Қанттың пайдасы және зияны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігі
Шымкент қаласы Білім басқармасы
№16 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Елубай Ұлжалғас
2 Г сынып оқушысы

Қанттың пайдасы және зияны

Бағыты: Биология
ЖЕТЕКШІСІ: Панзабекова Ботагоз Ерболсынқызы

Шымкент-2021 ж.
Шымкент қаласы, №16 жалпы орта білім беретін мектебінің
3 Г сынып оқушысы Ерғали Інжудің Қанттың пайдасы және зияны тақырыбына жазылған ғылыми жобасына рецензенттің

П І К І Р І

Қанттың пайдасы және зияны тақырыбындағы ғылыми жобасында қанттың пайда болу тарихы айқындалы п, жасалу технологиясымен сапасын анықтау әдістері меңгеріліп талданған. Сонымен бірге, қантты тәулігіне қанша грамм тұтыну қажеттілігі мен адам денсаулығына пайдасы мен зияны көрсетілген.
Қарапайым қанттың организмге жеңіл сіңіп, көп мөлшерде күш-қуат беретіні, ауыр ауруларды қоздыратынын, сондай-ақ жаралардың тез емделуіне кедергі келтіретіні көрсетілген.
Ғылыми жобада қантты дақ кетіргіш ретінде қолданып, гүлдердің онтогенезін ұзартуға септігін тигізетіні жарияланған.
№16 жалпы орта білім беретін мектебінің 3 Г сынып оқушысы Ерғали Інжудің Қанттың пайдасы және зияны тақырыбына жазылған ғылыми жобасын тұжырымдай келе, қантты шамадан тыс қолданбай, межелік көлемін сақтауға және қант орнына табиғи көмірсуларға бай жеміс- жидектерді, әсіресе кептірілген жеміс-жидектерді қолданған тиімді екеніне назар аударған.
Жобада зерттеу ақпараттары салауатты өмір салтын сақтауда, тиімді тамақтануда және жасөспірімдер арасында осы ақпаратты насихаттауда маңызды деректер келтірілген.

Рецензент: Жаппарбергенова Э.Б. Ғылыми дәрежесі: б.ғ.к., доцент
Жұмыс орны: ОҚМПУ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігі Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №16 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3 Г сынып оқушысы Ерғали Інжудің Қанттың пайдасы және зияны тақырыбына жазылған ғылыми жобасына

ПІКІР
Елубай Ұлжалғастың Қанттың пайдасы мен зияны атты шығармашылық зерттеу жұмысына пікір білдіре отырып, жұмыстың сапалы жасалғанын айтуға болады. Адамдардың күнделікті өмірде пайдаланып жүрген қант жайлы мәліметтер жинап, бақылап танысып, әртүрлі жолдарын зерттеуді мақсат еткен. Зерттеу жұмысының берері көп екеніне көзім жетті. Шығармашылық зерттеу жұмысында қанттың пайдасы, химиялық, биологиялық құрамы айтылып, жұмыс кызықты мәліметтермен толықтырылған. Зерттеуші өз жұмысын қорыта келе, қантты шамадан тыс тұтынудың зияндылығын және шамадан тыс тұтынбауды ұсынды. Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында қант жайында мәліметтер жиналды. Қанттың адамға пайдасы мен зиянын, емдік қасиеттері көрсетілді.

Аннотация

Бұл жоба кез келген үйдің дастархан басында наннан кейін қант тұратыны белгілі, сол қанттың ең алғаш қайда пайда болғаны, қанттың жасалу технологиясымен таныстыру, қанттың сапасын анықтауға зерттеуге арналған. Қант біздің түсінігімізде денсаулығымыз бен сырт келбетімізге жағымсыз әсер ететін тәтті қоспа. Алайда оның ерекше қолданылуы кейбір жағдайларда пайдалы болуы мүмкін.
Известно, что этот проект призван изучить качество сахара, познакомиться с технологией производства сахара, при которой сахар впервые появился в хлебе на столе любого дома
Сахар - это подсластитель, который, на наш взгляд, негативно влияет на наше здоровье и внешний вид. Однако в некоторых случаях его конкретное использование может быть полезным.

It is known that this project is intended to study the quality of sugar, to get acquainted with the technology of sugar production, in which sugar first appeared in bread on the table of any hom.
Sugar is a sweetener that we believe negatively affects our health and appearance. However, in some cases, its specific use can be beneficial.

ЖОСПАРЫ
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
Қант өндірісімен өндірілетін қанттың негізгі түрлері қандай?
Қанттың отаны.
Қантты күніне қанша грамм тұтынғанымыз дұрыс?
3. Зерттеу бөлім
Қанттың ерекше қолданысы
Қанттың сапасына қойылатын талаптары қандай білесіз бе?
Қанттың адам ағзасына пайдасы мен зияны қандай?
Қантты шамадан тыс жеудің адам ағзасына әсері қандай?
Сөздіктері
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қант өндірісімен өндірілетін қанттың негізгі түрлері қандай? ... ... ... ... ... ... .
Қанттың отаны. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қантты күніне қанша грамм тұтынғанымыз дұрыс? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Зерттеу бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қанттың ерекше қолданысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қанттың сапасына қойылатын талаптары қандай білесіз бе? ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қанттың адам ағзасына пайдасы мен зияны қандай?
Қантты шамадан тыс жеудің адам ағзасына әсері қандай?
Сөздіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Ас - адамның арқауы.
Кез келген үйдің дастархан басында наннан кейін қант тұратыны белгілі. Осы түсінікке біздің үйренгеніміз соншалықты, қантсыз дастархан бар дегенге сенгіміз келмейді. Шайға салғанды жақсы көреміз, ал тарихын білетініміз күмәнді. Қант -- қант қызылшасы мен қант қамысынан алынатын тағамдық өнім. Ақ, сары немесе қоңыр түсті, тәтті дәмді кристалл. Қант және шақпақ қант (рафинад) түрінде шығарылады. 100 г қанттың энергетикалық құндылығы (410 ккал) шамасында. Құрамы жағынан қанттардың көпшілігі - көмірсутектің сумен қосылысы Сn(Н2О)m. Мысалы, гексоза С6Н12О6, сахароза С12Н22О11, сондықтан оларды көмірсулар деп те атайды. [1 ] Қант кондитер, нан пісіру, консервілеу, шарап жасау, т.б. өндірістерде пайдаланылады.

Қанттың отаны Үндiстан Қанттың шыққан жерi Ежелгi Үндiстан деп есептеледi. Бiздiң елiмiзде қанттың қант қызылшасынан өндiрiлетiнiн бiлемiз. Бiрақ қант жасауды дәл 1747 жылдан басталғанын екінiң бiрi бiле бермейдi. Нақ сол жылы немiстiң А. С. Маргграф деген химигi не болар екен деген оймен қызылшадан ақ кристалл зат шығарып, дәмiн татып көргенде борық қантынан аумайтынын байқайды. Алайда жұрт бұған мүлдем ден қоймай, бұл әдiс елу жылдай елеусiз қала берген. Қант өндiрудiң өнеркәсiптiк технологиясын жасап 1802 жылы Кунер қаласында алғашқы қант зауытын салдырған. [2 ]А. С. Маргграфтың дарынды да iскер шәкiртi Ф. К. Ахард болды. Қазiргi уақытта қант қызылшасы мен, қант борығы жер шарында әрқайсысы шамамен 7миллион гектар алқапта өсiрiледi. Дегенмен қызылшада қант аз болғандықтан дүние жүзiнде қанттың 60%.-ы қант борығынан өндiрiледi.

Негізгі бөлім
Қантты қандай өсімдіктерден аламыз?

Қанттың отаны
Қант қызылшасын кімдер өсіре бастады?
Тарихи деректерге сүйенсек, ең алғашқылардың бірі болып қант қызылшасын Мысып жерінде өсіре бастаған екен. Бірақ оны қант алу үшін емес, құлдарға тағам ретінде ғана қолданыпты.
Қант қызылшасының құрамында қанттың көптігін 1747 жылы Андреас Маргграф ашқан екен. Ол қант қамысының Еуропа жерінде өспейтініне көз жеткізген соң, оның орнын басатын өсімдіктікті іздей бастайды. Себебі, бұл уақытта қант Еуропа жеріне Куба, Мексика, Бразилия және АҚШ жерінен жеткізілетін еді. Сондықтан да оның бағасы тым қымбат болды.
Селекционерлер қолда бар өсімдіктердің құрамын тексерік шықты. Ең қолайлысы әрі құрамынан қант алуға болатын қант қызылшасы болып шықты. Маргграфтың ойлап тапқан жетістігін оның шәкірті Франц Карл Ахард қана іске асыра алды. Ол өмірінің барлығын қант қызылшасынан қант алуға жұмсап, 1801 жылы арнайы фабриканы жабдықтады.
Шақпақ қантты кім ойлап тапты?
Төртбұрышты үлгідегі шақпақ (рафинад) қантын ең бірінші болып чех оқымыстысы Рад Кристоф Яков ойлап тапқан. Ол өзінің ең бірінші Ол өзінің ең бірінші 350 түйірден тұратын бір қорап шақпақ қантын әйеліне тарту еткен. Бұл 1841 жылы болатын. Содан кейін бас көтермей жұмыс істеп тәжірибесін жалғастырды. Алғашқы шақпақ қанттар сатылымға 1843 жылы шыға бастады. Радтың саудаға шыққан алғашқы шақпақ қанттары бір қорапта 250 түйір болды және олар Шай қанты деп аталды.
Қант қалай жасалады?
Алдымен теріліп әкелінген қызылша үлкен астауға салынады. Содан кейін бірінен соң бірі кезекте тұрған машиналар жоғары көтеріп, жуын, оны майда тіліктерге кеседі. Тіліктерден шырын бөлінеді. Бірақ түсі ақ қызылша қара сөл бөледі. Осы сөлдер үлкен ыдыста жиналып түтікшелер арқылы өңдеуден өткенде, оның түсі мөлдір болады.
Қызылшадан алынған сөл қою болуы үшін үлкен мұнарада оның құрамындағы артық суларды буландырып шығарып тастайды. Шыққан затты тағы да тазартудан өткізіп, оған қант ұлпаларын себеді. Ұлпалар қоймалжың шәрбатқа араласып түйіршік болып өсе бастайды. Осылай қант кристалдары пайда болады. Кристалдарды арнайы қондырғыда жуып кептірген соң шекер пайда болады. Ал шекерден шақпақ қант жасалады. Міне, бір түйір қант жасалу үшін үлкен жұмыстар істеліп, көп тер төгіледі.
Сен білесің бе?
::Қанттың орыс тіліндегі сахар сөзі арабтың суккар және санскриттегі саркара атауымен туыстас.
::Тарих мамандарының айтуынша, Үндістанмен қатар Қытай да қанттың отаны саналады.
::Саудаға түскен ең алғашқы қант сатып алған адамның байлығының қандай дәрежеде екеніндігін көрсететін болған.
::Қант қамысын алдымен парсылар, содан кейін барып арабтар оны Мысыр жеріне апарып өсірген.
::Мұнан 2000 жыл бұрын үндістандықтар қант кристалдарын жасай білген. Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) Үндістан жеріне жеткенде араларсыз бал алынып жатқандығын көріп таң қалыпты. [3 ]
::Қантты Еуропа жеріне таныстырғандардың бірі де осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қант
Қант қызылшасының емдік қасиеттері
Ақылға қонымды шешімдер қабылдау үшін қантты алмастыратын түрлі өнімдердің денсаулыққа әсерін зерттеу
Сүтті шоколад
Шоколад өнімінің ассортименттері және технологиясы
Тұз қышқылының сағызға әсері
Бақыттың өзі игілік немесе мақсат екеніне талдау
Кока кола
Энергетикалық сусындардың адам ағзасына әсері
Тағамдық бояғыштардың жіктелуі
Пәндер