Хиуаз Доспанова соғыс кезінде ұшақтан 14 рет құлаған екен. Төрт мәрте ауыр жарақат алса да, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған.
Кеңес Одағының батыры атағын алған Марина Чечнева өзі Хиуаздың шеберлігі жайлы былай деп жазған еді: Хиуаз Доспанова ұшағын нысанаға ылғи да дәл апаратын және өз аэродромына да сондай дәлдікпен қайта оралатын.
"Түнгі мыстан"
Хиуаз бен оның ұшқыш құрбыларын немістер "Түнгі мыстандар" деп атап, олардың әуеден бағыттаған соққысын үрейлене күтіп, талай таңды көз шырымын алмастан қарсы алды. Тіпті Гитлердің өзі әрбір атып түсірілген әйел ұшқыштар экипажы үшін әрбір солдатына темір крест беріп, аз күнге үйіне демалысқа жібруге уәде берген деген әңгімелер сол кезде желдей ескен еді.
Сталиннен қаймықпаған қазақ қызы жайлы шындық ашылды
"Түнгі мыстандар" жау шебіне жақындаған кезде, ұшу биіктігін төмендетіп, жауды үстінен бомбалады. Әр ұшақта екі қыздан бір сағатта 120 шақырымды бағындыруы тиіс. Әрбір қыз бір түнде 5-10 рет жау тылына шабылдауға міндетті.
"Біз түнде ұшатын болғандықтан, жау шебіне жақын орналасатынбыз. Біздің полктің өз қағидасы болды: ешқашан да әйел екеніңді ұмытпа, ұшағыңды күтіп қара дегендей. Кейде тапсырманы орындап жатқанда, бізге қарсы оқ атылатын. Сондай кездері қыз баламын ғой, фашистерге тұтқынға түскеннен гөрі, ұшақпен жерге құлап, өртенгенімен дұрыс еді деген ойлар келетін", - деген еді сұқбаттарының бірінде Хиуаз Доспанова.

Әкесін құтқару үшін майданға аттанды: Мәншүк Мәметова туралы не білеміз?
Даланы түн қараңғылығы жайлаған кез. Алдымен жарық бергіш бомба тастапты. Себебі жау әскері мен техникасының қай жерде орналасқанын анықтап алу қажет болған. Сол сәтте төңірек жап-жарық болып кетеді. Звено командирі Е. Пескова мен Х. Доспанова бұйрық түсісімен жаудың атыс ұясын бомбалай бастайды. Қашанда сақ отыратын жау әскері есін жинап та үлгермепті. Неше мәрте бомбалап, даланың астаң-кестеңі шығып жатқанда ұшқыш қыздар аққан жұлдыздай көзден ғайып болады. Алғашқы әскери тапсырманы осылай сәтті орындаған қос қыз жан-жақтан қаумалап алған майдандастарының қошеметіне емес, өздерінің осындай маңызды іске дайын екенін сезініп, қуанған-ды.

"Соғысты ойласам, жаным түршігеді"
Қан майданда жаумен алысып, Отан үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұшқыш - штурман, қазақ қызы - Хиуаз Доспанова
Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
9 мамыр
Ә.Молдағұлова,М.Мәметова,Х.Доспанова
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІ
Менің семестрлік жұмысымның мақсаты - Ұлы Отан соғысы кезінде фашисттік аргессияға қарсы Қазақстандықтардың көрсеткен ерліктерін зерттеп, онды баға беру
Ұлы Отан соғысы кезіндегі ұшқыштар
Әдістемелік нұсқау. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 4-сынып мұғалімдеріне арналған
Ұлы Отан Соғысы (1941-1945)
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында сөз құрамын оқытудың ерекшеліктері
Пәндер