Экологияның жалпы проблемалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
5.Экологиялық бөлім
5.1.Экологияның жалпы проблемалары
Экологиялық проблема -- адамның табиғатқа және керісінше табиғаттың адамға тигізетін қолайсыз әсерлеріне байланысты туындайтын кез келген құбылыс. қалалардың үстін, 2000 - 2500 м биіктік көлемінде газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл түтін басып тұрады. Осындай көрініс біздің қалаға тән құбылыс.

Осындай құбылыстардын қала ішіне күн сәулесінің ультра күлгін сәулесі жетпейді. Сондықтан қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарайтын микробтар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз, тері, өкпе дерттерін адамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға шалдығады. Атмосфераның түтін және газ қосындыларымен ластануы адам денсаулығына зиянды құбылыстар туғызады. Бұл құбылыс әсіресе метеорологиялық жағдайдың әсерінен ауа сирек алмасатын қалаларда жиі кздеседі оны смог деп атайды. Ағылшын сөзі - тұман деген мағына береді. Фотохимиялық тұман өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне, сондай - ақ адамзат баласына өте үлкен зиян келтіруде. Осы жағдайларға сәйкес шет елдің мемлекеттерінде және біздің республикамызда атмосфералық ауаны қорғау мақсатында автомобильдердің қозғаушы күшін жетілдіру, нейтрализаторлар орнату, газбен электр қуатымен жүретін электромобильдерді шығару мәселесі туып отыр. Ауаның жер бетіндегі қабатын автомобиль және өнеркәсіп газдары мен түтіннен тұратын қалың тұман басады. Күн сәулесі жиналған газдарды ыдыратып улы қоспалар түзеді. Ол кезде адамдардың көзі ауырады, өкпесін улы газ толтырады, үздіксіз жөтеліп, тынысы тарылады. Бұл орасан үлкен күйзеліске ұшыратады, жүздеген, мыңдаған адамдардың өмірін алып кетеді. Ядролық жарылыстың зәрлі сәукелелері бірде - бір сауатты және саналы адамды тыныш қалдыру емес. Семей атом полигонінде болған оқиға былай сипатталады. Атом бомбасын жару үшін жергілікті халықты көшіріп, сынақ өткенше бір жеті халықты басқа жерде ұстаған. Ал ауылда үлкенді - кішілі 54 адам қалған, олар атом бомбасы жарылған жаққа қарап қара түтіннің ішінен қызылды - жасылды оттарды көріп тамашалаған. Сол адамдардан күні бүгін біреуі де қалмай барлығы өліп қалған. Қазіргі кезеңде адамның экологиялық ортасы - қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Қала ортасы адамның басты санасы - оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық - түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транспорттық қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, тұрмыстық химияландырылуы, гиподинамия, дұрыс тамақтанбау зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы.

Осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады. Қала халқының басым бөлігі демалысын қаладан тыс табиға жағдайда өткізуге тырысады.
Экологиялық проблемалар адамзаттың басты проблемасына айналды, ол барлығының және жекелеп алғанда әрбір адамнын мүддесіне тікелей қатысты. Қазіргі кезде дүниежүзілік барлық елдерінде қоршаған ортаны бүлдіру арқылы қоғам өз келешегін жоятынын мойындау түсінігі бірте-бірте өсіп келеді. Біз, адам өзінің техникалық жабдықталу жетістіктерінің арқасында бақты күшке ие болдық, ал шексіз кеңістік болып есептеліп келген жер шары аса Шсктеулі, тез тарылып қана қоймай, бірнеше сағатта жоқ болатын осал шарға айналған дәуірде өмір сүріп отырмыз. Әр түрлі континенттің адамдары өмірлік маңызды экологиялық байланыстың арқасында бір-біріне жалғасқандай болып шықты, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы экологияға кіріспе
Химиялық экология пәні, қысқаша даму тарихы
Экологияның ғылым ретінде анықтамасы
Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасуы
Жалпы экология және оның даму тарихы
Экологиялық тәлім-тәрбиенің қазіргі мәселелері
Биоэкологиялық зерттеуледің жаппай сипат алу кезеңі
Экология ғылымының басқа салалармен байланысы
Экология ғылымы туралы ақпарат
Қоршаған ортаның проблемалары
Пәндер