Әдеби портрет ұғымы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Портрет -шығармадағы кейіпкердің болмыс-бітімі, ұлттық бейнесі, шынайы мінез-құлқы. Әлем әдебиетіндегі портрет бірталай туындылардың кеңінен танылуына үлкен себепші болса, қазақ әдебиетіндегі әдеби портреттер де ұлттық бояуга қанық, шығарма кейіпкерінің негізгі бет-пердесі болып табылады.

Көркем шығарманың, әдеби туындының барлық табиғатын ашып беріп, сондағы кейіпкерлер жүйесін оқырманның көз алдына қолма-қол келтіріп, оның сыртқы бейнесінен, сонымен қатар психологиялық иірімдерінен, динамикалық сипатынан хабар беріп тұратын әдеби портрет ұғымының бүгінгі әдебиеттану ғылымында өз орны бар бітімі бөлек айрықша

жүйе екендігін айта аламыз. Әдеби портрет, ең алдымен, суреткердің ойынан, қиялдық бейнелеу шеберлігінен, реңдік дүниетанымынан сыр тартатын, зерттеушіге ең қажетті ақпараттарды беретін мәліметтер болып келеді. Сондықтан көркем шығармадағы әдеби портреттер бүгінгі таңда арнайы зерттеу көзіне айналып, оның ерекшеліктерін айқындауға шағын ғылыми мақалаларда көлемді монографиялар, диссертациялар жазылды.

Ең алдымен характерді бейнелеу әдебиетте бірден пайда болған жоқ. Аристотель «Поэтикасында»көркем шығармаға қажетті ең шешуші шарт, бірінші шарт - сюжет деген. Расында, көне грек трагедияларындағы, «Одиссея», «Илиада» эпопеяларындағы негізгі тірек - оқиғалар жүйесі. Осы пікірде түркі халықтарының эпостары жайлы да айтуға болады. «Алпамыс», «ЕрТарғын», жырларында мінездік, характерлік даралықтан гөрі фабулалық айырмашылық анық көрінеді. Сонымен қатар ғалымның жетекшілігімен Е. Аманшаев «Әдеби бейне жасау, рухани және көркем арналары» атты кандидаттық диссертациясын қорғаса, профессор Б. Майтанов «Әдеби портрет» атты зерттеу монографиясын жарыққа шығарды.

Орыс әдебиеттану ғылымында да бұл салада біршама ізденістер бар. В. С. Барахов «Литературный портрет» (истоки, поэтика, жанр) атты кітабында әдеби портреттің қалыптасу, жаңа жанрға айналу жолдарын, оның қайнар көздерін қарастырған. Әрине, орыс әдебиеті үшін әдеби портреттің орны ерекше. Себебі орыс жазушылары мен ақындары Л. Толстой, Ф. Достоевский,

A. Пушкин т. б. тұлғалар кейіпкерлердің әдеби бейнесін толығымен шынайы кемел қалпында берудің хас шеберлері. Осыған қарап, әдебиет теориясында әдеби портрет ұғымы берік орнығып, өзінің орнын айқындағандығын байқауга болады.

Қазақ әдебиетіндегі С. Мұқановтың орыс, өзбек жазушылары мен қазақ қаламгерлеріне қатысты ой толғамдарына, Ғ. Мұстафиннің «Көз көргендеріне», Ғ. Қайырбековтің шығармаларына қатысты осыны айтуға болады.

Зерттеуші В. С. Барахов өз монографиясында әдеби талдауды осы тұрғыдан баяндаған. «Қысқаша әдеби энциклопедияда»«әдеби портрет» ұғымына төмендегідей анықтама берілен: «Әдеби портрет - жазушы, суретші, көрнекті қоғам қайраткері туралы, яғни «каһарманмен» сұхбат негізінде дүниеге келген деректі очерк немесе аталған кейіпкер туралы қысқаша мемуарлық очерк». Бұл анықтамадан Барахов ескерткендей, «ол шығарманың айрықша көркемдік құрылымын анықтауға талпыныс жасамай, тек очерк ретінде қарастырған» ой шығады. «Ал біздің пайымдауымызда» дейдіғалым: «Әдеби портрет» адамның эстетикалық танымының айрықша тәсілін білдіреді және бұл танымның құзіреті силаттайды»

Қазақ әдебиеттану ғылымындағы «әдеби портретке» қатысты зерттеулерді саралайтын болсақ, олардың негізінен романдардағы, повестердегі, әңгімелердегі немесе т. б. көркем туындылардағы кейіпкерлерді талдау негізінде жүргізілгендігі көрінеді. Жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарастары, тұжырымдары да осы байланыста тоғысады. Мәселен, Р. Нұрғали «Әдеби бейненің» ұлттық ерекшелігі туралы мақаласында былай деп пікірін айтады:

«Қазақтың той жасап жатқан ауылын көз алдыңызға келтіріңізші! Жылмиған, сақал-мұрттан жұрдай шалдар смес, сақалдары белуарына түскен шалдар, сері жігіттер. Қасиетті ана.

Лев Толстойдың «Глаза Катюши черные, как мокрая смородина» деген сөйлемін еске түсірейік. Бұл жерден байқағанымыз екі жазушының принципі ұқсас келіп отыр.

Портретке бірінші тән касиет- ұлттық ерекшелік, ұлттық бояу. Олай болса, ешбір суреткер ешқашан да тілге, ұлттық бояуға зорлық жасай алмайды.

Біз мысалга келтірген жоғарыдағы қарт марал, шыбынсыз жаз, той қылып жатқан ауыл -дегендердің барлығы қазақ ұғымдары» . Ғалымның бұл пікірді М. Әуезовтің «Абай жолы» романына қатысты айтып отырғаны белгілі, ал роман тұп-тұтас ұлттық портреттердің бояуы қанық галереясын жасап берген. Мәселен, Құнанбайдың портретін алайық: «Әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ басының құлақтан жоғарғы жері қаз жұмыртқасындай қөрінеді. Онсыз да ұзын, үлкен бетіне, ұп-ұзын боп, дөңгелей біткен сақалы қосылғанда, басы мен беті бір өңірдей. Сонда, Құнанбайдың жалғыз сау көзі, оның көтеріңкі жал-тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай, сақшыдай бағып, осы өңірді қалт етпей кузетіп тұрған сияқтанады. Қоя берсін, салғырттығы жоқ, сергек қатал күзетші.

Жалғыз көз шүңет емес, томпақша. Тесіле, сыздана қарайды. Кірпігін де сирек қағады.

Иығына бота ішігін жамылып, шалқия отырып сөйлеген Құнанбай осы үйде әркімге қарамайды. Қарсысына таман отырған Сүйіндікке ғана қадалып сөйлейді». Осы портреттен Құнанбайдың бүкіл мінезі, болмысы, бітімі, ішкі күйі, жалпылама алғанда, келбет-көрінісі түгел танытылған. Әрі Кұнанбайдың алдағы істерінен толық мағлұмат беріп, сыр тартады.

Әлбетте, жазушы Куанбайдың өзінің бейнесін көзімен көрген жоқ, оны ауылдағы информанттардан, ақсақалдардан естіді. Оған өзінің қиял күшін қосып дамытып, нәтижесінде айбынды, мысы басым, қаһарлы тұлғаның кесек бейнесін дүниеге әкелді. Бір ғажабы, осы портрет А. Левшин сипаттаған Құнанбай бейнесінен алшақ кетпейді. Осыған қарап, Р. Нұрғалидың төмендегі ойының шынайы әрі әділ берілгенін көреміз: «Бейне үшін дыбыс, сөз, сөз тіркесіндегі бейнелілік, әуезділік, бояу - аз. Білімділік, ділмарлық, көп көру - бұл да жеткіліксіз. Дүниеге шығарма әкелетін қуатты күш - көзі ашық дүниетанымға сүйенетін суреткер қиялы, қанатты фантазия.

Қысқасы өмірлік шындық пен көркем шындықтың арасындағы көпір, оларды жалғастырушы буын, мағыналы арна - бейне.

Қазіргі қазіқ әдебиетінде де әдеби портретті берудің үрдістері барынша дамып, ұлттық сипаттағы артықшылығын сақтап келеді. М. Мағауин, Ә. Тарази, Ж. Ахмади сынды қаламгерлеріміздің бүгінгі замандастарымыздың бейнесін сомдап көрсетудегі стильдік ізденістерін қоссақ, қазіргі қазақ прозасының қай буынының да бұл мәселеге айрықша зер сала бастағанын байқау қиын емес. Әр адамның өзін тануы, әлеуметтік болмыстағы өз орны мен өз еңбегінің тарихи миссиясын түсінуі - осы кезеңдегі көркем творчествоның басты тақырыбы, адам танытудағы жеңіске жетер бірден бір жемісті жолы болып табылды. Сондықтан, қазіргі қазақ әдебиетіндегі стильдік ізденістер жеке адам тағдырын, оның рухани өмірінің ең бір нәзік иірімдеріне жіті көз салатын психологиялық тереңдікке, жеке адамның тарихты дамытушы субъект ретінде қалыптасу мен ашылуына, оның портреті, еңбегі мен әрекеттеріне, моральдық құны мен бағытына баса көңіл бөліп барынша байыпты жеткізуге ұмтылудан туған талаптар болып табылады. Өмірлік болмысты сан қырынан алып зерттей көрсетуге талпыну ойдың масштабтылығына, әлеуметтік, психологиялық талдаудың байыптылығына жағдай жасаумен бірге творчестволаты субъективті бастаманың белсенді көрінуіне, әр жазушының даралық сипатының танылуыны, әр тақырып, әр проблеманың мейлінше терең, мейлінше нанымды ашылуына жанрлық дифференцияға мол мүмкіндік туғызды.

Еңдігі кезде қазіргі жастардың, яғни студенттердің ойынша портретті қандай деңгейде түсінгендігін сабақ барысында жасаған мынадай автопортреттерінен байқай аламыз:

Темірғалиева Назерке

Әдемі қыз -көзге,

Әдепті қыз көңілге жақын.

Біздің тобымызда бойы сұңғақ бота көзді өзінің тал бойына барлығы келіскен ашық жарқын көңілінде ешбір жамандығы жоқ көңілді жан. Жан дүниесі нәзік, адал махаббат иесі. Менің сол сұлуға қарасам түсіп тұрған көңіл күйін көтеріліп өзіме бір қуат аламын. Өзінің бір ерекше қылығымен жүректі жылытатын. Жаны сұлудың тәні сұлу демекші сол қасиеттің бәрін сол жанының бойынан көремін. Табиғаттың өзі жан дүниесін сұлу, нәзік миірман етіп жаратқан.

Қайта келмес өзеннің толқынындай,

Қайталанбас алау оттың жалыныңдай,

Қайта тумас қазақтың данасындай .

Қазақта қайсар қыз бар дәл осындай.

Ермек Аружан

Сұңғақ бойлы, көзіне қарасаң жарқыраған күндей мөлдіреген, бетіндегі сепкілдерінің өзі кұн нұрына шомылғандай жарқын жүзді, жымиып қарағанының өзі бір алып тауды уататындай күші бар қазақтың қара-торы келген қарапайым қызы. Оның шапшаң-дереу жүрісі, домалақ бет-бейнесі өзіне жарасып тұрғандай.

Ол еркіндікті ұнататын, өзіндік "мені" бар қылықты құрбым. Мінезі жайдары, бірақ тез өзгеретін құбылмалылау . . . Әрқашан бақыттың құшағында жүретін, аузын ашса жүрегі көрінетін нәзік, адал махаббатқа ие қыз екені бірден бірініп-ақ тұрады. Өмірдің қиындықтарына қасқайып қарсы тұра алатын өжет қыз екендігі бірден білінбегенімен, іс-әрекеттері оны айтып тұр. Өз ойын толықтай шынайы жеткізе алатын, қақ жолдан сені тастап кетпейтін сенімді қыз.

Өмірзақова Назерке

Назеркенің еркелігі бір басым

Бірақ ол жан сырласа алсаң сырласың

Қанша нәзік болғанымен жүрегі

Байқатпайды көздерінен мұң жасын

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетіндегі әдеби портрет: ерекшелігі, маңызы, сипаттамасы
Қазіргі қазақ көркем прозасындағы автор бейнесінің тілдік көрініс
Көркем шығарма және кейіпкер тілі
Жыраулар поэзиясындағы портрет
Мінез және портрет
Кейіпкер мінезін беруші тілдік тәсілдер және олардың зерттелу жайы
Көркем аударманың маңызы мен рөлі
Көркем әдебиеттегі образдылық пен көркем образ мәселелері.Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы. Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Өлең сөздің теориясы туралы ақпарат
Көркем шығарма
Бауыржан Момышұлының Ұшқан ұя повесі тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz