Физика сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ақтау қалалық білім бөлімі
Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығы

ҚАЛАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ

Тақырыбы: Физика сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту

Дайындаған: Кармысова Алмагуль Ережеевна
№8 орта мектептің физика
пәні мұғалімі

Ақтау, 2014ж
Физика сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Кармысова Алмагуль Ережеевна
№8 орта мектептің физика пәні мұғалімі

Балаға күштеп білім беруден гөрі,
баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат
К.Д.Ушинский

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі - жастарға терең білім беру. Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсартуға жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу - тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, қызықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Қазіргі заман талабына сай мұғалім білім бұлағы емес, білім бұлағына бағыт беруші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің үшінші ( негізгі ) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын 2014 жылдың наурыз-мамыр айларының аралығында оқып, аяқтағаннан кейін жеке тұлғаны дамытуға бағытталған осы жобаны жүзеге асыруды қолға алдым. Бұл бағдарламаның мақсаты:
педагог қызметкерлерінің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу.
Міндеттері:
мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу;
сабақты белсене өткізіп,әрбір бала өз ойын еркін түрде жеткізе білуіне жағдай жасау;
ойын дамыту үшін Менің ойымша деген жауапқа дағдыландыру;
тілін дамыту мақсатында оқушының сөзін, ойын бөлмей аяғына дейін тыңдай білу;
жеке тұлға ретінде рөлін көтеру;
тең дәрежедегі қарым - қатынас ұйымдастыру;
Күтілетін нәтиже:
оқушы еркін ойлауға мүмкіндік алады;
тұжырым жасап үйренеді; жан-жақты ізденеді;
шығармашылық белсенділігі артады;
ұжымдық іс-әрекет мәдениеті қалыптасады;
топ алдында өз ойын айтуға, пікірін қорғауға дағдыланады;
сыни пікір-көзқарастары жүйелі түрде дамиды.
Модульдері: 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4. Оқыту мен оқудағы ақпараттық - коммуникациялық
технологияларды пайдалану
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
7.Оқытуды басқару және көшбасшылық
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің мақсаты- оқушыны терең, кең ауқымды ойлауға үйрету.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешім қабылдауға, іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға және оларды сыни тұрғыдан ойлауға баулу.
Сыни тұрғыдан ойлау нәтижесінде оқушылар сыныптастарымен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтайды;
Баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілеттері арта түседі.
Мен бірінші бетпе-бет кезеңі аяқталғаннан кейін теориялық алған білімімді практика жүзінде жүзеге асыру үшін мектепке барып, Бағдарламаның жеті модулін бір-бірімен ықпалдастыра отырып, орта мерзімді сабақ жоспарын құрып, тізбектелген сабақтар топтамасын өткіздім.
Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары тақырыбындағы бір сабағыма тоқталып өтейін. Бұл сабақты өткізудегі мақсатым: сыни тұрғыдан ойлау модулін қолдану арқылы оқушының ой-өрісін дамытуға мүмкіндік беру, энергия ұғымын,жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру, табиғаттағы және күнделікті тұрмыстағы энергиялардың түрлері, потенциалдық және кинетикалық энергиялардың ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту және теориядан алған білімдерін қолданып, есеп шығара білуге көмектесу болатын. Сабағымды Блум таксономиясы бойынша өткіздім. Ең алдымен сабаққа кіріспес бұрын оқушылармен амандасып, олардың көңіл-күйін, жағдайларын сұрап, бүгінгі сабаққа сәттілік тілей отырып, сабағымды бастадым. Сабақты оқушыларды мозайка құрастыру арқылы (жұмыс,қуат,күш,жылдамдық) топқа бөлуден бастадым. Оқушыларды топқа бөліну кезінде біршама қиындықтар кездесті, ол топқа қосылғым келмейді деп, қарсылық танытқан оқушылар да болды, яғни достарымен бір топта отырғысы келуі немесе жақсы оқитын оқушылар бір топта отырғысы келуі, топқа бөлінген кезде шатасып кетіп,басқа топқа барып отыруы. Оқушылар мозайканы құрастырып болғаннан кейін, бірінші бетінен жұмыс пен еңбек туралы мақал-мәтелді оқыды, ал екінші бетінен қандай да бір физикалық шаманы оқыды, яғни өз тобының атымен танысты. Содан кейiн, оларға сергіту сұрақтарын қойдым. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оpнaлacып aлғaн cоң шaғын топ еpежеciн және сыныптың ережесін жaзуды cұpaдым. Бapлығы өз пiкipлеpiн aйтып топ еpежеciн жaзды. Ондa бipлеcкен ic әpекетте: мұғaлiмдi және бірін-бірі тыңдaу, бip-бipiне көмектеcу, уақытты тиімді қолдану, бipiгiп жұмыc жacaуды, қол көтеpiп жaуaп беpудi шapт етiп жaзды. Оқушыларды топқа бөлгеннен кейін топ басшыларын сайлап, оларға бағалау парағын тараттым. Олар берілген бағалау парағына өз тобындағы оқушылардың аты-жөнін және әрбір тапсырма бойынша ұпай сандарын жазып отырды. Оқушыларды бағалау парағы бойынша бағалау критерийлерімен таныстырдым. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физика сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту
Блум таксономиясын физикада қолданысы
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Биологияны оқытуда қолдануға тиімді интерактивті әдістер
Функционалдық сауаттылықтың түрлері
Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде 7 сыныпта физика пәнін оқытудың мүмкiндіктерін айқындап, әдістeмесін әзірлеу
Қысқа мерзімді жоспарға қалыптастырушы бағалауды енгізу
БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА АКТ-НЫ ҚОЛДАНУ
Сын тұрғысынан ойлау технологиясына сипаттама
Пәндер