Мұстафа Шоқай және Түркістандық легионерлер мәселесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мұстафа Шоқай және Түркістандық легионерлер мәселесі
Батыс импералистері елді отарлау барысында қашанда бөліп алда билей бер тәсіліп пайдалана білген. Ал Гитлердің басқаруындағы фашистік Германия ұлан байтақ аймақты алып жатқан 15 республика мен ондаған автономиялық облыстардан тұратын Кеңес үкіметін оккупациялауды алға қояды. Зерттеуші Г.Көкебаеваның пікірінше [1]. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия қарулы күштерінің қатарында шетелдік еріктілерден әскери бөлімдер құру идеясы Батыс Еуропадағы Германия басып алған елдерде шықты. 1941 жылы 23 маусымда Германияның сыртқы істер министрі И.Риббентроп Гаагадағы неміс елшісіне Еуропаның барлық дерлік елдеріне Совет Одағына қарсы күресу мақсатында Норвегия, Дания, Финляндия, Голландия, Белгия, Испания, Хорватия, Үндістан мен Араб елдерінің еріктілерінен әскери құрамалар жасақтауды тапсырады. Германияның Түркиядағы елшісіФранц фон Папен 1941 жылы 25 шілдеде Сыртқы істер министрлігіне жіберген хатында Кеңес Одағына қарсы күресте үгіт насихат мақсатында түркі тілдес тұтқындарды пайдалану қажеттігін айтып, оларды жеке лагерьлерге жинауға кеңес береді. Ал зерттеуші Б.Садықованың жеткізуіне қарағанда Германияның Түркиядағы елшісі Франц фон Папен 1941 жылы шілдеде Берлинге Кеңес үкіметінің құрамындағы түркі тектестерді оккупациялау кезінде пайдаға жаратуды көздейтін жоба ұсынып, шетелдердегі пантуркизм туралы анықтамалық құжаттар ұсынған [2]. Осы бастамалардан кейін фашистік Германия үшін жүз мыңдаған соғыс тұтқындарын лагерлерге бұғаулап ұстаудың немесе тектен-текке азаптап өлтіре берудің шамалы екенін түсінді.Сөйтіп, Фюрер өкіметі Совет үкіметінің құрамындағы әрбір ұлттың ішкі функциясындағы саяси қарама - қайшылықты тиімді пайдалана отырып, тұтқындарды идеологиялық арнайы дайындықтан өткізу арқылы окупациялау ісінде қолдануға шешім қабылдады.
Фашистік Германияның Шығыс министрлігі алдымен Совет Одағының шетелдерде жүргізген саяси диссиденттердің тізімін жасап шықты. 1941 жылы 9 тамызда Түркиядағы Герман елшісі Прометент лигасының М.Шоқай, Э.Расул-заде, М.Якуб, С.Сейдахмет, С.Шамил, А.Исхани, О.Қожа т.б. белсенді қайраткерлерін пайдаланып, Кеңестік режимнің құрсауындағы халықтарды коммунистік езгіден азат ету, Орта Азия мен Қазақстанды КСРО ден бөліп алып дербес мемлекет құру идеясын ұсынды.
Батыс еуропадағы Түркістандық эмигранттардың ішінде М.Шоқайдің беделі аса зор еді. Ол бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Орта азиядағы ұлт - азаттық қозғалыстардың жетекшілерінің бірі, Қоқан автономиясы деп аталатын Түркістан мұхтариятының премьері болды. Мұстафа Шоқай Түркістандағы ұлт - азаттық қозғалыс жеңіліске ұшырағаннан кейін шетелдерге кетіп, Еуропада екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Жас Түркістан журналын шығарып Советтік режимге қарап, ымырасыз күрес ашты. Германияның арнайы агенттері М.Шоқайдың күрескерлік ғұмыры мен тарихын зерттеп шыққаннан кейін оны 1941 жылы 22 маусым күні Францияның Ножан қаласындағы үйінде тұтқындап, Берлинге алдыртты. Мақсат - М.шоқайдың Түркістандықтардың алдыңғы беделін пайдаланып, Түркістан Легионын құру.
М.Шоқай бұған дейін баспасөздерде арийлік кезеңдегі үстемдігін мұрат еткен фашистік Германияның ұлтшыл саясатын сынап бірнеше рет мақала жазған болатын. Бірақ М.Шоқай Фюрер билігінің Түркістан легионын құру жөніндегі ұсынысынан бас тарта алмады. Оның сол кездегі ішкі толғанысын тарихшы Д.Қыдыралиев: М.Шоқай үшін таңдау мүмкіндігі жоқ еді. Өмірлік мұрат - мүддесі мемлекеттің азаттығы жолында большевизммен күрес болған. М.Шоқай өмір сүріп отырған орта мен шарттардың алғысына қарай әрекет етуге мәжбүр еді. Ол үшін жалғыз таңдау сол кезде ықпалды антикоммунистік мемлекет ретінде таңдалған және екі жаманның тәуірі сипатындағы күнен, яғни Германиямен келісімге келу болатын[3] - деп әсерлі түрде жеткізді.
Түркістан легионының тарихын зерттеген Амантай Кәкен мұрағаттық құжатқа сүйене отырып, М.Шоқай герман әскерінің бас штабына неміс тұтқынындағы мұсылман халықтарының өкілдерін Совет одағына қарсы күресте пайдалану үшін Түркістан халықтары ұлттық қозғалысының комитетін құрғаны жөнінде пікір айтады. Немістер ұсынысты қабылдауға қарсылық танытпайды. Өйткені, бұл вермахтың Қазақстан, өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан, Қарақалпақстан, Татарстан, Солт.Кавказ, Әзербайжан,Иран мен ауғанстанның солтүстік бөлігі және Линь- цзян провинциясы (Қытай) территорияларын қамтитын өздеріне бағынышты Үлкен Түркістан үкіметін құру жөніндегі жоспарымен сәйкес келеді дейді [4] аталмыш құжат. Автор М.Шоқайдың фашистік Германиямен ымыраласуының себебін айқын тарқатып түсіндіреді.
М.Шоқай Шығыс министрлігі құрған комиссиямен Просткен, Сувалки, Понеген, Дебица, Деба секілді лагерьлерге түркістандық жерлестермен кездесулер өткізіп, үгіт - насихат жұмыстарын жүргізеді.
Мұрағаттық құжаттарда М.Шоқайдың ұсыныстарын неміс өкілдерінің қалай қабылдағандығы жөнінде нақты ештеңе айтылмайды. Шоқайтанушылардың көпшілігі М.Шоқайдың өлер алдында неміс өкіметіне қызмет етуден бас тартуына қарап, оның ұстанымының ескерілмегендігін айғақтайды.
Комиссияның үгіт насихат жұмысынан кейін неміс бөлігі М.Шоқайға көңілі толмаған себебі, М.Шоқай Германияның КСРО- ны жаулап алуын қостаудан бұрын, Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескенін табанды түрде сездірді. Сондай - ақ лагерьлердегі қандастарының ауыр жағдайын көріп, Фюрер билігіне өзінің қарсылығын ашық жеткізді. Тарихшы Г.Көкебаева лагерьлердегі тұтқындардың жантүгершілік жағдайы туралы: Мысалы 1941 жылдың маусым - қыркүйек айларында Польша жеріндегі лагерлерде шамамен 132 мың түркі тектес тұрғын болса, ал 1942 жылдың наурызына дейін олардың 22 мыңы ғана тірі қалған. Бұл жағдайға нацистердің нәсілшілдік саясаты себеп болған. Солдаттарымыздың ұқсастығына байланысты тұрғындардың бірталай бөлігі еврей ретінде өлтірілген - дейді. Осындай азапты жағдайды көріп тұрып М.Шоқай неміс билігіне жасаған мәлімдемесінде: Сіздер немістер, өздеріңізді Еуропадағы ең мәдениетті адам дармыз деп санайсыңдар. Егер сіздердің мәдениеттеріңіз менің көріп жүргенім болса, онда мен сіздерге де тұтқындардың көріп жүрген азабын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ІI- ші дүние жүзілік соғыс кезіндегі Түркістан легионы
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде антифашистік
Мұстафа Шоқай және Түркістанның біртұтастығы идеясы
М. Шоқайдың өмірі мен шығармашылығы
Мұстафа Шоқай өмірі туралы
Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі
Мұстафа Шоқайұлының қоғамдық –саяси қызметі
Мұстафа Шоқайдың 1917 жылғы қос революция кезеңіндегі және шетелге мұғажыр болып кеткенге дейінгі қоғамдық-саяси қызметі
Мұстафа Шоқай. Күрескер, заңгер
М.Шоқай—түрік әлемінің ХХ ғасырдағы демократиялық қозғалысының негізін салушысы
Пәндер