Қазпочта акционерлік қоғамының кәсіпкерлік қызметінің даму жағдайы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Казпочта АҚ ұйымдық бәсекеге қабілеттілігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...5
1.1. Казпочта АҚ-ның деңгейі, ұйымдастырылу құрылымы ... ... ... ... ... ... ..8
1.2. Қазпочта АҚ Қаржылық қызмет түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.Қазпочта акционерлік қоғамына технико-экономикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
2.1.Қазпочта акционерлік қоғамы үшін қоғамның кезекті қаржылық тұрақтануы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2. Қазпочта акционерлік қоғамының кәсіпкерлік қызметінің даму жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3. Ұлттық почта операторының қазіргі жай-күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.1.Казпочта АҚ даму аспектілерінің салыстырмалы көрсеткіштері.
3.2.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Кіріспе
Мен Тоқтасын Ермек АО Казпочта АҚ-нан практикадан өте отырып бұл есебімді Почта туралы Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 8 ақпандағы Заңына, Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 131-ө өкіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4.15-тармағына сәйкес әзірледім.
Аумағының ауқымдылығын, халық тығыздығының төмендігі мен біркелкі еместігін, елді мекендердің бір-бірінен шалғай орналасқандығын, сондай-ақ ауыл халқының төлеу қабілетінің төмендігін қоса алғанда, Қазақстанның географиялық және экономикалық-демографиялық ерекшеліктері ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс әсер етеді. Қаржы-банк құрылымдарының болмашы қатысуы негізінен ауылдық елді мекендердің жалпы санының 5%-ынан азын қамтитын аудандық деңгейлерде шоғырланған ауылдык жерлерде ел халқының 43%-ы, тұратындығын ескерсек, Қазақстан экономикасын одан әрі қайта кұру ауылдың каладан өмір сүру деңгейі мен жағдайлары бойынша артта қалу проблемаларын шешуге, сондай-ақ ауыл халқының өмір салтындағы теріс өзгерістерді жеңуге бағытталады.
Осыған байланысты, 2015 жылдан бастап почта саласы оның қызметін әртараптандыруға және Қазақстан халқының қалың бұқара топтарына аумақтық және бағалық қол жетімділік қағидаттарындағы почта мен банк қызметтерінің жекелеген түрлерін көрсетуді көздейтін почта-жинақтау жүйесін қалыптастыруға бағытталған реформалауға ұшырады.
Қазіргі кезде Қазақстанда почта-жинақтау жүйесін қалыптастыруға арналған құқықтық және ұйымдастырушылық негіздер жасалған. Почта туралы Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 8 ақпандағы Заңына және басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес почта-жинақтау жүйесі қызметін дамыту жөніндегі мемелекеттік саясатты жүргізуші ретінде Қазпочта акционерлік қоғамы (бұдан әрі -Қазпочта АҚ) түрғысында Қазақстан Республикасының Yenлттық почта операторы (бұдан әрі - Yenлттық почта операторы) белгіленді. Заңнамаға сәйкес Ұлттық почта операторы почталық қызметтермен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиялары негізінде қаржы қызметтерін жүзеге асыру және қаржы қызметтерін көрсету құқығын алды. Мұндай шешім мынадай факторлар негізге алына отырып қабылданды: Қазпочта АҚ-та іс жүзінде елдің бүкіл аумағын қанағаттандыратын, 617-і қалаларда және 278-і - ауылдық жерлерде орналасқан 3385 бөлімшені камтитын ең тармақталған почта бөлімшелері желісінің; ақпараттық және ақша ағымдарының қалыпқа түскен жүйесінің болуы; мемлекет Қоғамның бірден-бір құрылтайшысы және қатысушысы болып табылады.
Почта-жинақтау жүйесін қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және оларды халыкаралық стандарттар бойынша ұсынуды қарастыратын сапалы жаңа деңгейде одан әрі дамыту үшін мынадай кезеңге өту қажет: почта-жинақтау қызметтері рыногында Ұлттық почта операторының тұрақты жұмыс істеуіне арналған инвестициялық және экономикалык қолайлы жағдай жасау.
Бірақ, Қазақстан Республикасында почта саласын қайта реформалау процесінде Қазпочта АҚ құру кезінде мемлекет почта-жинақтау жүйесін қалыптастыруға арнап тиісті қаржылық қаражат бөлінбеді: бастапқыда Қоғамның жарғылық капиталы тек ғимараттар мен жабдықтар түрінде қалыптастырылды. Жалақы мен салықтар бойынша 2019-2020 жылдар кезеңінде жинақталған жалпы сомасы 350,0 млн. теңге берешегімен сипатталатын аса ауыр қаржылық жағдайымен киындай түсті. Өткен жылдарда жинақталған шығындардың сомасы көрсетілген кезеңде 250,6 млн. теңгені құрады.
Қаржыландырудың болмауы материалдық-техникалық базаға теріс әсерін тигізді, оның тозуы 45%-дан асты. Почта қызметінің ерекшелігі негізгі қаражаттың елеулі бөлігінің іске қосылғандағынан және оларды ұстауға қаржы ресурстары бөлінетіндігінен ескерсек, мұндай жағдай түбегейлі шешімдерді қажет етеді.
Жоғарыда көрсетілген факторларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың және почта-жинақ жүйесін қалыптастырудың 2017-2019 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 қарашадағы № 1716 қаулысымен бекітілген салалық бағдарламаның 2019 жылы орындалғанын ескерсек, онда мақсаттары, іске асыру жолдары мен тетіктері айқындалатын Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған бағдарласмасын әзірлеу қажеттілігі туындады.
Бағдарламада көзделген мақсаттарға кол жеткізуге арналған почта-жинақтау жүйесін дамыту стратегиясым мемлекеттік саясаттың мынадай қағидаттарына сүйенетін болады:
почта-жинақтау жүйесін дамыту үшін тиімді құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық тетіктерін іске асыру;
қала мен ауыл арасындағы почта-жинақтау қызметтеріне қол жетімділік деңгейіндегі алшақтықты қысқартуға мемлекеттің жәрдемдесуі;
почта-жинақтау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған тиімді мемлекеттік саясат жүргізу.
Ұлттық почта операторының бәсекеге қабілеттілігін күшейту тұиасиай алғанда почта саласын дамытуға ықпал ететін және почта рыногының барлық сегменттерін халықтың және нақты экономика секторының еркін бәсеке жағдайында сапалы почтакызметтерін алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыратын халықаралық стандартқа сәйкес келтіруге жәрдемдесетін болады.
1. Казпочта АҚ ұйымдық бәсекеге қабілеттілігі
1.1. Казпочта АҚ-ның деңгейі, ұйымдастырылу құрылымы.
Бәсекелестік - бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес. Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес. Ол тауарлардың сапасы мен арзандығына байланысты. 19 ғасырдың ортасында нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен болды. Ол тұтынушылардың талабы мен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға еңбек өнімдерін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды.
Бәсеке (Состязание; contention) -- ортақ ресурсты пайдаланудағы жүйелердің немесе программалардың өзара таласушылығы; қандай жұмыс бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін ұстаным.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі. Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады.
Қазпочта АҚ бәсекелестік нарығыан кіре отырып, мына ұйымдардың мүшесі болып табылады:
1) ЕМS халықаралык кооперативі (курьерлік қызмет) - Швейцария, Берн қ.;
2) Бүкілдүниежүзілік почта одағы - Швейцария, Берн қ.;
3) Аймақтық байланыс достастығы почта байланысы операторларының кеңесі;
4) Қазақстан қаржы қызметкерлерінің ассоциациясы - Қазақстан Республикасы, Алматы қ.;
5) Қазақстан қор биржасы АҚ - Қазақстан Республикасы, Алматы қ.;
6) Western Union жүйесінің мүшесі - Гринвуд-Виллидж, Колорадо штаты, Американың Құрама Штаттары.
Почталық қызмет түрлері:
Қазпочта АҚ мынадай почта қызметтерінің ауқымды спектрлерін жүзеге асырады:
1) жазба хат-хабарларды, бандерольдерді және сәлемдемелерді жіберу мен жеткізіп беру;
2) ЕМS - Kazpost курьерлік қызметтері;
3) мерзімді басылымдарға жазылуды қабылдау, оларды тасымалдау, жіберу, жеткізіп беру және бөлшек сауда арқылы сату;
4) арнайы байланыс қызметтері;
5) филателия;
6) аралас (гибритті) электронды почта қызметтері.
Қаржылық қызмет түрлері:
Қазпочта АҚ мынадай қаржы қызметтерінің ауқымды спектрлерін жүзеге асырады:
1) депозиттер;
2) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
3) аударым операциялары;
4) банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың инкассациясы мен жіберілуі;
5) бюджеттік мекеме қызметкерлеріне жалақы мен стипендия төлеу;
6) зейнетақыларды, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді төлеу;
7) коммуналдық және салық төлемдерін қабылдау.
Агенттік қызмет түрлері:
Қазпочта АҚ мынадай агенттік қызметтердің ауқымды спектрлерін жүзеге асырады:
1) Директ-Майл тікелей почталық жарнама қызметтері;
2) зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдары үшін клиенттермен шарттар жасау;
3) күнделікті сұраныстағы тауарлар мен лотерей билеттерін сату.
Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру; өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі; бәсекеге төзімді өнім өндіру; өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді; пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану.
Бәсекелестіктің негізгі 2 түрі бар:
1. сала ішіндегі бәсекелестік - бұл саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғарғы еңбек өнімділігі бар, ғылыми техниканы қолданып кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорынның табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін
2. салааралық бәсекелестік - бұл халық шаруашылығы салалар арасындағы күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады.
Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып халықтың әл-ауқаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми техникалық жетістіктер негізінде жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.
Қазпочта АҚ-да еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері - бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әрқайсысы кәсіпкерліктің қай түрінен болмасын айналасуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар:
1.өзі араласып кәсіп жасайды;
2.жұмысшылар жалдайды;
3.акция облигация сатып алады;
4. акциясын счетқа салады, кейбірулер өндірісті қаржыландырады т.б.
Қазпоштаның қызметтері енді электронды түрде көрсетіледі. Яғни, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары мен роботтардың көмегімен барлық қажетті қызметтерді ала аласыз. Бұл туралы aigak.kz ақпараттық агенттігі жазды.
Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы мен Қазпоштаның Трансформация бағдарламасының аясында бүгінде компанияда электронды қызметтер жиі көрсетілуде.
Электронды қызметті қолданушылардың алғашқысы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов болды. Қала әкімі интернет арқылы сауда жасауға арналған карточканы, тапсырыс бергеннен кейін небәрі 10 минутта қолына алды. Осы секілді Қазақстан қалалары арасында жедел хаттар жолдау, коммуналды төлемдер де электронды түрде болмақ
Бұған қоса, Қазпоштаның цифрлық кеңселері де көбірек бой көтеріп жатыр. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 7 цифрлық кеңсе бар. 7-шісі Шымкент қаласында ашылған болатын. Алдағы уақытта Түркістан қаласында ашылады деп жоспарлануда. Пошта желісі бизнес пен халық үшін электрондық сауданы, көлік-логистикалық сервисті сонымен қатар қаржылық қызметтерді дамытудың тиімді құралы болып табылады.
Қазпошта арқылы коммуналдық төлемдер, салық және басқа да төлем түрлері, ақша аударымдары, депозит салымын қабылдау, халықаралық төлем карточкаларын рәсімдеу, жеке және заңды тұлғаларға банк шотын жүргізу мен ашу, зейнетақы, еңбекақы, әлеуметтік жәрдемақы төлемдерін қабылдау, әуе және темір жол билеттерін сату, несие (Банк ХоумКредит арқылы) төлеу, несиелік бюро, трансфер-агенттік, шетелден интернет-дүкен арқылы тапсырыс қабылдау сынды қызметтерді алуға болады.
Жaқында Алматыда Қазпошта АҚ-ның елiміздегі ең үлкен сәлемдeмелер супермаркетi ашылып, қала тұрғындарына демалыссыз қызмет көрсетуде.
Әуезов ауданында орналасқан бұл филиалдың көлемі 1180 шаршы метрді құрaйды. Аталмыш бөлімше 200 мыңнан аса адамға қызмет етуге арнaлған. Ондaғы қызмет түрлері де көпқырлы. Мәселен, несие беру бойынша қызмет көрсете алады, тұрғын-үйдің коммунaлдық төлемдерін төлеуге болады. Сондaй-aқ, зейнет жасындағылар зейнетақысын алса, борышкерлер өтемақын төлей алуларына мүмкiндіктері бар.
Осы бөлiмше 230 мыңнан астам тұрғынға қызмет ұсынады. Ай сайын бұл супермаркет 30 мыңнан аса адамға өздерінің жолдамаларын жібереді. Сәлемдемелер супермаркеті арқылы несие алуға, коммуналдық төлемдерді төлеуге, өтемақыларын өтеуге, зейнетақысын алуға болады.
Мұндай супермaркеттeрдің aшылуы - пошта жөнелтімдерін жеделдетуге жаңа серпін беріп, компанияның өндірістік шығындарын оңтайландыруға жағдай жасап жатыр.Орта айлық көрсеткіш бойынша 32 мың пошталық жөнелтім жіберуге қауқарлы. Ал күн сайынғы келушілердің саны шамамен 900-1100 адамды құрайды.Оның aйтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда 186 сәлемдемелер супермаркеті жұмыс істейді. Жөнелтім процесіндегі мұндaй формaт бүгінде қолдaнушылардың ықыласына бөленіп үлгерген. Ағымдaғы жылдың соңынa дейін тағы дa 4 үлкен сәлемдемелер супермаркетін ашу жоспарланып отыр.
Кез келген тұтынушы өз тауарының келген-келмегенін телефонына жіберілген хабарлaма арқылы біле алaды. Ол үшін операторғa небәрі жеке куәлігі, тауaрды және телефон нөмірін ұсынсa жеткілікті. Сондай-aқ, ол тауарын өзіне қолaйлы уақытта алып кетуіне болады.
Айтa кетейік, елiмізідегі ең алғашқы сәлемделер супермаркеті 2015 жылы Астaна қаласындa ашылған болатын. Мұндай жүйенің арқасында супермаркет клиенті Қазақстанның кез келген аймағына тауарын өзі жібере алады. Бұндай қызметті пайдалану үшін клиент сәлемдені салуға арналған, трек нөмірі жaзылған қорaпшаны сатып алуы керек. Мұндaй жүйе сәлемдемелерді қабылдaу мен жіберу мерзімін азaйтуға, кәсіпорынның шығын көлемін үнемдеуге жәрдемдесуде.Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күн көруге тырысады.Еркін бәсекелестік жағдайын ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса 2-ші салада тауар жетіспейді. Бұл фирманың табысы өссе 2- шісі күйрейді. Сонда өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады. Ол монополия құруына әкелді, яғни нарықты басып алады. Жетілмеген бәсекелестік нарығы бұл таза монополия. Монополиялық бәсеке - бұл олигополия. Таза монополия өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның 4 ерекшелігі бар:
1. сатушы тек қана бірфирма
2. сатылатын тауарлардың орнын басатын тауар жоқ.
3. монополист нарықты билейді және бағаны бақылайды
4.нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды.
Нарықтық экономиканы дамытудағы бәсекенің мәнін XVIII ғасырда ағылшынның кемеңгер экономисі Адам Смит әйгілі "көрінбейтін қол" қағидасында ашып көрсеткен. Адам Смит бойынша бәсеке механизм іспеттес, сол арқылы жеке көзқарастар мен экономикалық тиімділік қалыптасады, салалар арасында игіліктердің тиімді бөлінуі жүзеге асады, пайда мөлшері теңеледі.Қазіргі ғалым экономистер өз еңбектерінде бәсекеге қатысты көзқарастарын жаңа ойлармен сипаттап, бәсеке теориясының дамуына өз үлестерін қосуда.Ресейлік ғалым А.Ю. Юдановтың пікірінше "нарықтық бәсеке - нарық сегментінің тиісті бөлігінде, тұтынушының шектеулі көлемдегі төлем қабілеті бар сұранысы үшін фирмалар арасындағы тартыс"..
Бәсеке - белгілі бір мақсатқа жету үшін заңды немесе жеке тұлғалар (бәсекелестер) арасында болатын тартысты бейнелейді дейді Г.Л. Азоев пен А.П. Челенкоев.
Бәсеке - бұл субъектінің объективті немесе субъективті қажеттіліктерін заңдылық шеңберінде, не қалыпты жағдайда қанағаттандыру үшін бәсекелестерімен тартыс барысында жеңіске немесе басқа да мақсаттарға жетуде өзінің бәсекелестік артықшылықтарымен басқару үрдісі. Бәсеке қандай да бір қызмет аясында жақсы нәтижелерге жету үшін болатын экономикалық жарыс, тауар өндірушілердің тиімді шаруашылық жағдайы үшін, мол пайда алуға бағытталған күрес деп айтса да болады."Нарықтық экономиканың анықтамалығында" бәсеке дегеніміз - жеке өнім өндірушілер, жұмыс істеушілер, қызмет көрсетушілер арасында өз мүддесі жолындағы бәсекені айтады.
Нарықтық экономикада бәсекелестік негізгі реттеуші қызмет атқарады. Оның күш-қуаты стихиялы сипатқа ие, егер ол басқа мехенизмдермен түзетіліп отырмаса экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа да қажетсіз зардаптарға ұрындыруы мүмкін.Қазақстандық бір топ ғалымдар бәсекелестік қабілетке төмендегідей анықтама береді: "бәсекелестік қабілет - өнімдердің нақты қоғамдық қажеттіліктерге сәйкестік деңгеймен, сондай-ақ оны қанағаттандыруға кеткен шығындармен бейнелейді". Сол сияқты, тамақ өнеркәсібінің бәсекелестік қабілетін жүйелі түрде зерттеген ғалым-экономист С.Б. Ахметжанова "бәсекеге қабілетті өнім, бәсекелестердің нарыққа ұсынған ұқсас тауарларымен салыстырғанда, сапасы мен бағасы жағынан ерекшеленеді" деген пікір білдіреді.Өнімнің бәсекелік қабілетін оның бағасы арқылы сипаттау әрекеттері де қолданылуда. Бұл бағаны қалыптастырудың квалиметриялық әдістемесін жақтайтындардың анықтамаларында көрсетеді. Олардың пікірінше, тауардың бағасы - оның тұтынушылық және құндық қасиеттерін бейнелейтін әмбебеп сипатқа ие. Бағасына байланысты тауарлардың айырмашылықтары қалыптасады, осы себепті тауарлар бір-бірімен бәсекеге түседі. Алайда, бұл көзқарасты баға бәсекесі теріске шығарады, өйткені, біркелкі тұтынушылық сипатқа ие тауарлар әртүрлі бағамен сатылуы мүмкін.Өнімнің бәсекелік қабілетін екі топ факторлармен анықтайтын салыстырмалы сипатпен қарастыру жағдайлары да кездеседі, яғни, өнімнің сапасы мен қарастырылатын өткізу нарығының талаптары арқылы.
Шындығында, өнім бәсекеге қабілетті болу үшін өткізілетін нарықтың тиісті талаптарына сай жоғарғы сапалы болуы тиіс. Алайда, бұл жағдайдың өзі өнімнің бәсекеге қабілетті екендігін көрсетеді. Бәсекелестік қабілет өнімді өткізу барысында басқа тауарлар мен салыстыру арқылы анықталады.
Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі және оған кеткен шығындылық арқылы анықталатын өнімнің салыстырмалы сипаттағы бәсекелік қабілеті тұтынушылардың бір өнімнен екіншісін жоғары бағалау арқылы анықтайтынын ескермейді.
Осыған байланысты, өнімнің бәсекелік қабілеті - оның ұқсас басқа өніммен айырмашылығында ғана емес, салыстырмалы ерекшелігінің де болуында.
Негізінен, өнімнің бәсекелік қабілеті оның нақты қажеттілік үшін құндылығымен анықталады. Әр бір тұтынушы қандай да бір өнімді сатып аларда оның қажеттілігін өтеудегі тиімділігінескереді. Егер, өнім тұтынушылардың қажеттілігіне сай болып тұрса, онда оның бәсекелестік қабілетін бағалау құнына қарай ауысады. Яғни, тұтынушы, бір жағынан, өнімнің пайдалану тиімділігін ескерсе, екінші жағынан, оған кеткен шығынды ойлайды.
Бұл жерден шығатыны, өнімнің бәсекелік қабілеті - бұл өнімнің бәсекелес өндірушілерінің ұқсас өнімдерімен салыстырғанда жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшелену сипаты. Бұл анықтама өнімнің бәсекелік қабілетінің маңызын мейлінше толық түрде бейнелейді деген ойдамыз.
Жалпы алғанда, өнімнің бәсекелік қабілеті бірнеше маңызды қасиеттерге ие:
бәсекелік қабілет - салыстырмалы шама, яғни ол ұқсас өнімдермен теңестіру арқылы анықталады;
ол динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді, тауардың өмірлік циклына және басқа да жағдайларға тәуелді;
әр бір тұтынушылардың жеке талғамы әр бір өнімнің бәсекелік қабілетіне өздігінше әсер етеді. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілеті құбылмалы сипатқа ие;
бәсекелік қабілет нақты, яғни ол өнімнің белгілі бір түріне, нарыққа, ҒТП даму деңгейіне, қоғамдық еңбек жүйелеріне және т.с.с. байланысты.
бәсекелік қабілетке әсер етуге болады, ол оның құндылығын арттыру үшін маңызды.
Осы жағдайларға байланысты, бәсекелік қабілетті жүйелі түрде, уақытқа және қоғамдық талаптарға сай, тұтынушы үшін де, өндіруші үшін де зерттеу қажет.
Сонымен жоғарыда айтылған өнімнің бәсекелік қабілетіне қатысты анықтамаларды жинақтай келе, келесі пайымдауларды атап өтуге болады:
өнімнің бәсекелік қабілеті - бұл тек нарықтық экономикаға тән категория.
бәсеке жоқ жерде өнімнің бәсекелік қабілеті туралы сөз болуы мүмкін емес;
бәсекелік қабілет - салыстырмалы түсінік, өйткені ол тұтынушы талғамын қанағаттандыруға бағытталған тауарларды бір-бірімен салыстыру арқылы анықтайды;
өнімнің бәсекелік қабілеті - бұл өнімнің бәсекелес өндірушілердің ұқсас өнімдермен салыстырғанда жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшелену сипаты.
бәсеке қабілеті өнімді қалыптастыру тұтынушылардың талғамын қанағаттандыратын сапалық және құндық, әрі тартымдылық сипаты тиімді ерекшеліктер арқылы жүзеге асады;
өнімнің бәсекелік қабілеті уақыт ағымына, өткізу нарығына, халықтың өзгермелі сұранысына тәуелді өзгермелі құбылыс.
Өнімнің бәсекелік қабілеті, түпкі нәтижеде, кәсіпорынның бәсекелік қабілетін анықтайтын көрсеткіш екенін ескерсек, осыған қатысты анықтаманы да келтіре кеткен жөн.
Өнімнің бәсекелік қабілеті сияқты, кәсіпорынның бәсекелік қабілетіне қатысты біріңғай қалыптасқан тұрақты анықтама жоқ. Бұл мағынаға қатысты бірнеше көзқарас қалыптасқан, олардың негіздері болып кәсіпорынның нарықтағы үлесі, табыстылығы, өнімді өткізу көлемі саналады.
М. Портердің негіздеуінше кәсіпорынның бәсекелік қабілетін анықтайтын бес бәсекелік күші бар:
бір саланың бәсекелес кәсіпорындары арасындағы тартыс;
ауыстырмалы-тауарлар шығаратын кәсіпорындар тарапынан болатын
бәсеке;
салаға жаңа бәсекелестердің ену қаупі;
тасымалдаушылардың саудаласу мүмкіндіктері;
тұтынушылардың саудаласу мүмкіндігі.
Тағы бір анықтама былайша пайымдалады: "кәсіпорынның бәсекелік қабілеті" деп - оның бәсекелес кәсіпорындармен салыстырса технология, тәжірибелік іскерлігі, персоналдардың білімі, стратегиялық және ағымды жоспарлау, сапа, коммуникация сынды артықшылықтарымен ерекшеленуін айтады.
Біздің көзқарас бойынша, төмендегі анықтама кәсіпорынның бәсекелік қабілеті туралы мағынаны толық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс ашады: "бәсекелестермен салыстырғанда бағалық және бағалық емес сипаттары бойынша тауарлары тұтынушыларға ұнамды, дер кезінде жоспарлап, дайындап, өткізуге нақты мүмкіндігі бар кәсіпорын бәсекеге қабілетті" болып саналады.
Өнім мен кәсіпорынның бәсекелік қабілеті тығыз байланысты болғанымен, мағыналары жағынан ерекшеленеді. Негізгі ерекшелену белгілері мыналар:
- біріншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті белгілі бір қысқа уақыт аралығында анықталса, кәсіпорынның бәсекелік қабілеті, салыстырмалы түрде, ұзақ уақыт бойынша анықталады;
- екіншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті тұтынушылардың әсеріне тікелей байланысты. Ал кәсіпорынның тиімділігін кәсіпкердің өзі анықтап, керек кезінде өндірістік-өткізу қызметіне қажетті стратегияларды енгізіп отырады. Кәсіпорынның бәсекелік қабілетті деңгейі туралы мәлімет инвесторлар мен әріптестер үшін маңызды. Тұтынушы үшін өндірістің тиімділігі мен шығындық көлемі қызықтырмайды;
- үшіншіден, кәсіпорын бірнеше өнім түрін шығарумен қатар, өндіріске байланыссыз басқа да қызмет түрлерімен айналысуы мүмкін (мәселен, инвестициялық, делдалдық және т.б). Кәсіпорынның бәсекелік қабілеті барлық өнім ассортиментінің бәсекелік қабілетіне және әр бір қызмет түрінің орындалу тиімділігіне байланысты.
- төртіншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті кәсіпорынның бәсекелік қабілетін анықтайды, бірақ толық көлемде емес. Мәселен, өнімнің бәсекелік қабілетін бағаны төмендету арқылы қамтамасыз етуге болады. Алайда, осы өнімді өндіруге кеткен шығын көлемі толық жабылмай, табыс болмауы да мүмкін. Бұл кезде кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері ықпал болып, оның бәсекелік қабілеті төмендеуі де мүмкін.
Сонымен кәсіпорынның бәсекелік қабілеті, өнімнің бәсекелік қабілетіне қарағанда, экономикалық маңызыжағынан кең ұғымды білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде, өнімнің бәсекелік қабілеті келесі факторлармен анықталады:
- өнім сапасының нарықтық және нақты тұтынушылардың талабына сай болуымен
- сатып алуға, жеткізуге кеткен шығындармен; - тұтынушыларға тиімді уақытта жеткізу жағдайымен; - кәсіпорынның нарығындағы беделімен және сенімді әріптес болатындығы туралы дәлелімен.
Біздіңше, өнімнің бәсекелік қабілеті 1-суретте көрсетілген негізгі кешенді үш факторларға тәуелді:
1. Міндет - өнімнің қандай мақсатқа пайдаланатынының оның функционалдық мүмкіндіктерін, сол арқылы осы өнімді тұтынушылар тобын анықтайды.
2. Жоғары сапа - бағалық емес бәсекеде үлкен мәнге ие. Сондықтан, сапаны өнімнің бәсекелік қабілетінің кешенді көрсеткіші ретінде қарастыруға болады.
3. Баға - тауар құнының ақшалай көрінісі. өнімге деген сұраныс пен ұсыныс тең болғанда баға мен құн да теңеседі. Ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны төмендетеді, ал керісінше нарықтағы сұраныс артса, онда өнімнің бағасы құнынан әлде қайда жоғары болады. Нарықтық экономика жағдайында баға объективті экономикалық заңдылықтарға, ең алдымен, құн заңына сай қалыптасады. Қазақстандағы почта саласының көп деңгейлілігі ұйымдастыру құрылымының негізгі сипаттамасы болып табылады. Қазіргі таңда Компанияда үш деңгейлік басқару жүйесі жұмыс істейді.
1.2. Қазпочта АҚ Қаржылық қызмет түрлері.

Қаржы ұйымдарының қаржылық жай-күйі
Кесте 1 - Инвестициялар мен бағалы қағаздардың портфелі:
(мың.теңге)
Инвестиция түрі
01.01.2021ж. жағдайы бойынша
Басқа заңды тұлғалардың капиталындағы ұзақ мерзімдік инвестиция
0
Бағалы қағаздардың портфелі, барлығы
2 691 152
Соның ішінде:
Мемлекеттік бағалы қағаздар
2 402 665
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар
288 487
Басқа инвестициялар
0
Инвестицияның барлығы
2 691 152
Инвестициялық стратегия қаржы нарығындағы жайлардың өзгеруі мен операциялардың кіріс деңгейінің артуын және бағалы қағаздар инвестициялық портфелінің өсуін қамтамасыз ететін активтерге сапалы басшылық жасау құралын анықтауға қатысты Қазпочта АҚ (әрі қарай Қоғам) активтерінің өсімін қамтамасыз ету мақсатында дайындалған.
Бағалы қағаздар портфелінің көлемін ұлғайту, диверсификация арқылы активтердің оңтайлы құрылымын инфляциядан сақтау және сенімді салымдардан кірістер алу Қоғамның инвестициялық стратегиясының мақсаты болып табылады. Жарғылық капиталы:
1) құрылтай құжаттары бойынша жарғылық капиталының көлемі:
1 812 123 000 (бір миллиард сегіз жүз он екі миллион жүз жиырма үш мың) теңге.
2) бухгалтерлік баланстың дерегі бойынша жарғылық капиталының көлемі:

3) жарғылық капиталды акцияларға бөлуі:
Акциялардың жалпы саны 1 812 123 000 (бір миллион сегіз жүз он екі мың жүз жиырма үш) дана, номиналы 1 000 теңге,
жалпы сомасы 1 812 123 000 000 (бір миллиард сегіз жүз он екі миллион жүз жиырма үш мың) теңгені құрайды. оның ішінде:
- жай атаулы акциялардың саны 1 812 123 (бір миллион сегіз жүз он екі мың жүз жиырма үш) дана, номиналы 1 000 теңге, жалпы сомасы 1 812 123 000 (бір миллиард сегіз жүз он екі миллион жүз жиырма үш мың) теңгені құрайды.
- құрылтай құжаттарына сәйкес, артықшылықты атаулы акциялар жоқ. 4) жарғылық капиталының ақы төленген бөлігінің көлемі:
Жарғылық капиталы 1 812 123 мың теңге сомасына төленген.
Уәкілетті органдардың жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуі, осы проспектіде көрсетілген акцияларды алуда инвесторларға қандай да бір ұсыныстар жасауды білдірмейді.
Акциялар шығарылымының проспектісі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігіне ғана құралды. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі ақпараттардың растығына жауапты болады және олар осы проспектіде берілген барлық ақпараттар рас, сондай-ақ қоғам мен оның орналасатын акцияларына қатысты инвесторларды түсінбеушілікке алып келмейтіндігін дәлелдейді.
Казпочта акционерлік қоғамының филиалы Почта жабдықтау (бұдан әрі - Филиал) Казпочта акционерлік қоғамының оқшауланған бөлімшесі болып табылады және оған есеп береді. Филиал заңды тұлға болып табылмайды, өз қызметін Казпочта АҚ атынан және оған Казпочта АҚ берген өклеттіктер шегінде жүзеге асырады. Филиал өз қызметіне Қазақстан Ресиубликасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Байланыс туралы Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтык актілерін, Казпочта АҚ нормативтік актілерін, оның ішінде Казпочта АҚ Басқармасы Төрағасының бұйрықтарын, өкімдерін және осы Ережені басшылыққа алады. Филиалды Казпочта АҚ Басқармасы Төрағасы қызметке тағайындайтын және босататын директор басқарады. Филиал орналасқан жері бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүргізетін органда есептік тіркелуге жатады. Филиал қызметінің мақсаты мен нысаны заңдарда белгіленген тәртіппен Казпочта АҚ өндірістік мақсаттағы өнімдермен материалды-техникалық қамтамасыз етуді Казпочта АҚ үшін жабдықтар мен басқа да материалды-техникалық ресурстарды жеткізіп беруге өтінімдерді орналастыру, пайдаланылатын материалдық ресурстарды есепке алу және Казпочта АҚ бөлімшелерінің материалдық ресурстарды пайдалануына бақылауды, көлік құралдарының барлық түрлерін қолдану арқылы ірі көлемді пошта жөнелтілімдерін қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізіп беруді жүзеге асьтру арқылы жеке және заңды тұлғаларға пошта байланыс кызметтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Ережемен көзделген өзге де қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.
Филиалдың қаражаты Казпочта АҚ берген негізгі қаражаттардан және Казпочта АҚ шығыс сметасына сәйкес бөлетін қаражаттардан тұрады. Филиалдың кірістері мен шығыстары Казпочта АҚ орталықтандырылады және қайта бөледі. Филиалдың негізгі каражаты Казпочта АҚ тиесілі және Казпочта АҚ балансында есепке алынатын Филиалға бекітілген ғимараттардан, құрылыстардан. жабдықтардан және басқа да мүліктерден тұрады.
Филиалдың құрылымын және еңбек ақы төлеу қорын Казпочта АҚ Басқармасы бекітеді. Филиал қызметін басқаруды Казпочта АҚ Басқармасының Төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын директор жүзеге асырады. Филиал Директоры оның барльтқ қызметіне басшылық жүргізеді және Филиалға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болып табылады. Филиал Директорының Казпочта АҚ Басқармасының Төрағасы қызметке бекітетін және қызметінен босататын орынбасарлары, бас бухгалтері болады.
Филиал Директоры Казпочта АҚ берген сенімхат негізінде: Филиал қызметіне басшылық жүргізеді, Филиал құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар мен өкімдер шығарады; барлық ұйымдарда Филиалдың мүдделерін білдіреді, Филиал бөлімшелерінің қызметіне байланысты мәселелерді қарастырады, Филиал бөлімшелері басшыларының есебін тыңдайды, Филиал құрамына кіретін бөлімшелер туралы ережелерін бекітеді, Казпочта АҚ Басқармасы бекіткен еңбек ақысын төлеу қоры шегінде филиалдың өндірістік қызметкерлерінің штаттық кестесін бекітеді, орынбасарлар арасында міндеттерді бөледі.
Филиалдағы есеп және есеп беру Қазақстан Республикасының заңдарына және Казпочта АҚ нормативтік актілеріне сәйкес ұйымдастырылады. Филиал қызметінің нәтижелері Казпочта АҚ Филиал Директоры беретін күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық қаржылық есептерде көрсетіледі.
Филиал қызметіне ревизияны Казпочта АҚ тиісті бөлімшелері жүргізеді. Филиал қызметіне тексеруді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының салық және өзге чс органдары жүргізуі мүмкін.
Казпочта АҚ экономикалық стратегиясының соңғы шешім нәтижесі мынадай сұрақтармен анықталады:
Болашақта, мысалы келесі жылы, қандай жұмыс көлемін ұсыну керек?
Сапаны көтеру мен сұранысты арттыру мақсатында қандай мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру керек?
Қызметті жақсарту үшін, іс-шараларды ұйымдастыру керек пе?
Нарыққа қызметті қандай бағамен ұсыну керек?
Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруін ең алдымен атаулы салада қызмет етуші субъектінің қызмет трлерінге лицензия берілуіне негізделеді.
Лицензия мынадай почталық қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:
::операторлық;
::агенттік;
::экскурсиялық;
::почта нұсқаушысының қызмет көрсетуі.
Лицензия субъектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде беріледі және бір данада беріледі; лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтініш бойынша төлқұжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат почталық қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым (бұдан әрі -- лицензиялық алым) төлейді.
Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол бір ай ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиат он күн ішінде лицензияны қайта рәсімдейді.
Лицензия "Лицензия туралы" Заңмен белгіленген мерзімге беріледі.
Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мерімен куәландырылады.
Өтінуші ұсынылған құжаттардың анықтығына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жауаптылықта болады. Өтінушінің өткізген құжаттарында қамтылған мәліметтерді тексеру қажет болған ретте, лицензия беру туралы шешім тексеруден соң қабылданады. Тексерудің нәтижелері бойынша операторлық, агенттік, экскурсиялық қызметтерді, сондай-ақ почта нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы қорытынды шығарылады.
Қазақстанда почта-жинақтау қызметтер рыногын сипаттау үшін оның кейбір сегменттерін қарастырайық.
Қазақстанның курьерлік қызмет көрсету рыногында 30-дан астам компаниялар, соның ішінде мынадай халықаралық ірі компаниялар DHL, FedEx, ТNТ, UPS, ОСS, Роnу Ехргеss, сондай-ақ Қазақстанның жекелеген облыс орталықтарында қызметтен ұсынатын бірқатар отандық компаниялар бар. Аталған компаниялар өз қызметін Қазақстанда 7-8 жыл көлемінде жүзеге асырып жүр және Ұлттық почта операторына елеулі бәсекені құрайды.
Бүгін баспа өнімдерін тарату бойынша қызметтер рыногында Ұлттық почта операторынан басқа мынадай Аргуметы и факты ЖШС БК, Евразия пресс ЖШС, Эврика-пресс ЖАҚ, Дауыс БТММ АҚ, Бико ЖШС, Бурда-Алатау пресс ЖАҚ сияқты баламалы құрылымдар, сондай-ақ жекелеген облыс орталықтарында қызмет көрсететін басқа да компаниялар жұмыс істеуде. Облыстық газеттер редакцияларында Ұлттық почта операторының облыстык филиалдарына бәсекелестік тудыратын, жергілікті газеттерді таратып қана қоймай, республикалық және ресейлік басылымдарды да тарататын бөлімшелер құрылған. Егер бұрындары баламалы құрылымдар қабылдайтын жазылымдар Yenлттық почта операторының филиалдары арқылы жеткізілсе, бүгінде осындай басылымдарды жеткізетін жекеменшік қызметтер құрылуда. Бұл ретте Yenлттық почта операторы басылымдар мен жазылымдарды тарату бойынша қызмет көрсету рыногының ең ірі субъектісі болып қала береді: оның еншісінде республикада таратылатын мерзімді жазылымды басылымдар тираждарының 85%-ға жуығы, оның ішінде 42%-ы шалғай ауылдық және шекаралық аудандарды қоса алғанда, Ұлттық почта операторы ауылдық жерлерге жеткізетін республикалық мерзімді басылымдар.
Соңғы жылдары ақша аударымдар рыногы үдемелі түрде өсуде. Рыногтың негізгі қатысушылары - Western Union, MoneyGram, Contact (АКБ Русславбанк - Ресей Федерациясы) және Анелик (Банк Анелик ЖШБ -Армения). Қазақстан рыногына Travelex Worldwide Money Ltd халықаралық аударымдар жүйесі қызығушылық танытуда. Қазақстандық қатысушылар арасында мынадай екінші денгейдегі банктер бөлініп шығуда: ЦентрКредит Банкі, Қазақстан Халық Банкі. Каспийский Банкі және басқалар. Бұл рыногта Yenлттық почта операторының еншісі 1%-дан төмен, бірақ ол кеңейтілген өңірлік желісінің болғандығынан жоғары даму потенциалына жетуде. Оған мынадай цифрлар дэлел бола алады: соңғы бес жыл ішінде Қазақстан аумағында орналаскан коммерциялық банктер мен есеп-айырысу кассалық бөлімшелер саны тиісінше 91 және 266 бірлікке, филиалдардың тармақталған желісі және жинақтау қызметтері мен зейнетақы төлеу бойынша ұзақ тәжірибесі бар Халық банкінде -14 және 743 бірлікке қысқарды. Қазіргі уақытта әлеуметтік төлемдер рыногындағы Халықтық жинақ банкінің еншісіне 51%, Ұлттық почта операторына - 47%, екінші деңгейдегі банктер еншісіне 2% тиеді. Бұл ретте республиканың ауылдық елді мекендерінде төлемдердің 100%-ын Yenлттық почта операторы жүргізеді. Қазақстандағы депозит рыногын дамыту және оған ауылдық жерлердегі тұрғындарды тарту мақсатында Почта туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Yenлттық почта операторының шұғыл депозиттерге тартқан халық салымдарының сақталуы мемлекеттік бағалы қағаздарға және басқа да өтімді қаржы құралдарына орналастыру жолымен мемлекет арқылы қамтамасыз етіледі. Бірақ, бұл қызметке қол жетімділіктің кеңеюіне қармастан, Yenлттық почта операторының жүйесіне орналастырылған салымдар үшін төленетін сыйақы деңгейінің төмендігі депозиттік қызметтердің тартымдылығына кері әсерін тигізеді, ол банктік секторда орналастырылған, депозиттердің жалпы сомасының шамамен 1 % құрайтын, олардың азын-аулақ үлесімен расталады. Осылайша, Қазақстандағы почта-жинақтау рыногы тек қана қалалық деңгейдегі бэсекелестіктің жоғары деңгейімен сипатталады. Ауылдық жерлерде Ұлттық почта операторы почталық және қаржылық қызметтер рыногының іс жүзіндегі бірден бір қатысушысы болып табылады, бірак почталық инфрақүрылымның және телекоммуникациялық технологиялардың жетілмегендігі оларды сапалы түрде көрсетуге мүмкіншілік бермейді. Жүргізілген талдау көрсеткендей почта-жинақтау қызметтерін сапалы түрде көрсетуде ауыл мен қала арасында алшақтық проблемасы байқалады, оның коммерциялық компаниялардың рыноктың тартымды бөліктерінің басып алуы мен өз қызметін көбінесе ауылдық жерлерде жүзеге асыратын, Үлттық почта операторы үшін бэсекелестіктің тең емес жағдайында мемлекттің реттеуінсіз күшейіп кетуі мүмкін. Осыған байланысты осы Бағдарлама почта-жинақтау рыногында Yenлттық почта операторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Қазақстандағы почта саласының көп деңгейлілігі ұйымдастыру құрылымының негізгі сипаттамасы болып табылады. Қазіргі таңда Компанияда үш деңгейлік басқару жүйесі жұмыс істейді.
Қазпочта АҚ мына ұйымдардың мүшесі болып табылады:
1) EMS халықаралық кооперативі (курьерлік қызмет) - Швейцария, Берн қ.;
2) Бүкілдүниежүзілік почта одағы -- Швейцария, Берн қ.;

2) EMS - Kazpost курьерлік қызметтері;

Бағалы қағаздар портфелінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz