Қазақстандағы арнайы білім беру саласындағы заңнамалар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

РЕФЕРАТ

Орындаған:Мұхтар Аяулым
Топ:Логопедия 21-1
Қабылдаған:Қалматаева Айман

Тақырып
Қазақстандағы арнайы білім беру саласындағы
заңнамалар.
ҚР Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңында (11.07.02 жылғы №343, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) кемтар балаларға әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау нысандары мен әдістері айқындалған. Бұл Заң дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін құруға, оларды тәрбиелеуге, оқытуға, еңбектік және кәсіби даярлауға байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектігінің алдын алуға бағытталған.
ҚР Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы 2015 жылғы 20 ақпан № 288-V ҚРЗ Заңы. 2006 жылы 13 желтоқсанда қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының мүгедектердің құқықтары туралы Конвенциясы мүгедектерге қатысты кемсітушілікті жоюға, оларды еңбек ету, денсаулық сақтау, білім алу және қоғамның өміріне толыққанды қатысу, сот төрелігіне қол жеткізу, жеке басына қол сұғылмаушылық, пайдаланудан және қиянат бостандығы, жүріп-тұру еркіндігі, жеке мобильділік құқығымен қамтамасыз етуге бағытталған.
ҚР 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы (16.11.2015 ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен) дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқой және кәсіпқой спорт қызметін қамтамасыз ету және дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
Заңның бірқатар баптары мүмкіндіктері шектеулі адамдардың денешынықтыру, әуесқой және кәсіпқой спортқа тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған.
Ерекше қажеттілігі бар балалардың сапалы білім беру қызметін кепілдендірілген түрде алуын реттейтін нормативтік-құқықтық актісі - Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінің үлгілік ережесі болып табылады. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17-майдағы № 499 Қаулысы) .
Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінің үлгілік ережесі (бұдан әрі -Ереже) Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, олардың меншік түріне және ведомостволық бағыныстылығына тәуелсіз бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі- білім беру ұйымдары) қызметінің тәртібін анықтайды.
Осы құжаттың 4-пунктінде Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, сырттай, кешкі, экстернат және мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қашықтықтан оқыту нысандарында жүзеге асырылады, ал 5-пунктте: Мемлекет инклюзивті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандық контекстегі гендерлік саясат
Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу
Мектепке дейінгі мекемелер
ҚР нарық жағдайындағы банктік қызметтер нарығының теориялық аспектілері
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық ұғымы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ
Қарттарды әлуметтендірудегі әлеуметтік педагогтың ролі
Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары
Еңбекті қорғаудың негіздері
Қазақстан Республикасында адам өмір сүруінің денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғаудың конституциялық құқықтық негіздері
Пәндер