Мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени мінзе-құлқын тәрбиелеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени мінзе-құлқын тәрбиелеудің жолдарын анықтау

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени мінзе-құлқын тәрбиелеу әдістемесіне талдау жасау

Баланың дамуына әсер етпейді деу мүмкін емес. Медия - деген үлкен «әлем терезесі» деуге болады, мұнда ең бастысы кішкентай алалардың осы «терезеге» дұрыс қарай білуге ықпал ету деп санаймын. Сондықтан баланың аналитикалық қабілеттілігі мен ойлау жүйесін дамыту қажет.
1ден 3 жасқа дейінгі баланың эмоционалды көңіл-күйінің дұрыс дамыту үшiн оның жетiстiгiн дәлелдеп, үнемі мадақтау маңызды деп ойлаймын.

3тен 6 жастағы баланың эмоционалды көңіл - күйінің дұрыс дамуы әлеуметтiк белсендiлiкпен де байланысты. Бұл жас шамасында балалар әдетте сюжеттi - рөлдi ойындар қызықты. Ойын кезінде әртүрлі жағдайларда адамдардың қарым - қатынасын түсінуге көмектеседі. Баланың дамуы мектеп жасындағы балаларға да жалғасады.

Балалардың дамытудың орталары (спорт орталықтары, арт-студия) мамандандырылған орта бiлiм болады.

Баланы дамыту үшін орталықтардың әсері көп. Баланың өз таңдауы, балабақшадан кейінгі эмоция жағдайын байқауға болады.

Баланың психикасының дамуына ықпал ететін ол биологиялық және әлеуметтік факторлар.

Биологиялық фактор: (жүйке жүйесінің дамытуы) адам психиканың ортақ ерекшеліктері, сонымен бірге тұқым қуалаушы жеке ерекшеліктерді бұл жерде есепке алынады.

Әлеуметтік фактор: баланы қоршаған жақындары және дұрыс тәрбие беру.

Басқа балалармен ойын кезінде баланың эмоционалды портреті айқындалады.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін оқу іс - әрекетін ұйымдастыруда баланың эмоционалды көңілінің ықпалы зор.

Мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды компоненттерін есепке алу қажет деп санаймын. Білім беру жолдары және әр түрлі іс - әрекет кезінде баланың эмоционалды көңіл - күйіне ойын ықпал етеді. Ойындарды әр ұйымдастыру оқу іс-әрекетінде қолдану қажет. Эмоционалды компоненттiң функциялары адамның бағалы құндылықтарының ең маңызды шарттары.
Психологтар эмоция парасатының 5 тармағын ерекшелейдi.

1. Сезiм, яғни ол пайда болатында сезiмді ажырату. (өзін-өзі тану)
2. Олар лайықты шеңберлерден шықпау үшiн сезiммен қарап анықтайтын эмоциялармен басқару.
3. Эмоцияларды бақылау - бұл қабiлеттiлiкті арттыру, тыныштық күйiне өзiн келтiру.
4. Өзара арақатынастардың сүйемелдеу.

5. Жас ерекшелікке байланыстысы мiнездемелер.

Мектеп жасына дейінгі кіші балалар ертегiлердiң кейiпкерлерiне еліктейді және қиыншылықтарына болысуға ниет қылады.

Негізгі эмоцилар: ренжу, қуану, тынышталу, қорқу.

3 - 5 жаста құрдастарына құштарлық сезімі дамиды. Жаңа әзiлдесу сезiмi оянады, әзiлдердi түсiнедi және әзiлдеуді жақсы көредi, өз эмоцияларын баяулатып, кез келген ым арқылы және ымдап сөйлесу эмоциялардың сыртқы белгiлерiн бiлдiреді. Негiзгi эмоциялары: қайғы, ашу, қорқыныш, таңдану, қызығушылық. тыныштық, қуаныш.
5-6 жаста - мектепке баратын уақыттың жақындауын сезiнедi:біреулер үрей сезiмдерi. ал, екіншісінде қуаныш сезiмдері пайда болады. .
Негiзгi эмоциялар: қорқыныш, ашу, ыза, қайғы, таңдану, мүдде, тыныштық, ар, жазалау, қуаныш, күндеушiлiк, жеркенушiлiк.

Эмоционалды көңіл-күйдің дамытуы осындай бөлiмдерден тұрады.
Мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды дамуында (театр) сахналаудың әсері маңызды болады. Өздеріне көптеген жақсы әсер алады.

Эмоциялар, бiр жағынан, бала күйiнің индикаторлары болып табылады, екіншіден оның танымдық процесстерi және мiнез-құлық, логикаларына оның ықыласы, қоршаған ортаны қабылдауды ерекшелiктiң бағытталғандығын анықтауда ықпал етедi деп есептеймін.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында бала тәрбиесі мен білім беру жүйесін нығайтуда баланың эмоциялы күй-жағдайына көбірек көңіл бөле отырып дамытудың негізгі мәселесі болып қарастырылған. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелеуіне орай, бүгінгі таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе.

Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың бойында неғұрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп, ойындар ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне кіріп кері әсерден арылуға көп мүмкіншілік жасау қажет.

Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық күйінде көрінетін жағымды және агрессия түрлерін ашып көрсетіп олармен жұмыс жасау мақсатын алға қойсақ дегім келеді.

Мінезді тәрбиелеу жолдары

Мінез бітістерінің алғашқы саңылауы мектеп жасына дейінгі кезеңде көріне бастайды. 5 жастағы балалардың мазмұнды, рөлді ойындарынан мінез бітістерін көрсететін жолдастық ұжымшылдық, ұстамдылық сияқты сапаларды байқауға болады. Оларда мәдени мінезқұлықтың қарапайым ережелеріне түсіне алушылық және ол ережелердің кейбір нақтылы түрлерін іс жүзінде орындай алушылық және ол ережелердің кейбір нақтылы түрлерін іс жүзінде орындай алушылық жиі кездеседі. Жас балалардың мінез бітістерінің көпшілігі ересек адамдардың ісіне, мінезқұлқына, өзгерісіне еліктеу арқылы қалыптасып отырады. Содықтан тәрбиешілердің жеке басының өнегесі, беделі балаға дұрыс із қалдырғандай үлгілі болып келуі тиіс.

Бала тілінің шығуы, осының нәтижесінде оның өз маңайындағылармен біртіндеп пікірлесе алуы, мінез бітістерінің іргетасының қалануында ерекше маңыз алады. Мәселен, бала біртіндеп “жаман”, “болады”, “болмайды” деген ұғымдардың мәніне түсіне бастайды. Осы ұғымдардың ішкі мәніне біртіндеп түсіну арқылы бала мінез-құлықтың негізгі сапаларының (тәртіптілік, ұстамдылық, борыш сезімі т. б. ) алғашқы нысаны қалыптасады. Осы кезде бала өзінің және басқалардың мінез-құлқына өзінше баға беруге тырысады. Экспременттік зерттеулер алты-жеті жасар балалардың өз мінез-құлқын біраз тежеп, бақылай алатындығын, ал осы жағдайдың үш-төрт жасар бөбектерде көрінбейтіндігін байқатады.

Адамның мінез бітістерінің түрлері қаншама көп болса, бұларды тәрбиелеудің жолдары мен әдістері сан алуан.

Мінез бітістерін тәрбиелеу әдістері бірнеше топқа бөлінеді. Осындай әдістердің біріне адамдардың санасына әсер ету, яғни сөзбен ұғындыру әдісі жатады. Осы әдіс арқылы адамға қажетті мінез бітістерінің қандай болатындығы, бұларды қалайша тәрбиелеу қажеттілігі түсіндіріледі. Оқушылардыңсанасына сөзбен ұғындыру арқылы оқушылардың дүниетанымы мен сенімін, талғамы мен мұратын қалыптастыруға мүмкіндік туады. Ол үшін көркем әдебиет, газет-журнал шығармаларын, радио, кино, телевизор тағы басқаларды ретімен падаланып отыру-мінез тәрбиесі үшін таптырмайтын құралдар. Бала мінезін тәрбиелеуде отбасының, ұжымның ұлы адамдардың өнегесінің алатын орны ерекше. Осы әдістердің ішінен мына төмендегілер:

  1. Мекетеп оқушыларына ерік жігері аса күшті, ікерлігі мықты адам ретінде пофессор А. А Любищевтің өмірінен нақты мысалдр келтіру, мұны үлгі өнеге ретінде ұсынуға болады. Жасы сексенге келген ғалым зоология, генетика, философия ғылымдары саласында 500 табақтан астам еңбек жазған. Оның өмірі- уақытқа деген құнттылық, барынша ұйымшылдық, өз күші мен мүмкіндігін сарқа жұмылдырудың теңдесі жоқ мысалы. Ол елу жыл бойына күн сайынғы тыныс-тіршілігіне бүкпесі есеп жүргізіп, оның егжей - тегжейіне дейін жазып отырған. Мәселен, жая не көлікпен жүргенде, біреуді күткенде, кезекте тұрғанда, біреумен сөйлескенде, хат жазғанда, газет-журнал оқығанда, т. б. сан алуан жағдайларда әр минутты есептеп, оны тиімді пайдалануға тырысқан. Тәуліктің он сағаты бойына үздіксіз жұмыс істеп оның минутын дәлелдеп есептеген. Әр айдың әр жылдың соңында іс-әрекеттің нәтижесін шығарып, оған талдау жасап, жұмыстың орындалуын күнге, айға, тоқсанға, жылға әр түрлі ұзақ мерзімдерге бөліп қойған. Оның пікірінше, адамда артық, бос уақыт болмауы тиіс, тынығу дегеніміз іс-әрекеттің бір түрінен екіншісіне көшуі, кез келген уақыт ол үшін игілік көзі, оны бос өткізу ғылым санасынан орын алмайтын ұлы адамдардың өмірі туралы балаларға әңгіме айту олардың осы тақырыпқа байланысты кітап оқуына дұрыс басшылық жасап, бағыт беру, оқығандары жайлы әңгімелесу, пікірлерін тыңдау, мұғалімнің тәлім-тәрбие жұмысынан елеулі орын алып отыруы қажет.
  2. Балалар ұжымы оқушы мінез бітістерін дамытатын және оны тереңдете түсетін шешуші фактор. Белгілі дәстүрі, жұмыс стилі барбалалар ұжымы өзінің әр бір мүшесіне түрлі талаптар қояды, олардың орындалуын үнемі қадағалап отырады. Келе - келе ұжымның жеке адамға қоятын талап - тілегіне да айналатын болады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ми және психика
Дарынды баланың психикасын зерттеу
ПЕДАГОГ ПСИХОЛОГТЫҢ ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУІ
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің мазмұны
Психологиядан дәрістер жинағы
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани - адамгершілік дамуын талдау
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, бағыттары
Патриоттық тәрбиенің мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz