Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Халықаралық туризм және меймандостық университеті

БОӨЖ 7

Тақырыбы: Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы.

Тобы:ДШС 21-01

Орынлаған:Абубакир Дариға

Қабылдаған:Ершиева Толқын

Қазақ хандығы ХҮ ғасырда, яғни 1465 жылы тұңғыш құрылса, арада 535 жыл өткеннен кейін Қазақстан нағыз тәуелсіз мемлекет екенін жариялады.

Қазақстан халықтарының тәуелсіздікке ұмтылған асыл арманы, қасиетті мұраты 1991 жылы желтоқсан айында жүзеге асты. Ал 1992 жылы 4 маусымда ұлттық болмысымызды айқындайтын рәміздеріміз дүниеге келді. Рәміздер - отан тарихының әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын негзгі фактор. Мемлекетіміз саяси салмағы жағынан ілгерірек тұратын басқа елдермен теңестіруге мүмкіндік беретін мәртебеге ие болды. Тәуелсіздік талай игі істерге қол жеткізді. Еліміздің тым ерте заманда-ақ отбасылық, тайпалық, кейінірек ұлттық рәміздері болған. Таңба, ту, белгі, ұран адамдарға рух береді, сондықтан рәміздерді рухани байлығымызға теңестіруіміз керек. Жаңа негізі қаланған жас мемлекеттердің қай-қайсысының да алғашқы жасайтын маңызды ресми қадамдарының бірі - елдің туын, елтаңбасын, әнұранын сайлап алу. Өйткен, бұл рәміздер саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып саналады. Мемлекеттік рәміздер - белгілі бір елдің өзінше өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым мәдени нышандар тілінде де сөйлейді. Елдің тәуелсіздігі мен өзіндік ерекшелігінің бір көрінісі ретінде саналатын мемлекеттік рәміздер рухани, саяси-адамгершілік салаларының дамуына септігін тигізеді және біртұтас мемлекеттің ұлттық нышаны, тірегі ретінде танылады. Мемлекеттік рəміздер саяси мəдениет пен халықтың мəні туралы ақпаратты қамтиды, қоғамның жəне өз Отанының патриот азаматының саяси санасының қалыптасуына əсер етеді. Осы тұста тағы да елбасымыздың сөздерін айтып кеткім келіп тұр: «Еліміздің қазіргі заманғы мемлекеттік жəне саяси рəміздері қазақ халқы мен республиканы мекендеген ұлт өкілдері үшін таптық, тоталитарлық қоғамның ескі, тозған атрибуттарын алмастыруды ғана білдірмейді. Бұл республиканың демократиялық жəне құқықтық мемлекет құруға, тұлғаның егемендігі қағидаттарына, оның этностық əр алуан халқының бірлігіне негізделген жаңа қоғам құруға түбегейлі бет бұруының айғағы», - деп Н. Ə. Назарбаев жаңа мемлекеттік рəміздерді қабылдау рəсімінде атап өткен еді. Мемлекеттік рəміздерді ресми бекітудің өзіндік саяси тарихы бар. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. Тудың жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков. Ал Елтаңбаның авторлары Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Республикамыздың Әнұранын ақын Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, ал әнін Шәмші Қалдаяқов жазған. Бүгінгі таңда елімізде 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату - тәтті бейбіт өмір сүріп жатыр. Қазақ жеріне әр түрлі себептермен қоныс аударған көптеген ұлт пен ұлыстардың бірлігін қазақ халқы үлкен парасаттылықпен бірлікке үндей отырып сақтап келеді. Соның арқасында қазақ және басқа этностарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу ісі әрі қарай өз жалғасын табуда. Адамдар арасындағы достық қарым-қатынас, әлеуметтік топтар мен халықтардың жалпыұлттық келісімде өмір сүруі дамудың маңызды факторы болып табылады. Мемлекеттілк рәміздер жас, тәуелсіз мемлекетті және тарихи дәстүрлердің сабақтастығын куәландырады. Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның мәні мен мағынасын түсіндіру Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азамат-тарын тәрбиелеудің негізін қалаушы бақтардың бірі. Әрбір адам рәміздердің рөлі мен мәнін түсініп еліміздің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын қастерлеу қажет. Зеңгір көк түс біздің ғаламды, аспанды, ауаны және құрлықты бейнелейді. Зеңгір көк түс бірлесу идеясына берілген-дігін бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар барлық қалықтарда бейбітшіліктің, тыныштық пен тоқшылқтың бейнесі болған бұлтсыз аспанды еске салады. Мемлекеттік Тудың бір түсті болуы мемлекеттің тұтастығын білдіреді. Сәулесін шашқан алтын күн мен дала қыраны бүркіт бейнесі және ұлттық ою өрнек Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының негізгі элементтері болып табылады. Қазақстан Туындағы күн республикасының жалпы адамзаттық құндылық пен әлемді қоғамдастыққа әуестігін

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Б. Майлин өмірі мен шығармашылығы
Мәдени - тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Елтаңбада қолданылған негізгі түс - алтынның түсі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Мәдениет - бұл тарихи құбылыс
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
Қазақстандық патриотизм: мұраты, қалыптасу проблемалары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (нышандары)
Жастардың ұлттық келбетін қалыптастырудағы патриоттық тәрбиенің орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz