Жеке тұлғаны дамытудағы шығармашылық жұмыстың рөлі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе. Жеке тұлғаны дамытудағы шығармашылық жұмыстың рөлі. Әлемдік білім беру кеңестігіне толығымен кірігу білм беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа берген Жолдауында атап көрсетуі, әрбір пән мұғалімін оқушыларға кәсіби біліктілік және адамгершілік қасиеттерін білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде қолдануға міндеттейді.
Қоғамның әлеуметтік - экономикалық және саяси бағыттардағы өрлеуіндегі өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр.
Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажетттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет делінген.
Сол білім беруді дамыту ісі жеке тұлғаға мәдени - тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді, білім берудің арнайы таңдап алынған мазмұны мен нысандарын беру болып табылады. Нәтижелі білім алудың мәнісі сол, мұнда оқушының іс-әрекеті оның жеке басының әлеуметін іске асыруға негізделген және оның оқытылатын пәндер мен салаларға сәйкес келетін білім алуын талап етеді.
Сондықтан барлық пән мұғалімдері сияқты математика пәні мұғалімдері алдында өмірге жан-жақты дайындалған, еңбек сүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу қажеттігін дамыту мәселесі тұр.
Баланы ізденушілікке баулу, оған іздену дағдысы мен білігін игерту - бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Білім берудің бұл түрінде жетекші орын оқытудың зерттеушілік, шығармашылық әдістеріне беріледі.
Ал шығармашылық жұмыстың жемісі осы мақсат пен міндетті дұрыс қоя білумен тікелей байланысты. Мақсатты қояр алдында оқушылардың танымдық деңгейі де ескерілуі қажет.
Оқушылар жұмыс барысында алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, өз бетінше таңдаған тапсырмаларға жауап іздейді, өз бетінше жұмыс жүргізіп, оны қорытындылайды, өз біліміне өзіндік бақылау жасайды. Бұл бақылау оқушының тұлға ретінде меңгерілген тақырыпты сапалы түрде тиянақтауы болып табылады.
Өздігінен жұмыс жасаудың негізгі мақсаты - оқушыға берілген материалдарды терең түсінуге көмектесу, өз бетімен іздену дағдыларын қалыптастыру, өз жұмысының маңызын ұқтыру екендігі даусыз.
Сабақтардағы оқушылардың орындайтын шығармашылық жұмыстардың барлық түрлері оқушының өздігінен жұмыс жасауына мүмкіндік беретін, өздігінен жұмыс жасауын қалыптастыруға жағдай жасайтын әдістің бірі екендігі анық. Шығармашылық жұмысын ұйымдастыруда төмендегідей оқытудың төрт принциптерін басшылыққа алуы тиіс.
Олар:
І. Оқыту принциптерінің ішінде ерекше рол атқаратын бастыларының бірі - белсенділік принципі. Оқушының кез - келген іс-әрекетінің түрлері, оның алдына қойылған міндеттерді орындау белсенділігімен байланысты болады. Сондықтан үйретуші тапсырмалардың құрылымы әрекетке құрылуы және пән бойынша білім берудің біртұтас компаненті ретінде қарасытырылуы керек.
ІІ. Оқушының біліктілігі мен дағдысын, ғылыми ізденісін қалыптастыру оқытудың ғылымилық принципімен байланысты. Компьютерлік оқыту жүйесінің мазмұнына сай MSWORD текстік редакторын, EXCEL электрондық кестесін, PASCAL, VISUALBASIC бағдарламалау курстары материалын меңгеру барысында оқушылар математикалық есептеу, жүйелік талдау, математикалық модельдеу, т.б. танымының ғылыми әдістерін меңгеруі және қолдануы тиіс.
ІІІ. Адамның таным процесі нақты фактілері мен құбылыстарды сезімдік (көру, есту) қабылдаудан басталады. Ол оқытуды аңғарып қараудан бастауды талап етеді. Осыдан барып көрнекілік принципі шығады.
ІV. Білім жақсы меңгерілуі үшін, олар түсінікті, ретке келтірілген болуы керек және бұрынғы бар білімді біртіндеп толықтыратындай болып іріктелуі тиіс. Бұл жүйелілік принципінен көрніс табады.
Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі - таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оқытудың процесінің проблемаларының жүзеге асуының негізгі кілті - оқушы ізденісі мен шығармашылығы, белсенділігі.
Математика пәні мұғалімінің басты міндеті - оқушының әрбір ұғымды, терминді, заңдылықтарды жаттанды қабылдамай терең ұғынып, теориялық білімдерін толықтырып және практикада қолдана білуге, өз пікірін дәлеледеуге, талдау жасауға, қортынды жасауға үйрету.
Бұл мұғалімнен үнемі талмай ізденуді, дидактикалық әдістемелік деңгейін үздіксіз жетілдіруді, сабақ өткізудің тиімді жолдары мен әдістерін қарастыруды талап етеді.
ІІ.Негізгі бөлім. Жобалау әдісінің негізгі идеясы және жобалық іс-әрекеттер кезеңін жоспарлау үлгісі.
Адам бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашып, әр адамның өзін сезіне білуіне ішкі табиғатын ашуға көмектесетін, өзін шығармашылықпен ұштастыруға бағыт беру тікелей педагогқа байланысты. Сондықтан педагогтарға қойылып отырған талаптың жүгі де ауыр, міндеті де күшті.
Тұлға - дербес әрекет ететін субьект ретінде нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің жеке нысаны.
Ал, осы тұлғаны қалыптастыру әр педагогтың өз шеберлігіне байланысты. Жеке тұлғаны қалыптастыруда әдіс-тәсілдердің қай-қайсысы өз жемісін беріп жатса сол тиімді болмақ.
Бүгінгі таңда П.М.Эрдиниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы т.б. жаңа технологиялар кеңінен танымал.
Қазіргі заман талаптарына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін, іскерлігін және белсенділігін дамыту мақсатында мұғалімнің меңгеруі тиіс жаңа технологиялардың бірі - жоба әдісі болмақ..
Қазіргі жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалар бар:
* Баланы оқи білуге үйрету
* Баланы ойлауға үйрету
* Баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау
Осыған сай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер болып жатыр.
Білім мазмұны да оқушылардан өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған, яғни оқушыларды зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек.
Сондықтан да жобалау технологиясын ұйымдастыру тақырына арналған бұл жұмыстың өзектілігі осында.
Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған психолог және педагог, философ Джон Дьюи.
Дьюидің ілімін жалғастырушы - Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің Уильям Херд Килпатриктің ойынша, бұл технолгоияның негізі - балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау.
Бірақ оның негізі, түпкі мақсаты қай кезде де оқушыны білім алуға және сол білімін мектеп қабырғасынан шыққанда нақты проблемаларды шеше білуде қолдануға үйрету болмақ.
Қазіргі таңда жобалық әдіс практикалық тапсырмаларды орындау барысында, жобаларды жоспарлау және орындау үрдісінде, білімі мен іскерлігін есепке алу кезінде ең тиімді оқу жүйесі ретінде қарастырылады.
Жобаларды жоспарлау және орындау үрдісінде әр түрлі іскерлікті қабылдайды: еңбекқорлыққа, өзіндік шешім қабылдауға, өздігінен білім алуға, жауапкершілікке, терең ойлауға, тапқырлыққа тәрбиеленеді.
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат - оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады.
Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады.

Оқушының іс-әрекеті
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушы - оқыту субъектісі
Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы
Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект
Бағыт-бағдар беруші, кеңесші
Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы
Оқушының жетістігін құптаушы
Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі
Ынталандырушы, мақсат қоюшы
өз ізденісімен табысқа жетуші, шығармашылық тұлға
Мақсаттарға жетелеуші

Сонымен, жобаның тиімділігі - көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынта, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
Жобалық технологияны сабақтың түрлі кезеңдерінде қолдануға болады:
* Сабақ бастапқы кезеңінде - проблемалық ситуация туғызу мақсатында
* Белгілі бір тарау немесе тақырыпты бекіту бөлімінде - теорияны практикада қолдану мақсатында
* Қортынды қайталау сабақтарында - оқушы білімін тереңдету, кеңейту мақсатында.
Жобамен жұмыс түрі:
* Жеке
* Топтық (топ жетекшісі мәліметтер қорын жинайды, партполио жасайды)
Жобалау кезеңдері:
І. Дайындық кезең:
- мұғалім оқушыға өмірлік тәжірибеден ситуацилар, құбылыстарға сілтеме береді
- дайын тақырыптар ұсынылады
- педагогикалық мақсаттарды мұғалім өзі анықтап, ұсынады
- жобалық іс-әрекет мақсаты күтілетін нәтижеге сәйкес бірлесіп анықталады
- жобаның нәтижесі туралы өз ойы немесе ғылыми тұжырымдамаға сүйене отырып оқушы өзі анықтайды
ІІ. Құрылымдық кезең:
Мұғалім жобамен жұмыс жоспарын ұсынып, талқылауды ұйымдастырады.
жоба міндеттерін шешуде қандай әдістерді қолдануға болатыны туралы талқылау ұйымдастырады
әдіс-тәсілдердің тізімін беріп таңдатады:
* әдебиеттер көзін зерттеу, талдау.
* теориялық моделдеу, жүйелеу.
* сауалнамалар, интервью
* интернет, сұраныстары
* бақылау, экспиремент
* статистикалық өңдеу әдістері т.б.
Жобаны орындаудың мүмкін болатын бірнеше нұсқаларын қарастыру және ең тиімді нұсқасын таңдауға кеңес береді
ІІІ. Жобаны жасақтау кезеңі:
түрлі ақпараттарды жинау, талдау, жүйелеу
зерттеулер, есептеулер жүргізу
ІҮ. Қортындылау кезеңі:
Өз жобаларын қорғау: Сабақта, конференцияда, көрмеде.
Жобалау технологиясының негізінде - оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру жатыр.
Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарыда айтылғандай, оны алдын ала жоспарлай білу қажет.

Жобаның жұмыс кезеңдері
Жұмыстың мазмұны
Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс - әрекеттері
Оқушылардың
іс - әрекеті
І. Дайындық кезеңі
Жоба тақырыбын анықтау
Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандыра- ды. Топтағы әрбір оқушының пікірін еске-ре отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді
Әр оқушы өмірлік өз тәжірибесіне, сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірі-гіп жобаның мақса -
тын анықтайды.

ІІ. Жоспарлау
Топқа бөлу. Ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету
Оқушыларды өз бетімен ақпарат жинауға бағыттайды. Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. Оқушылардың жоба бойынша жұмыстарын тексереді
Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмы-
сын анықтау. Топ арасында әркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап, бірінші нәтижеге жету уақытын белгілейді.
ІІІ. Зерттеу жұмысы
Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары: сұхбат, анкета, бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау
Оқушы күнделігін бақылып, әрбір топ жетекшісімен және топ мүшелерімен жеке-жеке сөйлесу, талдау, нәтижені салыстыру арқылы жұмысқа бағыт беру.
Жеке және жұптық жұмыс, анкета сұрақтарын құрасты-
ру. Қажет болса сценарий жазу, қоғамдық ұйымдар-
мен қарым-қатынас қалыптастыру.
ІҮ. Нәтижені талқылау.
Ақпаратты талдау, шешім шығару, тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау
Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке оқушылардың еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне деген сыйластыққа шақырады. Тұсау кесерге келетін қонақтар тізімін жазады, қажетті аудио-техниканы жабдықтайды.
Топ арасындағы әркімнің ролін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгіні белгілеп жазады. Проблемалық сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындалады.
Ү. Жұмыстың тұсау кесері
Көрнекі материал-дар әзірлеу (график, сызба, сурет, фото) Өз өнімдерін баяндама, сценарий, газет, әңгіме, мәтін, құрау, альбом, сүрет, макет түрінде әзірлеу. Бағалау, түзету
Тыңдайды, проблема-
лық сұрақтарды қоя отырып, оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды.
Алынған нәтиже туралы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мәдинетін ескере отырып бір-бірінің ойларын жалғасты-рып отырады.
ҮІ. Бағалау және жоспарлау
Тақырыптың ашылу толықтығы. Безендірілу сапасы. Өз беттілік дәрежесі.
Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдағы үлкен мақсаттарға жетелейді
Ұжымда талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, алдағы жұмысты құрайды

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында математика сабақтарында жобалау технологиясын қолдану бағытында жұмыс жасап келемін.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның дамуының педагогикалық сипаттамасы
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының көптүрлігі
Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жайлы
ДАРЫНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
Оқушы тұлғасын дамытудағы сыныптан тыс жұмыстар жүргізу
Дебат технологиясының оқушылардың интеллетуалды ой-өрісін, шығармашылығын дамытудағы және жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу
Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы туралы
Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары
Пәндер