1836-1838 ЖЫЛДАРДАҒЫ ХАЛЫҚ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Халықаралық Тараз инновациялық институты

ӘӨЖ94(574) : 20 Қолжазба құқығында

ОМЫРАЛИЕВА АСЕЛЬ САРСЕНБЕКОВНА

1836-1838 ЖЫЛДАРДАҒЫ ХАЛЫҚ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

7М02201 - «Тарих»Білім беру бағдарламасы

Тараз, 2022

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Халықаралық Тараз инновациялық институты

«Қорғауға жіберілді»

«»

кафедра меңгерушісі

«__»ж.

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ / МАГИСТРЛІК ЖОБА

тақырыбы:

1836-1838 ЖЫЛДАРДАҒЫ ХАЛЫҚ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

7М02201 - «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алу үшін (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Жоғары оқу алғаннан орнынан кейін кейінгі А. Е. Сарсенова

білім Абылайхан беру қазақ орталығының халқының тарихында жетекшісі кемеңгер (қолы) мемелекет (аты-жөні)

Ғылыми жетекшісі,

PhD Ж. Ж Кумганбаев Ж. Ж. __

(қолы) (аты-жөні)

Магистрант А. С. Омыралиева

(қолы) (аты-жөні)

Тараз, 2022
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. 1836-1838 ЖЫЛДАРДАҒЫ ХАЛЫҚ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1. Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісінің себептері, барысы . . . 8

1. 2. Исатай-Махамбет көтерілісі қалай зерттелді . . . 15

2. 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық қозғалысы туралы 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі зерттеулер.

2. 1. Ұлт-азаттық көтерілістердің туу себептері . . . 30

2. 2. XIX-ғасырдың II- жартысындағы Кіші жүз жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар . . . 49

  1. 1836-1838 ЖЫЛДАРДАҒЫ ХАЛЫҚ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖАҢА КЕЗЕҢДЕ /1920-1990/

3. 1. 1920-1940 жылдар аралығындағы зерттеулер . . . 61

3. 2. 1940-1990 жылдары жарияланған еңбектерде 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілістің баяндалуы . . . 70

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 80

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 83

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . 1836-1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп, қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.

Ресей помещиктері Юсупов пен Безбородконың Каспий теңізі жағасында көлемі орасан зор жер телімдері болды. Жайық әскери кеңесі Үлкен және Кіші Өзен бойындағы және Қамыс-Самара көлдерінің төңірегіндегі жерлерді өз пайдасына басып алды. Жайық бойындағы жерлерді Жайық қазақ әскерлері иемденді. Қазақтардың кесіп өтіп, жағалаудағы жайылымдарды пайдалануына қатаң тыйым салынды. Далалық қазақтар ішкі жақ бетке, ішкі жақ қазақтары далалық сыртқы жақ бетке өте алмады. Жердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтар жерді Астрахан губерниясының шаруаларынан, Жайық қазақтарынан, жер иеленуші ірі помещиктер мен қазақ байларынан қымбат бағамен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Жәңгір хан тарапынан салынатын алым-салық түрлері де еңсені езіп жіберді. Ол өз жеке басының пайдасына жинап алынатын бірыңғай салық түрін енгізді. Патша үкіметі ханның өзі жасап алған фискальдық қаржы жүйесіне араласпады.

1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты. Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын.

Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы жақсы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руының жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді.

Исатай Тайманұлының ең жақын серігі ақын Махамбет Өтемісұлы болды. Ол татар және орыс тілдерін жақсы білетін. Біраз уақыт Орынбор қаласында тұрған. Махамбет Өтемісұлы белгілі орыс жазушысы әрі этнографы В. И. Дальмен жақсы таныс болды. В. И. Даль Орынбор генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунік қызметін атқаратын. Махамбет саяхатшы ғалым Г. С. Карелинмен де тығыз қарым-қатынас жасап тұрған. Г. С. Карелин әр кездері Ішкі Ордада және Орынборда қызмет істеген болатын. 1836 жылғы ақпанда көтерілісшілер Жәңгір ханға қарсы ашық шабуылға шықты. Мұның басты себебі Исатай Тайманұлының Хан ордасына қыр көрсетуі болды. Ол ханның шақыруына барудан үзілді-кесілді бас тартты. Оның үстіне, өзіне қарасты ауылдарды қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен жасағын топтастырды. [1. 7-8 б. ]

1836 жылғы көктемде көтерілісшілер қосынына Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған қарулы хан жасағы жақын келді. Оған қарсы Исатай Тайманұлы жақсы қаруланған 200 жігітті өзі бастап шықты. Ол қолына ту ұстап шығып еді. Қарсыласын жекпе-жек шайқасқа шақырды. Бірақ Қарауылқожа Бабажанұлы да, оның төңірегіндегілер де жекпе-жек шайқастан бас тартты, батырдың ұсынысын қабыл алмады. Хан жасағы үлкен шайқасқа шығуға бата алмай шегініп кетті. Көтерілісшілер өздерінің қосынына қайтып оралды. Исатай Таймановтың көтерілістің басшысы ретіндегі атағы бүкіл Кіші жүзге мәлім болды.

Жәңгір хан мен оның төңірегіндегілер Исатайға жала жабуға көшті. Бір барымта кезінде сойылға жығылып қаза тапқан бір жылқышы қарттың өліміне Исатайдың және оның адамдарының қатысы бар дегенді дәлелдеуге тырысты. Исатай Тайманұлы бұл жаланы Жәңгір ханның келісімімен Қарауылқожаның ұйымдастырғанын жақсы түсінді. Қарауылқожаның үстінен Жәңгір ханға шағым түсіру ұйғарылды.

1836 және 1837 жылдары шағым мен петиция беру арқылы Исатай Тайманұлы Жәңгір хан және оның төңірегіндегі жандайшаптарды қалың көпшіліктін көз алдында әшкерелемек болды. Шағым-петиция жолдау жаппай наразылық шеруіне ұласты. Мұндай алғашқы шеруге 1836 жылы өте көп адам қатысты, Жәңгір хан халықтың қаһарынан шошып кетті. Исатай батыр халық қалың жиналған Толыбай шатқалында өз өтінішін табыс етті. Жәңгір хан оның айтқан талаптарын түгел тындап шығып, қордаланып қалған проблемаларды 12 күннің ішінде шешуге уәде берді. Бірақ ол уәдесінде тұрмады. Сөйтіп Жәңгір хан халық алдындағы беделінен айырыла бастады.

1836 жылдың күзінде Исатай Тайманұлы әр түрлі рулардың ауылдарын аралап жүріп, Жайық қазақ әскерлерінің иемденіп отырған жерлерін өз беттерінше тартып алуға шақырды. Көтеріліс көсемінің халық арасындағы беделі мен абыройы күн санап арта берді. Көтерілісшілер хан жасағына есеңгірете тойтарыс берді. Ханның төңіресіндегі жандайшаптардың бірі би Б. Құдайбергенұлы серкеш руының қазақтарына шабуыл жасады. Серкештер көтерілісшілердің жағында еді. Исатай серкештерге шабуыл жасағандарды жазалау үшін құрамында 270 сарбазы бар қарулы жасақты жұмсады. Олар әлгі бидің ауылын шауып, толық күйзелтіп кетті.

1837 жылдың бас кезінде көтерілісшілерге байбақты руының беделді старшыны Жүніс Жантеліұлының қолы келіп қосылды. Енді көтеріліс аумағының шекарасы кеңейе түсті. Көтерілісшілердің қатары да ұдайы арта берді. Көтеріліс ауқымынан қауіптенген Орынбор шекара комиссиясы Исатай Таймановты ұстап алып, ісін сотта карауға тапсырма береді. Бұған қарсы көтерілісшілердің басшысы генерал-губернатор В. А. Перовскийге шағым жасады. Өлке басшысының қазақтарға деген көзқарасы жаман емес еді. Бірде үйлену тойын өткізіп жатқан қазақтарға шабуыл жасап, тонап кеткені үшін Перовскийдің жүзбасы Бухматов пен бір топ қазақты мың адамдық саптың ортасынан өткізе дүре соққызып, оларды әскери қызметтен біржола қуып жібергені белгілі болатын. Бірақ ол өлке билеушісі ретінде патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізді.

Исатай батыр оған жолданған өтініш-шағымында былай деп жазды: «Біздің өтініштеріміз бен шағымдарымызга ешкім де құлақ аспайды. Біздің мал-мүлкімізді талан-таражға салып, тонап кетеді. Сөйтіп біз император тақсырдың қол астына адал ниетпен берілгендігіміз жөнінде ант қабылдаған бола тұрсақ та, күн сайын қорқынышты үрей кешеміз» .

1837 жылдың жазы мен күзінде көтерілісшілер ірі байлардың ауылдарына шабуылды күшейтті. Сол жылы күзде құрамында 200 сарбазы бар жасақ Қарауылқожа Бабажанұлының ауылын шауып, құл-талқан етіп кетті. 50 адам, соның ішінде 2 сұлтан тұтқынға алынды. Көтерілісшілердің елеулі күші бірте-бірте Хан ордасына жақындап келе жатты. Көтерілісшілер Жәңгір ханды жақтаушылардың мал-мүлкі мен шұрайлы жайылымдарын басып алумен болды.

Көтерілісшілер Астрахан губерниясы Чернояр уезінің аумағын да басып өтті. Онда қалмақтар мен қарақалпақтардың және татарлардың ауылдарына шабуыл жасап, талқандап кетті.

Көтерілісшілердің келесі бір шағын жасағы Балшықты қамалы маңында сұлтан Медетқали Шоқаұлының ауылын шауып кетті. Сұлтанның дүние-мүлкі мен малын олжалады.

Зерттеу жұмысының алға қойған мақсаттары мен міндеттері.

Зерттеу жұмысында патшалық Ресей және Кеңестік кезеңдегі тарихшылардың халық азаттық қозғалыстың ақиқатын бұрмалау себептерiн бүгiнгi күн тұрғысынан тарихшылардың сонғы жылдары жарық керген ғылыми енбектерiне сүйене отырып ашып көрсетуді мақсат еттім. Сонымен қатар, патша өкіметі кезіндегі және кеңестiк тарихшылар ұлт-азаттық қозғалыстарды жеке-жеке, бiр-бiрiмен байланысы жоқ, кенеттен болған оқиға ретiнде керсетiп келдi. Сонғы жылдарда жарық көрген зерттеушiлердiң еңбектеріне сүйене отырып, ұлт азаттық қозғалыстардың, атап айтканда, Исатай мен Махамбет бастаған көтерiлiстердiң бiр-бiрiмен және басқа көтерiлiстер мен тарихи сабақтастығын ашып көрсетуді мақсат етiп отырмын.

Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негіздері .

Тәуелсiздiк тағы бір саласы - рухани тәуелсiздiк. Кешегі кеңес заманында социалистік идиологияның кұлы болған зиялы қауым, тарихшылар ендi жаңа мұраттар iздеуде. Елiмiздiң тарихын қайта қарап, обьективтi түрде жазуда. Сол сиякты мен де өзектiлiгiне орай "Кiшi жүз жерiндегi халық - азаттық козғалыстар тақырыбын зерттеу жұмысыма арқау етiп алдым. Патшалық Ресейдің отары болған кезеңде және Кеңес өкіметі тұсында жазылған еңбектерде де халық-азаттық қозғалыстардың шынайы тарихи бағасы берiлмеді. Ғылыми жұмысты жазуға тарих ғылымында бұрыннан белгілі тарихилық, жүйелік және Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тарихын жаңаша көзқараспен жазу, қалыптасқан объективтік және сыншыл талдау мен сараптау принципі алынды. Жұмысты жазу барысында нақты-тарихи, талдау, жинақтау және қорыту әдістері, сонымен қатар логикалық әдістер қолданылды. Өткен ұрпактардың жалпы ұлттык биiк мұраттар жолында жүрiп өткен жолын, осы жолда жиған мол тәжiрибесiн, жеткен жетістіктерi мен жiберiп алған қателіктерін ой таразысынан өткізу - отандық тарихтану ғылымының негізгі міндеттерінің бірі. Өмiр сұранысына сай жоғарғы ғылыми теориялық және методологиялық тұрғыдан жазылған тарихи зерттеу жұмыстарының қоғамның тарихи санасы мен тағылымының қалыптасуына, мемлекеттік идеологияға ыкпалы зор.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Жұмыстың деректік негізі Кеңестік және Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде жарық көрген барлық зерттеу жұмыстары, баспасөз және құжаттық жинақтардағы материалдар болып табылады. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым, Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері дерек көздері ретінде алынды. Көтерiлiс туралы зерттеулердiн деректік негіздері ауызша тарихнама мен халык жадында сақталған мәліметтермен толыға түсті. Өткен ғасырдын 20-30-жылдары Ы. Шерековтың, А. Маметовтің, Т. Байшеркешовтің шығармалары мен iзденiстерi, жазушылар К. Жумалиевтiн, Б. Аманшиннiң. Ә. Сарайдың еңбектерiнде жалғасын тапты. Бұлардың жұмыстарында мұрағат материалдарын да пайдалану да сезіледі, бірак олардын басты кемшiлiгi салыстырмалы талдаудың, яғни деректердi iшкi, сырткы сынға алудың аздығы болды. Яғни, аталмыш авторлар енбектерiнiң ғылыми аныктама аппаратымен жабдықталуы оларды тарихнамалық тұрғыдан талдауды көрсетеді.

Диссертациялық жұмыстың маңыздылығы . Тарихнамалық зерттеудiң манызды бөлігі болып табылатын теориялық методологиялық мәселелер қазақ көшпелi қоғамының формациялық табиғаты және Ресейдегі азаттық қозғалыстың бiрлiгi, оны құрайтын орыс пролетариатының әлеуметтік күресiнiң шаруалардың аграрлық және орыстан басқа халыктардың халық -азаттық қозғалысының бiр арнада дамытқаны, олардың тұтастығы туралы концепция эволюциясына сәйкес өзгерiп отырды. Кеңес дауiрiнiң бар кезеңiнде де, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс қазақ қоғамында таптық қайшылықтардың болғандығының айқын белгісі, яғни Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауына берік алғы шарттары болғандығы туралы идея аясында баяндалады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Казакстандағы халық-азаттық қозгалысының, оның iшiнде Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерiлiстiң тарихнамасы толық зерттелдi. Зерттеліп отырған тақырыпқа қатыстылығы жөнiнен Ғ. Д. Мухтарованың «XVIII ғасырдың сонғы ширегі XIX ғасырдың 70-жылдарындағы қазақ халкының халық - азаттық күресі» деген кандидаттык диссертациясын және осы тарихнамалық проблема бойынша жарияланған мақалалары бар [2. ] . Көтерiлiс жөнінде және Бөкей хандығының тарихы жөнiнде құжжаттар жинағы жарық көрдi [3. 347 б. ] . Осыған қарамастан «Бөкей хандығынын тарихы» жинағының алғы сөзiнде аталмыш көтерiлiс жай ғана «қарсылық қозғалысы» болды деген пiкiр жалғастырылады [4. 171 б. ] . Отандык тарихнамада орын алып келе жаткан кейбiр кайшылыкты пiкiрлер мен Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жыл толуына байланысты өткiзiлген ғылыми-теориялыкқ конференциядағы баяндамаларда да 1836-1838 жылдардағы халық қозғалысы туралы тың ойлар ортаға салынды [5. 27-28 б. ] . Мұның өзi де 1836-1838 жылдары Бөкей ордасында, кейiн Жайық өзенiнiң азиялық бетiнде орын алған Исатай мен Махамбет бастаған көтерiлiстiң барысы, заңдылықтары мен ерекшелiктерi, сипаты мен оның қазақ қоғамына тигізген ыкпалы, Халық-азаттық қозғалысындағы орны мен рөлiн бiр жарым ғасырдан астам уакыт зерттеп келе жатқан тарихшылар, этнологтар, географтар, жазушылар мен басқа да авторлардың еңбектерiн бiр арнага түсiрiп, олардың iзденiстерiнiң теориялық методологиялық негiздерiн анықтауды, арнайы жүйелі зерттеуді қажет етті.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы . Махамбет пен Исатай бастаған көтерілістің себеп-салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызына тоқталу. XIX ғасырдағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысында атқарған рөліне түсінуге жетелеу.
Өз елімізді бабаларымыз сияқты елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге, туған халқының дәстүріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Отан тарихын зерттеу, жан-жақты жеке тақырып ретінде қарастырылуынан туындайды. Кеңестік жүйе кезеңіндегі саяси халық - азаттық көтеріліс себептерінің зерттелу деңгейі анықталады. Тәуелсіз Қазақстанда халық - азаттық көтерілісі тарихи зерттеулерден көрініс табуына баға беріледі.

Зерттеу жұмысының ғылыми-қолданбалық құндылығы 1836-1838 жылдардағы халық - азаттық қозғалысының зерттелуі халқының қамын ойлаған қазақ зиялылары елінің еркіндікке жету жолында қандай кезеңдерден және қиыншылықтардан өткендігін түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан да ізденіс нәтижелерін XX ғасыр басындағы Қазақстан тарихы баяндалған оқулықтарда, арнаулы курстарда, семинар сабақтарында қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы.

Зерттеу жұмысы кіріспеден, қорытынды бөлімдермен қатар үш тараудан және пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.

  1. 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық қозғалысының тарихының мәселелері

1. 1. Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісінің себептері, барысы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исатай - нағыз батыр
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс белестері
Қазақ халқының тарихында Сырым батыр қозғалысының негізгі өшпейтін маңызы міне осында
Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс
Банктік тіуекелдер және оларды бағалау әдістері
Кіші жүздегі Сырым батыр бастаған ұлт - азаттық қозғалыс
Көтерілістен кейінгі Махамбеттің өмірі
Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі (XVIII – XIX ғғ.)
ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстанның өзекті мәселелері
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz