КӨШПЕЛІ ӨМІР МЕН ӨНЕР ТУЫНДЫСЫ


КӨШПЕЛІ ӨМІР МЕН ӨНЕР ТУЫНДЫСЫ
Сайын Назарбек
«Киіз үй - қазақ халқының болмысы»
С. Назарбек
Сайын Назарбеков есімі қазақ жұртшылығына етене таныс. Сан қырымен көзге түскен ерекше құбылыс иесі, ерекше дарын иесі. Таң қаласың . . . Таң қалмасқа шараң жоқ . . . Осыншама қазақтың бар болмысын бойына жинап берген, оны келешек ұрпаққа жеткізуге сарқылмас күш берген Ұлы күш иесіне бас иесің! Жасай беріңіз! Ұлттық болмыстың ұлы шыңында берер тәліміңіз ортаймасын! Қай қырынан зерттесек те ұлттық болмыс, ұлттық таным тұнып тұр. Сайын ата шығармаларын оқи отырып, қазақ болып туылғаныңа мақтанасың, марқайасың. Әрине, ол үшін шығармаларын оқып, бойыңызға сіңіруіңіз керек. Менің қолыма «Қазақтың киіз үйі» атты зерттеу-еңбегі түсті. Оқыдым, зерделедім, біз бен сіз білмейтін киіз үйдің тарихына саяхат жасадым . . .Киіз үй - халқымыздың ең алғашқы сәулеттік құрылысы. Бұрышсыз үй қыста да, жазда да өмір сүруге қолайлы. Жылжымалы үйде әп-сәтте көшіп-қонуға болады. Жер сілкінісіне де төтеп береді. Оның жалпы салмағы - жабдықтарымен қосқанда 300-400 келі. Кезінде киіз үйді бір түйеге артып, жаңа қонысқа көшкен. Әрине, рухани-мәдени құндылықтарды аса қастерлеп, бағалайтын әрбір қазақ үшін киіз үйдің алатын орны ерекше. Осы тұрғыда оқырман жүрегін елжіретпей қоймайтын сәулетші-қаламгердің «Қазақтың киіз үйі» атты еңбегі үлкен рөл атқарады. Кеңес өкіметі кезінен бері таңсық дүниеге айналған қазақтың киіз үйі қазіргі дамыған, тәуелсіз дәуірде де үлкен сұранысқа ие. Мәселен, кішігірім той-садақа, той-томалақ, мерекелік іс-шараларды жасау үшін көпшілік қауым есік алдына киіз үй тігіп, тіпті онда күнделікті бала-шағасымен шай ішуді әдетке айналдыра бастаған. Қай елде де, қай заманда да «Ұлтымның ұлы боламын» деген әрбір саналы азамат өз елінің фольклорі мен этнографиясына үңілері айдан анық нәрсе. Біздің елімізде де өз халқының тұрмыс-тіршілігін, этнографиясын білуге құлшынатын азаматтар өте көп. Ал, киіз үй болса - байырғы заманнан бергі қалған мәдени мұрамыздың бірі. Қазақты басқа жұрттан ерекшелеп тұратын күмбезді ғимаратты зерттегісі келетіндер үшін Сайын Назарбекұлының бұл кітабы оқырман жүрегіне жол табарына сенімім мол. Осы уақытқа дейін менің санамда мынадай сұрақ болатын: «Киіз үй қалай пайда болды және қазақ даласында қанша киіз үй тігілді?». Сайын Назарбекұлының еңбегіне көңіл аударып, оқығанымда ғана осы сұрағымның жауабын таптым. Бағзы заманда жыл құсы сияқты қатал табиғат құрсауынан шығып, жүздеген-мыңдаған шақырым кеңістік аясында үнемі көктем мен жазға ілесіп, көшіп-қонып жүру үшін қолайлы баспана керек еді. Осындай қажеттіліктің әсерінен дүниеде «киіз үй» пайда болған екен. Киіз үй көшпелі өмір салттың негізгі алғышарттарының бірі болғандықтан ұдайы жетіліп, ұдайы шыңдалып, ұдайы сәулеттеніп отырды. Бұл ретте, киіз үйде көшпелілердің ғасырлар бойғы өмірлік тәжірибесінің, ой өрісінің, талғам-танымының және шеберлік-шалымының ең жарқын айғағы деп тұжырымдасақ болады. Алғашқы қолдан жасалған күмбезді ғимараттың, яғни киіз үйдің тарихы сонау тереңде жатыр. Оның қашан пайда болғанын дөп басып, дәлел келтіре айту қиынға түскен. «Ғалымдар болжауынан қазақ халқы атты алып бәйтерекке тамыр болып жатқан өрiсi сақ, ғұн, скиф, берiсi арғын, үйсiн, алшын, жалайыр, қаңлы, адай, меркiт, найман, қыпшақ, керей, берiш тағы солар секiлдi көптеген тайпалар жасы бiздiң жыл санауымыздың арғы жағындағы 5000 жылдыққа алып кетсе, жартастағы таңбалар мен құлпытастардағы ескi түрiк жазуларының словян әлiппесiнен 1500 жасқа, грузин, армян жазуларынан 1000 жасқа қартаңдау екенiн дҽлелдеп бердi. Бұл тек қана мойындалған, дәлелденген ақиқаттар [1, 15] . Осы келтірілген дәләлдемелерге сүйене отырып, киіз үйдің біздің жыл санауымыздың арғы жылдарында пайда болғанын көреміз. Демек, киіз үй бағзы заманнан бері келе жатырған дүние болса, қазіргі замандағы киіз үй менен бұрынғы замандағы киіз үйдің арасында қандай айырмашылық, өзгешелік бар екендігі туралы ой туындайды. Бірақ, Сайын Назарбекұлы киіз үйдің халық талғамындағы көптеген қасиеттерін ашып көрсетуге тырысқан «Қазақтың киіз үйі» еңбегінде мынадай мысал келтірілген: «Бағдаттан 920 жылы аттанған Ахмет ибн Фадлен бастаған елшілік Арал теңізі, Шалқар көлі, Өлеңті, Аңқаты өзендерінің маңынан өткенде сол жердегі көшпелілер дөңгелек киіз үйде тұратынын айтып, киіз үйдің сол сияқты күрке, шатыр т. б. үйлерден артықшылықтарын көрсетіп жазғандарына қарағанда, Х ғасырдағы киіз үйлердің ХХ ғасыр басындағы қазақ киіз үйлерінен бір де бір айырмашылығы жоқ екені байқалады. Сонда сол мың жылдықта ешбір күрделі өзгеріске ілікпей, сол керемет күйінде сақталған болса, онда сол қолайлы, жетістік дәрежеге жету үшін қанша уақыт керек болды? [1, 6] » Яғни, бұл мысалдан аңғарарымыз, бағзы замандағы қалыптасқан, күмбезді ғимараттың қазіргі заманғы киіз үйлерден еш айырмашылығы жоқ екендігі. Демек, бұл күмбезді үй сонау ықылым заманнан келе жатырса, қазақ даласында барлығы қанша киіз үй тігілгендігі туралы ой жүгірту таңсық нәрсе емес деп ойлаймын. Бұл туралы кітаптың авторы В. Козловтың 1983 жылы Москвада жарық көрген “СССР ұлттары” атты кітабынан деректер келтіріп, нақтылайды: «Бір киіз үйде, орта есеппен, бес адамнан тұрды деп есептесек 1897 жылы 4084000:5=817000 киіз үй, 1939 жылы 5 жуық киіз үй болған . . . » [1, 16] Кітаптың кейінгі беттерінде ағаш үйдің байлық пен барлықтың, кедейлiк пен жоқтықтың арасын барынша жақындата алудың, бай мен кедей тартыстысын да тез қалпына келтiруге, араша түсудiң де даяр ортақ құралы екенідігі туралы нақты, айқын дәлелдер келтірілген. Осының нәтижесінде, киіз үйдің тек тұрмыс, табиғаттың салдарынан, сол заманғы қажеттіліктерден туған қарапайым дүние емес екендігіне көз жеткіземіз. Кітаптың бірнеше бетін автор киізге қатысты өлең жолдарына арнаған. Оның ішінде Ә. Рахымбеков, М. Өтемісұлы, Молдабай әні, сонымен қатар қазақтың қара шаңырағына алғашқы Тәуелсiздiк туын көтерген тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлына арнаған өз өлең жолдарын да енгізген. Кітапты оқу барысында «келесі бетінде не туралы жазылған екен?» деген сауалменен әрбір парағын қызығушылық, ынтызарлықпен оқып, автордың әр сөзін оймен өлшеп, жүрекпен таразылай білу қажет екендігіне тағы бір мәрте көзім жетті. Оқулықта бірнеше бағыттағы тақырыптар қамтылған. Атап айтсақ, тарихи деректер, көшпелі өмір салт туындысы, киіз үй түрлері, киіз үй сүйегі, киіз үй бітімінің геометриялық, сәулеттік үйлесімі, киіз үй киізі, киіз үй мүліктерінің атаулары, этнографиялық пайымдаулар. Әр бөлімге нақты дәлелдермен зерттеу жасаған. Осы тақырыптардың ішінде мен үшін жүрегіме жақын болғаны «Киіз үй бітімінің геометриялық, сәулеттік үйлесімі». Бұл тақырыпшада ағаш үй сүйегінің қандай заңдылықпен есептеліп, құрылатындығы, оның сүйегін жасақтауға, сызбасын салуға қажетті сандық мәндер, киіз үйдің киізі туралы, оның сүйегін киізбен жабу әдістері мен еш жерде кездестірмеген тың мәліметтер туралы баяндалады. «Қазақтар өзінің киіз үйі арқылы жаратылыстағы сәулет өнерінің (архитектура), тиімділіктің (экономика), табиғат пен адам үндестігінің (жарасым) әлемдік үлгісін (модель) жасай алған халық. Киіз үйді арнайы зерттеген кісі оның тек қана қажеттіліктен туған форма еместігін көз жеткізер еді. Ол сәулет өнері тұрғысынан қарағанда керемет үйлесім мен жарасымдылықты танытса, философиялық ойларға әлемдік жаратылыс тұрғысынан жауап бере алады . . . Кез-келген баспана, адам баласы үшін, өмір. Ал киіз үй болса қазақ халқының эстетикалық тәрбилеушісі, қол өнерінің мұражайы ретінде де қымбат» [1, 65] . Яғни, қазақ киіз үйі жан-жақты ғылым салаларын бір арнаға тоғыстыра алатын үлкен жоба. ... жалғасыХалықтың мәдени-рухани өресіне жақын айғақ болатын киіз үй осы уақытқа дейін өз деңгейінде зерттелмей де, насихатталмай да келеді. «Қазақтың киіз үйі» еңбегін оқығанға дейін менің көкейімде жауабын таппаған сұрақтар, қате тұжырымдар болды. Осы киіз үйді білудің не керегі бар? Бір кезде баспана ретінді пайдаланылды. Енді заман өзгерді. Заман ағымымен жүру керек деп ойлайтынмын . . . Жоқ. Бұл ойым түбегейлі өзгерді. Менің пікірімде жүрген қаншама адам бар . . . Менің айтарым, киіз үйді тану - қазақ әлемін түп-тамырымен тану. Оқу барысында мені таңғалдырған таңғажайыптар көп болды. Бір ұғымның астарында қазақтың танымын білдіретін лингвомәдени атаулардың болуы, бірнеше ғылым салалары: физика-математика, экономика, лингвистика, тарих, т. б. бір арнаға тоғысқан. Сайын Назарбеков осы мәселелерді «ұлттық таным» деген ортақ ұғымға топтастырып зерттеген.
Қазақтың дәстүрлі сәулет өнерінің көрнекті шебері, белгілі ақын С. Назарбекұлының «Қазақтың киіз үйі» атты еңбегі екі кітаптан тұрады. Бірінші кітабында киіз үй туралы тарихи деректер, оны дүниеге келтірген алғышарттар, киіз үйдің бітім-құрылымы мен этнографиялық пайымдаулар жан-жақты қарастырылған. Ал, екінші кітапта киіз үйдің сүйегін, киізін, бау-шуын және шиін дайындаудың әдіс-тәсілдері, халық тәжірибесінің сырт көзге аңғарыла бермейтін небір ғажайып сырлары сөз болады. «Киіз үй» үғымына бірнеше түсінік берілген.
Біріншіден, киіз үй - қазақ халқының болмысы! [1, 10]
Екіншіден, қазақтың киіз үйі - қазақ баласы үшін адамгершілік ұясы, қасиет тұтар ордасы. [1, 20]
Үшіншіден, қазақтың киіз үйі - әр қазақ баласы үшін тәуелсіздігі мен бостандығының, байлығы мен барлығының, рухани кісілігі мен қоғам алдында міндеттілігінің символы. [1, 30]
Төртіншіден, киіз үй - қазақ халқының бар өнері мен өнегесін бір басына жинақтауымен әр адамның алыста жүрсе сарғая сағынары, қасында жүрсе қасиет тұтып табынары, тарихы. [1, 28]
Киіз үйге әр тарауында жан-жақты анықтама берген. Өйткені, бұл ұғымның бір теорияға симайтындығын нақты дәлелдермен дәлелдеп берді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz