Жақия қажы Бейсенбайұлы өмірбаяны
Жақия қажы Бейсенбай ұлы өмірбаяны
Қазақ елінің руханиятындағы есімі ерекше құрметпен аталатын тұлғалардың бірегейі - Жақия қажы 1932 жылы жиырма бесінші маусым күні Омбы облысы Любин ауданы Қазақ ауылында дүниеге келген. Ата жұрты Бұрынғы Көкшетау облысы, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Жарқын ауылының тумасы. Кеңес дәуірінде дінді бұрмалаған уақытта көптеген діни қайраткерлерді қуғындап әрі өлім жазасына кесті солу уақытта осы ислам дінінің елімізде сақталып қалуына үлес қосқан Ұстазымыз әрі Кеңес дәуірінде үшінші қази болған тарихта алтын есімен қалған ағаларымыздың бірі Жақия қажы еді. Бұл кісінің өміріне көз салып қарайтын болсақ бала кезінде қиындық көріп әрі өзінің ұстазы әке орына қамқоршы болған Сәдуақас Ғылмани ұстазымыз болған еді. Бұл отызшы жылдардың аяқ шені еді. Омбы іргесіндегі бір ауылға қонақ болып түскен мейман, Жақияның үйінде қонақ болды. Сол қысылтаяң кезеңде меймандарға дұрыс дастархан жая алмаса да, ақ пейілмен ішілген қара шай да мейманның мерейін тасытты. Жақия жастайынан өзінің көкейінде толғандырған дінге қатысты біраз сұрақтары болған еді, Сол күні көкейіндегі мазалап жүрген сұрақтарына тартымды жауап алды. Алла Тағала және оның уахи сөздері жәйлі жазылған, Құран жайлы көп мәліметтер алу арқылы өз танымын жоғарлата түсті. Бала жүрегі Аллаға деген сүйіспеншілігі алғаш рет шынайы сезінген кезде осы еді. Әкесі баласына Алла жайлы болған бұл әңгіме турасында ешкімге тіс жарып айтпауды қатты тапсырды. Ал, өзін Жаратушы құдіретке деген сырға толы әлеммен қауыштырған адамның кім екенін де білген емес. Үйіне молданы қондырғаны үшін талай адам нақақтан - нақақ жазаланған еді. Сондай қысыл таяң кезеңде тек өз мүддесі үшін ғана емес жалпы халықтың мүддесі үшін қызмет еткен. Бала Жақияға әкесі сол кезде сақтықпен де мейманның кім екенін жария етпей жасырған себебі ол кезде осындай жағдайлар орын алса оның отбасымен толықтай апарып түрмеге жабар еді, соның алдын алу мақсатында әкесі де баласына ол мейманың есімін айтпады. Міне, сол Жақия есейе келе өзін жаратқан Алланың сүйікті құлы боламын деп бар өмірін осы имандылық жолына арнады, бала күнінде жол нұсқаған атасының бір өлеңіне зер салып қарасақ: Діншіл болсаң, шыншыл бол, өзімшіл болсаң, оңбайсың деген сөзін қаперінен еш шығарған емес. Дін десе, ауылдағы қарттардың шала қайырған құлхуалласы ойға келетін, Сосын сол кездегі жанармай бекетін қараған кезімізде бұрынғы ескі мешітіміз еске түсетін. Біздің сол бала түсінікте дінді озығы шыққан ескінің сөздері оны дін деп қалай тұтасыңдар деп санамызға құйған еді. Бұл кезеңде адамдардың барлығы Алланың бар екеніне сенді бірақ иман келтірген соң оның сыртындағы намаз, ораза, зекет, сияқты парыз амалдарды дұрыс жасай алған жоқ оның себебі сіздер зейнетке шыққанда сол парыз амалдарыңызды асықпай үйде жатып орындайсыздар, ал қазір жас кезде осы жерге қызмет жасау керек оның бәрін қоя тұрып қызмет етіңіздер дегенге әкелді. Адамдардың да бәрі бірдей емес ғой сол кезде сондай қысым болса да соған төтеп беріп өз ғибадат құлшылықтарын тастаған емес, Қазіргі уақытта кейбір кісілер бар сондай бір отырыстарда әлі жассың жас кезіңде барлық қызықтың бәрін көрп қал кейін өкініп қалмау үшін деп айтатын. Қарап тұрсам егер тектілігіңіз бен дініңіз бұзылатын болса ол мемлекетте көпке бармай бір уақыт жеткен кезде өзінің мемлекет деген статусынан айырылады екен. Сол себепті де осы еліміздің ұлттық тіліміз бен дінімізді бірге ұштастырып өз өмірімізде жүзеге асырар болсақ ол елдің болашағы жақсы болмақ. Сол заманда шелпке беріп өлеген адам атынан жаназа намазын оқумен шектелетін еді. Қазақ аса қадір тұтатын данышпан халық, Алланың өзі де рас сөзі де рас деп жырлаған Абай атамыз қайда қалып қойды сол кезде, Құран жаттаған кісілерді қадір тұтып төрден орын беретін еді. Сол кезде қарап тұрсақ қазақ бұрынан білімді кісілерді құрметтеп сол кісілерге өзінің барын беріп сыйлаған халық еді, сонау кеңес дәуірінде қаншама халық қуғын сүргін болған кезде де өзіндегі барын беріп өз үйінің төрінен орын берген халық еді. Қазіргі таңда сол дәстүрді қалыптастырып өмірінде өздерінің бір әдебі ретінде қалыптастырып алған. Сол қиын қыстау кезеңде құранды оқып жаттап жүретін кісілер аз болудың себебінен құран кітап оқи алмаса да кітапқа деген құрмет ретінде үйге іліп қоятын болған бұның былай болуының өзіндік себептері бар, ол сол замандағы КСР - ның қысымының себебінен. Қазіргі уақытпен салыстыратын болсақ еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін біраз қарилар орталығы ашылып Алланың ұлық болған кәләмін жаттауда бір - бірлерімен жарысып жатқан жастарымызды көруге болады, әрі елімізде жастарымыздың құранға деген қызушылығын арттыру мақсатында жыл сайын әр түрлі іс - шаралар ұйымдастырылады. Қарап тұрсақ бұда болса тәуелсіздік алған соң жақсы бір жетістіктеріміздің бірі болып есептеледі. Міне сол, ислам даналығын насихаттау жолында Жақия қажы Бейсенбай ұлы өзінің өмірін бала кезден бастап осы ислам дінін толық меңгеріп әрі оны өзінің халқына шамасы келгенше жеткізу жолында өшпес із қалдырып кеткен ұстаздарымыздың бірі еді. Бұл кісінің өмірінің басынан бастап соңына дейін қарайтын болсаңыз барлық ғұмырын осы дінді үйреніп оны халыққа үйрету жолында кеткенін көруге болады. Ендеше осындай үлгі тұтатын Ұлағатты ұстаздарымыз тұрғанда қазақ елін қалай түк білмейтін халық деп кесіп айту ол сол кісілердің Қазақ елінің тарихына дұрыс үңілмегенін көруге болады. Қазақтың ата - баба ұстанып келе жатқан дінін жаңа көкжиекке көтеру жолында өз үлестерін қосты. Имандылықтан алшақтап бара жатқан ұрпағынан сол имандылықты сақтап қалу жолын ойлады. Елінің ертеңгі тағдыры қалай болатынын ойлап сары уайымға салынып осы дінді дұрыс жақпен жеткізу жолында тер төккенін көруге болады. Кеңес билігінің саясты дінді мемлекеттен алыстату болса да, халықтың діни сеніміне қылау түсіру қиын болған, сол уақыттары көптеген қиындықтарға бойымай елінің ертеңі үшін аянбай еңбек етті. Ел даму жолында әрі мемлекеттің ыдырап кетпеу мақсатында еліміздің көптеген жерлерінде осы ұлт пен өкілдерді сақтап қалу мақсатында аянбай еңбек еткенін көруге болады. Әрі біз бұл кісілер салып кеткен сара жолды аяғынан дейін дұрыс жеткізу жолында ерен еңбек ету керекпіз. Кешегі Кеңестік озбырлық пен қоса азаттық көтеріліс пен ашаршылық уақытты артқа тастап барынша елінің жерінің қамы үшін осы жолда еңбек еткен аға - бауырларымыз қаншама олардың көрген тауқыметін біз көрмедік. Одан мына жақтан екінші дүниежүзілік соғысы қыспаққа алу себебінен жерімізде біраз қиыншылықтар орын алды. Алла нәсіп етіп осы қиындықтарды жеңе білген әрі сол жолда құрбан болған кісілерді Алла Тағала өз мейіріміне алып рахым етсін, Солардың ішінде өзінің даналығымен қоса білімділігімен өз үлесін қосқан ұстаздарымыздың бірі Жақия қажы Бейсенбай ұлы болған еді, осы елімізде діни басқарманың құрылып оның дамуына септігін тигізген ұстаз: Жақия қажы еді. Ендеше, Қазақстан мұсылмандарының жүрегінде күні - бүгінге дейін иман жүзділік пен есте қалған Жақия қажы - Хазірет болатын. Қылышынан қан тамып дінді апиын, - деп таныған заманда өз елінің дінге деген көзғарасын, сенім шаңырағын шайқалтпай ұстағандардың көш басында Жақия қажы - Хазірет марқұм тұрған еді. Жақия қажы екі жасқа келгенде анасынан бес жасқа келгенде әкесінен айырлып жастайынан қиындықты көріп өседі. Кейін әкесінің досы болған, кезінде Қазақстан мұсылмандар қазиятын басқарған Сәдуақас Ғылманидің қамқорлығы арқасында сауатын ашады.Әкесі мен анасынан ерте айырлса да әкесінің досы әрі ұстазы болған Сәдуақас Ғылмани көптеген тәлім - тәрбие алып одан әрі өзінің ілімге деген ықыласы арта түсті, сол ілімін әрі қарай жалғастыру үшін Бұхарадағы Мир Араб медресесіне түсіп өз білімін жетілдіреді. Өмірінде көптеген қиыншылықтар болса да соған қарамастан сонау білім алу жолы алыс болса да Бір Аллаға Тәуекел етіп осы Қазақ елінде исламды сақтап қалу жолында көптеген еңбек жасаған ұстаздарымыздың бірі әр сол Кеңестік дәуірде білім алу қаншалықты қиын болса да соған төтеп берген Ұстаздарымыз: Науан хазірет Талас ұлы, Шәймерден Қосшы ұлы, Сәдуақас Ғылмани әрі Жақия қажы Бейсенбай ұлы осы кісілер елімізде ислам дінінің сақталып қалуына бар күш жігерлерін қосқан еді. Қазіргі таңда осы Ұстаздарымызды бірі білсе бірі білмей жүр бұның сыры неде десек ол осы діни басқарманың тарихына зер салып қарамаған еді ендігі уақытта осы тарихты өсіп келе жатқан жастарымызға үйрететін болсақ олар да өз тарихында осындай ғұлама - ғалым ұстаздарымыздың бар екенін біле жүретін еді. Қазақ халқы бұрынан дана халық болып табылады Абай атамыздың осы бір өлең жолына назар салар болсақ елімізде ғалым ұстаздардың көп болғанын көрге болады.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір Ғалымды көрсеңіз
ондай болу қайда деп,
жанбай жатып сөнсеңіз.
деген өлең жолдарында сол Кеңес дәуірінің уақытында қаншама ғалымдарымыздан айрылғанымызды көруге болады сол қысыл таяң кезде Қазақ жеріндегі мешіт медреселерді толықтай жабып Христан дінін негізге ала отырып кедей шаруаларды ұстап алып оларды қинап әрі сол уақытта шоқындырған еді, Қазіргі уақытта еліміз тәуелсіздікке қол жеткізсе де Кеңес уақытында қалып қалған кейбір қателіктер әлі де болса кете қоймады көш деген жүре - жүре түзеледі ғой қаймағы бұзылмаған қазақ елі де арада біраз жылдар өткен соң өзінің бұрынғы арнасына келіп тоғысады деген үміттеміз сол үмітті әрі қарай ақтайтын оны жандандыратын болашақ жастарымыз болашағымыздың жақсы дамуы үшін осы еліміздің әрі қарай дамыған мемлекеттер қатарына кіру үшін елімізге осы ислам дінін дұрыс жолмен насихаттап әрі барлығын бір орталық жүйемен басқаратын болсақ әрбір азамат пен азаматша отанға адал қызмет істейтін болса сол кезде еліміз іргелі дамыған елдердің қатарына қосылар еді. Қазіргі қоғамда әр түрлі діни ағымдар болғанына байланыс еліміздегі заң жүйесін де шариғат бекіткен жолдармен де басқару қиынға соғып тұр сол үшін қазіргі қоғамға сапалы ілім мен елінің ертеңін ойлайтын жастармыз көп қажет, Тарихқа үңіліп қарасақ осы жерде көптеген даналар мен діни қайраткерлер көп шыққан бұның бір жағы қазақ осы дін мен дәстүрді ұштастыра отырып әрбірі қыз өзінің арын сақтай білсе әрбір ұл өзінің намысын сақтай білсе сол кезде осы жердің де елдің де болашағы жарқын болады. Қазақ елінде осы дінді дұрыс насихаттау сол дінді қиын қыстау кезде осы жерде медресе мен қазақ мектептерінің жабылмауы жолында ақтық демдері қалғанша күрескен ағаларымызға Алла рахым етсін. Кеңес уақытында осы елде дін түгіл өзіміздің ана тілімізді ұмыттырып барлық білім саласында мектептерде орыс тілінде оқыту жүйесі қалыптасты әрі соның зардабын қазіргі уақытқа дейін көріп келеміз. Ендігі жерде болашаққа бастайтын болсақ осы тіл мен дін мәселесін қолға алып оның әрі қарай дұрыс бағытта даму үшін аянбай еңбек ету керекпіз, қоғамдағы әр түрлі жағдайларға мән бере қарау керекпіз себебі қазір уақытта дін жағдайы өте тереңге кіріп кеткен жастарымыз өз ата - анасына қарсы шығып әрі теріс діни бағыттың жетегінде кетіп қалуда бұның бір себебі білімді дұрыс алмаудың себебінен әрі діни білімді тек мешіт және діни басқарма бекіткен орталықтардан алмаудың салдарынан елімізде көптеген жастарымыздың бөлек діни ағымның жетегінде кетіп жатқанын байқауға болады. Қазіргі таңда сол ағымдармен күресу үшін елімізде Алматы қаласында Нұр Мүбәрак Университеті осы Орта Азиядағы ірі бірегей ғылым ордасы болып табылады, сол жерден өз білімдерін шыңдап шыққан шәкірттеріміз әр түрлі облыс, қала, аудан, ауылдарға барып халықты діни білімен қамтамасыз етуде елімізде тәуелсіздік алмай тұрған уақытта діни сауат ашатын мешіт медресе сандарына қысқаша мәлімет бере кететін болсақ өткен ғасырдың оныншы жылдары шамасында Жетісу өлкесінде екі жүз алпыс тоғыз мешіт пен намазхана жұмыс істеген. Сонымен қатар, сегіз медресе, жүз елу төрт ер балалар, бес қыз балалар мектебі жұмыс жасағанын көруге болады. Сол қысыл таяң уақытта осы мешіт медреселердің жұмысын жүргізіп әрі оны қадағалап отырған Ұстаздарымыздың бірі Жақия қажы Бейсенбай ұлы болған еді. Әрі сол кезде жеті мұсылман тәрбиесіне негізделген үй мектептері болған бұлардың не себепті солай болуының себебі сол уақыттағы кеңестік қысымның әрекетінен сондай жүйелер қалыптасқанын аңғаруға болады. Қазақстандағы жетісу аймағы да рухани құндылықсыз өмір сүрген жоқ. Ол жерде де Алланың үйі тұрғызылып жұртты ізгілікке, игілікке шақырып, игі қызметтер атқарылған. Бұрынғы мәліметерге сүйене отырып қарайтын болсақ Алматы облысында екі орталық пен жүз екі мешіт болған әрі онда елу бес имам қызмет жасағанын көруге болады. Бұл мәліметтерге сүйене отырып қарайтын болсақ Кеңестік қысым уақытта да өзінің діні мен дәстүрін сақтап қалу жолында дін жолында еңбек еткен Имамдар мен Ұстаздарды көруге болады әрі сол кезеңдерде дінді жеткізу қиын болса да соның қиындығы мен суығына төзіп бүгінгі күнге осы тәуелсіздікке дейін өз дәстүріміз бен дініміздің сақталып ұрпақтан - ұрпаққа жеткенін көруге болады. Қандай заман болса да білімді кез - келген уақытта алуға болатынын сол алған білім арқылы қоғамның көркейіп дамығанын көруге болады. Еліміз тәуелсіздік алған кейін бір ғылыми орталық әрі көптеген мешіт медреселердің жұмыс жасап жатқанын көруге болады. Осы кезеңге жете алмай кеткен осыны аңсап сол жолда құрбан болған аға - әпкелеріміздің жетпегеніне Жаратушы Алла Тағала біздерге нәсіп етті. Орта ғасырдағы білім беру жүйесіне назар салатын болсақ Ибтидаия(бастауыш білім беретін медресе) оқу мерзімі - төрт жыл, Рушдия, оқу мерзімі - үш жыл, Иғдадия (жоғарғы оқуға дайындық), оқу мерзімі - үш жыл,одан кейін Ғалия ( жоғарғы білім), оқу мерзімі - үш жыл. Ғалия бітірген шәкірттерге абыз, молда, халфе, мударрис деген атақ берілген. Медреселерде жалпы білім беру мерзімі он екі - он үш жылға созылған. Оқу пәндері медреселердің сатысына қарай белгіленеді. Жоғарғы білім беру жүйелерінде арабша ( грамматика, лексика, этимология, синтаксис, риторика тарих, Құранды оқу игеру әдісі және т.б.) пәндер қамтылған. Қазақстаның Ресейге қосылуы қазақ жеріндегі білім беру жүйесіне көптеген өзгерістер әкелді. Орыс отарлау саясатының бір бөлігі болып табылатын татар молдалары арқылы қазақ халқын бағынышты етіп тәрбиелеу жүйесі іске асқан еді. Сол арқылы қазақ жерінде өзі жүйелерін қою арқылы түп сананы улап әр қарай тереңінен кіре басталды. Сол кезеңде Ақмола аймағында қырық екі медресе жұмыс жасап тұрған бірақ Кеңестік қысымның салдарынан көптеген ғылыми орталар мен мешіттер жабылғанын көруге болады. Мың сегіз жүз алпыс бірінші жылы Ресейдегі білім беру жүйесінің реформасы христиан шіркеулерін тарапынан жұмыстардың белсенді (христиандық ағарту) жұмыстарының белсенді жүргізілуіне алып келді. Соның нәтижесінде Солтүстік Қазақстанда құрылған Христиандық шіркеудің соның себебінен қоғамда тек орыстар ғана емес кейде қазақ шаруаларын қыспаққа алу себеппен оларды да сол шіркеуге кіргізу себеппен шоқындырып әр түрлі айла тәсілдер қолданған сол кезде кім Алла бір десе оларды қамауға алу арқылы ақиқат болған ислам дінінен бас тартқызуға күштеп шара қолданған. Осы себептің нәтижесінде қазіргі таңда қазақ аға - бауырларымыздың шоқынып жүргенін көруге болады сол салдардың алдын алу мақсатында ғылыми ортамызда дінтану саласында білім алып сол кісілермен жұмыс жүргізуде оның бір салдары бірінші білім алмаудың салдарынан болуы мүмкін екіншісі болса кеңес дәуірінің ықпалы Мына бір хадисте Кім өзін басқалардан жоғары санаса, яғни жүріс - тұрысында басқа кісілерді көзге ілмесе, қиямет күні Алла тағала оған жек көріп қарайды. Осы жерден шығаратын түйіндіміз сол кеңес уақытында әр облыста хандар мен болыстар болды сол кездегі қарапайым халықтың деңгейіне түсіп қарамаған басшылар да болды, осы тұста да солардай болып кетпеңдер деп мұсылмандарға қаратылып айтылған хадистердің бірі болмақ.
Әкесі: Бейсенбай қажы Жұмағұл ұлы Ұялы - Жарқын ауылының тумасы Қазан қаласының Ғалия медресесінің түлегі. Кешегі ел басына қиындық туған уақытта елі үшін осы дінді сақтап қалу жолында білім алып ислам дінінің Қазақ елінде әрі қарай дамуына үлес қосақ ағаларымыздың бірі, Бұл ағамыз тек өзінің ғана ұрпағының мүддесін сақтап қалу емес еді сол Кеңес дәуіріндегі барлық Қазақ халқының болашағы үшін еңбек еткен азаматтарымыздың бірі болып саналады сол себепті біз осы кісілердің салып кеткен сара жолына әрі қарай дамыту ол біздің еншімізде болмақ. Кеңес дәуірінде қазият құрылғаны белгілі. Тәуелсіздік алған соң халқымыз өз дінімен қайта қауышып, көпшілігі имандылыққа бет бұрып ислам дінінің елімізде қанат жая бастауына ықпал етті. Ұйқыдан енді оянған қазақ елін азғырып оны өз жетегінде алып кету өте оңай болмақ, тарихтағы мына бір оқиғаға назар салсақ қазіргі таңда қазақстанда тұратын халықтың жетпіс пайызын қазақтар құрайды Украинада болған бір құрылтай жиналысқа әр жерден келіп адамдар сол жиынға қатысқан сол жердегі жиналыс ол Иегово, куәгерлері жиналысы болып еді соған бес жүзге жуық кісілер қатысқан соның ішінде қазақтардың саны үш жүз елу екен, осындай бір мәліметке зер салып қарайтын болсақ елімізде тәуелсіздік алмас бұрын кеңес уақыты қалай қатты әсер еткенін аңғаруға болады. Олардың барлығы елді жерді аралап өз кітаптарын таратып елді шырқын бұзып, отбасымызға күйе жағуда бұлай жалғаса беретін болса елдің ішін әр түрлі діни наным сенімдері қалыптасып қоғам ішінде әр түрлі оқиғалардың пайда болуына жол ашу мүмкіншіліктері өте жоғары деңгейде болмаса да ақырындап көбейіп келе жатқанын аңғаруға болады. Мемлекетіміз осындай әр түрлі сенімдерің жерімізде көп болып таралып кетпеуі үшін шаралар қолдану керек, қазірден бастап бұл істі қолға алмаса болашақ қазақ ұлтының тағдырына балта шабылуы мүмкін, негізінде қазақ текті халық сол тектілікті жойып алмау үшін қоғамдағы осындай әр түрлі наным сенімдермен әліде болсын жұмыс жасау керек. Сол дәуірдегі оқиғаға зер сала отырып қазіргі уақытта қазақтардың көбінің басқа сенімге кетіп қалуына ықпал еткен осы кеңес уақытындағы қысымның нәтижесі деп білеміз. Ендігі тұста мемлекетіміздің ішіндегі осындай сенімен тазарту бағытында елімізде көптеген жақсы мамандар даярлай отырып осы бір Тарихқа зер салып қарайтын болсақ бұл да болса сол кеңес уақытындағы қазақтарды қыспаққа алудың мақсатында пайда болғанын көруге болады. Ел бірлігін сақтап қалу жолында көптеген еңбектер атқарылды солардың ішіндегі кеңес уақытындағы қазақ жерінде болған Қазиятты айта кетуге болады. Мейлі басшы болсаң да болмасаң да әр дайын қарапайым жолды ұстану керек, оған қатысты Қарапайымдылық дегеніміз - өзінің адамдық қадір қасиетін түсіну, дүниедегі адамдар әр түрлі мінез бен әр түрлі пішімде болу себептен олардың ойлау қабілеттері де әр түрлі болмақ, сол арқылы қоғамда адамдармен қарым - қатынас жасау кезінде барынша қарапайымдылықты ұстану керек, сол арқылы адам өз өміріне көптеген жақсылықтарды әкелетінін көруге болады. Азап шеккің келмесе күншіл болма осы бір өлең төңірегіне тоқталып кететін болсақ өз еліңде жүріп сол едің суын ішіп халықпен бірге жүрген уақытыңда өз басшыңды жамандап сыртынан күндеме себебі ол ең соңында өзіңді құрбандыққа апаратынын түсінуге болады. Қазият дегеніміз - Қазақстанда мүфтилік құрылмай тұрған уақытта соның орына діни сала бойынша осы елге қызмет еткен мекеме деп білуге болады. Қази басшылары туралы нақты мәліметтер келтірілген алғашқы қази Абд әл - Ғаффар Шамсутдинов екенінен бүгінгі көпшілік қаншалықты хабардар? Ол 1884 жылы Өскемен қаласында туылған. Қазан медресесінде оқып діни білім алған. 1946 жылы Орта Азия бірегей орталық бола тұра сол кездегі дінге қатысты күрделі мәселелер шешілген және Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Республикамыздағы өкілі, әрі Қазақстандағы Алматы қаласында имам қызметін атқара отырып осы төңіректегі діни мәселеге жауапты адам болып тағайындалған. Ол Құран Кәрімді жатқа білген және де осы қиын соғыс уақытында біраз шәкірттер тәрбиелеп, кейін сол шәкірттер сол ұстазының жолын жалғастырған. Атеизм үстемдік еткен қоғамда өмір сүрсе де ислам дінінің асыл құндылықтарын насихаттап, халық жүрегіне имандылықтың орнығуына өз үлесін қосқан ұстаздардың бірі еді. Қазіргі таңда сол еліне жеріне еңбек жасаған ұстаздарымыз бен өзінің елін жерін сүйген әрбір азамат пен азаматшылар арқасында осындай тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сол Кеңес уақытында мешіт пен медресе болмаған себептен Ақмола жамағаты мың тоғыз жүз қырық үш - мың тоғыз жүз қырық төртінші жылдар аралығында Құсайын деген азаматтың екі бөлмелі үйін сатып алып, оған жөндеу жұмыстарын жүргізіп мешітке айналдырады, ол осы өңірдегі ең алғашқы мешіт болып табылады. Сол кездегі дінді халықтан бөлу мақсатында көптеген шаралар қолданғанын көруге болады. Кейін бұл мешіттің орнына жаңадан жөндеу жұмыстары жүргізілу себеппен заман талабына сай салынып сәулет өнерінің озық үлгілерінің біріне айналып мұсылмандарды өзіне ғана тартып қоймай, Ақмола өңіріндегі Ерейментау, Ақкөл, Қорғалжын секілді жерлерде Алланың үйінің салуына оң ықпалын тигізді. Осы ғибадатхана алғашында Ақмола, кейін Астана мұсылмандарының рухани орталығы болып есептеледі. Екімің бесінші жылы оған Қазақстанда мың тоғыз жүз елу екінші - мың тоғыз жүз жетпіс екінші жылдар аралығында қази болған ұстазымыз, Сарыарқаның перзенті Сәдуақас қажы Ғылманидің есімі беріледі. Қазіргі таңда бұл ғибадатханамызда мың алты жүз кісі емін еркін кіріп құлшылықтарын жасай алады, Кеңес уақытымен салыстырып қарайтын болсақ елімізде тәуелсіздік алған соң көп жерлерде мешіт медреселердің салынғанын байқаймыз. Бұдан бір нәрсені түйіп байқауға болады енді еліміз бейбітшілік алмай тұрған уақытта осы жолда қаншама аға - бауырларымыз өзінің бейбітшілігі мен тыныштықта құлшылық жасау үшін өзінің тілі мен дінін сақтау үшін сол кезде осы Кеңес идеологиясымен күресті. Сол кісілер жасай алмай кеткен істерді әрі қарай жандандырып оны көркейту келешек жастарымыздың қолында, енді осы дін мен ұлтты сақтап еліміз бен жерімізде өз құқық нормаларымызды сақтай отырып, әрі қарай дамыған елдер қатарымен терезесі бір ел болып дамыумыз керек. Ол үшін әуелі өз халқымызды рухани жағынан байытып кейін экономика жағындағы заманауи байланыстарды жоғарғы деңгейде меңгере білуіміз керек. Жақия қажы Бейсенбай ұлы сол уақыттағы діни мәселерді шешуде өзінің даналығымен қоса ақыл парасатын шебер пайдалана отырып діни рәсімдердің халық арасында ұмытылып қалмау тұрғысынан көптеп еңбек еткенін көруге болады. Абду әл - Ғафар Республиканың түрлі облыстарын аралап, ондағы мешіттердің жұмысымен танысып, имам, молдаларға ақыл кеңесін берген, жұмыстарын қадағалаған. Ол Ұстазымыз дүниеден озған соң мың тоғыз жүз елу екінші жылы Сәдуақас қажы Ғылмани қазилық етеді. Сәдуақас қажы мың сегіз жүз тоқсаныншы жылы Ақмола облысына қарасты Ерейментаудың Малтабар деген жерінде дүниеге келген. Алғашқы сауат өз бетінше ашқан ол 1907 жылы сол кездегі Арқаға аты мәлім Төлеңгіт Ақтамақ халифаның (Ахмет Ғұсман ұлы) медресесінде 6,5 жыл оқып, ұстаз батасын алып шығады. Ол қазиятты он алты жыл абыроймен басқарған. Сол Кеңес дәуірінің уақытында дінге қысым жасау себебінен өзінің еліне қиын уақытта қызмет еткен Ұстаздарымыздың бірі осы Жақия қажы Бейсенбай ұлы ол кісінің есімі тарихта алтын әріппен жазылып әрі үлгі тұтатын ұстаздарымыздың бірі. Анасы Камила Кеңес уақытында қажы молдаларды қудалаудың салдарынан Ресейге көшуге мәжбүр болған. Әкеден төрт ағайынды: Ағасы Хасен Бейсенбай ұлы, әпкесі Гүріш Бейсенбай қызы, ағасы Хусайын Бейсенбай ұлы. Бұл ағалары мен әпке ағаларының қамқорлығымен сол қиын уақытта бір - бірлеріне жәрдемші болған. Өзінің елі мен жерінің көркейе түсуіне барынша үлестерін қосқан. Бұл отбасыны зер салып қарайтын болсақ Жақияның әкесі де осы ислам дін саласында біршама қызметтер жасағанын аңғаруға болады, әкесі көп тәрбие бере алмаса да сол сәби баланың жақсы бір жолда өсуіне көптеген себептер жасап кеткен, бала кезінен Жақияға осы дін туралы үйретіп кейін есейе келе ол кісі де ислам дінін үйрену жолында өмірінің біраз бөлігін сол білім жолында сарп еткенін көруге болады. Өз елінің болашағы мен ертеңі үшін көптеген қызметтер мен шәкірттер тәрбиелеп осы тәуелсіздік алғанға дейін осы елдегі діни мәселерді өте жоғары деңгейде басқара отырып қазіргі уақытқа дейін ел ауызында ол кісінің есімі айтылуда. Сол уақытта дінге қатысты күрделі мәселерді шешу жолында аянбай еңбек етіп әр түрлі бағытта білімге қатысты көптеген тиімді жоспарлар жасап сол шеңберде осы елге ислам дінін үйрету жолында еңбек жасады. Әр қашанда ер есімі ел есінде болады. Осынау кең байтақ жерімізге Патша үкіметі әр түрлі айлакер шаралар қолданса да қазақтар оған барынша тойтарыс беріп өздерінің ар намысы мен дінін сақтау жолында күресті, сол жолда бір адам өз ғұмырын осы дін жолында жүруге әрекет етіп өмірінің соңына дейін сол жолдан таймай қызмет етті, Сол адамдардың бірі Жақия қажы еді, ендігі тұста осы ел болашағы мен осы ислам дінің осы елімізде көркейіп дамына үлес қосатын ол осы алға қадам басып келе жатқан жастар.
Білім алу жолында өткізген уақыты
Ұстазы: Сәдуақас Ғылмани бағыт беруімен 1959 жылы Бұхарадағы Мир араб медресесінде білім алады. Білім жолында тоғыз жыл жүріп 1968 жылы Медресені тәмамдап Алматы қаласына ұстаздық қызыметке орналасады. Бұл кісі Кеңес уақытында дін өкілдерге қысым көрсетудің себебімен көптеген еңбектер жаза алмады, бірақ содай қиын уақыт болса да Имам Ғазалидің кітапбын негізге ала отырып Намаз, Дәретке, Әдепке, қатысты еңбектерді аударып оны сол уақытта халыққа жеткізген әрі ілім жолында сондай көптеген қиындықтарға сабыр ету арқылы Қазақ еліне кеп көптеген шәкірттерге тәлім тәрбие берген. Әрі шетелден келген делегацияға аудармашы болып екі ел арасында елшілік қызметін атқарған. 1970 - 1972 жылдар аралығында Дамаск университетінің Сирия шариғат факультет оқыды. Ол жердегі білім жолын аяқтап келген соң Сәдуақас қажы Ғылмани ұстаз дүниеден өткен соң орына Жақия қажы Бейсенбай ұлын тағайындайды. Кеңес дәуірінде Мүфтилік Өзбекстандағы Ташкент қаласына қарап тұрған кезең еді сол уақытта осы Қазақстандағы Діни басқарманы басқарып әрі елдегі жерлерге осы ислам дінінің әрі қарай дамуына оның осы елімізде сақталып қалуына айырықша үлес қосқан. Қазақстандағы көптеген облыс, қала, аудан, ауылдарда мешіттердің салынуын әрі дәрістердің дұрыс берілуін жүзеге асырған. Ташкент діни орталық болып тұрған уақытта Арабияда басылған Халифа Алтайдың Қазақстанға бөлінген миллионға жуық құран кітаптарын Қазақтарға құран кітап керек жоқ - , деп орыстанған деп меңзеп жібермей қалған екен. Осы мәселенің жеңіл жолдармен шешіп әрі осы кітаптардың келуін қадалаған. Жақия ұстаздың алғашы шәкірттерінің бірі болған Еркін қажы сол Кеңес уақытында сабақ бер үшін Көкшетау өңірінде жүз қырыққа жуық шәкірттер жинап алғаш құраннан дәріс берген сол жерден көптеген шәкірттерді тәрбиелеп осы Қазақ елінде ислам дінінің әрі қарай өркендеуіне барынша еңбек еткен, Өзінің елі мен жерінде ислам дінінің әрі қарай дамып оны өсіп келе жатқан ұрпаққа бір ізділікпен жетуге әрекет жасаған, Солардың бір Жақия қажы Бейсенбай ұлы Әл - Әзхар университетінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz